Кәсіпорынның инвестициялық қызметі жайлы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық саясатының негіздері ... ... ... ... ... ... ... ...7
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің
негізгі мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық
саясатын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық қызметтін басқару және бағалау ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты.
Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады.
Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Осы аталған инвестициялық саясатты жүзеге асыруда ең алдымен инвестициялық шешімдердің құрамы мен құрылымының сипаты, оларды бағалау мен талдаудың маңызы зор болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады.
Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер қарастырылады:
• Инвестицияның жалпы сипаты мен кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негіздеріне тоқталу;
• Кәсіпорынның инвестициялық саясатының жүргізілу барысын талдау;
• Кәсіпорындардың инвестициялық белсенділіігн арттыру мен инвестициялық қызметтің негізгі мәселелерін қарастыру;

1. Қазақстан Республикасының 2003-жылдың 8-қаңтарындағы «Инвестициялар туралы» Заңы
2. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
3. Оспанов М.Т. Иностранный капитал и инвестиции. – Алматы: 1997 г.
4. Шарп У. Александр Г. Бейли Дж. Инвестиции – М: Инфра, 1998 г.
5. Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №2
6. Финансовый менеджмент: теория и ппрактика: учебник / под. ред. Е.С.Стояновой. – Москва. “Перспектива”, 1996г.
7. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000 г.
8. Кучукова Н., «Стимулирование инвестиций и повышение конкурентоспособности казахстанской экономики», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №1
9. Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002
10. Сейтказиева А. М., «Инвестиционная деятельность предприятия», Алматы - 1998
11. Интернет желісі www.google.kz//http:pr/kaz/
12. Сембеков Е., «Об отдельных вопросах совершенствования инвестиционного проектирования в Казахстане», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2005, №2
13. Тургулова А.К., «Проблемы и пепспективы обеспечения финансовыми ресурсами предприятий реального сектора экономики», Банки Казахстана, 2005, №3
14. Шим Джей. К, «Финансовый менеджмент», Москва – 1997.
15. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...5
1.1 Инвестициялар ұғымы және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық саясатының
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... .7
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН
АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің
негізгі
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..12
2.2 Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық
саясатын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық қызметтін басқару және бағалау ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .28
КІРІСПЕ
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай
өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық
белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері
жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны
болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және
әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі
дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты.
Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған
кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде,
даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін
ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды.
Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі
және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының
бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық
кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да
кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп
ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары,
кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша
қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын
болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да
дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына,
нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет
етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық
жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап
ала білумен сипатталады.
Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы
көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық
табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да
инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі
болып отыр.
Осы аталған инвестициялық саясатты жүзеге асыруда ең алдымен
инвестициялық шешімдердің құрамы мен құрылымының сипаты, оларды бағалау мен
талдаудың маңызы зор болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпорындардың инвестициялық қызметін
басқару негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер
қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады.
Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер қарастырылады:
• Инвестицияның жалпы сипаты мен кәсіпорынның инвестициялық қызметінің
негіздеріне тоқталу;
• Кәсіпорынның инвестициялық саясатының жүргізілу барысын талдау;
• Кәсіпорындардың инвестициялық белсенділіігн арттыру мен инвестициялық
қызметтің негізгі мәселелерін қарастыру;
• Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру мен
инвестициялық қызметті басқару мен бағалау туралы мағлұматтар беріп
кету болып табылады.
Жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорындардың
инвестициялық қызметін басқарудың негіздері, инвестициялық саясатты
қалыптастырудың және жүзеге асырудың принциптері қарастырылады.
Екінші тарауда инвестициялар бойынша шешімдер қабылдаудың әдістері
қарастырылып, оларды нақты тәжірибе жүзінде қолдану жағдайлары
қарастырылады. әлемдік тәжирибеде кеңінен қолданылатын инвестициялық
жобаларды талдау әдістері мысалдармен өрнектеле отырып көрсетіледі.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың
бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады.
Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік
табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары,
құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып
табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және
келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік
қызметін кеңейту;
жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра
алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді.
Инвестициялау объектілері 1- суретте көрстетілген. 2, 129 б
Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
Инвестициялардың жіктелу белгілері 2- суретте берілген.
Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады.
Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық)
болып бөлінеді.
Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында
тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты
активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын
ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар
негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағы өндірісті кеңейту, техникалық
қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады. 3, 64 б
Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды
қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар
қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.
Инвестициялар белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша
инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған
ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.
Ұзақ мерзімді инвестицилар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер
ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға
салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі
түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған
капитал салымдарын жатқызуға болады. 4, 42 б
Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей және
тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында
инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын
түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың
кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында
инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-
дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса алады.
Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және
мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар
жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың
капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік
кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен
тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.
2. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының негіздері
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық
саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына
кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ
маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері
қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық
бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір
инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты
дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру
арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған
шараларының жиынтығы болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық
саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша
маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі
міндеттері келесідей болуы тиіс:
кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;
өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық
жобаларды анықтау;
инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету;
кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге
салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру.
Корпорация инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн ең бiрiншi
корпорацияның инвестициялық шешемiн қабылдайды. Ал өз кезегiнде
корпорацияның инвестициялық шешемi оның қаржылық шешiмiмен тығыз байланыста
болады. Оны келесi суреттерден көре аламыз: 7, 190 б
3- сурет Инвестициялық шешiм қабылдаудағы қарастыратын
құралдар және оларды талдау
Инвестициялық саясаттың негiздемесiн талдағанда келесi iшкi және
сыртқы факторларды ескеру керек:
• өндiрiлетiн өнiмнiң көлемiн, номенклатурасын және сапасын талдау;
• мерзiм бойынша инвестиция негiзiнде iске қосылатын өндiрiстiң жалпы
шығындарын және капитал салымдарын, сондай-ақ осы жобаға балама
жобаларды қатар қарастыру;
• ағымдағы эксплуатациялық шығындар;
• ақысы төленiп, әлi құрылмаған құрылғыларды қолдану тиiмдiлiгi
мүмкiншiлiгiн ескеру;
• негiзгi және материалды емес активтердiң амортизациялық шегерiмдерiн
ескеру;
• корпорацияның есеп саясаты бойынша салық төлемдерiн минималдау
шаралары.
Инвестициялық стратегия корпорацияның ұзақ мерзiмдi кезеңдегi
жоспарланған инвестициялардың тұрақты дамуын, оларды тартудың және
шығарудың тиiмдi жолдарын көрсету, жалпы болашақтағы инвестициялық
баздарларды айқындайды. Ал осы инвестициялық стратегияның iске асуы үшiн
кәсiпорын белгiлi мерзiм аралықтарында және рынок құрылымының өзгерiсiнде
инвестициялық саясаттарды iске асырады. Осы инвестициялық саясаттарды iске
асырғанда келесi қағидаларды ескеру қажет:
• Қарастырылып отырған шараларды экономикалық, ғылыми-техникалық,
экологиялық және әлеуметтiк тиiмдiлiктерiн максималдау;
• Корпорацияның капитал салымдарынан түсiп отыратын пайдаларды тиiмдi
инвестициялау;
• Пайдалы емес жобаларды iске асырғанда ақша ресурстарын тиiмдi
пайдалану;
• Инвестицияның тиiмдiлiгiн арттыруда мемлекеттiк қолдауларды қажет ету;
• Шетел инвесторларыннан несие және қарыз алуда белгiлi бiр
жеңiлдiктерге ие болу;
• Инвестициялық тәуекелдiлiктердi минималдауды қамтамасыз ету және
инвестициялық ортадағы бәсекелiктi ескеру;
Жаңа технологияларды игеруде корпорацияның инвестициялық саясатын
анықтағанда келесi факторларды ескеру қажет:
• Өндiрiлген өнiмнiң рыноктағы жағдайын, көлемiн, сапасын және сол
өнiмге рыноктық баға деңгейiн анықтау;
• Корпорацияның өнеркәсiбiнiң техникалық мүмкiншiлiк деңгейiн, оның
балансындағы аяқталмаған құрылысының және құрылмаған құралдарының
жағдайын талдау;
• Құрылғыларды лизингке алу мүмкiншiлiгiн ескеру;
• Корпорацияның қаржы-экономикалық жағдайы (төлемқабiлеттiлiгi,
баланстың өтiмдiлiгi, қаржылық тәуелсiздiк деңгейi инвестициялық
қолайлылық жағдайы);
• Корпорацияның өзiндiк меншiк және қарыз капиталдарының арақатынасы;
• Инвестордың мемлекеттен тарапынан қолдау табатын жеңiлдiлiк түрлерi;
• Капитал рыногын инвестициялаудың қаржылық жағдайы;
• Инвестициялық жобаның коммерциялық және бюджеттiк тиiмдiлiгi, яғни
корпорацияның негiзiнде iске асатын;
Талданған инвестициялық саясаттың жағдайын сипаттағанда инвестициялық
жобаның техника-экономикалық негiздемесiн қалыптастыру болып табылады.
Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық
саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның
инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері
келесідей:
капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;
іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау
нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;
мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді
қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;
жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың
жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып
қалыптастыру;
қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың
барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті
мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;
өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен
қайтарылуы;
инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және
ұйымдастырушылық құралдарды қолдану. 10, 84 б
Инвестициялық саясаттың ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге
асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін
тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет
етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру және
инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі
керек:
өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің
өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;
инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында
мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;
бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа
ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.
Қаражаттарды қолайлы экономикалық және техникалық жағдайлар жасай
алатын өндірістерге немесе экономика салаларына бағыттаған жөн.
Түптеп келгенде, кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мыналарды
қамтамасыз етуі тиіс:
нақты және қарыз капитал тарту үшін, инвестициялық белсенділікті арттыру
үшін кәсіпорын шеңберінде әкімшілік және экономикалық жағдайлар жасау;
инвестициялық қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін инвестициялық
ресурстарды орналастырудың оңтайлы механизмін қалыптастыру;
қарыз капитал тартудың оңтайлы стратегиясын қалыптастыру;
отандық және әлемдік құнды қағаздар, несие, ақша нарықтарына шығуға қолайлы
жағдайлар жасау;
барлық инвестициялық жобаларды міндетті түрде тәуелсіз сарапшылар
бағалауынан өткізуді ұйымдастыру; инвестициялық жобалар тек экономикалық
табысты және салынған капиталдың өтелімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай,
сонымен қатар сыртқы несие берушілерді тартудың әлеуметтік және
экономикалық тиімділігін де қамтамасыз етуі тиіс;
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
2.1 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің негізгі мәселелері
Қазақстанда өзіндік өндірісті дамыту экономикамыздың шикізат секторынан
тәуелділік мәселесін шешуде маңызды орын алады. Осы жағдайларға байланысты
отандық кәсіпорындарды техникалық жаңаландыру сауалдары көкейтесті болып
отыр. Әр түрлі дереккөздерге сүйенсек, Қазақстанда негізгі құралдардың
тозу деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін жететін көрінеді. Бұл, әрине,
кәсіпорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуіне қолайлы жағдайлар
жасауды талап етеді.
Кәсіпорындар үшін инвестициялық жобаларды қандай қаражат көздері арқылы
қаржыландыру және оларды қалай жүзеге асыру мәселесі өте маңызды. Осы
тұрғыдан қарағанда кәсіпорындардың инвестициялық әлуеті меншікті және
тартылған қаражаттар есебінен қалыптасады.
Егер Қазақстандағы кәсіпорындардың өздерінінің өндірістік деңгейін
дамыту мақсатында инвестициялық жобаларын қаржыландыру құрылымына көз
жүгіртер болсақ, онда тартылған қаражаттардың жыл санап басым үлес алып,
өзінің маңыздылығын көрсетіп келе жатқандығын байқауға болады (1- кесте).
8
1 – кесте. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері (млн. теңге)
Көрсеткіштер 2002-жыл 2003-жыл 2004-жыл 2005-жыл 2006-жыл
Меншікті қаражаттар 492 683,0751 801,0792 909,0917 061,01 080 000
үлесі, % 64,3 62,5 58,6 59,5 61,0
Тартылған қаражаттар: 273 182,7451 503,3559 202,4625 207,4690 131,0
Банктік несиелер 39 683,0 115 889,0103 768,0129 237,0139 000,0
үлесі, % 14,5 25,7 18,6 20,7 20,1
Шет елдік инвестициялар 169 594,0197 949,0281 716,0239 594,0246 500,0
үлесі, % 62,1 43,8 50,4 38,3 35,7
Бюджеттік қаражаттар 45 517,0 76 267,0 104 501,0164 982,0185 000,0
үлесі, % 16,7 16,9 18,7 26,4 26,8
Өзге инвестиция көздері 18 388,8 61 388,3 69 217,4 91 394,4 119 631,0
үлесі, % 6,7 13,6 12,4 14,6 17,3
Жалпы инвестициялар 765 867,01 203 3041 352 1111 542 2681 770 131
1-кестеден байқайтынымыз, өндірісті инвестициялауға салынған меншікті
қаражаттардың үлесі 2002-жылы 64,3% құраса, 2006-жылы бұл көрсеткіш 61,0%
дейін төмендеген. Сәйкесінше, инвестициялауға тартылған қарыз қаражаттардың
үлесі 35,7%-дан 39,0%-ға жетіп жығылған. Сонымен қатар, меншікті
қаражаттардың абсолюттік өсімі 2002-2004 жылдары 20,9% құраған.
Кәсіпорындардың инвестициялық қаражаттар тарту құрылымы да көңіл
аудартады. Әдетте, қарыз қаражаттар тарту экономиканың қаржы институттары
жүйесі – банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, лизингтік
компаниялар, шағын несие ұйымдары. Қаражаттар тартудың нысандары алуан
түрлі болады.
Тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі артып
келеді. Айталық, 2002-жылы тартылған қаражаттардың құрылымында банктік
несиелердің үлесі 14,5% болса, 2006-жылы бұл көрсеткіш 20,1% жеткен.
Өзге инвестиция көздерінің құрылымында лизингтік несиелердің ерекше
орын алатынын айта кету керек. Негізгі құралдарға салынған инвестициялардың
құрамында лизингтік несиелердің үлесі дамыған елдерде 20-30% құрайды,
дамушы елдерде 10-20% дейінгі шамамен сипатталады. Қазақстанда аталған
көрсеткіш 2005-жылы небәрі 1% құраса, 2006-жылы 2% жеткен. Көршіміз Ресейде
бұл көрсеткіш 5% құрайды. Бұл, әрине, отандың тауар өндірушілердің негізгі
қорларын жандандыру мәселесіне қажетті көмек бере алмайтындығының куәсі.
Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер
берумен айналысатын ұйымдар екі миллионнан астам кәсіпорындарға қызмет
көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларын
құрайды. Ал шағын несиелердің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі
дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде шағын несиелердің үлесі небәрі
2% ғана жетеді.
Қазақстан экономикасының негізі болып саналатын шағын бизнес
субъектілеріне тоқталар болсақ, олар үшін инвестициялық қаражаттар тарту
қазіргі таңда ең көкейтесті мәселе болып отырғаны анық. Олар үшін бүгінде
инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі – банктік несиелер болып
отыр. Шағын несие ұйымдары мен лизингтік компаниялар елімізде енді ғана
қалыптасу үстінде. Шағын кәсіпорындарға берілетін банктік несиелердің үлесі
де жыл санап азайып келеді (3.2-кесте).
2-кестенің мәліметтеріне сүйенсек, банктік мекемелердің шағын бизнес
субъектілерін қаржыландыруға жұмсаған қаражаттары соңғы жылдары абсолюттік
көрсеткіші бойынша динамикалық түрде артып келеді. Айталық, аталған
секторға берілген несиелер 2002-жылы 39,9 млрд. теңгені құраса, 2006-жылы
бұл көрсеткіш 196,2 млрд. теңгеге жеткен, яғни, бір көзбен қарағанда, соңғы
бес жыл ішінде шағын кәсіпорындарға берілген банктік несиелердің сомасы 5
есе өскен. 8
2-кесте. Банктердің шағын бизнес субъектілеріне несиелік салымдары (млрд.
теңге)
Несиелік салымдар 2002-жыл 2003-жыл 2004-жыл 2005-жыл 2006-жыл
Жалпы банктік несиелер 148,8 276,2 489,8 672,5 978,1
Шағын бизнеске несиелер 39,9 74,2 122,0 146,5 196,2
- ұлттық валютада 22,3 40,7 46,7 55,5 104,4
қысқа мерзімді 12,5 23,2 24,1 30,7 48,3
ұзақ мерзімді 9,9 17,6 22,6 24,8 56,2
- шет ел валютасында 17,5 33,5 75,3 91,1 91,8
қысқа мерзімді 8,0 17,0 36,1 32,4 32,4
ұзақ мерзімді 9,5 16,5 39,2 58,7 59,4
Жыл бойындағы өсім, % 64,0 85,1 64,4 20,0 33,9
Шағын бизнеске берілген 26,8 26,9 24,9 21,8 20,0
несиелердің үлесі, %
Алайда, осы несиелерді жалпы несиелер құрылымындағы үлесі тұрғысынан
қарастыратын болсақ, онда кері көріністі байқаймыз. Жалпы экономикаға
берілген несиелердің құрылымында шағын кәсіпорындарға берілген несиелердің
үлесі 2002-жылғы 26,8%-дан 2006-жылы 20,0%-ға дейін төмендеп кеткен. Бұл
еліміздегі шағын бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының әлі де болса
жаяу баяңмен іске асырылып жатқандығын көрсетеді.
Еліміздегі кәсіпорындық сектордың дамуын және отандық бәскелестік
қабілеті жоғары тауарлардың өндірілуін қамтамасыз ету үшін аталған
кемшіліктерді жоюдың немесе төмендетудің шараларын іздестіру қажет. Арнайы
қаржы-несиелік мекемелер жүйесін қалыптастыру арқылы қолайлы инвестициялық
жағдайлар жасайтын қаржылық инфрақұрылымды жетілдіре түсу қажет. Бұл жерде
құнды қағаздар нарығының экономиканың нақты секторына ақша ағындарын тиімді
орналастыратын ролін көтеру де шешуші роль атқарады.
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару және бағалау
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық
тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы
өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық
қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты
міндеттерінің бірі болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару – бұл инвестициялық қызметті
заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;
жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман талаптарына сай
әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге
асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;
жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын тарапынан
инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен
сипатталады.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең
тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың
инвестицияларды басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік (4-сурет). 6,
137 б
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі – бұл
елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей
көрсеткіштерді ескереді:
жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік тауарлардың
өндіріс көлемінің динамикасы;
ұлттық табысты бөлудің динамикасы;
мемлекеттің инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы және
ынталандыруы;
инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар
нарығының, даму деңгейі.
Келесі кезең – кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере
отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде
кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар өз
қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі инвестициялаудың негізгі нысандарын
анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық
тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген
сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.
Экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын зерттеу барысында
жүргізілген талдау жұмыстары келесідей маңызды сұрақтарға жауап табуға
мүмкіндік береді:
осы саланың елдегі және әлемдегі дамуының тарихи негіздері;
бәсекелестік шарттары – салаға кіру кезіндегі бөгеттердің болуы, саладағы
бәсеклестердің өзара қатынастары, солардың өнімі тәріздес тауарлардың пайда
болу мүмкіндігі;
өндірушілердің өндірістік қабілеті мен сатып алушылардың төлем
қабілеттілігі;
осы салаға байланысты қолданыстағы заңнаманың негіздері.
Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы кәсіпорындарға инвестициялар
салудың тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар қалыптасады.
Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау,
инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін
кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық
стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап
алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың
экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы
бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша
сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап
алынады.
Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі – инвестициялардың өтімділігін
анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорындар
жекелеген инвестициялық объектілер бойынша инвестициялық жағдайдың өзгеруі
нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін
ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап,
инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау
туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың
пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша
алдын-ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік
деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал.
Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі –
инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру
көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы
бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық
ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген
мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады.
Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар
тарту туралы шешім қабылданады.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның
инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық
инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық
тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық
инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып,
содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар
қолданылады.
Инвестициялық сипаттағы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың негізінде
болжамдалған инвестициялардың көлемі мен болашақ ақша кірістерінің көлемін
бағалау және салыстыру жатады. Салыстыруға жататын көрсеткіштер уақыттың әр
түрлі мезетіне жататындықтан, мұндағы өзекті мәселе оларды салыстыру болып
табылады. Оларды салыстыру барысында көптеген объективті және субъективті
факторларға көңіл аударылады: елдегі инфляция деңгейіне, инвестицияланатын
қаражаттардың көлемі мен олардан келетін ақша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz