Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ҮРДІСТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТТІК ҚАБЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Инновация және әлемдік экономиканың даму үрдістерін талдау. ... ... ... ... ..5
1.2. Қазақстан экономикасын әртараптандыру проблеммалары ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ.ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Стратегияны жүзеге асыру кезеңдері және одан күтілетін нәтижелер ... ... ..15
2.2 Индустриялы.инновациялы саясаттың басымдықтары мен өнеркәсіптік экономиканы жаңғыртудағы бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3. Ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістер құру саласындағы әлеуетті басымдықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ҚазақстанРеспубликасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi.
Қазіргі таңда әр елдің экономикасы тек оның инновациялық дамуы арқылы ғана дами алады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) қабылданды. Стратегия Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы” деп алынды.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi елiмiз үшiн индустриялы-инновациялық даму бағдарламасының және инновациялық саясаттың маңызы мен оны дамытудың iс-шараларын қарастырып, оның еліміздің ұлттық экономикасына қосар үлесін анықтау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ¬ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ¬Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
1. Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
3. Соколова М.С. Управление наукой и техникой в Республике Корея // Инновации №9-10, 2002 г.
4. Карибджанов Е.С. Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.
5. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
6. Н. А. Назарбаев. “Задача науки – способствовать развитию экономики” // Казахстанская правда, 16 апрель, 2002 г.
7. Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж.
8. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
9. «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане» // Бердибек Сапарбаев, РЦБК, №4, 2007 г.
10. Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай” // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2004 ж.
11. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
12. Бердашкевич А.П О поддержке инновационной деятельности в Японии // Инновации №7, 2002
13. Статистика Казахстана. Алматы, - 2007г.
14.ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті жинақтарының материалдары, 2000-2002;
15. "International Financial Statistics" Халықаралық Валюта Қорының статистикалық жинақтары, 2002.
16. Интернет-сайт: www.google.ru
17. Индустриально-инновационная стратегия Казахстана в рыночной экономике.
18. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.
19. журнал «Айқын».

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ҮРДІСТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНМИКАСЫНЫҢ
БӘСЕКЕЛЕСТТІК ҚАБЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Инновация және әлемдік экономиканың даму үрдістерін талдау.
... ... ... ... ..5
1.2. Қазақстан экономикасын әртараптандыру проблеммалары
... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары және оларды жүзеге
асыру мӘселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Стратегияны жүзеге асыру кезеңдері және одан күтілетін нәтижелер
... ... ..15
2.2 Индустриялы-инновациялы саясаттың басымдықтары мен өнеркәсіптік
экономиканы жаңғыртудағы бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3. Ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістер құру
саласындағы әлеуетті басымдықтар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...34

КІРІСПЕ
ҚазақстанРеспубликасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың
әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен
байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс
пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең
қажеттiсi.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк
елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi
дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық
өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi.
Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап
өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап
көрсеттi.
Қазіргі таңда әр елдің экономикасы тек оның инновациялық дамуы арқылы
ғана дами алады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Индустриялық-
инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
(бұдан әрi - Стратегия) қабылданды. Стратегия Қазақстан Республикасы
Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және
сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына
Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген
тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
      Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған
мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын
әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң
тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
     Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасы индустриялы-
инновациялық даму бағдарламасы” деп алынды.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi елiмiз үшiн индустриялы-инновациялық даму
бағдарламасының және инновациялық саясаттың маңызы мен оны дамытудың iс-
шараларын қарастырып, оның еліміздің ұлттық экономикасына қосар үлесін
анықтау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер
өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы
болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы
бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға
ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық
ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк
инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында
ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң
экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге
бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен
мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар
Қазақстанның инвестициял қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация,
Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға
бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi
көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi
дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық
саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде
экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу
көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын,
өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты
өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға,
Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа
деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру
жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi
бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты
iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық
саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда
бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар
келтiрiлген.
   Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн
экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол
жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту
үшiн жағдай жасау болып табылады.

І ҚАЗАҚСТАН ЭКОНМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТТІК ҚАБЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
1.1. Инновация және әлемдік экономиканың даму үрдістерін талдау
Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады.
Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа
технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.
Инновация дегеніміз - бұрын рынокта болмаған жаңа сапалық қасиеттерге
ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа түрде жақсартылған технологиялық
процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар.
Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн
көрсетуге болады:
1. инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы
бәсекелестiкке төтеп бередi;
2. инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
4. инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде.
Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң
басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның
пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде
технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.

Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай
ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып,
өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.
Қазiргi заманғы көз қарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен
қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл
түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер
экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары
өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл
анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып
табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.
Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған. 
Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану
түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа
бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай
саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия
(Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа
бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы
туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.
      Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген
саясаттың табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн
сарқып тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн
сыртқы рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi
импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған
әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын
атап өту керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және
өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын
одан әрi сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша
қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей,
ұлттық экономикалар халықаралық бәсекеде ұтылып жатты.
     Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты
дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің
мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді.
Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни
мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан
тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды
және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің
қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы
бар, ол жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар ғана
Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының
әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді.
Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары
технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-
техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану- Қазақстан-2030 стратегиясының
маңызды мәселелерінің бірі.
2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет ” туралы
Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін
жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру,
қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық
даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары
қарай дамыту.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал кез-
келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет
көркеюінің негізгі жолы ғылыми - техникалық және инновациялық салада лидер
болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп,
ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық
экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.
Қазіргі таңда ел экномикасы дамуының шешуші факторлары ғылым мен
инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.Бүкіл
әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда
құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон
аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары
технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия,
Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару
жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озды. Жаңа
автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та – 4 ай, Еуропада 2 айдан
кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу
үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай.
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен
1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалды парктер) айналысады.
Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан
қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми
орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды,
ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз
етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға “қолайлы орта”
жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып
отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. Ол
шама 1991жылы –2587 кәсiпорын, 1992 ж. –9678 кәсiпорын, 1996 ж. –13722
кәсiпорын, 2000 ж. –20796 кәсiпоырн.
Ал Оңтүстiк Корея Республикасының ғылым мен техниканы соңғы 30 жылда
өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей
елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін
қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы
ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60- жылдарының ортасында қолға
алды. 1967 жылы басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және
жүзеге асыру болып табылатын “Ғылым және технология Министрлігі” құрылды
және “Ғылым мен техниканы қолдау туралы” Заң қабылдады. Осыдан кейінгі
дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланды.
Финляндияға келетiн болсақ бұл ел 1991 жылға дейін экспортының
жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы
экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті.
Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп
кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа
экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті Финляндияны дамыған елдер
қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет “Ұлттық
инновациялық жүйені” құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті
қадағалайды.
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға
тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60
жылдарында дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда
мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл
саланың қарқынды дамуы да екіталай болып келедi.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді
мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар
қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте бұл
лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы
мәселелерін шешумен айналысады.
2. Қайтарымсыз негізде мемлекеттiк негiзде субсидиялар бөлу;
Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу
жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.
Негізгі қойылатын шарт зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған
нәтижені ашық түрде жариялау
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция
бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер
индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға
өттi. Бұл елдерде жалпы ішкі өнімнің (ЖIӨ) үлкен бөлiгi қызмет көрсету
секторында қалыптасады. Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және
инновациялық негiзi бар.
     Индустриялық өндiрiс, әсiресе еңбектi көп қажет ететiн өндiрiстер
бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым артта қалған
елдерiне ауысуда.

1.2 Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары

      Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк
тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн және қымбат
металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл
шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорлары қазiргi уақытта классикалық
экономика сценарийi бойынша дамуда. Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары
экспортының дамуы соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын
қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк
инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық
өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне
байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда. Сонымен
қатар ұзақ мерзімді кезеңде индустриялық сервистік-технологиялық даму
сатысына мүмкіндік беретін қаржы ресурстары жинақталуда. Бүгiнгi таңда
Қазақстанды ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне
ие болды. Ал Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең
тартымды 20 елдiң қатарына қосты.
Стратегиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан бәсекелестiкке және әлемнiң
барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға негізделген
тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн экспорттауға
бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады.
      Стратегиялық жоспарды iске асыру саласында ел экономикасының жақсы
қарқын алғанын атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде қарқынды дамуды
жалғастыру және сонымен қатар экономика мен әлеуметтiк салада сапалы
өзгерiстер жүргiзу керек. Қазақстан отын және минерал шикiзатының iрi
әлеуетiн шоғырландырған шағын экономика ретiнде өндiрiстiң өңдеушi
салаларына инвестициялар үшiн тартымсыз. Бұл шикiзат ресурстарына
жағдаяттың өзгеруiне қатысты ел экономикасын осал әрi тәуелдi етедi.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы
елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар
рыноктарында жағдаяттың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi.
       Экономиканың шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден шектен тыс
толығу қаупiн ескере отырып және мұнай бағасының күрт тө мендеуiнiң
зардаптарын болжау негiзiнде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды. Онда мұнай мен
түстi металдарға әлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен тыс
асып кетуiнен түсетiн кiрiстер жинақталады.
Бұл шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесiне түсетiн валюта қысымын
жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнiмнiң импортын тежейтiн
теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Қазақстанда өнеркәсiптiң өңдеушi салалары және өндiрiстiк сипаттағы
қызметтер көрсететiн салалар дамымай отыр.
Өңдеушi өнеркәсiпте металлургия өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта бәсекеге
түсе алады. Тамақ өнеркәсiбiнiң кейбiр өнiмдерi шетелдiк өнiмдермен iшкi
рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеушi өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi
бүгiнгi таңда тiкелей және жанама субсидиялардың есебiнен ғана ұсталып
отыр. Бұл электр энергиясына, өнiмдi тасымалдауға төмен және экономикалық
тұрғыдан негiзделмеген тарифтiң белгiленуiнен, кедендiк қорғау баждарын
белгiлеуден көрiнiс беруде.
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын
алуда:
• экономиканың шикiзат бағыттылығы;
• әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
• ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың
босаңдығы;
• өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң тө мендiгi;
• iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы;
• өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде
дамымауы;
• мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика
салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
• кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта
қалуы;
• ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
• ЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi;
• отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi,
ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды
тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық
ұсыныстар деңгейiнiң тө мен болуы;
• мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi
заманғы жүйесiнiң болмауы;
• экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы
институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
• менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-
технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
• ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша,
сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр
индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.
      Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында.
2001 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен
29,7 % құрады. Бiрқатар салаларда негiзгi құралдардың нақты тозуы 50 %
және одан астам деңгейгежақындауда. Қазiргi уақытта қолданылып жүрген
кәсiпорынның қарауында қалған пайда есебiнен негiзгi құралдарды
жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртiбi моральдық тұрғыдан
ескiрген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және оны жаңартуда
белгiлi бiр дәрежеде тежеушi болып отыр.
     Негiзгi құралдарды жаңарту коэффициентi 1999 жылы - 8 %, 2000ж. -
13,8 % құрады. Мұндай өсуге мұнай және табиғи газ өндiруге инвестиция салу
есебiнен қол жеткiзiлдi.
     Негiзгi құралдар құрылымында аса тозғандары - машиналар және
жабдықтар. Олардың тозу дәрежесi 2000 жылы 42,1 % құрады. Көлiк құралдары -
41 %, ғимараттар 36,5 % тозған.      Мұнай өндiрумен және металдарды
өндiрумен байланысты емес салаларда жабдықтың тозу дәрежесi соңғы үш жылда
45 %-тен 62 %-ке дейiн құрады. Өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарында толықтай
тозған машиналардың, жабдықтардың және көлiк құралдарының үлес салмағы 12 %-
ке жеттi. ұл жабдықтың шығарылу жылына қарай және моральдық тұрғыдан
алғанда ескiруiне, ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң тө мендеуiне
душар етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2,8 киловатт
сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты
елдерде бұл көрсеткiш 0,22-0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда - 0,4-0,6,
Канада мен Қытайда - 0,8-1,2 киловатт сағатты құрайды
Кесте-1 - Өндіріске жұмсалатын электр энергиясының шығындары
(ЖІӨ-нің 1 долларына шаққанда кВтсағ)

  1995 1996 1997 1998 1999 2000
ТМД
Армения 4,35 3,88 3,66 3,28 3,09 3,13
Беларусь 2,36 1,63 1,85 1,54 2,18 2,51
Қазақстан 4,01 2,80 2,35 2,20 2,82 2,81
Қырғызстан 8,24 7,87 7,13 7,07 10,56 ...
Молдова 0,83 0,83 0,78 0,71 0,94 0,70
Ресей 2,55 2,02 1,95 2,98 4,37 3,38
Украина 5,24 4,11 3,55 4,13 5,59 ...
ҰӘлемнің басқа да елдері
Ұлыбритания 0,30 0,29 0,26 0,25 0,25 0,23
Германия 0,22 0,23 0,26 0,26 0,26 0,27
Италия 0,22 0,20 0,22 0,22 ... ...
Канада 0,96 0,94 0,91 0,92 0,88 0,82
Қытай 1,44 1,32 1,26 1,17 1,21 1,22
Республика Корея 0,42 0,44 0,52 0,75 0,66 0,58
АҚШ 0,45 0,44 0,45 0,44 0,42 0,30
Турция 0,51 0,52 0,54 0,54 0,59 0,56
Франция 0,32 0,33 0,36 0,35 0,36 0,38
Япония 0,19 0,21 0,24 0,27 0,24 0,22

Қазақстанда қаржы ресурстары бар, алайда банктер үлкен қауіп-қатер
болуына байланысты операцияларға бара алмайды.
Ашық экономикалы шағын ел болғандықтан, Қазақстан әлемдiк бағаларға
әсер ете алмайды, сондықтан оларды сол қалпында қабылдауға тиiс. Осының
салдарынан ел өз экономикасына пәрмендi ықпал ету құралдарының шектеулi
мөлшерiн ғана қолдана алады. Осыған байланысты экономиканың сыртқы
факторларға дәрменсiздiгiн азайту үшiн елде жоғары технологиялық
өндiрiстердi құру аса өзектi мәселеге айналуда.      Қазақстан
экономикасында 2002 жылы мұн ай және табиғи газ өндiру кезiнде, қаржы
қызметiнде, темекi өнiмдерiн өндiруде ,түстi металдар өндiруде өндiрiлген
капитал мен адам күшін пайдаланудың жоғары тиiмдiлiгi орын алды. Өткiзiлген
өнiмнiң 1 теңгесiне жұмсалған шығындардың төмен деңгейi ауыл
шаруашылығында, химия өнеркәсiбiнде, электр энергиясын, газ және су өндiру
мен бөлуде, құрылыста, сусындарды қоса алғанда тағам өнiмдерiн өндiруде
байқалды.
Салық шегерiмдерiн, өнiм тасымалдауға және жарнамаға жұмсалатын
шығындарды есепке алғанда көптеген салалардың кәсіпорындары залалда қалады.
Жұмысшылардың санын қысқартатын жаңа технологияларды қолдану, өнiмнiң
материал және энергия сыйымдылығын тө мендету кәсiпорынның табыстылығын
жоғарылатудың резервтерi болып табылады.

Кесте-2 - 2002 жылы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы
шығындар деңгейі

  Өткізілген Өнімді¦(жұмыстарды, Өткізілген
өнімнің(жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің)өнімнің 1
қызметтер көрсетулердің)өткізуден түскен кіріс теңгесіне
өзіндік құны шаққандағы
шығындар
деңгейі
  млн. теңге теңге
Барлығы 1970993,6 3211898,1 0,61
Ауыл шаруашылығы,68687,6 75337,2 0,91
аң аулау, орман
шаруашылығы
Кен өндіру 530423,3 1185646,8 0,45
өнеркәсібі
шикі мұнай және 383218,9 973496,2 0,39
табиғи газ өндіру
Өңдеуші өнеркәсіп526538,1 773500,9 0,68
тағам 124053,5 163793,1 0,76
өнімдерін,оның
ішінде усындар
және емекі өндіру
тағам 104989 131017,6 0,80
өнімдерін,оның
ішінде усындар
өндіру
темекі бұйымдарын19064,5 32775,4 0,58
өндіру
мұнай өнімдерін 35920,8 58423,5 0,61
өндіру
ядролық 10071,5 12170,8 0,83
материалдар ндіру
химия өнеркәсібі 14138,2 16582,6 0,85
басқа да металл 21016,9 27411,1 0,77
мес минералдық
німдерді өндіру
қара металл 75957 122015,4 0,62
орытпаларын
өндіру
Түсті металдар 130453 238586 0,55
ндіру
машиналар және 19565,6 24029 0,81
жабдықтар шығару
Электр 159056,9 185563,2 0,86
энергиясын,газ
және су өндіру ен
бөлу
Құрылыс 168742,8 198873,7 0,85
Көлік және 314160,6 476446,8 0,66
айланыс
Қаржы қызметі 2758,6 5790,5 0,48

ІІ Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары және оларды жүзеге
асыру мәселелері
2.1 Стратегияны жүзеге асыру кезеңдері және одан күтілетін нәтижелер
Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-2005
жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады.
      Бiрiншi кезең (2003-2005 жж.) басты түрде дайындық сипатындағы iс-
шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске
асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және
инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк
институттар құру, әәT талдау жүргiзу жөнiнде мамандарды даярлау,
мемлекеттiң қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.
      Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына салық
ауыртпалығын айтарлықтай төмендетуге қатысты өзгерiстер енгiзу,
Қазақстанның Метрикалық конвенцияға қосылуы, Халықаралық электротехникалық
комиссиясына, т.б. кiруi жоспарланады. Осы кезеңде қорларды құруға
көзделген капиталды түзу, Даму Банкiнiң жарғылық капиталын ұлғайту,
жобаларды инвестициялаудың мемлекеттiк жүйесiн айтарлықтай жетiлдiру қажет.
Ғылымды, бiлiмдi дамыту және оны индустриялық-инновациялық дамытуға
бағыттай отырып, кәсiби кадрларды даярлау саласындағы реформаны бастау,
стандарттау мен сертификаттауды жетiлдiру, Қазақстанның ДСҰ-ға кiру
процесiн аяқтау көзделiп отыр. Осы кезеңдегi экономиканың дамуы индикативтi
жоспардың болжамына сәйкес жүргiзiлетiн болады.
      2003-2005 жылдар аралығы болжам бойынша өткен жылдардағы ЖIӨ-нiң
нақты қарқынын ескере отырып, ЖIӨ-нiң екi еселенуiмен байланысты
стратегиялық мақсатқа жету қамтамасыз етiледi. Жоспарлы кезеңде экспорт пен
iшкi тұтынудың дәстүрлi тауарлары және қызметтерi өндiрiсiнiң бiр мезгiлде
сан жағынан өсуiмен қатар өнеркәсiп пен аграрлық секторды қайта жаңғырту,
жұмыстың инвестициялық-құрылыс күллi кезеңiн түбегейлi өзгерiсi есебiнен
экономиканың тұрлаулы дамуын қамтамасыз ету үшiн негiз салыну қажет.
      Орта мерзiм iшiнде ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтiң, бiлiм және
денсаулық сақтау жүйелерiн, құрылымдық-институционалдық дамыту және
мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiне еңбекақы
төлеу жүйесiн, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру, қаржы секторын дамыту
және ырықтандыруды жалғастыру қажет. Тиiмдi инновациялық инфрақұрылымның
негiзi қалануға тиiс. Соңғы жылдардағыдай тауарлар мен қызметтер
өндiрiсiнiң өсуi тау-кен өнеркәсiбiн дамытудың қарқын алу есебiнен, ең
алдымен мұнай мен газ өндiрудi ұлғайту есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
Бұл кезде макроэкономикалық саясат төмен инфляцияны қамтамасыз етуге,
Қазақстан экономикасына тiкелей инвестициялардың келуiне және экспортты
ұлғайтуға ынталандыратын жағдай жасауға бағытталуы тиiс.
     Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын экономиканың
барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық
стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды
құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерiн кешендi
шешуге мүмкiндiк бередi. Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым негiзiнен
қалыптасатын болады. Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк
бюджет пен мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай
бағытта жұмыс iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс iстейтiн
кәсiпорындарды кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын кешендi
түрде шешедi. Бұл ретте iрi, орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi
дамыту қамтамасыз етiледi.
Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып, индустриялық-
инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерiн көредi.
Өнеркәсiптi жаңғыртуға және экономика құрылымын әртараптандыруға
бағытталған көптеген жобаларды iске асыру басталады. Экономиканы
әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге қарамастан экономиканы
дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру және экспорттаудың өсiмi есебiнен
қамтамасыз етiледi. Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЖIӨ
екi еселенуi саласындағы стратегиялық мақсат мұнай мен газды өндiрудi
дамыту қарқынының өсуi есебiнен iске асады.
Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса
өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен
рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер
өндiрiсiнiң және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен
асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру
жүредi.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын ойдағыдай iске асыру
экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негiзiнде елдiң экономикасының ұзақ
мерзiмдi тұрақты өсуiне және өнiмнiң бәсекелес түрлерiн өндiру мен
экспорттың өсiмiне жағдай жасау қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс.
      Ел экономикасында жеке бастамалар басымдыққа ие болады. Барлық рынок
субъектiлерi үшiн тең бәсекелес жағдай жасалады.
      Экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыруда ғылым жетiстiгiн пайдалану
жақсарады, менеджмент және маркетингтiк зерттеулер, өнiмдi стандарттау және
сертификаттау және т.б. салаларда кейiндеп қалуды еңсеру шаралары
қабылданады.
      Инвестициялық және инновациялық жобаларды мемлекеттiң қаржы
ресурстарының қатысуымен қаржыландыру үшiн таңдау бөлiгiнде iрiктеу
рәсiмдерi өзiнiң мақсатқа сәйкестiгi мен ашықтығына ие болады.
      Инвестициялық идеялар мен жобалардың келешегiн айқындау саласында
қазiргi кездегi әдiстер қолданатын, жаңа қаржы институттары құрылады.
      Салық және кеден заңнамалары бәсекелестiктi, қазақстан өнiмдерiнiң
экспортын және елдiң экономикасына инвестициялардың келуiн ынталандыруға
бағытталады. Қазiргi заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық және
өндiрiстiк инфрақұрылымды құру, бiлiктiлiгi жоғары басқарушы, ғалым,
инженер, техник кадрлар мен жұмысшы кадрларын даярлаудың тиiмдi жүйесiн
құру есебiнен инвестициялар, технологиялар трансфертi, ғылыми
жетiстiктермен алмасу үшiн Қазақстанның тартымдылық деңгейi жоғарылайды.
Маңызды құрылымдық өзгерiстер қосылған құны жоғары өнiмнiң жоғары
технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiсiнiң пайдасына жүргiзiледi.
Экспорт елеулi түрде әртараптанады әрi Қазақстанның дайын өнiммен әлемдiк
рынокқа шығуы кеңейе түседi, әлемдiк экономикаға Қазақстан экономикасының
кiрiгуi шикiзат тауарлары ғана емес дайын бұйымдар және инновациялық
қызметтер есебiнен тереңдей түседi.
      Шағын және орта, әсiресе инновациялық бизнестi дамытуда шешушi
бетбұрыс болады. Елде экономиканың нарықтық емес секторларының үлесi күрт
қысқарады. Кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң ашықтығы қамтамасыз
етiледi.
Тәуекелдердiң азаюы өнеркәсiптiң өңдеу секторында инвестициялардың
келуіне қозғау салады, оны шетелдiк инвесторлар үшiн тартымды етедi, осы
секторға қазiргi басқару әдiстерi мен өндiрiстiк технологиялардың тартылуын
ықпал етедi. Қор рыноктарының жұмысының түбегейлi жақсаруы зейнетақы,
сақтандыру, инвестициялық қорлар қаражаты мен халықтың қаражатын
экономиканың нақты секторының инвестициялық ресурстарына тарту күтiледi,
шикiзат секторының кiрiстерiн өңдеушi сектор инвестициялары мен
кiрiстерiне, салааралық капиталға қайта құйылуын өзгертуде айтарлықтай
iлгерiлеу болады.
      Ұсынған тәсiлдер мен шаралар банктер капиталдануының өсуiне және
банктiң кредит тәуекелдерiн кемiтуге әкеледi. Бұл, өз кезегiнде
инвестициялық ресурстарды өсуiне, кредит бойынша ставкаларды 3-4 %-ке дейiн
тө мендетуге, банктiң кредит ресурстарын шағын және орта бизнестiң қол
жеткiзуiн ұлғайтуға қажеттi алғышарттар жасайды. Банк және басқа да қаржы
институттарына деген сенiмдi нығайту салымдардың жалпы өңдеу секторындағы
инвестицияға өзгеру проблемаларын шешедi.
      Инвестициялық ахуалды жақсарту және экономиканы одан әрi ырықтандыру
тұтастай алғанда шетел инвестицияларын тарту мен тауарларды экспорттаудың
өсуіне ғана емес, отандық капиталды шетелге заңды түрде әкетуге және
пайдалы орналастыруға әкеледi.
      Экономиканың салық ауыртпалығын азайту және кәсiпкерлiк қызметтi
қайта реттеу жөнiндегi шараларды iске асыру "ресми" және "көлеңке'
экономиканың ара салмағын елеулi түрде өзгертедi.
      Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу
қарқынын жылына кемiнде 8,8-9,2 % қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен
салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемi шамамен 3,5-3,8 есе өседi. Сонымен
қатар, өңдеу өнеркәсiбiнде орта жылдық өсу қарқыны 8-8,4 % дейiн, 2000
жылмен салыстырғанда 2015 жылы жұмыс өнiмдiлiгiнiң өсiмi кемiнде 3 есе және
ЖIӨ энергияны тұтынуы - 2 eceгe төмендейдi.
      Стратегияны iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен
орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика
құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi. Стратегияны iске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төртінші индустриялдық революция
Үдемелі иновациялық бағдарламадағы жаңа саясат
Қазақстан Республикасындағы индустриялы-инновациялық даму
Экономиканы дамыту шығындары
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі
Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы
Индустриалды даму
Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
Инновация және оны дамытудағы мемлекеттік реттеу
Негізгі экономикалық мәселелер
Пәндер