Табыстар мен шығыстар есебі туралы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе 3

I. ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫСТАР ОЛАРДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 4

1. 1Табыстар мен шығыстар есебінің ұйымдастырылуы 5

1. 2 Жылдық жиынтық табыстың есебі 6

1. 3 Кезең шығыстарының есебі 14

1. 4 Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі 18

ІІ. "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . . 20

2. 1 " ҚАЗМҰНАЙГАЗ " Акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы . . . 22

2. 2 " ҚАЗМҰНАЙГАЗ " Акционерлік қоғамының бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы . . . 25

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОСПАРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ . . . 27

3. 1. Аудитттік жоспарлау сатысы . . . 28

3. 2 Жалпы жоспар құрастыру мен аудит бағдарламасы . . . 30

Қорытынды 34

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36

Кіріспе

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фираманың табыстары мен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.

Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы-материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, (проценттерден) роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін. Табыс өнімдерден, тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта (контрактіде) анықталады.

Шығыстар өнім өндіруге кетеді және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ма, сатылған өнінің көрсетілген қызметінің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылықты жүргізуші адам еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.

Табыстар мен шығыстар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынады.

Табыстар мен шығыстардың ұйымдастырылуы:

  • Жылдық жиынтық табыстың есебі;
  • Негізгі қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі;
  • Негізгі емес қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі;
  • Сатылған тауарлардың (қызметтердің, жұмыстардың) өзіндік құнының есебі;
  • Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі;
  • Кезең шығыстарының есебі;
  • Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан түсетін табыстардың (зияндардың) есебі.

I. Табыстар мен шығыстар, олардың мәні, мазмұны және есептілігі.

Жалпы, табыстар болып - белгілі бір мекеменің немесе кәсіпорынның күнделікті өндірістен түсетін пайдасын қарастырамыз, ал шығыстар - осы өндірістен өнім, яғни пайда алу үшін жұмсалған шығындары және де ол өндіріске қажетті құрал - жабдықтары, материалдар және шикізатқа т. б. жұмсалынатын қаржылай активтер болып табылады.

Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көресеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта (контрактіде) анықталады. Ал, мәлімеден шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәліменің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтері үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісім шарттарында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, яғни, ескі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т. б. Тауарлардан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәлімеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәлімемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал, бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім - шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.

Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:

  • есеп беру күніне мәліменің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
  • мәлімені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Субъект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәлімеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәлімеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді.

Қызмет көрсетудің, яғни мәліменің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.

Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған түрімен байланысты емес, шаруашылық жүргізуші субъект еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.

Кезең шығыстарына мыналар жатады:

  • жалпы және әкімшілік шығыстар;
  • пайыз бойынша шығыстар;
  • тауарлар мен материалдық запастарды сату бойынша шығыстар.

Табыстар мен шығыстар туралы есептілік мекеменің қаржы шаруашылық қызметінің қорытындыларын көрсетеді және келесі мақсаттар үшін қолданылады:

  1. Инвесторлар мен кредиторларға қажетті аппараттарды дайындайды;
  2. Ақшалай ағымның өзгерістерін болжайды.

Осы есептіліктегі табыстар 2 әдіс арқылы анықталуы мүмкін:

  1. Капиталға жету әдісіне таза активтерді қолданады;
  2. Келісім шарттар әдісі бойынша табыстар мен шығыстар шоттарын қолдану арқылы пайдалылар мен зияндар белгіленеді.

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық нәтижелерінің есептілікте тіркеген кезде келесідей халықаралық стандарттар қолданылады:

  1. «Аралық қаржылық есепкерлік»- Қ. Е. Х. С. -34.
  2. «Консолидацияланған қаржылық есепкерлік және туынды компанияларға жасалған инвестицияның есебі»- Қ. Е. Х. С. -27.
  3. «Қаржылық есепкерлікті ашып көрсету»- Қ. Е. Х. С. -1.

Аталған стандарттарға сәйкес табыстар мен шығыстар туралы есептілік келесі бөліктерден тұрады:

  1. Сипаттамасы бойынша -екі жақты болады: табыстар мен шығыстар;
  2. Функциялары бойынша - көрсеткіштердің категорияларына байланысты:

а) операциондық қызметтердің қорытындылары: Негізгі және негізгі емес табыстары мен шығыстары;

б) шығыстардың жіктелуіне байланысты өндірістік шығыстар өткізу бойынша шығындар әкімшілік шығындар.

Келтірілген есептілікте реттелмейтін баптар көрсетіледі, оларға қосымша табыстар мен шығыстар қатыстырылады және есептік мерзімнің соңында жиынтық табыс пен зиян шотына кіргізіледі.

Табыстар мен шығыстар туралы есептілік 2 түрлі болуы мүмкін:

  1. Бөлінбеген табыс есептілік ретінде, бұл жерде таза табыстар немесе зиян табыстардың түзетілуі бөлінбеген пайда шоты белгіленеді.
  2. Акционерлік капитал туралы есептіліктің 2-ші бөлігінде табыстар мен шығыстар тіркеледі.

II. Табыстар мен шығыстар есебінің ұйымдастырылуы

2. 1. Жылдық жиынтық табыстың есебі

Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім- шартта (контрактіде) анықталады. Ал мәлімеден шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәліменің) құндарын өлшейді. Сатып алушылырдың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшарттарында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т. б. Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәлімеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғаннын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәлімемен байланысты экономикалық олжаны алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім -шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.

Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәліме бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.

Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:

  • есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
  • мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Субъект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді.

Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:

  • белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;
  • белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;
  • орындалған жұмысты талдау.

Аралық негізде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар, табыс болып танылмайды.

Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.

Негізгі қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі . Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі 70-бөлімшесінің «Негізгі қызметтен түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады:

701- «Дайын өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс» шоты . Бұл шотта өнімді сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетілген қызметтерден түсетін табыстар көрсетіледі. Аталған шотты өнімді, жұмыстарды және қызметтерді жасайтын материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындар пайдаланады. Есепті кезең бойы 701- шоттың кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.

701- шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтірілген.

Қатар

Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы, теңге

Шоттар

Корреспонденциясы

дебет
кредит
Қатар№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: 2
Сомасы, теңге: 3
ШоттарКорреспонденциясы: 4
5
Қатар№: 1.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Салықтық шот -фактураның және накладнойдың негізінде келісімді бағасы бойынша дайын өнім босатылады.
Сомасы, теңге: 5
ШоттарКорреспонденциясы: 1210
6010
Қатар№:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: ҚҚС сомасына, 16%
Сомасы, теңге: 8
ШоттарКорреспонденциясы: 1210
3130
Қатар№: 2.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жұмыстары қабылдау актілерінің негізінде, негізгі және қосалқы өндірістердің цехтарында орындалған жұмыстар мен қызметтер
Сомасы, теңге: 2
ШоттарКорреспонденциясы: 1210
6010
Қатар№: ҚҚС сомасына (16%)
Шаруашылық операцияларының мазмұны: 32000
Сомасы, теңге: 1210
ШоттарКорреспонденциясы: 6010
Қатар№: 3.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Сатып алушылар ұсынған шоты бойынша есеп айырысу шотына қаражат келіп түсті 812000 теңге (58+232000)
Сомасы, теңге: 812000
ШоттарКорреспонденциясы: 1040
2110

Дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтердің сатудан түскен табыс сомасы есепті кезеңнің аяғында 571 «Жиынтық табыс (зиян) » шотына көшіріліп жазылады. Бұл кезде 701-шоты дебеттеледі де, 571- шоты кредиттеледі.

702- «Алынған тауарларды сатудан түскен табыс» шоты. Бұл шотта алынған тауарларды сатудан түскен табыстар көрініс табады. Бұл шотты сауда, сондай-ақ жабдықтау, делдалдық саласында және сыртқы сауда жұмысын ұйымдастыруда қолданады. Саудамен, делдалдық қызметпен және экспорттық -импорттық опреациялармен айланысатын кез келген өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және басқа кәсіпорындар жоғарыда келтірілген 701-шот бойынша жасалған корреспонденциямен бірдей болып келеді.

703-« Құрылыс -монтаждау, жобалау- зерттеу, геологиялық барлау, ғылыми- зерттеу және басқа жұмыстарынан түскен табыс» шоты. Шотты құрылыс- монтаждау, геологиялық барлау, жобалау- зерттеу және ғылыми-зерттеу кәсіпорындары мен ұйымдары тапсырыс берушілердің жұмыстарын орындағаннан түскен табысты көрсету үшін пайдаланады. Аталған шотт, кәсіпорындар келтірілген жұмыстардың түрлерін орындалуы қарастырылған болса ғана пайдалана алады. Шоттарының корреспонденциясы 701-шот бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясымен бірдей болып келген.

704- «Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтерден түсетін табыс» шоты. Шотты теміржол, автокөлік, әуе жолы, теңіз жолы, су жолы және көліктің басқа да түрлері (метро, трамвай, троллейбус) жүктерді және жолаушыларды тасымалдау бойынша тиісті қызметтерінен түскен табыстарды есепке алу үшін қолданады. Шоттарының корреспенденциясы 701-шот бойынша келтірген шоттардың корреспонденциясымен бірдей болып келеді.

705- «Жалдан алынатын табыс» шоты мүлікті жалға бергеннен түсетін табыстар туралы ақпараттарды жинақтауға арналған.

Мүлікті жалға бергені үшін алынатын жал төлемін есептегене 705 «Жалғадан алынатын табыс» шоты кредиттеледі де, мына төмендегі шоттар:

321- «Тараптардың берешегі», 322 «Тәуелді серіктестердің берешегі», 323 «Бірге бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» -бас және тәуелді серіктестердің есептелген жал төлемінің сомаларына;

334- «Басқадай дебиторлық берешек» -әр түрлі жалға алушылардың есептелген жал төлемінің сомаларына;

611-«Болашақ кезеңдердің табыстары» -қазіргі есептік кезеңге жатқызылмайтын, алдын ала төленген (441-ші т. б. шоттардың дебеті, 611- шоттың кредиті) жол төлемінің сомаларына дебеттеледі.

705- шотта есепке алынған табыстар жыл аяғында 571- «Жылдық жиынтық табыс (зиян) » шотына көшіріліп жазылады, яғни 705-шоттың дебеті, 571- шоттың кредит бойынша көрсетіледі.

706- «Байланыс ұйымдарының көрсеткен қызметтерінен түскен табыс» шоты; 707-«Сақтандыру компанияларының қызметінен түскен табыс» шоты; 708- «Инвестициялық қызметтен түскен табыс» шоты . Бұл шоттар экономиканың тиісті салаларында алынған табыстардың есебіне арналған. Алынған табыстардың сомаларының көрініс беруі 701-ші және басқа шоттарда есепке алынған өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыстардың көрініс беруімен бірдей болып келеді. Сақтандыру төлемдері сақтандыру келісім шарты бойынша немесе сақтандыру полисі бойынша реттеледі, сақтандыру төлеміне жататын сома 303 шотының дебетінде және 707 шотының кредитінде көрініс табады, содан әрі қарай сақтандырудан түскен сақтандыру төлемі ақша қаражаттарын есептейтін шоттардың дебетіне, 303 шотының кредитіне жатқызылады. Жылдың аяғында 706-708 шоттар жабылады (706, 707, 708- шоттарының дебеті, 571-шоттың кредиті) .

709 -«Негізгі қызметпен түскен басқа да табыстар» шоты . Бұл шотта негізгі қызметті жүзеге асырудан келген, жоғарыдағы келтірілген шоттарда есепке түспеген табыстар көрініс табады.

Мұндай табыстарға кәсіпорын қызметінің басқа түрлері бойынша жасалған өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы т. б. өнімін сатудан) түскен табыстар жатады. 709- шоттағы табыстарды көрсету жөніндегі жазбалар 701-ші және 702-ші шоттар бойынша келтірілген жазбалармен бірдей болып келеді.

709- шоттың кредиті бойынша негізгі қызметтен түскен басқа да табыстардың сомасы көрсетілуі мүмкін.

Жылдың аяғында 709- шотта есепке алынған табыстардың сомалары негізгі табыс шотына көшіріліп жазылады (709- шоттың дебеті, 571- шоттың кредиті) .

701-709 шоттар бойынша талдау есебі ведомоста бір айда және жыл басынан бері алынған табыстардың басынан аяғына дейін жинақталған түрлері бойынша жүргізіледі.

Негізгі емес қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі. Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебін есептеу үшін шоттардың Бас жоспарының «Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебі» деп аталатын бөлімшесі арналған және оған келесі пассивтік күрделі шоттар жатады. 721- шоты «Материалдық емес активтерді сатудан түскен табыс» материалдық емес активтерді сатудан келген табыстарды жинақтауға арналған.

Материалдық емес активтерді сатқан кезде мынадай шоттардың корреспонденциясы жасалады (қысқартылып алынған) .

Қатар

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы,

теңге

Шоттар

корреспонденциясы

дебет
кредит
Қатар№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: 2
Сомасы,теңге: 3
Шоттаркорреспонденциясы: 4
5
Қатар№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Материалдық емес активтер сатылады:

  • қалдық құнына
  • тозған (тозу) сомасы
  • босатылған (босату) құнына
Сомасы,теңге:

17

3

211000

Шоттаркорреспонденциясы: 7410 2740 1210 1040-1010
2730 6210
Қатар№: 2
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Сатылған материалдық емес активтер бойынша есептелген ҚҚС сомасына (16%)
Сомасы,теңге: 33760
Шоттаркорреспонденциясы: 1210 1040-1010
3130
Қатар№: 3
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Жыл соңында, 721 және 841 шоттарында есептелген сомасы, жиынтық жылдық табыс (зиян) шотына есептен шығарылады:

  • табыс
  • -шығыс
Сомасы,теңге:

211000

17

Шоттаркорреспонденциясы: 6210
7410

722- шоты «Негізгі құралдарды сатудан түскен табыс» негізгі құралдарды сатудан түскен табыстарына жинақтауға арналған.

Негізгі құралдарды сатқанда мынадай шоттардың корреспонденциясы жасалады (қысқартылып алынған) .

Қатар

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы,

теңге

Шоттар

корреспонденциясы

дебет
кредит
Қатар№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: 2
Сомасы,теңге: 3
Шоттаркорреспонденциясы: 4
5
Қатар№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Негізгі құралдар сатылады:

  • қалдық құнына
  • негізгі құралдардың тозу сомасына
  • босатылған (босату) құнына
Сомасы,теңге:

3

5

39

Шоттаркорреспонденциясы: 7410 2421, 2422-2428, 2429 1210
2411- 2416, 2412- 2416, 2417 6210
Қатар№: 2
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Сатылған материалдық емес активтер бойынша есептелген ҚҚС сомасына (16%)
Сомасы,теңге: 62400
Шоттаркорреспонденциясы: 1210 1040-1010
3130
Қатар№: 3
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Жыл соңында, 721 және 842 шоттарында есептелген сомасы, жиынтық жылдық табыс (зиян) шотына есептен шығарылады:

  • табыс
  • -шығыс
Сомасы,теңге:

39

3

Шоттаркорреспонденциясы: 6210
7410

723- шоты «Бағалы қағаздардың сатудан түскен табыс» бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.

723- шот бойы жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтірілген (қысқартылып алынған) .

Қатар

Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы, теңге
Шоттар корреспонденциясы
дебет
кредит
Қатар№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: 2
Сомасы, теңге: 3
Шоттар корреспонденциясы: 4
5
Қатар№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Кәсіпорын өзі алған бағасы бойынша акцияларды, облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатты
Сомасы, теңге: 6
Шоттар корреспонденциясы: 7410
1150
Қатар№: 2
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Өздері алған бағалы қағаздары үшін, сатып алушыларға шотты ұсынады
Сомасы, теңге: 2
Шоттар корреспонденциясы: 2110
6210
Қатар№: 3
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Бағалы қағаздарды сатудан алынған жалпы түсімі кассаға және есеп айырысу шотына келіп түскен
Сомасы, теңге: 2
Шоттар корреспонденциясы: 1040, 1010
6210
Қатар№: 4
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Алынған бағалы қағаздар үшін, бас кәсіпорынға шоты ұсынған
Сомасы, теңге: 1
Шоттар корреспонденциясы:
6210
Қатар№: 5
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Кәсіпорын өз қызметкерлеріне және басқа адамдарға шотын ұсынған
Сомасы, теңге: 2
Шоттар корреспонденциясы: 2150
6210
Қатар№: 6
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Есептен шығарылған қаржылық инвестицияларға қатысты қайта бағалау сомалары табыстарға көшіріліп жазылады
Сомасы, теңге: 17
Шоттар корреспонденциясы: 7410
6210
Қатар№: 7
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Жылдың аяғында бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстардың сомасы жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылады:

-табыс

- шығыс

Сомасы, теңге:

87

6

Шоттар корреспонденциясы: 6210
7410

724 -«Акция бойынша дивиденттер және пайыздар түріндегі табыстар» шоты ұзақ мерзімді жалға берілгеннен қарыздарды (заемдарды), сатып алынған бағалы қағаздарды, пайыз түрінде алынған табыстарды, акция бойынша алынған дивиденттерді есептеуге арналған.

Пайыз түрінде алынатын табыстар 5 БЕС сәйкес активтерден алынатын шынайы табыстарды уақытша қатынастық негізінде ескереді. Мысалы, субъектің тауарды сатып алушыларда 24% жылдық мөлшердегі векселі бар делік. Қарыз сомасынан вексель бойынша ай сайынғы табысы 2% (24/12) құраған. Табыстан төленетін дивидендтер акционерлердің оны алуы туралы құқы белгіленсе ғана танылады.

Акциялар бойынша дивиденттерді, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша есептелінген пайыздарды, берілген қарыздарды алған кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады.

Қатар

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы,

теңге

Шоттар

корреспонденциясы

дебет
кредит
Қатар№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: 2
Сомасы,теңге: 3
Шоттаркорреспонденциясы: 4
5
Қатар№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Кәсіпорынға тиісті акциялар бойынша дивиденттері, алынған бағалы қағаздар үшін пайызы, ұзақ мерзімді жалға үшін төленетін жалға ақысы есептелінеді

Сомасы,теңге: 12
Шоттаркорреспонденциясы: 2170
6110
Қатар№: 2
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Өткен есепті кезеңдерінде алынған табысы яғни 611 «Болашақ кезеңдерінің табыс» шотында ескерілген сомасы, осы есептік кезеңге жатқызылады (алдын ала төлеген жалға төлемі)

Сомасы,теңге: 2
Шоттаркорреспонденциясы: 3520
6110
Қатар№: 3
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Атаулы (номиналдық) құнынан төмен бағаға алынған бағалы бағалы қағаздардан түскен табыс сомасына

Сомасы,теңге: 4
Шоттаркорреспонденциясы: 1130
6110
Қатар№: 4
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Жылдың аяғында, алынған табыс сомасы, жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылады

Сомасы,теңге: 18
Шоттаркорреспонденциясы: 6110

Алынған табыстар 571-«Жиынтық табыс (зиян) » шотына көшіріліп жазылғаннан кейін 724- шоты жабылады.

725 - «Бағам айырмашылығынан түскен табыс» шоты айырбасталатын конверттелетін шетелдік валюталарына шаққандағы теңге бағамының өзгерісі кезеңде пайда болатын бағамдық айырманы есепке алуға арналған.

Бағам айырмашылығынан алынған табысқа шоттардың мынадай корреспонденциясын құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табыстар мен шығыстар есебі
Табыстар мен шығыстардың ұғымдары және есептілігінің ұйымдастырылуы
Ұйымдағы табыстар мен шығыстардың мәні мен жіктелуі
Экономикалық шығындар кәсіпорынның баламалы шығындары
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын
Дебет шот 7110 Кредит шот
Кірістер мен шығыстар
Негізгі және негізгі емес қызметтердің табыстары мен шығыстарының есебі
Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі
Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz