Атомдық энергетика


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Атомдық энергетика

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І Қазақстанның энергетикалық жүйесі

ІІ Атомдық энергетиканың атмосфераға тигізетін әсері

ІІІ Энегетикалық проблема және ядролық энер-гетиканың дамуының әлеуметтік бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазақстанның энергетикалық жүйесі

Қазақстанның энергетикалық базасы ХХ ғасырдың 30 - шы жылдарында құрыла бастады. Алғашында кішігірім электрстанциялар фабрика, зауыт, мұнай кәсіпорындары мен рудниктердің мұқтажын атқару үшін солардың маңында салынған. 1950 жылдардан бастап республиканың бірнеше аймағын электрэнергиясымен қамтамасыз ете алатын энергетика кешендері ұйымдастырылды.

Электрэнергияның негізгі ауқымды бөлігі (57 - 64 %) химия, түсті және қара металлургия, құрылыс өндірістерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Қазақстан өзін толығымен электр энергиясымен қамти алмайтынына байланысты басқа елдерден 17 млрд. кВт/сағат энергия алуға мәжбүр.

Енді энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен. Ластанушы компоненттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты.

Энергетика салқан судың көп мөлшерін жұмсайтын салаға жатады, судың 99% электр мен жылу энергиясын өндіруге жұмсалады. Негізінде ЖЭС мен АЭС - ларында суды көп мөлшерде пайдаланушы турбина конденсаторлары. Конденсаторларды салқындатуға ЖЭС - да 1 кВт/сағат энергия алу үшін 120 кг, ал АЭС - на 220 кг су қажет. Судың біразы басқа да түрлі агрегаттарды салқындатуға қолданылады, осыған байланысты жылу электрстанциялары қоршаған ортаны жылумен ластандыратын көзге жатады.

Электрстанцияларының ақаба сулары арқылы суаттар мұнай өнімдерімен, әр түрлі қалқыған бөлшектермен, хлоридтермен, сульфаттармен, ауыр металдардың тұздарымен, күкіртті сутекпен, тұз қышқылымен, формальгидпен, капролактаммен, мышьяк, сынап, ванадий оксидтерімен, тағы да басқа заттармен ластанып отырады.

Атомдық энергетиканың атмосфераға тигізетін әсері

Атомдық энегетиканың атмосфераға тигізетін әсері. Атом электростанцияларына келетін болсақ, оны дұрыс қолданса, атмосфераға тигізетін әсері органикалық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС - ның әсерінен анағұрлым зиянсыз. Себебі АЭС жұмыс істегенде атмосферадағы оттек пен көмір қышқыл газының мөлшерін өзгертпей, оның басқа химиялық құрамына да әсері жоқ. Қоршаған ортаны ластайтын негізгі фактор болып радиация көрсеткіші саналады. Радиацияны қоршаған ортаға шығармау үшін ядролық реакция жүретін реактор көп жүйелі қорғау жүйесімен қамтамасызданады. Ең қауіпті жағдай АЭС апатқа ұшыраған сәтте орын алады, себебі қоршаған ортаға бақылауға көнбейтін радиация таралады. Сондықтан АЭС салғанда осындай төтенше жағдай болуы мүмкін жағдайларды да жобалар да жан - жақты қарастырылады.

Энергетикалық проблема және ядролық энергетиканың дамуының әлемдік бағыттары. Адамзаттың қазіргі заманғы энергия қолдану мөлшері шамамен 10 13 Вт/жыл және ол орны қайта толмайтын отын қазбаларына - тас көмірге, мұнайға, газға негізделген. Минералды отынды қолдану арқылы энергияның шамамен 95% алынады. Сондықтан да азаматтың энергетикалық проблемасы жердің отынды - энергетикалық потенциалына байланысты. Қазба отын қорының көптігіне қарамастан және энергия үнемдейтін технологиялардың дамуына қарамастан бұл отындардың таусылу шегі бар.

Қоршаған ортаның химиялық, жылулық, аэрозолдық, электромагниттік, радиоактивтік ластануда бірінші орынды энергетика алады. Сондықтан да экологияның негізгі проблемеларының шешілуі энергетикалық проблеманың шешілуімен тікелей байланысты.

1997 жыл Нью - Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) арнайы сессиясының мәліметтері бойынша энергетика дамуының орта жылдық ырғағы 1970 - 1997 жж. 2, 3 % -ды құрады. Ал даму сатысындағы елдердің осы уақыт ішінде энергетикаға қосқан үлесі 14 - тен 33 %-ға дейін өсті. Халық санының 2100 жыл 11 млрд. дейін көбею мүмкіндігіне байланысты энергия өндіруді ең аз дегенде 4 есе, ал дамушы елдерде 10 есе өсіру қажет болады. Энергияға деген мұндай сұранысты орны қайтып толмайтын отын көздерін өндіруді көбейту арқылы қанағаттандыруға болады, ал бұл жағдайда ол ресурстардың таусылуы мен атмосферадағы көміртек қос тотығының көбеюіне әкеледі.

Энегетикалық проблема және ядролық энер-гетиканың дамуының әлеуметтік бағыттары

Энергетикалық объектілердің ішінен экономикалық та, экологиялық та тұрғыдан ядролық энергия көздерінің болашағы бар деп есептелуде. Бұның себебін ядролық отын қорының көптігінен және оның қоршаған ортаға тигізер зияндылығының аздығымен байланыстыруда. Мысалы, 1000 т. тас көмірден алынатын энергия мөлшерін 0, 5 кг ядролық отынды алуға болады.

Соңғы уақытқа дейін АЭС негізгі экологиялық проблемеларының мазмұны қолданылып болған ядролық отын қалдықтарын көму мен ескірген АЭС жою проблемасымен байланысты болып келеді. 1980 жылы әлемдегі 400 ядролық электроблоктар бүкіл өндірілген энергияның 17%-ын беріп отырды және оларды табиғи радиоактивті фонды 0, 02% ғана көбейтті. Чернобыль АЭС - дағы катастрофиядан кейін негізгі экологиялық қауіпті авария мүмкіншілігімен байланыстыруға әр түрлі деректер бойынша Чернобыль АЭС авариясы кезінде сыртқа шыққан бүліну өнімдерінің мөлшері 3, 5% - дан (63 кг) 28% - ға дейін жетті. Салыстыру үшін айта кетейік, Хиросимаға тасталған бомба тек 740 тонна радиоактивті затты атмосфераға таратты.

Осы авариядан кейін Швеция, Италия, Бразилия, Мексика АЭС - ты салуды толық тоқтатуға шешім қабылдады. Швеция өз территориясындағы жұмыс істеп тұрған, елдің барлық электрэнергиясының 45% - ын беретін 12 реакторларды тоқтатып, бұзуға кірісті. АЭС-тың авариялары алға жаңа талаптар қойып отырды. Ол ядролық энергия көздерінің қауіпсіздігін күшейту. Бұл мәселе тек МАГАТЭ-нің бағыттауымен әлемдік қоғамдастардың біріккен іс - әрекеті арқасында жүзеге асуы мүмкін. Бағдарламалар бойынша 2005 - 2010 жж. атомдық энергетикалық қондырғыларда энергия өндіру көбейеді деп күтілуде.

Атомдық энергетика атом ядросының бөліну нәтижесіндешығатын термоядролық энергияға негізделген. Қазіргі кезде ғалымдар екі кіші ядро қосылып бір үлкенірек ядро түзілген кездегі шығатын энергияны қолдану мүмкіншілігін іздестіруде. Бұл ядролық синтезде екі сутек атомдары қосылып бір дели ядросын түзеді. Екі элементте қоршаған ортаға еш зиян келмейді және таусылмайды. Осы әдістің қолданылуына тежеу болып тұрған себеп, бұл процесс тек өте жоғары қысыммен шамасы 100 млн. 0 С температурада жүреді.

АЭС жұмыс істеген кезде орын алатын екінші проблеме қоршаған ортаның жылуымен ластануы. ЖЭС -сы сияқты АЭС - нан қоршаған ортаға бөлінетін негізгі жылу бутурбиналық қондырғылардың конденсаттарынан пайда болады.

Ядролық энергия қондырғыларын салқындатудан шыққан суларда ядронуклейндердің болуы мүмкін, осы сулар арқылы гидросфераның да олармен ластануы орын алады. Қоршаған ортаға АЭС - нан шыққан радиоактивті қалдықтар және олардың демонтаж жасап, радиация мен былғанған аспаптар бөлшектерін көмгенде, тағы да басқа жағдайларда да ластанады.

Апат болған жағдайда АЭС ортаны әр түрлі радионуклейдтермен ластайды. Қазіргі кезде халықаралық атом энергетика агенттігінің (МАГАТЭ) мәліметтері бойынша дүние жүзінде жалпы қуаттылығы 320 кВт (бүкіл әлемде өндірілетін электр энергиясының 17%) энергия өндіретін істегі 426 реактор бар екен. Ең көп атом электр станциялары бар АҚШ (110), одан кейін Франция, Ресей, Англия, Япония. Дүниежүзінде АЭС арқылы энергия алуда Франция бірінші мемлекет болып саналады. Оларды энергияның 75% беретін АЭС. Қазақстанда тек қана бір АЭС Ақтау қаласында орналасқан. Оның өзінің қазіргі уақытта жұмыс істеу мерзімі аяқталған. Енді реактор ішінен элементтерді сыртқа шығарғанда оның радиациялық активтігі алғашқы шикізат күйіне қарағанда 10-ның 4 дәрежесі есе көп болады, яғни тіршілік көзіне өте қаіпті жағдай қалыптасуы мүмкін. Себебі олардың сөніп, табиғи қалпына түсуі 1000 жыл шамасындай уақытты қажет етеді. Сонымен қатар радиоактивті қалдықтар құрамында трансуран элементтері болады, ал олардың жартылай ыдырау кезеңінің уақыты миллиондаған жылдарға созылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Қазақстанның ядролық энергетикасының болашағы қандай
АЭС болашағы
Ядролық энергетикалық қондырғыларды жобалаудағы негізгі сұрақтар
Дүние жүзілік отын-энергетика кешені және атом энергетикасы
Энергетикадағы келешекті технологиялар
КазАтомПром
Атом ядросының және қарапайым бөлшектер физикасының даму кезеңдері
Халықтың АЭС салуға пікірі
Атом энергетика мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz