Қазақстандағы археологиялық және этнографиялық ескерткіштер – тарихи туризм нысаны


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫ

Археология және этнология кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР - ТАРИХИ ТУРИЗМ НЫСАНЫ

Орындаған

( қолы, айы-күні )

Ғылыми жетекшісі

т. ғ. к., доцент Райымхан К. Н.

( қолы, айы-күні )

Қорғауға жіберілді:

Археология және этнология

кафедрасының меңгерушісі

т. ғ. д., профессор Төлубаев Ә. Т.

( қолы, айы-күні )

Алматы 2009

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

І Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер туризм нысаны

1. 1 Қазақстан территориясындағы петроглифтер . . .

1. 2 Архитектуралық-мемориялдық ескерткіштер . . .

1. 3 Археологиялық тұрақтар мен қорымдар және қалалар . . .

ІІ Қазақстандағы этнографиялық ескерткіштер туризм нысаны

2. 1 Музейлердегі этнографиялық ескерткіштер . . .

2. 2 Қазақ халқының этнографиялық мәдениетін туризм саласында пайдалану . . .

2. 3

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тарих факультеті археология және этнология кафедрасының 2 курс магистранты

Ауашева Қарлығаш Ермекбайқызының «Қазақстандағы археологиялық және этнографиялық ескерткіштер - тарихи туризм нысыны» атты магистірлік диссертациясына

Реферат

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері ұлттық мұраны насихаттауға, зерттеуге, ерекше ден қойылуда. Осы негізде қазіргі заманның кезек күттірмес маңызды міндеттеріне айналып отырған мәселенің бірі, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, оны насихаттау болып отыр. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда туризм ғылымының алатын орны ерекше.

“Туризм” және “турист” ұғымдары қоғамдық санада XVIII ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында әбден орнықты. Осы кезеңде француздар француз тілінің сөздігінде “турист” ұғымына “қызығушылықтан туындаған саяхатпен уақытты өткізу” деген анықтама берген. 1838 жылы Ф. Стендаль “Туристік жазбалар” деген еңбегінде “турист” сөзін ең алғаш рет қолданған

Туризм тарихы дегеніміз - саяхаттардың ең қарапайым түрінен бастап күрделі түрлерін және көне заманнан қазіргі заманға дейін жүріп өткен жолын зерттейтін ғылым.

Туризм тарихы өз зерттеулерінде археология, палеография, этнология және т. б тарих ғылымының салаларының деректеріне сүйенеді. Батыста туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызын баяғыда түсінген. Сондықтан да дүние жүзілік туристік ұйым 2000-2020 жылдары әлемдік туристік рыноктың маңызды сигменті ретінде круиздарды (қыдыруды), конгрестік туризмді, тақырыптық парктерді, қалалық туризмді, мәдени және т. б атап отыр.

Біздің елімізде туристік орталықтар болғанымен, туристік бағыттардың нашарлығы, насихаттаудың дұрыс жолға қойылмағандығын аңғартады. Солардың ішінде археологиялық және этнографиялық ескерткіштердің туристік бағыттарын атауға болады. Археологиялық және этнографиялық тарихи yscfylfhls насихаттайтын туристік орталықтар болғанымен, жол құрлысының нашарлығы, туристерді орналастыру орындарының жоқтығы, насихаттың аздығының нәтижесінде сан ғасырлық тарихи құндылықтарымызды өз деңгейінде әлемге көрсете алмай отырмыз. Бұл жағдай әлі де болса, елімізде туризм саласының дұрыс жолға қойылмай жатқандығын көрсетеді.

Бүгінгі күні археологиялық және этнографиялық туристік нысанға деген қоғамдық сұраныс уақыт талабынан туындап отырған құбылыс екенін байқау қиын емес. Туристік орталықтар - халықтар арасында түсініктік пен ынтымақтастықты қалыптастырып, өрбітетін мәдени байланыстың маңызды құралы. Мұның өзі тарихи ескерткіштер мен адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің туындыларын жинақтап, халыққа насихаттауда ерекше тәрбиелік мәні бар мекеме екендігін көрсетеді.

Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы - мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Бұл бағдарламаны қабылдағанда, алға қойған басты мақсат - халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру болды.

Бағдарламада ел басымыз ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігін міндеттеді.

Екіншіден, қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің көпшілігі кең сахарамызда шашыла орналасқаны белгілі. Осы жағдайды ескере отырып, бағдарламада еліміздің аса маңызды деген тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріне зерттеулер жүргізіп, оларды ғылыми негізде қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алу қажеттігін атап көрсетті.

Осы тұрғыда мәдени ошақтарымызды жаңғыртып қана емес, қазақ халқының тарихын өзге ұлттарға насихаттауда, болашақ ұрпаққа жеткізуде археологиялық және этнографиялық объектілерді туристік нысанға айналдырудың маңызы зор.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көп нәрсе өзгерді десе де болады. Әсіресе, туризм ісінің табысты жақтары өте көп. Бұрынғы «түрі ұлттық», «мазмұны социалистік» атты уағыздың ащы жемісі келмеске кетті деп айта аламыз. Егер өткен тарихымыз бен шежіре-шындығымыздың бірден-бір айғақты дерек болып табылатын экспонат-мұраларға да жоғары талғам, таным, сын көзбен қарау қажеттігі талас тудырмайтыны анық.

Осындай қайталанбас мол мұраларымыздың бірі-кең байтақ жеріміз. Десек те, сол Ұлы Даланың әр төбесі - өз алдына тарих. Қай төбені қазсаңыз да ежелгі көшпенділердің өзіне ғана тән өзгеше мәдениетіне тап боласыз. Ал сол мәдениеттің жиынтығындай әбден сытылған нұсқасындай әсер қалдыратын тарихи қорықтар да бүгінгі мәдениетіміздің белгісі.

Зерттелу деңгейі Зерттеу жұмысы археологиялық және этнографиялық тарихи мәдени ескерткіштерді туристік нысан ретінде тереңінен зерттеу, ғылыми сипаттамасын жазуға негізделіп, Қазақстан Республикасының туристік инфрақұрлым негізінде шетелдік мемлекеттермен саяси және экономикалық байланыстарын, туризм саласындағы жеке қызмет түрлерінің деңгейін зерделеу, талқылау міндетке алынды.

Қазақ жеріндегі тасқа салынған суреттерге 11-ғасырдың ортасында өмір сүрген атақты ғалым Әл-Бируни алғашқылардың бірі болып көңіл аударған, ел қалмақтардың жүмбақ тас суреттері бар жерлерге табынатынын айтқан [1; 37] .

Қазақстандағы тасқа салынған суреттер туралы алғашқы ғылыми мәліметтерді XҮIII ғасырда өмір кешкен ірі ғүламалар Д. Мессершмидт, Ф. Стралемберг, И. Гмелин, Г. Миллердің зерттеулерінен табамыз [2, 11] .

Тас бетіндегі суреттерді ыждағатпен зерттей бастағамдардың бірі көне дүниелерді жинаушы, ориенталист Н. Н. Пантусов болатын, ол 1879 жылы Талдықорған облысының территориясынан табылған тас суреттері туралы мақала жазды. Біршама уақыттан соң Қызылағша, Қапал ауылдарына жақын маңнан тасқа қашап салынған суреттердің жаңа тобын ашты [3, 23] .

1884 жылы А. М. Никольский мен Г. В. Фишердің экспедициясы Іле өзенінің бойынан Таңбалытас (Тамгалытас) шатқалынан ескерткіштер тобын ашты, оның жазбаларын академик В. Позднеева аударып, Н. Н. Пантусов зертеп мақала жазды. Жетісу мен Солтүстік Қырғызстанның тасқа салынған суреттері туралы мәліметтерді жинай отырып Н. Н. Пантусов Шолақ тауларындағы Күрті Қапшағайының оң жағасында Қараеспе, Жалпақ шатқалдары өңірінде орналасқан Айыркезең мен Тайғақ шатқалындағы аң суреттері мен жазбаларды, сондай-ақ Қора, Көкеу өзендерінің аңғрындағы Жалғызағаш ауылына жақын жердегі тас бетіне қашалған суреттерді қарап шыққан.

Оңтүстік Қазақстанның бейнелеу өнері ескерткіштері туралы бірқатар мәліметтерді Түрістан әуесқой археологтар үйірмесінің мүшелері берді. Топограф М. А: Кирхгофтың айтуы бойынша Қаратаудың өңтүстік беткейіндегі Бесарық шатқалынан табылған тас қүралдар мен тасқа түскен суреттер жайлы В. А. Каллаур хабарлаған. Боралдай өзенінің сол жайылымындағы су айрығында Боралдай қақпасы деп аталатын ауданнан құз-жартасқа қашалған суреттер мен жазбалар туралы қызықты мәліметті 1904 жылы жазылған Л. А. Комаровтың жазбаларынан табамыз.

Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулерде тасқа түскен суреттер атүсті зерттелген. Табылған тастағы суреттердің жасын анықтау, олардың этникалық қажеттілігі жайлы ешнәрсе айтылмаған, суреттердің мәні ашып түсіндірілмеген. Ал одан кейінгі жылдары болашақтағы зерттеулердің негізгі бағыттарын айқындайтын қызықты мақалалар пайда болды. Солардың бірі 1926 жылы шыққан археолог В. А. Городцовтың Торғай облысының жартас суреттері туралы мақаласы [5, 29] . В. А. Городцов Байқоңыр өзенінің сол жағалауындағы Түйемойнақ жартастарында болмаса да Н. С. Воронец пен М. М. Пригоровскийдің мәліметтері мен олардың Мемлекеттік тарихи музейге өткізген фотосуреттері мен қашалған суреттері бар сынық тастары арқылы өз пікірін білдірген. Бұл ашылуларды В. А. Городцов жоғары бағалаған, қызығушылар мен ғалымдарды тасқа түскен суреттерді зерттеумен айналысуға шақырған және Қазақстанның басқа аудандарының петроглифтерін зерттегенде осы суреттермен санасуға тура келеді деп қорытқан. Осы еңбектерінде тастағы суреттердің идеясы мен бейнесі туралы, Байқоңыр петроглифтерінің мәні туралы маңызды мәселе көтерді. Ол Байқоңырдағы тасқа қашалған суреттердің датасын б. з. , б. ХІХ-І ғасырлардың аралығы деп белгілеген. Олардың ерте темір дәуіріне жатқызылуы жылқы мен түйенің қолға үйретілуімен байланыстырылады. Петроглифтерді қашап түсіру тәсілдері және тастың бетінде пайда болған жауыншашын, күн сәулесінің әсерінен түскен қақтарға химиялық талдау жасау туралы ескертпелері ден қоярлық.

1935-1936 жылдары Ертістің жоғары жағындағы тасқа салынған суреттерді С. С. Черников зерттей бастады [6, 84] . Нәтижесінде Қалба, Нарым жоталарынан тасқа салынған суреттердің он тоғыз орнын тауып, толық жариялады. Онда тас суреттердің стилі, мазмүны, мәні туралы айтылады, және де жартас суреттерінің хронологиясының екі кезеңін бөліп көрсетеді: б. з. б. I мың жылдықтың ортасынан б. з. б. ҰІП-Х ғасырлардың аралығын айтқан. Екі кезеңнің көнесі ерте темір дәуірі (б. з. б. УІ-І ғғ. ) .

1930-1950 жылдары тасқа салынған суреттер туралы хабарлар Қазақстанның түрлі аймақтарынан түсе бастайды [10. 121] . 1951 жылы Шу-Іле тауларының оңтүстік батысындағы Таңбалы сайынан А. Г. Максимованың экспедициясы тасқа қашап түсірілгеі суреттердің үлкен тобын ашты. Ескерткіш бай сюжеттерімен, өзіндік ерекшелігімен мамандардың көңілін аударды. А. Г. Максимова мыңға жуық тасқа түскен суреттерді зерттей келе үш хронологиялық кезеңді атап өтті:

бірінші - саққа дейінгі кезең,

екінші - сақтар кезеңі,

үшінші - түрік кезеңі.

Мақалаға А. А. Попов түсірген жоғары сапалы қырық үш фотосурет қосылған. Осылайша табысты басталған жұмысы толық аяқталмай қалды.

Жоғарыда айтылған С. С: Черниковтың еңбектерінен басқа тас суреттері толық суреттелген тағы екі еңбек жарияланған. Олар X. А. Алпысбаевтың және Т. Н: Сенигованың Шымкент облысының Бостандық ауданының Ходжакент жартастарының суреттері мен Созақ ауданының Баба-ата өзенінің оң жағалауындағы жартас суреттері туралы жазылған. Ходжакент жартастарының петроглифтері негізінен ешкі мен жылқы бейнелерінен түрады. X. А. Алпысбаев оларды сақтар тобына жатқызады, стилі жөнінен араван петроглифтері мен сақтардың қола қазандағы скульптуралық статуэткаларымен жақын [11, 82] .

Баба-атаның тасқа қашалған суреттерін Т. Н. Сенигова екі кезеңге бөледі: б. з. б. УІ-У ғасырлар мен б. д. І-ІІІ ғасырлары. Төменгі тастағы суреттердің датасын белгілеуге бүғылардың Сібірдің ағаштан жасалған скульптуралық бейнелерімен дәл келуі және Ертістің жоғарғы ағысындағы суреттер, Таңбалы сайдың суреттерімен ұқсастығын негізге алған. Комплексті талдап-түсіндіру кезінде ғасырлармен уақыт белгілеуде ауытқулар кездеседі [12, 76] .

60-жылдары солтүстік-батыс Балхаш маңынан А. Т. Медоев тасқа қашалған суреттердің бірнеше комплексін ашты. Жеке бейнелер мен көріністер бойынша әр кезендегі топтарды бөліп көрсетті. Петроглифтердің ерте кезеңге жатқызған бөлігін өлген бизон бейнесін қашаумен байланыстырды [13, 21] . Балхаш маңынан кейінгі кезенді неолиттен түрік дәуіріне дейінгі кезеңді анықтады. Оған негіз болған өгізтурлардың бейнесі, неолит пен қола дәуірінің арбаларының суреттері олардың мәні мен стилін мүқият қарап түрік кезеңіне жататын суреттерді анықтау еді. А. Г. Медоевтың ашып, зерттеген жартастағы көркемсуретті галереясы даусыз, бірақ мұнда да басқа зерттеушілер сияқты тарихнама есепке алынбаған.

Соның ішінде бізге керектісі, бізді қызықтыратыны қазақстандық жартас суреттерімен жақын келетін Орта Азияның далалық және таулық-далалық тайпаларының тасқа қашалған суреттері туралы жариялымдары. Көзге түсетіні Оңтүстік Қазақстанның, Өзбекстанның тастағы суреттері туралы М. Э. Воронецтің және Памирдің қашалған суреттері жайлы В. А. Рановтың еңбектері. Бұл екі автор да ескерткіштердің хронологиясына көп мән береді, кезеңге бөлінген топтардың стильдік ерекшеліктер анализін басшылыққа алып, суретті қашау тәсілдерін, суреттердің қақтану дәрежесін зерттеп археологиялық ашылулармен салыстырды.

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында Отырар өлкесінің тарихи мұраларын

В. В. Бартольд, И. П. Пословский, Д. Н. Люшин, И. А. Кастанье, Н. В. Руднев, Е. Г. Смирнов, Н. С. Лыкошин, А. Х. Кларе, А. А. Черкасовтар ғылыми тұрғыдан зерттеп, барлап алғашқы еңбектер жазды.

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы бұл ғалымдардың жұмыстарын Кеңес өкіметі тұсында (1946-1951жж) Ресейлік ғалым А. Н. Бернштам жетекшілік еткен Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясын одан әрі жалғастырады. Бұдан кейін осы аймақтың ескерткіштері туралы Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, А. Г. Максимовалардың еңбектерінде баяндалады.

1960 жылдардың орта шенінде Отырарда қазба жұмыстарының жүргізілу нәтижесінде теңге материалдары табылды. Теңге ортағасырдағы Қазақстанның саяси-экономикалық тарихын, оның сауда және мәдени байланыстарын зерттеуге арналған дерек болып табылады. Р. З. Бурнашеваның еңбегінде Отырарда табылған теңгелерге талдау жасалып, сипаттама берілген.

1971 жылы Отырар ауданындағы археологиялық заттарды кең түрде зерттеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы жұмысқа кірісті. Экспедицияға археолог-ғалым К. Ақышев басшылық жасайды. Осыдан бері К. Ақышев, К. М. Байпаков, Л. Б. Ерзаковичтің еңбектерінде, Қ. А. Алпысбаев, Б. Н. Нұрмағанбетов, А. Грошевтің еңбегінде және Е. Смағұлов, С. Ж. Жолдасбеков, Ө. Жәнібековтің, М. Қожаның сияқты археологтардың зертеулерінде Отырар өңіріндегі ортағасырда өмір сүрген халықтардың әлеуметтік-экономикалық мәдениеттері туралы бірнеше тың мәліметтер жарияланды. Ғалымдардың ұзақ жылғы еңбектерінің нәтижесінде осы өңірдегі археологиялық ескерткіштердің орналасу картасы, бірнеше монографиялар, альбомдар, көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді.

Біз зерттеу жұмысымызда археологиялық және этнографиялық мағлұматтар жайлы да кең көлемде еңбектерді пайдаланып, аталмыш тақырыпқа сәйкес тақырыпты барынша ашуға тырыстық. Тақырып бойынша зерттелген басты деректердің негізін ғылыми басылымдарда жарияланған ғалымдардың ізденістері құрайды. Солардың ішінде Қазақстан территориясында әр жылдары қазба жұмыстарын жүргізген және де қазіргі уақыттарда да ғылыми жұмыстарын жалғастырып жүрген белгілі археолог-ғалымдар Бернштам. А. Н, Черников. С. С, Байпақов. К. М, Ақышев. К. А, Ақышев. Ә. К, Төлеубаев. Ә. Т, Омаров. Ғ. Қ сияқты ғалымдардың еңбектері өзекті мәселелерді қамтуға, ғылыми жұмысты жүргізу бағыттарын анықтауда көп көмегін тигізді.

Жұмыстың мақсаты Археологиялық және этнографиялық тарихи ескерткіштерді туристік нысан ретінде ғылыми сипаттамасын жазу және ескерткіштерді қорғаудағы алатын орнын және маңызын көрсету.

Жұмыстың міндеті Зерттеуіміздің барысында археологиялық және этнографиялық тарихи ескерткіштерді туристік нысанға айналдырудың маңызын анықтай отырып мынандай міндеттерді назарға алдық:

  • Археологиялық және этнографиялық тарихи мәдени ескерткіштерді туристік нысан ретінде ғылыми сипаттамасын жазу;
  • Археологиялық және этнографиялық тарихи ескерткіштерді туристік нысан ретінде сақтау, қорғау, насихаттау жолдарын қарастыру;
  • Археологиялық және этнографиялық тарихи ескерткіштерді туристік нысан ретінде қазіргі таңдағы өзекті мәселелерін шешу үшін негізгі бағыттарды көрсету;

- тарихи туризмның басқа да қоғамдық-мәдени мекекемелермен

байланысын жүзеге асыру;

  • археологиялық және этнографиялық тарихи ескерткіштерді туристік нысандарға жүргізілетін оқу-ағарту, білім беру, тәрбие жұмыстарын қарастыру;

Тақырыптың дерек көзі Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданылған деректер: археологиялық және этнографиялық тарихи мәдени ескерткіштерге жүргізілген экспедициялар нәтижесінде табылған материалдар. Сонымен қатар ашық аспан астында орналасқан ескерткіштер және оның құжаттары т. б. Сондай-ақ, жазбаша дерек болып табылатын ғылыми қызметкерлердің зерттеулері мен жинақтары, археологиялық архив материалдары және экспедицияның жылдық есептері.

Зерттеу жұмысының жаңалығы Археологиялық және этнографиялық тарихи ескерткіштерді туристік нысан ретінде алғаш рет жазылған магистірлік жұмыс болып отыр. Ғылыми зерттеу жұмысының барысында археологиялық және этнографиялық тарихи мәдени туристік нысандардың ғылыми сипаттамасы жазылып, олардың туристік нысан ретінде сақтау, қорғау, насихатталу деңгейлері анықталды.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде объективтілік, тарихилық, жүйелілік принциптері, тарих ғылымдарының негізгі теориялық тұжырымдамалары басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысын жазудың методологиялық негізі мен әдістеріне жалпы ғылыми зерттеудің арнайы тарихи ғылыми тәсілі басшылыққа алынды.

Курстық жұмыстың құрлымы Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан әрқайсысы үш тармақшадан тұратын, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі анықталып, зерттеу мәселесі мен тақырыпқа қатысты деректерге шолу жасалған.

Бірінші тарауда Қазақстан территориясындағы петроглфтер, архитектуралық-мемориялдық ескерткіштер, археологиялық тұрақтар мен қорымдар және қалалар туристік нысан ретіндегі тарихы мен туристік даму бағыттары және олардың қоғамдағы маңызы қарастырылған.

Екінші тарауда музейлердегі этнографиялық ескерткіштер, қазақ халқының этнографиялық мәдениетін туризм саласында пайдалану және насихаттау жолдары, объектілердің ғылыми сипаттамасы, туристік бағыттың даму ролі қарастырылған.

Қорытынды да берілген зерттеу жұмысының нәтижесі, ұсыныстар мен тұжырымдамалар берілген.

І Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер туризм нысаны

1. 1 Қазақстан территориясындағы петроглифтер

Туризм экономика саласын дамытушы катализатор ретінде, халықтың әл-ауқатын жақсартуда, табиғатты ұтымды пайдалануда үлкен рол атқарады. Табиғи және тарихи-мәдени ресурстарды пайдалана отырып, нәтижесінде адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп және көптеген тұтыну тауарларын көбейтіп, қызмет көрсету түрлерін, сапасын арттырады.

1993 жылы Қазақстанда туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының «1997-2003 жж арналған Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қалпына келтіру және түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және дамыту, туризм инфрақұрлымын құру» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды /1, 44/.

Елімізде туризм дамытудың географиялық орнының қолайлығы (Еуропамен Азия елдері нарығының ортасында орналасуы) үлкен аймақтарды, әр түрлі ландшафты қамтуы, өте бай тарихи-мәдени мұраның болуы, Жібек жолының біраз бөлігінің жерімізде жатуы, салт-дәстүрлердің алуан түрлілігі, қонақжайлылық, еңбек ресурстары құнының арзан болып келуі және т. б қажетті біраз алғы шарттары бар.

Туризм экономиканың түрлі саласына, әр түрлі деңгейде әсер етеді. Оның қызметі шаруашылықтың басқа салаларына салмақ салмай, экономиканың өсуіне мүмкіншілік жасайды. Туризмді толық дамыту үшін туризм өнеркәсібін қамтамасыз ететін техникалық жабдық негізі қажет. Туризм өнеркәсібі өзіне қолдау көрсететін толып жатқан шағын бизнес кәсіпорындарын қамтиды. Туризм өнеркәсібіне тамақтандыру, орналастыру, көлік, сақтандыру орталығы, туристік әдебиеттер, карта, жарнама ұйымдары, ғылыми зерттеу орталықтары, туристік фирма және т. б кіреді.

Туризм өнеркәсібі мемлекеттік бюджеттік шет елдік валютамен толықтырып, шағын орта бизнестердің дамуына көмектеседі, сауда-саттық өнімдеріне қызмет көрсету ұлғаяды. Туризм қызметі ресурсты және көп шығынды қажет етпейтін қызмет көрсету саласы /2, 6/.

Қазіргі таңда Қазақстан территориясында кең таралғаны тасқа салынған суреттер - петроглифтер, көркем орындалуымен, әдемі нақышымен және салынған суреттердің жан-жақтылығымен туристерді қызықтырады.

Петро - «петро» - латынша тас, «глиф» - грекше жазу деген ұғымды білдіреді. Толық мағынасы - тастағы жазу. Тастағы жазулар тарихи-археологиялық ескерткіштердің бірі. Өйткені жартас суреттері бір жағынан адамзат ұрпақтарының рухани өмірін көрсететін өзінше бір өнер туындысы, ашық аспан астындағы галерея болса, ал екінші жағынан өткен дәуірлер мен қоғамдар тарихы үшін бірден-бір дерек көзі болып табылады. Яғни бабаларымыздың күнделікті түрмыс-тіршілігіне, шаруашылығы мен кәсібіне, діни наным-сенімдері мен әдет ғүрыптарына, дүниетанымына, қоршаған ортасына және тағы басқа әрекеттеріне байланысты хабарды осы тасқа салынған суреттер арқылы ала аламыз. Бұл суреттер жеке бейнелерден бастап күрделі композицияға дейінгі туындыларды қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Негізгі бағыттарда туризм инфрақұрылым дамыту
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Тарихи - мәдени мұраларды қорғау және пайдалану
Табиғи туристік рекреациялық ресурстар
Павлодар облысының туризм индустриясының даму үрдісі
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту туралы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
Қазақстандағы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz