Қылмыскер тұлғасының негізгі типтерінің криминологиялық сипаттамасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:
Қосымбетов Қайрат. АГТУ 2 курс магистранты. Қылмыскер тұлғасының негізгі типтерінің криминологиялық сипаттамасы.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ҚЫЛМЫСКЕР ТҰЛҒАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ………. . 8
1. 1. Қылмыскер және қылмыскер тұлғасы . . . 8
1. 2. Қылмыскер тұлғасының қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері. 13
2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ МЕН ШЕКТЕРІ . . . 20
2. 1. Кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалатын жаза түрлері . . . 20
2. 2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстыќ жауаптылыќтан және жазадан босату . . . 22
2. 3. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар . . . 25
2. 4. Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын жағдайлар . . . 32
3. ҚЫЛМЫСКЕР ТҰЛҒАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 37
3. 1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау . . . 37
3. 2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар . . . 47
3. 3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау . . . 66
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 81
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 88
КІРІСПЕ
Таќырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары қылмыскерлердің ішінде қылмыстың өсуі, оның ішінде ауыр ќылмыс жасаушылар санының өсіп отырғандыѓы белгілі. Бұл құбылыстар ќоғамдағы өмір жағдайы, жалпы түрде айқындап, жасөспірімді оќытуда, тәрбиелеуде, олардың арасында тәртіп бұзушылыќтың алдын алу, саќтандыру жұмыстарында өзіндік өзгешеліктер саны аймағына орай болатынын көрсетеді.
Қылмыскерлердің тұлғасы күрделі әрі ұзаққа созылатын құбылыстар оларды әлеуметтік бақылауға алуға қиындықтар мен олардың бойындағы кертартпалық, мойындамаушылық тіптен қылмыстық тәртіп бұзушылыққа осы ортада дағдылана алады. Конститутцияның 1 -бабында айтылғандай: “Қазаќстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды”. Осы негізгі қағидаларды іске асыра бастау арқасында біз Біріккен Ұлттар Ұйымының толыќ мүшесі болып, басќа да ертеден белгілі өркениетті халыќтар қатарындаѓы терезесі тең ел есебінде танылдық.
Мемлекет тарихында әлі де болса, құқықтық мемлекет идеялары ұзақ уақыттар бойы бір-бірімен арпалыста өтуі әбден мүмкін.
Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толыќ та тиянақты орнату процесі оңайлыќќа түспей отыр. Осының салдарынан тек идеология саласында ғана емес, сонымен бірге ең маңызды экономика саласында да дағдарыс тудырды. [1] .
Жалпы қылмыстылыќтың өсіп келе жатќаны жастарға аса ќауіпті әсерін тигізетіні ақиқат. Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыстылыќтың ең бір қауіпті де айқын ерекшілігі оны, ұйымдасқан немесе топтасқан жағдайларда жасалынуында. Тағы бір баса назар аударар жай - әсіресе соңғы кезеңде етек ала бастаѓан ересек қылмыскерлердің ыќпалымен қылмыс жасап жасалатын жасы кәмелетке толмағандар жиі кездеседі.
Қылмыстылықпен күресуде жасалған қылмысты заңға сәйкес дәрежелеу ғана емес, соған сәйкес қылмыскерге жазаны әділ түрде тағайындаудың маңызы зор. Өйткені ќылмыскер өз жазасының дұрыс тағайындалғанына көзі жетіп, соны тағайындаса, оны әділ деп тапса, жазаның ойдағыдай өтелуіне ғана емес, сонымен қатар қылмыскердің қайталап қылмыс жасаумауына үлкен әсер етеді.
Біздің қоғамымыздың соңғы кездерде кезіккен проблемаларының бірі адамдардың құқықтық санасы мен дәрежесінің төмендігі болып отыр. Құқық бұзушылықтың айтарлықтай жасарып келе жатқаны өкінішті - ақ. Бұның бәрі алаңдаушылық тудырмай қоймайды. Қоғамымызды қылмыс жайлап, мемлекетімізді құрдымға жетелемеймін десек, болашаќ жас ұрпаққа сапалы да саналы тәрбие беруде ұлттық дәстүрге баулу, олардың бойына ізгі сезімдер мен отанға деген сүйіспеншілік сияќты асыл қасиетттерді дарыту қажет.
Мемлекет ұл-қыздарына ќол ұшын бүгін берсе, ертең олар оны ұмытпай, болашақта мемлекеттің көркеюіне үлес ќосуға тырысары сөзсіз.
Кез келген адам өз бетінше әрекет етуге, өзін -өзі реттеуге, тәрбиелеуге қабілетті, өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде таныла отырып, тәрбиелеудің тек объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып танылады. Бұл тұрғыда қылмыспен күресу үшін, ең алдымен отбасы, оќу орындары, еңбек ұжымы жасөспірімдердің уақытты тиімді пайдалануына баќылауды барынша күшейту керек. Сол сияқты жасөспірімдер жөніндегі инспекцияның қызметін жандандырып, олардың штатын ұлғайтып, арнаулы тәрбиелік функцияларды іске асыруына жағдай туғызу керек. Клубтарда спорт, демалыс оќу орындарында, лагерьлерде жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелейтін әрекеттерді нығайту ќажет. Жасөспірімдер арасындағы құқықтық білім беру, құқықтық тәрбиені күшейту қажет, Жас қылмыс жасаушылар заң негіздерін оќып-үйрену, ќандай іс-әрекеттердің құқық бұзушылыққа жататынын жете түсіну керек. Ол үшін құқықтық білім беруді, құқықтық тәрбиені бастауыш мектептен бастап оқу пәні ретінде енгізу орынды болар еді. Бақылаусыз қалған, жетім ќалған жасөспірімдерді қылмысқа ұрындырмау үшін оларға арналған арнайы мектеп, интернат, тәрбие мекемелерін өркениетті елдердегідей қайта құру қажет.
Жастарды қылмысқа тартатын, итермелейтін ересектердің іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту қажет. Оќу-тәрбие мекемелерінің бұл істегі жауапкершілігі мен міндетін өмір талабына сай қайта қарап, оларға ерекше мән беру керек. Тәуелсіз еліміз іргесінің берік болуы - білімді мамандардың ғана емес, алдымен отаншыл, ұлтжанды, рухани дүниесі кемел азаматтардың қолында. Осы тұрғыда ұлы ұстаз Әл-Фараби: “Адамѓа ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы” - деген болатын. Ел боламыз десек, осыны естен шығармауымыз керек.
Мемлекетіміздің алға қарай қарышты қадам басуын қамтамасыз ету үшін Елбасының “Қазақстан-2030” Стратегиясын белгілегені баршаға аян. Бұл стратегияда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу мәселесі жас ұрпаќтың еіншісіне жүктеліп отыр. Демек, жастар мен жасөспірімдердің міндеті мемлекетті дамытып, гүлдендіру, ел мәртебесін арттыру және тәуелсіз Қазақ елінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сондыќтан да мемлекеттің ерекше қамқорлық көрсету объектісі - жас жеткіншектер болып табылады. Ал олар өмір сүріп отырған ортаны жақсартып, жастарды, маскүнемдік, нашақорлыќ, жезөкшелік сияқты теріс құбылыстарға бой алдырмауы үшін жан-жақты тәрбие жұмысын үздіксіз жұргізіп отыру ќажет. Десек те, жастар мен жасөспірімдердің өнегелік, құқықтық және дене тәрбиесіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей отыр. Бұған дәлел - жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс сияқты кері құбылыстың етек алуы.
Жасы кәмелетке толмағандардың қылмысына жасы 14-пен 18-дің арасындағы адамдардың жасаған ќоғамға қауіпті іс-әрекеттері жатады. Жасөспірімдер қылмысы жылдан-жылға өсе түсуде. Еліміз бойынша орта есеппен әрбір он екінші ќылмысты жасөспірімдер жасайды, оның ішінде 14-15 жастағы жастардың қылмыстық көрсеткіші 16-17 жастағы жасөспірімдердің іс-әрекетіне қарағанда едәуір белсенділікті байқатады.
Зерттеудің нысаны. Зерттеу нысаны - қылмыскер тұлғасының негізгі типтері, соның ішінде кәмелетке толмағандардың тұлғасын реттейтін аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеу пәнін - қылмыскер тұлғасын анықтауға байланысты әр түрлі теориялық көзқарастар және сот - тергеу тәжірибесінің қылмыстық істері құрайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты болып қылмыскер тұлғасының типтерін зерделеуге байланысты теориялық және қолданбалы мәселелерін кешенді зерттеу негізінде қарастырылып жатқан саладағы заң нормаларын тиімді қолдануды жетілдіруге ұсыныстар енгізу. Аталған мақсатқа жетуде мына міндеттерді шешу қажет:
1. Қылмыскердің тұлғасының типтерін ғылыми көзқарас тұрғысынан зерделеу және анықтау.
2. Қылмыскердің тұлғасын өзара ажыратуда ұқсастығын және айырмашылығын анықтауға байланысты даулы түйіндерді шешу жолдарын анықтау.
3. Қылмыскердің тұлғасын сараптауға байланысты криминолгиялық және психологиялық тұрғыда ұсыныстарды қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Зерттеу жұмысында қылмыскер тұлғасының негізгі типтері ғылыми көзқарас тұрғысынан зерттелініп кеткен және анықталған.
Қылмыскер тұлғасын ажыратуда туындайтын даулы мәселелердің шешімін табудың жолдары қарастырылған. Криминологиялық тұрғыдан қылымскердің типтерін топтастыру ұсынылған.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Қылмыскердің тұлғасын саралау барысында тәжірибеде туындайтын мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешу үшін криминология ғылымында анықтайтын жайлардың бар екендігін айта кету қажет.
2. Алдын алу шараларының жалпы нәтижесі ретінде қылмыскердің жасаған қылмыстылығынан сақтандырудың жолдары жүргізілуі тиіс.
Зерттеудің әдістемелік негізі болып қылмыскердің тұлғасын топтастыруға байланысты мәселелерді қарастыратын танымдылықтың ғылыми-диалектикалық әдісі құрады.
Магистерлік диссертацияда арнайы ғылыми әдістер, соның ішінде жалпы жүйелік-құрылымдық, тарихи-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық, салыстырмалы-құқықтық әдістер қолданылды.
Диссертациялық зерттеудің (эмпирикалық) деректік негіздері.
Диссертацияның деректік негізі Қазақстан Республикасының әртүрлі деңгейіндегі соттарының 2007-2011 жылдары аралығында жасалған жалпы қылмыстылықтың сандық көрсеткіштерін қамтыды. Атап айтқанда, 2007 ж. - 133151, 2008 ж. - 118485, 2009 ж. - 105600, 2010 ж. - 120145, 2011 ж. - 145001 [2] . Сонымен қатар, Астана, Шымкент, Тараз, Алматы қалалары, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарындағы соңғы 4 жылда қаралған 50-ден астам қылмыстық істердің материалдары Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есебінің статистикалық мәліметтері арқылы зерттелді.
Диссертацияның ғылыми-теориялық маңызы. Зерттеу қорытындысы жалпы криминология, оның ішінде қылмыскердің тұлғасын топтастырудағы ғылыми көзқарастарды жаңаша түсіндіреді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы зерттеудің нәтижелері қылмыскер тұлғасының негізігі типтерін криминологиялық сипатталуымен әспеттеледі. Еңбек қорытындысының тәжірибелік мәні ретінде: 1) құқық қолдану және құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес жүргізуді қолдану тәжірибесінде; 2) соттардың жазаны әділетті тағайындау барысындағы жұмысының тиімділігін арттыруда; 3) қылмыстық құқық, қылмыстық атқару құқығы, криминология пәндерінің оқу үдерісінде; 4) әдістемелік құралдарды дайындау, дипломдық жұмыс және басқа ғылыми жазба жұмыстарын жазу кезінде қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі . Зерттеудің басты ғылыми нәтижелері Алматы Гуманитарлы-техникалық университеті «құқықтық пәндер» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Жұмыстың ќұрылымы мен көлемі.
Жұмыс құрылымы негізгі мақсатқа сай келеді, және кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған арнайы материалдар мен нормативтік актілер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу таќырыбының өзектілігі, тиісті мәселенің бүгінгі таңдағы зерттелу деңгейі, жұмыстың, міндеті мен мақсаттары, зерттеудің ғылыми жаңалығы және қорғауға шығарылатын ұсыныстары мен қорытындылары көрсетілген.
1. ҚЫЛМЫСКЕР ТҰЛҒАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1. Қылмыскер және қылмыскердің тұлғасы.
Бірде бір криминолог, қандай мектептен өтпесін, қылмыс жасаған тұлғамен байланысты проблемаларды айналып өте алмайды. Адам ұғымында, оның әлеуметтік және биологиялық мәні тығыз ажырамас бірлікте қарастырылады. Қылмыскер тұлғасы өзіне тән ғана ерекшеліктері бар. Қылмыскер ұғымын пайдаланғанда біз адамның бойында қандай да бір ерекше криминалдық сипаттамалардың бар екендігін емес, оның қылмыс жасағандық фактісін ескереміз. Қылмыстылықтың әлеуметтік детерминациясының үш қатар тетігі бар: біріншіден жеке басты белгілі бір әлеуметтік қалыптастыру жолымен, екіншіден оған құқыққа қарсы не қарама қайшы сипаттағы міндететулер беру арқылы, үшіншіден жеке басты іс-қимылдың қылмыстық вариантын таңдауға мәжбүрлейтін және оны жеңілдететін ситуацияда қалдыру арқылы. Қандай болса да сол қалпында адам қылмыс жасайды. Адамның биологиялық та, әлеуметтік те ерекшеліктері сөзсіз қылмыстылық детерминациясына қатысады. Сондықтан да қылмыстық сот ісін жүргізгенде сот психологиялық, сот медициналық, сот психиатриялық және өзге де сараптамалар жүргізіледі. Қылмыстылық және оның детерминациясын зерделегенде пәнаралық және кешенді зерттеулерді жүзеге асырады
Криминологиялық зерделеудің объектілері мыналар: 1) қылмыс жасаушы жекелеген адамдар (мысалы, оларды монографиялық зерттегенде), 2) қылмыскерлердің әр түрлі контингенттері: кәмелетке толмағандар, рецидивистер, т. б. 3) қылмыскерлердің әр түрлі криминологиялық типтері.
Қылмыскерлерді топтастыру деп белгілі бір топтарға белгілі бір статистикалық жиынтықтар бойынша бөлу арқылы топтастыруды түсінеміз. Осындай топтастырудың негізінде, қылмыскердің контингенті емес, оның сипаттамасы қарастырылады. Неғұрлым кең тараған топтастыру ретінде біз мыналарды негізге аламыз:
а) Демографиялық сипаттары жынысы және жасы. Қылмыстық статистикада кәмелетке толмағандар (он төрт және он бес жас және он алты мен он жеті жас деп бөлінеді) . Жас жігіттер (он тоғыз және жиырма төрт жас) ; Ересек жастағы тұлғалар (отыз және одан жоғары) .
б) бірқатар әлеуметтік-экономикалық критерилер: білімі, айналысатын жұмысы, тұрақты тұрғылықты орнының болуы және айналысатын қызметінің болуы. (еш жерде тұрмайтындар және жұмыс істемейтіндер) .
в) азаматтар (ҚР азаматы, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) .
г) қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның жағдайы ескеріледі, біріншіден ішімдікке салыну, есірткі тұтыну жағдайы ескеріледі.
д) қылмыстық мінез-құлықтың сипаты: қасақаналық немесе абайсыздық; зорлық, мүліктік (пайдакүнемдік) және т. б. Алғашқы немесе қайталамалы болып бөлінеді.
Бақылау тобы әдісін қолдану және қылмыскерлер сипаттамасының онымен бірдей жағдайда өмір сүріп, әрекет етуші нақты адамдардан айырмашылығын анықтау үшін, қылмыскерлермен қатар, қылмыс жасамайтын адамдар да зерделенеді.
Психологиялық белгілерді айқындау маман-психологтардың мәндеті, олардан арнайы білім талап етіледі, ал психофизиологиялық белгілерді медиктер мен биологтар да анықтайды. Қылмысқа жақын себептік себептік тізбектер мен кешендерді талдағанда социологиялық, әлеуметтік психологиялық және этико-құқықтық зерттеулермен шектелуге болады.
Қылмыскерлердің жеке басын криминологтар екі аспектіде бір уақытта зерделейді: бір жағынан әлеуметтік байланыстар мен әсерлердің объектісі ретінде, екінші жағынан мақсатты бағыты бар, өзгертететін белсенді әрекетке қабілетті субъект ретінде. Мынадай жеке бастық сипаттамалар криминологиялық зерделеу заттары болып табылады: 1) объективтік немесе әлеуметтік позициялар мен рөлдер жеке бастың әрекеті; 2) субъективтік : мұқтаждық-сылтаулық өріс; сананың құндылық-нормативтік сипаттамасы.
Криминологиялық зерттеулер әлеуметтік позициялар мен жеке бастың рөлдерінің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-рөлдік аясын бекітеді. Криминологяида рөлдің нормативтік ұғымына сүйенген жөн. Әлеуметтік позиция дегеніміз әлеуметтік жүйедегі өзінше бөлек қатынастар түйіні. Адам бір уақытта бірнеше әлеуметтік позиция ұстанады. Әрбір әлеуметтік ұстанымға субъектілердің үш тобы жарыса жасаған рөлдер сценарий сәйкес келеді: 1) мемлекет жасаған және ресми міндеттеулер (заңдар, заңға тәуелді актілер) жүйесінде көрініс тапқан; 2) қоғам жасаған және көпшілік қабылдаған және қоғамдық пікір қолдаған іс-қимыл нормалары: моральдық, эстетикалық, діни және басқа нормалар нысанында; 3) бейресми құрылымдар (отбасы, бірге демалатын топтар, әріптестер тобы) жасаған және тосылатын іс-қимылдың жазылмаған ережесі, оның әлеуметтік нысанында.
Субъектілердің соңғы тобында өз іс-қимыл нормаларымен және әлеуметтік тосу нысанымен қылмыстық құрамдар да кіреді. Криминолог мыналаларды ажырата білуі тиіс: 1) осы ұстанымға сәйкес келетін нормативтік міндеттеулердің жиынтығы ретіндегі рөлді; 2) адамның өзінен не талап ететіндігін түсінуі ретіндегі рөлді және нені орындағысы келетіндігін;
3) орын мен уақыттың нақты жағдайларында рөлдің іс-жүзінде орындалуын. Соңғы жағдайда ол әлеуметтік жағдайларға, сондай ақ жеке бастың қалыптасып қойған сипаттамаларына байланысты.
Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. [3, 35б] .
Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп ұялуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды. . [4, 35б] .
Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек:
- дұрыс тәрбиеленбегендерінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз топтардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
- жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара қарым-қатынастың орындамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;
- психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;
- ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;
- қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы және жағымсыз жайттар. . [5, 15б] .
Жасөспірімдер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайдылығы зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педгогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жасөспірімдердің пікірінің, тағыдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді. . [6, 28б] .
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің жүрген ортасы қолайлы емес. Өйткені, бала ауытқушылық мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аула мен қоғамдық орындарында да, тіпті үйде де көреді. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моралдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюға мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді. . [7, 40б] .
Балалалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады:
Қоғамдағы өтіп жатқан үрдістер:
- қоғамдық құндылықтар иреархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;
- заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;
- жұмыссыздық (нақты және жасырын) ;
- экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;
- өскелең ұпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;
- балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде ауытқудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризациясының болмауы
- темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.
Отбасының жағдайы және оның ахуалы:
- толық емес отбасы; отбасының материалық жағдайы;
- ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;
- отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы) ;
- ата-аналардың ішімдікті, нашқорлық заттарды теріс пайдалануы;
- ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беруі.
Мектепішілік өмірдің жеткілксіз ұйымдастырылуы:
- оқу және тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі; мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; қоғам арқылы балаларымен айналыспайтын ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және меткептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы; пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы; сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырлуы; мектепте балалар ұйымдарының болмауы;
- мұғалімдердің бала және жас ерекшелік психологиясын білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі; «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарының автолитарлық немесе бетімен кетушілік деңгейінде болуы;
- жетілмеген жаңа оқу бағдарламасын енгізу, құндылықтар бағдарламаларының өзгеруі және соның негізінде «нені және қалай оқыту?» мәселесінің туындауы;
- мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің төмендігі. . [8, 15б] .
Жасөспірімдердің түрлі себептермен мектепке бармай қалуы да туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz