Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формаларын қолдану



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. ОЙЫННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Ойын, оның маңызы мен жаңа модульдік технологияда алатын орны ... ...6
1.2 Ойын мақсатын талдау және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Іскерлік ойындар . оқу.тәрбие үрдісінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОЙЫН ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке белсенділіктері мен танымдық қызығушылықтарын дамытуға ойын іс.әрекетінің ықпалы ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс.әрекеті арќылы жеке белсенділіктерін және танымдық қызығушылықтарын дамыту мєселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
IIІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.1 Еңбекке баулу сабақтарында балалардың танымдық іс.әрекетін ойын арқылы ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.2 Еңбекке баулу сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың жеке белсенділіктері мен танымдық қызығушылықтарын ойын іс.әрекетінде дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
ҚОСЫМША
Бүгінгі күнін жаңару бағыты бала тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда болуы көзделініп отыр. Әр қазақ халқының азаматы ұлттық өмірге немқұрайлы қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрып салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, елін, жұртын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында қазақстан республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту әсіресе балалардың отбасындағы тәрбиесін жетілдіру болып табылады. Бұл жөнінде Республикамызда көптеген мемлекеттік құжаттар жарияланды. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Миниетрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында (Ақпан, 2003) былай да жазылды:
«Бүгінгі танда деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктіләігін іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.»
Міне осы тұрғыдан алып қарағанда біздің ғылыми жұмысымыздың мақсаты: қоғамға жан-жақты білімді, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлға қажеттілігін іздеп, іске асыру, ғылыми жолмен таадау, дайындау, оқу тарбие жұмысы жақсарту, жаңарту. Тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан XII ғасырдың басына дейін педагогика философияның бір бөлігі ретінде қарастырылып келді. Шынында, осьт күннін өзінде де атақты философтардың қай-қайсысын да тәрбие мәселесін айналып өтпейді, осының өзі педагогикалық проблемалардың қоғам мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Астана, 2000.
2. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының оқу бағдарламалары. (1-4 сыныптар). Алматы, 1998.
3. Бастауыш білім мазмұнының тұжырымдамасы. Алматы, 1990.
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы 2002
5. Сластенин В.А., Баранов С.П., Болотина Л.Р. Педагогика. Москва. Просвещение 1987.
6. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников. Москва. Просвещение 1988.
7. Богданова О.Ц., Петрова В.И. Бастауыш кластардағы тәрбие жұмысының методикасы. Алматы. Мектеп. 1981.
8. Әбиев Ж.А., Бабаев С.Б., Құдиярова А. Педагогика. Алматы. Дарын 2004.
9. Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері. Алматы. Кітап. 2002.
10. Обучение в 1 классе. Пособие для учителей четырехлетней начальной школы в двух книгах. (Под. Рук. О.Н.Сороцской) Москва. Просвещение. 1988.
11. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. Ана тілі. 1992.
12. Я.А.Каменский, Д.Локк, Ж.-Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци. Педагогическое наследие. Москва. Педагогика. 1987.
13. Сабыров Т.С. Балалардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы. Мектеп. 1988.
14. Сабыров Т.С. Оқыту теориясының негіздері. Педагогикалық колледжілер мен училищелерге арналған дидактикалық оқу құралы. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1993.
15. Сатқанов О.Ц. Еңбекке баулу әдістемесі. Алматы. Рауан, 1993.
16. Шмекеев Г.М. Еңбекке баулу оқыту әдістемесі. Алматы. Атамұра, 1999.
17. Машинистов В.Г. Дидактический материал по трудовому обучению. 2 кл. Москва. Просвещение, 1989.
18. Трудовое обучение в начальных классах.(Мұғалімдерге арналған құралдар, құрастырушылар: И.Г.Майорова, В.И.Романина, Д.М.Тарнопольский, А.М.Гусакова). Москва. Просвещение, 1983.
19. Цейтлин Н.Е., Рожнев Я.А. Наблюдение и опыты на уроках труда в начальных классах. Москва. Просвещение, 1980.
20. Төленбаев Н.Е., Рожнев Я.А. Наблюдения и опыты на уроках труда в начальных классах. Москва. Просвещение, 1980.
21. Қазақ оюы (Құрастырған Ж.Ш.Баримбеков). Алматы. Өнер, 1986.
22. Педагогикалық ізденіс. Алматы. Мектеп, 1989.
23. Құғланбаева Ә. Технология пәнін жаңаша оқыту әдістері. (Мектептегі технология журналы. №9. 2003).
24. Қоянбекова С. Танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері. (Қазақстан мектебі, №7, 2003).
25. Ахметжанова А. Балалардың қызығушылығын арттыру жолдары. (Бастауыш мектеп, №1, 2004).
26. Жұмабекова Ф.Н., Ойшыбаева А.А. Құрастыру және қол еңбегі: Дидактикалық материалдар. 6-7 жастағы балаларға арналған. Алматы Кітап. 2003.
27. Джексон Д. Поделки из бумаги. Книга для учащихся. (Перевод с англ. С.В.Григорьевой). Москва. Просвещение, 1979.
28. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
29. Айтмамбетова Б, Жаңашыл педагогтар идсялары ментәжірибелері. 1991.
30. Айтмамбетова Б., Бозжатюва Қ. т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985-
31. Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А, 1991,
32. Айғабылова Н. Бала мінезінін қалыптасуы жөие оқы тәрбиелеу жолдары. -Алматы, Өнер. 1972.
33. Ахметов Ж. Балаларды мәлениеттілікке тәрбиелеу жолдары. /Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан, 1994,
34. Алмәканова X. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру /Методикалық нұСҚАу. А., 1990.
35. Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А. Мектеп, 1973.
36. Әбенбаев С. Оқуигы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. –А. 1992.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Ойынның педагогикалық маңызы және оқу үрдісіндегі
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..6
1.1 Ойын, оның маңызы мен жаңа модульдік технологияда алатын орны ... ...6
1.2 Ойын мақсатын талдау және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Іскерлік ойындар – оқу-тәрбие
үрдісінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...11
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі
ойын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке белсенділіктері мен танымдық
қызығушылықтарын дамытуға ойын іс-әрекетінің
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... 2 2
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті арќылы
жеке белсенділіктерін және танымдық қызығушылықтарын
дамыту
мєселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
IIІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке баулу сабақтарында ойын
арқылы белсенділіктерін және танымдық қызығушылықтарын дамытудың
әдістемелік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 49
3.1 Еңбекке баулу сабақтарында балалардың танымдық іс-әрекетін
ойын арқылы
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..49
3.2 Еңбекке баулу сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың
жеке белсенділіктері мен танымдық қызығушылықтарын ойын іс-
әрекетінде дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 65
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..67
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Бүгінгі күнін жаңару бағыты бала тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет-
ғұрып, салт-дәстүрді халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда болуы
көзделініп отыр. Әр қазақ халқының азаматы ұлттық өмірге немқұрайлы
қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық
меңгерген, тарихын, әдет-ғұрып салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие,
адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, елін, жұртын сүйетін азамат болып
өсуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында қазақстан
республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып,
жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту әсіресе
балалардың отбасындағы тәрбиесін жетілдіру болып табылады. Бұл жөнінде
Республикамызда көптеген мемлекеттік құжаттар жарияланды. Қазақстан
Республикасының Білім және Ғылым Миниетрлігінің тәлім-тәрбие
тұжырымдамасында (Ақпан, 2003) былай да жазылды:
Бүгінгі танда деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани
байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен
қатар әр адамның кәсіби біліктіләігін іскерлігін арттыру әділетті қоғамның
міндеті болып табылады.
Міне осы тұрғыдан алып қарағанда біздің ғылыми жұмысымыздың мақсаты:
қоғамға жан-жақты білімді, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлға қажеттілігін
іздеп, іске асыру, ғылыми жолмен таадау, дайындау, оқу тарбие жұмысы
жақсарту, жаңарту. Тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан XII
ғасырдың басына дейін педагогика философияның бір бөлігі ретінде
қарастырылып келді. Шынында, осьт күннін өзінде де атақты философтардың қай-
қайсысын да тәрбие мәселесін айналып өтпейді, осының өзі педагогикалық
проблемалардың қоғам мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.
Бүгінгі тандағы оқу үрдісінің тәрбиемен бірлігін ескерсек, оқыту
мерекесінде тәрбие формалары қоаданудың теориялық негізделеу мен қазіргі
қоадануы арасындағы қайшылық зерттеуіміздің тақырыбын: Мектеп жасына
дейінгі балалардыңгі оқу үрдісінде тәрбие формалырын қоадану деп
таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негізі мен әдістемесін негіздеу.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие ойын үрдісі
Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы тәрбие
процесі.
Зерттеу міндеттері:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
формалары мен түрлерін анықтау.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы тәрбие процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқу-тәрбие процесінде балаларды тәрбиелеуге
тиімді болар еді, егер де оқыту үрдісінде тәрбиелеу формаларын пайдаланудың
ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалса, мазмұны мен әдістемесі ғылыми-
әдістемелік құраадар, бағдарламамен қамтамасыз етілсе және тәрбие әдістерін
ұштастырып, тиімді коадану арқылы жүзеге асырылса ғана, онда балаларды
қоғам сұранысына сәйкес тәрбиелеу нәтижелі болады.
Зерттеу міндеттері:
Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
формалары мен түрлерін айқындау;
- зерттеу нәтижесінде негізделген ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау
және оның тиімділігін тәжірибеде айқындау.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: оқу, тәрбие заңдылықтары тәрбие,
тәрбие жұмыстары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық
теориялар ңегізге алынды.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық және
әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан таңдау, жинақтау,
қорыту, тәжірибелік-экспериментті өткізу барысында сауалнама, салыстыру,
даму деңгейінің сапалық, сандық деректерін білуде өңдеу әдістерін қолдану.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие жұмысының басты формаларының
ғылыми-теориялық негіздері айқындалды;
- мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
тиімді әдіс-тәсілдері мен жоадары нақтыданды;
- зерттеу мәселесінің әдістемссі анықталды.
І. Ойынның педагогикалық маңызы және оқу үрдісіндегі
сипаты
1.1 Ойын, оның маңызы мен жаңа модульдік технологияда алатын орны

Ойынның педагогикада, оқыту процесінде алатын орны Платон
заманынан белгілі болған. Ойынның оқу процесіндегі маңыздылығы
жөнІнде Я.А.Коменский былай деген екен: "Мектепке - ойынға
асыққандай" бар, ол сондай ғанибет". Ал XVIII ғасырда Ж.Ж.Руссо мен
И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек
деп түсіндірген.
Ойынның теориясы мен маңыздылығы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт та өз
үлестерін қосқан. Тәрбиеде жөне оқыту барысында ойынның өз алатын орнын
В.А.Сухомлинскнй, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская да атап керсеткен.
Сабақ барысында ойынның басты мақсаты - білім беруді ойынмен
ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да
әрекеттерін айқындайды.
Ойын дегеніміз не? Бір қарағанда ол қарапайым құбылыс не әрекет
іспетті. Ойын міндетгі түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері
ойнаушылардың іс-әрекеттсрімеи байланысты. Ойыінның өз деңгейінде
өтуі, ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген
сыйластық кажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен
туындайды. Ойынның басты шарты - жеңіске жету болса да, әр ойыншы өз
қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті
дамиды, сөздік қоры баийды. Ойынның негізгі мақсаты – баланы
қызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материалды берік' меңгерту. Сондай-
ақ ойын үстінде балалардың ойлау қабілеті, назары, байқампаздық әрекеті,
зейіні жетіледі. Балалардың тілін дамытып, ойын жүйелі айта білуге үйрету
- мұғалімнің басты парызы. Ойын үстінде балалардың түрлі қасиеттері дамып,
қабілеті мен белсенділігі ататынын көрнекті педагог А.С.Макаренко кезінде
де атап көрсеткен.
Педагогикалық процесті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық
ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт,
күнделікті негізгі іс-әрекет және оның жеке өмірі деп дәделдеген.
Н.Кұжанованың айтуы бойынша ойында әдептілік, тәрбиелік, мақсатта пайдалану
- баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің
талаптарына сай бейімделуі басты педагогакалық мақсаттар. Ойындар баланың
қисынды ойлау қабілетін және қиялдау (жақсы мағынада) қабілеттерін дамытуға
жетелейді. Ғалым "Бала ойында шынығып, "жұмыс жасап", өсіп жетіледі. Оның
ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артадьг", - деп атап
көрсеткен. Сол сияқты бала өміріндегі ойынның алатын маңызды орны туралы
педагог М.Жұмабаевта өз көзқарасын қалдырған. Ойын - бала үшін өмірлік
тәжірибе. Ойын барысында бала өзін қоршаған орта туралы алған білімін
пайдаланады. Ойын кезінде - бала терең әсер алып, үлкен белсенділік
көрсетіп, қисынды ойлау қабілеті күшейеді, ойынды баланың тілін дамыту үшін
де пайдалану керек деп баса айтқан.
Ойын – баланың рухани дамуының негізі, - деп Ж.Пиаже, К.Левин,
Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко,
С.А.Шмаков өз еңбектерінде атап айтқан.
Ал С.А.Шмаков өз монографиясында ойынды екі жақты қарауға болады
деген. Бірінші - ойын ересектерге еліктеу болса, екінші - ол қуаныштың,
сергектіктің, ширақтылықтың, өмірдің жоғары әуезділігінің негізі болады”,-
деген.
Сонымен педагогикалық процесте ойын арқылы балалардың білімі мен
бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері
зерттелген. Енді осы мүмкіндіктерді бүгінгі педагогикада үлкен орын алып
отырған модулъдік жүйемен ұштастыру ғылыми тұрғыдан қаралмай
отырған мәселе. Ал модульдік жүйеде балалар арасындағы еркін қарым-
қатынас жасап, сабақ барысында сайысты ұйымдастыру арқылы ойынның
барлық тиімді мүмкілдіктерін қолданса, сынып балаларының оқу
нәтижесін арттырар еді. Әсіресе, орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда
барлық балалардың тіл игеруде модульдік технологияны ойын
әдістерімен ұштастыру кезегі күттірмейтін проблемаға айналады. Өйткені,
жаңа технология - оқыту процесін жетілдіруге, балалардың белсенділігін
арттыруға комектеседі.
Ойын әдістерін - қолдану дәстүрлі сабақтар мен жаңа технология
әдістерімен сабақ жүргізуде өз тиесілі орын алады. Модульдік технология
жүйелі түрде, терең білім алудың бірден-бір бүгінгі күнгі нәтижеяі оқыту
формасы болса, соның өзінде де ойындарды қолдану өз нәтижелерін керсетеді.
Модульдік технология жүйесінде ойындар келесі түрге бөлінеді: еліктегіш,
проблемалық, сюжеттік, ситуациялық, шығармашылық, рөлдік, шартты рәлдік,
іскерлік, өндірістік, формальдық, ұжымдық, сайыстық, нәтижелік.
Модульдік технологияның өзіде әр топ мүмкіндіктерін ескереді, ал оның
нәтижелілігін арттыру үшін ойын әдісі балалардың сабақ барысында еркіндігін
шыңдайды. В.М.Кларин өз еңбектерінде ойын модельдерін мынадай бөліктсрге
бөлген:
1. Ұғым (нені қатыстыру қажет?)
2. Оқу процесін ұйымдастыру моделі (қалай атауға болады?).
3. Оқу процесін қйымдастырудың технологияық тэсілдері (қалай КҮРУ
керек?)
4. Оқу процесіндегі ойынның нәтижесі (қалай бағалау керек?)
5. Оқу процесіне қолайлы ойындардың белгілері (қалай айыру керек?).
Бұл әдісті қолданудың өз ерекшеліктері бар ойын барысында мұғалім
тек жетекшілік жасап, керісінше, бағыт сілгеуші ғана болады. Ал оқушы сол
ситуациядан қалай шығу жолын өз білімімен, көзқарасымен, қоршаған ортадан
алған тәлім-тәрбиемен саралай отырып, ойынның терең әсер алып, жеңімпаз
болуға тырысады. Ойын барысында балалар өз мүмкіндіктеріне қарай үш
деңгейге бөлінеді. Олардың әрқайсысының тіл игеруін жетілдіру мақсатында
берілетін бөлінеді. Олардың әрқайсысының тіл игеруін жетілдіру мақсатында
берілетін ойындардағы тапсырмаларды дараланады. Сөйтіп, педагогикалық
дифференциация принципі қолданады. Ойынға сыныптағы модульдің I, II, III
деңгейдегі тапсырмаларды орындайтын барлық балалар түгел қатысады. Ойынның
дұрыс жауабы I деңгейдегі тапсырма орындаған баланың меншігінде болады. Ол
оқушы өз сыныптастарының жауаптарын тексеруге көмек жасаса, мұғалім барлық
ойын барысында жетекшілік жасап отырады, орындалған жұмыстарды
тексеріп, қорытынды жасайды.
Ойындардың қажеттісін іріктеп ала білу - ұстаз шеберлігіне
байланысты. Балалар тәрбие үйлерінде сөздік ойындардың алатын орны
ерекше. Сондықтан барлық сабақтарда сөздік ойындарын қолдануға
болады. Сондай ойындардың бірі - "Керекті сөзді - тауып айт". Ойынның
мақсаты - ойлау қабілетін дамыту, қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға
жаттықтыру. балаларға ойын тәртібі жете түсіндіріледі. Содан кейін
басқарушы "Киім" дейді. балалар киімдерді атау керек. Ал басқарушы
көкөніс, жеміс, оқу құралдары, ойыншықтар, адамның дене мүшелері және
тағы басқа атауларды атаса, балалар сол топқа жататын заттарды, атауларды
атауға тиіс.
Қазақ тіліндегі сөздерді балалардың есіне берік бекітіп, меңгерту
мақсатында-ойынды сайыс түрінде "Кім тез, шапшаң? Деген девизбен
өткізуге болады. Бұндай ойындар сайыстарға тән шарт бойынша
балалардың терең теориялық білімі және шапшаңдық, жігерлілік қасиеттері
болғанын талап етеді. Сайыс барасында эмоционалдық деңгей,
матсриалдың есте берік қалуына әсер етеді.
Сабақ барысында алған білімдерін балалар практика жүзінде қолдану
дағдыларын қалыптастыру үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше.
Сабақта тиімді қолданылған ойын балалардың грамматиканы толық
меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік берсді. балаларды өз
беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ойланғыштық, ізденімпаздық
қабілеттерія дамытады. Грамматикалық ойындардың өзіндік ерекшеліктері
бар. Бұл ойын әр түрлі ситуациялар арқылы жүзеге асады.
1.2 Ойын мақсатын талдау және оның мәні

Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып
қолд.анылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруге, өткенді қайталауға, пысықтау
сабақтарында пайдаланады. балаларды өз бетінше шығармашылық ізденіспен
жұмыс жүргізуге үйретуде, қазақша тілін дамытуда грамматикалық лото ойыны
балаларды сөйлем мүшелерініц орналасу төртібін, құрылысы меңгеруге
дағдыландырды. Ал рөлдік ойындарды сабақта қолдану үшін мұғалім жете
дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін терең
ойластыруы керек. Олар:
а) қажетті лексика;
б) ойынның мақсаты мен шарты;
в) ойынға қажетті заттардың өзі немесе суреттері әзірленеді.
Рөлдік ойындар сабақтың қалыптасқан дәстүрін өзгсртеді. Мұғалімнің
де ұйымдастырушы ретіндегі орны анықталып, кәсібі беделі артады.
Ситуациялық ойындарға әр түрлі тақырыптар алынады. Бұл ойынның
басты мақсаты - балаларды әр түрлі ситуацияларда өздерінің білімдерін
сынау, қисындық ойлау, қабілетін дамыту, өз көзқарастарын білдіру, қиын
сәттерден шығу мүмкіндіктерін байқатады, тіл байлығын дамытады.
Балалардың грамматикалық дағдысын қалыптастырып, қазақша тілін
дамытуда халық ойыны санамақ, жаңылтпаш, мақалдарды ұтымды пайдалануға
болады. Сол сияқты қазақтың ұлттық ойындары "Бәйге", "Қыз қуу", "Қоржын",
"Қанталапай" ойындарын салт-ғұрыпқа байланыстырып, мағынасын, мазмұнын жете
түсіндіріп, түрлендіріп қызықты өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты,
баланың ақыл-ойының дамуына, сәздік қорының баюына, қисынды ойлау
қабілетінің дамуына қазақ халық педагогикасының қоржынына 660 жұмбақ,
жаңылтпаш, санамақтар бар. Осы барымызды баланың психологиясына, жас
шамасына және жеке басының ерекшеліктерімен санаса отырып оқу процесінде
ойындарды шебер пайдалану әрбір мұғалімнің үлесінде.
1.3 Іскерлік ойындар – оқу-тәрбие үрдісінде

Сонымен, оқыту процесіне кеңінен еніп келетін модульдік технологияны
шыңдай түсу үшін, балалардың білім сапасын арттыруда жеке қабілеттеріне
әсер етер, жас ерекшелігіне тән ойын әдісін қолдану арқылы сапасын арттыру
мүмкіндігін кең пайдалану қажет.
Жоғары білім беру мәселесі қоғамды дамытуда, ұдайы өндірісте, ақыл-ой,
шығармашылық қабілетті жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Жеке адамның
дамуының қозғаушы күші экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге,
құбылыстар мен дәйектерді талдай білуге, шығармашылық түрде ойланып, тез
арада шешім қабылдауға үйрету - өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, жоғары
оқу орнында болашақ мамандарды сапалы даярлау үшін білім беру жүйесінде
ғылым мен тәжірибенің ұштасу үрдісінде тарихи түрде қалыптасқан көптеген
дестүрлі қарама-қайшылықтарды шешуге тура келеді. Жалпы оқу-тәрбие жұмысын
тиімді ету " балалардың оқу-таным әрекетін белсендіру, оқуды ғылыми негізде
ұйымдастыру, оқытушылардың ғылыми-педагогикалыкқ қызметін ғыдыми негізде
ұйымдастыру жәнө студенттер мен оқытушының ғылыми қызметінің ықпалды
бірігуі, сондай-ақ жеке адамның белсенді қалыптасуы жоғары мектептің ғылыми-
әдістемелік негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Белсенді оқыту әдістеріне жататын іскерлік ойьшдар: рөлдерді ойнап
көрсету, белгілі жағдайды талдау, бағдарламалы белсенді оқыту, ойындарды
жобалау, мәселелі дәрістер, талқылаулар, тәжірибе алмасу тағы басқалар.
Ғылыми-педагогикалық әдебиегте көптегеи нақтылы ойындар ойындарды өңдеу
деген жалпы терминмен белгіленеді. Осы мәселенің манызы бар, себебі,
тарихта логиканы дамьггу іскерлік ойындарды қоғамдық ғылымдарда кең
қолданудың артықшылығы мен кемшілігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттерді талдап қарасақ, алғаш рет іскерлік - ойындар XX
ғасырдың ортасында экономикалық факультеттің студентгеріне ұсынылған.
Бірақ, бұл шындыңқа жанаспайды, себебі, алғашқы ойын 1932 жылы 23-
шілдеде КСРО-да Ленинградтағы инженерлік-экономикалық институтында
еткізіліп анықталып отыр. Қазіргі уақытта жеткілікті негізделген белгілі
бір ойын теориясы мен математикалық зерттеу әдісі сәйкестендірілген
жинақтар бар.
Америка мектептеріне өңделген оқытулар 1960-1970 жылдары еніп, содан
кейін жоғары мектептерде қолданыла бастаған. Қазіргі уақытта ТМД-да
іскерлік ойындар, негізінен, білім көтеру жүйесінде және Мәскеудің, Санкт-
Петербургтің, Киевтің, Новосибирскінің бірқатар жоғары мектептеріңде
қолданылып жүр. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің пікірінше, оқу
үрдісінде ойынды қолдану оқытуды мәселемен жақындату нәтижесін көрсететінін
байқауға боләды.
Оқыту аудиториясын сыртқы ортадан бөліп қарау студенттерді болашақ
мамандыққа даярлауда оқытушыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Алайда,
ойындар мен өңдеулерді іске асыруда студенттер нақтылы өмірдің элемент
негіздерін өз тәжірибелерінде сынайды. Ойындар жорамалданған жағдайда
қоршаған ортада баламалы механизмді құруды, парасатты жеке тәжірибе
жинақтауды, нақтылы қатысуды қажет етеді. Студенттер ойын кезінде өз
көзқарасын, өз пікірін қорғауға дайын болады. Б, Блуэт пен
Д,БаквольтердІң пікірі бойьшша, ойын оқытушы мен студенттің кең ауқымда тең
араласуына, тіл табысуына мүмкіндік жасайды. Сонымед бірге ойындар
адамдардың ойын белгілі жүйеге келтіреді.
Сезім дамуының маңыздылығы туралы (ағылшын тілінен орысшаға сөзбе-сөз
аударғанда - вчувсгвование) америкалық оқытушылар В.Роджерс пен А. Гудданд
өз зерттеулерінде жиі айтады. Өйткені балалар ойындарды өздері өңдесе,
онда олар оқу материалдарын әдеттегі оқу-таным әдістеріне қарағанда,
ынтамен тереңірек үңіліп оқиды және оларды зсрттеу арқылы дағдылану
әрекеттерін дамытады. Ең бастысы – ойындар мен өндеулер балалардың көңілін
өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік
бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д. Б. Элькониннің сөзімен айтсақ: Ойын
- ол адамдардың арасындағы әлеуметтікік ара-қатынас, практикалық біілімдері
жөне кызметі Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық
авторлар мыналарды жатқызады;
- ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға
мүмкіндік береді;
- ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз
(біз бұл көзқараспен келіспейміз);
- ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін
және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен
құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламалы шешім
қабылдауға, тәкекелге бел байлауға үйретеді;
- ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай
арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының рөлін ойнап, бірін-бірі белгілі
бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі
мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Сонымен, іскерік ойындары ойынға қатысушыларға қиын мәселелерді
басқаларға қарап тұрмай, өздернің шешуіне кепілдік береді. Олай
дейтініміз, өндеулер мен ойындар арқылы балалар өздерінің не істегендерін
байқайды, жетістіктерін көздерімен көреді, уақытын дұрыс пайдаланады.
Өңдеулер мен ойындар, сондай-ақ, кейбір студенттер ұнатпайтын оқу пәндерін
де қанағаттандырады, біріне-бірі көңіл бөліп, өздерін басқаның орнына
қойып үйренеді. Өңдеулер мен ойындар икемді мақсаты мен құрылымына
байланысты қиындатылады. Ойындар өздерінің аяқталу үрдісіне байланысты
амбивалентті {егер бүгінгі ойынның саны 1:1 ойынға қатысушының біреуіне
тиімді болса, келесі күні 0:0 болады, ойын өте ыңғайлы, кез келген жерде
кез келген уақытта ойнауға болады). Бұл көптеген
авторлардың пікірімен сәйкес. В.Ф.Коморовтың пікірінше, оқу үрдісінде
ойынды қолдану балалардың даму қабілетін арттырады, мәселеге ғылыми негізде
жақындатады, ал ойынды өткізу ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады. Алайда,
ойындар мен өңдеулердің артықшылығымен қатар кемшілігі де бар. Өзіміздің
және американдық авторлардың пікірімен санассақ, мына деректі естен
шығармау керек, ойын кезінде оқытушы өзінің
беделін жоғалтып, тек ойынды ұйымдастырып және бағыттап отырады. Сонымен
бірге, ойындар мен өңдеулер студент назарын екінші сатыдағы дағдыға
аударып, негізгі дағды шет қалып қояды, яғни, ойындар оқып зерттеуден сырт
қалады. Кейде ойындар мен өңдеулер әдеттегі оқуға қарағанда қолайсыз болып
келеді. Кей жағдайда оқытушылар ойынның бар екенін білмейді. Ойындар мен
өндеулер құрал-жабдыққа, материалға байланысты қымбатқа түсіп, артық жүріс
пен бос айқайға
әкеліп, оқытушылар үшін қолайсыздық гуғызады. Сондай-ақ көптеген ойындар
жоғары денгейде өңделмегені сол себепті оны қолдану қиындыққа әкеледі.
Тіпті, кейде баламалы оқыту түрі сияқты ойындар ойынға қатысушыларға
ұнамауы мүмкін, ойынға белгілі бір студенттер саны ғана қатысып, қалғаны
сыртта қалып қоюы да ғажап емес. Сондықтан да белгілі мақсатқа ғана
сәйкестендірілген ойындар мен өңдеулерді әркім өзінше құруы қажет.
Енді осы жерде К.Эриксон мен М.Эриксон он зерттеулерінің нәтижесіне
сүйеніп көрелік. Экспериментке 174 ер бада мен 330 қыз бала қатыстырылған.
Бес дәрістік топтың әрқайсысында 100 студенттен бар. Оларға 35 баптан
тұратын сауалнама таратылған. Сол сауалнамалар арқылы ойындар мен
өңдеулерді дәрістерде қолданғанда олар алған әсерлерін сипаттаған. Нәтижеде
әрбір топта бір оқытушы 13 ойын мен 8 өндеу өткізіп, дәріс
уақытының 25 пайызын жұмсаған.Міне, осы сұрақ-жауаптардың
нәтижелері төмендегідей.
1. балалардың 21 пайызы үздіксіз деректерден гөрі ойындар мен
өңдеулер қолданғал дәрістер жақсы деп, ал 65 пайызы керісінше жауап берген.

2. балалардың 91 пайызы ойындар мен өндеулер дәрісте жағымды ахуал
туғызады деп шешкен.
3. балалардың 81 пайызы ойындар мен өндеулер дәріс уақытын тиімд
іпайдалануға қолайлы дейді.
4. балалардың 74 пайызы ойындар мен ендеулер өз пікіріңді ашық айтуға
мүмкіндік беретінін алға тартады.
5. балалардың 58 пайызы ойындар мен өңдеулер оқу мен өмірдің
арасындағы алшақтықты жоятынын айтқан.
6. балалардың 68 пайызы онындар мен өңдеулер өздерін бағалауға
мүмкіндік беретініне күмән келтірмейді.
7. 66 пайызы өмірді түсінуге көзқарасымыз өзгереді деп жауап берген.
Осы жасалған талдаудан байқағанымыз: балалардың үштен екісі оқу
пәндерінде ойындар мен өңдеулердің болғанын қалайды, Сонымен жоғары
мектептерде ойынды қолданудың мақсатын педагогтер былайша белгілейді:
- оқу пәнінің мақсаты мен тұжырымдамасын нақтылы мысал келтіру арқылы
түсіндіру;
- балалардың оқу үрдісінде белсенді болуына мүмкіндік жасау;
- жеке ойынға қатысушының өсуін жеңілдету;
- ақиқатты зерттеуге және бір-бірімен белсенді араласуға үйрету.
Демек, ойындар мен өндеулерді оқу үрдісінде қолданудың білім беру,
тәрбиелеу және дамыту сипаты бар.
Қазіргі күрделі жағдайларға байланысты біздің елімізде міндетті түрде
жастарға тәрбие беру мәселесі тұру керек. Белгіленген пәні арқылы ойын
әдісін пайдалана отырып, бұл мақсаттарға тез жетуге болады. Мәселен, ойын
сабақтары кезіндс балалар әр түрлі рөлде ойнау арқылы өз ойларын ортаға
салуға үйренеді. Ділгірлік мәселелерді әр түрлі қызметкерлер немесе
кейіпкерлер кейпінде шешуге қатысады. Ойынға қатысқандар бірнеше топқа
бөлінеді. Бірі ортаға әр түрлі мәселелерді тартады, ал екінші топ оның шешу
жолдарын қарастырады. Сонда ғана ойын қызықты өтеді.
Рөлдерді ойнау әдісі, көбінесе, теориялық және сарамандық
міндеттерді шешкенде тиімді. Оның негізгі шарттары мына төмендегілер: -
күрделі теориялық және іс жүзіндік мәселелердің белгілі болуы;
- ойынға қатысушы әр түрлі қызмет мамандары көзқарастарының
бірдей болмауы;
- пікірсайыс арқылы сабаққа қатысқандардың бір-бірімен
сұхбаттасуы;
- талқылаудың нәтижесін бағалау және қорытындысын шығару.
Ал, енді іскерлік ойындарға келсек, олардың негізгі
ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- мамандардың іс-әрекеттерін моделдеу;
- балаларды рөлдерге бөлу;
- ойнаушы топтың жалпы мақсатының болуы;
- қатысушылардың әр түрлі көзқарастары;
- іскерлік ойынға қатысушылардың іс-әрекеттерінің нәтижесін
бағалаудың ақиқаттылығы.
Мекгеп бағдарламасында балаларды белгілі бір мамандыққа оқыту
қарастырылмаған, бірақ көп тақырыптары түрлі мәселелерге байланысты.
Сондықтан ойын түрінде әлеуметтік іс-әрекеттерді моделдеуге болады. Сонда
бір уақытта оқытуды да және тәрбие мәселесін де шеше аламыз.
Мектеп жағдайында ойын түрінде сабақтың жай түрін өткізуге болады.
Ойын түріндегі сабақтың құрылымы бірнеше сатыдан тұрады:
- ойынды өткізуге қойылатын талаптарды белгілеу;
- өткізудің жоспарын құру;
- ойынның сценариін жазу;
- ойынға қажетті мәліметтерді жинақтау;
- дидактикалық материалдарды іріктеп, ойыншылар мен жүргізушілерге
нұсқау қағазын дайындау;
- ойынға қатысушы әрбір ойыншының іс-әрекетінің нәтижесін бағалаудың
әдістерін ойластыру.
Балалардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт
болып есептеледі. Жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі
қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың
электрондық, атомдық,космостық деп аталып жатуының өзі адамның ақыл-ойының,
санасының жетілгендігінің нәтижесі, бір сөзбен айтқанда, осының бәрі адам
шығармашылығы жетістіктерінің көрінісі. Сондықтан балалардың оқу үрдісінде
жан-жақты дамуын жүзеге асыру, білім алу кезіндегі шығармашылық белсендігі,
өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп өмірінде үнемі
басты мәселенің бірі болып қала береді.
Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің
жемістілігін
Жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдық үрдістерін жетілдірудің,
әлеуметтендіру мен жан-жақты тәрбиелеудің көрсеткіші ретінде бағаланатын
оқу үрдісінде балалардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып ойын
әрекеттеррін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.

Ойын бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы
педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала
ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа
түседі, таным түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын
аударғанымен , тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана ойын арқылы зерттеу пәніне
айналды. К.Гроосқа дейінгі итальян оқымыстысы
Д. Колонна балалар ойыны туралы материалдарды жүйеге келтіріп, ойынның
педагогикалық, психологиялық маңызын ашуға әрекет жасады. Ал ғалым-
психологтер К.Гроос, Э.Клапаред, А.Диваев, Р.Гаупп, Н.Виноградов,
В.Вахтерев және тағы басқалар ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін
көтеріп, іс-әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық
негізін ашты.
Ойын мәселесінің кең, жан-жақты, салалы зерттелуіне, ойынды
топтастыру, жүйеге келтіру, жинақтау,, дамыту, ойын түрлері, технологиясы,
әдістері көптеген ғылым саласында: әлеуметтік, этнопедагогикалық,
философиялық, педагогикалық , психологиялық, дидактикалық және тағы басқа
тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, әлі толық шешімін таппаған.
Сондықтан бүгін ойын әрекеті түрлерінің бірі – іскерлік ойындарға, оның
педагогикалық мәніне, жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастырудаға
мүмкіндіктері жайлы тоқтала кетпекпіз.
Кеңес Одағында іскерлік ойындар алғаш рет әлеуметтік – экономикалық
міндеттерді шешу үшін қолданылды. 1932 жылы Ленинград инженерлік-
экономикалық институтында М.Бирштейннің басшылық етуімен Лигов машина
зауытының іске қосылуын көрсету үшін іскерлік ойыны өткізілді.
Бұдан кейін іскерлік ойындар 1950 жылдары экономикалық қатынастар,
1960 жылдары басқару және пдагогика саласында тарады. Ол ойын түрлері
Н.Грейф, Р.Уорфорд, Г.Шедровский еңбектерінде дамыды.
Г.Шедровский анықтамасына сәйкес іскерлік ойындарды төмендегідей
тұрғыдан түсінген жөн:
а) қоршаған отаға ерекше қатынас (әрбір ойынға қатысушы оның нақты
ортадан басқа арманына сәйкес қиял ортасы қатар өмір сүреді. Осы жағдай
жеке тұлға үшін қызығу мен ойын құндылығын туғызады);
ә) ойыға қатысушылардың субъективті іс-әрекеті (әрбір ойынға
қатысушы өзінің білімділігін көрсету үшін ең жағымды жағдай қамтамасыз
етіледі. Ойыншының өз Менін тек қана ойын жағдайында ғана емес, сонымен
қатар тұлғалар арасындағы қатынастардың барлық жүйелерінде көрсетуге
мүмкіндік береді);
б) іс-әрекеттің тапсырма түрінде берілуі (ойынның енжарлық
күйде емес, белсенді қатынас негізінде жеңісті, ұтыс бағытында ойлануы);
в) түсінудің ерекше мазмұндылығы (ойнға қатысушыларда
теориялық, әдістемелік тәжірибелік білім мен дағды қалыпты жағдайда
қабылдануымен, көлемді ақпаратты есте сақтауға мәжбүр етпейтіндігімен
анықталады);
г) өмірді ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық түрі (ойын
үрдісінде әлеуметтік тәртіптің белгілі бір нышандары іске асырылады).
Іскерлік ойын – бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің
басқаруымен, балалардың өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын
сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру
тәжірибесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын
мақсат тұтанын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылыққа
қолданады және бекітеді. Оқу үрдісінде іскерлік ойындардың мына түрлері
қолданылады.: рөлдік, операциялық, ұйымдық іскерлік ойындар.
Іскерлік ойындардың негізгі педагогикалық мәні мынада:
балалардың ақыл-ойын дамыту, ойлауды жандандыру, танымдық белсенділігін
қалыптастыру, оқыту үрдісіне шығармашылық рух енгізу.
Іскерлік ойынның негізі белгілері мынаған саяды.
1. Шешімін күтетін мәселелердің болуы.
2. Әлеуметтік, кәсіптік және оқу міндеттерін ойын жағдайында моделдеу.

3. Ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөлу және рөлдеріне сәйкес
белсенді өзара әрекетімен және мұғаліммен байланыстың болуы.
4.Ойынға қатысушылардың ортақ мақсаттарының болуы және ұжымдық
шешімін шығаруы.
5. Шешімдердің көп нұсқалылығы.
6. Ойын соңында талдау жасау.
7. Қатысушылардың жоғры эмоционалдық күйі.
Әдетте ойын элементтерінің екі түрі қолданылады:
1) белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жалпы танымдық тапсырмалар
(міндеттер);
2) арнайы тапсырмалар.
Іскерлік ойындарын өткізудегі мұғалімнің міндеттері мыналар:
- белгілі бір мәселеге, материалға байланысты қажетті иллюстрацияларды
ірікте;
- дидактикалық материалдар дайындау;
- әр оқушыға тапсырма беру;
- балаларды рөлге, топқа бөлу;
- міндеттерді белгілеу;
- мүмкін болатын жауаптар туралы ойлау;
- балалардың қызығуын ояту.
Іскерлік ойындардың тәрбиелік міндеттерді шешуде үлкен үлесі бар:
1) танымдық: ойын барысында балалар сынып жұмысын ұйымдастырып,
өздерінің жеке міндеттерімен танысады;
2) тәрбиелік: іскерлік ойын барысында ұжымдық түсініктері қалаптасып,
әрқайсысының ойынға қатысу дәрежелері анықталады, жалпы міндеттерді шешуде
өара қарым-қатынастары білінеді, барлық сұрақтарды ұжымдық талдау барысында
сыншылдық, ұстамдылық, басқаның пікірін түсіну, ілтипат көрсету
қалыптасады;
3) дамытушылық: ойын үстінде қисынды ойлауы дамиды, берілген
сұрақтарға жауап іздеуге қабілеттері, сөйлеу мәдениеті, пікірталасқа қатысу
білігі дамиды.
Іскерлік ойындарды ұйымдастыруда мынадый психологиялық-дидактикалық
жағдайларды көрсетуге болады:
- белсенділік – ойын барысындағы балалардың дене және интеллектуалдық
күштерінің белсенді көрінісі, бұл ойын әрекетінің негізгі ұстанымы болып
табылады;
- рөлдерді орындау – адам әрекетінің ойын негізінде моделдннуі және
қайта жасалу құбылысын көрсетуі. Рөлдерді орындаудың дидактикалық құндылығы
балалардың кәсіби даярлығына бағдарланушылығы болып табылады;
- ұжымдық сипаты – балалардың ойын топтарына бөлінуі. Ойынның ұжымдық
сипаты негізінде балалардың өзіндік қарым-қатынасы, достығы, ұйымшылдығы,
өз ойларын айту, пікірлесу сияқты жағымды қасиеттері дамиды;
- кері байланыс – оқушы өзінің әрекетін өзі басқарып ойын барасында
тікелей әсер етеді;
- мәселелік – ойындағы ойлаудың психологиялық заңдылықтарын көрсетеді;

- нәтижеге жету – ойын әрекеті негізінде белгілі бір мақсатқа жету,
міндетті орындау;
- сайыс – ойындарға белсене қатыса отырып балалардың нәтижеге
ұмтылысы түрінде көрінеді.
Іскерлік ойындардың негізгі міндеттері мынадай болады:
1. Оқылған материалды еске сақтау және терең ұғынуға жағдай жасау.
2. Дұрыс шешім қабылдау және жағдаяттарға баға беру бірлігін
қалыптастыру.
3. Қабылданған шешімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру.
4. Шығармашылығын дамыту.
Іскерлік ойынды өткізудің кезеңдері төмендегідей түзіледі.
1-кезеңде: мұғалімнің тақырыпты таңдауы, мақсаттар мен міндеттерді
белгілеп, күтілетін нәтижені болжауы, құрылымын анықтау, сыныптағы ойынға
қатысушылардың рөлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру, ойын барысындағы
әсер етуші жағдайларды зерттеу.
2-кезеңде: соңғы оқу материалдырын талдау, мәселені шешудің әдіс-
тәсілдерін талдау. Тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануда
шығармашылық өңдеу сценариді дайындау. Рөлдерге бөлу.
3-кезеңде: мұғалімнің балаларды іскерлік ойынның сценариімен,
мақсатымен, мазмұнымен таныстыруды, ойынды ұйымдастыруды, балалардың рөлдік
қызметтерін орындауы, мұғалімнің, балалардың ойынды басқаруы, ойын барысын,
нәтижесін талдау, мұғалімнің қорытынды жасауы жүзеге асырылады.

ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі ойын

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке белсенділіктері
мен танымдық қызығушылықтарын дамытуға ойын
іс-әрекетінің ықпалы.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының жетекші
ролін атқарады. Сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің
қалыптасып дамуының жалпы шарттары философиясының негізгі мәселесі - рухтың
материяға, сананың болмысқа, қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылими теориялардан түбірлі
айырмашылығы ол - білімнің қалыптасуымен негізделуінің жалпы ұстанымдарын,
объективтік қатынастарды қалыптастыру болып табылады.
Танымдық әрекет - балалардың білімге деген өте белсенді ақыл-ой
әрекеті.
Танымдық әрекет - танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық және
әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.Танымдық әрекеттің негізінде
балаларда танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.
Т.И.Шамова танымдық ізденімпаздықты жеке адамның білім мен іс-әрекет
тәсілдерін біреудің көмегінсіз игеруге, қоршаған өмір шыңдығын одан әрі
өзгерту және жетілдіру мақсатымен танымдық міндеттерді шешуге ұмтылысымен
және белсенділігімен сипатталатын қасиеті ретінде қарастырады.
Е.Б. Ястребова танымдық іс-әрекет ұғымын жеке тұлғаның қасиеті, яғни
баланың кәсіби дайындығы барысында өз күшімен білім мен іс-әрекет
тәсілдерін игеру және оны оқу, зерттеу, практикалық әрекеттерде қолдану деп
түсіндіреді.
Н.Ф.Талызина мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетінің
қалыптасуына жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, маңызды тұжырымдамалар
жасады. Мәселен, бірінші сынып балаларының ойын арқылы, танымдық іс-
әрекеттің тәсілдері арқылы ақыл-ойларын дамытып, бірте-бірте ойынды оқу іс-
әрекетімен алмастыру қажеттігін анықтап көрсетті.
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі
дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін
және мінез-құлақтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден
басталады. Дүниетанымдық білімдер - оқытудағы оқушы танымын қалыптастырудың
негізі.
Дүниетанымдық білімін балалар ақыл-ой күшінің дамуына, білім
деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский
әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастап балалардың жасына қолайлы өзінің
жинақталған көзқарасы болуы керек. Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың
тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс - деп жазды.
Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің мазмұны,
тереңдігі және оларды балаларға түсіндіру мемлекеттік оқу және тәрбие
бағдарламаларында қарастырылған. Оларда балалардың жас ерекшеліктері және
күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған.
Бастауыш сынып балалары табиғаттың құбылыстары, дүние, адамның
табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы
ғылими білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында
Отан, халық туралы, алдыңғы қатардағы адамдардың, дүние жүзі халықтарының
бейбітшілік және бақыты үшін күресі туралы балалардың түсінігі қалыптасады.
Жеке адамның дамуына және мінез-құлқында дүниетанымның ролін баса айта
келіп, А.С. Макаренко біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір
кезеңінде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі,
идеялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек, - деді. Мектепте оқыту кіші
мектеп балаларының дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі.
Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық
шарттар жүзеге асырылуы керек.
1.Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті
кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп
балаларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәннің орнын
анықтау, пәнаралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, идеяларды
бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім балаларды айқындалған идеяларды
мағыналы ойлауға жетелейді. Үшінші кезеңі дүниетаным қорытындыларын
топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде балалардың оқуын, ғылыми дүниетану
негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін балалар танымдық іс-
әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістері мен формаларын анықтайды.
2.Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына
балалардың жеке қатынасын қалыптастыру.
3.Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі.
4.Балалардың адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы.
Әртүрлі сыныптық және мектептен тыс тәрбие жұмыстары - балалардың
ғылыми дүниетанымын дамытудың, танымдық белсенділік қалыптастырудың
қажетті құралы. Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және
моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін
жарамдылығын жете анықтау - мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп
адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Ал балалардың негізгі іс-
әрекеті - бұл оқу. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында балалардың қарым-
қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау
белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Кіші мектеп жасындағы балалар
ересек адамдардың әрекеттеріне үңіме карап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті
белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында
байқалады. Көбіне балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс-әрекеттері,
тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары
қалыптаса бастайды. Ойын барысында мектеп жасына дейінгі балалардың
құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға
тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп орындауға, өз
қылықтарын ережеге, бағындыруға керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні
ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс-әрекеттерінің қуанышы балалар
арасында жолдастық, достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-
біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады. Бала еліктеу,
қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып әлеумет өмірінің,
өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.
Әртүрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау
белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, кіші мектеп жасындағы балаларда
айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен. құрдастары және
достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер
болады.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі балалардың (мархабаттық,
қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің
қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т.б) қасиеттерінің қалыптасуына
мүмкіндік туғызады.
Кіші мектеп жасындағы баланың даму барысында таным белсенділігі
артады. Балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың
құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені
құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр
нәрсені үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мысалы, олар шегені
магнит қалай ұстап тұр? Жапырақтың түсі неге жасыл болады? Жаңбыр қайдан
пайда болады?-деген сияқты сұрақтарды балалар үлкендерге қойып, жауап
күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы
ниетін, ықылас сипаттайды. Сондықтан да олар өзара таласуды, пікір айтуды,
түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді жанындай сүйеді. Кіші мектеп жасындағы
балалардың неге?, не үшін?, қалай? деп қоятын сұрақтары - үлкендермен
қарым-қатынас жасауларының алғашқы белгілері. Егер ересек адамдар
балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп
отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің
қалыптасуына игі әсер етеді.
Кіші мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім
беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында түрлі заттардың,
құбылыстардың мәніне ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған
теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді, балалардың таным
белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық
сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Әрбір тәжірибелік жұмыстың практикалық және перспективалық маңызын,
сонымен қатар оның ғылыми негізін мұғалімнің терең аша білуі – балалардың
таным белсенділігін арттырудың басты шарты. Ойын балалар өмірінде үлкен
орын алады. Қозғалыс ойындары балалардың ептілік, тапқырлығын, өзін-өзі
билеушілігін дамытады. Ойын балаларды жылдамдыққа төзімдікке тәрбиелейді.
Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай
халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.
Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып
үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының
психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген
мақсаттарына саралап жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен
мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындары септігін тигізеді.
Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік–экономикалық жағдайларына үйлесімді
жасалғандай әсер береді. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау
әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімділік ептілік
көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді.
Балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай
түседі. Ойынға халық ерекше мән берген.
Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен
қабысып, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның
бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын
тек баланың дене күш–қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. ғана
тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын
тигізеді. Тарихының көнелігіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескермейтін
нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жатқан сәбилердің қиялын қозғап,
сезімдерін аялайтын денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да
– осы ойын.
Ойын дегеніміз – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін,
балаға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі,
денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойындардың суықтыру, тәрбиелеу және білім
беру маңызы сан-салалы, бірақ іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық
көзқарасы мен педагогтық шеберлігі қажет.
Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей
бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлерін пайдаланады. Айналасындағы
тұрмыстан нені көрсе соны істейді.
Ойын – баланың өз ісі. Егер баланың ойнына қатысқың келсе, өзін бала
болып қатыс. Балалар сенің ересек адам екеніңді сезбейтін дәрежеде болсын –
деген Мағжан Жұмабаевтың тұжырымы баланың ойын іс-әрекеті туралы көп
ойларды аңғартады.
Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп,
тіршілік ету, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады.
Сондай әрекеттердің бір саласы – ойын әрекеті. Мектеп жасына дейінгі
балалардың психикалық даму үрдесінде ойын әрекетінің тағылымдық және
тәрбиелік маңызы зор. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып,
өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі.
Тәлім-тәрбие ғылымы мен адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін
психология пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдесінің белгілі
бір кездегі тіршілік қажеттілігі ретінде қарастырады. Осы бағытта адамның
ойын әрекеті әлеуметтік өмірдің негізгі бір құрамды бөлігі және баланың
үлкендердің өмірін бейнелеуі, айналадағы ортаны тану жолы екендігін
көрсетеді.
Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет
атқаратындығын ғалымдар Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров
өз еңбектерінде оларға ғылыми тұрғыда баға берген.
Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері
олардың қимыл қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымен
дамытып, өрістетіп отырады деп санаған.
Т.Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық
ойындар мен түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті салт-дәстүрлерді
білдіреді деген қате көзқарасты орынды сынай отырып, олардың тәлім
тәрбиедегі, денесін шынықтыру мен ақыл-ой жетілуінің әсеріне тоқталады.
Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ойындардың көптеген түрлері
барлық, жеткіншек, жас өспірім шақтағы балалар тәрбиесіне пайдаланылды. Ал
қазіргі кезде ойынның көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық
құралға айналды. Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған сан
алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана
емес, ол - қазақ халқының ерекше әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік
мағынасы зор жеке адамның, баланың дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші
факторлардың бірі болған.
Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Ата-ана баланың
ойлау, қиялдау, армандау сана-сезімдік қабілеттерін қалыптастыру үшін,
халық ауыз әдебиетінің жырларын айтып еңбекке баулауға үйреткен.
Соңғы кездегі психология ғылымы саласындағы зерттеулер нәтижесінде
балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың
болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деп айтуға болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың логикалық танымы үдерісін ойын әрекеті арқылы дамыту.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Жас балаға ойлау тым ауыр
Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі
«Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану ерекшелігі»
Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойындар арқылы қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер