Сақтар өмірі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1) Өнері және мифологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2) Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3) Сақ мәдениеті «Аң стилі» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

Қазақ халқы ежелгі заманда ұлан байтақ Орта Азия өңірін мекен еткен түркі тілдес ру тайпалар мен тайпалық одақтардың (ұлыстардың) ұзақ тарихи дәуірлерде ортақ территорияда бірге өмір сүріп, этногендердің жалпы заңдылықтары бойынша бірте-бірте бірігуі және дамуы арқылы өз алдына жеке халық болып қалыптасты.
Қазақ халқы қалыптастырған негізгі этникалық құрам басты тайпалардың аттары мен таңбалары, ұрандары. Олардың шығу тегі мен таралуы туралы шежірелер ауызша әңгімелер және қолжазбалар түрінде біздің заманымызға жетті. Бұлардың басым көпшілігі ерте замандағы Жұңг оның және шет елдердің тарихшылары баяндаған жазба деректерге сай келеді және оларды толықтырып отырады. Бұлар қазақ халқының шығу тегі мен қалыптасу барысын зерттеудегі нанымды негіз болып табылады.
Қазақ халқының ата тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты ерте әйгілі болғандары: сақ, ұлы иозы (ұлы жүз), үйсін, қаңлы, алан және һұн (ғұн) тайпалары. Бұл тайпалар мен ұлыстардың тарихын олардың Орта Азия өңіріне - қазақтың өсіп өңген мекендеріне, өрістеу мезгіліне қарай баяндаймыз.

1.К.М.Байтаков. Қазақстан тарихы очерктері. “Дәуір” баспасы.
Алматы. 32-45б.
2.М.Чапай. Қазақстан тарихы. “ Дәуір” баспасы.
Алматы. 17-22б.
3.«Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз» журналы, 1984-жылы, наурыз.
«Қазақ ССР тарихы», І-том, 156-бет, Алматы, 1957. Н. Я. Марр, Шығармалары, 286-бет. 1915.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 4
1) Өнері және
мифологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..4
2) Сақтардың шаруашылығы мен
қоғамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...7
3) Сақ мәдениеті Аң
стилі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Кіріспе
Қазақ халқы ежелгі заманда ұлан байтақ Орта Азия өңірін мекен еткен
түркі тілдес ру тайпалар мен тайпалық одақтардың (ұлыстардың) ұзақ тарихи
дәуірлерде ортақ территорияда бірге өмір сүріп, этногендердің жалпы
заңдылықтары бойынша бірте-бірте бірігуі және дамуы арқылы өз алдына жеке
халық болып қалыптасты.
Қазақ халқы қалыптастырған негізгі этникалық құрам басты тайпалардың
аттары мен таңбалары, ұрандары. Олардың шығу тегі мен таралуы туралы
шежірелер ауызша әңгімелер және қолжазбалар түрінде біздің заманымызға
жетті. Бұлардың басым көпшілігі ерте замандағы Жұңг оның және шет елдердің
тарихшылары баяндаған жазба деректерге сай келеді және оларды толықтырып
отырады. Бұлар қазақ халқының шығу тегі мен қалыптасу барысын зерттеудегі
нанымды негіз болып табылады.
Қазақ халқының ата тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман
деректерінде аты ерте әйгілі болғандары: сақ, ұлы иозы (ұлы жүз), үйсін,
қаңлы, алан және һұн (ғұн) тайпалары. Бұл тайпалар мен ұлыстардың тарихын
олардың Орта Азия өңіріне - қазақтың өсіп өңген мекендеріне, өрістеу
мезгіліне қарай баяндаймыз.
1. Сақтар өнері мен мифологиясы.
Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның
Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен,екінші жағынан, Қытайдың Чжоу
мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді.
Ғылымда сақтың ”аң стиліндегі” өнерінің қай жерде, қай заманда
пайда болып қалыптасқаны жөнінде алуан түрлі болжамдар бар.
Бабажан мекені мен Сурх-Дум ғибадатханасында соңғы жылдары
жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларын : жер бауырлап
жатқан қабылан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас, бүркіттердің
стильдандірілген бастары, жырқыштар мен “заулап бара жатқан” бұғылар, аттар
мен түйелер бейнесін тауып берді. Алайда зерттеушілер сақ көркем өнерін
тек луристан стиліне жаиқызып қоюға болмайды, олар бір-біріне тәуелсіз
екі көркемдік стиль деп есептейді.
Бәрінен де бұрын б.з. дейінгі I-мыңжылдықтың бас кезінде қазіргі
Иран территориясына ирантілді тайпалап кіріп келе бастаған, солардың
ықпалымен елге бірқатар соны әдет-ғұрыптар, қару –жарақпен ер- тұрманның
жаңа түрлері тарай бастады.
Сонымен бірге ирандар Ассирияның, Элам мен Урарту мәдениетімен
танысып, олардың өркениет табыцстарын қабылдайды. Ирандықтар олардан
композиция мен стильдің біраз белгілерін үйреніп алады. Ахеменид
Ираныныңкөркем өнері осылай туып қалыптасады да, ол сақтар өнеріне қатты
ықпал жасайды. Осынау мемлекеттер өнерімен сақтар алдыңғы Азияға жортуыл-
жорықтар жасаған сапарында танысады. Олардың патшалықтарын Мидия
патшасы Киаксар талқандағаннан кейін, олар бейнелеу өнерінің көптеген
өнерлерін алып , үйлеріне артынып-тартынып қайтып келеді.
Тувадағы Аржан обасын қазған кезде- оның диаметрі 120м, биіктігі 3м
орасан зор құрылыс-оба үйіндісінің астынан археологтар аса күрделі ағаш
конструкциясын тапты: оның дәл ортасында жуан бөренелерден қиылған көлемі
8x8м үлкен там, ал оның ішінде көлемі 4.4x3.7 м тағы бір там бар екен. Сол
тамда ағаш табытқа салынып көсем жерленіпті, оның жанында тағы
бірнеше еркектің- көсемнің туыстары мен серіктерінің мәйіттері жатыр,
тегі олар өз еріктерімен көсемі соңынан о дүниеге аттанса керек.
Айналаға радиус бойынша орнатылған тамдар ішіне жорық ер-тұрмандарына
160 ат қойылыпты. Тағы да толып жатқан аттар қалдықтары оба сыртындағы
шеңберлі қабырлардан табылды. Барлық аттар құла және жирен түсті яғни
патшалар мен абыздар түстеріне сәйкес келеді екен.
Оба бағы заманда тоналыпты, бірақ археологтар үлесіне де көп-
көп олжа қалыпты:түрі бүрісіп жатқан ілбісінге немесе барысқа келетін
әлемдегі ең үлкен қола қаптырма , арқарлардың бейнелері, сабы қабан
бейнесіндегіқанжар, алтын өңіржиек, жебелер табылды. Оба б.з. дейінгі VIII
ғ тұрғызылған, сақ өнерінің одан кездескен заттары ең ескі дүниеліктер
болып табылады. Соған қарап сақдың “аң стилі” Азия даласында туған деп
болжам жасауға болады. Оған дәйекті негіз бар, осы арада оның бастаулары
да бар. Тіпті қола дәуірінің өзінде жергілікті ісмерлер жануарлар
бейнелерін жасаған. Бұғыларды, бұқаларды бейнелейтін тасқа салынған
суреттер кеңінен мәлім. Сол сияқты б.з. дейінгі II- мыңжылдықтың соңы және
I- мыңжылдықтың басы кезінде ерекше бір көркем өнер туып қалыптасқан,
бірақ ол әлі “аң стилі” емес еді.
“Аң стилі” өнері сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде
танысқан оңтүстік дәстүрлері әсерімен пайда болған. Дәл сол кездері
осы арада сақтар өнеріне арыстан, арыстан-самұрық, “өмір дарағы”
образдары ауысып келеді. Бұл образдар бұғы, қошқар, түйе, барыс,
жолбарыс, бүркіт сияқты жергілікті жануарлар бейнелерімен сіңісіп
кетеді. Осы бір аталған образдар тек әсемдік әшекейлері ғана болмаған,
сақтар олардың әрқайсысына белгілі мән берген.
Сақтар арасында зергерлік өнер мейлінше жетіп, биік деңгейге
көтерілген. Зергер- шеберлер алтын, күмісті балқытып құю, штампылап
өңдеуісімен таныс болған, олар алтын мен күмістен, ферузадан әсемдігі мен
композициялық түзілімі кісіні таң қалдыратын бұйымдар жасаған, олары адам
мен оның киім- кешегін, аттың ер- тұрманы мен тұрмыстық мүліктерді
әшекейлеп , безендіру үшін пайдаланылған. Мұндай бұйымдар қатарында
жануарлар басымен әсемделген өңіржиектер, сақиналар, лағыл мен феруза
тізілген алқалар, алтын тоғалы белдіктер, киім- кешектің сәнін кіргізетін
қаптырмалар болған.
Сақтардың зергерлік өнері Есік обасы бұйымдарынан бәрінен де
толығырақ көрінеді, сол бұйымдарға қарап, біз текті-дәулетті сақтардың
киген киімі, айқасқа шығарда тағынатын қару- жарағы туралы біраз мәлімет
алдық.
Зергерлік өнерде олар ағаштан жасалған әртүрлі бейнелер мен
әшекейлерді қақ алтынмен аптау әдісін кеңінен қолданған. Сақтар арасында
ағашты өңдеп, оюлап бедерлеу ісі қатты дамығанын ағаштан істелген ыдыс-
аяқтардан, аңдар мен жануарлар бейнелерінен, әралуан қапсырмалардан
көруге болады, ағаш ою- өрнектеумен бірге сүйекті өңдеу және одан әртүрлі
бұйымдар- қапсырма, тоға, түйме жасау кәсібі де дамыды.
Сақ ісмерлерінің тастың жұмсақ түрлерінен құрбандық жозыларын
жасап, оларды ғажайып ою- өрнектермен әспеттейтінін айтқан едік. Түрлі
түсті асыл тастардан – сердрликтен, халцедоннан, ақықтан, ферузадан сақтың
зергерлері моншақ-таналар жасаған.
Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күтеріне –
күнге, оның күркіреуіне, найзағайға,жел-дауылға табынған осынау құбылыстар
оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша
құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат- самұрықтар сияқты, қиялдан туған аңдар мен
құстар, жануарлар бейнесінде де көріне беретін болған. Осынау образдардың
мифология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатыны сондай, евразия далалары
өнерінде өзгеше бір “аң стилін” тудырған.
Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты
болған. Дүниені жаратқан көк тәңрісі Митра “Авеста-Уеста” сөзіне
жүгінсек,төрт ат жегіп шығады екен. Аттарға Сурья, Яма, агни, Индира
секілді құдайлардың қатысы болған. Есік обасындағы патша дулығасының
төбесіне қадалған қанатты тұлпарлар бейнелері – ол күн күймесі. Қанатты
тұлпар бейнесінің күн бейнесі ретінде берілуі өзге халықтар фольклорында да
кездеседі. Гректерде күн шұғылалы құдай Апполонның күймесі аспанда қанатты
пырақтар зулатып алып бара жатады.
Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайдың символы болған. Үндіиран
халықтарының қиял аңыздарында Күн аспан көкте төрт шырақ немесе төрт
бүркіт зымыратып алып жүретін дөңгелекті күйме түрінде көрінеді.
Сақтардың әлемнің (космостың) құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі
болады. Космостағы тәртіп оларға арт түсінігіндей болып көрінген, сақтар
оны Күн ,Күн күйме деп ойлаған. әлемдегі тәртіп, үйлесімі- гармония,
олардағы бар нәрсенің ұйымдастырушылары Митра, Варуна,Индира секілді
құдайлар екен., әлемнің үлпсі- моделі оларға үш дүнинің – жерасты дүниесі-
төменгінің, белорта дүниесі- жердің және жоғарғы дүние – аспанның өзара
сәйкестігі болып көрінген. әлемнің төрт жағы – сол, оң, алғы және артқы
жақтары болған.
Сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігіне Есіктен
табылған сақ патшасының дулығасы нақты мысал бола алады. Ондағы ою-
өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген. Шеңбер бойындағы қалпақ алтын
таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау баурайында “жер
айуандары”:жолбарыстар мен ешкілер жүр. Шырқау биікте – құстар мен қанатты
жолбарыстар. Ою- өрнекті дулыға жиегі, сақтардың түсінігінше дүниені
жан—жағынан қоршап тұрған әлемдік тау қыраты болып табылады. Ою-өрнек,
әлемнің төменнен жоғары қарай орналасқан үш бөлегін –жерасты дүнисін- жер
мен аспан –көкті бейнелейді. Дөңгелек жиектің крест іспеттес болып
орналасқан нүктесіне әлемнің жан-жағын;шығыс пен батысты, солтүстік пен
оңтүстік күзеті тұратын аңдар бейнелеі қойылған. Бас киімнің алдыңғы
жағына күн белгісі – күллі космостың түтас бейнесі :төрт қанатты пырақ пен
төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша
үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір
белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты- батыс
жағы деп есептеген. Осындай мұрақты –тәжді кигізу көсемге күллі
мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Кесем- дүнинің
кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі
символдардың бәрі мифологиялық ұғымдар.
Тұтас алғанда сақтардың немесе сақ- скифтердің “аң-стилі”сақ
тайпалары дүниетанымының заңды көрінісі, олардың мифологиясының бейнелеу
өнеріне келіп дарып-сіңуі, көшпелілер идеологиясын білдіретін айрықша
белгілер жүйесі ретінде құрылып қалыптасады.
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Батыс Европа халықтарымен тығыз
байланыс жасап тұрды. Бұл жөніндегі қазылған ескі молалардан табылған
заттар сақтардың өмірі туралы көптеген мағлұматтар береді. Сақтардың
әлеуметтік қоғамы жөнінде айтқанда, олардың басты үш топқа
бөлінгенін айтуға болады. Біріншісі- әскери топтар, екіншілері-
ауқатты бай топтар, діни адамдар, жрецтер, үшіншілері- жай қатардағы
сақтар, бұлар –кедейлер, оларға соқа және екі өгіз тән.
Сақтардың молалары кең, биік болған. Сондай молалардың бірі-
1969 жылғы қазіргі Алматы облысы, Есік қаласының жанынан табылды. Б.з.
б V ғасырда бой көтерген бұл қорған ағаштан қиылған, биіктігі 7 метр,
оның ішінде жерленген бай жас сақ жауынгерлерінің барлық киімі алтынмен
қапталған. Оның басындағы телпегінен бастап аяқ киіміне дейін атты,
жолбарысты, тауешкіні, құстарды бейнелейтінмың алтын алқа
қадалған.мұны “Алтын адам” деп атайды. Ол – сол кездегі сақ тайпаларының
тұрмысы, мәдениетінің қандай болғанын көрсетеді.
2. Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы.
Байтақ дала мен тауң алқаптарын игеру дәуірі, мал шаруаашылығының
сан алуан түрлерінің жаппай дамып , жетекші салаға айналуы және оның
егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Баяғы
заман авторлары сақтар туралы: “Олар әсте егіншілер емес ,көшпелілер”
деп жазғанда немесе солардың тіршілігіне; ”Еркін кеңістікке , от пен
судың молдығына қарай, бір жерден екінші жерге көше береді” – деп
анықтама бергенде , біршама сынаржақ пікір айтқан. Шын мәнінде сақтар
шаруашылығының тур-турі табиғи жағдайға, қала орталдықтары мен сауда
жолдарына алыс – жақындығына байланысты анықталып отырған.
Әлем халықтарының мал шаруакшылығын зерттеу ісі – оның
варианттарының көп болғанын - көшпелі харекеттен бақташылыққа дейін
болғанын көрсетіп берген. Жазғы жайлаудан қысқы жайылымға дейін
марғау жыбырлап ұзақ көшетін көшпелі мал шаруашылығы Батыс Қазақстанға
, ішінара Орталық Қазақстанға тән болған. Көшпелі мал шаруашылығында
бүкіл ру және бүкіл тайпа мал- жанымен, дүние мүлкімен бірге ит
арқасы- қиядағы алыс жерге ендік бойымен де, бойлық бағытымен де
жылжып кеше берген. Еркектер атпен, әйелдер мен балалар,қарттар киіз
жапқан арбамен жүретін болған. Ызғарлы қыста олдар қар жауса да, тез
еріп кететін, бұта- шөбі мол құм қойнындаөткізген немесе азынаған желге
үйірім-үйірім тоғайы пана болатын, мал аз аяғымен жүріп қорек табатын
копалы көлдер мен өзендер жағасын мекендеген.
Қысқы мекенжайлар ұзақ тұруға айналмайтын. Көшпелілердің негізгі
малы алыс жүріске бейімделген жылқы, түйе, қой болатын.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы тұрақты қысқы және жазғы
мекенжайлары болуын күнілгері ойластырып отырған, өйткені сол
мекенжайларда малшылар жаз бен қысын өткізеді ғой. Қысқы тұрақтар үшін
жертелелер мен жартылай жертөлелерсалынған. Мұндағы жұрттың бір бөлегі
жаз шыға, келер қысқа азық- түлік дайындау үшін қыстауда қалып,
егіншілікпен айналысқан. Мал шаруашылығының осы түрі Шығыс Қазақстан мен
Жетісуда, Орталық және Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында етек
алған еді.
Мал шаруашылығының үшінші түрі- отырықшы шаруашылық болатын.
Мұнда халықтың бір бөлегі ұдайы егіншілікпен шұғылданып, отырықшы
болып қалатын. Ал. Оның екінші бөлегі жақын-жуық жерлердегі жазғы
жайлау мен қысқы өрістерге көшіп кетіп, қайтып келіп отырған.
Қазақстанның оңтүстігінде – Сырдария мен Арыс, Келес алқаптарында хал-
жағдай тап осындай еді. Әсіресе ірі қара мал басым болған. Әлбетте,
тіршілікте қияметтей қиын, күрделі жайттер көп кездеседі, мал
шаруашылығының осынау түрлерінен ауытқушылықтар да болып жатады. Мұның
бәрі Ұазақстанның әр түрлі аймақтары мен аудандарының қалың жұртының
өміріне өшпестей ізін қалдырады.
Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды бағытының
бірі болған. Орталық Қазақстанда жүргізілген қазу жұмыстарының
материалдарынан жылқының екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі
басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал,жатаған жылқы, ал екіншісі- шоқтығы
биік бойшаң, сымбатты жылқы,оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.
Алтайдағы Пазырық обаларын қазған кезде табылған 80 ат қалдығының
материалдары бойынша жылқының төрт тұқымы бөлініп шығарылды. Ірі
денелі жүрдек аттар селекция нәтижесінде пайда болған. Оларды көсемдер мен
текті батырлар мінген.
Жылқының жаңа тұқымын шығару ісіне желдей жүйрік сәйгүліктерімен
аты шыққан Ферғана, Бактрия, Парфия сияқты көрші елдердің асыл тұқымды
жылқылары пайдаланылған. Таңдаулы ереуіл аттарды көшпелілер жоғары
бағалаған, егер иесі қаза тапса, аттары иесімен бірге о дүниеге бірге
кететін болған.
Көшпелілердің үйге үйренген малының ең маңызды түлігінінің бірі
ет пен сүт, жүн мен тері беретін қой еді. Қазбаларға қарағанда,
сақтарда маңдай алды дөңстеу ірі қойлар кеп тараған. Олар қазақтың
қазіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.
Сақтар арасында қоймен бірге түйе шаруашылығы да кең
дамыды, ол әсіресе Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық және
шөлейт аудандарында өркен жаяды. Түйе мініс және жүк көлігі есебінде де
пайдаланылады, оның жүні, еті мен сүті көшпелілердің тұрмыс қажетін
өтейді. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтағы түйе жыл-он екі ай
аспан астында болады. Осы таяудағы уақытқа дейін, сонау ертедегі
көшпелілерден бері қарай ірі қара мал шаруашылықта ереуіл роль
атқармаған деген пікір кең жайылып кеткен болатын. Бұл жайтты олар,
сиырға арнап қысқы жемшөп дайындау үшін қыруар жұмыс жасалады, өйткені
олар ат пен қой сияқты жайылып жүріп күн көре алмайды- деп
түсіндірген. Дегенмен де көшпелілер мүйізді ірі қараның жыл бойы
жайылымнан қорек табатын тұқымын шығарды. Сиырдың көшпелі тіршілікке
бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы - өнімділігі төмен,
тірілей салмағы аз болған, шолар жемшөпті онша талғамайтын, суықты сыр
бермейтін жүні қалың, тебін малы болып келеді екен.
Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен
қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдария
алқабында сақтардың Шірік – Рабад, Бәбіш- молла, Баланды секілді
қоныстары төңірегіндегі егістіктерді жарма тартып суарып отырған.
Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру
және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері мен
кәсіптері жоғары дәрежеде дамыған еді. Қола дәуіріндегі сияқты,
темір мен мыстың, қалайы мен қорғасынның, алтын мен күмістің
бұрыннан белгілі кенді орындарында жұмыс толастап көрмеген.
Мамандардың есептеуінше, кен рудаларын өндіру орасан зор көлемде
жүргізілген. Мәселен, Имантау кенді орнынан 3 млн пұт мыс рудасы, ал
Жезқазған мен Успенскіден- 10мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда
сол руданың дені сақтар заманында өндірілгені анықталады.
Сақ ісмерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын,
аттың қайыс-әбзелдерін, әшекейлер мен айналар, сол сияқты қазандар мен
құрбандық ыдыстарын жасаған, олардың көбісі көркем өнердің таңдаулы
туындышарының қатарына жатады.
Сақтардың қазандары мен құрбандық жозылары Жетісу жерінен Іле
алқабымен Ыстықкөл маңынан өте көп табылған. Қазандары сфера іспеттес
тағанды болып келеді, және таған -бұттары малдың аяғы секілденіп
жасалады. Қазндар тұтқасы тұзақ тәрізді, кейбіреулерінің жиектері
жануарлар бейнесімен бедерленген. Мысалы, Алматы төңірегінен табылған
қазандардың бірі қанатты таутеке бейнесімен әсемделген.
Құрбандық жозылары түртбұрышты не дөңгелекше, жиектері сәл
көтеріңкі үстел тәріздес, бірнеше аяқты не жалғыз аяқты болып келеді.
Олардың көлемі әртүрлі – үлкен “үстелдерден” бастап, тап-тұйнақтай
кішкене бұйымға дейін болады.
Композициясы мүлде өзгеше құрбандық жозысы Алматы
территориясынан, бұрынғы қасиетті гимарат орнынан табылды, одан
жағылған от күлі, жануарлар сүйектері мен керамика сынықтары араласқан
тұтас қабаты бар дөңгелек қыш тұрғы- платформа табылды. Конус тәріздес
тағанға орнатылған дөңгелек табақ жиегі 15 бұқа бейнесімен
әшекейленген. Ал, табақтың бетіне, артына сәл бұрылып, бұқаларды садақпен
атып тұрған салтатты, оның жанынан білте салынатын түтік бейнесі
бекітіліпті. Бәлкім, салтатты “мүйізді малдың иесі” , “бұқаларды айдап
тастайты” Митраның өзін бейнелейтін шығар. “Жетісу михрабы”деген атпен
мамандарға кеңінен белгілі болған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz