Шыңжаң - Ұйғыр автономиялы районы



I. ШЫҢЖАҢ ҰЙҒЫР АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНЫНА ЖАЛПЫ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Жер бедері
1.2. Геологиялық құрлымы
1.3.Климат
1.4. Гидрографиясы
1.4. Гидрографиясы
1.5.Жаратылыстық байлығы
II . ӘКІМШ. ШЫҢЖАҢ ҰЙҒЫР АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1. Жалпы халық саны
2.2.Ұлттық құрамы
2.3. Халықтың тығыздығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1955- жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиялы районы құрылды, қысқартып (қытайша) «шин» жаңа жер деген мағынаны береді. орталығы- үрімжі қаласы. Шыңжаң еуразия құрлығының кіндігіне орналасқан, ерте заманда ол әр бағыттағы «жібек жолының» торабы саналды, Шыңжаң шығыс-терістікте Моңғолия мен солтүстік пен батыста Ресеймен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен шектеседі, батыс оңтүстікте Ауғаныстанмен, Пакистанмен, Индиямен ұласады, жалпы шекара желісі 5400 километірден астам, географиялық координаты 49º10´45 болады, түстікте солтүстік ендігі 34º15´, ендік аттамалығы 15ºқа таяу болса, шығыста шығыс бойлығы 96º25´, батыста шығыс бойлығы 73º21´40, бойлық аттамалығы 23 градустан астам. Автономиялы районның шығысы мен батысының аралығы 1900 километр, түстігі мен терістігінің арасы 1500 километр, Шыңжаңның жалпы жер ауданы бір миллион 660 мың 400 шаршы километр келеді де, Қытайдың бүкіл жер көлемінің алтыдан бір бөлегін ұстайды. 2000 жылдың соңында бүкіл автономиялы районда 3 төте қарасты қала (аймақ дәрежелісі екеу ), 8 аймақ, 5 автономиялы обылыс, аймаққа төте қарайтын 9 қала, обылысқа төте қарайтын 7 қала, 62 аудан, 6 автономиялы аудан, қалаға төте қарайтаын 11 район болды. Шынжаң Ұйғыр ұлтын тұлға еткен көп ұлтты район.
Шынжаң ішкі құрлыққа сұғына орналасу, теңіз – мұхиттардан қиыр жату, биік таулармен қоршалу, Чиңхай – Тибет үстіртінің зор көлемді қобысып көтеріліп шығуы сықылды ықпалға ұшырағандықтан,ондағы қалыптасқан жаратылыстық факторлар мен жаратылыстық кешендердің барлығы құрғақ ортаның көрнекті ерекшелігіне ие. Мұндай құрғақ ортаның жаратылыстық көрнісінде типтік қуаңшылық ерекшелік болып қалмастан, оның үстіне шынжаңдықтар да жан түршігерлік құрғақ ортамен күресу барысында өндірісін дамытып, өсіп өрбу тіршілік тынысы да болды.
Шынжаң – Қытай бойынша аумағы ең үлкен район, сондай –ақ табиғаты көркем, жері кең, байлығы мол, ашуды шұғыл қажет етіп отырған ырысты алқап, шыңжаң теңіз - мұхиттан шалғай ішкі құрлықта, Алтай, Тянь-Шань, Күн-Лун тау сілемдері Жоңғар мен Тарым ойпаттарын араларына алып, «үш таумен тұйықталған екі ойпат» сынды жағдайды қалыптастырған, осындай ерекше геологиялық түзіліс ішкі қойнауында толып жатқан кен өнімдерінің сақталуына мүмкіндік туғызды. Шыңжаңның ұлы тауларындағы мұздықтар өзендер мен көлдердің су көзіне айналып, шураттар мен далалық өлкелерді суландыруда, әр ұлт ұландарын асырауда.
1. Шыңжаңның Ұлттық Энциклопедиясы, (Шыңжаң, 2000ж), 1 том.
2. Шыңжаңның Ұлттық Энциклопедиясы, (Шыңжаң, 2001ж), 2 том.
3. Шыңжаңның Ұлттық Энциклопедиясы, (Шыңжаң, 2002ж), 3том.
4. Шыңжаңның Ұлттық Энциклопедиясы, (Шыңжаң, 2003ж), 4том.
5. Шыңжаңның Ұлттық Энциклопедиясы, (Шыңжаң, 2004ж), 5том.
6. Шыңжаң ұйғыр автономиялы районы картасы, (Шыңжаң, 2005ж).
7. Ниғмет Мыңжанұлы, «Шыңжаңның қысқаша тарихы», (Шыңжаң Ұлттар баспасы, 1990ж).
8. «Жас түлек» журналы, (Шыңжаң, 2003/5).
1. Туристическое районирование Синьцзян-Уйгурского автономного района.
2. Карта туристского районирования Синьцзяна.
3. Программа специальных туристских маршрутов, составленных туристской компанией «Шелковый путь» Синьцзянского университета.
4. Туристские экскурсии по территории Синьзяна и за его пределами, составленные туристской компанией «Шелковый путь» Синьцзянского университета.

9. Қаусылхан Қозыбайұлы, «Шыңжаңның тарихи дерек келелі кеңес», (Шыңжаң ғылым-техника баспасы, 1992ж).
10. Шыңжаңның демографиялық жағдайы, (Бейжиң Орталық Ұлттар баспасы, 2000ж).
11. «Оқырман өресі» журналы, (Шыңжаң, 2000/7).
12. Асқар Татанайұлы, «Тарихи дерек, келелі кеңес», (Шыңжаң, 1995ж).
13. «Көрші» журналы, (Шыңжаң, 2006/12).
14. Интерсайт: http:www. хjfed0sl. сom
15. Шыңжаңның базар шаруашылығы, (Шыңжаң, 2005ж).

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
I. ШЫҢЖАҢ ҰЙҒЫР АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНЫНА ЖАЛПЫ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА

1. Жер бедері

1955- жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиялы районы құрылды, қысқартып (қытайша)
шин жаңа жер деген мағынаны береді. орталығы- үрімжі қаласы. Шыңжаң
еуразия құрлығының кіндігіне орналасқан, ерте заманда ол әр бағыттағы
жібек жолының торабы саналды, Шыңжаң шығыс-терістікте Моңғолия мен
солтүстік пен батыста Ресеймен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен
шектеседі, батыс оңтүстікте Ауғаныстанмен, Пакистанмен, Индиямен ұласады,
жалпы шекара желісі 5400 километірден астам, географиялық координаты
49º10´45 болады, түстікте солтүстік ендігі 34º15´, ендік аттамалығы 15ºқа
таяу болса, шығыста шығыс бойлығы 96º25´, батыста шығыс бойлығы 73º21´40,
бойлық аттамалығы 23 градустан астам. Автономиялы районның шығысы мен
батысының аралығы 1900 километр, түстігі мен терістігінің арасы 1500
километр, Шыңжаңның жалпы жер ауданы бір миллион 660 мың 400 шаршы
километр келеді де, Қытайдың бүкіл жер көлемінің алтыдан бір бөлегін
ұстайды. 2000 жылдың соңында бүкіл автономиялы районда 3 төте қарасты қала
(аймақ дәрежелісі екеу ), 8 аймақ, 5 автономиялы обылыс, аймаққа төте
қарайтын 9 қала, обылысқа төте қарайтын 7 қала, 62 аудан, 6 автономиялы
аудан, қалаға төте қарайтаын 11 район болды. Шынжаң Ұйғыр ұлтын тұлға еткен
көп ұлтты район.
Шынжаң ішкі құрлыққа сұғына орналасу, теңіз – мұхиттардан қиыр жату,
биік таулармен қоршалу, Чиңхай – Тибет үстіртінің зор көлемді қобысып
көтеріліп шығуы сықылды ықпалға ұшырағандықтан,ондағы қалыптасқан
жаратылыстық факторлар мен жаратылыстық кешендердің барлығы құрғақ ортаның
көрнекті ерекшелігіне ие. Мұндай құрғақ ортаның жаратылыстық көрнісінде
типтік қуаңшылық ерекшелік болып қалмастан, оның үстіне шынжаңдықтар да жан
түршігерлік құрғақ ортамен күресу барысында өндірісін дамытып, өсіп өрбу
тіршілік тынысы да болды.
Шынжаң – Қытай бойынша аумағы ең үлкен район, сондай –ақ табиғаты
көркем, жері кең, байлығы мол, ашуды шұғыл қажет етіп отырған ырысты алқап,
шыңжаң теңіз - мұхиттан шалғай ішкі құрлықта, Алтай, Тянь-Шань, Күн-Лун тау
сілемдері Жоңғар мен Тарым ойпаттарын араларына алып, үш таумен
тұйықталған екі ойпат сынды жағдайды қалыптастырған, осындай ерекше
геологиялық түзіліс ішкі қойнауында толып жатқан кен өнімдерінің сақталуына
мүмкіндік туғызды. Шыңжаңның ұлы тауларындағы мұздықтар өзендер мен
көлдердің су көзіне айналып, шураттар мен далалық өлкелерді суландыруда, әр
ұлт ұландарын асырауда.

1.2. Геологиялық құрлымы

Шыңжаңның геологиялық құрлымы күрделі, жер бедер желісі айқын
Шыңжаңның геологиялық даму тарихы өте ұзақ, геологиялық құрлымы күрделі,
өңірлік құрлым кезеңі тым арыда, ірі жер тұғырлары мен геосинклиналдары
(ойыспалы алқаптары) ұқсамаған геологиялық тарихи дәуірлерді өткізген.
Тарым жер тұғыры қытайдағы ең көне жер тұғырларының бірі есептелінеді, ең
алғашқы құрлым өзегі 2 миллиярд 500 миллион жылдың алдында қалыптасқан,
Тарымның тағанын құраған болуы мүмкін, жер тұғырының ең көне жер қабаты
археозой (арғы тіршілік заманы ) заманыныкы болып, оның үстін протерозой
(алғашқы тіршілік заманы ) заманының жер қабаты қалыпсыз бүркегендіктен,
палеозой ( ертедегі тіршілік заманы ) заманынан бері қарайғы шөгінді
қабаттары қалыңдай берген, Жоңғар жер бөлегі Тарым жер тұғырынан кейінгі
құрлымдық тұлға, геологиялық өзгеру тарихы күрделі болғандықтан, құрлымдық
сипаты жөнінде де әртүрлі танымдар бар. Ал, Алтай, Тянь-Шань, Күнлун сияқты
таулардың геосинклинал ( ойыспалы алқап ) қатпар жүйесінің қалыптасу
мезгілі едәуір жай болған. Қытай территориясы ішіндегі Алтай тауы
геосинклиналы екі түрлі шөгіндіден құралған, кейінгі палеозой тобы
миеогеосин клиналы (miogeosynclint) тобы эогеосинклиналық
(onthogeosynclint) шөгіндісі болып, девон кезеңі аяқтамаған геосинклиналдық
шөгінді есептелінеді. Шыңжаң территориясындағы Тянь-Шань тауы геосинклиналы
қатпары Яңзы (Чаңжиаң өзенінің тарихтағы аты ) қайтуынан қалыптасқан Қытай
жер тұғыры негізінде туындаған типтік көп қайтудан (теңіздің шегінуі)
жетілген геосинклиналды қатпар жүйесі есептеледі де, Оңтүстік Тянь-Шань
тауы миеогеосинклинал қатпарлы белдеу Тянь-Шань тауларының аралығындағы
қопсып көтерілген белдеу және солтүстік тау қатпарлы белдеуі сықылды төрт
қатпарлы белдеулерге бөлінеді. Тянь-Шань тауы геосинклиналы қатпар жүйесі
алғашқы пермь кезеңі аяқтамаған геосинклинал типті шөгінділеріне жатады.
Күн-Лун қатпар жүйесі құрлымы күрделі варисци қатпарлы жүйесі болып, шығыс
Күн-Лун тауы қатпарлы жүйесі мен батыс Күн-Лун тауы қатпарлы жүйесіне
бөлінеді, екеуінің өзгеру тарихы жалпы жағынан ұқсағанмен, бірақ, екінші
дәрежелі құрлымдық(тектоникалық) аумақтарының өзара парқы едәуір зор, шығыс
Күн-Лун тауы қатпарлы жүйесі Декан асуы эогеосинклинал қатнарлы белдеуі,
Цайдам шөкпе ойқылы, Чыматау эогеосинклинал қатпарлы белдеуі, Бұрқанбудай
тауы эогеосинклинал қатпарлығы, Алтын тау эогеосинклинал қатпарлы белдеуі
сықылды жеті екінші дәрежелі аумаққа бөлінеді, Батыс Күн-Лун тауы қатпар
жүйесі Солтүстік Күн-Лун тауы эогеосинклинал қатпарлы белдеуі, Күн-Лун
тауларының аралығындағы қопсып көтерілген белдеу, Оңтүстік Күн-Лун тауы
қатпарлы белдеуі сықылды үш екінші дәрежелі аумаққа бөлінеді.Олар палеозой
эрасы ақырласпаған геосинклинал типті шөгінділер, Алтай, Тянь-Шань, Күн-Лун
таулары негізінен үш геологиялық даму кезеңін басып өтті: палеозой эрасының
соңғы мезгілі қатпарлардың қопсып көтерілген кезеңі, мезозой эрасымен көне
үшінші кезең шайылып тегістелу кезеңі, жаңа үшінші кезеңмен төртінші
кезеңнің басы жаңаланған заман опырылма кесектердің көтерілу кезеңі болып,
осы заман тауларының қалыптасуының негізін қалаған.
Шыңжаңдағы байтақ жер бедері аумағы Шыңжаңның өңірлік құрылым
аумағымен өзара қабысып жатады. Құрылымдық қозғалысы салыстырмалы тыныш
болған Тарым бөлігі кесегі мен Жоңғар бөлегімен қазіргі екі үлкен ойпат
қалыптасқан, құрылымдық қозғалысы шұғыл әрі жиі болған, өте-мөте соңғы
құрлымдық қозғалысы өте күшті Алтай, Тянь-шань, Күн-Лун, Қарақақорым сияқты
тауларда түрліше құрлымдық қозғалыс кезеңдерінен кейін дамып өзгеру арқылы
асқар-асқар айбарлы алып таулар қалыптасып, бұл Шыңжаңда үш таумен
тұйықталған екі ойпат сынды геологиялық желі қалыптасқан.Тау жүйесінің
ішкі бөлігінде де үлкен-кішілі әртүрлі, биік-аласалығы көрнекті парықталып
тұратын тау аралық ойпаттары болып, олар тау жүйелері мен ойпат араласқан
геоморфологиялық көріністі қалыптастырған.Оның геоморфоллогиялық түрлері
алуан түсті келеді.
Жер қабаты белгілі қабаттағы бір қабат немесе бір группа тау жынысы.
Шынжаңның жер қабаты толық жетілген, көнесінен жаңасына ашылғанға дейінгі
жер қабаттарынан архей эонотимы, протерозой эонотимы, кейінгі палеозой
заманы, алғашқы палеозой заманы, мезозой заманы, кайнозой заманы бар.
Протерозой эонотимы бұрын негізінен метаморфик (өзгерген жыныс) жыныстар
болған, палеозой заманы мен онан бұрынғы жер қабаттары Алтай, Тянъ – Шанъ,
Күн-Лун тауы, Алтын тауларына және шығыс, Батыс Жоңғар таулы райондарына
кеңінен таралған, соның ішінде кембрий, девон, тас көмі, триас кезеңі
Шынжаңның жер қабаттарын зерттейтін өлшемдерінің бірі есептелінеді .
Шынжаң жер қабатының ашық көрнісі толық, құрлымдық қозғалысы жиі,
магмалық қозғалысы көп түрлі, геологиялық құрлымы күрделі, жер тарихының
өзгерісі өзгеше келеді. Тұлғалық жақтан үш тау мен тұйқталған екі ойпат
сынды геоморфологиялық нобайы мен тау жасау белдеуі және олардың
аралығындағы отыра шөккен шекаралары негізінен қабысқан, Шынжаңның орта
бөлігінен көлденең өткен Тянъ-Шанъ тау жасау белдеуі аралығы Жоңғар шөкпесі
болады, ал,Тянъ-Шанъ тау жасау белдеуі мен оңтүстігіндегі Күн-Лун тау жасау
белдеуі аралығы Тарым шөкпесі болады. Ашылған жер қабаттарында архей
эонотимінің, протерозой эонотимінің, соңғы палеозой тобының, алғашқы
палеозой тобының, мезозой тобының және кайнозой тобының жер қабаттары
болып, ежелгі метаморфик(өзгерген) жынысты, араласпа жынысты, әртүрлі теңіз
төркінді, құрлық төркінді шөкінді жыныстарды және атқынды жыныстарды
қамтиды. Протерозой эонотимнен төртінші кезеңге дейін жиыны алты мезгілді
32 рет құрлымдық қозғалыс балған, оның ішінде протерозой эонотимінде 6
рет, каледон мезгілінде 5 рет, оның ішінде протерозой эонотимінде 6 рет,
каледон мезгілінде 5 рет, варици мезгілінде 12 рет, Иінді – Чин мезгілінде
1 рет, Яншан мезгілінде 3 рет, Гималай мезгілінде 5 рет болға, әрмезгілдегі
әрретгі құрлымдық әрекеттердің барлығы ұқсамайтын түр, көлем, формадағы
магма әрекеттерімен сәйкесті болып, варици мезгілінің сұғанақ жынысы ең кең
таралған-, ашылған жер ауданы тұтас сұғанақ жыныс ауданның 80%-ын иеле,
Алтай, Тянъ-Шанъ, Жоңғар, Алтын тау, Күн-Лун тауы сықылды бес сұғанақ жыныс
белдеуі қалыптастырған. Құрлымдық өзгерісті төрт кезеңге бөлуге болады:
1.Алдыңғы кембрий кезеңі. Шынжаңның оңтүстік жарты бөлігі орнықты жер
тұғыры типіндегі шөгінді болып, бұрынғы кембрий заманының соңында Алтай
тауының солтүстігіндегі Қанас районы қатпар қопсып көтеріліп шығып, жер
тұғыры районы қалыптасқан .
2. Бұрынғы палозой эрасы. Тарым жер тұғыры Алтай, Жоңғар, Тянъ-
Шанъ және Шығыс Күн-Лун геосинклиналына қарай бөлініп дамыған .
3.Соңғы палеозой эрасы. Каледон мезгілінде көтеріліп шыққан
құрлық девон кезеңінен кең болғандықтан, бұрынғы тас көмір заманы теңіз суы
мен көміліп, соңынан сібір кесегі соқтыға қысылып, Алтай, Тянъ-Шанъ, Күн-
Лун және Алтын қатпарлы тау жүйелері мен Жоңғар, Тарым шөкпелері
қалыптасып, үш тау мен тұйқталған екі ойпат сынды жалпы жер бедері
тұлғаланған, осы кезең Шынжаңның алуан түрлі іштен пайда болатын кендерінің
басты қалыптасу кезеңі деп есептеледі.
4.Мезозой – кайнозой эрасы. Құрлық төркінді шөкіндіні негіз етіп,
тау жасау белдеуі шайылып, ойпаттарға тұнбалар тұнып, мол көмір, мұнай-газ
кендері қалыптасқан. соңғы үшінші кезеңде – жаңаланған ғасырда жаңа
құрлымдық қозғалыстың әсеріне ұшрап, таулы жерлер жақпрлана көтеріліп
шығып, қазыргі геоморфологиялық желінің негізі қаланған.

1.3.Климат

Күн нұры жылу байлығы мол, су байлығы тапшылау Шынжаңның ендік
градус аттамалығы кең, Оңтүстік Шыңжаң қуаң әрі жылы қоңыржай белдеу ауа
райы районына жатады. Тұтас тұлғалық жағынан алғанда, Шынжаң районының күн
нұры, жылу байлығы мол, Оңтүстік Шынжаңдікі Солтүстік Шынжаңнан көп болады.
Оңтүстік Шынжаңның жазық райондарының жылдық орташа ауа темпратурасы 10ºС
тан жоғары, 10ºС тық жылдық жиналған ауа темпратурасы көбінде 4000ºС тан
жоғары, қыраусыз мезгілі 200~220 күнге жетеді. Солтүстік Шынжаңның жазық
райондарының жылдық орташа ауа темпратурасы Оңтүстік Шынжаңдігінен 2ºС- 2ºС
төмен, 10 тық жылдық жиналған ауа темпратурасы көбінде 3500 ºС
төңірегінде, қыраусыз мезгілі әдетте 150 күн болады. мол күн нұры, жылу
байлығы ауыл шаруашылық өндірісінде төтенше тимді келеді.
Шынжаңның жауын – шашыны сирек, Оңтүстік Шынжаңның жазық
райондарында ең аз болады. Жазық райондардың жер беті ағыны жетілмеген,
зор көлемді ағыссыз алап бар. Шынжаң районының орташа жылдық жауын –шашын
мөлшері мен орташа жылдық ағын мөлшері (жылдық ағын тереңдігімен
бейнеленеді) бүкіл Қытайдың орташа мәнінен төмен әрі жер шарындағы тең
ендік градусындағы басқа райондардан төмен тұрады. Шынжаңның жылдық орташа
жауын – шашын мөлшері 145 миллиметр, бұл Қытайдың 630 миллиметрлік орташа
жылдық жауын – шашын молшерінің 23%-ы болады. Шинжаңның жылдық ағын
тереңдігі 50 миллиметр, бұл Қытайдың 271 миллиметрлік орташа ағын
тереңдігінің 18%-а қарайлас келеді. Шынжаң су байлығының таралуыда өте
ретсіз. Атмосфералық жауын – шашыны солтүстік Шынжаңда Оңтүстік Шынжаңнан
көп, Батыс бөлігінде Шығыс бөлікнен көп, таулы өңірлерінде жазықтарынан
көп, ойпат жиектерінігі ойпат ортасыныкінен көп болады. Таулы райондары –
жер беті ағыны қалыптасатын өңір, жазық райондары – жер беті ағыны жайылып
жоғалатын өңір. Жер беті ағынының таралуы да Солтүстік Шынжаңда Оңтүстік
Шынжаңнан көп, Батыс шығысынан көп, таулы райондарінігі, жазықтарынігінен
көп болады. Өзен ағын су мөлшері жаз маусымына шоғырланған, көктемде
қуаңшылық, жазда тасқын суы болатын жайт көп үнемі туылып отырады. Су
байлығы тапшылығы Шыңжаңның өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісі дамуын
тежейтін басты себеп болып отыр. Шыңжаңдағы ең үлкен Іле өзені мен Ертіс
өзенінің жылдық ағын мөлшері жеке–жеке 16 миллиярд текше метр және шамамен
12 миллиярд текше метр болып, сулы өңір есептелгенімен, өзен суынан
пайдалану мөлшері өте төмен, алдыңғысының шетелге ағып шығып кететін су
мөлшері 12 миллиярд текше метрден артық, кейінгісінің шетелге ағып шығып
кететін су мөлшері 9 миллиярд 500 миллион текше метрге жетеді. Бұл
шыңжаңда су байлығын ашып пайдаланудың көмескі күші өте үлкен екендігін
әйгілейді
Ауыр қуаңшылық ортасы, сүреңсіз экологиялық жүйесі. Шыңжаңның
қуаңшылықты жаратылыстық ортасы сонау геологиялық кезеңдердің дамып
өзгеруінен келген, ең алғашта 100 миллион жылдан артық уақыттың алдындағы
бор кезеңі, үшінші кезеңдердің басында қуаң орта пайда болған, төртінші
кезеңнен бері тұтас жершары құрлымдық қозғалысының күшеюіне сай,
Шыңжаңдағы ұлы тау жүйелерінің жақпар бөліктерінің қопсып көтерілуінен
Шыңжаң бүкілдей тұйықталған ішкі құрлық өңіріне айналып, ауыр қуаңшылық
орта болып қалыптасқан. Мұндай ортаның қалыптасуындағы түбірлі себеп -
Шыңжаң районының ауа кеңестігіндегі су құрамы сирек, жер беті су байлығының
тапшы болуында. Шыңжаң теңіз мұхиттардан шалғай болғандықтан қытайдың
шығыс оңтүстік маусымдық желі жетіп келе алмайды, негізінен атлант мұхиты
мен солтүстік мұзды мұхиттан келетін ауа ағысына сүйенеді, ал, мұндай батыс
желі ауа ағысының су құрамы ұзақ сапарды басып Шыңжаңға келгенде, арыны
қайтып әлсіреп, жаңбыр болып жерге жауатын су құрамы төтенше шекті болып
қалады. Шыңжаңның тауларындағы жаңбырдың қалыптасатын шарт жағдайы нәшәрлау
болады, сондықтан, кең байтақ райондарда қуаңшылық болып, жердің шөлейттену
аумағы кеңейе түскен. Шыңжаңның төтенше құрғақ районы мен құрғақ районның
ауданы Шыңжаңның жалпы жер ауданның 65.5%-ын (ондағы төтенше құрғақ район
28.8% ын,құрғақ районы 36,7%ын ) иелейді, егер жартылай құрғақ районын
қосып есептесек, оның жер ауданы Шыңжаңның жалпы жер ауданның 88.7%-ын
иелейді, дәл осылай болғандықтан шыңжаңдағы ұлан–байтақ шөл жазық
районының жаратылыстық ортасы төтенше сүргейлі болған. Ойпат жиектеріндегі
шураттар негізінен таулы район су байлықтары мен қоректенеді, тіке жауатын
жауын – шашын қосалқы рөл атқарады.
Шынжаңның нашар жаратылыстық ортасы экологиялық ортасын төтенше
сүреңсіздендірген. Су құрамының тапшылығы ұлан – байтақ райондардың жамылғы
өсімдіктенрін сиректендіруге сайып, Ұлытау жүйелерінің бөктер белдеулері
мен ұлан байтақ жазық райондарда шөлейттену көрнісін көрнектендіреді.
Солтүстік Шынжаң құмдығы мен шөлдің райондарының жамылғы өсімдік
бүркемілігі не бәрі 0.3 айналасында болса, оңтүстік Шыңжаң шөлейт
райондарының жамылғы өсімдік бүркемелігі 0.1 ге де жетпейді. Шөлейт
райондарының жоғарғы шегі солтүстік Шыңжаңда теңіз деңгейінен 1000 метр
төңірегіне дейін жетеді, оңтүстік Шыңжаңда 1500~2000 метрге дейін жетеді,
Күн-Лун тауы мен Алтын тауының шөлейттенуінің жоғарғы шегі 3000 метрге
дейін жетеді немесе одан да жоғары болады. Шөлейт жамылғы өсімдіктері
әлдеқашан сүреңсізденіп кеткендіктен оның қалпына келуі төтенше қиын.
Шыңжаң таулы районы жамылғы өсімдіктерінің вертикал белдеуге бөлінуі
су құрамы мен жылу мөлшерінің жан – жақтылы әсерге ұшырауынан белгілі
болады. Шыңжаңдағы таулы райондардың жауын – шашыны көбірек болатындықтан
жамылғы өсімдік бүркемелігі жазықтарға қарағанда көп, солтүстік Шыңжаң
таулы райондарында шамамен 0.8 болса, оңтүстік Шыңжаң таулы райондарында
0.5 тен артық болады.

1.4. Гидрографиясы

Шыңжаңның су байлығы мол әрі едәуір тұрақты, бүкіл Шыңжаң бойынша
атмосфералық жауын-шашынның жалпы мөлшері 245 миллиард 600миллион текше
метрге жетеді.Шыңжаң жеріедегі мұздықтардың ауданы 23000 шаршы километр,
мұздықтардың жылдық еруінен қалыптасатын судың мөлшері 19 миллиард 850
миллион текше метр. Жазық өңірлердегі жер асты суының пайдаға асу
потенциалы 6.3~19 миллиард текше метр, дария өзендердің жалпы ағыны 88
миллиард 250 миллион текше метр, мұның қытайдағы ішкі ағыны 79 миллиард 400
миллион текше метр, қытай бойынша 12-ші орында тұрады. Адам басына тура
келетін су байлығының шамасы қытайдың орташа мәнінің 2,2 есесінде, яғни
бүкіл қытай бойынша 4-ші орында тұрады, бірақ, Шыңжаңның жері кең, бірлік
ауданға тура келетін су байлығының шамасы өте аз, сондықтан Шыңжаң – құрғақ
аудан болып есептеледі. Оның үстіне су байлығының таралуы біркелгі,
пайдалану мөлшері төмен, басым көп санды өзендердің ағысы бір жылдың өзінде
өзгерісі аса парықты, жыл аралық өзгерісі салыстырмалы тұрақты, арнасының
молайған жылдары мен тартылған жылдардағы салыстырмасы 1:5 ге қатынасы
болады. Жазық өңірлердегі жер асты суының ашудың жасырын күші 6.3 млрд.қа
19 млрд.текше метр, 1997 жылы Шыңжаңның ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі, қала,
қалашық тұрғындары мен ауыл – қыстақ тұрмысы қатарлы жақтарына жалпы
пайданылатын су мөлшері 43 млрд. 300 млн. текше метр болған, экологияға
пайдаланылған су факторын шығарып тастап, су үнемдеудің озық техникалары
мен шараларын жалпыластыру тұрғысынан ойластырғанда болашақта Шыңжаңның су
байлығының ашуға болатын көмескі күші зор.

1.5.Жаратылыстық байлығы

Шыңжаңның жаратылыстық байлығы мол, ауа-райы, кен өнімдері, су райы,
топырақ, жайылым, жабайы хайуанаттар мен өсімдіктер және саяхат байлығы
қатарлыларды бәрінде ішкі құрлықтық қағырлар мен батыс өңірлік ерекшеліктер
әзірленген, қытайдың батыс өңірін қаурыт ашуда маңызды орынды ұстайды,
осындай қымбатты байлықты үйлесімді ашу және онан ұтымды пайдалану
Шыңжаңның баянды дамуын жебейді.
Кен байлығы мол.
Шыңжаңда көміліп жатқан мол кен байлық қоры бар, 1995 жылдың соңына
дейін 138 түрлі кен байқалған, бұл бүкіл қытайдағы 168 түрлі кеннің 82%
ұстайды, 4 мыңнан аса орында кен бар, демек, қытайдағы кен түрі ең көп
район есептеледі, 138 кен түрінің ішіндегі 117 түрінің қор мөлшері
анықталған, 42 түрінің қор мөлшері бүкіл қытай бойынша алдыңғы оныншы
орынды ұстайды, мұның ішінде 24 түрі қытай бойынша алдыңғы бесінші орынды
ұстайды, ақшырынтал, берилий, натрий целитрасы, сағыз топырақ, серпентин,
бермикулит, дала шпаты қатарлы жеті түрлі кен бүкіл қытайда алдыңғы орында
тұрады, калий целитрасы, натрий целитрасы, сапонит (сабын тас) бүкіл
қытайда ерекше, оның үстіне он үш түрлі байқалған кеннің қоры батыс
терістіктегі бес өлке, автономиялы район бойынша маңдай алды орында тұрады.
Қазір байқалған энергия, қара металл, түсті металл, сирек металл, сирек жер
элементтері және бағалы металл, химиялық өнеркәсіп шикізаты мен өнеркәсіпте
жұмсалатын металоид, жақұт және қастасы, сондай – ақ жер асты суы секілді
жеті ірі кен байлығының ішіндегі 68 түрі бар, әсіресе мұнай, табиғи газ,
көмір, темір, мыс, никель, алтын қатарлы кендер ашып пайдаланылып,
Шыңжаңның экономикасының тіректі кәсіп саласына және маңызды тарауына
айналды.
Энергия кен байлығының ішінде мұнай, табиғи газ және көмір бәрінен
мол, мұнай, табиғи газ Тарым, Жоңғар, Тұрпан, Құмыл – осы үш ірі ойпат және
Іле, Қарашар, Бай, Сәнтанху қатарлы орташа, шағын ойпаттардан шоғырлы
шығады, осы ойпаттарда май сақтайтын құрылым болып ғана қоймай, оның үстіне
запас қоры мол. Мұнай, табиғи газ түрі толық, бензиннің сапасы жақсы, әрі
мұнай мен табиғи газ көбінде бірге сақталады. 1996 жылдың соңына дейін
жиыны елу неше мұнай, табиғи газ алабы байқалып, мұнай мен табиғи газ екі
жүз елу неше орында жер бетінде ашық байқалды, мұндағы 30x108 тонналық
мұнай, табиғи газ байлық мөлшері шамамен Қытайдағы мұнай, табиғи газ
мөлшерінің ¼ бірін ұстайды. 1997 жылы мұнай қор мөлшері 127 млн. тоннаға
жетіп, табиғи газдың қор мөлшері 36 млрд. 15 млн. текше метрден асты, 1999
жылы үш үлкен ойпаттан мол мұнай, табиғи газ мөлшері арт-артынан байқалды.
Қытайлық, шетелдік геология мамандары көп түрлі тәсіл арқылы болжау жасап,
10 трлн. 470 млрд.текше метр табиғи газ Шыңжаңда запас жатқанын есептеп
шықты, бұл Қытай жеріндегі табиғи газ байлығы жалпы мөлшерінің 34% ұстайды.
Оның үстіне мол қою мұнай байлығының бар екені де анықталған, мұның запас
қоры мол, тайаздан шығады, таза өнімі жоғары, сөйтіп Шыңжаң XXI ғасырдағы
Қытайдың мұнай, табиғи газ ашудағы запас стратегиялық базасына айналды.
Көмір байлығы Тянь-Шаньның солтүстігі мен оңтүстігіне жалпы беттік
таралған. Қазір бүкіл Шыңжаңның 66 ауданынан көмір шығады, 1995 жылдың
соңына дейінгі жиыны 190- нан артық жерден көмір кені байқалды, мұның
ішінде 157 жердегісі барлап анықталды, қор мөлшері 100 млн. тоннадан асатын
көмір кендері 33 жерде, жалпы байлығы 1 трлн. 190 млрд. Тонна екені
межеленді, межеленген сенімді байлық мөлшері 630 млрд. 260 млн. тонна,
шамамен Қытайдағы жалпы байлық мөлшерінің 13 иелейтіндіктен, Қытай бойынша
маңдай алды орынды ұстайды.
Шыңжаңның ежелден асыл тас мекені деген тамаша аты бар, жақұт, қас
тасы кендері Шыңжаңның абзал кендері есептеледі, Хотанның қастасы, Алтайдың
жасыл жақұты осындай абызалдығымен әлемге аты шыққан. 1985 – жылға дейін
Шыңжаңнан жиыны 13топтағы 36 түрлі жақұт кені мен 20 дан артық түрлі
қастасы кені байқалды, ол негізінен Алтай таулары, Тянъ- Шанъ таулары және
Күн-Лун, Алтын тау қатарлы райондарға таралған. Хотан қастасы сапасының
жақсылығы, құрамының тазалығы, түсінің алуан түрлігі, қаттылық дәрежесінің
жоғарлығы, қастасы сапасының көркемдігі мен әлемге даңқы шыққан.
Шыжаңның жерінің жалпы ауданы бүкіл қытай жерінің 16 ін ұстайды әрі
жербедері күрделіде алуан түрлі болады. Бүкіл Шыңжаңда ауыл шаруашылығына
пайдаланатын жер ауданы 63 миллион 400 мың гектар, бұл бүкіл Шыңжаң жалпы
жер ауданының 38.1 ін ұстайды, басты егістік жер 4миллион 91 мың 800
гектар, бау- бақшалы жер 168 мың 200гектар, орманды жер 6 миллион 556 мың
гектар, жайлымдық жер 51 миллион 397 мың 700 гектар, су айдыны бір миллион
175 мың 700 гектар келеді, мұнан сырт, құрлысқа пайдаланылған жер (қала –
ауыл тұрғындар тұрағына және завод, кендерге пайдаланылған
жерлерді,қатынасқа пайдаланылған жерлер мен су игілігі құрылғыларына
пайдаланылған жерлерді қамтиды) 1 миллион 514 мың 700 гектар келеді,
қазырғы тағы 19 миллион 927 мың гектар тың жер бар, мұның ішінде ашып
пайдалануға болатын, ауыл шаруашылығына сай келетін запас жер байлығы 8
миллион 837 мың гектар келеді. Ауыл шаруашылығына бап келетін запас
жерінің ішіндегі 1,2 дәрежелі жерлер 76% ті ұстайды.
Жайлымы кең, жабайы жануарлар мен өсімдіктер байлығы мол, алуан
түрлі. Шыңжаңның жаратылыстық жайлым байлығының ауданы үш– қайырсыз, түрі
көп, төрт маусымдық жайлымы толық, жайлымдық жердің жалпы ауданы 57 миллион
258 мың 800 гектарға жетеді де, бүкіл Шыңжаңның жалпы жер ауданының 34,44%-
ын ұстайды, бүкіл қытайда Тибет пен ішкі Моңғолдан қалса 3 – орында тұрады.
Мемлекеттің бір тұтас тұрге айруы бойынша, Шыңжаңның жайлымдық жерін
11 жайлымдық жер типіне, 25 қосалқы түрге, 131 жайлымдық топқа және 687
жайлым типіне бөлуге болады. Шыңжаңда азықтық етуге болатын тағамдық
өсімдіктер 2930 түрлі (су өсімдіктерінде қамтиды), мұның ішінде ұнемі
ұшырайтын сапалы шөптесін өсімдік 382 түрлі. Әлем ортақ таныған қой бетеге,
атқонақ, қылтансыз жабайы сөлі, торғайшық еркекшөп, жоңышқа, сарбас
жоңышқа(шытыр) қатарлы сапалы шөптер Шыңжаңның барлық жеріне таралған.
Шыңжаңда жайлым типтерінен жылы шалғынды жайлым түрі, жылы жайлым
түрі, жылы шөл жайлым түрі, үстіртті жайлым түрі, жылы жайлымға жататын шөл
жайлым түрі, жылы шөл жайлым түрі, ойпаң жазық шалғынды жайлым түрі, таулы
шалғынды жайлым түрі, үстіртті шалғынды жайлым түрі және сазды шалғынды
жайлым түрі қатарлылар бар, жайлау, қыстау, көктеулік, қыстау, көктеу,
көзеулік және толық жылдық жайлым бар. Бірақ, жайлымнің орналасуы мен
маусымдық жайлымның орналасуы бір келгі емес, бейнесі таулы жердің сапасы
жақсы, жазығы аз жердің сапасы нәшәр болады. Солтүстік Шыңжаңның жайлымы
көп, сапасы жақсы, оңтүстік Шыңжаңның жайлымы аз, сапасы нәшәр, жайлау
салыстырмалы түрде мол, қыстау тапшы келеді. Шөп түсімінің жылдық парқы тым
алшақ, бүкіл Шыңжаңда су тапшы жайлымның ауданы жайлым жалпы ауданның 38%
тын ұстайды.

1- сурет. Қанас көктем шуақты жайлымы

Шыңжаң орман–тоғай байлығы салыстырмалы түрде бір шама аз, көмкерлу
мөлшері төмен, небәрі 1.57% келеді әрі таралу бір келкі емес, бүкіл
Қытайдағы орман–тоғай байлығы бір шама тапшы өлке райондардың бірі
есептеледі, бүкіл Шыңжаңдағы орманды жер ауданы бір миллион 523 мың 200
гектар, суармалы орманды жер ауданы 988 мың гектар келеді, негізінен
Солтүстік Шыңжаңға, Тянъ – Шанъ солтүстік беткейіне және Алтай тауының
оңтүстік беткейіне таралған.
Шыңжаңда жабайы жануарлардың түрі көп, райондық жүйе ерекшелігі
көрнекті, бүкіл Шыңжаңда 137 түрлі жануар бар, бүл бүкіл қытайдағы барлық
жануарлар түрінің 30.4%-ын ұстайды, құстар 398 түрлі, бүкіл қытайдағы
құстар түрінің 33.6%-ын ұстайды, мұнан тыс тағы 43 түрлі бауыр мен
жорғалаушылар, 6 түрлі қос мекенділер мен 50 түрліке таяу жергілікті атақты
балықтар бар, мұның ішінде мемлекет жағынан бірінші дәрежелі түйінді
қорғалатын бағалы жануарлардан Шыңжаң жуан бас балығы, төрт тырнақты тас
бақа, ақлайлек, қаралайлек, бүркіт, ақиқ, су бүркіт, аққұйрықты су бүркіт,
салтай, қара миын тырна, тырна дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, құндыз,
бұлғын, барыс(ілбіс), жолбарс, ішкінқұлан, сұртағы, тарпаң, түйе киік,
жабайы қодас, жайран, жорға, ақбөкен және тау ешкі қатарлы 28түрі бар.
Мемлекет жағынан екінші дарежелі қорғалатындар бірқазан, аққу, ұлар, Тянъ-
Шанъ қоңыр аюы, марал, нахур, арқар қатарлы 74 түрі бар, оларды
пайдаланатын орындарына қарай азықтық типін 96 түрге, терлік және мамық –
түбіттік типін 114 түрге, дәрлік типін 108 түрге, әсем типі мен басқаларын
172 түрге бөлуге болады. Қазыр Шыңжаңдағы жабай жануарлардың саны азайып
барады.
Шыжаңның саяхат байлығы кең таралған, сапасы жақсы, жоғарыда айтылған
жайлым байлығынан тыс, қазыр Шыңжаңда белгілі болған дәрілік өсімдік 2014
түрлі, мұның ішінде жабайы өсімдік 1451 түрлі, мысалы, қылша, секпілгүл,
мия, астырагүл, сапсыр, етті суңғыла, қарғалдақ, есекжем, сайху, буилеур,
көкгүл, Тянь-Шань рауағашы, жаужұмыр қатарлылар түрліше дәрежеде қазып
алынып пайдаланылып отыр, ауыл шаруашылық дәрілері ретінде қолданылатын
өсімдіктерден 120 түрліден артығы бар. Азықтық ретінде пайдаланылатын
өсімдіктер ішіндегі жабайы жеміс ағашы 103 түрлі, мысалы, жабайы алма,
жабайы өрік, жабайы алша, розагүл және бүлдірген қатарлылар бар, оның
үстіне көп тұтыланылатын саңырауқұлақтардан 200 түр, витаминдік
өсімдіктерден елу түрден астамы бар, майлы өсімдіктердің жүзге жуығы,
шырынды өсімдіктерден 500 ге жуық түрі бар, онан тыс әсемдік өсімдіктерден
300 ден астам түрі, құмды тізгіндейтін өсімдіктерден 100 ден астам түрі,
қорғаныс орман ағашының түрінен 80 нен астам түрі шығады, түрлі өсімдік
байлығының ішіндегі жабайы дәнді дақылдарға ұқсайтын түрден 87 түрі, жабайы
жеміс ағашына ұқсайтын түрден 70 түрі бар. Мұнан тыс сортаңға төзімді,
қуаңшылыққа, ультракүлгін сәулеге қарсылық қуаты күшті сапалы өсімдік
байлығы 100 түрдің айналасына жетеді. Қытайда тек Шыңжаңда ғана шығатын
өсімдік байлығы төтенше мол, мысалы, ақ сексеуіл, ақ сұр терек, шренк
шыршасы, құмақ және жабайы алма қатарлылар. Шыңжаңда өсімдіктер байлығының
таралуы біркелкі емес, таулы жерде жазықтағыдан көп, солтүстік Шыңжаңда
оңтүстік Шыңжаңнан көп.

2- сурет. Алтай тауының таңертеңгі көрінісі.

II - ӘКІМШ. ШЫҢЖАҢ ҰЙҒЫР АВТОНОМИЯЛЫ РАЙОНЫНЫҢ
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2.1. Жалпы халық саны

Белгілі уақытта, белгілі өңірде жасайтын жеке адамдардың жиынтығы, ол
түрлі жыныстан, әр мезгілде туған адамдардан құралады. Халық санының жалпы
мөлшері дегеніміз халық санын анықтаудағы ең негізгі көрсеткіш, халық саны
құрылымы мен халық санының ұдайы өсуі сияқты көрсеткіштерді есептеудің
негізі, бір мемлекеттің, бір районның халық саны байлығының да маңызды
көрсеткіші. 2000 жылғы мемлекет бойынша халық санын бесінші рет жалпы
беттік тексеру материалына негізделгенде 2000 жылы Шыңжаңның жалпы халық
саны 18 млн. 460 мың адамға жетіп, 1949 жылғы 4 млн. 330 мыңнан 3.26 есе
артқан, жылдық орташа арту мөлшері 2.88% болған, Шыңжаңның халық санының
бүкіл мемлекеттегі салыстырмасы 1949 жылғы 0.8% бен 2000 жылғы 1.46% ға
жоғарылаған, халық санының жылдық орташа арту мөлшері де мемлекеттік орта
деңгейден 1.22% ға жоғарылаған.Бұл мына кестеде көрсетілген.

Шың-жаңдағы аймақ, облыс, қалалардың 2000 жылғы жалпы халық саны және
құрылымы:
1- кесте
№ Елді-мекен Халық саны Салыстырмасы
1 Жалпы саны 18 462 572 100.00
2 Үрімжі қаласы 2081 988 11.28
3 Қарамайлы қаласы 269 611 1.46
4 Шыхызы қаласы 590 106 3.20
5 Тұрпан аймағы 551 030 2.98
6 Құмыл аймағы 492 093 2.67
7 Санжы Дүнген автономиялы облысы 1 503 547 8.14
8 Іле Қазақ автономиялы облысы 3 825 511 20.72
9 Күйтін қаласы 285 357 1.55
10 Іле аймағы 2 086 064 11.30
11 Тарбағатай аймағы 892 420 4.83
12 Алтай аймағы 561 670 3.04
13 Бөратала Моңғол автономиялы 423 660 2.30
облысы
14 Байнғолин Моңғол автономиялы 1 056 424 5.72
облысы
15 Ақсу аймағы 2 141 084 11.60

16 Қызылсу Қырғыз автономиялы облысы439 650 2.38
17 Қашқар аймағы 3 406 342 18.45
18 Хотан аймағы 1 681 526 9.11

1-диаграмма

2.2.Ұлттық құрамы

Ұлт. Шыңжаң ертеден Алтай тілдері, Хан-Заң тілдері және Үнді-еуропа
тілдері шоғырында сөйлейтін халықтар тоғысып-түйіскен, көп ұлт өніп-өсіп,
жасап келе жатқан жер. Ұзақ тарихы даму үрдісінде Шыңжаңдағы әр ұлт халқы
тыныстас, тағдырлас болып, шекара өңірді ашу, гүлдендіру және қорғау
күресінде өзара біте қайнасып, етене қарым-қатынас орната отыра, бүкіл
Шыңжаңдағы әрбір ұлт халықтарымен бірге біртұтас көп ұлтты мемлекет құру,
алуан арналы бір тұлғалы мәдениетін жасау жолында керелі тарихи үлес қосты.
Шыңжаң – қытай бойынша көп ұлт қоныстанған аса ірі әкімшілік район.
Шыңжаңның 1 млн. 660 мың 400 шаршы км. Аумақты алып жатқан жерінде ұйғыр,
қазақ, дүнген, қырғыз, моңғол, тәжік, сібе, мәнзу, өзбек, орыс, дағұр,
татар сынды он үш тарихи ұлт қоныстанған. Қытай Халық Республикасы
құрылғаннан кейін, Шыңжаңдағы құрылыс істерінің дамуына және өзге ұлт
адамдарының қоныс аударуына орай Шыңжаңға 34 ұлт қосылды. Қазір дуншян,
тибеттерді өз ішіне алған 47 ұлт тұрады. Демек, Шыңжаң– қытайдағы жер
ауданы ең кең көп ұлтты өңір. 2000 жылы бесінші реткі мемлекеттік жан саны
жаппай анықтауда, Шыңжаңдағы тұрақты тұрғын 18 млн. 460 мың адам болды,
мұның ішінде ұйғыр 8 млн. 256 мың 600 адам болды, жалпы жан санның 44.68%
ын, қытай 7 млн. 23 мың 900 адам, жалпы халық санының 11 млн. 436 мың 100
адам, жалпы халық санының 61.93%-ын құрайды.
Шыңжаң – Қытайдағы қолданылатын тіл жазуы көп райондардың бірі.
Шыңжаңдағы 13 тарихи ұлттың ішінде қытай, дүнген, мәнжу ұлттары қытай
тілінде сөйлейді, ал қалған он ұлттың барлығының өз алдына тілдері бар.
Бұлардың ішінде ұйғыр, қазақ, қырғыз, моңғол, сібе, орыс ұлттарының жалпы
қолданысқа енген жазулары да бар. Қазіргі тұста, Шыңжаңдағы мектептерде
жоғарыда аталған алты ұлт тіл жазуында сабақ беріледі ұлт арасындағы орта,
бастауыш мектептерде қытайшаның өзі қосымша сабақ ретінде қосып өтіледі.
Шыңжаң – Қытайдағы сан жікті ұлттық территориялы автономиялы
өңірлердің бірі. Қытайдың аз ұлт қоныстанған райондарда ұлттардың
қоныстанған халық санына және иеленген жерінің аумағына қарай алуан түрлі
ұлттық территориялы автономиялы өңірлер құру жөніндегі қатысты
белгілемелері негізінде, Шыңжаңның көп ұлтты райондық іс жүзіндік жағдайы
есепке алынып, 1954 жылы кішкенеден үлкеніне қарай жоспарлы, сатылы түрде
ұлттық территориялы автономия түзімі жолға қойылды да бес ұлтты автономиялы
облыс, алты ұлттық автономиялы аудан, қырық автономиялы ауыл шаңырақ
көтерді, осылардың негізінде 1955 жылы 1-қазанда Шыңжаң Ұйғыр автономиялы
районы құрылады.
Ұлттық территориялы автономия саясаты Қытайдың ел ішіндегі ұлттар
маселесін шешудегі негізгі саиясаты, сондай – ақ, маңызды саияси тұзімі.
Шыңжаң- көп ұлт қоныстанған өңір, ұлттардың таралу жағдайына келсек, әрі
шоғырлы және аралас өзара бірігіп қоныстанған.Қытай халық республикасының
ұлттық территориялық автономияны атқару програмасындағы белгілемелерге
сай, 1954–жылы ілгерінді-кейінді Қарашар дүңген автономиялы ауданы, Шапшал
сібе автономиялы ауданы, Мори қазақ автономиялы ауданы, Қобықсары моңғол
автономиялы ауданы, Ташқорған тәжік автономиялы ауданы, Баркөл қазақ
автономиялы ауданы сияқты алты автономиялы аудан және Байынғолин моңғол
автономиялы облысы, Бөратала моңғол автономиялы облысы, Қызылсу қырғыз
автономиялы облысы,Санжы дүңген автономиялы облысы, Іле қазақ автономиялы
облысы сияқты бес автономиялы облыс құрылды, осы негізде 1955 жылы бірінші
қазанда Шыңжаң Ұйғыр автономиялы районы шаңырақ көтерді. Шыңжаңдағы аз
ұлттардың аралас, бытыранды қоныстануының жағдайының көбірек болуындай
ерекшелігіне сайкестіру, қожайындық биліктегі теңдік ұқықты
қамтамасыздандыру және жүзеге асыру үшін, 1950 – жылдың бас шенінде – ақ
Шыңжаңдағы әр ұлт райондарында район дәрежелі 7 ұлттық автономиялы район
және ауыл дәре желі 9 ұлттық автономиялы район құрылды да, кейінтінде
ұлыттық ауылға өзгертілді, 1958 жылдың аяғында ұлттық ауыл құрлымының орнын
халық коммунасы басты, 1982 жылдан кейін ұлттықауыл құрлымы қайта қалпына
келтірді, 1990 жылдың соңында Шыңжаңда жалпы 42 ұлттық ауыл қалпына келді
және құрылды, сол арқылы аралас және бытыранды қоныстанған аз ұлттардың
қожайындық билік құқығынан толық кенелуіне жағдай жасалды.
Ұйғырлар Шыңжаңдағы ұлттың бірі, ұйғыр - сол ұлттың өздерінше
аты. Жалпы мағынасы берекешіл, бірлікшіл деген сөз. Тарихнамаларға келсек,
солтүстік Уи әулеті дәуірінен Миң әулеті заманына дейінгі аралықта әрқалай
аударылған, 1935 жылы ұйғыр деп аударып жазу ресми бекітілді. Ұйғырлар
негізінен Шыңжаң Ұйғыр автономиялы районында тұрады. 2000жылғы санақта
ұйғырлар 8 млн. 256 мың 600 адам, көпшілігі Тянь-Шань тауының оңтүстік
алқабына қоныстанған, бүкіл автономиялы райондағы ұйғырлардың 70% дан
астамы Қашқар, Ақсу, Хотан аймақтарында. Ұйғыр тілі алтай тілдер жүйесінің
түркі тілдер тобына жатады. Ұйғырлар ерте заманда түркі және құйғыр жазуын
қолдандыда, ислам дінін қабылдағаннан кейін бірте-бірте араб әліппесіне
көшті.
Ұйғырлардың арғы тегі б.з.б.III ғасырында Байқал өңірінде мал өсіріп
көшпенді тіршілік еткен деңлендерге саяды, олар V ғасырда терек деп аталды.
Таң әулетінің алғашқы кезінде құйғыр атауы түрінде жазылса, Жинюанның 4
жылы (заманымыздың 782 жылы) Хуйүй болып таңбаланды. Заманымыздың 840
жылы (Таңуынзұң заманы Кайчыңның 5 жылы) қырқыздар аттаныс жасап Құйғыр
хандығын күйретті. Құйғырлардың көпшілігі батысқа–батыс өңірге ауды да,
көшпенді мал шаруашылығынан отырықты егін шаруашылығына ойыса бастады.
Сонымен қабат, олар Тарым ойпатының төңірегіндегі Ұдын, Шалк, Күсан сияқты
ежелгі елдердегі тұрғылықты халықпен және батыс-шығыс Хан әулетінен былайғы
өңірге келіп ірге көмген қытайлармен, сондай-ақ, кейін көшіп келген тибет,
қытан, моңғолдармен дәм тұзы жарасып тоқыса келе, XIII ғасырдың басында
қытайша тарихнамаларда ұйғур деп жазылды. Таяу замаңғы мәндегі
ұйғырлардың бастап қалыптасуы осы болды. Ұйғырлар ерте заманда шаман,
мәнихей, несториан, зәрдеш (зороастр) және будда дініне сенді, заманымыздың
X ғасырының бас шенінде біртіндеп ислам дінін қабылдады.
Ұйғырлар көбінесе егін шаруашылығымен шұғылданды, бір бөлігі
саудамен, малшылықпен және қол өнер кәсібімен айналысты. Қытай Халық
Республикасы құрылғаннан кейін кәсіп құрылымдарында орасан зор өзгеріс
болып, осы замаңғы өнеркәсіпке және басқа мамандықтармен
шұғылданатындарының саны қауырт көбейді. Ұйғырлардың бүгінгі заманымызға
жетіп отырған түркі тілдер, Құтты білік сияқты толып жатқан XI ғасырдан
бастау алатын кесек шығармалары және қыруар ежелгі әдебиеттері бар.
Қазақтар Шыңжаңдағы негізгі ұлттардың бірі, көбінесе Іле Қазақ
автономиялы облысына, Морй Қазақ автономиялы ауданына, Санжы Дүңген
автономиялы облысына, Бөратала Моңғыл автономиялы облысына, Баркөл Қазақ
автономиялы облысына, Үрімжі қаласы, Күйтун қаласы, Қарамайлы қаласы сияқты
жерлерге таралған. 2000 санақта Шыңжаңдағы қазақтардың Халық саны бір
миллион 277 мың 400 адам. Тілі-алтай тіл жүйесінің түркі тілдер тобындағы
батыс ғұн тілдері тармағына жатады, араб әліппесі негізіндегі қолданды.
Қытай Шиаңлықтар, Шаңдықтар, Чиндіктер секілді кіндік жазық
өңірдегі тұрғындар мен төңіректегі туысқан ұлттардың ұзақ уақыт өздіксіз
өзара тоғысуынан Хан аулетінің алғашқы дәуірінде қалыптасхандықтан осылай
аталған. 2000 жылы санақта Шыңжаңдағы қытайлар 7 миллион 23 мың 900 адам,
Шыңжаңның жер – жеріне таралған. Бұлардың 75% Тянъ– Шанъ тауының солтүстік
өңіріне шоғырланған. Қытай тілі хан– заң тілдерінің шоғырының қытай тілі
тармағына жатады, қытай жазуын қолданады. Шыңжаңдағы қытайлар жергілікті
ауыз екі тіл нысанасында фонетикалық, грамматикалық ерекшелігінен тыс,
басқа ұлттардың біраз сөздік қорында қабылдады, ұзақ уақыт басқа ұлттар мен
аралас отырған бір бөлім қытай, ұйғыр, қазақ сияқты ұлттардың тілінде
қатынас жасай берді.
Дүнгендер Қытайдағы аз ұлттардың бірі, 2000 жылғы санақта Шыңжаңдағы
дүнгендердің халық саны 813 мың адам болды. Олар негізінен Үрімжі, Санжы,
Іле, Қарашар, Тұрпан, Құмыл, Шыхызы сияқты жерлерде тұрады, көбінесе санжы
дүнген автономиялы облысы мен Қарашар дүнген автономиялы ауданына және
басқа 5 дүнген ауылына шоғырлы қоныстанған.
Қырғыздар Шыжаңдағы аз ұлттардың бірі, өздерінше атамасы қырғыз.
бұл сөздің мағанасы қырық санның көпше түрі депте, түсіндірушілер бар.
Тарихта олар гегун, генгуе, қырғур, қырқыз, қырғыз, ғырқыр, бурбут болып әр
түрлі аталған, көбінде Шыңжаң Қызылсу қырғыз автономиялы ауданында, аз
бөлігі оңтүстік, солтүстік Шыжаңда жер – жерінде бытырай қоныстанған. мұнан
тыс, Хилоңжиаң өлкесінің фуюуй ауданында да бірнеше жүз қырғыз тұрады. 2000
жылғы Шыңжаңдағы қырғыз 159 мың 500адам болды. Қырғыз тілі алтай тілі
жүйесінің түркі тілдер тобындағы шығыс ғұн тілі тармағына жатады, өз ішінде
оңтүстік және солтүстік екі диалектке бөлінеді, Араб әліппесі негізіндегі
әліппелік жазуды қолданады, Шыңжаңның оңтүстігінде тұратындар ұйғырша,
солтүстігінде тұратындары қазақша сөйлейді.
Тәжік. Шыңжаңдағы аз ұлттардың бірі, тәжік - тәж деген
мағынадағы өздерінше атауы, 2000 жылғы санақта Шыжаңдағы тәжіктердің халық
саны 39 мың 600 болды. Мұының 60% Ташқорған тәжікте автономиялы ауданында
тұрады, онан қаса Ақтау, Яркен, Поска , Гума және Қағылық аудандарынада
таралған. Тәжік тілі Үнді – Еуропа тобының памир тілі тармағына жатады,
халқының басым көпшілігі тәжік тілінің сарыкөл дялектикасында, азшылығы
уақан дялектикесінде сөйлейды, Шыңжаң тәжіктер тілін сары көл тілі деп те
атайды. Өздерінің жазуы жоқ. Ұлттар ара қарыж–қатынасы тығыз болғандықтан
тәжіктердің бір сыпырасы ұйғыр және қырғыз тілдерін жақсы меңгерген, ұйғыр
жазуын жаппай қолданады.
Сібелер Қытай аз ұлттарының бірі, өздерінше аталуы – сібе.
Тарихнамаларда дыбыстық аударма түрінде бұл атау сіпи, шипи, ипи, сияқты
әртүрлі болып кезігеді. Шыңжаңдағы сібелер көбінде Іленің шапшал сібе
автономиялы ауданында шоғырлы, онан қалса қорғас, Тоғызтарау аудандарында
және Үрімжі қаласында бытырай қоныстанған. 2000 жылғы халық саны 39 мың 200
адам. Сібе тілі Алтай тілдер жүиесінің Мәнжу тілі тармағына жатады. Сібе
жазуы Манжу жазуы негізінде дамып қалыптасты, сібелердің бір талайы сібе
тіл–жазуын қолдана білуден тыс, қытайшаны, ұйғыршаны, қазақшаны жақсы
игерген, жекелеп Мәнжуша білетіндеріде кезігеді. Қытай Халық Республикасы
құрылудан ілгері, сібелер көп құдайға ішінара шаман, лама діндеріне сенеді,
бірақ көбінесе ата – баба аруағына сиыну жолын ұстады. мәиітті жөнелту
салты – жерлейді, кейде өртейді.
Манжулар Қытайдағы аз ұлттардың бірі, 2000 жылғы санақта Шыңжаңдағы
манжурлардың халық саны 22 мың 300 адам болды, көбінесе Үрімжі, Іле, Санжы,
Құмыл сияқты жерлерде таралған. Манжур тілі алтай тілдері жүйесіндегі манжу
– тоңғүз тілдері тобының манжу тілдері тармағына жатады, қазіргі тұста
манжулар негізінен қытай тілінде сөйлеп, қытай жазуын қолданады. Манжулар
ата баба аруағын ұлықтайды, шаман дініне сенеді, мәйтті өртейді немесе
жерлейді.
Өзбектер Қытайдағы аз ұлттардың бірі, негізінен Шыңжаңда Қашқар,
Құлжа, Шауешек, Үрімжі, Яркен, Қғылықтарға тараған, 2000 жылғы санақта
халық саны 13 мың 100 адам болды, өзбек тілінде сөйлейді, өзбек тілі алтай
тілі жүйесінің түркі тілдер тобының батыс ғұн тілдер тармағына жатады,
қазіргі ұйғыр жазуын қолданады.
Орыстар Қытайдағы аз ұлттардың бірі, 2000 жылғы санақта Шыңжаңдағы
орыстар 10 мың 500 адам болды, негізінен Іле, Тарбағатай, Алтай және Үрімжі
сияқты жерлерге таралған, орыстар ақ жыныстыларға жатады, орыс тілінде
сөйлейді, орыс тілі Үнді – Еуропа тілдері жүйесінің славян тілдері тобының
шығыс славян тіл тармағына жатады, орыс жазуын қолданады, қоғамда жалпы
алғанда қытай тілі мен қытай жазуын қатынас құралы етеді, православиеге
(шығыс христан дініне) сенеді.
Дағұрлар Шыңжаңдағы аз ұлттардың бірі, өздерінше аталуы – дағұр,
Қытайша тарихи намаларда түрліше дыбыстық аудармалармен дахур, дахули,
дағұр т. б. болып кезікеді. Чың дәуірінде Шыжаңдағы дағұрлар солаң ұлысынан
шыққандықтан солаңдар деп аталады, 1953 жылы ғана бұрынғы есімі ресіми
қалпына келді, 2000 жылғы санақта Шыңжаңдағы дағұрлар 6400 адам болды,
көпшілігі Іле қазақ автономиялы облысының тарбағатай аймағына шоғырлы
қоныстанған, Шауешек қаласында ашылы дағұр ұлттық ауылы бар. Дағур тілі
алтай тілдері жүйесінің моңғол тілдер тобына жатады, бұтқа, Чичихар, және
Шыңжаң диялекттеріне жіктеледі. Дағұрлардың бір талайы қытайша, қазақша,
моңғолша, ұйғырша біледі. Өз ұлтының жазуы жоқ, Чың дәуірінде манжу жазуын
қолданған, қазір қытай жазуын қолданады, бұрын шаман дініне сенген, бір
бөлігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйғыр қағандығы
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдарындағы Қытай қазақтарының cаяси-әлеуметтік жағдайы
Ұйғыр тілі
Қытайдың батыс бөлікті игеру стратегиясы және оның Қазақстан-Қытай қатынасына әсері
Синьцзянның ежелгі мәдени ескерткіштері
Шинжияңның халықаралық туризм дамуы
Орталық Азиядағы түркі халықтарының тарихы: Қырғыздар. Ұйғырлар. Өзбектер. Түркмендер. Қарақалпақтар
Қытай еліндегі Шыңжан өңірі халықтарының Қазақстанның байланысы
Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
Қазақстан-қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс
Пәндер