Мақтаарал ауданы Арай ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы


Ф. 7. 15-06
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тұрысбек А. Н.
Мақтаарал ауданы Арай а/ о ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В080800 мамандығы - «Топырақтану және агрохимия»
Шымкент, 2016ж.
Ф. 7. 15-07
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
б. ғ. к. Г. И. Елибаева
“”2016 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мақтаарал ауданы Арай а/ о ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
5В080800 мамандығы - «Топырақтану және агрохимия»
Орындаған: Тұрысбек А. Н.
Ғылыми жетекшісі
а. ш. ғ. д, профессор Раисов Б. О.
Шымкент, 2016 ж.
Диплом жұмысындағы келісім парағы
Ф. 7. 15-11
Тақырыбы: Мақтаарал ауданы Арай а/ о ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
Тұрысбек А. Н. АП - 12- 2к тобының студенті
(А. Ж. Т., қолы)
Кеңесшілер:
Еңбекті қорғау және тіршілік Экономика бойынша
қауіпсіздігі бойынша
(Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні) (Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні)
(күні, қолы) (күні, қолы)
Қоршаған ортаны қорғау Бизнес жоспар бойынша
бойынша
(Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні) (Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні)
(күні, қолы) (күні, қолы)
Норма бақылау
(Ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, жөні)
(күні, қолы)
Ф. 7. 15-08
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ»ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Агротехнология кафедрасы
Мамандығы 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия»
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
б. ғ. к . Г. И. Елибаева
“”2016ж.
Дипломдық жұмыс орындауға
ТАПСЫРМА №
Студент: Тұрысбек Ақжайық Нұрлыбекқызы АП-12-2к
Жұмыс тақырыбы: Мақтаарал ауданы Арай а/ о ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
Университет бойынша бекітілген бұйрық №_ с__ «_ __» __ 201 ж.
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі «___» «» 2016 ж.
Жұмыстың бастапқы мәліметтері
Жеке тапсырма: Сарыағаш ауданы Ошақты а/ о ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ
Кесте Диаграммалық материалдардың тізімі
Тапсырманы өткізу мерзімі 2016 ж.
Дипломдық жоба жетекшісі Раисов Б. О.
Тапсырманы орындауға алған студент Тұрысбек А. Н. .
Мазмұны
Кіріспе . . .
1. Әдебиетке шолу . . .
1. 1. Шетелдерде агрохимиялық зерттеу әдістеме ілімінің
қалыптасуы мен дамуы . . .
1. 2. Қазақстанда агрохимиялық зерттеу әдістеме ілімінің қалыптасуы мен даму кезеңдер . . .
1. 3. Топырақ құрайтын табиғи процестер . . .
2 Зерттеудің нәтижесі . . .
2. 1 Оңтүстік Қазақстан облысы ауа райының ерекшелігі . . .
2. 2 Топырақ және жер бедері өзгешеліктері . . .
2. 3 Өсімдіктер жамылғысы . . .
2. 4 Зерттеудің нысаны мен әдістемесі . . .
2. 5 Топырақты агрохимиялық зерттеу . . .
2. 6 Мақтаарал ауданы Арай а/ о ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы . . .
2. 7 Егіншілік жүйесі . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиет тізімі . . .
Аннотация
Дипломдық жұмыста Мақтаарал ауданы Арай а/ о ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы көрсетілген. Топырақтардын физико-химиялық қасиеттері, неғізгі жылжымалы қоректік заттардың мөлшеріне қарай топтастыру, негізгі ауылшарушылық дақылдарының берілетін тыңайтқыштардың гектарлық мөлшері (дозасы) беру мерзімі мен тәсілдер, агроқұрылымдарда ауыспалы егістерді енгізу және игеру, топырақ өндеудің дұрыс және тиімді жүйесін қолдану, ұсыныстар берілген.
Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жұмыста келесідей мемлекеттік үлгі-талаптарға сілтемелер жасалды:
- МҮТ 7. 32-2001. Мемлекетаралық үлгі-талап. Ғылыми-зерттеу жұмысы жайындағы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.
- МҮТ 7. 1-84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі-талаптар жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың жалпы талаптары мен ережелері.
- СНиП 2. 06. 03. -85 Мелиоративтік жүйелер және құрылымдар -М., 1986. 60 б.
- СниП РК 4. 01. 02 - 2001. Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы жүйелер және құрылымдар. Астана; Құрылыс комитеті. ҚР экономика және сауда министрлігі, 2002 ж.
- МҮТ 7. 32 -2001 мемлекетаралық үлгі -талап. Ғылыми -зерттеу жұмысы жайындағы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.
- МҮТ 7. 1 -84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі-талаптар жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың жалпы талаптары мен ережелері.
Анықтамалар
Агроөнеркәсіптік кешен - азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға бағытталған сала.
Агрохимиялық қызмет - ауылшаруашылығына агрохимиялық қызмет корсетуде қатысты шаралар жұйесі.
Агрохимиялық талдау - өсімдіктің, топырақтың, жемшөптің, тыңайтқыштің, пестицидтің, ауылшаруашылығы өнімдерінің зертхана жағдайында сапасын анықтау.
Ауыспалы егіс - екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.
Жалпы өнім - белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.
Жалпы азот - топырақ құрамындағы азоттың жалпы мөлшері.
Қарашірік - құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.
Қоректіқ аумақ - әр өсімдіктің тамырын қоркктендірктін жер аумағы.
Нитрат азоты - азот қышқылында және оның тұзы құрамында болатын азот.
Өнімді ылғал қоры - өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер пайдаланатын ылғал мөлшері.
Сортан топырақ - сортан жағдайда қалыптасқан топырақ.
Топырақ картасы - белгілі бір жерде топырақ түрлерінің орналасуын көрсететін карта.
Топырақтың потенциалды құнарлылығы - оны топырақтағы қоректік заттардың жалпы мөлшері анықтайды.
Топырақтың нәтижелі құнарлылығы - оны топырақтағы қоректік заттардың жылжымалы (өсімдікке сіңімді) түрлерінің мөлшері анықтайды. Қоректік заттардың жылжымалы түрлеріне олардың суда, әлсіз қышқылдарда еритін қосылыстары және алмаса сіңірілген күйдегі түрлері жатады.
Топырақтың сіңіру қабілеті - оның ерітіндідегі түрлі заттардың молекулалары мен иондардын өз бойына сіңіріп және ұстап қалу қабілеті.
Топырақтың физикалық сіңіру қабілеті - топырақ бөлшектерінің әр түрлі заттардың молекулаларын тарту күшімен сіңіріп, өз бойында ұстап тұру, оң немесе теріс адсорбциясы. Топырақ бөлшектерінің бетінің көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның физикалық сіңіру қабілеті жоғары болады.
Топырақтың химиялық сіңіру қабілеті - химиялық реакциялар нәтижесінде топырақтағы суда ерігіш тұздарынан қиын еритін немесе ерімейтін қосылыстар түзіліп, топырақтың қатты күйіне ауысуы.
Топырақтың физика-химиялық немесе алмасып сіңіру қабілеті - теріс зарядты топырақтың майда дисперсті коллоидты бөлшектердің, топырақ ерітіндісіндегі катиондарды сіңіру. Мұнда топырақтың катты фазасынан (бөлігінен) топырақ ерітіндісіне эквивалентті мөлшерде басқа катиондар шығарылады.
Белгілер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
ж. ж. - жылдар
NРК - азот, фосфор, калий
ЕКЕА - ең кіші елеулі айырмашылық
ж. б. - және басқалар
т. б. - тағы басқалар
ц/га - 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
см - сантиметр
% - пайыз
м - метр
ц - центнер
г/см 3 - 1 куб сантиметрдегі грамм есебі
< - кіші
> - үлкен
млрд. - миллиард
А - өсіру технологиясы бойынша
В - гербицидтер
кг/га - 1 гектарда килограмм есебі
с. к. - сулы концентрат
э. к. - эмульсиялы концентрат
с. д. т. - суға дайындалған түйіршік
Х - орташа жиынтық
т. с. с. - тағы сол сияқты
ә. з. - әсерлі зат
0 С - температура
ТЭА - тұрақты экологмялық алаң
Кіріспе
Топырақ қүнарлылығы - өсімдік және басқа организмдердің өмір сүру ортасы болуы, оларды керекті фак-торлармен қамтамасыз етудің кезі және экологиялық міндеттерді атқару қабідеттілігі. Қүнарлы топырақ ең алдымен мына талаптарға жауап беруі керек:
- өсімдікке қажетті оңтайлы су-ауалық және жылу жүргілерін қамтамасыз ету; қоректік заттардың сіңімді түрлерінің жеткілікті болуы; өз қорынан және сырттан енгізілген қоректі заттар-ды топырақтың тиімді қабылдауын, шоғырлануын және айналып-озгеруін қамтамасыз ету;
- эрозияға қарсы тұру қабілеттілігі мен жаңа агротех-нологияларға бейімділігінің жоғары болуы; аз мерзім ішінде топырақтың фитоулылығын, фитопатогендерін жою, пайдалы жоне зиянды топырақ орга-низмдерініц арасындағы тепе-тендікті орнату, арамшөп-тердің тұқымдары мен вегетативті көбею органдарынан таза болуы.
Экспериментальды агрономияның бір санаты ретінде қүнарлылық - топырақ түзілімінің табиғи факторлары мен егіншінің өндірістік іс-әрекеттеріне байланысты ай-қындалатын, нақтылы сандық және сапалық өлшемдері (параметрлері) бар топырақтың объективті, өлшеуге келетін ондірістік, үдайы өндіруге болатын қасиеті. Ол-өнім өндірудің ақиқатты, бүлтартпайтын жағдайларының бірі.
Қүнарлықтың мына түрлері болады: табиғи жөне жасанды немесе тиімді.
Бірінші қүнарлылық адамның араласуынсыз топырақ түзілуінің табиғи процестерінің нотижесінде пайда болады. Қазіргі кезде таза түрінде бүл қүнарлылық тың жер-лергс тон болады.
Топырақты ауыл шаруашылығы ондірісінде пайдалана бастағанда, оны ондеу, әртүрлі дақылдар себу, тыңайт-қыштар енгізу, суару т. б. шаралардың салдарынан оның табиғи дамуында, жүргілері мен қасиеттерінде оте елеулі озгерістер пайда болады. Адамның іс-әрекеттерінің ноти-жесінде туындайтын, топырақта болатын сапалық және сандық озгерістер қүнарлылықтың жаңа түрі тиімді қүнарлылыққа айналады (1-3) . Оның деңгейі ауыл шаруашы-лығы дақылдарының өнімділігімен айқындалады және ол үдайы осіп түруы қажет.
Әрбір топырақта коректік заттардың белгілі қоры болады, осімдік оның бір болігін пайдаланып отырады. Бүдан барып потенциалды қүнарлылық деген үғым туа-ды. Мысалы, қара топырақты потенциалды қүнарлылығы жоғары топырақ десек, сүр топырақты аталған күнарлы-лығы томенге жатқызамыз.
Топырақ қүнарлылығының белгілі бір кезенде (вегетация кезеңінде, жыл бойы, ауыспалы егіс айналымында т. б. ) озгеруі оның бастапқы деңгейімен салыстырылып сипатталады. Топырақ қүнарлылығы белгілі кезеңнен кейін бастапқы (алғашқы) қүнарлылық деңгейінен төмен-деп кетсе, оны толық емес үдайы өндіріс деп атаймыз, ал қүнарлылық бастапқы калпында сакталса, жай үдайы өндіріс, бастапкыдан жоғары болған жағдайда кеңітілген үдайы өндіріс деп атаймыз (4-6) . Әрине, егінші озінің өндірістік іс-орекеттері арқылы қүнарлылықтың соңғы турін қалып-іастыруға үмтылуы тиіс.
Топырақ қүнарлылығының факторлары және оған керекті жағдайлары болады. Факторларға топырақтан алы-натын азот және күлді элементтер, су, ауа, белгілі бір дәрежеде жылу жатады, ал екінші жағдайларға осімдікті факторлармен түрақты түрде қамтамсыз ететін топырақ жүргілерімен қасиеттерінің жиынтығы жатады.
Топырақтың әртүрлі қасиеттері оның тиімді қүнарлығына теріс эсер етуі мүмкін. Бүлардың қатарына мына-ларды жаткызуға болады: топырақтың артық сілтілігі мен қышқылдығы; жер асты суының жоғары орналасуы жоне топырақта еритін түздардың коп болуынан оның екінші (қосымша) түздануы; топырақтағы осімдік тамырының осіп-таралатын қабатының тапшылығы; микрожербе-дерінің тегіс еместігі; баурайдың оте тіктігі, егістікте ағаш-бүталардың, олардың түбірлерінің, томпешіктердің, тастардың кеп болуы; арамшоптер, зиянкестер, ауру қоздырғыштарының молдығы; топырақ улылығы; топырак, -тың сіңіру сиымдылығының төмендігі; қарашіріндінің аз-дығы; топырақтың микробиологиялық белсенділігінің на-шарлығы; осімдік тіршілігіне қажетті факторлардың молшерден тыс коптігі немесе тапшылығы; топырақ қүрылымының жоқтығы; топырақ тығыздығының, байла-ныстылығының және басқа агрофизикалық қасиеттернің ауыл шаруашылығы дақылдарына және топырақ эрозиясын тудыратын қолайсыз көрсеткіштері.
Топырақты жақсартуға кедергі болатын аталған факторлардың әсерін томендету немесе түпкілікті жою үшін әртүрлі агромелиоративтік шаралар қолданылады. Тек оларды дер кезінде жөне сапалы түрде іске асыра білу Топырақтың органикалық -минералдық байлығындағы қөректік элементтерді сіңімді түрлеріне көшіру топырақ пен атмосфералық жағдайлар (топырақтың салымы мен түйіртпегі, температу-ра, ылғал, ауа, өсімдік тамырлары мен кіші жандылар) және адам-ның өндірістік (ауыспалы егіс, өңдеу, суару, т. б. ) әрекеттері арқылы жүреді (7-10) .
Құнарлылықты тұрақтандыру және топырақтың құнарлы қабатын сақтау, топырақты аздап өңдеп бәсекелістікке қабілетті өнімді өндіру мәселелері бұрыннан да, қазір де бар және бүкіл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы ғалымдары зерттеулерінің өте күрделі бағыты болып табылады. Зерттеулердің бұл бағыты әрқашанда ауылшаруашылығы өндірісінің көптеген ғалымдары мен практиктерін толғандырып отыр (11-13) .
Зерттеулердің мақсаты: Дипломдық жұмыстың мақсаты. Топырақтың күнар лылығы мен оның агрохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруін бақылау мақсатында жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді топырақты агрономиялық құжаттарын, егістікті кешенді түрде агрохимиялық жолмен кұнарландыру және әрбір егілетін дақылдың ерекшелігіне сәйкес тыңайтқыш-тарды қолдану жоспарын дайындау кезінде пайдаланады.
Біздің жүргізілген жұмыс тақырыбымыз жалпы өсімдік шаруашылығы бағдарламасына сәйкес келеді, және бұл тақырып дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес келіп, толық жауап алынып отыр.
Зерттеулердің міндеті: осы ғылыми-зерттелген жұмыстың міндеті мынандай болды.
- топырақтың кұнарлылығымен оның агрохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруін бақылау;
- Мақтаарал ауданы Арай а/ о ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасысын бақылау;
- жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының агротехникалық шаралардың экономикалық пайдасын есептеп шығару;
- осы аймақта жұмыс істейтін жеке және фермерлік шаруашылықтарға пайдалануына берілді.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Мақтаарал ауданы Арай а/ о ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасын бақылау және жүргізілген агротехникалық шаралардың дұрыс екендігін ғылыми тұрғыда бірінші рет дәлелденді:
- ауылдық округінің аумағының топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы;
- ауылшаруашылық егістігін тиімді пайдалану уақыттарын дұрыс көрсету;
- ауылшаруашылық дақылдарына берілетін тыңайтқыштардың гектарлық мөлшері (дозасы) мен беру мерзімі анықталып, бұл дақылдар өсірудің технологиясын жетілдіруде маңызды рөл атқарады .
1 Әдебиетке шолу
Өсімдіктердің қоректенуіне қажетті элементтердің физиологиялық рөлі, топырақтың агрономиялық көрсеткіштері, фотосинтез үрдісі, сондай-ақ тыңайтқыштарды қолданудың негіздері тәжірибе жүргізу және агрохимиялық зерттеу арқылы анықталады (14-16) .
Агрохимиялық зерттеу әдістеме ғылымының агрономия үшін маңызы зор екенін түсіндіре келе атақты агроном-химик Грандо: «Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғын-сақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», - деген.
Өсімдіктердің өнімін арттыру, оның сапасын жақсарту, топырақ құнарлылығын көтеру тәсілдерін анықтау жолдарын іздестіру агрохимиялық зерттеу әдістемесінде қарастырылады. Агрохимиялық зерттеу әдістемесі белгілі бір жинақтаған тұрады. Оның зерттеу әдістері химия, физика, математика, өсімдік физиологиясы, биологиялық химия, микробиология, то-пырақтану тағы басқа ғылымдар арқылы толықтырылып отырады. Сондай-ақ, ғылым үздіксіз дамып отыратындықтан мүлтіксіз дәл және мәңгілік талдау әдістерін жасау немесе дайындау мүмкін емес. Олар түзетіліп, кемелдендіріліп отырылады (17-19) .
Агрохимиялық зерттеудің басты мәселелерінің бірі - өсімдік. «Адамдардың ең басты зерттейтін заттары-ның бірі және қамқорлық ететіні өсімдіктер», - деп жазды К. А. Тимирязев. Ол өсімдіктердің қоректік зат-тарды қажетсінуін анықтау және мүмкіндігінше дәл белгілеу үшін тиісті тәжірибе жүргізу керек екендігін талай рет атап көрсетті. Қажетті заттарды өсімдіктердің қаншалықты мөлшерде талап ететініне орай реттеп, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданған жағдайда агротехникалық талаптар да сакталады. Мұның өзі агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің басқа ғылымдармен тығыз байланысты екенін дәлелдейді.
Агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің екінші нысаны - топырақ болып саналады. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілерін, физикалық қасиеттерін, құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері мен өзгеруін агрохимиялық зерттеу әдістерінің көмегімен анықтайды.
Аталған ғылымның үшінші нысаны - тыңайтқыштар. Тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, олар-ды топыраққа енгізгенде өртүрлі өзгерістерге ұшырауы, тыңайтқыш ңолдануды ауыспалы егістегі баска агротехникалық шаралармен үйлестіру мәселелері зерттеледі.
Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан оларды біріктіріп тексеру агрохимиялық зерттеулер әдістеме ғылымының басты міндеті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін агрохимиялық зерттеулер әдістемесінде түрлі тесілдер қолданылады:
1. Егістік, вегетацяилық, лизиметрлік тәжірибелер. Бұл тәжірибелердің көмегімен өсімдіктің қоректенуінде жеке химиялық элементтердің маңызы, олардың дақылдар үшін қолайлы арақатынасы мен мөлшері жөніндегі мәселелерді шешуге, өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіру механизмін зерттеуге мүмкіндік береді.
2. Өсімдік, топырақ, тыңайтқыштар үлгілерін сан-дық және сапалық жағынан зерттеудің зертханалық тәсілі. Аталған тәсілді қолданып агрохимия нысанда-рының құрамын жан-жақты талдауға болады.
3. Биофизикалық және микробиологиялық тәсілдер. Бұл тәсілдермен физикалық құбылыстар мен микробиологиялық үрдістерді зерттейді.
4. Математикалық тәсілге тәжірибелердің нәтижелерін статистикалық өңдеу жатады. Ол үшін дисперсиялық талдау кеңінен қолданылады.
Жоғарыда аталған тәсілдер зерттеу жұмыстарында өр уақытта тепе-тең дәрежеде қолданылмайды, бірін-бірі алмастырмайды, керісінше, толықтырып отырады. Толықтьфу нәтижесінде ғана зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, алга қойған мақсатқа жетуге болады. Себебі өсімдіктердің қоректенуіне қолайлы жағдай тұғызу үшін тыңайтқыштарды қолданудың және олардың топырақпен өрекеттесуін анықтаудың, олардың ара қатынасы мен топыраққа енгізу тәсілдерін сақтаудың маңызы зор. Сондай-ак, агрохимиялық зерттеу тәсілдерін ауыспалы егіс жүйесінің ерекшеліктері мен суармалы жерлердің жағдайына сәйкес пайдаланған дұрыс.
1. 1 Шетелдерде агрохимиялық зерттеу әдістеме ілімінің қалыптасуы мен дамуы
Агрономиялық химияның негізі қаланып, ал химияда сандық талдау әдісі толық дәрежеде жетілгеннен кейін агрохимиялық зерттеулер әдістеме ілімінің қалыптасуы мен дамуына зор мүмкіндік туды, өйткені агрохимияның және өсімдіктер физиологиясының негізгі мәселелерін шешу үшін ғылыми зерттеу әдістемелер қажет болды.
XVII ғасырдың бас кезінде Я. Б. Ваи-Гельмонт (1579-1644 жж. ) өсімдік қорегі жөніндегі мәселені тәжірибе жүзінде шешуге сөтсіз де болса, алғаш кадам жасаған болатын. Ол 1629 жылы өзінің бес жыл бойы құмыра ыдысқа салынған топырақта жүргізген тәжірибесінің қорытындысын баяндады. Ауаның құрамы белгісіз болғандықтан және көмір қышқыл газының өсімдіктің қоректенуіне қатысатыны ешкімнің ойында болмағандықтан, Ван-Гельмонт өсімдіктің өсуі үшін жалғыз су ғана жеткілікті деген қорытынды жасады.
Дегенмен өсімдік қорегі жөніндегі негізгі меселелерді тәжірибе жолымен шешуге өрекеттену біртендеп арта берді. XVII ғасырдың ортасында неміс хңмигі, өрі дөрігері И. Р. Глаубер (1604-1664 жж. ) тәжірибе жүргізу арқылы топырақка селитра косқ-анда дақылдың түсімі артатынын анықтады. И. Р. Глауберден кейін 40 жыл өткен соң, Англияда 1699 жылы Вудворд Ван-Гельмонттың қорытындысын тексеруге кірісті. Оның тәжірибесі бойынша жалғыз өсімдігі жаңбыр суынан гөрі өзен суында жақсы, ал суға бақ-тың топырағын біршама араластырса, өсімдіктің тіпті жақсы өсетіні байқалды. Сонымен Вудворд тәжірибесі Ван-Гельмонттың пікірін теріске шағарды. Сөйтіп ол топырақта өсімдіктің өсіп жетілуі үшін қажетті зат бар деген қорытынды шығарды.
Англияда осы кезде жалпы өсімдік үшін минералды заттардың қызметін мойындап қана қоймай, тәжірибе жолымен жеке элементтердің рөлін анықтау жұмыстары жүргізілді. Мысалы, Гом 1756 жылы ыдысқа өсімдік өсіріп тәжірибе жасау арқылы оның жақсы өсіп жетілуі үшін калий тұздары, ал 1795 жылы Дендоналbд фосфор қышқылының тұздары қажет деген қорытынды жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz