Алтынсарин Ыбырай



Алтынсарин Ыбырай (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.
Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.
1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.
1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.
Ыбырайдың бүкіл өмірін арнған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.
Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.
Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.
Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Алтынсарин Ыбырай

Ыбырай Алтынсарин — халық ағартушы
Туғаны: 1841
Арқарағай, Қостанай облысының
Қостанай ауданы
Қайтыс 1889
болғаны:
Мансабы: халық ағартушы

Алтынсарин Ыбырай (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса
көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.
Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай. Осы
өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.
1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан
мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында
әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының
хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет
атқарады.
1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу
тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.
Ыбырайдың бүкіл өмірін арнған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай
басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін
және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын
салтанатты түрде ашады.
Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару
жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда
төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға
жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.
Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан
әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі
кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен
жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық
ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.
Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ
жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан
әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер
кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш
жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің
иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары
үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының
тарихи мән-маңызы зор болды.
Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін
қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән
береді. Қазақ хрестоматиясы атты оқулық, қазақтарға орыс тілін үйретудің
бастауыш құралы атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы
оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты
шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.
Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі
қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге,
дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем
еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.
Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу оырндары, көшелер, жер
атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.
Ыбырайдың қазақ әдебиеті тарихындағы орны.
Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды
өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре
біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының
игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық
тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері
ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп
келген.
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың
бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың
теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау
еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне,
ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.
Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені
ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей
патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір зорлық-
зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты.
Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер
біріне- бірі жалғасқан еді.
Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен
Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында
алтын әріппен жазулы...
Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин
білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек
білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр
өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан
құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.
Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.
Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі
толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген
ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды.
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына
көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де
ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары
арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба
әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың
тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер,
бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр
жағынан да дамытты.
Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі
әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.
Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879)
ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді
өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел,
балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық
ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды
әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен
техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық
шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ
жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге
шақырды.
"Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін
шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып,
салыстырып отырды.
1) Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
2) Надандықтың белгісі-
Еш ақылға жарымас...
Жөн білмеген адамға
Қыдыр ата дарымас...
Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық
дәстүрі,халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында",- деп атап
көрсетеді.ғалым Ә:дербісалин "Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары" деген
еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз,еңбексіз байлықтың
баянсыздығы т.б.
Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың
ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың
экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.("Сарай салғызды",
"Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу",
" Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т.б.
Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге
арналған. Бұған "Өсиет өлеңдер", "Әй жігіттер" тәрізді т.б. өлеңдерін
атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-
қарлықты,астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті,естілікті салттардың
зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлықтың
артықшылықтарын бейнелейді. Мысалы:
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,
Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.
Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз
Азған елдің ішінен
Алыс- алыс қашыңыздар
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзден салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар...
Ыбырайдың мұндай өлеңдері бүгін де ескерді, мән –мағынасы көнерді деп
айта алмаймыз.
Ақынның бірлі – жарым өлеңдері табиғаттың сұлу көрністерін суреттеуге
арналған. Мұндай лирикалық өлеңдер Ыбырайға дейін қазақ әдебиетінде
кездеспейтін. Өйткеніпейзаждық лирика, көбінесе, жазба әдебиетке
тән.Табиғат сұлулығын жырлау – орыс әдебиеттінде,т.б. елдердің әдебиетінде
ХҮІІІ ғасырдан келе жатқан белгілі дәстүрлердің бірі.
Ыбырайдың "Жаз","Өзен" өлеңдері көркемдік келісім жағынан
(халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі құндылықтар
Ыбырай Алтынсарин ағартушы педагог
Ыбырай Алтынсарин еңбектеріндегі әр түрлі жастағы адамдарға білім беру мен тәрбие мәселелері
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі
Ыбырай Алтынсарин тағылымы
Пәндер