Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларғалардың құқықтық жағдайы


Мазмұны

Кіріспе

  1. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларғалардың құқықтық жағдайының теориялық аспектілері

1. 1 Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайының жалпы сипаттамасы

1. 2 Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының азаматтық

құқық қабілеттілігі

  1. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының азаматтық

әрекет қабілеттілігі

  1. Қазақстан Республикасындағы неке отбасы заңнамасы нормаларының шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларға қолданылуы

2. 1 Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының

некелік және отбасылық қатынастардағы жағдайы

Қорытынды

Библиография

Кіріспе

Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы мәселе өзектілік пен тәжірибелік маңызға XX ғасырда ие болды. Қазіргі заманғы мемлекттердің барлығында дерлік шетелдіктердің келуі мен кетуі, құқықтары мен міндеттері туралы нормаларды кездестіруге болады. Бірақ әр түрлі мемлекеттердегі шетелдіктердің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру деңгейі бірдей емес. Бұл нақты елдегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға, оның ішкі және сыртқы саясатының сипатына, ондағы демократияның даму деңгейіне, тарихи және ұлттық дәстүрлерге байланысты.

Дегенмен нақты мемлекеттегі шетелдіктің құқықтық жағдайын анықтау сол мемлекеттің ұлттық құзыретіне жатады. Қазақстанда шетел азаматтарының құқықтық жағдайын реттеуде халықаралық жеке құқық нормалары ескерілген. Осыған сәйкес курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың халықаралық жеке құқық саласындағы құқықтық жағдайы» болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі. Шетелдіктер қазіргі заманғы мемлекеттерде, көбінесе дамыған мемлекеттерде өте көп шоғырлануда. БҰҰ-ның 2003 жылы жүргізген есептеуі бойынша бүкіл әлемде тұратын адамдардың 3%, яғни 175 миллион адамы өздері азаматы болып табылатын мемлекеттен тыс жерде тұруда екен. Ол шетелдіктер басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұруының себептері өздері азамат болып табылатын мемлекеттің экономикалық саяси, әлеуметтік жағдайына байланысты болады.

Шетелдіктер әр мемлекетте әр түрлі мәртебеге ие болады. Ол мысалға тұра мемлекеттің басқару нысанына, саяси бағдарына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты болады. Мысалға алғанда, демократиялық мемлекеттердің көбінде шетелдіктердің құқықтары қорғалуы жағынан өз елдерінің азаматтарымен бірдей болады, ешқайсысы да ерекше мәртебеге ие болып, басымдылық танытпайды. Бірақ сол елдің заңына сәйкес мемлекеттің кейбір ішкі саяси өміріне қатыса алмайды. Ол дегеніміз сайлауға қатыса алмайды, кейбір мемлекеттік қызмет атқара алмайды, әскери қызметке шақыртылмайды деген сияқты қызметтер жүзеге аспайды. Ал қалған жағдайлардың барлығында шетелдіктер тұратын елдің азаматтарымен тең құқылы болады. Ал социалистік, монархиялық және тағы басқа мемлекеттерде шетелдіктерді өз елінің азаматтарына қарағанда құқығы жағынан, бостандығын жүріп тұруына дейін шектейді. Осы жағдайды реттеу үшін көптеген халықаралық конференциялар, жиналыстар шақыртылып, көптеген халықаралық ұйымдар мен органдар құрылды. Өйткені олардың негізгі мақсаты - адам құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы 4-тармағына сәйкес: «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады». Осы ереженің іс жүзінде асырылуын курстық жұмысының барысында зерделеуге тырыстым.

Проблеманы зерттеу жағдайлары. Шетелдіктердің құқықтық жағдайына көптеген ғылыми еңбектер арналған. Бірақ бұл еңбектер негізінен шетелдік азаматтың халықаралық жария құқықтағы жағдайын бейнелейді. Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайының мәселесі жайлы мәліметтерді негізінен Богуславский М. М., Гаврилов В. В., Звеков В. П., Лунц Л. А., Марышева Н. И., Нысанбекова Л. Б., Садиков О. Н., М. А. Сарсембаев, Фдосеева Г. Ю. және т. б. заңгерлердің халықаралық жеке құқыққа арналған еңбектерінен ала аламыз. Сонымен қатар осы салада Калиева А. М., Лазарев Л. В., Марышева Н. И., Сабитова А. А., Скоробогатов С. В. сияқты құқықтанушылардың сіңірген еңбегі зор.

Жоғарыда аталған ғалымдардың және басқа да заңгер-зерттеушілердің осы саладағы атқарған зор еңбектерінің арқасында шетелдіктердің халықаралық жеке құқық саласындағы құқықтық жағдайының құқықтық негізін қалыптастыруға мүмкіндік туындады. Бірақ қазіргі таңда дәл біздің Республикамыздағы шетелдіктердің азаматтық құқықтық жағдайы мәселесі толық зерттелуін таппаған. Яғни елімізге келіп жатқан көптеген шетелдіктердің азаматтық құқықтық жағдайы мен құқықтық қатынастардың реттелуі әлі де қарастырылуды талап етіледі. Бұл мәселе курстық жұмысының негізгі мақсаттарын белгілейді.

  1. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Курстық жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасындағы неке отбасы заңнамасы нормаларының шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларға қолданылуын зерттеу.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру алға қойылды:

  • шетел азаматы түсінігін, мазмұнын және негіздерін талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы шетелдіктерге қолданылатын құқықтық режимдерді анықтау;
  • адам құқықтары аспектісінде шетелдіктердің құқықтық жағдайы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын қарау;
  • шетелдіктердің азаматтық құқықтық жағдайын және олардың әрекет және құқық қабілеттілігін анықтау;
  • шетелдіктердің құқықтық қатынастардағы, оның ішінде еңбектік және некелік қатынастардағы құқықтар мен міндеттердің көлемін зерделеу.

Зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша халықаралық жеке құқықтағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы.

Зерттеудің пәні болып Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық жеке құқық бойынша шетел азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің жалпы теориялық кешені, қарастырылатын тақырыптағы Қазақстан Республикасының негізгі заңы мен негізгі халықаралық құжаттардың негізінде осы саладағы халықаралық құқықтық және ішкі мемлекеттік нормалардың арақатынасы табылады.

  1. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтардың халықаралық жеке құқықтағы құқықтық жағдайы

1. 1 Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың

құқықтық жағдайының жалпы сипаттамасы

Халықтың көптен көшіп-қонуына алып келген халықаралық экономикалық және мәдени байланыстардың кеңеюімен байланысты шетел азаматтарының азаматтық құқықтық жағдайын реттеудің маңыздылығы өсуде.

ХІХ ғасырға дейін таптық құқықтар мен артықшылықтардың үстемдігі кезінде шетел азаматтары құқықсыз болды, ал кейіннен шектелген құқықтарға ие бола бастады. Халықаралық байланыстардың дамуымен олар көптеген елдерде құқықтық айналымға қатыстырыла бастады. Шетел азаматтары азаматтық құқықтарды қолдану аясында берілген мемлекеттің азаматтарына теңестіріле бастады. Шектеулер болса да, олар жалпы ережеге ескертпе ретінде қабылданды.

Дегенмен сауда қатынастарында көбінесе ең қолайлы жағдай қағидасы жиі қолданылады. Ол бойынша шетел азаматтары сол елдің азаматтарына емес, басқа мемлекет азаматтарына теңестіріледі. Халықаралық шарттарда енгізілген ережелер бойынша шетелдіктерге үшінші мемлекет азаматтарына берілетін режим кепілденеді. Осылайша шетел азаматтары халықаралық шарттарда қарастырылған сыртқы экономикалық байланыс мәселелеріне қатысты өз араларында теңестіріледі. 1

Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы жалпы алғанда халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормалары, халықаралық шарттар, азаматтығы елінің немесе тұрғылықты тұратын жер елінің құқығы, келген елдің құқығы негізінде қалыптасады. Халықаралық жеке құқықта негізінен шетел элементімен күрделенген қатынастар аясындағы құқықтар мен міндеттер туралы сөз болады.

Әкімшіліктік немесе өзгеше бір тараптың екінші тарапқа бағынуынан туындайтын мүліктік қатынастар, оның ішінде салықтық және басқа да қаржылық және әкімшілік қатынастарға азаматтық заңнама қолданылмайды. Халықаралық жария құқықтың сәйкес саласында туындаған шетелдіктердің құқықтық жағдайының мәселелері көп жағдайда қарастырылған тақырып шегінен шығады және халықаралық жеке құқықтың пәні болып табылатын қатынастарымен тығыз байланыста болғандығынан ғана аталып өтіледі. Ал халықаралық азаматтық іс жүргізудегі шетелдіктердің құқықтық жағдайының мәселелері халықаралық жеке құқық саласына жатады.

«Құқықтық жағдай (мәртебе) » ұғымынан «құқықтық режим» ұғымын айыра білу керек. Ол орналасу мемлекетіндегі шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқыққабілеттігін анықтайтын бастаулар мен қағидаларды білдіреді. Халықаралық режимдердің үш түрі бар: ұлттық режим, арнайы режим және аса қолайлы жағдай режимі.

Профессор Сарсембаевтің айтуынша, шетел азаматтарының Қазақстандағы құқықтық мәртебесін анықтайтын негізгі қағидалардың біріншісіне ұлттық режим жатады. Ұлттық режимде шетел азаматтарының құқықтық мәртебесіне сәйкестендіріледі. Бірақ қалай айтқанмен, олардың мәртебелері толығымен тең болмайды. 2

Арнайы режимде шетелдіктер үшін ерекше ережелер көзделген. Арнайы режимнің мәні тек шектеулер қою ғана емес, сонымен қатар ол кейбір жеңілдіктерді көздеуі мүмкін.

Аса қолайлы жағдай режимі шетелдіктерге кез-келген үшінші мемлекеттің азаматтары иеленетін немесе иелене алатын құқықтарды ұсынады.

Жоғарыда аталып өткендей, Қазақстанда ұлттық режим қолданылады. Ол шетел азаматтарына, олардың мемлекеттерінде Қазақстандық азаматтарға ұсынылатын құқықтар көлеміне қаралмай беріледі. Алайда, біздің заңнамаға сәйкес мемлекет реторсияны қолдана алады. Реторсия көбінесе, Қазақстандық азаматтарға қатысты ашық дискриминация жүзеге асырылса, қолданылады. Халықаралық жеке құқықта бастама ретінде теңдік пен кемсітпеушілік қағидалары саналады. Олар шетелдіктердің құқықтық жағдайын анықтайтын негізгі құқықтық режим - ұлттық режимнің мәнін құрайды. Халықаралық жеке құқыққа танымал өзге құқықтық режимдер, оның ішінде аса қолайлы жағдай режимі жалпылама емес, арнайы сипатта болады және белгілі бір қатынас аясында немесе белгілі бір тұлғалар тобына қолданылады. 3

Қазақстан заңнамасы шетел азаматтарының құқықтық жағдайының негізгі қағидаларынан бастау алады:

1) шетел азаматтары Қазақстандық азаматтармен теңдей құқықтар мен бостандықтарды иеленеді және бірдей міндеттерді атқарады, негізгі мұнда ұлттық режим қағидасы болып табылады;

2) шетел азаматтары тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, тіліне, дінге, қатынасына және өзге мән-жайларға қарамай заң алдында тең;

3) Қазақстандық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын арнайы шектейтін мемлекеттердің азаматтарына қатысты жауапты шектеулер қойылу мүмкін;

4) шетел азаматтарының өзінің құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы қоғам мен мемлекет мүдделеріне, Қазақстан Республикасының азаматтары мен өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зардап тигізбеуі тиіс. 4

Шетелдіктің жеке мәртебесі ретінде жеке тұлғаның, азаматтың мәртебесі, олардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы танылады. Жеке мәртебе мен оны құрайтын құқықтар мен міндеттер өзгермелі сипатта болады, яғни уақыт өте келе және көптеген жағдайлардың әсерімен өзгеріп отырады.

Халықаралық азаматтық айналымның қажетті шарты - оның қатысушыларының теңдігі. Осы қағидаларының сақталуы, жеке құқықтық қатынаста оның қатысушыларының кемсітпеушілігін болдырмау халықаралық жеке құқыққа жүгінуді талап ететін мәселе.

Халықаралық жеке құқық нормалары шетелдіктердің мүліктік жеке мүліктік емес, отбасы еңбек және іс жүргізу құқықтарын реттейді.

Шетелдіктің кез келген мемлекеттегі құқықтық жағдайын анықтау үшін негізгі мәнге адам құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқық нормалары мен қағидалары ие. Олар Адам құқықтарының Жалпыға ортақ Декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіде, Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар туралы Пактіде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайын анықтау мәселесі ХХ ғасырдың 90-жылдары туындады. Бұл Қазақстан Республикасы аумағына келіп тұрып жатқан шетелдіктер санының күрт өсуімен сипатталады. Ал олардың санының өсуі Қазақстандық экономиканың шетел инвесторлары үшін ашықтығымен, шетелдіктердің келуі, жүріп-тұруына көптеген әкімшілік шектеулер мен тыйым салулардың жойылуымен, сыртқы сауда қызметінің өзгеруімен, құрылысшылар, өзге де кәсіп жұмысшылар мен мамандардың ұзақ мерзімге келуімен, сонымен қатар туризмнің қарқынды дамуымен түсіндіріледі. 5

Қазақстан Республикасында шетел азаматтары болып Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын және өзінің басқа елдің азаматтығына тиесілі екендігін куәландыратын құжаттары бар тұлғалар саналады. «Шетелдік» және «шетел азаматы» терминдері бұл жұмыста бірдей мағынада қолданылады.

Халықаралық құқықпен қарастырылған, өз елінен кету және оған қайтып келу, Қазақстан Республикасының аумағында кез келген адамның құқықтары мен бостандықтарын тану секілді адам құқықтарын жүзеге асыру мен сақтау қазіргі жағдайда мәнді маңызға ие.

Көптеген елдерде «шетелдіктердің құқығы» деген ұғым бар. Бұл негізінен халықаралық жария құқықтағы шетелдіктерге берілетін ерекше режимді анықтауға бағытталады.

Сонымен қатар, Францияда және француз құқығының әсерімен құқықтық жүйесі қалыптасқан елдерде «шетелдіктердің жағдайы» ( la condition des etrangers ) халықаралық жеке құқық саласына енгізіледі. Бірақ көптеген мемлекеттерде, оның ішінде бұл сала нақты реттелетін елдерде (Австрия, ФРГ және т. б. ) шетелдіктердің құқық әкімшілік құқықтың салашасы ретінде қарастырылады. 6 Сонымен, «шетелдіктердің құқығы» дегеніміз - шетелдіктердің арнайы мәртебесін анықтайтын нормалар кешені, бұл коллизиялық сипаттағы нормалар ғана емес, сонымен қатар сәйкес қатынастарды мәні бойынша реттейтін материалдық-құқықтық нормалар. Әдетте «шетелдіктердің» құқықтық жағдайын кең және тар мағынада анықтайды. Тар мағынада бұл негізінен әкімшілік-құқықтық сипаттағы нормалар; олар шетелдіктердің құқықтық жағдайы мен отандық азаматтардың құқықтық жағдайының айырмашылықтарына қатысты. Кең мағынада бұл - кез келген қатынастағы шетелдіктердің құқықтық мәртебесін анықтайтын барлық нормалардың кешені: айырмашылықтарды көрсететін, отандық азаматтармен бірдей режим танитын және т. б. 7

Біздің қоғамымыздағы түбегелі демократиялық өзгерістер, қазіргі заманғы өркениетке оралу, ондағы азаматтық бейбітшілік, келісім мен қоғамдық тәртіпке жетуді адамдар жиі құқық, құқықтық мемлекет, әділеттілік, адам құқықтарымен байланыстырады.

Барлық елдердің құқықтық жүйесі екі түрден тұрады: жария және жеке. Жария құқыққа конституциялық, қаржылық (салықтар), қылмыстық, әкімшілік, сот сияқты құқық салалары жатады. Аталған салалармен мемлекеттік органдар арасындағы, сонымен қатар мемлекет пен оның азаматтары арасындағы қатынастар реттеледі. Бұл жерде мемлекеттік билік азаматтар бағынатын билік ретінде көрініс табады. Бұл қатынастар «тікелей» қалыптасады.

Азаматтық, еңбек және отбасы қатынастары жеке құқық саласына жатады. Бұнда өздерінің жеке мүдделерін қорғайтын жекеленген тұлғалар әрекет етеді. Жеке тұлғалар арасындағы қатынастар «көлденең» қалыптасады, және әрбір қатысушы өз басымен бұндай қатынасқа түседі. 8

Адамның жеке өмірі әр алуан түрлі. Әр адам бұл салада көптеген рөлдерді ойнайды: ата-ана, бала, жұмысшы мен кәсіпкер, мүліктің иесі, автор мен оқушы т. б. Көрсетілген әлеуметтік рөлдер тізімінен ата-ана, ерлі-зайыптылар мен балалардың қатынасы отбасы құқығымен, ал жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынас еңбек құқығымен реттеліп отыратынын көру қиын емес. Жеке тұлғалардың арасындағы өзге қатынастар азаматтық құқықпен реттеледі. Ең алдымен бұл мүліктік қатынастарға қатысты, яғни мүліктің белгілі бір тұлғаға тиесілі болуы немесе мүлікті сату мен айырбастау, және бағасын ақшамен есептеуге болатын өзге де құндылықтарды қамтамасыз етумен байланысты қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастар тек мүліктік мүдделерді қорғау мен реттеумен шектелмейді, сонымен қатар тұлғаның айырылмас құқықтары мен бостандықтарын және өзге де мүліктік емес, материалдық емес құндылықтарды қорғайды. Оларға адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның ар-намысы, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, жеке және отбасы құпиясы, еркін жүріп тұру, тұрғылықты жерді таңдау т. б. жатады.

Азаматтық-құқықтық қатынастар - қатысушылары азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие, азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін құқықтық қатынастар. Әрбір тұлғаның осындай қатынастардағы азаматтық құқықтық жағдайы оның құқық субъектілігіне байланысты. Бұл әрине Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің азаматтық-құқықтық жағдайын анықтауға да қатысты.

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарың азаматтық құқықтық жағдайына қатысты ұлттық режим ережелері қамтамасыз етіледі. Ұлттық режимді шетелдіктерді жергілікті азаматтармен теңестіру ретінде қарастыру танылған. Осы тұжырыммен келіспейтін А. И. Микульщинаның ойынша ұлттық режим бойынша заңнама негізінде шетелдіктерге әлеуметтік экономикалық, процессуалды және басқа да салаларды тең құқықтар беріледі деп қосады. М. М. Аваковтың пайымдауынша, ұлттық режим дегеніміз құқық жағынан өз азаматтарымен құқықтың қай саласында болмасын теңестіру дегенді білдіреді. Осы мәртебе түрінің аты біраз шартты болып табылады, себебі шетелдіктер өз азаматтары секілді құқықтар мен еркіндік көлеміне ешқашан бола алмайды. Ол көлем әрқашан аз болады. Л. Н. Галенская ұлттық режим құқықтық реттеу жекелеген саласында шетелдіктердің жағдайларын шартты түрде сипаттау үшін ұлттық режим деген ұғым шартты түрде қолданылады. 9

Қандай да ұлттық құқықтық жүйе болмасын, шетелдіктерге өз азаматтарына секілді көлемде құқықтар бере алмайды. Ұлттық режим терминінің өзі шарттылық үлесіне ие және ұлттық режимді ұсыну шетелдіктерді келген мемлекеттің азаматтарымен толықтай немесе тура теңестіру дегенді білдірмейді. Шетелдіктерге қатысты түрлі алымдар шетелдіктердің құқықтар мен міндеттерінің шындығындағы көлеміндегі тура емес көрінісін растайды.

Шетелдіктердің азаматтық-құқықтық мәртебесін зерттеу мәселелерінің сөзсіз ғылыми және тәжірибелік құндылығына қармастан, азаматтық құқық ғылымында бұл түсінікке назар аударылған жоқ. Субъектілердің «азаматтық-құқықтық мәртебесі» мен «азаматтық-құқықтық жағдай» түсініктерін тепе тең деп қарастырған жөн, өйткені «мәртебе» мен «жағдай» түсінігі өзара ауыстырылады, ал айырмашылықты бір субъекттің құқықтық мәртебесі мен құқықтық жағдайы арасында емес, халықаралық жеке құқықтың әртүрлі субъектілерінің құқықтық мәртебесі (жағдайы) арасында өткізген жөн.

Субъектінің құқықтық мәртебесінің алғышарты болып құқық субъектілік болып табылады, ол құқық теориясында құқық субъектісі бола алу мүмкіндігі немесе қабілеттілігі ретінде анықталады.

Құқық субъектілік - субъектінің азаматтық-құқықтық қатынас қатысушысы болу әлеуметтік-құқықтық мүмкінділігі. 10 Негізінен, ол мемлекетпен материалдық және заңи кепілдіктермен қамтамасыз етілетін жалпы нысандағы құқық болып табылады. Тұлғаға құқық субъектілікті қамтамасыз ету - оның мемлекетпен созылмалы байланыс салдарының нәтижесі. Осындай байланыстың болуынан құқық субъектілігі тұлғаға мораль нормалары мен заңдарын сақтау, әлеуметтік мәніне қарай субъективті азаматтық құқықтарды жүзеге асыру сияқты белгілі бір міндеттемелер жүктеледі.

Заңи ғылымда «құқық субъектілік», «құқық қабілеттілік» пен «әрекет қабілеттілік» ұғымдарының арақатынасына қатысты бірнеше көзқарас қалыптасқан. Бірақ менің ойымша, солардың ішінде дәлірек көзқарастардың бірі - ол «құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік азаматтық құқық субъектіліктің алғышарттары және құрамдас бөлігі» деген көзқарас болып табылады.

Құқық қабілеттілік - тұлғаның азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігі болып табылса, әрекет қабілеттілік - сол құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі деп саналады. 11 Сонымен қатар, әрекет қабілеттілік деликт қабілеттілікті де қамтиды, яғни бұл тұлғаның істеген азаматтық құқық бұзушылық үшін өз басымен жауапкершілікті көтеру мүмкіндігі.

Шетелдік заңи тұлғалар мен кәмелеттік жасқа толған азаматтар азаматтық құқық субъектіліктің барлық элементтерін иеленеді. Ал балалар, жасөспірімдер және әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған кәмелеттік жасқа толған азаматтар тек құқық қабілеттілігі болады, азаматтық құқық пен міндеттердің субъектісі бола алады. Мысалға, балалар мүлікті мұрагер ретінде ала алады, бірақ баланың мүліктік құқығын іс жүзінде жүзеге асыруды олардың ата-аналары немесе қамқоршылары орындайды.

Әлеуметтік-экономикалық өмірдегі тұлғалардың белсенді қызметі оларда құқық субъектіліктің құрамдас бөліктерінің болғанда ғана мүмкін. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтарына да қатысты.

Нақты бір мемлекет аумағындағы шетелдіктердің азаматтық құқықтық мәртебесінің сұрақтары бұрыннан бері халықаралық жеке құқықта күрделі мәселе болып келеді. Шетел азаматы - бұл өзге елмен құқықтық байланысы, яғни өзге елдің азаматтығы бар тұлға. Осыған байланысты өз отанының құзыреті шегінде орналаспаған кез келген мемлекет азаматына кем дегенде екі мемлекеттің заңнамасына әсер етеді: өзінің мемлекетінің және аумағында жүрген елдің.

  • Шетелдіктің өз заңнамасы - азаматы болып табылатын, әдеттегі және тұрақты тұратын мемлекет құқығы;
  • Болушы мемлекеттің, яғни уақыттың нақты кезеңіндегі тұлғаның болған елінің құқығы. 12

Егер белгілі бір уақыт бұрын жекеленген мемлекет заңнамасымен жеке тұлғаны сот тәртібімен оның азаматтық құқықтарынан айыру көзделсе, қазіргі кезде жеке тұлғаның белгілі бір азаматтық - құқықтық мәртебесін танудан бас тартуға жол берілмеушілік қағидасы өзінің нормативтік көрініс ұлттық ғана деңгейде емес, сонымен қатар халықаралық шарттарда тапты. 1966 жылы «Азаматтық және саяси құқықтардың халықаралық Пактісінің» 16-бабында былай белгіленген: «Әр адам, қай жерде болмасын, оның құқық қабілеттілігін тануға құқығы бар».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқықтары мен бостандықтары
Халықаралық құқықтағы адам құқығы: ұғымы және маңызы
АДАМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Шет елдердегі адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
Шетелдердегі конституциялық қадағалау
Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау мен бақылау бойынша құқықтық қатынастар
Мүгедектергетерге жүріп-тұру техникасың протездік-ортопедиялық қызмет көртесу
Құқықтық қатнас субъектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz