Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында тәтті бұрыш дақылын өсіру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ: Аннотация
:
:
КІРІСПЕ: Нормативтік сілтемелер
:
:
КІРІСПЕ: Анықтаулар мен терминдерге ережелік сілтемелер
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 1
КІРІСПЕ: Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетке шолу
:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Зерттеу нысаны болып табылатын тәтті бұрыштың морфологиялық сипаттамасы
:
: 1. 2
КІРІСПЕ: Тәтті бұрыштың шыққан жері және маңыздылығы
:
: 1. 3
КІРІСПЕ: Тәтті бұрыштың биологиялық ерекшеліктері мен тыңайтқыштары
:
: 1. 4
КІРІСПЕ: Бұрышты өсірудің көшетсіз және көшеттік әдістері
:
: 1. 5
КІРІСПЕ: Тәтті бұрыштың сорттары
:
: 1. 6
КІРІСПЕ: Тәтті бұрышты суару
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 2
КІРІСПЕ: Зерттеу ауданы мен аймағындағы табиғи-климаттық жағдайлары
:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Аймақтың ауа-райы ерекшеліктері
:
: 2. 2
КІРІСПЕ: Топырақ сипаттамасы
:
: 2. 3
КІРІСПЕ: Табиғи өсімдік жамылғысы және гидрографиясы
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 3
КІРІСПЕ: Зерттеу бағдарламасы мен әдістемесі
:
: 3. 1
КІРІСПЕ: Тәжірибе нобайларының бағдарламасы
:
: 3. 2
КІРІСПЕ: Зерттеулерді жүргізу жағдайлары
:
: 3. 3
КІРІСПЕ: Экспериментальды мәліметтер жинауға қажетті әдістемелер
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 4
КІРІСПЕ: Зерттеу нәтижелері
:
: 4. 1
КІРІСПЕ: Бұрыш өніміне тыңайтқыштардың әсері
:
: 4. 2
КІРІСПЕ: Булыжайға тұқым себу және ашық жерге көшет отырғызу мерзімдері
:
: 4. 3
КІРІСПЕ: Тәтті бұрышты көшетсіз және көшеттік әдіспен өсірудің тиімділігі
:
: 4. 4
КІРІСПЕ: Бұрыш өнімділігіне суарудың әсері
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ: ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫСТАР
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМШАЛАР
:

Аннотация

Дипломдық жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында тәтті бұрыш дақылын өсіру технологиясының кейбір элементтерін қарастыра отырып жасалынған. Жұмысты орындау барысында аймақтың табиғи-климаттық жағдайлары мен топырақ ерекшеліктері, сондай-ақ дақылдың биологиялық ерекшеліктері ескерілді.

Аналитикалық бөлімде тәтті бұрыштың морфологиялық сипаттамасы мен биологиялық ерекшеліктері келтірілген.

Технологиялық бөлімде аймақтың ауа-райы жағдайлары мен топырақтың сипаттамасы келтіріліп, дақылды өсіру жолдары жазылды.

Қоршаған ортаны қорғау немесе техника қауіпсіздігі туралы мәселелер ауылшаруашылы саласында кездесетін жайттары туралы баяндалған.

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста қазіргі ауыл шаруашылығы ғылымында қолданылатын мынадай мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарға сілтеме жасалған:

МЕСТ 2-102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері мен жиынтығы.

МЕСТ2. 104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар.

МЕСТ 2. 201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың белгілері.

МЕСТ 2. 301-68 ЕСКД. Форматтар.

МЕСТ2. 601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.

МЕСТ 2 304-81 ЕСКД. Сызудың шрифты

МЕСТ 12046-85. Мемлекет аралық стандарт. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Сапа туралы құжат.

МЕСТ 20081-74 Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Терминдер. Анықтаулар.

МЕСТ 52325-2005. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Сорттық және егістік сапа

МЕСТ 2. 321-84 ЕСКД. Әріптік белгілеулер.

ӘН ОҚМУ 7. 03-2012 «Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жұмыс».

МЕСТ 2. 105-79 Конструкторлық Құжаттарды Бірдей Жүйелеу

Анықтаулар мен терминдерге ережелік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста өлшемдерге төмендегідей сілтемелер пайдаланылған:

Мемлекет аралық өлшемдеу ГОСТ 732-2001. «Ғылыми-зерттеу жұмыстарының есеп беруі туралы» - құрылымы және көркемдеу ережелері.

ГОСТ 11265-70 «Ауылшаруашылығы және егін шаруашылығы» - терминдер және анықтаулар. 1978.

Жұмыста төмендегідей анықтаулар мен терминдер жиі кездесетін болады - бастапқы және толық пісу; тауарлық түрі.

Бұрышты көшетпен өсіру әдісі (булыжай - ашық жер) және көшетсіз өсіру әдісі (бірден ашық жерге) ; биогумус (ерекше жауынқұрттары өңдеген биологиялық тыңайтқыш) ; қоректік режим (тәтті бұрышқа топырақ) .

Бұрыш өсімдігіндегі жемістер, жинау саны.

Жалпы өнім - белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.

Қарашірік - құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.

Құрғақшылық - ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.

Өнімді ылғал қоры - өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер пайдаланатын ылғал мөлшері.

Өскін - себілген тұқымнан белгілі бір уақытта жер бетіне өсіп шыққан өсімдік көгі.

Сүрі жер - ауыспалы егістегі ылғал жинайтын және арамшөптермен күрес жүргізілетін танап.

Сыдыра жырту - топырақты қайырмасыз құралдармен жыртып өңдеу.

Сыртқы орта - тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.

Тыңайтқыштың әсерлі заты - тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын элемент мөлшері

Белгі - өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті
құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.

Дақыл - белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін өсімдік түрі.

Сорт - белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда
өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы.

Технология - нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және сапалы өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.

Белгілеулер мен қысқартулар

Жұмыста төмендегідей қабылданған қысқартулар кездеседі:

га - гектар

г - грамм

кг/га - гектарға килограмм

м 2 /га - гектарға текше метр

см - сантиметр

% - пайыз

ТЫС - төменгі ылғал сиымдылығы

т - тонна

ц - центнер

N, R, Р - азот, фосфор, калий

т. б. - тағы басқа

АШИ - ауыл шаруашылығы институты

ҒЗИ - ғылыми-зерттеу институты

ӘЕЗ - әсер етуші зат

КІРІСПЕ

Тақырыптық өзектілігі. Қазақстанның аграрлық саласы қатаң дағдарыстан өту кезеңінде бұрынғы жүйені талан-таражға түсіре отырып жаңа нарықтық қатынастар түзді және соңғы 2-3 жылда тұрақтана бастады. Жеке шаруашылықтары және олардың құрылымдары барған сайын нығая түсуде. Бұған Қазақстандағы баға саясатының ауылдықтар үшін қолайлылығы себеп болды. Сонымен бірге кездейсоқ жер қожайындары өздерінің орнын ауылшаруашылығын түсінетін нағыз шын берілгендерге босатуда.

Қазіргі кезде қабылданған жер туралы заңды жеке мақсаттар үшін, әсіресе ірі жер пайдаланушылар үшін, мүдделеріне пайдалануға жол бермеу керек. Керісінше Қазақстан халқының пайдасына шешілуі тиіс. Бұл тұрғыда жер туралы заң оң нәтижелерін беруде. Мысалы, 2001 жылы ішкі өнім жиынтығы 8, 7% құраса, ол 56%-ға көбейіп 2004 жылы 13, 6% құрады. Қазіргі кезде сауда ашық экономика жағдайымен әлемдік жүйедегі азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдері саудасында тиімді дамитын жаңа кезеңде тұр. Оның ары қарай дамуы аграрлық саланың сапасының өсуіне, агробизнес құрылымының тиімді түзілуіне, агротехнология деңгейінің көтерілуіне, ауыл шаруашылық өнімдерінің маркетингтік стратегияға көшуіне, жақын және алыс шет елдерге экспортты көбейтуге байланысты. Егін шаруашылығын қарқынды ендіруде қоршаған ортаның ластануымен қатар топырақ құрылымының жаппай төмендеуін әркез есте сақтау керек. Бұл химизацияны сауатсыз пайдалану ауыспалы егісті сақтамау және ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестермен күресудің дұрыс жолға қойылмауымен байланысты. Сондықтан егін шаруашылығында экология және биология шараларын жүргізу өте маңызды. Олар қоршаған ортаны қорғау және әр түрлі таза азық-түлік өнімдерін өсіруді қамтамасыз ету қажет. Бірінші кезекте бұл бақша және көкөніс дақылдарына тікелей байланысты.

Оңтүстік Қазақстанның климат жағдайлары әр түрлі көкөніс дақылдарынан жоғары сапалы өнім алуға мүмкіншілік жасайды. Бірақ, оларды өндіру деңгейі халық қажеттілігімен өте алшақ. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанның әрбір тұрғыны жылына шамамен 75-90 тонна көкөніс пайдаланады. Бұл қажетті деңгейден 2 есе төмен. Ал Қазақстанның басқа аймақтары туралы айтудың қажеттілігі шамалы. Бұл жағдайдың негізгі себебі көкөніс шаруашылығын дұрыс бағаламауда.

Көкөніс дақылдарын өсіруде көптеген қателіктерге жол берілуде, мысалы ауыспалы егістер бұзылған, тыңайтқыштар аз беріледі, әсіресе аса құнды болып табылатын органикалық, көшет отырғызу әлсіз механизацияланған, қатараралықтарды өңдеу және суару шектелген. Бірақ оң жетістікке жету негізі топырақ жағдайы мен құнарлығына байланысты, әсіресе сүр топырақты жерлерде ол маңызды. Қарашіріктің төмендеуі техногендік ластанулар көкөніс дақылдарының өнімділігін көтеруді төмендетеді, әсіресе қызанақ пен бұрышта бұл айқын байқалады.

Топырақ құнарлылығын көтеруде органикалық тыңайтқыштарды ендіру тиімді болып, табылады. Тек олар ғана топырақта құнды қарашіріктің жинақталуына басты себепші болып табылады және топырақтың агрофизикалық құрылымын жақсартады. Минералды тыңайтқыштар бұл мәселені шеше алмайды. Сондықтан органикалық тыңайтқыш болып табылатын сабан, топан, өсімдіктердің тауарлық емес бөліктері, компост аса маңызды болып табылады.

Зерттеу мақсаты негізінен мыналардан тұрады:

- тиімді тыңайтқыш түрлері мен мөлшерін, оларды ашық алаңдағы тәтті бұрыш егістігіне ендіру тәсілі мен мерзімін белгілеу;

- булыжайдан уақытылы жақсы бұрыш көшетін алу үшін оның тұқымын себудің тиімді мерзімін анықтау;

- тәтті бұрышты отырғызудың ең қолайлы мерзімі мен тиімді мөлшерін анықтау;

- тәтті бұрышты көшетсіз есіру.

Зерттеу міндеті:

- себілген тұқымнан 70%-дан кем емес көшет алуға, ал көшеттердің
өміршеңдігін 90%-дан кем болмауына қол жеткізу;

- 1 гектардан 180-200 мың теңге шартты таза пайда алуға болатын өнімділігі 200 ц/га кем емес бұрыш жемісін алу;

- 1 гектардан 205 мың теңге шартты таза айда алуға болатын көшетсіз себуде 210 ц/га өнім алу;

- Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жағдайында биоқарашірікті дайындауды ұйымдастыру.

Зерттеудің жаңалығы. Тәтті бұрышты өсіру және осыған ұқсас кешенді зерттеулер Оңтүстік Қазақстанда жүргізілмеген. Мұнда, өсіру өңірдің жағдайына сәйкес келмейтін немесе өндірістік тәжірибелер негізінде, яғни қате және байқау тәсілімен белгіленген жалпы ұсыныстар бойынша жүргізіледі. Бұл жұмыстың туындыгері бұрыштың өсуін және дамуын тұқымнан биологиялық пісуге дейін және дақылдың өсуінің агротехникалық негізгі ықпалдарын есепке ала отырып, көшетпен және көшетсіз өсіруді зерттеді.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Тәтті бұрыштың өндірістік маңыздылығы оның жоғары сіңімділігімен ғана емес сонымен бірге барлық түрлерінің дәмділігімен ерекшеленеді. Сондықтан ол жоғары азықтық диетикалық маңыздылығымен құнды. Бұрыш жемісінде С дәрумені қызанаққа қарағанда 10-12 есе, ал цитрусты дақылдарға қарағанда 2-6 есе жоғары. Каротин мөлшері бойынша бұрыш сәбізге жақын. Бұрыш жемісі жас күйінде ғана емес, сонымен бірге ас мәзірінде де жақсы қолданылады. Оларды маринадтайды, тұздайды, консервілейді. Оны медицинада да пайдаланады. Кейбір мемлекеттерде (Болгария, Венгрия, Мексика және т. б. ) тәтті қызыл бұрыш негізгі өнім болып табылады. Өнімділігі 120 ц/га болғанда ол экономикалық тиімді. Ол 2 есе мол өнім береді. Қазақстанның оңтүстік аймағы ел тұрғындарының негізгі сұранысын қанағаттандыра алады, жаз кезеңінде оларды Қырғызстаннан, Өзбекстаннан әкелу қажеттілігі төмендейді. Жылу мен жарықтың көптігіне байланысты Қазақстанның оңтүстік өңірі тәтті бұрышты өсірудің қолайлы жері болып табылады. Сондықтан бұл дипломдық жұмыстың өндірістік маңыздылығы жоғары.

Жұмыстың сынақтан өтуі және жариялануы. Жұмыстың негізгі нәтижелері Оңтүстік Қазақстан ауылшаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғылыми кеңесінде тыңдалып бекітілген, 3 халықаралық ғылыми өндірістік конференцияларда баяндалған. Жұмыс мазмұны бойынша 6 мақала жарық көрді, оның ішінде 3-і халықаралық конференцияларда баяндалды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындылардан және өндіріске ұсыныстардан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі компьютермен терілген . . . беттерді құрайды, оның ішінде . . . кесте, . . . сурет, . . . график, 103 қолданылған әдебиеттер тізіміндегі туынды және . . . қосымшалар. Тәжірибелік бөлім жалпы жұмыстың . . . % құрайды. Жұмыс Оңтүстік-Батыс ауылшаруашылығы ғылыми өндірістің орталығының тәжірибе танабында жүргізілген.

Зерттеу мерзімі. 2001-2004ж. ж.

1 ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Зерттеу нысаны болып табылатын тәтті бұрыштың қысқаша морфологиялық сипаттамасы

Бұрыш алқа тұқымдасына (Sofanacene Pens), Capsient Tourn туыстығына жататын көпжылдық жартылай бұталы өсімдік, бірақ дақыл ретінде біржылдық өсімдік етіп өсіріледі [1] .

Барунторул 65 тәтті бұрышы Молдова суармалы егіншілік ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Тамыр жүйесі шашақ. Тәтті бұрыштың негізгі сабағы 60 см-ге дейін жетеді. Сабағы штамб тәрізді. Жапырағы бет пішінді, тамырымен қоса есептегенде бір өсімдіктегі жалпы жапырақ салмағы 300 гр, ол жалпы өсімдік салмағының ¼-ін құрайды. Жалпы өсімдік салмағының 50% сабақ және жапырақ үлесіне тиеді.

Жемісі - синкартты жидек, жеке. Биологиялық пісу кезінде түсі ашық қызыл. Жемісі тасымалға шыдамдылығымен, сақталғыштығымен ерекшеленеді. Сорт орташа, кеш піседі, отырғызғаннан биологиялық пісуге дейін 150-170 тәулік қажет.

Өнімділігі 200-300 ц/га. Жемісінің орташа салмағы шамамен 100 гр құрайды. Ірі жемісті сорттарындағы бір өсімдіктегі жеміс саны 10-20 дана. Ал ұсақ жемістілерінде 20-30 дана. Жалпы жеміс салмағы өсімдік салмағының 1/4 -ін құрайды. Ал жекелеген сорттарда ол 45% дейін жетеді. Кейбір жағдайларда 1 кг жер үсті вегетативті салмағына 0, 8-0, 9 кг жеміске дейін келеді. Тұқымының көлемі ұсақ. 1000 дәннің салмағы 8 гр-нан аспайды.

1. 2 Тәтті бұрыштың шыққан жері және маңыздылығы

Ауылшаруашылық өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері көбіне олардың географиялық шыққан жеріне және дақылдың табылған жеріне байланысты болып келеді. Бұрыштың отаны Оңтүстік Мексика, Гватемала болып саналады. Оны дақыл ретінде қазіргі АҚШ және Солтүстік Мексика территориясында ежелгі үнділіктер өсірген. Әдебиеттерде бұрыш туралы алғаш рет 1493 жылдан бастап жазыла бастаған. Бұрыш Еуропаға ХVІ-ғасырдың ортасынан бастап тарала бастады. Бұрышты дақыл ретінде алғаш рет Испанияда өсірді, одан соң ол Италияға және басқа елдерге таралды.

Балқан елдеріне бұрыш 1585 жылы әкелінді. Болгарияда бұрыш қазіргі кезде ең сүйкімді көкөніс болып табылады [2, 3] . Оны тағамға жас күйінде дәмдеуіш ретінде және өңделген күйінде қолданады. Болгарияның консерві жасау өндірісінде бұрыштан 28 түрлі консерві дайындайды. Құрғақ, үгітілген күйіндегі бұрыш Болгар асханасындағы кең таралған дәмдеуіштердің бірі болып табылады. Сондықтан Болгарияда егіс көлемі және өнім жинау бойынша көкөніс дақылдарының ішінде бұрыш бірінші орынды алады. Бұрыш қазіргі кезде 11-12 мың/га жерге өсіріледі. Ал жылдық жалпы өнім 200-250 мың центнерді құрайды.

Венгрияда бұрышты ХVІ-ғасырдан бастап пайдалана бастады және қазіргі кезде ол кең таралған.

ХVІІІ ғасырда бұрыш Германияға тез таралды. Германияда бұрыштан гектарына 480-нен 210 центнерге дейін өнім алады.

Румынияда, Чехословакияда, Югословияда және басқа да елдерде бұрышты көптеп өсіруде.

Ресейге көкөністік бұрыш Болгариядан әуесқой дақыл ретінде ХVІ-ғасырдың екінші жартысында әкелінді. ХІХ-ғасырдың аяғында Одесса маңында бақшамен айналысатындар болгар бұрыш өсірді. ХХ-ғасырдың басында бұрыш Ресейдің оңтүстігі мен Моядавияға таралды.

Оңтүстік Қазақстан облысында бұрышты ХХ-ғасырдың ортасынан бастап өсіре бастағанына қарамастан Қазақстанда оны ғылым нысаны ретінде аз қарастырды. Тәтті бұрыш бойынша жүргізілген ғылыми зерттеу жұмысы ретінде А. Селедцов [4, 5, 6] еңбегін атауға болады.

Г. Каплина мәлімдеуі бойынша Қазақстанның жылы аймақтарында бұрыштың Болгарский 79 сорты аудандастырылған. Оның пікірі бойынша бұрышты қарашірік мөлшері жеткілікті, механикалық құрамы жеңіл гидроморфты топырақта өсіру тиімді. Мұнда ол 448 ц/га дейін өнім береді.

Тәтті бұрыш жоғары құрамды дәруменді және жеңіл сіңімді минералды тұздары бар азық болып табылады, сондықтан оның азықтық және диетикалық маңызы жоғары. Бұрыш жемісінде С дәрумені қызанаққа қарағанда 10-12 есе, цитрустарға қарағанда 2-6 есе және қарағай, шыршаға қарағанда 2-4 есе көп. С дәрумені бойынша тәтті бұрыш тек қарақатқа ғана орын береді. 1 гектардағы өнімі 120 центнер болатын, 100 гр шикі жемісінде 450 мг С дәрумені бар өнімнен 25 кг-ға дейін С дәруменін жинауға болады. Цинга ауруына қарсы бұрыштың маңызы бар. Каротин құрамы бойынша бұрыш сәбізге жақын. Бір күнде 25 гр тәтті бұрыш пайдаланған ересек адамның С дәруменіне деген тәуліктік мөлшері қамтамасыз етіледі. 45 гр бұрыш А дәруменінің тәуліктік қабылдау мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұрыштағы (А, В, С, Р) дәрумендерінің жоғары құрамды болуы, оның биологиялық белсенді заттар көзі ретінде қарастыруға болатындығын көрсетеді. Азотты заттар бойынша (2, 73-3, 66%) тәтті бұрыш көкөніс дақылдарының ішіндегі алғашқы орындардың бірін алады.

Венгрия халқы бұрыш жемісін азыққа жас, тұздалған және қайнатылған күйінде пайдаланады. Мұнда тәтті бұрыш шикізатын консерві өндірісінде жоғары бағалайды. Тәтті бұрыштан «Лечо» консервісі және дәруменделген консервілер «Вита паприка», «Притапаприка», «Притамин» (С дәрумен құрамы 169 мг %-ке дейін), соус «Зашатка» (С дәрумен құрамы 300 мг %-ке дейін) және тағы басқа С дәрумен құрамы жоғары консерві түрлері жасалады.

Бұрыштың дәмдік қасиеті капсанцин ароматты затына көп байланысты. Ол адам ағзасында ас қорытатын сөлдерді көп бөлдіріп, тағамның сіңімді болуын қамтамасыз етеді.

Халық арасында бұрыш жоғары сұранысқа ие. Бұрыш жемісін кулинарияда пайдаланады, оларды маринадтайды, тұздайды және әр түрлі тағамдар жасайды. Бұрыш жемісі қызанақ, қияр және көптеген тұздықтар дайындауда қолданылады. Бұрыш консерві жасау өндірісінде құнды шикізат болып табылады. Консерві жасауда және тұздағанда бұрыш дәрумендерінің 50-80% сақталады.

Қызанақ соусында көкөністермен фаршталған бұрыш консервісінде орташа 22, 7% құрғақ зат, 6, 6% май, 8% көмірсу, 0, 3% органикалық қышқылдар, 1, 7% ақуызды заттар, 2, 0% минералды заттар бар [7] .

100 гр фаршталған бұрышта мг есебімен алғанда С дәрімені 22%, каротин 9, 9%, В 1 дәрумені 0, 17%, кальций 62%, фосфор 47%, темір 18%, калий 17, 3%, магний 33% құрайды.

100 гр фаршталған бұрышта 104 калория бар [8] .

1. 3 Тәтті бұрыштың биологиялық ерекшеліктері мен тыңайтқыштары

Бұрышты дұрыс өсіру үшін оның өсу жағдайларына қажетті биологиялық ерекшеліктерін білу керек.

Тәтті бұрыш қысқа күнгі (12 сағат) өсімдіктер тобына жатады. Өсімдікті басқа жерге ауыстырып отырғызу, оның дамуын 8-15 тәулікке қысқартады [9] . Өсімдіктің жақсы өсіп жетілуі үшін топырақ ылғалдылығы мен ауаның қолайлы жағдайы және бұрыштың жақсы қоректенуі қажет. Бұрыштың өте баяу өсуі гүл мүшелерінің пайда болғанына дейін байқалады (5-8 нағыз жапырақтар) . Күрт өсуі гүл түйіндерін пайда болғаннан бастап өсімдіктің өсіп даму кезеңінің соңына дейін жалғасады. Бұл тамырға да тән. Өсіп дамудың барлық кезеңдерінде өсімдіктің жер беті бөлігі тамырға қарағанда белсенді өседі. Әсіресе, жеміс түзу кезеңінде бұл айқын байқалады. Сондықтан бұрыштың топырақ құнарлылығына және өсімдіктің қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне осы кезеңде жоғары талап қояды [10] .

Тамырдың топыраққа тереңдеуі және олардың көлбеу бағытта өсуі ең алдымен топырақтың механикалық құрамына байланысты. Құмдақ топырақта бұрыштың тамыр жүйесі өсіп дамудың соңында 80 см тереңдікке жетеді және көлбеу бағытта 1 м және одан да көп өседі. Тамырдың негізгі массасы топырақтың жыртылған қабатында орналасады. Қолайлы жағдайда тамырдың регенерациясы өсімдікті отырғызғаннан соң тез жүреді. Бақылау нұсқасымен салыстырғанда отырғызылған өсімдіктердің тамырының дамуы тежелгендігі жеміс түзгенге дейін байқалады. Бұрыш жылуға талабы жоғары өсімдікке жатады. Оның тұқымы 13°С-ден кем емес температурада өне бастайды. Бұл жағдайда өскіндер тек 18-20 тәуліктен кейін пайда болады, ал 15°С-ден жоғары температурада өскіндер 15-20 тәулікте пайда болады және тәтті бұрыш тұқымының қолайлы өнуінің тиімді температурасы 20-30°С болып табылады. Әсіресе өсімдіктер жылуға 50 тәулікке дейінгі жаста сезімтал. Өсімдіктің өскіндерінің пайда болғанынан жемістерінің биологиялық пісіп жетілу кезеңіне дейінгі белсенді температура жиынтығы 25-30°С-ді құрайды. Өсімдік әлсіз үсікте өліп қалады (-0, 3°С), 35°С-ден жоғары температура оның өсіп дамуына кері әсер етеді.

Бұрыш өсімдігінің топырақ пен ауа ылғалдылығына талабы жоғары. Бұл оның тамыр жүйесінің әлсіздігімен байланысты. 1 тонна тауарлы өнімге 162-180 м 3 су жұмсалады [11] .

Бұрыш өсірілетін танапқа қажетті су шығыны өсімдіктің жасына байланысты өзгеріп отырады. Алғашқы өсіп-даму кезеңінде (жеміс түзгенге дейін) 4900-6400 м 3 болатын жалпы су қажеттілігінің 8-10%-ы қажет. Ең жоғарғы су қажеттілігі жеміс түзілу және өнімнің арту кезеңдеріне сәйкес келеді. Жеңіл құмдақ топырақтарда ең жоғарғы ылғалдылық 70%-дан кем емес ТЫС, ал ауыр топырақтарда 80% ТЫС болу қажет. Саздақ топырақтарда ылғалдылық 70% ТЫС төмендегенде, ал ауыр топырақтарда 80% ТЫС төмендегенде суару қажет. Саздақ топырақтардың 0-30 см тереңдігінде, ал жеміс түзу кезеңінде 0-50 см тереңдігінде ылғалдылық 70% ТЫС болғанда суғаруға қажет.

А. Селедцова [16] пайымдауы бойынша Қазақстанның оңтүстік шығысында өсірілетін бұрышты қалыпты сумен қамтамасыз ету үшін 9-10 рет суғару қажет. Оның ішінде 2-3 рет жеміс түзгенге дейін, 5-6 рет гүлдеу және жеміс түзу кезеңінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүзімді өсіру технологиясы
Алқа тұқымдастары қызанақ, бұрыш және картоп дақылдарының тарихы
Сарыағаш ауданында қызанакты өсірудің интенсивті технологиясы
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері
ҚИЯР ДАҚЫЛЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Жүгері дақылы
Жергілікті жердің ауылшаруашылығын экономикалық дамыту
Түркістан облысының топырақ климат жағдайына сипаттама
Қарбыздың ботаникалық сипаттамасы
Қарбыз дақылын суару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz