Бәсекелік фирма өніміне сұраныс


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Реферат
Тақырыбы: Бәсекелік фирма өніміне сұраныс
Орындаған: Абдирова Ж.
Тексерген: Акашева А. С.
Алматы
2010 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім:
- Фирма ұғымы . . . 4
- Бәсекелік фирманың іс-әрекеті . . . 6
Қорытынды . . . 8
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 9
Кіріспе
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағаланушы кез-келген фирма үшін кез-келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс:
Біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісті тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;
Екіншіден, фирма жаңа технологиямен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандары көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын, әсіресе, фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
Үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен өзгертті. [2]
3
- Фирма ұғымы
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады. [1]
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:
- Индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
- Серіктестік немесе партнерлік;
- Корпорация ( акционерлік қоғам ) .
Индивидуалдық ( жеке ) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі - капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсысы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады.
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады.
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі - акционерлік қоғам деп аталады.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг жүйесі мен венчурлік кәсіпкерлігі жатады. [1]
Франчайзинге ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір - бірімен контракт жасасады.
Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен
4
айналасатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді.
Орташа бизнестің рөлі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкелікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де ббәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін т. б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді.
Тік интегреция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары сатысына дейін айналасатын фирмалар бірлестігін атайды.
Көлдненең интеграция - бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың бірлістігі. Көлденең интеграцияның бір түрлі - диверсификация.
Унитарлық кәсіпорынның бір түрі - федералдық қазыналық кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады.
Заңды тұлғаға өзінің меншігінде немесе шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін, ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп тұтатын ұйымдар жатады.
Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің арасында бөлуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.
Унитарлы кәсіпорын - бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.
Қоғамдық және діни ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері жатады.
Осы ұйымдардың мүшелерінің сол ұйымның мүліктеріне құқығы болмайды.
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақ болып бірлесуі мүмкін.
5
2. Бәсекелес фирманың іс - әрекеті
Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды, яғни табыстар мен шығындардың айырымының көп болуы. Фирманың қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс - әрекеттерінің критериі - барынша көп пайда табу болады.
Қысқа мерзімге фирманың өндірісте пайдаланатын құрылыстарының жалпы көлемін және машиналар мен жабдықтардың көлемін өзгертуге жетімсіз болатын уақыт мерзімі жатады. Осы мерзімді олар өндіріс көлемінің өзгерісінің ізімен өзгеріп отырмайды, тұрақты болып қала береді. Өндірістің басқа факторлары өзгеруі мүмкін, сондықтан олар өзгермелі деп аталады.
Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына, технологияға, басқа жағдайларға байланвств болады. [2]
Ұзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс дәрежесіне байланысты, фирманың өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының қкатын өзгертуге мүмкіндік беретін, уақыт мерзімі жатады.
Ұзақ мерзімде фирма барлық өндіріс факторларының көлемін өзгерте алады. Бұлардың барлығы өзгермелі болады. Бұл мерзімде фирма факторларды клісімді түрде қиыстыруға тырысады, шығарылатын өнімнің берілген көлеміне жұмсалатын шығындардың барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен, немесе, керісінше алмастырып отырады.
Фирма әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы ықпал жасайды. Енді фирманың жетілген бәсеке жағдайындағы рационалды іс - қимылына назар аударайық. Фирманың мақсатын - баға мен шығындардың ара алшақтығын барша көтеруді естен шығармайық. Жетілген бәсеке нарығында ешбір фирма өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды. Баға тек жалпы нарықтық сұраныс пен барлық фирмалар ұсыныстарының бір - біріне әсер ету нәтижесінде бнлгіленеді. Егер фирма өз өнімдерінің бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан айырылыады, олар бұның бәсекелксінің өнімін сатып алады. Сөйтіп, сату нолге дейін төмендейді. Фирма бағаға үстемдік ете алмайды. Оның шығындарының көлемі, осы кісңпорындағы технологиямен болжамдалады. Барынша мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек? Ол тек өндіріс көлемін
6
өзгерте алады. Енді келесі сұрақ туады: барынша мол пайда алу үшін өнімнің нарықтық бағасы мен фирманың шекті шығындарын салыстыру қажет.
Егер фирма өз өнімін бір, екі, үш, т. б. бірлікке өсіріп отырса, онда келесі бірліктің әрбіреуі жалпы табысқа да және жалпы шығындарға да «бірдеме» қосып отырады. Осы «бірдеме» - шекті табыс және шекті шығындар. Шекті табыс шекті шығындардан артық болса, өндірілген бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаны, оның жалпы шығындарға қосқанынан артық болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz