ОҚО арпаны өндіру жағдайлары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Диплодық жұмыста ОҚО арпаны өндіру жағдайлары, оның өнімдерін көбейту жолдары және арпа егістігінде азот тыңайтқышының маңыздылығы зерттелді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысының аймағыңда астық өнімін молайтып, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын және бәсекелестік мүмкіндігін арттыру. Бұл мақсатта арпа дақылын өсіру агротехникасын жетілдіру және ең жоғары өнім беретін агроценоз параметрлерін айқындау, дән өніміне күшті әсер етуші фактор - азот минералды тыңайтқышты беру (қолдану) мөлшерін, енгізу мерзімін және әдістерін белгіліп, өндіріске енгізуге ұсыну.

Зерттеу жұмыстарының мақсатына жету үшін қойылған міндеттер:

- арпа дақылының өніміне және агроценозының құрылымына азот минералды тыңайтқышты беру мөлшері мен енгізу әдістемелерінің әсерін зерттеп анықтау;

- азот тыңайтқыш беру мөлшері, мерзімі және енгізу әдістемелерінің арпа дақылының буынаралықтары мен жапырақтарының морфофизиологиялық көрсеткіштеріне әсерін анықтау;

Ғылыми жаңалық Оңтүстік Қазақстан облысының өңірінің өзгерген агроэкологиялық жағдайында арпа егісіне азот минералды тыңайтқыштар мөлшерін, мерзімін және әдістерін оңтайландырып, оны өсіру технологиясын жетілдіру өзекті мәселе болып табылады.

Практикалық маңызы. Сондықтан менің дайындаған дипломдық жұмысымда азот минералды тыңайтқыштарды анықтағанымыз, қандай көрсеткіштерді алғанымыз келтіріледі. Оларды іс жүзінде керек болса жақсарту немесе дұрыс қолдану жолдарын көрсетемін.

Дипломдық жұмыстың құрылысы мен көлемі. Дипломдық жұмыста кіріспе, негізгі бөлімдер, қорытынды, қолданылған әдебиеттер келтірілген. Жұмыс негізінен алты бөлімнен тұрады: аналитикалық бөлім, ғылыми зерттеу бөлімі, тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық, бизнес жоспар бөлімдері. Аналитикалық бөлімінде жұмыстың тақырыбына сай әдебиетке шолу және зерттеудің қойылу мақсаты баяндалады.

Дипломдық жұмыстың тіршілік қаіупсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде зертханадағы жүргізілген жұмыстардың техника және экология қауіпсіздігі баяндалған. Экономикалық бөлімде жұмыстың экономикалық тиімділігі, қажетті қаражат мөлшері мен шығындары есептелген. Бизнес жоспарлау бөлімінде кәсіпорынға сипаттама беріліп, оны жүзеге асыру тәуекелділігі баяндалған. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық дақылдарының сорт сынау инспектурасының бөлімінің ғылыми қызметкерлері мен лаборанттары қатысты

Беттер___Кесте ___Сурет ___Әдебиет ___

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
: 1
КІРІСПЕ . . .: АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
6: 8
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Арпа өсетін аудандардың климаты мен топырағының сипаттамасы . . .
6: 8
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Арпаның биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері . . .
6: 10
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Арпаның аудандастырылған сорттары . . .
6: 18
: 1. 4
КІРІСПЕ . . .: Топырақ өндеу және оның құнарлылығы . . .
6: 22
: 1. 5
КІРІСПЕ . . .: Арпаның өсу кезеңдерінде топырақтағы жылжымалы қоректік заттарға тыңайтқыштардың әсері . . .
6: 31
: 1. 6
КІРІСПЕ . . .: Тыңайтқыштардың арпа өніміне әсері . . .
6: 35
: 1. 7
КІРІСПЕ . . .: Әдебиетке шолуға(аналитикалық бөлім) қорытынды . . .
6: 37
: 2
КІРІСПЕ . . .: ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . .
6: 38
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Шаруашылықтың топырағы және олардың агрохимиялық көрсеткіштері . . .
6: 38
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Шаруашылықтың топырағы және олардың агрохимиялық көрсеткіштері . . .
6: 39
: 2. 3
КІРІСПЕ . . .: Жауын-шашын мөлшері (көпжылдық, орташа және ақырғы екі жылғы көрсеткіштері), олардың жыл мезгілдерінде түсуі, булануы, көктемгі және қысқы ылғалды жинау мүмкіндіктері . . .
6: 42
: 2. 4
КІРІСПЕ . . .: Тұқым шаруашылығы . . .
6: 44
: 3
КІРІСПЕ . . .: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . .
6: 48
: 3. 1
КІРІСПЕ . . .: Тәжірибе жүргізу жағдайы және әдістері . . .
6: 48
: 3. 2
КІРІСПЕ . . .: Топырақ қабатының тығыздығы . . .
6: 50
: 3. 3
КІРІСПЕ . . .: Топырақтағы ылғал қорының жинақталу ерекшелігі . . .
6: 51
: 3. 4
КІРІСПЕ . . .: Күздік арпаның егістігін арамшөптің басуы . . .
6: 54
: 3. 5
КІРІСПЕ . . .: Топырақты өңдеу технологияларына байланысты және азот тыңайтқышын қолданған жағдайда салыстырмалы өнімділігі . . .
6: 59
: 3. 6
КІРІСПЕ . . .: Күздік арпаны өсірудің жаңа агротехнологиясының экономикалық тиімділігі . . .
6: 63
: 4
КІРІСПЕ . . .: Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау . . .
6: 65
: 5
КІРІСПЕ . . .: Қоршаған ортаны қорғау . . .
6: 74
: 6
КІРІСПЕ . . .: Экономика . . .
6: 76
: 7
КІРІСПЕ . . .: Бизнес-жоспар . . .
6: 82
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 96
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6: 97
:
КІРІСПЕ . . .:
6:
:
КІРІСПЕ . . .:
6:
:
КІРІСПЕ . . .:
6:
:
КІРІСПЕ . . .:
6:

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

СНиП 2. 06. 03. -85Мелиоративтік жүйелер және құрылымдар-М., 1986. 60 б.

СниП РК 4. 01. 02-2001. Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы жүйелер және құрылымдар. Астана; Құрылыс комитеті. ҚР экономика және сауда министрлігі, 2002 ж.

1. МҮТ 7. 32 -2001 мемлекетаралық үлгі -талап. Ғылыми -зерттеу жұмысы жайындағы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.

2. МҮТ 7. 1 -84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі-талаптар жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың жалпы талаптары мен ережелері.

АНЫҚТАМАЛАР

Топырақ - жер бетіндегі өсімдіктердің өніп-өсуінде мал азығымен және су, ауамен қамтамасыз ететін бірден-бір табиғи зат.

Ауыл шаруашылық мелиорациясы - ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін, қолайсыз табиғи жағдайларды түбегейлі жақсарту жолында қолданылатын ұйымдастыру-шаруашылық және техникалық шаралар жүйесі.

Әдеттегі(жүйектеп) суару тәсілі-бұл әдісті колданғанда су топырақ бетіне суару жүйектер (бороздалары) арқылы таратылады.

Тамшылатып суару тәсілі-тазартылған суды арнайы тамшылатқыш қондырғылар арқылы топыраққа тамшылар (тамшы соңынан тамшы) беріліп сіңіріледі. Полиэтилен құбырлары арқылы су қысыммен беріледі де, топыраққа тамшылатқыштар арқылы түседі

Суару жүйесі-белгілі жерді суаруға арналған су көздері мен бас саға, тұрақты және уақытша тілінетін каналдар, гидротехникалық құрылыстар, жолдар, өндірістік үйлер мен байланыс құрылыстары және жүйені басқару комплексі.

Суару режимі - ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың саны, мерзімі және суару нормасының мөлшерінің жинағы.

Транспирациялық коэффициенті-өсімдіктердің 1 тонна құрғақ зат жасау үшін жұмсайтын (сабақтары, жапырақтары, тамырлары, дәндері т. б. ) суының мөлшері.

Суды пайдалану коэффициенті-топырақ бетінен буланатын және бір центнер товарлы өнім (дән, шитті мақта, жеміс, картоп, шөп) жасау үшін жұмсалатын судың мөлшері.

Жалпы булану коэффициенті-топырақ пен өсімдіктер бетінен буланған сумен оның өсу дәуірі кезіндегі ауа дымқылдығы тапшылығының тәулік бойында орташа мөлшерінің қосындысының арақатынасы.

Топырақтың су балансының тапшылығы - жобадағы өнімді өндіру үшін әр гектар егістікке жіберілетін барлық судың мөлшері.

Суару нормасы-бір гектар жерді бір рет суаруға қажет болатын судың мөлшері.

Суармалау нормасы-бір гектар егістікке дақылдардың өсу дауірі мезгілінде жіберілетін судың жалпы мөлшері.

Су сіңіру-топырақ құрамындағы бос уақ текістерді (порларды) судың өзінің ауыртпалық күші қысымы арқылы және оның сулана бастаған кезінде пайда болатын капилляр күші арқылы біртіндеп сумен толтыру процесі.

Ауыспалы егіс учаскесі-белгіленген ротацияяға сәйкес әр қайсысында дақылдар өзгеріп тұратын ауыспалы егіс танаптарына бөлінген ауыспалы егіс жерінің көлемі.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР-Қазақстан Республикасы

ОҚО-Оңтүстік Қазақстан облысы

ж. ж. -жылдар

ж. б. -және басқалар

т. б. -тағы басқалар

га - гектар

ц - центнер

ц/га-1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері

г -грамм

см-сантиметр

% -пайыз

м -метр

м 2 - шаршы метр

м 3 /га - кубометр гектарына

кг/га-1 гектарда килограмм есебі

г/см 3 - 1 куб сантиметрдегі грамм есебі

P- фосфор

N- азот

ә. е. з. - әсер етуші зат

с. е. - су ерітінді

э. к. - эмульсиялы концентрат

тг- теңге

тг/га-1 гектарға, жұмсалған теңге

КІРІСПЕ

Оңтүстік Қазақстан негізгі ауыл шаруашылығы аудандарына жатады. Соның ішінде Сайрам ауданы сүрлемдік жүгері және арпа өсіру шаруашылығымен айналысады. Қазақстан егемендігінен кейін ауыл шаруашылығының суармалы жерлері жеке меншікке бөлінуіне байланысты мал шаруашылығыда жылдам өркендей бастады. Кейінгі жылдары мал тұяғы алдыңғы кеңес өкіметі жылдарына қарағанда бірнеше есеге көбейіп кетті[5] . Сол үшін мал шаруашылығынан мол өнім алуда жемшөп мәселесін шешу қажет болады. Бұл мәселеде мал азықтық комплексіне кіретін өсімдіктердің бірі арпа есептелінеді. Арпа-Қазақстанның бүкіл аудандарында жаппай өсірілетін негізгі мал азықтық дақылдардың қатарына жатады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында арпаның егістік көлемі 1, 8 млн. га. Оның 90 пайызы мал азығына жұмсалатын болса, 10 пайызы сыра өндірісінде қолданылады. Жарықтың экономикалық қатынасқа байланысты еліміз де мал басының көбеюімен қатар, сыра өнеркәсібі жақсы дамуда. Осы себепті бұл өнеркәсіп салаларының негізгі шикізаты арпа дәні болғандықтан оған сұраныс артуда. Құрғақшылыққа төзімділігі мен дән қоректілігінің құндылығына байланысты оның жемшөп құрылымындағы маңызы ешқашан жоғалмақ емес. Шөл және шөлейт жерлердің өзінде арпаның түсімі басқа жаздық дәнді дақылдармен салыстырғанда едәуір басым. Арпаның халық шаруашылығындағы маңызы өте зор, оның дәнінен көптеген салада пайдаланылатын сан алуан заттар жасалады. Арпа жармасы-бағалы әрі нәрлі тағамдардың бірі. Арпаны тері илейтін, тоқыма және кондитер өнеркәсібімен қатар медицинада да кеңінен қолданады. Ол әдетте сыра қайнататын өнеркәсіпте таптырмайтын аса құнды шикізат ретінде ерекше орын алады. Арпаның дәні белок пен крахмалға бай болғандықтан, одан малға жұғымды құнарландырылған құрама жем дайындалады. Мал шаруашылығы, әсіресе шошқа мен құс өсіру дамыған сайын бұл дақылдың қажеттілігі күн санап арта түсуде. Арпа дәнінің химиялық құрамы өте күрделі. Шығарылатын сорттардың бағыты мен өсу ортасына байланысты оның құрамында 12-14 % белок, 2-3 % май, 54-55 % крахмал, 5, 5-5, 8 % клетчатка және 2-3 % күл кездеседі. Дәннің 85 пайызы құрғақ заттардан түзіліп, мынандай химиялық қосылыстардан тұрады:көміртегі, азот, оттегі, сутегі, күкірт, фосфор, калий, кальций, магний, темір және кремний. Бұларға қосымша дәнде йод, бор, мырыш, темір, марганец, және сол сияқты сирек кездесетін элементтер бар[39] . Олар кәдімгі жасушадағы физиологиялық және биохимиялық процестердің бір қалыпты жүруіне айрықша ықпал етеді. [3, 5, 13] .

Актуальдық проблемасы:Қазір арпа өткізуде біршама қиындықтар туындауда. Бұрындары мемлекет барлық өнімді қабылдап алып, мал және құс шаруашылықтарына тарататын. Қазір ол заман келмеске кеткен. Бүгінде бәріне шаруашылықтар жүгіріп жүр. Осы ретте дәнді қалай бағаланып жатқанын да сұрадық. 2015 жылы дәндерінің бір келісі 15 теңгеге бағалануда. Бұл-төмен баға. Еліміз бойынша 23 млн. тонна ақ астық қамбаға құйылып, оның басым бөлігі экспортқа шықпай қалғаны белгілі. Оның үстіне өткен жылы күз жауын-шашынды болып, біраз астық элеваторларға сыймай сыртта қалып қойды. Шаруалар осы астықты ысырап қылмау үшін құс өсіретін шаруашылықтарға арзанға сатты. Сол себепті дәнді дақылдарға, оның ішінде арпаға сұраныс төмендеп, бағасы түсіп кетті. Дәндерге қатысты мәселені сөз еткенде, кейбір ауылдарда қырман тапшылығы байқала бастағанын айтпай кетуге болмайды. Күзде шаруалар дәндерді күн көзіне кептіру үшін ауыл арасындағы тас жолдарға дейін жайып тастады. Кейбір ауылдарда кеңес заманында салынған қырмандар тозып, олардың орнына үйлер түсіп кеткен. Кеңес заманында мал азығың қажетті техникалардың бәрі Украинадан шыққан болатын. Бүгінде Украинадағы Петровск зауыты жаңа техникаларды шығармайды. Қазіргі кезде облыстық шаруашылықтары олармен байланыс орнатып, қосалқы бөлшектерді алып тұруға келісті. Осылайша шаруалардың қолда бар ескі техникаларды жамап-жасқап, жұмыс істеуіне жағдай туғызып отыр[6, 9, 14] .

Жұмыстың мақсаттары:

1. Арпа дақылдың өнімділігін арттыру және сапасын жаңарту, ізденіс шараларды зерттеу.

2. Арпа дақылдың-морфофизиологиялық көрсеткіштеріне әсерін аңықтау.

3. Арпаның егіншілік жүйесіндегі агротехникалық шараларын қалыптастыру.

4. Дән өніміне қүшті әсір етуші фактор-азот тыңайтқышты беру.

Бүгінде өмірімізге жаңа технологиялар дендеп еніп, арпа өсіруге үлкен мүмкіндіктер туғызып отыр. Арпа-көп өнім беретін дақыл. Осы ретте арпаға азот минерал тынайтқыш аса көп мөлшерде қажет ететінін естен шығармағанымыз абзал. Арпаға неғұрлым көп суарған сайын және тиімді минералдық тыңайтқыш берсе өнімділігі арта түседі. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласына тамшылатып суару жүйесі еніп жатыр. Осы ретте тамшылатып суару технологиясын арпаға да пайдаланып, суды үнемдеп, мол өнім алудың жолын ойластырған жөн. Бүгінде тамшылатып суару ісі Израильде қолданылатынын айта кетуіміз керек. Дәнегінен кондитерлік өнім шығаруға шикізат алынса, сабағынан мал азығын дайындаймыз. Еліміз Кедендік одаққа енгеннен кейін, Үкімет малды семіртіп, Ресейге ет өткіземіз деп алдына таудай мақсат қойып отыр. Ет өткізу мәселесін жолға қою үшін, ең алдымен мал азықтық шаруашылығын дамытуымыз керек. Жалпы мал азығын өсіру ісі тізбектелген, яғни кластерлі өндірісті дамытуға жол ашатынын айта кетуіміз керек. Айталық, мал азығын өсіретін аймақтар, ет-сүт өндіруді және құс шаруашылығын дамытуды қоса алып жүруі керек. Сонда, арпа және мал азықтық дәндер өсіру өзін артығымен ақтайтын болады.

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Арпа өсетін аудандардың климаты мен топырағының сипаттамасы

Кез-келген жерде егіншілік жүйесін дамыту сол аймақтағы климат пен топырақ жағдайларына байланысты. Топырақтың кұнарлылығын қаншама жақсартқанымен, климат, ауа райын өзгерту мүмкін емес. Мұның өзі шаруашылықты аймақтар бойынша мүмкіндігінше дұрыс мамандандыруды талап етеді. Ылғал жеткіліксіз болған жағдайда да, артық болған жағдайда да егіннің жақсы өнімін қамтамасыз етерліктей агротехникалық тәсілдерді қолдану осыған сәйкес техниканы дұрыс пайдалану, мелиорацияны дамыту, тыңайтқыштарды неғұрлым тиімді пайдалану сияқты іс-шаралардың бәрі қосылып, ауыл шаруашылығының ауа райына тәуелділігін азайтуға көмектеседі. Климат топырақ құралу процесінің бағытына және қарқынына әсер етеді. Метеорологиялық жағдайлардың ішінде топырақ құралудағы басты рольді жауын-шашын, температура және жел атқарады.

Топырақ ылғалының сарқылмас көзі және оның құнарлылығының басты элементі-жауын-шашын. Топырақтың ылғалдылығын жауын-шашынның жылдың әр түрлі маусымдарындағы мөлшері анықтайды. Жауын суларының бір бөлігі жер бетінен буланатын болса, екінші бөлігі ылдиға қарай ағып кетеді. Тек үшінші бөлігі ғана топыраққа сіңіп, ылғал қорын жасайды. Оны өсімдіктер пайдаланады. Топырақтан өткен су ондағы заттарды ерітіп, химиялық процестердің жеделдеуіне бағыттайды. Ал, топырақ үстімен аққан су оны жуып-шайып, эрозияға шалдықтырады. Топыраққа сіңген су мөлшері жалпы жауын-шашын мөлшерімен ғана анықталмайды. Топырақтағы ылғал қоры булануға, ауа температурасына, жер бетіндегі ағысқа да байланысты болады. Сондықтан жылдық жауын-шашын мөлшері ауа температурасымен, жер бедерімен және топырақтың қасиеттерімен өзара байланыста болады және өзара тәуелді келеді.

Ауаның температурасы топырақтағы физикалық, химиялық бұзылудың қарқынына және биохимиялық процестердің шапшаңдығына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге топырақтың ылғал мөлшері, оның булануы да температураға байланысты[8, 16, 33, 38] .

Температура жоғарылаған сайын топырақтағы барлық химиялық және биологиялық процестер, реакциялар жылдам жүріп, топырақтағы микроорганизмдердің белсенділігі артады. Ал, температура төмендесе, топырақтағы барлық процестер бәсеңдеп, микроорганизмдер әрекеті сөніп, қыс түсісімен топырақ құралу процестері тоқтайды[4, 9, 14] .

Топырақтың құралуына жел де қатысады. Ол топырақтың әр түрлі бөлшектерін ұшырып әкетеді немесе ұшырып әкеледі. Жел көбінесе өсімдіктер жамылғысы мен қорғалмаған үстірттердегі борпылдақ жыныстарды ұшырады. Бір жерден жел ұшырған шаң, тозаң, құм, заттар басқа ойлау жерлерге жиналады. Жел қарды да, сор жерлердің бетіндегі тұздарды да ұшырып әкетеді. Қарды ұшырғанда жел арқылы топырақтағы ылғал қайта бөлінетін болса, тұздарды ұшырғанда жер сортаңданады.

Температура жоғары кезде, жел ылғалдың булануын үдетеді. Жел - жалпы жылылық пен ылғалдың реттеуші тетігі болып саналады. Далалық аймақта топырақты кептіріп егістікті қурататын аңызақ жел жиі соғады. Бұл-зиянды жел. Жауын-шашын, температура және желдің бірлескен әсерлерінің нәтижесінде кейбір топырақтар жеткілікті, басқалары жеткіліксіз ылғалданып, кей жер жылынып, кей жер жылынбай өсімдіктердің дамуына әртүрлі әсер етеді.

Егіншілікте ауаның салыстырмалы ылғалдығының да маңызы үлкен. Ылғалдың азаюы құрғақшылыққа соқтырады. Ауа құрамындағы су буының ең көп кезі ерте көктемге, қысқа және қара күзге дәл келеді, бұл кезде бір жылдық дақылдардың вегетациялық кезеңі бастала қоймайды. Қерісінше, жаз айларында, әсіресе, маусым, шілде айларында ауаның салыстырмалы ылғалдығы, көп жылдық орташа мәліметтер көрсеткендей 30-40% артпайды, дәл осы кезде өсімдіктер бойындағы су көп мөлшерде буланады [9, 15, 29, 31, 35, 63, 64, 68, 76, 79] .

Бұл аймақтардағы көп жылғы мәліметтерге қарағанда, маусым және шілде айларында жауын-шашын өте аз жауады. Жаздағы болмашы мөлшерде ғана жауған жауын-шашын топырақтың қоректендіретін қабатындағы ылғалды сақтауға жете қоймайды. Осыған байланысты бұл жерлер жаздың ортасында топырақ қуаңшылығына ұшырай бастайды, мұның өзі жоғары температурада ауа ылғалдығының азаюына ұласады. Нәтижеде, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне көп зиян тиеді.

Аймақтың оңтүстік бөліктерінде кейбір жылдары көктем ақпан, наурыз айларында шығады да сәуір айында нағыз айқын шөл өмірі басталады. Көктемнің ерте көктеген өсімдіктері мамыр, маусым айларында-ақ ыстықтың әсерінен қурай бастайды, тек жаздың құрғақшылығына әбден биімделген, тамырлары өте тереңге кететін өсімдіктер ғана әлі біраз уақыт көгеріп тұра алады. Бұларға жантақ, ақмия, сортаң шөптер, құм сексеуілі, жыңғыл және тасбеде жатады. Бұл өсімдіктердің көбінің тамыры 2 метрден аса тереңге кетеді, сөйтіп олар ылғалды өте тереңнен пайдаланады. Сұр топырақтардың кәдуілгі, ашық қара сұр секілді түрлері кездеседі. Қоңыр сұр топырақ қоректік заттарының қоры жағынан қалған екеуінен басымырақ келеді, ал ең құнарсыздауы ашық сұр топырақ. Бұл топырақтардың әр түрлеріне қарай қарашірік қабатының қалыңдығы 10-20 сантиметрге жетіп, оның мөлшері 0, 8-2, 0 процентке дейін болады. Сұр топырақтардың барлық түрлері калийге өте бай, ал азот пен фосфорға кедей келеді. Айта кету керек, бұл топырақтарда фосфордың қоры біршама мол, бірақ сіңімді түрі өте аз, ал оның негізгі себебі-карбонат тұздардың фосформен суға ерімейтін және өсімдіктер оңай сіңіре алмайтын түрлерін түзуі болып табылады[38, 43, 69, 74, 77] .

Оңтүстіктің сұр топырағы карбонаттар мөлшері 7-8% болса, солтүстік аудандарда 5-6% болады. Ал органикалық заттар мен азот, фосфор қоры жағынан қара сұр топырақта бай. Ал, ашық сұр топырақта ол мүлдем аз. Кез келген топырақ тек қана өлі минералды заттардан құралмайды, оның құрамында әр уақытта азды-көпті тірі организмдер болады. Бұлар, негізінен топырақтың тірі бөліктерін құрайтын түрлі микроорганизмдер мен қарапайым ұсақ жәндіктер.

Олар топырақтың бір бөлігі саналады, сондай-ақ өсімдіктердің тамырлары да топырақтың тірі бөлігіне жатады. Микроорганизмдердің атқаратын негізгі қызметі-өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтарын шірітіп, ыдыратып, жай қосылыстарға, суға, көмір қышқыл газға, аммиакқа және басқа да заттарға айналдыру. Топырақтардың климаты, жер бедері биіктігі әр түрлі болуына қарай жеке облыстар арасында бір-бірінен едәуір айырмашылықтары бар. Мысалы, Алматы облысында ашық қара қоңыр топырақтың қарашірік қабаты 25-35 см болса, қалыпты сұр топырақ пен шалғынды сұр топырақтың қарашірік қабаттары тиісінше 22-27 және 50-70 см болады. Бұл облыстардың топырақтарының қышқылды ортасы бейтарап, аздап сілтілі болып келеді[10, 34, 38, 72] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бидай және арпа дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы
Уыт өсірудің морфологиялық физико-биохимиялық процесстері
ОҚО Төлеби ауданы Зертас ауылы жағдайында сұлы дақылынан жоғары өнім алудың технологиясын жасау
Арпа жармасының функционалдық қасиеттері
Ақшыл уыт өндіретін цех жұмысын ұйымдастыру
Арпа дақылының зиянкестері
Бидайдың тыныс алуы
Крахмал, уыт, талқан өндірісі
Тұқымды себу мерзімі
Арпа дақылының қуаңшылыққа төзімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz