Бңбек құқығы туралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

М а з мұ н ы

Кіріспе

1. Бңбек құқығы

1. 1 Еңбек құқығы туралы түсінік

1. 2 Еңбек құқығының қайнар көздері мен қағидалары

1. 3 Еңбек құқық қатынасы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. »

Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмүны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек қүқығының пәнін ашу ең алдымен қүқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.

Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын реттемейді, еңбекті үйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні - еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары болып табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының пәні-еңбекке қаблеттілікті іске асыру, еңбекті үйымдастыру мен басқару жөніндегі мемелекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасқан жеке дара да, сондай-ақ үжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды.

Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті үйымдастыру мен қолдануда негізге алынатын қүқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады.

І. Еңбек құқығы

1. 1 Еңбек құқығы туралы түсінік

Еңбек - адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек - адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құныдылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.

Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмүны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше болып келетін белгілі тобын реттейді. Еңбек қүқығының пәнін ашу үшін ең алдымен қүқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.

Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемлекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдарды жекешелендіруді, жеке меншіктітің дамуына әкеледі. Мұның бәрі еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Соныдқтан, еңбек қүқығы еңбек ету процессінің технологиясын реттемейді, еңбекті үйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек қүқығының пәні еңбек емес, еңбектің әлеуметтік қүрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысндағы қатынастары болып табылады.

Ал жалпылама алғанда еңбек қүқығы дегеніміздің өзі - меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жүмысшылардың барлық еңбекке байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жеке саласы.

Еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жүмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.

Еңбек қатынастары саласындағы қүзыретті органдардың барлық жағдайларда қолдануға есептелген нормативтік нүхқаулардан түратын құқықтық актілер еңбек қүдығының көздері болып табылады. Әдебиетте бүл көздер «еңбек туралы нормативтік актілері», «еңбек туралы заң актілер», «еңбек қүқығының нормативтік актілер» және т. б. деп аталады.

Еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңына сәйкес болуы қажет. Олар мыналардан тұрады:

1. Заңдар және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан;

2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан;

3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан;

4. Министрліктер мен ведомстволпрдың нормативтік құқықтық актілерінен түрады.

Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заңға 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заң жатады, осы заң қабылданғаннан кейін мынадай заңдар өз күшін сақтаған:

• 1992 жылы 4 шілде қабылданған «¥жымдық шарт туралы»

• 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы»

• 1993 жылы 9 сәуірде қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы»

• 1996 жылы 8 шілде қабылданған «Үжымдық еңбек даулар мен ереуілдер туралы»• 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» заңдар.

1. 2. Еңбек құқықтарының қайнар көздері мен қағидалары

Еңбек құқығының қағидаттары - еңбек қатынастарын және олармен тығыз байланысты басқа да қоғамдық қатынастарды реттеу үшін негізге алынатын бастапқы идеялар, постулаттар.

Республиканың Ата заңыңда ең6ек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі кағидаттары баянды етiлген: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабiлеттiлiгіне epкін билiк ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіңдiгi; ерiксiз еңбекке тыйым салу және жұмыссыздықтан қopғay (24-6ап) ; денсаулықты сақтау құқығы (29-6ап) ; 6iрлестiктен бостандығынa құқығы (23-6ап) ; құқықтар мен бостандықтарды заңмен тыйым салынбаған 6арлық әдістермен қорғау құқығы (13-6ап) : еңбегі үшін ешқандай кемсiтушiлiксiз және жалақының ең аз мөлшерінен кем емес еңбекақы алу құқығы (24, 28 баптap) ; демалуға құқығы (24-6ап) . Бұл конституциялық қағидаттар еңбек қатынастарын реттеудің салааралық қағидаттары жатады.

Еңбек құқығының салалық қағидаттарына мыналар жатады:

1. Еңбек шартын жасасу бостандығы;

2. Қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету;

3. Заңдарда белгленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем емес еңбекке ақы алу кепілдiгi;

4. Демалыс пен жұмыс режимінің қалыпты жағдайларына мемлекеттiк кепілдiктердің берiлуi;

5. Еңбек тәртібін қамтамасыз ету;

6. Кәсіби бiлiктiлiктi арттыру кепілдiгi;

7. Өндірістiк кәсіптiк мүдделердi қамтамасыз ету және қopray үшін кәсіптiк одақтарrа бiрiгу;

8. Еңбек құқығы нормаларының бірлігі және дифференциясы (арнайы түрлерде бөлінуі) .

Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады.

Кең мағынада нормативтiк құқықтық aктi дегенiмiз рефенеңдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк лауазымды адам қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысаңдағы жазбаша ресми құжат.

Қолданыстағы құжаттарда қайнар көздер «еңбек туралы нормативтiк актілер», «еңбек туралы заң актілерi», «еңбек құқығының нормативтiк актілерi», «еңбек туралы заңдар» деп аталады.

Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтiк құқықтық актілер кiредi:

1. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негiздерін айқындайтын, тiкелей қолданылатын басты заң Қазақстан Республикасының Конституциясы. Барлық еңбек туралы нормативтiк құқықтық актілер Ата Заңға сәйкес келуге тиic.

2. Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы Қазақстан Республикасының Заңы және cоған сәйкес қабылданған заңдар және Қазақстан Республикасы Президентінің. Жарлықтары;

3. Қазақстан Республикасы Президертінің Жарлықтары;

4. Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулылары;

5. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтiк қаулылары;

6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары;

7. Министрлiктер мен ведомстволардың нормативтiк құқықтық актілерi;

8. Жергілікті маслихаттардың өз құзыретi шегiндегі нормативтiк актілерi;

9. Локальды (Жергілікті) нормативтiк актілер;

10. Жұмыс берушінің актілерi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4 тармақшасына сәйкес азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен міңдеттеріне қатысты еңбек туралы норматвитік құқыктық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міңдеттi шарты болып табылады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақтан Республикасы еңбек туралы нормативтік құқықтық актілеріңдегiден өзгеше ережелер белгіленсе, аталған шарттық ережелерi қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика iшiлiк нормативтiк құқықтык aктi шығару талап етiлетін жағдайлардан басқа, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тiкелей қолданылады.

Азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституuиялық құқығын iскe асыру npoцесінe туындайтын еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылғы 10 желтоксанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң болып табылады. Бұл Заң 2000 жылдын 1 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгiзiлдi. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының заңыңа сәйкес Қазақ KCP-інің 1972 жылғы 21 шiлдедегi Еңбек туралы заңдар кодекci 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика ayмағынa өз күшін жойды.

Еңбек туралы Заңның күшi егер конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, республика aумағынa еңбек қызметiмен айналысатын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Сондай- ақ республика аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншiк иелерi (толығынан немесе iшінара) шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары қолданылады.

Еңбек туралы негізгі заң 9 тараудан, 109 баптан тұрады, және еңбек қатынастарының осы Заңға қайшы келмейтің бөлiгін сақтап қалған заңдар мен басқа нормативтiк құқықтық актілер реттемейтің саласын айкындайды. Оларға, мысалы, мына заңдар жатады: 1992 жылы 4 шiлдеде қабылданған «Ұжымдық шарттар туралы», 1993 жылы 22 каңтарда қабылданған «Еңбектi қopғay туралы», 1993 жылғы 9 сәуiрде қабылданған «кәciптiк одақтар туралы», 1996 жылы 8 шiлдеде қабылданған «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуiлдер туралы), 2001 жылғы 23 каңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» және т. б.

Нарық жағдайында еңбек құқығын жүзеге асыруда Қазақстан Респу6ликасының Үкіметi қабылданған қаулылардың маңызы зор.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 9 қаңтарда қабылданған Қазақстан Респу6ликасының «Экономика саласындағы жұмыскерлердің жалақысы туралы» қаулысы. Онда барлық экономика саласындағы қызметкерлерге арналған жалпы тарифтiк тор бекiтiлген.

Жергілікті маслихаттардың, әкімдiктердің өз құзыретi шеңберінде шығаратын шешiмдерінiң де еңбек құқықтарын реттеуде маңызы бар.

Еңбек құқығының қайнар көзі ретіңде Қазақстан Республикасы жоғары сотының, Конституциялық Кеңес Плеңумдарының нормативтiк қаулылары пайдаланылады. Бұл қаулыларда сот жұмыстарын карағанда заңдарды қолдану туралы түсінiктемелер берiледi. Қаулылар негізіңде 6арлық соттардың заңдарды қолданғанда олардың мазмұның 6iрдей түсінiп, бiрыңғай тұрғыда жүзеге асыруын көздейдi.

Орталықтандырылған тәртіпттән қабылданған нормативтiк құқықтық актілер жалпы ережелердi белгiлейдi, ал олар ұйымдарда қолданғанда нақтылауды талап етедi немесе соған рұқсат береді.

Ұйымдарда қабылданған нормативтiк актілер жұмыс берушінің актілерi деп аталады. Оларға, әкімдер, бұйрықтар, iшкi еңбек тәртібінің ережелерi жатады.

Локальды (жергілікті) нормативтiк актілерге сонымен қатар ұжымдық шарттар мен келiсiмдер, сыйлық ақы беру ережелерi, жылдық қорытынды бойынша ақы төлеу тәртібі, т. б. жатады. Бұл нормативтiк актілер 6iріншiдер ұйымның барлық қызметкерлеріне қатысты; екіншiден, оларды бұлжытпай орындау 6арлық қызметкерлерге міңдеттеледi; үшіншіден, тұрақты (бiрнеше рет) қолдануға бағытталған. Бiрақ бұл жергілікті актілер ең6ек қатынастарын реттейтін басты заңдарға қайшы келмеуi тиiс.

Қорыта келгенде, ең6ек туралы заңнама мынадай негізгі міндеттерді атқарады:

1) еңбек саласыңдағы нарықтық қатынастарның құқықтық негіздерін бекіту;

2) еңбек бостандығы мен жеке ебк шарттарын жасасу бостандығын бекемдеу;

3) еңбек қатынастарындағы жұмыс берушімен қызметкерлердің құқықтық мәртебесін белгілеп, айқындау;

4) әлеуметтік серіктестік қатынатарын реттеу;

5) қызметкерлердің, жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер жүйесін орнықтру.

Қазіргi қазақстандық құқық салаларының iшіңдегi еңбек құқығы басты орындардың бiріңде, өйткенi ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейдi.

Тараптардың жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгіiлi бip еңбек қызметін жүзеге асыруы жөніңде туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы қатынастар еңбекқатынастары деп танылады.

Мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдарға қызметкер peтінде жеке еңбек шарты бойынша жұмысқа алынған тұлғалар немесе өзге де жұмыс берушілерде (кооперативте, жеке тұлғаларда) жалдану бойынша жұмыс iстейтін қызметкерлердің еңбегін қолдануға байланысты қатынастар ғана еңбек заңдарымен реттеледi.

Жеке еңбек шарты негізіңде туындайтын еңбек құқықтық қатынастарын мердiгерлiк тапсырма, қызмет көрсету және т. б. шарты бойынша ұйымдар үшін қандай да бiр нақты жұмысты орындаған адамдардың еңбекке қатысуы жөніңдегi басқа қатынастардан ажырата бiлген жөн. Аталған шарттар негізіңде еңбек қатынастары емес, азаматтык-құқықтық қатынастар пайда болады да, олар азаматтық заңдармен реттеледi. Еңбек катынастары мен азаматтық-құқықтық қатынастардың аражiгін айырудың практикалық маңызы бар. Өйткенi, енбек құқыктық қарым-қатынастарға түсушi қызметкерге еңбек заңдарында белгіленген тәртіптен жыл сайынғы еңбек демалысы берiледi. еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңге жәрдемақы төленедi және т. б. Ал азаматтык-құқықтық шарттар негізіңде тек мүліктiк сондай-ақ мүліктiк қатынастарға байланысты мүліктiк емес жеке қатынастар туындайды.

Әрбiр құқық қатынастарында қатынастың субъектілерi деп аталатын қатысушылары болады. Еңбек құқықтық қатынастарының субъектлерi болып мыналар танылады: азаматrар, жұмыс берушілер, кәсіподақтaр, мемлекетriк органдар.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында қатынастарының мазмұның құрайтын белгiлi бiр құқыктар мен міндеттен пайда болады.

Олай болса еңбек қатынастарын өзге құқықтык қатынастардан ажыратудың мынадай үш ерекше белглерi бар:

1) олар жеке еңбек шарты негізіңде нақты кәсіпорынның еңбек ұжымына мүше болған қызметкердің кiруiмен туыңдайды;

2) еңбек қатынастары бойынша қызметкер белгiлi бiр мамандық (кәсіп), бiлiктiлiк немесе қызмет бойынша жұмыс атқару міңдетін өзіне алады, ал ұйым аталған жұмыстың орындалуы үшін қажеттi еңбек жағдайларын жасау міңдетін алады;

3) еңбек қатынастарының тараптары- қызметкерде, жұмыс беруші де iшкi еңбек тәртібі ережелеріне 6ағынады.

Еңбек құқығымен реттелетін қатынастар жүйесін eкi топқа бөлуге болады. Оның бiріншiсi жетекшi орын алатын еңбек құқықтық қатынастары, ал екiишi топқа еңбек қатынастарымен тығыз байланыстағы еңбек қатыиастарыиан бұрын олармен қатарлас жүретін және солардан туындайтын қатынастар. Екіншi топтағы қатынастардың бірi еңбек қатынастарынан тыскары дербес маңызы болмайды және еңбек қатынастары қазіргi кезде болып отырғанда, не бұрын болғанда, не олар болашақта болатын болса ғана туындай алады.

Еңбек құқығы саласындағы құқық қатынастары жүйесі мыналарды қамтиды:

- еңбек құқықтық қатынастары;

- еңбекке орналастыру жөніңдегi құқықтық қатынастар;

- ұйымдастыру-басқару құқықтық қатынастары;

- ұжымдық шарттың құқықтык қатынастары;

- қызметкерлердi кәсіптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгін арттыру жөніңдегi құқықтық қатынастар;

Бұл құқықтық қатынастардың бәрі қызметкердің еңбегіне байланысты туындайды, бірақ пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері мен мазмұны жағынан ерекшеленеді.

1. 3 Еңбек құқық қатынасы

Еңбектік құқықтық қатынастардың обьектісін жәе негізгі мазмұнын еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке меншіктегі ұйымдарда азаматтардың еңбегін пайдалану жөнінде қалыптасатн жеке дара да, ұйымдық та қатынастар қүрайды. Еңбектік құқықтық қатынастарға жұмысшы мен жұмыс беруші қатысады. Бұлардың қарым-қатынасы келісімдік-шарттық негізде құрылады.

Еңбектік құқықтық қатынастардың өзіне тән мынадай белгілер болады.

Біріншіден, бұл қатынастар кәсіпорын, мекеме, ұйымның ішкі еңбек тәртібінің шегінде жүреді;

Екіншіден, бұл қатынастар тек қана жұмысшы белгілі бір еңбек ұжымына кірген кезде ғана пайда болды.

Үшіншіден, жұмысшының еңбек ұжымына кіруі нақты заңды деректермен белгілегенеді (жеке еңбек шартына тұрады, қызметке түруы жөнінде бұйрық шығарылады) .

Төртіншіден, еңбек қатынастары сол жұмысшының белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқаратын, ал кәсіпорын әкімшілігі аталған жұмыстық орындалуы үшін қажетті жағдай жасауын міндетіне алғандығын білдіреді.

Ал, жеке еңбекке негізделеген еңбек түрлерін, еңбеқ құқығының нормаларымен реттелмейді. Алайда еңбек авторлары белгілі бір ұжымында қызмет істесе, онда олардың еңбегі еңбектік-қүқықтық қатынастарға жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы туралы мәлімет
Тәрбиенің комплекстілігі
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ пәнінен оқу әдістемелік нұсқау
Құрастырмалы темірбетон конструкциялар өндірісін қарқындату
Психологиядан дәрістер жинағы
Жер құқық қатынастары
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Меншік құқығы жайлы жалпы ережелер
Меншік құқығын тану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz