Қазақ әдебиетің газетінде тарихи тақырыптың жазылуы


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МҰҚАБА

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

БІРІНШІ ТАРАУ.

«Мәдени мұра бағдарламасы және тарихи таным . . . 7

ЕКІНШІ ТАРАУ.

Айтары мол айдарлар . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45

СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ . . . 49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЖӘНЕ ОҚЫЛҒАН

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53

КІРІСПЕ

Диплом жұмысымның тақырыбы «Қазақ әдебиетің газетінде тарихи тақырыптың жазылуың деп аталады. «Қазақ әдебиетің басылымының тамыры тереңде, тарихы тұңғиықта жатыр. Аталмыш үнқағазды оқымайтын қазақ жоқ. Алаштың біртуар азаматтары, ғұмырын өз халқының әдебиеті мен мәдениетін, тарихын өркендетуге сарп еткен Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Асқар Тоқмағамбетов, Әлжаппар Әбішев, Сырбай Мәуленов, Ісләм Жарылғапов, Әбділдә Тәжібаев, Зейнолла Қабдолов, Жұмағали Сайын, Жұмағали Ысмағұлов, Әбден Сатыбалдиев, Әзілхан Нұршайықов, Қапан Сатыбалдин, Нығмет Ғабдуллин, Сәкен Жүнісов, Әнуар Әлімжанов, Сырбай Мәуленов, Сайын Мұратбеков, Шерхан Мұртаза, Төлен Әбдіков, Оралхан Бөкей, Ахат Жақсыбаев, Жұмабек Кенжалин сынды қайраткерлердің қол таңбасы қалған, халқымыздың рухани өсуіне, Тәуелсіз мемлекетіміздің іргесі бекемдене түсуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқан бірден-бір басылым өз үні, өз ұстанымы арқылы қалыптасқан үрдісті жалғастырып келеді.

Қазақ атамыз: «Артыңа қара адаспауыңа жақсы, алдыңа қара шалынбауыңа жақсың деген екен. Сол сияқты, адам баласын адастырмайтын, шатастырмайтын, болашағына жол сілтейтін бір ғана тарих жолы. Тарих - мирас, ата бабамыздың жүріп өткен жолы. «Қазақ әдебиетің газетіндегі тарихи тақырыптың жазылуың дегенде 2002 жылдың мамыр айы мен 2008 жылдың наурыз айларының аралығын қарастыруды мақсат еттім. Себебі, дәл осы жылдардың аралығында Ұлықбек Есдәулетов «Қазақ әдебиетің газетінде бас редакторлық қызметін атқарды. Бір редактордың тұсындағы газеттің тыныс-тіршілігін танып-білу, ондағы тарихи тақырыпты талдап таразылаудың өзі оңай шару емес деп білемін.

«Қазақ әдебиетің газетінің 2002 жылы 3 мамырдағы санында былай делініпті: «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхамедтің бұйрығымен талантты ақын, танымал публицист, Жастар одағы сыйлығының және Халықаралық «Алашң әдеби сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулет «Қазақ әдебиетің газетінің бас редакторы болып тағайындалды. «Қазақстан пионерің, «Қазақ әдебиетің газеттерінде, «Жас қазақң газетінде (бас редактор), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратында жауапты қызметкер атқарған тәжірибелі қаламгердің «Қазақ әдебиетінең де соны жаңалық әкеліп, тың серпін беретініне сенімдімізң [1] .

Республикамызға кеңінен танымал қазақ қаламгерлерінің шыңдалу мектебі болған ұлттық әдеби газетіміздің шежіре беттеріне де бір сәт көңіл бөлсек. Арнаулы әдебиет газеті қашанда, қай елде болса да кең мағынасындағы көркем туынды өр биіктен сарқырай құлап, әр саламен ағылып келіп үлкен бір арнада тоғысар кезінде туады. «Қазақ әдебиетің де осындай бір белестерде туды. Яғни, Қазақстан шұғыл дәуірлей жөнелген индустриялы елге айналудың берік іргесі қалана бастағанда туды. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясының мәліметіне сүйенсек, «Қазақ әдебиетің апталық, әдеби мәдени газет. Қазақстан Жазушылар одағының органы ретінде бірінші саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген. Алғашқы редакторы Бейімбет Майлин дей келе, газет беттерінде қазақ ақын-жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, эсселері, повесть романдарынан үзінділер, байырғы мәдени-рухани қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызды тануға мүмкіндік беретін тың деректер мен археологиялық, этнографиялық мұралар, қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні және келешегі жайлы байыпты әдеби сын мақалалар, елге елеулі мәселелер, дүние жүзі классиктерінің үздік туындыларынан аудармалар жарияланады. [2]

Жалпы, тарихты жасайтын да халық, ұлттың ұлылығын сақтайтын да халық. «Біздің жазушылар, тарихшылар, ғылыми қызметкерлер шындықты жазып, жас қауымды тәрбиелеуі керек еді, бірақ бұл іс істелген жоқң, - деп Бауыржан Момышұлы кезінде кейіген екен. Бірақ, қазір ол заман емес, шындық айтылуын айтылса да, қателіктер кетеді. Мысалы, «Қазақ әдебиетің газетінің ағашқы редакторы Бейімбет Майлинң деп «Қазақстан Ұлттық Энцикло-педиясың мәлімдесе, Қазақ әдебиетінің шежіре беттеріндегі мәлім-демеде алғашқы редактор Ғабит Мүсірепов, жауапты хатшы қызметін атқарған Мұхаметжан Қаратаев, ал Бейімбет Майлин редколлегияның мүшесі болған делініпті. Алайда, екі ақпаратты да берген «Қазақ әдебиетің газетінің қызметкері (сол кездегі) - Болат Шарахымбай.

  • Аталмыш газетіміздің бірінші саны 1934 жылы 10 қаңтарда жарық көрді.
  • Алғашқы жылдары Совет жазушылары Қазақстандық комитетінің тілі (органы) ретінде шығып тұрған.
  • Газет редакциясының алғашқы мекен-жайы: Алматы қаласы, Красин көшесі, 41- үй. Қазіргі мекен-жайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105- үй, 3- қабат.
  • Тұңғыш редакторы Ғабит Мүсірепов, жауапты хатшысы Мұхамеджан Қаратаев болды.
  • Редколлегияға Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Әйтеке Мусин, Ғабит Мүсірепов және Мұхаметжан Қаратаев мүше болды.
  • Алғашқы жылдары газеттің белгілі бір ретпен шығатын жүйесі қалыптаспады. Әр жылдардағы саны әр түрлі шығып тұрды. Мысалы: 1934 жылы 31 саны шықса, 1935 жылы 35 саны, 1936 жылы 50 саны, 1937 жылы 54 саны, 1938 жылы 17 саны, 1939 жылы 2 саны, 1940 жылы 6 саны жарық көрді.
  • Газеттің таралымы алғашқы жылдары - 1934 жылы 1 мыңнан 3 мың көлемінде болса, 1935 жылы 3500- ге жеткен.
  • 1940 жылы шыққан 6 нөмірдің барлығы қаңтар айында жарық көрген. Ал одан кейін мүлдем тоқтап, 1954 жылдың аяғына дейін шыққан жоқ.
  • «Қазақ әдебиетің он бес жылдық үзілістен кейін 1955 жылы 14 қаңтарда қайтадан жарық көрді.
  • Қайта жарық көрген басылымның бас редакторы болып Сырбай Мәуленов тағайындалды. [4]
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міржақып дулатов- зерделі сөз зергері
М. Дулатов - зерделі сөз зергері
С. МҰҚАНОВТЫҢ ШОҚАН ЖАЙЛЫ МАҚАЛАЛАРЫ
Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылығы
«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі
«Қазақтағы» әдебиетті зерттеу мен әдеби сын мәселелері
БАҚ ғылым жайында
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz