Жергілікті өзін өзі басқарудың теориялық негіздері
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН.ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру жергілікті өзін.өзі басқаруды дамыту негізі ретінде
1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін.өзі басқару жүйесінің қалыптасуының теориялық аспектілері
ІІ ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН . ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ МОДЕЛЬДЕРІ
2.1.Шетел мемлекеттерінің жергілікті өзін өзі басқару тәжірибесі
2.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін.өзі басқарудың даму ерекшелігін талдау
ІІІ ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН.ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Маслихаттардың рөлін көтеру жергілікті өзін.өзі басқару функцияларын тиімді орындау негізі ретінде
3.2 Жергілікті өзін.өзі басқару органдарының қызметін жетілдірудің бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытумен барлық экономикалық жүйенің толық қызмет етуі, елдің тұрақты әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты.
Кез-келген қазіргі заманғы демократиялық мемлекет тым болмаса жергілікті өзін-өзі басқару әдісіне кепілдік бермесе немесе оның бар екенін мойындамаса, экономикалық және әлеуметтік үдерістердің тиімді басқарылуын қамтамасыз ете алмайды. Себебі, басқару саласы аса күрделі және көпқырлы, сондықтан қоғамдық дамудың барлық мәселелерін тек орталықтан шешу қиындық туғызады. Сондықтан, басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін өкілеттіліктің бір бөлігін тұрғындардың ортақ мүддесі тұрғысынан алып қарағанда оңтайлы нәтижеге қол жеткізеді деуге болатын басқару деңгейіне берген ұтымды және бұл нағыз демократияға жеткізер жолдың бірі.
Қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері алға қойылып отыр. Жергілікті мәселелерді шешудің бір қадамы 2001 жылы экспериментті түрде ауыл әкімдерін және 2006 жылы аудан және облыстық мәндегі қала әкімдерін сайлау болып табылды.
Бүгінгі таңда бұл жағдай Елбасының елдің негізгі Заңына жаңартулар енгізуімен түбірінен қайта өзгерді. Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Әсер ету механизмдерінің орталықтандырылған стандартты жинағымен басқара, жоғарыда аталған факторларды ескере, мемлекет еліміздің барлық аймақтарының қажеттіліктерін бірдей деңгейде оптималды қанағаттандыра алмайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу қажеттігі туындайды.
Бүгінгі таңда әрекет ететін жергілікті мемлекеттік басқару – ауыл, ауылдық округтер, аудандық мәндегі қалалар деңгейіндегі әкімдер институты – жеткілікті тиімді емес, өйткені жоғарыда тұрған әкімдер мен үкіметке күшті тәуелділікте тұр. Берілген деңгейдің басқару органдары жеке бюджетке ие емес, нәтижесінде экономикалық дара қызмет етуге мүмкіндігі жоқ. Олардың басшыларын тағайындау жүйесі әкімдерде «уақытылы» психологиясын тудырады. Соған байланысты олардың қызметі негізінен халықтың мүддесін қанағаттандыру мен экономикалық жинақтылыққа емес, ал жоғары тұрған органдардың бұйрығын орындауға бағытталған. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу болып табылады.

1. Қарақов М.Б. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару дамуының мәселелері мен болашағы // ҒТК материалдары. – Ақтөбе, 2008. – 28-31 б.
2. Альжани А. Децентрализация государственного управления – перспективы Республики Казахстан // Саясат. – 2003, №11. – с. 15-18.
3. Адасбаев Е, Кантарбаева А. Децентрализация государственного управления в Казахстане: проблемы и пути решения //Аль Пари. – 2000. - №3-4. – 27 с.
4. Курманбаев С.К., Гамарник Г.Н., Султанов О.С., Муниципальный менеджмент: учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2000. – 134 с.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. (1998 ж. 7 қазанда №284, 2007 ж. 21 мамырда № 254-ІІІ енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен). Алматы, 2009. – 44 б
6. Танкиева А.Қ. Жергiлiктi басқару және оның өзектi мәселелерi: оқу құралы - Алматы:Экономика, 2007.
7. Исаева А.Ж. Шетелдердегі жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тәжірибесі және оның Қазақстанда енгізу мәселелері//Д.А. Қонаев атындағы Университет хабаршысы., 2008, №2- 39 б
8. Горный М.Б. Местное самоуправление: проблемы и перспективы. СПб., 1997. – 132 с.
9. Реформирование ситемы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан / КИСИ при Президенте РК. – Алматы, 2005. – 276 с.
10. Децентрализация: эксперименты и реформы. Под редакцией Тамаша М.Хорвата. Органы местного самоуправления в Центральной и Восточной Европы. Том 1. Отпечатано в Будапеште, Венгрия, май, 2000г
11. Автономов А.С., Захаров А.А., Основы местного самоуправления и муниципального управления: Учебное пособие. В 2-х частях. – М.:РИЦ «Мун.власть», 1999. - 210, 159 с.
12. www.stat.kz ҚР-сы статистика Агеттігі
13. «Қазақстан-2030» бағдарламасы
14. Жанузакова Л.Т. Некоторые проблемы статуса маслихатов в условиях конституционной реформы // Вестник Института законодательства Республики Казахстан. – 2007. - №3
15. . Нүкенов А. Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері // Саясат. -2003

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Жергілікті өзін өзі басқарудың теориялық негіздері
Тексерген: Аширбекова Л.Ж.
э.ғ.к., доцент
Орындаған: Домалакова А.А.
Тобы: ГиМУ09 К2
Алматы, 2012ж
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру жергілікті өзін-өзі басқаруды
дамыту негізі ретінде
1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің
қалыптасуының теориялық аспектілері
ІІ ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН – ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ МОДЕЛЬДЕРІ
2.1.Шетел мемлекеттерінің жергілікті өзін өзі басқару тәжірибесі
2.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму
ерекшелігін талдау
ІІІ ТАРАУ. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ
БАҒЫТТАРЫ
3.1 Маслихаттардың рөлін көтеру жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын
тиімді орындау негізі ретінде
3.2 Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін жетілдірудің
бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік
реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқаруды
орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру
болып табылады. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-
өзі басқаруды дамытумен барлық экономикалық жүйенің толық қызмет етуі,
елдің тұрақты әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты.
Кез-келген қазіргі заманғы демократиялық мемлекет тым болмаса
жергілікті өзін-өзі басқару әдісіне кепілдік бермесе немесе оның бар екенін
мойындамаса, экономикалық және әлеуметтік үдерістердің тиімді басқарылуын
қамтамасыз ете алмайды. Себебі, басқару саласы аса күрделі және көпқырлы,
сондықтан қоғамдық дамудың барлық мәселелерін тек орталықтан шешу қиындық
туғызады. Сондықтан, басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін
өкілеттіліктің бір бөлігін тұрғындардың ортақ мүддесі тұрғысынан алып
қарағанда оңтайлы нәтижеге қол жеткізеді деуге болатын басқару деңгейіне
берген ұтымды және бұл нағыз демократияға жеткізер жолдың бірі.
Қазіргі уақытта белсенді түрде бірінші мәселе ретінде мемлекеттік
басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
мәселелері алға қойылып отыр. Жергілікті мәселелерді шешудің бір қадамы
2001 жылы экспериментті түрде ауыл әкімдерін және 2006 жылы аудан және
облыстық мәндегі қала әкімдерін сайлау болып табылды.
Бүгінгі таңда бұл жағдай Елбасының елдің негізгі Заңына жаңартулар
енгізуімен түбірінен қайта өзгерді. Қазақстан кең көлемді территорияны
иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының
қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі
экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық
және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Әсер ету механизмдерінің
орталықтандырылған стандартты жинағымен басқара, жоғарыда аталған
факторларды ескере, мемлекет еліміздің барлық аймақтарының қажеттіліктерін
бірдей деңгейде оптималды қанағаттандыра алмайды. Осыған байланысты
мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу қажеттігі
туындайды.
Бүгінгі таңда әрекет ететін жергілікті мемлекеттік басқару – ауыл,
ауылдық округтер, аудандық мәндегі қалалар деңгейіндегі әкімдер институты –
жеткілікті тиімді емес, өйткені жоғарыда тұрған әкімдер мен үкіметке күшті
тәуелділікте тұр. Берілген деңгейдің басқару органдары жеке бюджетке ие
емес, нәтижесінде экономикалық дара қызмет етуге мүмкіндігі жоқ. Олардың
басшыларын тағайындау жүйесі әкімдерде уақытылы психологиясын тудырады.
Соған байланысты олардың қызметі негізінен халықтың мүддесін қанағаттандыру
мен экономикалық жинақтылыққа емес, ал жоғары тұрған органдардың бұйрығын
орындауға бағытталған. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолы жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесін енгізу болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне жаңа талаптар мемлекеттік
басқару жағдайын зерттеу, сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесі ретінде
ғана емес, сонымен бірге ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі ретінде
ғылыми негізделген үлгіні жасау қажеттігін негіздейді. Бұған байланысты
мемлекеттік басқаруды реформалау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
мәселелерін зерттеу облысындағы теориялық - әдістемелік және қолданбалы
зерттеулердің ролі өседі.
Курстық жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасындағы жергілікті
өзін-өзі басқарудың қалыптасуының теориялық аспектілерін қарастыра отырып,
оның органдарының жай-күйі мен даму болашағын зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа сай жұмыста келесі негізгі міндеттер қойылды:
- мемлекеттік билікті орталықсыздандыру қажеттігін және жергілікті өзін-
өзі басқару жүйесін енгізуді негіздеу;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша әлемде
қалыптасқан модельдерді зерттеу;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызмет ету ерекшеліктерін
қарастыру;
- ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін шет мемлекеттермен
салыстырмалы талдау;
- мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
өзара әрекет етуін жетілдіру жолдарын айқындау;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін жетілдіру бағыттарын
ұсыну.
Курстық жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытындылар мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде экономиканы
дамыту және қоғамды демократиялауды нарықтық жолға қою бойынша реформалар
жүргізілді. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның алғашғы жылдарында
басымдылықты көңіл мемлекеттілікті бекіту, күшейтуге, халықаралық аренада
орын алуға, әлеуметтік-экономикалық сферда реформалар жүргізуге аударылды.
Дамудың қазіргі кезеңінде, яғни тәуелсіздіктің жалпы ұлттық негізі
құрастырылған кезде басымдылықты тапсырмалардың бірі жергілікті мемлекеттік
басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау, яғни
мемлекетік басқаруды орталықсыздандыру болып табылады.
Соңғы оңдаған жылдар бойында ұдайы зерттеулер жүргізіліп, мемлекеттік
басқарудың нәтижелі модельдері мен құрылымдары іздестірілуде. Көптеген
елдерде жүргізілген эксперименттердің нәтижесінде халықты басқарудың
төмендегі деңгейлері бөліп көрсетіле бастады:
- мемлекеттік басқару (федералдық немесе республикалық
деңгейде);
- жергілікті мемлекеттік басқару (әкімшілік-аумақтық құрылымның
жоғары буындары деңгейінде);
- аумақтық өзін-өзі басқару (төменгі әкімшілік-аумақтық бөлініс
деңгейінде) [1].
Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару 18 ғасырда пайда болды.
Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару, біріншіден, төте және өкілдікті
демократияның пошымы жеке бір әкімшілік ауқымында саяси құқықтармен
бостандықтарды іске асыру пошымы деп қарастырылады. Жергілікті өзін-өзі
басқару мемлекеттік басқарудың барлық буындарына азаматтардың қатысуын
жоққа шығармайтынын атап өту дұрыс. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару
мемлекеттік басқаруды толықтыру құралы ретінде қажет, ол аумақ істерін
көпшілік болып басқару жүйесінде азаматтардың пікірі мен мүддесінің барынша
ескерілуін қамтамасыз етуге тиіс. ТМД Парламентаралық Ассамблеяның 1994
жылғы 29 қазанда қабылданған арнайы Декларациясында жергілікті өзін-өзі
басқару Достастық мемлекеттерінің мемлекеттік және қоғамдық өмірін
демократиялық жолмен ұйымдастырудың қажетті элементі болып табылады деп
көрсетілген.
Орталықсыздандыру түсінігінің әртүрлі анықтамасымен бірге оның
әртүрлі нысандары бар. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру екі жақты
сипатқа ие. Осыған байланысты Қазақтан Республикасының стратегиялық
жоспарлау бойынша агенттігі мемлекеттік қызметті орталықсыздандыру
концепциясының жобасында мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың екі
нысанының - деконцентарция және деволюцияның бар екенін атап өтті.
Деконцентрация деп иерархиялық басқару жүйесінің күшін сақтай отырып,
мемлекеттік биліктің басқару функцияларын осы жүйесі бойынша төменгі билік
органдарына берумен байланысты процесті айтады. Оны әкімшілік
орталықсыздандыру деп те атайды. Деконцентрация басқарудың әкімшілік
астарына да қатысты және оның орталық және орталық емес басқару органдары
арасында функцияларды иерархиялық бөлуді қайта қалыптастыру сияқты
мақсаттары бар. Орталықсыздандыру саяси жағынан (саяси орталықсыздандыру)
келсе, ол шешім қабылдау құқығын жергілікті басқару органдарына беруді
білдіреді. Бұл құқықтық жүзеге асуы жергілікті басқарудың актісін
білдіреді. Деволюция (міндеттерді табыстау) жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына шешім қабылдауға және дербес қаржылық, басқарушылық іс-әрекет
жүргізуге құқық беруді білдіреді. Осылайша, орталықсыздандыру үрдісінің үш
сатысын былай да сипаттауға болады.[4]
Cурет 1 - Орталықсыздандыру процесінің үш сатысы [2, 87 б.].
Сонымен, жергілікті үкімет іс-әрекетінің дербестігін қамтамасыз
ететін шарттар қатарын былай кескіндеуге болады:
1. Саяси автономия, яғни мемлекеттің құрылымына тәуелсіз, жергілікті
қауымдастықтың өкілетті органдарын тікелей жалпылама таңдау арқылы
сайлау. Атқарушы органды өздерінің сайлауы арқылы қалыптастырады, ол
өзінің функциясын орындауда орталықтың тәуелсіз құқығына ие болуы
мүмкін.
2. Құқықтық автономия – заңмен бекітілген және биліктің басқа
деңгейлерімен табысталған өз өкілдіктерін дербес жүзеге асыру құқығы.
3. Әкімшілік автономия, билік деңгейлері тарапынан иерархиялық
бағыныштылықтан еркін (демократиялық орталықтандыру қағидасынан бас
тарту - төменгінің жоғары тұрған органға бағыныштылығы).
4. Қаржылық автономия – жергілікті мәселелер шешуге қажетті қаржы
ресурстарының қолма-қолдығын және оларды пайдалану мүмкіндіктері мен
олардың қозғалысын басқаруды (орналастыруды, бөлуді) білдіреді.
Қазіргі ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі
қарқынды дамып келе жатқан қоғамда мемлекеттік басқаруды
орталықсыздандырудың маңызы арта түсуде. 2007 жылдың 28 ақпанындағы
Парламент палаталарының бірлескен отырысында жария етілген Президенттің
Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында демократия, жергілікті басқаруды
жетілдіру мәселелері жан-жақты көрініс тапты. Онда еліміздегі
демократияландыру және тиімді басқару мәселелері қозғалды. Соның ішінде
жергілікті өкілетті органдарды дамыту, мәслихаттарды күшейтіп, өкілеттігін
кеңейту және уақыт өте келе мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқаруды
қалыптастырудың негізіне айналуы атап өтілді. Жергілікті өкілетті органдары
– мәслихат. "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заң бойынша
мәслихаттардың өкілеттіктеріне төмендегілер жатқызылады:
• аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын,
жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
• қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;
• әкім ұсынған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;
• әкімнің ұсынысы бойынша әкиматтың жеке құрамын маслихат сиссиясының
шешімімен келісу;
• атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, маслихат шешімін
орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды
тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша сәйкес органдарға ұсыныс беру;
• ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;
• ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;
• жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму
бағдарламаларының орындалуына бақылау;
Мәслихат өзінің өкілетін сессияда (сессия жылына 4 рет өткізіледі),
өзінің тұрақты комиссиясы, маслихат сессиясының төрағасы, депутаттар,
маслихат хатшысы арқылы жүзеге асырады.
Президенттік бақылауды тікелей президент өзі немесе оның әкімшілігі
жүзеге асырады. Президент облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерін
сәйкес мәслихаттың ұсынысы бойынша тағайындайды.
Қазақстанда жергілікті билікті ұйымдастырудың Конституциялық үлгісі
өкілетті орталықтандырылған бақылауды сақтауды қарастырады. Бүгінгі таңда
биліктің жергілікті органдардың функциялдық құрылымы аймақтарда әртүрлі
және әкімшілік-территориялық басшылық ауысқан сайын өзгереді. Кейбір
аймақтарда обылыстық орталық денгейіндегі жеке қалалық звенолар қалалықпен
біріктірілген, аудандық органдар обылыстық атқарушы органға бағынышты.
Осыған байланысты қызмет көрсетуге жауапкершілік аудандық (қалалық) звено
құзіретіне қалса, ал қаржыландыру сәйкесінше атқаруды бақылау мен басшылық
обылыс орталығында жүзеге асырады, екеулік бағынушылық жүйесі туындайды.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі демократиялық мемлекеттің қызмет
етіуінің қажетті шарты болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару
концепциясының негізінде адамды мемлекетті басқаруға, оның өміріндегі
маңызды мәселелерді шешуге қатысу құқығымен қамтамасыз ету жатыр. Адамның
өзінен басқа ешкім оның мүдесін нақты көрсете алмайды. Сондықтан оның
мүдделері нақты шешімге айналатын билік денгейіне жақын болған сайын, оның
қызметі тиімді болады. Тәжірибеде бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың
кеңінен таралғанын, адамдардың күнделікті өмірлеріне тікелей қатысты
мәселелердің көбісін оның билігіне беруді білдіреді. 1949 ж 10 желтоқсанда
адам құқығының жалпы демократиясы әрбір адам өз мемлекетін басқаруға
тікелей немесе еркін сайланған өкілдер арқылы құқығы бар деп бекітті. Мұнда
жергілікті өзін-өзі басқарудың қандай орын алатынын Европалық кеңестің
мүшелерінің 1985ж 15 қыркүйекте Жергілікті өзін-өзі басқару хартиясын
қабылдауы болып табылады.
Хартияның негізгі қағидасы тікелей қоғамдық істерге қатысуға
азамтаттардың тікелей полстулаты тек жергілікті денгейде жүзеге асырылуы
мүмкін, ал жергілікті территориялық құрылымдар кез-келген мемлекеттің
демократиялық нысанының негізінің бірі. Жергілікті өзін-өзі басқару
концепциясы заң актілерінде көрсетілген жергілікті органдардың құқықары мен
міндеттерін – өз жауапкершілігімен жергілікті халықтың мүдесіне қоғамдық
істердің маңызды үлесін басқару мен реттеуді жүзеге асыруды білдіреді.
Мұндай құқық жасырын дауыс беру жолымен сайланған мүшелерден тұратын кеңес
немесе жиналыстармен жүзеге асырылады. Олардың алдында жауапты атқарушы
органдарға ие [6].
Жергілікті өзін-өзі басқару – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мемлекеттік істердің маңызды бөлігін реттеуге және оны өз жауапкершілігі
мен жергілікті халық мүддесінде заң шегінде басқаруға құқығы мен
мүмкіндігі.
Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл қандай да бір ұйымның өмір сүруіне,
тарихи сипаты бойынша құқықтар мен әлеуметтік жаңалықтар беруге, оларға
қатысты істерде осы индивидтерді бірігіп пайдалануға, ұйымдарды басқарудың
субъектісі мен объектісі арасындағы байланыстың жоқтығына қатысты осы
ұйымның нормалар мен шешімдерін қамтамасыз ететін қоғамдық ұйымның
салыстырмалы автономды қызмет етуі .
Жоғарыдағы аталғандарды ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқару
ұғымына анықтама берейік. Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл жергілікті
мәндегі мәселелерді шешу үшін азаматтардың территориялық өзін-өзі
ұйымдастыруы. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес қызмет
етуі мен тәуелсіздігі, қоғамдық пікірлердің жариялылығы мен есебі,
жергілікті және мемлекеттік мүдделердің заң негізінде жүзеге асырылуы.
Кез-келген мемлекетте жергілікті өзін-өзі басқару негізгі үш мақсатты
жүзеге асыру құралы ретінде қызмет етеді: мемлекеттік басқаруда
орталықсыздындыруды қамтамасыз ету; жергілікті мәндегі мәселелерді шешуде
демократиялық бастауларды дамыту және жергілікті істерді жүргізуде
тиімділікті көрсету [7].
Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі қоғам мен мемлекеттің өмір
сүруін ұйымдастыру туралы кешенді және әртүрлі бейнелеуді қамтиды.
Жергілікті өзін-өзі басқару деп әдетте жергілікті мәндегі мәселелерді
халықтың дербес шешуін көрсететін жергілікті денгейдегі биліктің
конституциялық бекітілген ұйымдастырылуы түсіндіріледі. Сәйкесінше,
жергілікті өзін-өзі басқару:
➢ елдің конституциялық тәртібінің негізі;
➢ жергілікті мәндегі мәселелерді халықтың өзінің шешу құқығы;
➢ халықтың билік ету нысаны;
Қазақстан мемлекеті демократиялық мемлекет ретінде танылып, Қазақстан
Республикасының Конституциясы халықтың билік етуінен, билікті заң шығарушы,
атқарушы, сотқа бөлуден, идеологиялық және саяси әр түрлілігінен,
жергілікті өзін-өзі басқарудан көрініс табатын мемлекеттік демократизімінің
маңызды тәртібін бекітеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару Қазақстан Республикасының Конституциясымен
танылады және кепілдендірледі. Қазақстан Республикасының Конституциясының
89-бабында жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті мәндегі мәселелерді заң
негізінде шешуді;тікелей сайлау жолымен сонда тұратын халық және сайланған
органдар арқылы жүзеге асыруды; заңмен бекітілген өкілеттілік шегінде оның
қызметін жүзеге асыруды білдіреді [7].
Конституциялық тәртіптің бір негізі ретінде жергілікті өзін-өзі
басқаруды тану басқарудың орталықсыздандырылған жүйесін қалыптастыруды,
мемлекеттік биліктің орталық органдары, мемлекеттік биліктің жергілікті
органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзара байланысының
басқа да негізін бекітуді білдіреді.
Жергілікті өзін-өзі басқару халықтың билік ету нысаны ретінде келесі
негізгі белгілерге ие болуы тиіс:
1. жергілікті өзін-өзі басқару ерекше субьектіге ие – жергілікті
қоғамдастықтың халқы;
2. жергілікті өзін-өзі басқару – қоғам мен мемлекетті басқарудың
демократиялық механизімінің ерекше нысаны;
3. жергілікті өзін-өзі басқару ерекше объектіге ие – жергілікі мәндегі
мәселелер;
4. жергілікті өзін-өзі басқару билікті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың
ерекше нысанына – дербестікке ие;
5. жергілікті өзін-өзі басқару өзінің жауапкершілігі негізінде өз
қызметін жүзеге асырады.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі органдар мен олардың қызметінен,
қағидалардан, өкілеттіктер шеңберінен және жергілікті өзін-өзі басқарудың
қызмет негізінен құралады.
Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару саласындағы
реформалар мен өзгерістер жасаудың мақсаты - ұтымды ұйымдастырылған
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі арқылы жергілікті ресурстарды тиімді
пайдалану, әлеуметтік мәселелерді шешу мен халықтың билікке деген сенімін
арттыру болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару халықтың жергілікті
мәселелерді шешудегі белсенділігін арттырып, қоғамдағы өзін-өзі басқару мен
бастамашылдыққа деген ішкі стимулдар құрып қана емес, сонымен қатар
әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуға алып келуі тиіс.
Cурет 2 - Жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы [1, 102 б.]
Жергілікті өзін-өзі басқару теориясына арналған еңбектерді талдау
нәтижесінде келесі негізгі қағидаларды бөлуге болады:
1. Жергілікті мәселелерді халықпен шешудің дербестігі. Ол жергілікті
референдум, жергілікті қоғамдастықтарды сайлау пікірін білдірудің басқа
нысандары жолымен, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланушы
немесе басқа органы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды
ұйымдастыру мен жүзеге асырудың осы және басқа да нысандары жергілікті
қоғамдастықпен дербес жасалынатын және халықпен тікелей немесе жергілікті
өзін-өзі басқарудың өкілді органымен қабылданатын жергілікті
қоғамдастықтардың жарғысымен реттелінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару
органдары өз бетінше жергілікті меншікті басқарады, жергілікті бюджетті
қалыптастырады, бекітеді және орындайды, жергілікті салықтар мен алымдарды
бекітеді. Азаматтардың пікірін тікелей көрсету жолымен қабылданған
шешімдер, сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен
лауазымды тұлғаларының шешімдерін жергілікті құрылым территориясындағы
кәсіпорын, мекемелер және ұжымдар өздерінің ұйымдастырушылық-құқықтық
нысанынан тәуелсіз орындауға міндетті.
2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекетті басқару жүйесінде
ұйымдастырушылық негізделуі және ортақ тапсырмалар мен қызметтерді жүзеге
асырудағы олардың мемлекеттік билік органдарымен өзара байланысы. Яғни
жергілікті деңгейдегі әкімшілік пен маслихаттың өзара байланысты іс-қимылын
білдіреді. Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқару қызметіндегі
заңдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың материалдық және қаржылық ресурсының
оның өкілетілігімен үйлесуі. Кез-келген жергілікті өзін-өзі басқару
құылымның бөлінбейтін атрибуты жергілікті өзін-өзі басқару меншік пен
жергілікті бюджет болып табылады.
4. Халық алдындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі. Жергілікті мәселелердің қанағаттандырылмай
шешілуі кезінде жергілікті қоғамдастық халқының претензиялары жергілікті
өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғаларға, сонымен қатар өздеріне
хабарлануы тиіс. Халық алдындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
жауапкершілігі халық тарапынан сенімсіздік туғанда пайда болатын және
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының депутаттарына және лауазымды
тұлғаларына сенімсіздік білдіру, оларды орнынан босатуға құқы арқылы
көрінеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың
жауапкершілігі, тәртібі мен шарттары халықтың сенімділік білдіруі
нәтижесінде жергілікті қоғамдастықтың жарғысымен анықталады.
сумен қамтамасыз ету мекемелерінің қаржымен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру
мәселелерімен айналысуы керек. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени құрылыс үшін; халықты сауда
тауарларымен, қоғамдық тамақ және тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз
ету үшін мәдениет ұйымдарының, бұқаралық ақпарат ұйымдарының және т.б.
қызметін ұйымдастыру үшін жағдай туғызуға міндетті. Осымен бірге,
жергілікті өзін-өзі басқару органдары халықтың санитарлық игілігін,
әлеуметтік қолдау мен халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал етуі керек.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың
тиімді жүйесін қалыптастыру және қызмет етуі бойынша шаралар жүргізу үшін
және тереңінен, толық түсіну үшін шетел мемлекеттерінің жергілікті өзін-өзі
басқару тәжерибесін зерттеу қажет болып табылады.
Әр түрлі елдердегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының күші,
ықпалы әрекет етуші саяси тәртіптің демократияланған денгейін көрсетеді.
Бұл органдар орталықтың абсолютті билігіне тікелей қайшылық ретінде
туындаған және дамып жатыр. Осыған байланысты олар жиі орталық үкіметке
оппозиция болып қалады, сондықтан олардың өзара қатынастарды өкілеттілікті
бөлу қаржылық, экономикалық және тағы да басқа бойынша анық қайшылықтармен
сипатталады. Алғашында бұл органдар қоғамның дәулетті азаматтарының
шектелген сайлау құқығы негізінде, кейбір кедергілердің бар болуына
байланысты қалыптасқан. Негізінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қалыптасу жүйесі демократияланады, бұл органдар жалпы айналып халыққа
жақындатылады.
Қазіргі уақытта шетелдерде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің
маңызды белгілері олардың әмбебап таңдаулылығы мен жергілікті мәселелерді
шешудегі дербестігі болып табылады. Бұл дербестік жергілікті өзін-өзі
басқару меншікті меншікке, салықтарды алу және пайдалану құқығына,
жергілікті басқару мәселелері бойынша нормативті актілерді қабылдау
мүмкіндігіне, жергілікті полицияны басқаруға және т.б сүйенеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару кез-келген қазіргі демократиялық қоғамның
атрибуы болып табылады. Шетел муниципализмі жергілікті өзін-өзі басқаруды
ұйымдастырудың көптеген түрлері мен үлгілеріне ие. Жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесін құрудағы әр түрлілік көптеген факторларға тәуелді: саяси
тәртіп, жергілікті жерлерде билік пен басқаруды ұйымдастыру идеялары,
мемлекеттің құрылымы мен мемлекеттік территориялық бөлінуі, ұлттық
дәстүрлер және тағы сол сияқтылар.
Қазіргі уақытта ғылыми әдебиеттерде жергілікті өзін-өзі басқаруды
ұйымдастырудың үш негізгі үлгісін бөліп көрсетеді: англосаксондық,
континенталдық, аралас.
Англосаксондық (классикалық) үлгі құқықтық жүйесі ұқсас мемлекеттерде
кеңінен таралған: Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Индия, Австралия және т.б.
Бұл үлгінің негізгі белгілері:
▪ а) ресми автономия және жергілікті өзін-өзі басқарудың дербестігі;
▪ ә) жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қорғайтын
өкілеттендірілген орталық биліктің жоқтығы;
Осы бағытқа сүйенетін мемлекеттерде орталық билік пен жергілікті өзін-өзі
басқару арасындағы байланыстар берілген өклеттілігі шегінде әрекет ету
қағидасымен анықталады, яғни жергілікті өзін-өзі басқару органдары заңда
көрсетілген әрекеттерді ғана жүзеге асыра алады. Ал басқа әрекеттер
өкілеттілігін асыра жүзеге асырылған деп саналып заңсыз деп танылуы мүмкін.
Берілген үлгі жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын бақылау үшін орталықтан тағайындалған қандайда бір шенеуніктің
болуын қарастырады. Заң негізінде жергілікті кеңес дербес өз бетінше және
өз жауапкершілігіне ала отырып орталық органдардың өкілеттілігіне кірмейтін
мәселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органын бақылау негізінен
жанама болып табылады. Олардың қызметтерін қаржыландыру арқылы салалық
министрліктер инспекциялық тексеру жүргізу жолымен; адаптивті заң қабылдау
жолымен (парламент типтік заң қабылдайды, жергілікті органдар жергілікті
ерекшеліктерге негізделген өзгерістер енгізеді) бақылау нысанында
болады.Бұл үлгі федеративті құрылымды және англосаксондық құрылымды
жүйедегі мемлекеттерге арналғандықтан, біздің мемлекет үшін қолданылмайды.
Континенталдық (француз) үлгісі тек континенталды Европада (Франция,
Италия, Белгия) ғана емес, сонымен қатар Латын Америкасы, Таяу Шығыс,
Француз тілді Африка мемлекеттерінің көбінде тараған.
Бұл үлгінің ерекше белгілері: а) жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті
мемлекеттік басқарудың үйлесімділігі; ә) жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесінің белгілі бір иерархиясы; б) жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды өкілетті түрде жүзеге асыратын
мемлекеттік арнайы органның жергілікті деңгейде болуы болып табылады.
Қазақстан үшін қолдануға ыңғайлы үлгі – француздық болып табылады,
себебі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы Франциядағы сияқты унитарлы болып
табылады, сонымен қатар келесідей факторларды ескерген дұрыс: халықтың
менталитеті, халықтың саясатқа араласу деңгейі.
Аталған шетел үлгілерімен қатар жергілікті өзін-өзі басқару тарихы
жергілікті өзін-өзі басқару ерешелігіне сәйкес кеңестік үлгінің болуын
көрсетеді. Бұл үлгі социализмнің әлемдік жүйесі мемлекеттері мен
постсоциалистік түрдегі дамушы мемлекеттердің кейбіреулерінде тараған
болатын. Ал қазір бұл белгілер социалистік бағытты сақтап қалған аздаған
елддерде ғана көрінеді (Қытай, Куба, КХДР)[10,136-137б.б].
Жергілікті жерлерде билікті ұйымдастырудың аталған дәстүрлі
үлгілерінің тізімі аяқталмайды. Берілген зертеулерде жиі кездесетін
үлгілерді қарастырдық. Сонымен қатар басқа да ерекше нұсқалар кездеседі.
Мысалы, көшпелі тап немесе ру сияқты әкімшілік – территориялық бірліктерде
топ басшысы жалғыз өзі немесе ақсақалдар кеңесі құрамында басшылар кеңесі
басқарушылық қызметтерді орындайды. Мұндай елдерге Африка елдерін жатқызуға
болады. Мұндай басшылардың әкімшілік өкілеттіліктерінің жергілікті мәндегі
мәселерді шешу кезінде ықпалы зор болып отыр. Жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының құрамына басшы кіретін елдерге – Малайзия, Сингапур, Жаңа
Гвиннея және тағы басқалар жатады.
Жергілікті органдардың басты мәселелері жергілікті бюджетті қабылдау
және осы бюджет негізінде ақшаны бөлу болып табылады. Сонымен қатар әр
түрлі жергілікті мәселелерді шешу бойынша актілер қабылдайды. Бұл актілерді
жүзеге асыру атқарушы органдардың қызметі болып табылады. Ол тікелей
азаматтармен сайланады, ал кейбір елдерде мэрлер жергілікті жердегі
үкіметтің ұсынысы бойынша мемлекет басшысымен тағайындалады (Белгия,
Голландия). Мэр немесе бургамистр қызметі әр түрлі болады. Кейбір елдерде
ол өкілділік қызметін орындайды, ал кейбір елдерде кәсіби менеджер,
басқарушы қызметін атқарады. Бұл жағдайда мэр немесе бургамистр делегацияны
қабылдайды, әр түрлі жиналыстарға қатысады.
Күшті мэр – кеңес үлгісі бойынша мэр дербес және жалғыз өзі
әкімшілікті басқарады, кадрлық құрылымды да өзі бекітеді. Бұл үлгіде мэр
халықпен сайланады, кеңес шешіміне ықпал ете алады, кеңес қызметін
ұйымдастырады, оның жиналыстарында болады, актілерге қол қояды. Тепе-
теңдікті сақтау үшін кеңес депутаттарының көпшілік дауысына ие.
Сенімділікті жоғалту жағдайында мэрдің өкілеттілігін уақытынан бұрын босату
механизмі сайлаушылар тарпынан жергілікті референдум болып табылады.
Әлсіз мэр – кеңес үлгісі алдындағы үлгіден кеңестің мэрден
әкімшіліктің лауазымды қызметткерлерін тағайындау немесе жұмыстан босатуға
міндетті түрде рұхсат алу және кейбір құқтық актілерін қабылдаумен
айрықшаланады.
Кеңес- басқарушы үлгісінде мэр қызметі қарастырылмайды. Кеңестің
қызметін ұйымдастыруды кеңес депутаттары ішінен сайланатын төраға жүзеге
асырады.
Комиссия - үлгісі жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды
тұлғаларының көбісін сайлауға және өкілді және атқарушы қызметтерді
үйлестіруге негізделген. Мұнда өкілді органдардың депутаттары емес,
жергілікті әкімшілік органдарды мен құрылымдық бөлімшелердің басшылықтары
сайланады.
Сонымен жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі мемлекеттік
құрылымды басқару нысанына, саяси тәртібіне, құқықтық жүйесіне және басқа
да факторларға негізделген жергілікті өзін-өзі басқарудың көптеген
үлгілері, түрлері, құрлымдары бар екенін көрсетеді. Тікелей бір үлгіні
еліміз үшін қолдануға болмайды. Еліміздің тарихи, географиялық,
демографиялық ерекшеліктерін ескере отырып шетелдің бай тәжрибесін
пайдаланып, өзімізге тән жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін қарастырған
жөн.
Шетелдік тәжірибелерді талдай отырып, Қазақстан үшін еуропалық модель
жақынырақ деуге болады. Бірақ, Қазақстанға тән ерекшеліктердің ескерілуі
керектігін ұмытпаған жөн.

ерекшелігі
Дүние жүзінде қалыптасқан жергілікті өзін-өзі басқару модельдері
мемлекеттің басқарылу нысаны, қалыптасқан саяси режимі, құқықтық жүйесі
және тағы басқа фактоларға байланысты дамыған. Зерттелген модельдердің
қайсы бірінің өзгеріссіз Қазақстанда енгізілуі мүмкін емес, себебі,
еліміздің тарихи дамуы, демографиялық және географиялық ерекшеліктері
шетелдік өзін-өзі басқару модельдерін зерттей отырып, жергілікті өзін-өзі
басқарудың Қазақстандық үлгісін қалыптастыруды қажет етеді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу мәселесі күрделі және ауқымды
үрдіс болып табылады. Өйткені, бұл институтты енгізудің саяси,
экономикалық, құқықтық және әлеуметтік маңызы зор. Қазақстан
Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару техникалық немесе әкімшілік
сипаттан гөрі саяси сипатқа ие. Осы уақытқа дейін жүргізіліп келген
әкімшілік реформалар шеңберінде тиімді қызмет ететін жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесіне орын болмады. Алайда, Қазақстан жағдайында жергілікті өзін-
өзі басқаруды енгізуге деген саяси беттеу мен жігер-ерік болды. Ол 1995
жылғы Қазақстан Ресубликасының Ата Заңында көрініс тапты[12].
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында біртұтастық пен
басқарушылық талаптарының бұлжымай орындалуы жағдайында мемлекеттік
биліктің түрлі деңгейлері арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен
жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі
жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс
істеуі үшін жағдайлар тұрғызу басты мақсат болып табылады. Жергілікті өзін-
өзі басқару институттарын кезең-кезеңімен қалыптастыру азаматтық қоғам
институттарын нығайтуға ықпал етпек.
Елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасуы экономиканы басқару жүйесінің
өзгеруіне әсер етті. Әсіресе, мемлекеттік басқарудың орталықтандырылған
жүйесінен біртіндеп орталықтандырмай басқару жүйесіне ауысу процесінің
басталуы уақыт талабына сай екенін айқындап отыр. Сондықтан да қазір
мемлекеттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz