Инвестициялық қордың активтерін басқару, сақтау және тіркеуді ұйымдастыру



ЖОСПАР.

Кіріспе:

1. Инвестициялық қордың қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері.

1.1. Инвестициялық қордың экономикалық мәні және түрлеріне сипаттама.
1.2. Инвестициялық қорлар қызметінің құқықтық негіздері.

2. Инвестициялық қордың активтерін басқару, сақтау және тіркеудегі қаржылық институттар рөлі.

2.1. Инвестициялық қор активтерінің құрамы мен құны.
2.2. Инвестициялық қор активтерін басқарудағы басқарушы компания қызметін ұйымдастыру.
2.3. Кастодиан инвестициялық қор активтерін сақтаушы ретінде.

3. Инвестициялық қорлар қызметін ұйымдастыру проблемалары және оларды шешу жолдары.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы инвестициялық қордың активтерін басқару, сақтау болғандықтан, алдымен «инвестиция» және «активтер» деген екі терминнің анықтамаларына тоқталып өту керек.
Сонымен “инвестиция” немістің “ inversition “ деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді: Инвестиция кейбір қаржылық нәтиже алу үшін “акция немесе облигация сатып алуды” білдіреді. Мысалы: тауар өндіру немесе сату үшін қажет машиналар. Ең кең мағынада инвестиция еліміздің экономикасының дамуы мен өсуін қаржыландыруға қажетті механизмді қанағаттандыру болып табылады.
Инвестиция - бұл кәсіпкерлік және т.б қызмет түрлерінің объектілеріне салынатын құндылықтардың нәтижесінде пайда болатын табыс немесе әлеуметтік тиімділік.
Қаржылық анықтама бойынша инвестиция дегеніміздің өзі активтер, олар шаруашылыққа және өндіріске белгілі бір табыс алу мақсатында салынады. Экономикалық анықтама бойынша инвестиция, ол айналым капиталын және негізгі қорларды жаңарту, қайта жөндеу үшін жұмсалған шығындар.
Инвестиция - бұл капитал салудың түрлері, ол салынған капиталдың сақталуын немесе өсуін қамтамасыз етуі керек және табыстың өсуіне әкелуі керек.
Инвестициялар:
- еншілес серіктестіктерге инвестициялар
- тәуелдес серіктестіктерге инвестициялар
- басқалай инвестициялар
Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады. Активтер дегеніміз – бұл кәсіпорын нені иеленді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді.
Актив дегеніміз – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Қандай да болмасын компанияның, фирманың өздерінің инвестициялыққорлары болады және де сол қорға бос ақша қаражатын салу арқылы жоғары пайдаға қол жеткізеді және капиталды кеңейтеді.
Кәсіпорынның дұрыс пайда табуы үшін, еліміздің экономикасының дамуы үшін, осы инвестициялық қордың активтерінің дұрыс басқарылуын және сақталуын, құрамы мен құнын, басқарушы компанияның қызметін қаржылық институттардың рөлі ретінде қарастыруды мақсат еттім.
Осы мақсатарға жету үшін мен мынандай міндеттерді белгіледім:
- теориялық әдебиеттерді қарастыру;
- белгілі бір мәліметтерді баспа беттері мен интернеттерден іздеу;
- ұсыныстар енгізу үшін әдебиетерді қарастыру;
- газеттер мен журналдардан қарастыру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Ценные бумаги для непрофессионалов 2004г. №1
2. Финансовый менеджмент. И.А. Бланк Киев. 2004г.
3. Финансовый менеджмент. Ковалевой М. Нифра. 2004г.
4. РЦБ 2005г. №5
5. РЦБ 2001г. №16
6. Банковское дело 2004г. №1
7. РЦБК 2005г. №18
8. РЦБК 2002г. №1
9. Егемен Қазақстан 2004ж 16 шілде
10. Егемен Қазақстан 2004ж 10 шілде
11. Егемен Қазақстан 2005ж 21 қыркүйек
12. Қазақстан Ұлттық Банктің хабаршысы 2001ж №14
13. Заң газеті 2003ж 29 қазан

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Инвестициялық қордың активтерін басқару, сақтау және
тіркеуді ұйымдастыру

ЖОСПАР.
Кіріспе:

1. Инвестициялық қордың қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері.

1. Инвестициялық қордың экономикалық мәні және түрлеріне сипаттама.
2. Инвестициялық қорлар қызметінің құқықтық негіздері.

1. Инвестициялық қордың активтерін басқару, сақтау және
тіркеудегі қаржылық институттар рөлі.

1. Инвестициялық қор активтерінің құрамы мен құны.
2. Инвестициялық қор активтерін басқарудағы басқарушы компания
қызметін ұйымдастыру.
3. Кастодиан инвестициялық қор активтерін сақтаушы ретінде.

2. Инвестициялық қорлар қызметін ұйымдастыру
проблемалары және оларды шешу жолдары.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы инвестициялық қордың активтерін
басқару, сақтау болғандықтан, алдымен инвестиция және активтер деген
екі терминнің анықтамаларына тоқталып өту керек.
Сонымен “инвестиция” немістің “ inversition “ деген сөзі және бұл
кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін
көрсетеді: Инвестиция кейбір қаржылық нәтиже алу үшін “акция немесе
облигация сатып алуды” білдіреді. Мысалы: тауар өндіру немесе сату үшін
қажет машиналар. Ең кең мағынада инвестиция еліміздің экономикасының
дамуы мен өсуін қаржыландыруға қажетті механизмді қанағаттандыру болып
табылады.
Инвестиция - бұл кәсіпкерлік және т.б қызмет түрлерінің объектілеріне
салынатын құндылықтардың нәтижесінде пайда болатын табыс немесе
әлеуметтік тиімділік.
Қаржылық анықтама бойынша инвестиция дегеніміздің өзі активтер, олар
шаруашылыққа және өндіріске белгілі бір табыс алу мақсатында салынады.
Экономикалық анықтама бойынша инвестиция, ол айналым капиталын және
негізгі қорларды жаңарту, қайта жөндеу үшін жұмсалған шығындар.

Инвестиция - бұл капитал салудың түрлері, ол салынған капиталдың
сақталуын немесе өсуін қамтамасыз етуі керек және табыстың өсуіне әкелуі
керек.
Инвестициялар:
- еншілес серіктестіктерге инвестициялар
- тәуелдес серіктестіктерге инвестициялар
- басқалай инвестициялар
Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, жеке мүліктік
емес иелігі және құқығы болып табылады. Активтер дегеніміз – бұл
кәсіпорын нені иеленді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді.
Актив дегеніміз – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен
бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін
ресурс.
Қандай да болмасын компанияның, фирманың өздерінің
инвестициялыққорлары болады және де сол қорға бос ақша қаражатын салу
арқылы жоғары пайдаға қол жеткізеді және капиталды кеңейтеді.
Кәсіпорынның дұрыс пайда табуы үшін, еліміздің экономикасының дамуы
үшін, осы инвестициялық қордың активтерінің дұрыс басқарылуын және
сақталуын, құрамы мен құнын, басқарушы компанияның қызметін қаржылық
институттардың рөлі ретінде қарастыруды мақсат еттім.
Осы мақсатарға жету үшін мен мынандай міндеттерді белгіледім:
- теориялық әдебиеттерді қарастыру;
- белгілі бір мәліметтерді баспа беттері мен интернеттерден іздеу;
- ұсыныстар енгізу үшін әдебиетерді қарастыру;
- газеттер мен журналдардан қарастыру.

1. Инвестициялық қордың қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері.

1. Инвестициялық қордың экономикалық мәні және түрлеріне сипаттама.

Инвестициялық қор – құрылған акционерлік немесе инвестициялық пай қоры.
Инвестициялық қорлар – бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың
құқықтарын қорғау мақсатында және бағалы қағаздарға ақшалай қаражаттарды
тарту және оларды диверсификация жолымен инвестициялық тәуекелді төмендету
мақсатында құрылады.
Инвестициялық қор болып ААҚ формасында құрылатын және өзінің акцияларын
шығару және ашық орналастыру жолымен ақшалай қаражаттарды тарту бойынша,
сондай-ақ тартылған қаражаттарды қаржылық құралдарға диверсификациялау
бойынша қызметті жүзеге асыру.
ҚР – да инвестициялық қорлардың мынадай түрлері қызмет етеді:
1) Акционерлік инвестициялық қор.
2) Инвестициялық пай қоры.
Инвестициялық пай қорының өзі үш формада құрылады:
1. Ашық.
2. Аралық.
3. Жабық.
Акционерлік инвестициялық қор – қызметінің ерекше түрі, заңда
белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес осы
қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ
осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен
инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам.
Инвестициялық пай қоры – пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау
нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды
ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы
компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы.
Пай – инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық
пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған
ақшаны алу құқығын, сондай-ақ заңда айқындалған инвестициялық пай қоры
қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын,
шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз.
Ашық инвестициялық пай қоры – оның пай ұстаушысына басқарушы
компаниядан заңда және инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген
жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуын талап етуге құқық
береді, бірақ ол екі аптада бір реттен кем болмауға тиіс.
Инвестициялық аралық пай қоры – оның пай ұстаушысына басқарушы
компаниядан заңда және инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген
жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуын талап етуге құқық
береді, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауға тиіс.
Жабық инвестициялық пай қоры – оның пай ұстаушысына осы қордың пай
ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, сондай-ақ қор ережелерінде
көзделген жағдайларда және тәртіппен пай бойынша дивидендтер алуға құқық
береді.
Жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы компаниядан
өзіне тиесілі пайларды сатып алуды талап етуге құқылы емес.
Инвестициялық декларациясында немесе ережелерінде инвестициялау
шарттарын сақтамай, қордың активтерін инвестициялау мүмкіндігі көзделген
инвестициялық қор тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылады.
Акционерлік немесе жабық инвестициялық пай қорлары ғана тәуекелмен
инвестицияланатын инвестициялық қорлар бола алады. Инвестициялық портфельді
басқаруға лицензиясы болған кезде акционерлік инвестициялық қор өз
активтерін басқаруды жүзеге асыруға құқылы.
Өз активтерін дербес басқаруды жүзеге асыратын акционерлік инвестициялық
қор өзге тұлғалардың активтерін басқаруды жүзеге асыруға құқылы емес.

1.2. Инвестициялық қорлар қызметінің құқықтық негіздері.

Акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары мен акционерлеріне
қойылатын талаптар.
Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген
заңды тұлғалар акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе
акционерлері бола алмайды.
Осы инвестициялық қормен тиісті шарттар жасаған басқарушы компания,
кастодиан және тіркеуші акционерлік инвестициялық қордың акционерлері бола
алмайды.
Тыйым салу тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қордың
акционерлеріне қолданылмайды.
Акционерлік инвестициялық қордың жарғысы.
Қызметтің ерекше түрі оның инвестициялық декларациясының шарттарына және
ҚР – ның инвестициялық қорлар туралы заңдарында белгіленген талаптарға
сәйкес инвестициялау болып табылатыны туралы ереже.
Акционерлік инвестициялық қордың органдарын ұстауға арналған шығыстардың
түрлері, оларды айқындау тәртібі мен ең жоғары мөлшері болуға тиіс.
Акционерлік инвестициялық қордың акциялары.
Акционерлік инвестициялық қордың акцияларына ақша ҚР – ның ұлттық
валютасымен ғана төленеді.
Акцияларды орналастыру кезінде олардың ақысын толық төлемеуге жол
берілмейді.
Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын бастапқы орналастыру кезінде
оларға төленетін ақшаны акцияларды сатып алушы акционерлік инвестициялық
қордың осы қор кастодианындағы шотына аударады.
Тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қорлардың
акцияларын сауда – саттық ұйымдастырушылардың сауда - саттық жүйесіне
орналастыруға және айналысқа жіберуге жол берілмейді.
Акционерлік инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату.
Акционерлік инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру және тарату
ҚР – ның заңдарында көзделген тәртіппен соттың шешімі бойынша жүзеге
асырылады. Уәкілетті орган ҚР – ның заң актілерінде көзделген негіздемелер
бойынша инвестициялық қорды мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап – арызбен
жүгінуге құқылы.
Акционерлік инвестициялық қор соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп қайта
ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда соттың шешімі заңды күшіне енген
кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға сот шешімінің
көшірмесін қоса тіркеп, бұл туралы хабарлама жібереді.

Инвестициялық пай қорының құқықтық жағдайы.
Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды.
Егер инвестициялық пай қорының ережесінде өзгеше көзделмесе, қор
шектелмеген мерзімге құрылады.
Инвестициялық пай қоры активтеріне меншік құқығындағы үлес басқарушы
компания шығаратын паймен куәландырылады.
Инвестициялық пай қорының активтерін оның пайларын ұстаушылар арасында
бөлуге және олардан үлесті заттай бөліп алуға жол берілмейді.
Инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшері пайлар
шығарылымын тіркеу күні, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген елу мың айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Инвестициялық пай қорын құру.
Инвестициялық пай қорын құру туралы шешімді, егер осы мәселе қордың
жарғысында басқарушы компания акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша
құзіретіне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар
кеңесі қабылдайды.
Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесі, егер
оның жарғысында өзгеше белгіленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерін
бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер де
қабылдайды.
Басқарушы компания бір – бірінен инвестициялық декларациялары бойынша
айырмашылығы болатын бірнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай
қорларын құруға құқылы.
Басқарушы компания, кастодиан және тіркеуші, тәуекелмен инвестициялайтын
инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, көрсетілген
ұйымдарды қоспағанда, жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері
қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола
алмайды.
Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осй қордың
басқарушы компаниясынан өзіне тиесілі пайды осы қордың ережесінде
белгіленген жағдайларда және тәртіппен сатып алуды талап етуге құқылы.
Жабық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың пай
ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, осы жабық инвестициялық пай
қорының ережелерінде көзделген шарттармен және тәртіппен осы пай бойынша
дивидендтерді мезгіл – мезгіл алып тұруға құқылы.
Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар инвестициялық пай қорының
ережелеріне сәйкес басқарушы компанияның қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды жүзеге асыратын
тұлғалар.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды қордың басқарушы
компаниясы жүзеге асырады. Жабық инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін
тоқтату үшін басқарушы компания пай ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырады
және өткізеді.
Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы
тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда қордың жұмыс істеуін
тоқтатуды осы қордың кастодианы жүзеге асырады.
Кастодиан лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе қайтарып
алынған жағдайда қордың жұмыс істеуін тоқтатуды лицензиясының қолданылу –
қолданылмауына қарамастан қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады.
Басқарушы компания мен кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі
тоқтатылған жағдайда қор ережесінің талаптарына сәйкес қор активтерін
өткізуді қамтамасыз етуге, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп
айырысуды жүзеге асыруға, қордың жұмыс істеуінің тоқтатылуына байланысты
шығыстарды төлеуге және қалған ақшаны пай ұстаушылардың арасында бөлуге
міндетті.
Уәкілетті орган инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату рәсімін
бақылау үшін өз өкілін жіберуге құқылы.

2. Инвестициялық қордың активтерін басқару, сақтау және тіркеудегі
қаржылық институттар рөлі.

1. Инвестициялық қор активтерінің құрамы мен құны.

Инвестициялық қордың активтері – акционерлік инвестициялық қорға тиесілі
немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы.
Инвестициялық қор активтерінің құрамы:
1. Ашық және аралық инвестициялық пай қорларының активтерін қаржы
құралдары құрайды.
2. Акционерлік және жабық инвестициялық пай қорларының активтерін, қордың
инвестициялық декларациясымен немесе ережелерімен белгіленген
жағдайларда және тәртіппен қаржы құралдары және өзге де мүлік құрайды.
Өзге де мүлік деп мынадай инвестициялау объектілері:
1) Акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың
жарғылық капиталындағы үлестер.
2) Жер учаскелері, үйлер, ғимараттар.
3) Жылжымайтын мүліктің салынып жатқан және реконструкцияланып
жатқан объектілері, жобалық – сметалық құжаттама.
4) Жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығы түсініледі.
Инвестициялық қор активтерін мүлікке инвестициялау кезінде тәуелсіз
бағалаушы осы мүліктің міндетті түрде бағасын беруге тиіс.
3. Акционерлік немесе жабық инвестициялық пай қорының қаржы құралдарынан
басқа өзге мүлкі осы қордың таза активтерінің отыз процентінен аспайтын
құнын құрай алады.
Осы талап тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға
қолданылмайды.
4. ҚР – нан тыс жерлердегі инвестициялар уәкілетті органның нормативтік
құқықтық актісімен белгіленген жағдайларда және тәртіппен инвестициялық
қордың активтерін құрай алады.

5. Инвестициялық қор активтерінің құрамында:
1) Осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы
инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар.
2) Осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған активтер.
3) Коммерциялық емес ұйымдардағы акциялар немесе қатысу үлестері.
4) ҚР – ның мемлекеттік бағалы қағаздарын және ҚР – сы қаржы
агенттіктерінің агенттік облигацияларын қоспағанда, бір заңды
тұлғаның қаржы құралдары бір түрдегі олардың жалпы санының он
бес және одан да көп проценті мөлшерінде болмауға тиіс. Осы
талап тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға
қолданылмайды.
6. Бір басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қорлар активтері
инвестицияларының және басқарушы компанияның қаржы рыногы
лицензиаттарының дауыс беретін акцияларындағы өз активтерінің жиынтық
көлемі оларды сатып алуға уәкілетті органның келісімін алуды талап
ететін мөлшерден аз болуға тиіс.
7. Инвестициялық қордың активтері:
1) Ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер
құнының он бес процентінен .
2) Акционерлік инвестициялық қор мен жабық инвестициялық пай қоры
үшін таза активтер құнының жиырма процентінен.
3) Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшін таза
активтер құнының отыз процентінен асатын мөлшерде бір эмитенттің
бағалы қағаздарына немесе бір тұлға шығарған қаржы құралдарына
инвестицияланбауға тиіс.
8. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімі
аяқталғанға дейін оның активтері бағалы қағаздары сауда – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық пай қорлары: отандық және шетел тәжірибесі
Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңын талдау
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру
Қазақстан Республикасының инвестициялық пай қорлары, жағдайы және қызмет ету ерекшеліктері
Қаржыландыру стратегияларының салыстырмалы сипаттамасы
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Банктік қызмет
Қор нарығы және оның теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Пәндер