Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу петроглифтерінің зерттелуі


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу петроглифтерінің зерттелуі

Жоспар:

Кіріспе

І. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы петроглифтер туралы зерттеудің қалыптасуы мен дамуы

ІІ. Аймақтағы петроглифтер тарихнамасы

2. 1Оңтүстік Қазақстандағы петроглифтер туралы еңбектер

2. 2Жетісу петроглифтерінің зерттелуі

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы петроглифтердің зерттелуі

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өзіміздің төл тарихымызды жазуда жаңа теориялық тұрғыдан келу, бұрын назар аударылмаған мәселелерді қарастыру орын алып отыр. Әсіресе, өткен тарих пен бүгінгі күн арасында қандай байланыс бар, нені жоғалттық, нені сақтап қала алдық деген сұрақ та туындайды. Осы жерде тарихи зерттеуде өзіндік орны бар, бірқатар мағлұматтар беретін мәдени, тарихи ескерткіштерімізді зерттеу және олармен халықты таныстырып, насихаттау ісінің қажеттілігі туындайды. Бұл жерде тарихи ескерткіштер бұрын-соңды қалай зерттелді, олар туралы не жазылып, не айтылды деген сияқты сұрақтар да туындайды, осы сұрақтың жауабын таба білгенде ғана біз тарихи мұраларымыздың бүгінгі таңда ғылыми айналымда бар не жоқ екенін анықтай аламыз.

Тастағы таңбалар аса құнды және қызықты тарихи ескерткіштер қатарына жатады. Ол әлі жазу пайда болмаған ежелгі дәуір мен одан бертіндегі өмір сүрген адамдардың өмірі, дүниетанымы, түсінігі туралы ақпарат беретін дерек болып табылады. Сондықтан оларды тек тас бетіндегі сурет немесе өнер туындысы деп емес, бірінші кезекте тарихи дерек ретінде қарастыру қажет. Сол себепті де оларды нақты ғылыми тұрғыдан зерттеп, қорытындылар жасап отырудың өзі күрделі іс.

Қазақстан териториясында тастағы таңбалар көптеп кездеседі. Оның ішінде біз қарастырайық деп отырған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың аумағында петроглифтер көп шоғырланған. Алайда олардың бәрі түгелдей қамтылып, есепке алынып, зерттелген деп айта қою қиын. Бірақ дегенмен де бұл салада зерттеулер жүргізіліп, бірқатар теориялық мәселелер де көтерілген, атап айтсақ петроглифтерді мерзімдеу, олардың мазмұнын түсіндіру, яғни семантикасы сияқты жұмыстар жүргізуге бет бұрған. Тастағы таңбалар туралы алғашқы жазбалар ХІХ-ғ. басында пайда болғанымен, нақты ғылыми тұрғыда зерттелуі ХХ-ғ ортасында орын алады. Олардың мазмұны әр түрлі.

Осыған орай тастағы таңбалар туралы бүгінгі күнге дейін жүргізілген зерттеу жұмыстары мен олардың мазмұнын талдаудың қажеттілігі де туындайды. Себебі тастағы таңбаларды тарихи дерек көзі ретінде пайдаланбас бұрын, олардың дерек ретінде ғылыми негізделуін біліп алу және олардағы көзқарастардың дұрыстығын анықтап алу қажет. Мысалы, тастағы таңбалар басқа бір ескерткіштерді зерттеуде мүмкін немесе ежелгі адамдардың дүниетанымы, тұрмысы туралы қорытындылар жасауда пайдаланылуы мүмкін. Сол себепті де петроглифтерді тек сипаттап, санын тіркеп қана қоймай, оларға қатысты теориялық тұжырымдарды талдау да маңызды.

Бүгінге дейін тастағы таңбалар туралы біраз зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ғылыми еңбектер жарық көрген. Алайда тастағы таңбалар туралы мәлімет іздеген адамның олардың қайсысында қандай мәселе көрсетілгенін, өзіне қажет петроглифтер орналасқан аймақ немесе белгілі бір мәселеге

3

байланысты қайсысынан қажетті ақпарат ала алатындығы туралы толық білмеуі мүмкін. Сол үшін біз ұсынатын зерттеу жұмысы петроглифтер туралы зерттеу еңбектері туралы талдау жасап, олардағы көтерілген мәселелер жайлы ақпарат бере алады деп ойлаймыз. Сонымен қатар тағы бір ескеретін жайт тастағы таңбалардың біразының бүгінгі күні жойылып бара жатуы себепті, бізге дейін жазылған еңбектерде олар туралы мәліметтер, суреттері келтірілуі мүмкін. Бұл оларды кейінгі ұрпақтың танысып білуіне мүмкіндік береді.

Біз көтеріп отырған мәселенің өзектілігі оның ғылыми жаңалығымен байланысты. Бұл осы мәселе тұрғысында бүгінгі күнге дейін арнайы ғылыми зерттеу жұмысының жоқ болуы себепті, алғашқы зерттеулердің бірі болмақ. Тастағы таңбалар туралы зерттеулер барысы жекелеген авторлардың жалпы петроглифтер туралы еңбектерінде көрініс тапқанымен, бүгінгі күнге дейінгі зерттеу жұмыстарын толықтай қамтып жазатын еңбек жоқ. Сондықтан біздің жұмысымыз тастағы таңбалар туралы зерттеу жұмыстарымен танытыруға ұмтылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты .

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы петроглифтер туралы зерттеу жұмыстарын жинақтап, жан-жақты талдап қарастыру.

Жұмыстың шешуі тиіс міндеттері:

1. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы петроглифтерді зерттеу ісінің қалыптасуы мен дамуын көрсету

2. Аймақтардағы петроглифтердің орналасқан орындары бойынша зерттеу жұмыстарын көрсету

3. Петроглифтердің мерзімін анықтауға байланысты тұжырымдарды талдау

4. Оңтүстік Қазақстандағы тастағы таңбаларға жүргізілген зерттеулерге тоқталу

5. Жетісудағы петроглифтерді зерттеу жұмыстарды талдап қарастыру

Мәселенің зерттелуі. Мәселенің бүгінгі күнге дейін зерттелуіне келер болсақ, бұл тұрғыда зерттеу жұмыстарының аз екендігін жоғарыда атап өттік. Аталған мәселеге байланысты пікірлер негізінен тастағы таңбалар туралы жазылған зерттеу еңбектерінде келтірілген. М. К. Қадырбаев пен А. Н. Марьяшевтің «Наскальные изображения хребта Каратау» монографиясында бір тарауы тастағы таңбалардың зерттелу мәселесіне арналған. Бұл кітапта петроглифтердің зерттелуіне байланысты алғаш ХІХ-ғ пайда болған жұмыстарды атап өтеді. Сонымен қатар авторлар жалпы Қазақстан және Орта Азия бойынша жүргізілген зерттеулерге де тоқталып өтеді. Бұл петроглифтерді зерттеудің медологиялық негізін анықтау үшін де қажет болған. Олар А. Г. Максимова, Т. Н. Сенигова еңбектерін атап өтеді (2. 20) . Бұл авторлар тастағы таңбалардың мерзімін анықтау бойынша біраз талпыныстар жасаған. Авторлар өз жұмысында тастағы таңбаларды зерттеумен айналысқан А. Н. Бернштамның еңбегінің маңыздылығын атап өтеді. Алайда бұл жұмыс сонау 1977ж. жарық көрген. Сол себепті содан бергі ширек

4

ғасырдан бергі уақыт ішіндегі зертеулер туралы мағлұмат ала алмаймыз.

Жоғарыда аталған М. К. Қадырбаев пен А. Н. Марьяшевтің еңбегі туралы Т. Д. Костина, В. Г. Савельева «Археологические исследования в Южном Казахстане» атты жұмыста айтып өтеді (26. 18) . Олар жұмысты Оңтүстік Қазақстандағы тастағы таңбалар туралы жүйелі және ғылыми тұрғыда жазудағы алғашқы еңбек деп баға береді. Бірақ бұл жұмыста еңбектегі келтірілген тұжырымдардың дұрыстығы немесе кемшіліктері туралы пікірлер айтылмайды. Бұл да өз кезегінде жалпы сипаттап өту түріндегі мақала.

Жетісудағы тастағы таңбаларға қатысты жүргізілген зерттеулерге қатысты шолу түрінде мәліметтер осы аймақтағы петроглифтерді зерттеуге бағытталған жұмыстарда көрініс табады. «Петроглифы в горах Кульджабасы» жұмысының авторлары бұл жердегі петроглифтер туралы алғаш Ш. Ш. Уәлиханов суретке қалдырып кеткен дей келе, қазіргі уақытқа дейін Құлжабасы тауындағы петроглифтер туралы жазылған еңбектерді атап өтеді (5. 2) .

Көріп отырғанымыздай мәселенің зерттелуі толық емес және жан-жақты қамтылмаған.

Мәселенің деректік негізі. Зерттеу жұмысының деректеріне келер болсақ, біз жұмысымызда екі дерек түрін пайдаланамыз. Біріншісіне тастағы таңбалар жатады. Олардың саны бірнеше мыңға жетеді және зерттеу жұмыстарында тікелей пайдаланылады. Зертеушілер оларды өз еңбектерінде келтіріп, оларға қатысты қорытындылар жасап отырған. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы тастағы таңбалар орналасқан негізгі орындарға арпаөзен, Қойбағар, Тамғалытас, Ешкіөлмес, Құлжабасы тауы жатады. Осыған орай біз де оларды қарастырып отыруымыз қажет. Себебі кейбір таңбаларды әр автор әртүрлі тұрғыда түсіндіруі кездеседі.

Деректердің екінші түріне тастағы таңбалар туралы ғалымдардың зерттеу еңбектері жатады. Олардың қатарында ХІХ-ғ. жазылған алғашқы зерттеулер мен бүгінгі күнге дейінгі жұмыстар жатады. Біз бұл жерде Тамғалытас туралы алғаш жазып, суретке түсірген Н. Н. Пантусовтан бастаймыз. Одан кейінгі кеңес өкіметі кезінде нақты ғылми зерттеулер барысында пайда болған А. Г. Максимова, М. К. Қадырбаев, А. Н. Марьяшев еңбектерін толықтай қарастыруға тырысамыз. Осы жұмыстардағы негізгі ойларды, тұжырымдарды қарастыра отырып, біз тастағы таңбалардың қазіргі таңдағы зерттелу деңгейін анықтай аламыз.

Тақырыптың теориялық-методологиялық негізі. Жұмыста петроглифтер туралы зерттеу жұмыстарын жүргізген және соған орай оларды зерттеуге қатысты методологиялық ұсыныстар жасаған авторлар еңбектері теориялық жағынан негіз бола алады. Бұл жерде тек Қазақстандық қана емес, сонымен қатар бүкіл кеңестік және әлемдік зерттеушілерді ала аламыз. Себебі олар өз еңбектерінде тек петроглифтерді зерттеу бойынша ғана емес, сонымен қатар оларды зерттеумен айналысқан авторлар жұмыстарына талдау

5

келтіріп, қандай мәселелерге көңіл бөлу керек екендігін де қатысты пікірлер айтып отырған. Осындай зерттеу еңбектеріне А. Н. Бернштам, А. А. Формозов, М. К. Кадырбаев, А. Н. Марьяшев, З. С. Самашев сияқты ғалымдар жұмыстары жатады.

Біз жұмысымызда бірқатар зерттеу әдістерін пайдалануға тырысамыз. Оларға жалпы талдау, салыстыру, жүйелеу, жалпылау, қорыту сияқты әдістер жатады. Себебі біз тастағы таңбалар туралы зерттеулердің қалыптасуының барысын талдап, зерттеу еңбектерін жүйелеп, авторлардың тұжырымдары, пікірлерін салыстыра отырып, олардың ортақ ойларды, қорытындыларды да анықтап отыруымыз қажет. Сонымен қатар тастағы таңбалардың өздерін салыстырып, талдау арқылы зерттеулердің тұжырымдарының дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік аламыз.

Жұмыстың хронологиялық және территориялық шегін анықтап алайық. Хронологиялық жағынан алсақ петроглифтер туралы алғашқы зерттеулер ХІХ-ғ. пайда болған және бұл зерттеулер бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Себебі тастағы таңбалар әлі толық қамтылып, зерттеліп бітпеген. Сондықтан да біз жұмысымызда тастағы таңбалар туралы соңғы шыққан еңбектерді де келтіреміз. Осыған орай біздің зерттеу жұмысымыз ХІХ-ғ. басынан қазіргі таңға дейінгі мерзімді қамтиды. Ал жалпы тастағы таңбалардың пайда болу кезеңіне қарай келер болсақ, онда біз сонау ерте қола дәуірінен ХVІІІ-дейінгі уақытқа келеміз.

Территориялық жағына тоқталатын болсақ тақырыпта көрсетілгендей біз Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу территориясындағы петроглифтер туралы зерттеулерді қарастырамыз. Бұл жерде тағы бір айта кететін жайт тастағы таңбалар туралы зерттеулер жүргізген ғалымдар Оңтүстік Қазақстан дегенде Жетісу территориясындағы петроглифтерді де қарастырған, яғни Жетісуды жалпы Оңтүстік Қазақстанмен бір кешенде қарастырады. Себебі петроглифтердің анғұрлым шоғырланған аймағы Қазақстанның оңтүстігі: Жоңғар Алатауы, Шу-Іле таулары және Қаратау жотасы болып табылады. Бірақ біз өз жұмысымызда Оңтүстік Қазақстан және Жетісуды екі бөлек қарастыруға тырысамыз.

Жұмыстың зерттеу обьектісі ХІХ-ғ. осы уақытқа дейін тастағы таңбалар туралы жазылған еңбектер. Олардың ішінде монографиялар, яғни ғылыми зерттеулер негізінде жүргізілген жұмыстар және петроглифтерді сипаттап жазумен шектелгендері де бар.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмыстың жаңалығы жоғарыда тақырыптың өзектілігін анықтау барысында айтылып кетті. Атап айтсақ Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы тастағы таңбалар туралы жазылған зерттеу жұмыстарын түгел қамтып, талдап жүргізілген еңбек жоқ. Сондықтан біздің жұмысымыз осы мәселе туралы алғашқы жұмыстардың бірі болмақ. Біз өз жұмысымызда зерттеу еңбектеріндегі петроглифтердің мерзімін анықтау, сипаттап талдау, басқа аймақтардағы тастағы таңбалармен салыстыру, мазмұнын түсіндіру, қазіргі таңда оларды пайдалану мүмкіндіктерін анықтауға байланысты зерттеу бағыттарына тоқталамыз.

6

Сонымен біз жұмысымызда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы тастағы таңбалар туралы зерттеу жұмыстарын қамтып, олардың бүгінгі күндегі маңызын анықтауға ұмтыламыз. Бұл үшін тастағы таңбалар туралы зерттеу ісінің қалыптасып даму барысын және зерттеу еңбектерінің мазмұнын жан-жақты талдау міндетін қойып отырмыз.

Біздің бұл тақырыпты таңдауымыз нақты обьективті жағдайдан шығып отыр. Ол осы мәселеге байланысты зерттеу жұымысының жоқтығы болып отыр. Біз көрсетіп кеткен кейбір жұмыстарда бұл мәселе көтерілгенімен, толық қамтылмаған. Оларда нақты ішкі талдау жоқ, негізінен атап өту ғана орын алған. Сол себепті бүгінгі таңда осы мәселеге байланысты зерттеуге ұмтылып отырмыз.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында қосымшалар мен әдебиеттер тізімі келтіріледі.

7

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы тастағы таңбалар туралы зерттеудің қалыптасуы мен дамуы

Оңтүстік Қазақстандағы тастағы таңбалардың зерттелуі Қазақстанның Солтүстік және Шығыс аймақтарына қарағанда кешірек басталды. Бұның негізгі себебі Қазақстанның Оңтүстік аудандарының Ресейге тек ХІХ-ғ. 70-жылдарында ғана толығымен қосылып бітуімен байланысты болды. Сол себепті Қазақстанның Оңтүстігіндегі тастағы таңбаларды алғаш орыс зерттеушілері зерттеді. Олар сол кезде Қазақстанның табиғаты, халқы т. б. туралы ақпараттар жаза жүріп, Қазақстанның тарихи деректеріне қатысты да мәліметтер келтіріп отырған.

Алғашқы және көптеген ақпараттар Жетісудан келіп отырды. Жетісу ежелден тастағы таңбаларға бай өлке болатын. Бұған қоса тастағы таңбалар ашық орналасуы себепті оларды көп күш жұмсап тазалап жатпай-ақ зерттеп бақылауға болатын еді. Жетісу жеріндегі Тамғалытастағы Іле бойындағы тастағы буддалар суреті мен Шолақ тауындағы петроглифтерді тауып суретін салған.

Бұдан кейін Жетісудағы петроглифтер туралы ақпарат қалдырған шығыстанушы, ориенталист, орыс ғалымы Н. Н. Пантусов болды. Ол 1879 ж. «Туркестанские ведомости» газетінің №43 санында Жоңғар Алатауы маңындағы петроглифтер туралы ақпарат келтіреді (1. 18) . Оның Жетісудағы петроглифтер туралы мәліметтері осымен шектелмейді. Бұдан кейін 15 жылдай уақыт ішінде Н. Н. Пантусов Қапал және Қызылағаш ауылдары жанындағы тастағы таңбалар туралы археологиялық комиссияға мәліметтер беріп отырады (1880 ж. ), Шолақ тауындағы, Алтынемел асуындағы, Көксу мен Қара өзендері бойындағы петроглифтер туралы газеттерге жазып отырды.

1884 ж. А. М. Никольский мен Г. В. Фишер Іле өзені бойындағы Тамғалытас шатқалында көптеген тастағы суреттерді табады. Бұл суреттерді кейін Н. Н. Пантусов келіп зерттейді (17. 345) .

Оңтүстік Қазақстанның тастағы таңбалары туралы құнды ақпараттарды археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі клтіріп отырған. В. А. Каллаур археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі хаттамасында топограф ғалым М. А. Кирхгоф сөзінен Қаратаудың Оңтүстік етегіндегі Бесарық шатқалында тас құралдар мен тастағы суреттер туралы мәліметтер келтіреді (5) . Кейін М. А. Кирхгофтың бұл ашылымдары туралы И. Пославский жазады. (1. 19)

Алайда Бесарық шатқалындағы тастағы таңбалар туралы мәліметтер толыққанды емес. Себебі ол бойынша қай суреттер туралы сөз болып отырғанын анықтау қиын. Негізі Марьяшев А. Н, Қадырбаев М. К. келтіруі бойынша Бесарықта суреттедің екі тобы бар: бірі шатқалға кірер ауыздан алыс емес жерде, Шығыстағы аласа жартастарда орналасқан, негізінен ешкі, түйелердің схемалы ойып салынған бейнелері көбірек; екіншісі шатқал бойымен 9 шақырым биіктікте Күйкентай жартасында орналасқан. Осы

8

авторлар пікірінше М. А. Кирхгоф мәліметтері төменгі топқа қатысты болса керек, дегенмен шоғырланған екі топ бойынша мәліметтерді біріктіріп жіберуі де мүмкін деп санайды (1. 19) .

Жалпы алғанда революцияға дейінгі кезеңде петроглифтер туралы зерттеулер мәліметтері анағұрлым қарапайым болды. өйткені зерттеушілер зерттеу барысында нақты күрделі ғылыми мақсаттар қоймаған еді. Сол себепті олар кейбір сурет сюжеттерін жай сипаттап, суреттеін келтіріп, олар туралы өздерінің жалпы әсерлерін келтірумен шектелген. Онда петроглифтердің жасын анықтау, олардың кімге жататынын анықтауға, мазмұны, мән-мағынасын түсіндіруге деген ұмтылыстарды көре алмаймыз.

Кеңес өкіметі тұсында петроглифтерді зерттеуге неғұрлым ғылыми тұрғыдан келу орын ала бастайды. Бұл кезеңде зерттеуші-ғалымдар петроглифтердің семантикасы, петроглифтерді мерзімдеу мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Алайда ХХ ғ. басынан ортасына дейінгі аралық бойы дерлік Оңтүстік Қазақстан және Жетісу петроглифтері туралы зерттеулер жоқтың қасы.

1957 ж. А. Г. Максимова экспедициясы Шу-Іле тауларының Оңтүстік-Батыс бөлігінде Тамғалы шатқалында петроглифтер тобын табады. Бұл тастағы суреттер мазмұны өте бай және ерекше еді. А. Г. Максимова 1000-ға жуық петроглифтерді зерттеп, оларды үш кезеңге бөледі: саққа дейінгі, сақ кезі және түркілік кезең ескерткіштері. Бұл мәліметтерді «Наскальные изображения ущелья Тамгалы» атты мақаласында келтіреді (24. 108) . Оған 48 фотоиллюстрациялардан тұратын қосымша беріледі. Дегенмен Тамғалыдағы басталған жұмыс біраз тоқтайды.

Қазақстандағы петроглифтердің орналасуы бойынша анағұрлым кең мағлұмат еңбектер қатарына Х. А. Алпысбаев пен Т. Н. Сенигованың мақалалары жатады. Х. А. Алпысбаев «Новые наскальные изображения Бостандыкского района» (19. 85-б. ) атты мақаласында Шымкент облысындағы Бостандық ауданының Ходжакент картасындағы бейнелер туралы жазады. Ол бейнелер негізінен ешкі және жылқы түрінде келтірілген, оларды автор сақ тобына жатқызады. Себебі оның пікірінше бұл бейнелер стильдік жағынан араван петроглифтеріне және сақтардың қола қазандарындағы бейнелерге ұқсас (10) .

Т. Н. Сенигова мақаласында тастағы таңбалардың 8 тобын сипаттап жазады, олар Шымкент облысы Созақ ауданының Баба-Ата өзенінің оң жағалауындағы тастарға орналасқан. « . . . основная часть рисунков (одиночные фигуры козла, оленя - группы І, ІІІ, ІV, V) датируется VI-V-в. в. до н. э., а остальная (группы ІІІ, VІ, VІІІ) - І - ІІІ в. в. н. э. » деп ол тастағы таңбаларды екі кезеңге жатқызады (11) . Мұндай мерзімдеу негізінде кейбір жануарлар бейнелерінің басқа аймақтардағы суреттермен ұқсастығын алады. «Наскальные рисунки козлов аналогичные прежней группе, имеются в Эрши, в Саймалы таше в VІІ и V в. в. до н. э. и в Южной Сибири на отдельных предметах. Такие же фигуры козлов на скалах зафиксированы во многих

9

районах Казахстана и датируются VІ - І V. в. в. до н. э. и несколько позже» (49. 96-б. ) деген сияқты мәліметтер келтіріп таңбаларды ғасыр бойынша тура мерзімдеуге ұмтылады.

Жалпы Оңтүстік Қазақстанның петроглифтерін көршілес аймақтардағы немесе республикалардағы петроглифтермен, ескерткіштермен салыстырып отыру жиі кездеседі. әсіресе Қазақстанға Шу және Талас аңғарында орналасқан тарихи-мәдени жағынан жақын аудандарда ескерткіштер бар Солтүстік Қырғызстанмен ұқсастықтар аңғарылады.

Тастағы таңбаларды зерттеуге тарихи-археологиялық тұрғыдан гөрі тарихи-жануарлық тұрғыдан келу де кездеседі. Бұл жерде зерттеуші, саяхатшы, натуралист П. И. Мариковский еңбектерін айтуға болады. Ол өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер өмірін зерттеп, бақылаумен қатар тастағы таңбаларды зерттеп, суретке түсіріп немесе суретін сызып салып отырған. Ол әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу таңбалармен айналысқан. Оның зерттеу мақалалары сонау ХХ. ғ. 50-60 жылдары жарық көре бастаса, тастағы таңбаларға арналған кітаптары әлі күнге дейін жарық көруде. Олардың қатарында «О наскальных изображениях в горах Чулак» (мақала), «Наскальные рисунки гор Кульжабасы», «Рисунки на скалах южных и центральных районов Казахстана» т. б. Г. И. Мариковский еңбектерінің бір ерекшелігі арнайы түрлік анықтамалардың, кейбір сюжеттерді түсіндіруде құнды ескертулер келтіруі болып табылады. сонымен қатар бұл тастағы таңбалады кімдер қалдырды, тастағы таңбалар дегеніміз не деген сұрақтарға да жауап беруге тырысады. Тастағы таңбаларды қалай табу және зерттеу керектігіне байланысты ұсыныстар айтады. Г. И. Мариковскийдің тағы бір көтеріп отырған проблемасы тастағы таңбалардың жайылып бара жатқандығы және оларды сақтау керектігі. «Впервые 1964 г. я встретил, ставшее впоследствии широко известным, скопление рисунков вблизи Алматы, ныне называемого Тамгалыташ. После двухдесятилетий, посетив его, был поражен разрушением или даже исчезновением некоторых рисунков» дей келе, тастағы таңбалардың жайылып кетуі қаупінен оларды суретке түсіріп, олардың ішіндегі анағұрлым қызықтыларының көшірмесін жасауға бел буғанын айтады (7. 18-б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер
Таңбалы тас суреттері
Тас бейнелерінің көпшілігі көне суреттер
Тамғалы петроглиф тас кешені
Жетісу және Жоңғар Алатауындағы таңбалы тастарының зерттелу тарихынан
Қазақстандағы петроглифтерді зерттеу
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер
Жетісу жеріндегі таңбалы тастардың тарихы
Адронов мәдениеті
Сақ ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz