Жапон тіліндегі кірме сөздер және олардың қолданылу ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жапон тіліндегі кірме сөздер және олардың қолданылу ерекшеліктері

Кіріспе.

  1. Гайрайгоның қалыптасуының алғышарттары

I. I Гайрайгоның жапон тіліне ену тарихы

I. II Гайрайгоның жапон тіліне енуіне әсер еткен ішкі және сыртқы факторлар.

II. Гайрайгоның семантикалық - фонетикалық тұрғыдан жіктелуі.

II. I. Гайрайгоның құрылымы бойынша классификациясы.

II. II. Гайрайгоның фонетикалық ерекшеліктері.

III. Жапониядағы қазіргі таңдағы тілдік жағдай.

III. I. Мемлекеттің тілге қатысты жүргізіп отырған тілдік саясаты.

III. II. Гайрайгоның қоғамда туғызып отырған қиындықтары мен артықшылықтары.

Қорытынды.

Кіріспе

Әлем тілдерінің ішінде лексикасы тек өзіндік сөздермен шектелген тілдер болуы мүмкін емес. Тіл де тірі ағза сияқты тоқтаусыз даму барысында болып, сөздік қорын басқа тілдерден сөздер алу есебінен толықтырып отырады. Бұл құбылыс әртүрлі халықтардың бір-бірімен саяси, cауда- экономикалық байланысқа түсулерінің нәтижесінде жүріп отырады.

Жалпы алғанда, кірме сөздер әрбір тілдің лексикасының белгілі бір үлесін алады. Олардың кейбіреулері өзінің ұлттық бояуын жоғалтып, жаңа тілге жат болып сезілмей, сол тілге сіңіп кетеді де, қалғандары фонетикалық, грамматикалық немесе семантикалық ерекшеліктерін жоғалтып, оқшауланып, бөтендігі сезіліп тұрады.

Әдетте, көп тілдердің лексикасы екі қабаттан тұрады: өз сөздері және басқа тілден енген сөздер. Бірақ жапон тілінде лексиканың осындай үш қабаты қалыптасқан: жапон тілінің төл сөздері, қытай тілінен енген сөздер және соңғы ғасырларда әртүрлі тілдерден, басым бөлігі еуропа тілдерінен енген сөздер. Әр қабаттың шекарасы басқа тілдерге қарағанда айқын сезіліп тұрады: қатардағы жапондық көпшілік сөздердің қай топқа жататынын еш қиындықсыз атап бере алады.

Кангоның негізгі бөлігі жапон тіліне VII-XIIIғғ. келген еді, бірақ осы топқа жататын лексикалық бірліктердің көбі қытайлық түбірлерден Жапонияның өзінде біршама кейінгі уақытта қалыптасты. Ал ең алғашқы гайрайго жапон тілінен XVI-XVIIғғ. португалдық және испандық миссионерлермен, сондай-ақ XVII-XIXғғ. голландтық саудагерлермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болды, бірақ бұл топтағы сөздердің көпшілігі басқа батыс тілдерінен, ең алдымен ағылшын тілінен соңғы 150 жыл ішінде енді. Дегенмен де жапон тілі қазір де белсенді түрде жаңа гайрайго сөздерді бірінен соң бірі қабылдауда.

Ваго - бұл жапондық лексиканың ең негізгі компоненті, жалпы алғанда осы сөздер жиі қолданылуымен ерекшеленеді де барлық стиль және жанр үлгілерінде кездеседі, бірақ ауызекі тілде олардың алатын үлесі ең жоғары. Бұл топқа «hi» (күн), «tsuki» (ай), «ookii» (үлкен), «manabu» (үйрену) сөздері мысал бола алады.

Канго болса, ең алдымен жазбаша стильге тән: дәл осы сөздер Жапониядағы өткен ғасырдың екінші жартысында қарқынды түрде жүрген қазіргі жаратылыстану және гуманитарлы ғылымдардың терминологиялық жүйесінің қалыптасуына негізгі қор болды. Канго мысалдары ретінде «taiyo:» (күн, астрономиялық атау ретінде), «ichigatsu» (қаңтар), «nigatsu» (ақпан), «sangatsu» (наурыз), «daigaku» (университет) лексемаларын атап өтуге болады. Егер жапон тілінің негізгі сөздік қорында сандық жағынан ваго басым болса, жалпы сөздік қорда (сирек қолданылатын сөздер мен арнайы сөздерді қоса алғанда) алғашқы орынды канго алады: үлкен сөздіктерде олардың алатын үлесі 50%-дан кем емес. Гайрайгоға келетін болсақ бұл топтың лексикасы ең алдымен модернизация құбылысымен байланысты; гайрайго арасында ғылыми-техникалық терминдар көп (kompyu:ta - компьютер, purinta - принтер, sofuto - программалық жабдықтау), бірақ бұл сөздердің ең көп қамтитын салалары - спорт, ойын-сауық (ge:mu - ойын, әсіресе компьютерлік ойындарға көп қолданылады; tare:nto - атақты телебағдарлама жүргізушісі), сонымен қатар гайрайго экспрессивті ауызекі лексикада да қолданылады (okke, жазылуы OK; bi:efu, дос жігіт мағынасында, жазылуы BF)

Зерттеу жұмысының өзектілігі

Міне, XXI- ғасыр табалдырығын аттағалы жеті жылдай уақыт өтті. Өткен ғасыр технологиялар мен ғылымның жоғары қарқынмен дамып, ғылыми- техникалық төңкерістің орын алуымен ерекшеленді. Сонымен қатар өткен ғасырда әлемнің азулы мемлекеттері өздерінің позизицияларын айқындап, халықаралық аренада манызды саяси, экономикалық жетістіктерге жетті.

Осындай мемлекеттердің бірі- Азия құрлығының көшбасшы елі Жапония мемлекеті. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикасы құлдырап шықса да, одан кейінгі 40-50 жыл ішінде өз күшімен әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер санатына қосылып, өзінің күштілігін дәлелдеп берді. Бұл мемлекеттің даму ерекшелігі даму барысында батыстық технология мен ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, оларды әрі қарай дамытып, соған қарамастан өз мәдениетін қазіргі ұрпаққа сол күйі жеткізгендігінде. Оның ғасырлар бойы жинаған мәдениеті, әдебиеті, өнері, тілі кімді болса да бей-жай қалдырмайды. Жапон тілі БҰҰ ресми алты тілінің қатарына енбесе де, оны үйренуге қызығушылық танытып отырған адамдар саны күн санап өсуде, бұл жағдай осы елмен арадағы байланыстарды нығайту, оның халқының мәдениетін, рухани болмысын, психологиясын танып білуге деген құштарлықтан туындап отыр. Мен өз басым 4 жыл жапон тілін оқысам да, оның қыр-сырына толық қанып біттім деп айта алмаймын. Жапон тілін үйрену барысында мен өзім үшін көптеген жаңалықтар аштым. Бұл тілдің ерекшңліктерін түсіну үшін оның қалыптасу тарихымен танысқан абзал деп ойлаймын. Жалпы, жапон тілінің қандай тілдер тобына жататындығы әлі анықталып болған жоқ. Көпке дейін ол тілдердің генеалогиялық классификациясында оқшаулаңған күйі тұрып, бізге белгілі тілдік топтардың ешқайсысына да жатқызылған жоқ. Бірақ соңғы онжылдықтардағы зерттеулер нәтижесінде жапон тілі корей тілінің туысы екендігі және олардың құрамына түркі, моңғол және тұңғыс-маньчжур тілдері кіретін алтайлық тілдер тобына жататындығын айқындай түскендей. Яғни, жапон тілі Жапон аралдарына біздің заманымызға дейін көп жылдар бұрын Азия құрлығынан қоныс аударған тұрғындардың тілі негізінде қалыптасты деп айтуға толық негіз бар. Бірақ, кейбір белгілерімен жапон тілі Жапонияның жоғарыда аталған қоныс аудурушылардан да бұрын мекен еткен тұрғындар сөйлеген австронезиялық(басқаша айтқанда малайлық-полинезиялық ) тілдер тобының біріне жақын болып келеді.

Көп ғасырлар бойы жапон тілі қытай тілінің ықпалымен дамып отырды. Бірақ, осыған қарамастан бұл екі тіл туыс болып табылмайды.

Этимологиялық көзқарас тұрғысынан жапон тілінің лексикасы үш үлкен топқа бөлінеді: wago, яғни жапон тілінің төл сөздері, kango- қытай тілінен енген сөздер және үшінші топ gairaigo- басқа тілдерден енген сөздер. Бұл сөздер, әсіресе олардың ішіндегі американизмдер жапондық лексиканың едәуір бөлігін қамтып отыр. Олар көп жағдайда басқаша аталуы мүмкін емес реалияларды атау үшін қолданылады. Бірақ соңғы онжылдықтарда жапондық газеттер, журналдар және лингвистикалық басылымдарда жапон тілінде гайрайгоның алатын үлесінің өсіп келе жатқандығы, әсіресе мүлдем қажет емес американизмдердің мөлшерден тыс артып кеткендігіне байланысты арыздар көбейе түсуде. Яғни, басқаша айтқанда осы жұмыстың тақырыбына арқау болып отырған гайрайго айналасында қазіргі таңда Жапон қоғамында көптеген дау-дамайлар өрбіп отыр. Олардың негізі бар ма? Осындай пікірді ұстанатын адамдарды осылай ойлауға не итермелеп отыр?

Міне, осындай тәрізді мәселелерге байланысты бұл тақырыпты зерттеудің маңыздылығы арта түседі.

Зерттеу жұмысының мақсаты

Гайрагоның жапон тіліне қаншалықты дәрежеде қажет екенін анықтау, оның тудырып отырған алаңдатушылықтарының негізінде жатқан себептерді анықтаумен қатар осы топтағы сөздердің артықшылықтарын қарастыру

Жапониядағы қазіргі тілдік жағдайға сараптама жасап, оған баға беру

Жұмысты зерттеудің міндеттері

Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:

Жапон тілінің лексикасының қалыптасуының алғышарттары мен оның даму барысына тоқталу

Жапон тілінің өткені мен болашағына талдау жасау

Зерттеу жұмысының нысаны

Жапон тіліндегі сөздік қордың шамамен 10% құрап отырған кірме сөздер тобы- гайрайгон және олардың қолданылу ерекшеліктері

Зерттеу әдісі мен дереккөздері

Бітіру жұмысының теориялық негіздерін орыс, жапон және ағылшын тіліндегі еңбектер құрады. Атап айтсам, жазу барысында маған В. М. Алпатовтың «Япония:язык и общество » деген еңбегінің тигізген септігі зор болды. Одан алынған мәліметтер осы жұмыстың барлық тарауларында кездеседі десек те болады. Сонымен қатар атамай кетуге болмайтын тағы да бір әдебиет- Оосима Кимие деген ғалымның «Gairaigo usage in Japan: From Cultural Controversy to a New Analitical Framework» атты ағылшын тіліндегі еңбегі. Бұл кітап жеңіл, ұғымды тілмен жазылғандықтан, ондағы мәліметтерді I-тараудың II-тараушасын, II-тараудың I-тараушасын және III-тараудың II-тараушасын жазуда пайдаландым. Статистикалық мәліметтер алуда Мемлекеттік ана тілін зерттеу институтының айтулы ғалымдары Амано Юукити, Торикаи Кумико, Митиура Тосихико мен Сугито Сэйдзю бастаған топтынжүргізіп отырған зерттеулері нәтижесінде жинақталған жапон тіліндегі «Gairaigo to gendai shyakai» еңбегін пайдаландым,

Сондай-ақ қосымша дерек көздері ретінде интернеттегі www. wikipedia. org, www. kokken. go. jp сайттарын пйдаландым.

Ғылыми жаңалықтары мен практикалық маңыздылығы.

Жапон тілін үйрену, игеру барысында студенттер кірме сөздерге арналған жапон алфавиті - катаканамен танысқаннан бастап оқу процесінде үнемі гайрайгомен кездесіп отырады. Ол жайлы мәліметтер қазақ тілінде жоқтың қасы десе де болады. Осы жағдай бұл жұмыстың практикалық маңыздылығын арттыра түседі.

Зерттеу жұмысының құрылымы

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері берілген жұмыстың құрылымын анықтады.

Бітіру жұмысы кіріспеден, әрқайсысы екі тараушадан тұратын үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымша мәліметтерден, сілтемелерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Өз кезегінде бірінші бөлімде жапон тіліне негізінен алғанда батыс тілдерінен енген сөздер тобы - гайрайгоның өз алдына жеке лексикалық топ болып қалыптасуының алғышарттары қарастырылса, екінші бөлімге арқау болған мәселе - лингвистикалық тұрғыда гайрайгоның семантикалық және фонетикалық жағынан жіктелуі. Соңғы, үшінші бөлімде Жапониядағы қазіргі тілдік жағдай мен соған байланысты мемлекет жүргізіп отырған тілдік саясаттың негізгі бағыттары қарастырылған.

Негізгі бөлім

Гайрайгоны басқа жапон сөздерінен ең алдымен ерекшелендіріп тұратыны - олардың катаканамен жазылуы. Ауызекі тілде гайрайго қатарындағы сөздердің көпшілігі әдеттегі жапон сөздеріне тән емес ерекше фонетикалық қалпымен ерекшеленіп, назар аудартады. Жапонияда бұл сөздерді басқа сөздерден ажырата білуге балабақша кезінен үйретеді, алдымен оларға катаканамен жазылатын сөздер ретінде ғана түсіндірме беріліп, орта мектепте ғана олардың пайда болу тарихынан мағлұмат берілеі.

Енді осы мәселеге, яғни гайрайгоның тарихына көз жүгіртсек, бұл топтағы сөздер пайда болу уақыты және жапон тіліндегі үлесі бойынша үш топқа бөлінеді. Алғашқы топ - жапондықтардың еуропалықтармен қарым-қатынасы орнаған кезеңі XVI-XVIII ғғ. енген лексемалар. Бұл сөздердің үш топтың ішінде алатын үлесі ең төмен. Негізінен олар - голланд және португал тілінен енген сөздер. Жапония тарихынан білетініміздей XVI ғ. соңы -

XVII ғ. басында португалдық миссионерлермен және саудагерлермен тығыз қарым-қатынаста болған Жапонияның “жабық есік” саясаты орнағаннан кейін еуропалық елдердің ішінен тек Голландиямен ғана кішігірім байланыстары болған. Бұл кезеңде енген лексикаға сипаттама берер болсақ, ол - Жапонияда бұрын-соңды белгісіз болған материалдық мәдениет заттарының атаулары: португалдық «пан» (нан), «табако» (табак) сөздері және т. б; голландтық «би:ру» (сыра), «ко:хи» (кофе), «гарасу» (әйнек) сөздері жіне т. б . Бұл сөздердің шет тілдік сөздер екені катаканамен жазылатындығы болмаса минималды дәрежеде сезіледі. Тіпті кейбір сөздердің катаканамен жазылуы міндетті емес: “табако” (темекі) сөзінің иероглифтермен берілуі үйреншікті жайт (мағынасы бойынша сәйкестендіріліп таңдалынған “түтінді шот”), хираганамен ажзылуы да кездеседі; “ко:хи” (кофе) фонетикалық жағынан сәйкестендіріліп атңдалынған иероглифтармен берілуі де - кең таралған жағдай. Бірақ бұл жазылулар ескірген болып саналады. Дегенмен де кейбір кафелердің меню (мәзір) және жарнамаларында екі екі иероглиф та минимумға енбесе де, кофе сөзінің кандзимен берілуі кең таралған. Осындай сияқты реалиялар жапон тұрмысының ажырамас бөлігіне айналғалы біраз уақыт өтті. Оларды жазба тілде басқа амалдары жоқ, тіпті нағыз туристердің өздері де бұл сөздерді тілдік қордан алып тастау деген мәселені көтермеген болатын. Кейбір жағдайларда бұндай гайрайго спецификалық жапондық реалияларды білдіреді: «тэмпура» - жапондық тағам атауы (әдетте иероглифтармен беріледі), бірақ түп негізі португал тілінің tempero сөзінде жатыр.

Сол кезеңнен енген гайрайго ішіндегі лексиканың екі класы ғана нақтылы лексика шеңберіне енбейді: негізінен христиандыққа тыйым салынған XVII ғ. кейін жойылып кеткен христиандық лексика мен XVIII ғ. -XIX ғ. басы аралығында голланд тілінен енген кейбір медициналық терминдер (медицина батыс кітаптарының оқылуына рұқсат берілген аздаған саланың бірі болатын) : «корэра» (холера) және т. б.

Бірақ медициналық терминдердің көпшілігі жапон тіліне тән аударылып отырды.

Гайрайгоның екінші тобын 1867-1868 жж. Буржуазиялық революциядан кейін енген сөздер құрайды (көпшілігі XIX ғ. соңы - XX ғ. I ж) . Бұл кезеңдегі гайрайго саны күрт көбейіп кетті. Аракава Собэй деген ғалымның келтірген мәліметі бойынша 1931 жылға қарай тек ағылшын тілінен ғана енген

30-40 жж. милитаристік Жапонияның басқарушы топтарыкірме сөздердің енуін шектеу саясатын ұстанады да, ал соғыс жылдары неміс және итальян тілдерінен басқа тілдерден кірме сөздердің енуіне тыйым салады.

XIX ғ. II ж - XX ғ. I ж. ерекшелігі - кірме сөздердің көптеген тілдерден келуі. Басты орында ағылшын тілінің американдық үлгісі болса, жапон тілін жаңа сөздермен толыөтыруда неміс, француз тілдері және ағылшын тілінің британдық үлгісінде маңызды орын алды. Кейбір салаларда белгілі бір тілдің ғана ықпалы байқалып отыратын еді. Мысалы, неміс тілі медицина саласында үстем болды: осы күнге дейін немістің Typhus сөзінен шыққан «тифусу» (тиф) сөзі, немістің Puls сөзінен пайда болған «пурусу» (пульс) сөздері қолданылып келеді, неміс тілінен енген басқа да медициналық терминдерді тқменг ікестеден көруге болады:

Жапонша (рāмадзу)
Немісше
Мағынасы
Жапонша (рāмадзу): Adorenarin
Немісше: Adrenalin
Мағынасы: Адреналин
Жапонша (рāмадзу): Arerugī
Немісше: Allergic
Мағынасы: Аллергия
Жапонша (рāмадзу): Asupirin
Немісше: Aspirin
Мағынасы: Аспирин
Жапонша (рāмадзу): Bīrusu
Немісше: Virus
Мағынасы: Вирус
Жапонша (рāмадзу): Gipusu
Немісше: Gips
Мағынасы: Гипс
Жапонша (рāмадзу): Herupesu
Немісше: Herpes
Мағынасы: Герпес (ұшық)
Жапонша (рāмадзу): Horumon
Немісше: Hormon
Мағынасы: Гормон
Жапонша (рāмадзу): Jipirisu
Немісше: Syphilis
Мағынасы: Сифилис
Жапонша (рāмадзу): Kapuseru
Немісше: Kapsel
Мағынасы: Капсула
Жапонша (рāмадзу): Kariesu
Немісше: Karies
Мағынасы: Кариес
Жапонша (рāмадзу): Nicochin
Немісше: Nikotin
Мағынасы: Никотин
Жапонша (рāмадзу): Ope
Немісше: Operation
Мағынасы: Операция
Жапонша (рāмадзу): Rentogen
Немісше: Rőntgen
Мағынасы: Рентген
Жапонша (рāмадзу): Ryūmachi
Немісше: Rheumatismus
Мағынасы: Ревматизм
Жапонша (рāмадзу): Yōdo
Немісше: Iod
Мағынасы: Йод

Басқа да неміс сөздерін мысалға келтіретін болсақ, идэороги «идеология» және мағынасы ауытқыған «орубайто» (уақытша қосымша жұмыс немесе осындай жұмысты тақарып жүрген адам) сөзін, enerugī (энергия), tēma (топик, тақырып) сөздерін жапондықтар жиі қолданады.

Жапон тіліне көп сөз сыйлаған тілдердің бірі - француз тілі. Бұл тілден енген сөздер көп жағадйда сән саласын және тағам индустриясын қамтиды. Оған біз төмендегі кестеге қарап көзіміз жетеді:

Жапонша дыбысталуы
Французша
Мағынасы
Жапонша дыбысталуы: Akusesowarisuto
Французша: Accessoiriste
Мағынасы:
Жапонша дыбысталуы: Butikku
Французша: Boutique
Мағынасы: Бутик
Жапонша дыбысталуы: Dekorute
Французша: Decolletee
Мағынасы: Декольте
Жапонша дыбысталуы: Jirē
Французша: Gilet
Мағынасы: Жилет (күртеше)
Жапонша дыбысталуы: Kuchurie
Французша: Courturier
Мағынасы: Кутюрье
Жапонша дыбысталуы: Zubon
Французша: Jupon
Мағынасы: Шалбар
Жапонша дыбысталуы: Rōpu
Французша: Rope
Мағынасы: Көйлек
Жапонша дыбысталуы: Potēju
Французша: potage
Мағынасы: Пюре-суп

Ағылшын тілінің британдық үлгісінен енген сөздер қатарында «posuto» - почиа жәшігі (post) , borē (ағылшынның volley) сияқты теннис термині (бір қызығы, американдық үлгідегі воллейбол сөзі “bore” емес, “bare” деп басталады: barēboru) . Бұл терминдердің жапон тіліне американдық ағылшын тілінен емес, британдық ағылшын тілінен келуінің себебі - теннис пен почта қызметі құралының Жапонияға Америка емес, Англиядан келуінде.

Жалпы, соғысқа дейін енген гайрайго лексикалық тұрғыдан әртүрлі болып келеді, негізіненоның ішінде мәдени лексика үлкен орын алады (нақтылы да, абстрактылы да) . Бірақ сол кездегі сөздік қордың гайрайгомен толықтырылып отыруы жаңа ұғымдарды кангоға дәл аудару әдісімен бәсеке ретінде қатар жүріп отырды. Алғашқы кездері соңғы аталған әдіс көп пайдаланылып жүрді. Мысалы, Жапонияда газеттер пайда болғаннан кейін алғашында оларды «газэтто» деп атаса, кейінірек бұл сөздің орнына канго тіліндегі «симбун» сөзі келді. Ол әлі күнге дейін жапон лексикасында нық орнығып, кеңінен қолданылып келеді.

Қоғамдық-саяси және ғылыми-техникалық лексика көбінесе жапон тіліне дәл аудару әдісі арқылы жасалып отырды. Бірақ жапон тіліне енген сөздердің барлығы бұл ережеге бағынып отырды дей алмаймыз: бейорганикалық химия терминологиясы негізінен кангоға аударылып отырса, термин атауы заттың эформуласымен тығыз байланыста болатын органикалық химияның арнайы терминологиясы алғашқы кезден-ақ гайрайго болды.

Соғыстан кейін гайрайгоның енуіне жасалған жасанды тосқауылдар бұзылып, американ оккупациясы жапон тілінде жаңа сөздердің көбеюіне қолайлы жағдай туғызды. Міне, осы кезден бастап жапон тіліне енген сөздер гайрайгоның үшінші тобын өұрайды. Соғыстан кейін енген бұл сөздердің үлесі жалпы гайрайго ішінде өте жоғары. Бұл сөздер қатары көбеюде. Дегенмен, 70 - жылдардан бастап гайрагоның қарқынды көбею процесі белгілі бір тұрақтылыққа келді дейді кейбір бақылаушылар. 1975-1985 жж. Жапон тіліне қосылған гайрайго саны алдыңғы онжылдыққа қарағанда аз дейді. Бірақ жалпы гайрайго дәл санын анықтау қиынға соғады.

Соғыстан кейінгі кезеңде енген кірме сөздердің ерекшелігі - олардың түгелдей дерлік ағылшын тілінің американдық үлгісінен келуі. Оларды ағылшын тілінің британдық үлгісін ғана білетін адамдарға түсініксіз фонетикалық ерекшеліктері осы жағдаймен түсіндіріледі. Тіпті үшінші әлем елдерінің реалиялары мен американдық емес жалқы есімдер көп жағдайда ағылшын тілінен келеді.

Соғыстан кейінгі жылдары американизмдер «шығу тегі» бөлек гайрайгоны жеткілікті дәрежеде алмастырып, олардың қолданыстан шығуына себеп болды. Мысалы «кровать ?» мағынасында соғысқа дейін bed сөзінен шыққан beddo сөзі мен неміс тіліндегі bett сөзінен шыққан betto сөздері бірдей дәрежеде қолданылып келсе, қазір тіпті «сичдай» деген канго сөзін де ығыстырып келе жатқан (бұл сөз ауруханадағы жататын орын және вагондағы ұйықтайтын орын мағыналарында ғана қолданылып жүр) beddo сөзі ғана қалды. Неміс тілінен енген медициналық терминдердің көпшілігі ағылшын терминдеріне ауыстырылды. Бірақ, дегенмен де неміс терминдері медицина қызметкерлерінің кәсіби жаргон ? лексикасында нық орнығып алды; қазіргі Жапонияда онша танымал емес неміс тілі Еуропада латын тілі қандай рөл атқарса, сондай дәрежеге жетті: кейде рецепттердің? Неміс тілінде жазылатын сөздері болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі түрік тіліндегі ағылшын тілінен енген кірме сөздер
Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл жайлы
Тілдегі кірме сөздерді зерттеу мәселелері
Оралхан Бөкейдің Атау кере шығармасындағы еліктеу сөздердің қолданысы
Орыс тілінен енген сөздер
Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы
Кірме сөз - термин сөз
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫН ТАЛДАУ
Интернационалды сөздерді аудару тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz