Ауыл шаруашылық малдарының эмбриондарын трансплантациялау


1 Аналитикалық шолу
1. 1 Эмбриондарды трансплантациялау әдістерінің казіргі кездегі қолданылу денгейі және келешегі
Қой тұкымдары ішіндегі елтірі өнімін беретін негізгі тұқым - каракөл койлары. ең бастысы бұл кой тұкымы шөл-шөлейт аймакка жаксы бейімделген және жалпы биологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Қаракөл қойының түсі, реңі және басқа да елтірілік белгілері бойынша генетикалық құрылымы өте күрделі. Мұндай өте бай гендік қоры бар басқа қой тұқымы кездеспейді.
Бұрынғы кеңес одағы құрамына кіретін Орта Азия республикаларында қаракөл қой шаруашылығы өте қатты дамыған болатын. Омбаев А. М., Актуов Б мәліметтері [1] бойынша тоқырау кезінен кейінгі 2004-2005 жылдары да Қазақстанда қаракөл қойлар саны 2, 45 млн., оның ішінде 193, 4 мың бас асыл тұқымды болса, Юсупов С. Ю және басқалары [2] мәліметтерінше Өзбекстанда 5 млн., Джалолов Х. Д., Сафаров М деректерінде [3] Тәжікстанда 206 мың еді. Бұл мәліметтерге сүйенсек, сол кездің өзінде еліміздегі каракөл қой саны 2, 5 есеге азайған еді. Қазіргі кезде оның саны мүлде төмендеп кетті. Сонымен қатар, келешекте атқарылатын сұрыптау жұмыстарына өте кажетті генетикалық материалды жоғалтып алуга мүмкін екендігін байқауға болады.
Осындай қауіптерді ескере келе Алибаев Н. Н., Бекетауов О [4] бұл қой тұқымының генетикалык құрылымын сақтау және олардың өсімталдығын арттыру бүгінгі таңда өте күрделі, әрі келелі мәселе екендігі жөнінде сөз қозғайды. Әрине мұндай жагдайда малды өз төлінен көбейтудің мүмкіндігі аз, әрі ұзақ уақытты қажет етеді.
Мал тұқымын асылдандыру адам тілегіне сай жақсарту, оның өнімділігін еселеп арттыру - ғылым мен озат тәжірибенің табыстарына сүйенеді. Малдың қай түрі болмасын бірқалыпта тұрмайды; ол азықтандыру, бағып-күту және асылдандыру жұмысын ұйымдастыру дәрежесіне байланысты қашанда өзгеріп отырады. осыған сәйкес оның түрлі қасиеті мен өнімі де неше алуан кұбылады.
Мал тұқымын жақсарту, оның шаруашылық маңызы бар қасиеттерін ілгері дамыту - адам қолында асылдандыру жұмысы дұрыс ұйымдастырылған шаруашылықтарда малдың өнімділігі ешқанда төмендемейді, кайта жыл сайын артуда болады.
Малды тиісті дәрежеде іріктеп сұрыптау үшін ол сыннан өтеді, әрбір бас мал есепке алынады, оның түрлі касиеттері зерттеледі. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы өте ауыр және ұзақ жұмыс, кейде оның нәтижесі бірден көзге түсе қоймайды.
Малды жік-жікке бөліп, сұрыптау, оның әрбіреуіне таңба салу немесе құлағына сырға тағу, тағы сол сияқты оның тұқымын асылдандырумен байланысты жұмыстардың біркатары мал мал шаруашылығындағы кейбір басшыларға ешбір мәні жоқ, тек бір әурешілік болып көрінеді. Мұндай жағдай кейде өз жұмысын толық меңгермеген, оған терең мән бермеген мал өсірушілер арасында да кездеседі.
Тұқым малы шаруашылыққа негізгі өндіріс қүралы. Сондықтан мал өнімін молайту кажетті талабына сай интенсивті мал шаруашылығын ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі-жоғарғы өнімді мал тұқымын өсіру. Ол үшін шаруашылыққа селенкция жұмысын ұйымдастыру кажетті және тиімді мал тұкымын тандап алудан басталады, мұның өзі мал шаруашылығын табысты жүргізудің алғы шарты болып саналады.
Мал тұқымына сіңген адам еңбегінің сандық және сапалық сипатына қарай, оларды үш топқа бөледі;
- аборигендік немесе байырғы жергілікті тұқымдар,
- заводтық немесе мәдени тұқымдар
- өтпелі тұқымдар
- Аборигендік тұқымдар негізінен табиғи сұрыптаудың әсерінен қалыптасқан. Олардың өнімдік касиеттерінің дамуына адам аз араласкан. Аборигендік тұқым малы жан-жақты өнім бергенмен, олардың ешқайсысы жақсы жетілмеген. Жалпы алғанда оларға тән қасиеттер; ұқсастық, кеш жетілу, төзімділік, дене бітім мықтылыгы, жергіліктрі жағдайға бейімділігі. Аборигенндік мал түқымдарына қазакы жылқы, қазакы кой, қазақы сиыр тұқымдары жатады.
Байырғы мал тұқымдарының өнімі аз екен деп мүлдем жойып жіберуге болмайды. Олар жаңа мал тұқымдарын шығаруға таптырмайтын күнды генофонд болып есептелінеді.
- Заводтық мал тұқымдарына көп жыл бойына жүргізілетін сұрыптау, жұп тандау және белгілі бір жағдайда бағып күту, азықтандыру сияқты жүмыстар негізінде қалыптасқан тұқымдар жатады. Бұл топқа жататын мал тұқымдарының өнім көрсеткіштері жоғары және осы өнім бағытына мамандырылған. Абориғендік тұқымдармен салыстырғанда олардың өнімділіктерінің өзгергіштік дәрежесі жоғары. заводтық тұқым малы нәсілдік қасиеттеріне тән өнім беру үшін, өздері қалыптасқан жағдайдың болуын қажет етеді. Табиғи сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімсіз, ауруға тез ьшалдыққыш болады. заводтық тұқымдарға - белгілі бір өнім беруге мамандырылған қазіргі түқымдар енеді. Мысалы: қазақтың аксарбас сиыры, алатау сиыры, костанай кошім жылкылары, оңтүстік, солтүстік меринос қойлары.
- Өтпелі тұқымдардың калыптасуына адамның қатынасуы тұрғысынан қарағанда ол заводтык тұқымдар мен аборигендік тұкымдар арасында орын алады. Бұл топка жататын тұкымдардың эволюңиясына бағып-қағу, азықгандыру, оларға қоғлайлы жағдай туғызып, тұқымын жақсарту жұмыстары тек соңғы кезде ғана қолға алынып, қалыптасып келе жатыр. Өтпелі тұқымдарға тән ерекшелік - кұрылым бөліктерінің әр тенктілігі. Құрылымдармен интенсивті селекциялық жұмыс жүргізіп, өнімдері елеулі дәреже молая, өтпелі тұқымнан заводтық тұқым қатарына өткізу әбден ықтимал. Мысалы, адай жылқысы, калмақ сиыры, уак жүнді казақы қойлар казір заводтық тұкымдар катарына ене бастады.
Арнайы бағыттағы мал тұкымдарына белгілі бір өнімділігі басқа өнімдеріне қарағанда өте жақсы жетілген тұқымдар жатады. Тіркес өнімді тұкымдарға екі немесе одан да көп өнімділіктері қактар жақсы дамығандары жатады. Мысалы, мүйізді ірі караның сүті, еті, етті-сүтті, сүтті-майлы тұқымдары бар. Қойда жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді, етті-майлы тұқымдары бар. Бұлардың алғашқылары арнайы бір өнімге бағытталған болса, соңғылары кос өнімге бағыттапған [4, 5, 6]
Эрнст Л. Н., Сергеевтің Н. И [5] мәлімдеуінше эмбрнондарды трансплантациялау ауыл шаруашылык малдарының асыл тұқымдылығын және өнімділік сапасын жоғарылататын, болашағы зор әдістердің бір болып саналады. Биотехнологиялық тәсілдер малдардың генетикалык тұқымдарын көбейтуді айтарлықтай тездетуге мүмкіндік туғызады. Бұл тәсілге қызығу-шылык көптеген ғалымдар мен ізденушілерде туындады және ол өзінің өзектілігін әлі күнге дейін жоймай отыр.
Бірінші болып эмбриондарды трансплантациялауды, 1890 жылы ағылшын ғалымы Е. Хип жүргізді. Ол донор кояннан зиготаны алып, басқа түқымды реципиент коянға ауыстырып салды. Ал, 1891 жылы орыс ғалымы м. Ононов және 1897 жылы қазандық дәрігер-гинеколог В. Груздев тәжірибе жүзінде ұрғашы қояндардың эмбриондарын трансплантациялады (Шипилов В. С. мәліметі бойынша [6] ) .
Арада біраз уақыт өткен соң, алғаш рет 1931 жылы хартман өлген сиырдың жүмыртқа жолынан өміршең эмбриондар алды.
Сондай-ақ, 1949 жылы техаста (АҚШ) зиготаларды ауыстырып отырғы- зудың мәселелері бойынша алғашқы гылыми конференңия өтіп, онда ірі қара малдың және койлардың эмбриондарын трансплантациялау жайында тәжірибе қорытындылары жарияланды.
Ал, Кеңестер Одағында үй жануарларының эмбриондарын транспланта- циялау тәжірибе жүзінде 1949-1952 жылдары қой және ешкі шаруашылығы институтында қойларға Лопырин А. И [7] жэне бүкіл одактық шошқа шаруашылығы институтында шошқаларға 1949-1953 жылдар аралығында И. В. Квасницкиймен [8] жүргізілді.
Трансплантаңия нәтижесінде туылған әлемдегі бірінші бүзауды 1951 жылы және 8-12 бластомер сатысындағы зиготаны 5 рет ауыстырып отырғызғаннан кейін екі бұзауды (1953) Эрнст Л. К., Жильцов Н. З [9] алды.
1961 жылы Л. Е Роусон 6 мың миль қашықтыққа ұшақпен койлар-дың зиготасын тасымалдауды «тірі инкубаторлар» - қоянның жұмыртқа жолын пайдалана отырып жүзеге асырды.
Жоғарыда көрсетілген, 70-ші жылдардың басына дейінгі жинақталған тәжірибелік жұмыстардың оң нәтижесі эмбриондарды трансплантациялауды зертханадан тікелей мал шаруашылығына ендіруге болатынын дәлелдеді.
Эмбриондарды трансплантациялау тәсілін, оларды мүздату әдісімен біріктіру арқылы асыл тұқымды малдардан алынған эмбриондарды сақтауға, сондай-ақ, жойылып бара жатқан тұқымдардың гендік корын жасауға және кез-келген уақытта, кажеттілігіне карай қайта калпына келтіріп, өсіруге мүмкіндік береді.
Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz