Құстарды теңіз тұздарымен байытылған құрама жеммен жемдеу ерекшеліктері


Ф. 7. 04. -08
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Басымбекова Т
Құстарды теңіз тұздарымен байытылған құрама жеммен жемдеу ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В080200- «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
Шымкент, 2016
Ф. 7. 04-09
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
КАФЕДРА Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
а. ш. ғ. к., Теңлібаева А. С
„ ”2016 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Құстарды теңіз тұздарымен байытылған құрама жеммен жемдеу ерекшеліктері»
Мамандығы 5В080200- «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
Орындаған Басымбекова Т
Ғылыми жетекшісі,
а. ш. ғ. к. Дауренбеков Х. Т.
Шымкент, 2016
Ф. 7. 04 -10
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі
«Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» кафедрасы
Мамандығы 5В080200- «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
«БЕКІТЕМІН»
«Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы»
кафедра меңгерушісі
А. С. Теңлібаева
« » 2016 ж.
Дипломдық жұмысты орындауға
Т А П С Ы Р М А №
Студент
(Тегі, аты-жөні, ) (топ)
Жұмыстың тақырыбы:
Университет бойынша . 201__ж. № ___с бекітілген бұйрық
Жұмысты аяқтау мерзімі
Жұмысты орындауға берілген мәліметтер:
Дипломдық жұмысты орындауға қатысты сұрақтар тізімі
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ЖАЗБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Тапсырманың берілген күні «» 2015ж.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі
(қолы) Т. А. Ә. )
Тапсырманы орындауға алған студент
(қолы) (Т. А. Ә. )
Ф. 7. 04-11
Дипломдық жобаны орындауға
күнтізбелік кестесі
Орындалу
%
Тапсырма
берілген күн
Тапсырма
орындалған күн
Дипломдық жұмыстың жетекшісі
(қолы, күні)
Дипломдық жұмыстың орындаушы
(қолы, күні)
*Норма бақылау
(қолы, күні)
* Ескерту: Норма бақылаушы ең соңынан, барлық кеңес берушілерден кейін ғана қол қояды.
Аннотация
Дипломдық жұмыс 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша «Құстарды теңіз тұздарымен байытылған құрама жеммен жемдеу ерекшеліктері» тақырыбына студент Басымбекова Толғанай орындады, жетекшілік еткен а. ш. ғ. к., аға оқытушы Дауренбеков Х.
Дипломдық жұмыстың қорғау уақыты 2016 жылдың мамыр айы.
«Құстарды теңіз тұздарымен байытылған құрама жеммен жемдеу ерекшеліктері» тақырыбы бойынша жазылған бұл дипломдық жұмыста бүгінгі таңдағы өзекті мәселердің бірі болып саналатын өндірілген құс өнімдердің сапасын құрама жемге міндетті түрде қосылатын ас тұзының орнына теңіз тұзын қосу арқылы жоғарлату туралы айтылған.
Негізгі бөлімінде құс өнімдерінің тағамдық құндылығын арттыруға бағытталған теңіз тұзының құрамындағы адам және құс ағзасына зиян келтіруі мүмкін ауыр металдардың мөлшерін анықтадық. Олардың мөлшері талаптарға сәйкес болғандықтан теңіз тұзының құс өнімділігіне әсерін зерттедік. Сонымен қатар, құс өнімділігіне әсерін өндірістік негізде тексеріп, теңіз тұзын құрама жемге қосу болады деген тұжырым жасадық.
Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде, «Шымкент құс» ЖШС-дағы санитарлы-гигиеналық сипаттамасы, жұмысшының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қорғаныс құралдары мен алғашқы көмек туралы айтылған.
Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде, шаруашылықтан шыққан қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін зияны және оларды залалсыздандыру амалдарын қарастырдық.
Зерттеу нәтижесі бойынша теңіз тұзын құрама жемге қосу арқылы құс өнімдерінің тағамдық құндылығын арттыруға өз үлесімізді қостық деген пікірдеміз, диплом соңында қорытынды мен ұсыныстар берілген.
Белгілер мен қысқартылған мәндер
Дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартылған сөздер, шартты белгілер мен бірліктер қолданылған:
кг - килограмм
см - сантиметр
м - метр
сағ - сағат
о С - Цельсий градус
г - грамм
% - пайыз
тг - теңге
ИБ - интернационалдық бірлік
мг - миллиграмм
КБН -клеткалы батарея түрі
ЦКБ - жуу қондырғысы
БФУ-30 - дезинфекциялауға қолданатын лампа түрі
СПК - жұмыртқаны жару құралы
ПВС - поливинилді спирт
л - литр
М - 4 - жуғыш машиналары
Э - қосымша негізгі өнім бағасы (тенге)
Р-15 - ата-аналық клеткалы батарея
БГО - клеткалық батарея
КБУ - клеткалы батарея
КБМ - клеткалық батарея
МЕМСТ - мемлекеттік стандарт
Мазмұны
Кіріспе 9
- Әдебиетке шолу 11
- Өзіндік зерттеу 20«Шымкент -құс » жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қысқыша сипаттама 20
2. 2 Негізгі бөлім 23
2. 2. 1 Зерттеу зерзаты мен әдістемесі 23
2. 2. 2 Теңіз тұзының құрамындағы ауыр металдарды
зертханалық тәсілдермен анықтау 28
2. 2. 3 Теңіз тұзының құс өнімділігіне әсерін зерттеу 29
2. 2. 4 Теңіз тұзының әсерін өндірістік негізде бақылау 33
2. 3 Экономикалық тиімділік 37
2. 4 Бизнес - жоспарлау 47
2. 5 Тіршілік қауіпсіздігі 58
2. 6 Экология және қоршаған ортаны қорғау 65
Қорытынды 72
Өндіріске ұсыныс 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 74
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауыда « Ең жақсы жоспар - уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру» Сол даму жолында экологиялық таза және биологиялық тұрғыдан алғанда толыққанды өнім өндіру проблемасы адам қоғамының алдында тұрған ең басты мәселелердің бірі деуге болады. Сол себепті, Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу өндірістері экономиканың басты бір кешені болып табылады. Ол тұтынушыларды сапалы тағам өнімдерімен қамтамасыздандыруды жүзеге асырады. Біздің елімізде бұл сала жақсы дамығанымен бұрыңғы кездерде топырақтың, судың, жемнің экологиялық жағдайына үлкен көңіл бөлінбеген. Соның нәтижесінде өндірілетін құс шаруашылығының өнімдерінің сапасы да төмендеген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Ауыл шаруашылығы дамыған елдерінің мамандарының біліктілігі, халыққа арналған және жалпы тағам өндіруге қажетті таза экологиялық таза, биологиялық тұрғыдан алғанда толыққанды құс шаруашылығы өнімдерін алуға мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Құс жұмыртқасының сапасының жақсы болуы бірінші кезекте құс берілетін құрама жемнің сапасына және сол арнайы жемді өндіретін өндірістің барлық сатыларындағы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Сапалы өнімді алу жұмыртқа өндірудің құрама жемнің барлық компонентеріне тікелей байланысты. Товарлық жұмыртқаның тағамдық құндылығы оның құрамындағы макро және микроэлементтерге де тікелей байланысты. Товарлық жұмыртқаның құрамындағы жоғарыда аталған элементтердің мөлшері неғұрлым толыққанды болса, соғұрлым ол жұмыртқаның тағамдық сапасы жоғары болады. Тағамдық сапасы жоғары болғандықтан жұмыртқаның бағасы да жоғары болады. Құс шаруашылығында ас тұзын күнделікті қолданады, бірақ ас тұзының құрамында натрий, хлор және йод қана болады. Құс шаруашылығы мекемелерінде минералдық құндылығы жоғары теңіз тұзы қолданбайды.
Осы жағдайларды ескере келе, диплом жұмысымызда алдымызға мынадай мақсаттар қойылды:
- Теңіз тұзының құрамындағы ағзаға зиянды ауыр металдардың мөлшерін анықтау.
- « Шымкент - құс » ЖШС құс жұмыртқаларына теңіз тұзының әсерін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дамыған шет елдерде тағамдардың құндылығын жақсарту үшін экологиялық таза өнімді өндіре бастады. Оған шикізат химиялық заттарды пайдаланбай өндірген щаруашылықтардан алынады. Көптеген құс шаруашылығ мекемелерінде арнайы қасиеттері бар өнімдер шығарыла бастады және құс шаруашылығы өнімдері жоғары деңгейде өңдіре бастады. Құс шаруашылығында ас тұзын күнделікті қолданады, бірақ ас тұзының құрамында натрий, хлор және йод қана болады. Құс шаруашылығы мекемелерінде минералдық құндылығы жоғары теңіз тұзы қолданбайды. Біз өзіміздің дипломдық жұмысымызда құстарға арналған құрама жемнің құрамына құс шаруашылығында алғаш рет ас тұзының орнына теңіз тұзын қолдандық.
Жұмыстың құрылысы және көлемі. Дипломдық жұмыс 79 бетке компьютерлік мәтінмен терілген, кесте және суретпен көрнектелген. Дипломдық жұмыс кіріспе, әдебиеттік шолу, зерттеу зерзаты мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері, қорытынды және өндіріске ұсыныстардан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны 87, оның 17-і алыс шет ел әдебиеттері болып табылады.
1 Әдебиеттік шолу
- Құс жұмыртқасы өндірісінің қазіргі даму ерекшеліктері
Қазақстанда құс жұмыртқасын өндіру соңғы бес жылдың ішінде өндірісі үлкен даму қарқынында болып жатыр. Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 59 құс фабрикасы жұмыс істеп тұр, оның отыз үші жұмыртқа өндіру бағытындағы фабрика, ал 21 птицефабрика бройлер етін өндіреді. Бес мекеме товарлық жұмыртқамен қатар құс етін де өндіреді. Құс етін өндіру жылдан жылға өсіп келеді. Мысалы, 2013 жылы 136000 тонна өндірілсе, ал 2014 жылы 158000 тонна құс еті өндірілді. Жоспарланған меже бойынша 2020 жылы Қазақстан бойынша 3 тоннадан астам құс еті өндіріліп, шет елден құс етін әкелу доғарланады. Құс жұмыртқасы 2013 жылы 2010 жылмен салыстырғанда бес пайызға жоғарлап, өндірісі 3, 9 млрд - қа жетті. Ал, 2014 жылы 4 млрд- тан астам жұмыртқа өндірілді. Меже бойынша 2020 жылы 5 млрд жұмыртқа өндіріледі. Бүгінгі уақытта Қазақстан өзін - өзі товарлық жұмыртқамен толық қамтамасыз етеді. Қазақстан бойынша құс басының көбеюі бірінші кестеде көрсетілген[1, 2, 4, 9, 13, 25] .
.
1 - кесте. Қазақстандағы құс басының 2010-2015 жылдардағы саны, мың бас
Жоғарыдағы кестеге көз жүгірсек, Қазақстанда соңғы бес жылдың көлемінде, барлық құстардың басы көбейген. Дүние жүзінде негізгі құс өнімдері тауық жұмыртқасы, бройлер еті және күрке тауық еті аса қарқынды дамып өркендеп келе жатыр. Біздің елімізде де тауықтың жұмыртқа бағытындағы құс соңғы бес жылда 1 млрд жеті жүз жетпіс екі млн басқа көбейіп, 8, 9 пайызға артқан. Ал, етті бағыттағы құс басы да миллиард аса басқа көбейіп, орта есеппен тоғыз пайызға артқан. Күрке тауықтың басы тауықтарға қарағанда анағұрлым жоғары болып, пайыздап емес еселеп өскен. Дүние жүзінде жыл сайын тауық жұмыртқасын өндіру екі пайыздан үш пайызға шейін өседі. Төмендегі кестеде тауық жұмыртқасын көп өндіретін мемлекеттердің 2013 жылы өндірген жұмыртқаның сандары көрсетілген[26, 27, 28, 33, 34, 35, 36, 45] .
.
2 - кесте. Дүние жүзіндегі 2013 жыл өндірілген жұмыртқа саны
Екінші кестедегі мәліметтерге назар аударсақ, дүние жүзінде тауық жұмыртқасын ең көп өндіретін ел Қытай екенін байқаймыз. 2013 жылы 473 млрд дана жұмыртқа өндірген. Ол мемлекет өткен ғасырдың сексенінші жылдары бар болғаны қырық млрд қана жұмыртқа өндірген, яғни жұмыртқа өндірісін отыз жылдың көлемінде жиырма есеге көбейткен. Себебі, жұмыртқа дүние жүзіндегі биологиялық тұрғыдан алғанда ең құнды жануар тектес ақуыздың қайнар бұлағы [68] .
Жұмыртқа - адамзаттың ежелден пайдаланып келе жатқан тағамның бірден бір түрі. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен жұмыртқамен қоректенуді үйренген. Келе-келе біздің ата-бабаларымыз жұмыртқаны рәсуә етпей сақтау жағдайын да ойластырып тапқан. Себебі жұмыртқа өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, организмге оның құрамдас бөлігінің 97-98 пайызы сіңеді. Жұмыртқа, сондай-ақ, амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, дәрумендердің таптырмайтын көзі [1, 49, 47, 48, 73, 76, 80] .
Жұмыртқа - басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Олай болатын реті де бар. Адамзат баласы жұмыртқаны табиғи күйінде де, өнеркәсіп орындары өңдеп шығаратын өнімдер күйінде де жей алады [1, 2, 52, 53, 71, 82] .
Жұмыртқаның тағы бір қасиеті түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Өйткені жұмыртқа организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар май, белок, углевод, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе, үндесе отырып, жоғарыда айтылып кеткен қоректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады [53, 58, 71, 77, 87] .
Жұмыртқа адам баласы үшін қаншалықты қажет екенін бәрімізге белгілі. Сондықтан да жұмыртқаның құрамы мен қасиетін, санитарлық сапасын жақсартуға бүгінгі таңдағы халықтың талап тілегіне сай келетіндей етіп көңіл аудару керек. Сондай-ақ жұмыртқа өндіретін шаруашылықтар құрамында майы, белогы, дәрумендері және минералдары жеткілікті жұмыртқа өндіруге тырысулары керек. Жұмыртқаның биологиялық құндылығы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі [47, 55, 58, 73, 78, 83] .
- Құс шаруашылығында қолданатын ас тұзына сипаттама
Жер планетасында әрбір адам тұзды ең алдымен тамақтың басты кұрамы ретінде өзі мен үй жануарлары үшін қолданады. Бірақ аз ғана адамдар сонау көне заманда тұзды дәм келтіру үшін, тұздау үшін, ет пен балықты консервілеу мен сақтау үшін және де теріні илеу үшін қолданылғанынан хабардар. Осы бірегей өнімде мәдениет пен өркениеттің маңызды құрамы ететін көптеген пайдалы қасиеттер бар. «Тұз біздің тіршілігіміздің барлық тұстарын қамтиды» - деп бір автор жазғанды. Осы өнімнің маңыздылығы мен мәнін біле отырып, біз күнделікті өмірде мынадай сөйлемше қолданамыз: «ащы қалжың», «бір пұт тұз жеп қойсаң», «жердің тұзы», «нан мен тұз». Түрлі мәдениеттерде тұз бас иетін объект болып табылады немесе тазалықтың, ақкөңілділіктің, қонақжайлылықтың, өткір тілділіктің, даналықтың символы болып келеді[51, 70] .
Көптеген жылдар бұрын тұз сауда мен саясатта аз емес рөл ойнаған. Жүздеген жылдар бұрын кейбір халықтар оны валюта ретінде қолданған, ал қарапайым тайпалар тұз үшін алтынмен есептескен. Көптеген елдерде тұзды сату мемлекеттік монополия болып табылады. Дәл тұзға деген салық Ұлы Француз революциясына да түрткі болған. Аналогиялық салық Гандидің Англияға қарсы қозғалысының туындауына (азаматтық бас имеу) түрткі болды, бұл нәтижесінде Үндістанның тәуелсіздік алуына себеп болды. Орыс тарихынан тұзға айтып жеткізе алмайтын салық орнатумен байланысты «тұзды бас көтерулер» туралы айтпай кету мүмкін емес.
Ас тұз минералды табиғи зат болып табылады. Ас тұзы өндіру Ливияда біздің заманымызға дейін 3-4 мың жыл бұрын жүзеге асырылғандығының куәсі бар. Тұзы судан буландырады (әйгілі Эльтон және Баскунчак көлдері), жер қойнауынан, теңіз суынан (теңіз тұзы) өндіреді. Тұздың әлемдік геологиялық қорлары айтарлықтай бітпейді.
Испанияда, Германияда, Австриядан үлкен тұз кендері белгілі. Сол немесе басқа көлемде әлемнің әрбір елі қандай да бір тұздың өндірісін жүргізеді. Қазіргі таңда тұздың әлемдік өндірісі АҚШ Геологиялық қызметінің бағалауы бойынша шамамен жылына 193 млн. тоннаны құрайды және ауқымды көлемде 100 астам елдерде жүргізіледі.
Елдің деңгейді әлемдегі ең үлкен тұздың өндірісін АҚШ жүзеге асырады. Алайда, олар жергілікті өндіру есебінен тұзға деген өзінің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмайды және сыртқы нарықтан хлорлы натрийді ауқымды көлемде сатып алуға мәжбүрлі. Тұздың ең қымбат түрі жоғары сапалы вакуумдық тұз болып табылады, ол буландырған және тасты тұздан бірнеше есеге қымбат. Тұз еріткіштері - тұздың ең арзан түрі және өнеркәсіпте сондай-ақ жолдардағы мұзға қарсы қолданылатын төмен сапалы тұз ретінде қолданылады. Қазіргі таңда ас тұзының орташа құны тоннасы үшін 15 ш. б. құрайды.
Ал, кезінде тұз қымбат тауар болған. Ломоносов сол кездері Абиссинияда тұздың төрт кішкентай кесегі үшін құлды сатып алуға болады деп жазған. Тұзды үстелге қымбат тұз сауытында беретін, оны сақтайтын, үнемдейтін, онымен мақтанатын: үстелде тұздың болуы молшылық пен саулықтың белгісі болды. Тұзды апат жағдайына сақтады және ақшаның орнына онымен төлеген. "Salarium" латын және "salary" ағылшын сөздері, "жалақы", "айлықты" білдіреді, - "тұз" сөзінен шыққан. Тұздың арқасында ұлттық толқулар мен әскери соқтығыстар болған - атақты "тұз бүліктерін" және тас тұзы мен тұзды қоймалардың орналасқан жері үшін соғыстарды еске алыңыз. Тұздың құндылығы адамның өмірінде тұздың терең мағынасын ерекшелейтін көптеген мақалдар, мәтелдер және афоризмдерді шығарды. "Алтынсыз өмір сүруге болады, ал тұзсыз мүмкін емес " мысалдың өзі қандай! [69] .
Құс ағзасында ас тұзының атқаратын ролі орасан. Құс ағзасындағы болып жатқан кез келген биохимиялық реакциялар ас тұзының әсерінен немесе ықпалымен жүзеге асады. Сол себепті, құсты азықтандыруда ас тұзының атқаратын қызметі ереулі болғандықтан құс рационыда ас тұзын күнделікті қолданады.
- Теңіз тұзының құрамындағы минералдарға сипаттама
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz