Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 б

І . Тарау ”Қазіргі жағдайдағы инвестициялық саясаттың дамуының теориялық негіздері“.

1.1. Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері ... ... . 4.10 б
1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11.12 б
1.3. Шетел мемлекеттерінің инвестициясын тартудың тиімділігі 13.16 б

II . Тарау Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау

2.1 Инвестицияны талдаудың дәстүрлі критерийлері ... ... ... 17.19 б
2.2 Инвестициялық жобаны бағалау критерийлері ... ... ... ... 20.22 б

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23 б

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24 б
Кіріспе

Басқарудағы есепте және көптеген әдебиеттерде инвестиция пайда табу, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс - әре- кет пен әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік және интелектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі. Инвес- тиция құрамына ақшалай қаржылар , мақсатты банк несиесі,акциялар мен басқадай құнды қағаз қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар,құрал-жабдықтар) мүлік , жерді пайдалану құқығы , табиғи ресурстар ,мүліктік құ- қықтар және тағы басқалары кіреді .
« Инвестиция » түсінігі көп қырлы құбылыс, оның бірнеше мағы- налық анықтамасы бар .
- ең алдымен инвестициялау жөнінде сөз өткенде құрал жабдық, технологиялар жөнінде айтылады , оларды енгізу арқылы өндірістік процес жүзеге асырылады
- Сонғы кездері бағалы қағаздарды , акцияларды сатып алу жөнінде сөз болады .
- әлеуметтік экономикалық салдары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір механизм ретінде бағалауға болады .
Экономикада «капитал» түсінгігі синоним ретінде қолданылады. Әлем- дік аренада капитал әр түрлі институтционалдық инвесторлар арқылы екі формада болады .
-кәсіпкерлік капитал
-ссудалық капитал
Кәсіпкерлік капиталдың өзі халық шаруашылығының кез келген сала- сына салынуы мүмкін, ал мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады, бағалы қағаздарды немесе қор құндылықтарын сатып алу және сату , шетелдерде өздерінің кәсіпорындарын сату, аралас типтегі кәсіпорын- дарды құру және басқалар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .

1. Т.Тасмағанбетов « Басқарушы есеп ,стратегиялық « Дәуір » жос-
парлау және талдау » Алматы 2002

2. В. К. Радостовец « Кәсіпорындағы ухгалтерлік есеп » А – 2003

3. Д.М. Мадиярова . «Сыртқы экономикалық саясат және эконо- микалық қауіпсіздік » . Алматы – 2000 ж.

4. А. Мейібеков «Кәсіпорын экономикасы » . Алматы – 2002 ж.

5. «Саясат » № 10 . 2003 жыл .

6. «Ақиқат» № 3 . 2000 жыл .

7. «Ақиқат » № 6 . 2000 жыл .

8. «Қазақстанның инвестициялық қызметі ,» - Алматы - 2003 ж.

9. Г. Жолдасбаева «Кәсіпорын экономикасы » Алматы – 2002 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 3 б

І – Тарау ”Қазіргі жағдайдағы инвестициялық саясаттың дамуының
теориялық негіздері“.

1.1. Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері ... ... . 4-
10 б
1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 11-12 б
1.3. Шетел мемлекеттерінің инвестициясын тартудың тиімділігі 13-16 б

II – Тарау Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау

2.1 Инвестицияны талдаудың дәстүрлі критерийлері ... ... ...
17-19 б
2.2 Инвестициялық жобаны бағалау критерийлері ... ... ... ...
20-22 б

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 23 б

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24 б

Кіріспе

Басқарудағы есепте және көптеген әдебиеттерде инвестиция пайда табу,
табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс - әре-
кет пен әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік
және интелектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі. Инвес-
тиция құрамына ақшалай қаржылар , мақсатты банк несиесі,акциялар мен
басқадай құнды қағаз қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар,құрал-
жабдықтар) мүлік , жерді пайдалану құқығы , табиғи ресурстар ,мүліктік құ-
қықтар және тағы басқалары кіреді .
Инвестиция түсінігі көп қырлы құбылыс, оның бірнеше мағы-
налық анықтамасы бар .
- ең алдымен инвестициялау жөнінде сөз өткенде құрал жабдық,
технологиялар жөнінде айтылады , оларды енгізу арқылы
өндірістік процес жүзеге асырылады
- Сонғы кездері бағалы қағаздарды , акцияларды сатып алу жөнінде
сөз болады .
- әлеуметтік экономикалық салдары бойынша оны экономиканың дамуын
қамтамасыз ететін белгілі бір механизм ретінде бағалауға болады
.
Экономикада капитал түсінгігі синоним ретінде қолданылады. Әлем-
дік аренада капитал әр түрлі институтционалдық инвесторлар арқылы
екі формада болады .
-кәсіпкерлік капитал
-ссудалық капитал
Кәсіпкерлік капиталдың өзі халық шаруашылығының кез келген сала-
сына салынуы мүмкін, ал мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады,
бағалы қағаздарды немесе қор құндылықтарын сатып алу және сату ,
шетелдерде өздерінің кәсіпорындарын сату, аралас типтегі кәсіпорын-
дарды құру және басқалар.
I - Тарау Қазіргі жағдайдағы инвестициялық саясаттың
дамуының теориялық негіздері .
1.1 Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері.

Инвестициялық жоба – бұл экономикалық пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімге
жұмсалатын ақшалай және басқада ресурстар .Бұл пайданы есептеп шығару мен
бағалау үшін басқарушы есептің пайдланатын экономикалық есептеулер
жүйесінің біршама элемент тері қолданады . Демек , инвестиция- дағы
басқарукшы есеп алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін соның негізінде
басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін, бірқатар инвести- циялық жобаларды
талдауға және оларды бағалауға тура келеді.
Тап осыған байланысты жаңа экономикалық шындыққа сәйкес ұзақ мерзімді
инвестициялардың тиімділігін бағалау мен талдау жүйесі ең бір өзекті
мәселеге айналып отыр.
Бүгінгі таңда , өмірлік маңызы бар шаруашылық саласында дұрыс және
оптималды басқарушылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін , шынайы
дәрежеде экономикалық белсенділік деңгейін көтеретін және оны сапалы
әдістемелік тәсілмен қамтамасыз ететін есептеулердің қажеттілігі пісіп
жетілді.Ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау және есептеулерді жүр- гізудің
барлық бағыттары бойынша зерттеулер жүргізудің көкейтестілігі , көптеген
қаржылық ұйымдардың да ( банктер , сақтандыру компаниялары , инвестициялық
және зейнетақы қорлары және т.б. ) , және бірқатар жеке- леген
инвесторлардың да ,алдында тұрған тауқыметті мәселесі болып тұр.
Жақын уақыттан бері ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау мен есептеуге ,
яғни Қазақстанның экономикасына батыс компаниялары ның қаражаттарын
тартуға байланысты , инвестицияның мәнісін ашуға біршама талпыныстар
жасалып жатыр.
Тәжірибеде , инвестициялық талдаудың екі әдісі бар , онда мөлшерлеменің
ең төменгі шегін капиталдардың орташа құны бойынша анықталса , ал екінші
әдісінде тәуеклділіктің ең жоғарғы сатысы бойынша есептелінеді. Бұл арада ,
капиталдардың орташа құнын дисконттау мөлшерлемесіе оның түпкілікті
варианты деп есептеуге болмайды , өйткені ол нақты жағдайды толық көрсетуі
мүмкін , сондықтан да оған жиі түзетулер енгізіледі . Бүгінге дейін
әлемдік тәжірибеде инвестициялық жобаларды бағалау мен есептеудің “қо-лайлы
” әдісі табылған жоқ. Бірақта , қазіргі нарықтық экономика жағдай-
ларында ұзақ инвестицияларды есептеу қажеттілігі және оған тиісті ғылыми
зерттеулер жүргізудің керектігі күннен күнге артып келеді .
Сондықтан, осы мәселелертуралы экономикалық әдебиеттерде әртүрлі пікірлер
бар.
Енді сол пікірлерді , біз үлкен үш топқа біріктіреміз :
1. Күрделі қаржыны бөлу концепциясын бухгалтерияда пайдаланатын түсі- нікті
қолданғанды қалайды,яғни бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша ;
2. Күрделі қаржыны бөлу концепциясы кезінде , қажет түзетулерден кейін
танылу керек деп санайды;
3. Инвестиция элементі ретінде активтің кез-келген элементтерін қарас-
тыратын -ұлғайтылған тұжырымдаманы пайдаланғанды қалайды . Ұлғайтылған
тұжырымдаманы қолдай отырып : инвестиция ретінде таныл- маған материалдық
емес активтер мен жалға алынған құралдарды есепке алмай,тек баланста
көрсетілген активтер бойынша санауға болады .Көптеген экономистер
капиталдардың шығындарын инвестиция ретінде қарастырады . Инвестиция
динамикасы (қозғалысы) активтің белгілі бір баптарының өзгерісіне тең
болады .
Бұл арада , “ Инвестицияланған капитал ” деген ұғым екі мағана бе реді .
Біріншіден , кез-келген капитал акцияға , облигацияға , басқа Кәсіпорынның
жарнасына (пайына) айналған түрінде ,демек ұзақ мерзімді қаржы активі
ретінде әрекет ететін , басқа кәсіпорынның пайдасынан өзіне қатысты
үлестік салмағын (дивиденттен ) өз кәсіпорнына әкелетін бағалы қағаз тобы
жатады.Инвестицияның бұл тобы тар мағанада қарастырылғанын көрсетеді Яғни
, оның өнім өндірумен тікелей байланысты еместігін білдіреді.
Қазақстанның бухгалтерлік балансында инвестицияланған капиталды екі
жарып көрсееді , оның бір бөлігі ағымдық актив құрамында болса,ал екіншісі
ұзақ мерзімді активтер қатарында болады.
Олай болса , инвестицияланған капитал өз құрамында “ Аяқталмаған құры- лыс
” , “ Ұзақ мерзімді қаржы бөлу ” (еншілес тәуелді кәсіпорындардың пакет
акцияларын ,жарна үлесін алу ,техниканы бөлу ,ұзақ мерзімге қарыз беру және
т.б.) жағдайлары жатады .Тап осы тұрғысынан инвестицияны кең көлемдегі
мағанасын білдіретін сияқты .Батыс европа елдерінде ин- вестицияның бұл
түрін екіге бөледі , тікелей инвестициялау , яғни инвестицияланған
кәсіпорындарды ,олар өз басқаруына және бақылауына алғандығын көрсетеді (
кейде оларды майнорити деп те атайды ).
Ал екіші түрі , портфельдік инвестициялау , оның көлемі бүкіл акцио-
нерлік капиталдың 10 %-тей құрамын құрайды , бірақ ол басқа ру мен бақылау
құқығын бермейді.
Ал енді біз инвестицияны қаржылық- экономикалық талдау тұрғы сынан
қарастыратын болсақ , онда шаруашылық субъекті қаржылық тұрақтылығын талдау
үшін , инвестицияны негізгі және айнымалы капиталымен қатар қаржылық және
қаржылық емес етіп ,екіге бөлудің керектігін ұсынамыз.
Енді осы айтылғандарды басқарушы есеп тұрғысынан қарастыратын болсақ онда
оның салдарлы кезеңі болып ,мыналар жатады .
- инвестицияның есебін жүргізу , яғни есебін шығару ;
- инвестицияның бюджетін шығару;
- жылдар бойынша ақша – қаражаттарының ағындарын бағалау;
- қолданыс таба алатын капиталдың шын мәніндегі бағасын анықтау, яғни
оны дисконттау коэфиценті ретінде пайдалануға болатындығын көрсету ;
- инвестицияның тиімділігін баяндайтын критерийлерін талдау;
Жобаны бағалау мен талдаудың бүгінге дейін танымал екі әдістері
бар;
а) дисконттық бағалау (немесе динамикалық бағалау )
б) есептік бағалау (статистикалық , жай )
Аталған бағалаудың екі категориясы да бір-бірімен өте тығыз байланысты .
Мәселен статистикалық категориясы (кейде әдебиеттерде оны мәселелер мен
міндеттер деп те атайды ) шаруашылық субъектісінің табыстылығын (қолма-қол
ақша түрінде )құрайтын қабілеттілігін көрсетсе , ал динамикалық міндет- тер
шаруашылық субъектісінің өз ресурстарын табыстылыққа (қолма-қол ақшаға)
қаншалықты жақсы айналдыра алатындығын көрсетеді .Табыстың негізгі екі
қайнар көздері бар : біріншісі : иемденушілер-М(а)К ; екіншісі қарыз
берушілер – банктер және тағы басқа мекемелер (реципиенттер) , сондай-ақ
жеке тұлғалар . Ал шығындар негізінен үштопқа бөлінеді : жабдықтаушылар ;
персонал және салық службасы.
Одан басқа шаруашылық субъектілері қолма-қол ақшаның артығын инвестициялық
қажеттіліктері үшін пайдалануына немесе оның резервтеріне орналастыруына
болады . (1 сызба )
Сайып келгенде , басқарушы есептің инвестициялық мәселелеріне және
инвестицияның түрлеріне ( нақты және қаржылық ) бейімделген ,ағымдағы
тиімділікті бақылайтын және болашақтағы мақсатты болжайтын жүйесі
қалыптасады .
Жобаларды талдау және бағалау әдістері негізінен көптеген болжамды
бағалаулар мен есептеулердің пайдаланғанын көздейді .
Жоба уақыты созылған сайын , оның белгісіздігі және тәуекелділігі артады ,
яғни оны жүзеге асырудың соңғы жылдарында болған, ақша –қаражат- тарының
ағыны арқылы бақылап сынауға болады.
Инвестициялық жобаларды бағалаудың басты критерийлері болып мыналар
табылады:
1. Таза келтірілген эффект ( Net Present Value , NPV )
2. Инвестицияның рентабельділк индексі ( Profitability Index, PI )
3. Табыстың ішкі нормасы ( Internal Rate of return ,IRR )
Экономикалық әдебиеттерде кең таралған даулы пікірлер осы инвес- тициялық
жобаны бағалаудың төңірегінде шоғырланған.Инвестициялық жобаның
тартымдылығын бағалау проблемасы оның табыстылықдеңгейімен
тығыз байланысты болып келеді.
Нақты – бұл жер , құрал-жабдық ,зауыт сияқты материалданған көрнекті
(ұстап көруге болатын)активтердің типіндегі инвестициялар жатады , яғни
олар негізгі қорларды жаңартуға және ұлғайтуға байланысты болып келеді .
Нақты инвестицияың қаржыландыру көзі болып , субъектінің алған табысы
жатады .
Қаржылық инвестициялар,негізінен қағазға жазылған келісім шарт түрінде
көрсетіледі ,кәдімгі акция мен облигациялар. Инвестицияның екі түрі де
өзара тығыз байланысты , сондықтан олардың екеуі де уақыт пне тәуелдік
факторына байланысты болып келеді.
Инвестициялық жобаның табыстылығын анықтау үшін , ең алдымен Дюпон
пирамидасына жүгінейік : ( 2 сызба )
Негізгі қорға қаржы жұмсау босалқы қорларға , резервтерге , сондай-ақ
пайда , дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды
қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп
атайды. Инвестицияны материалдық заттық инвестиция ол салынуға тиісті
өндірістік және өндірістік емес обьектілер , жабдықтар , машиналар
және тағы басқа сонымен қатар , ол ауыстыруға немесе техникалық
парктерді кеңейтуге , материалдық заттарды басқа инвестициялық тауар-
ларды арттыруға бағытталған, ол инвестицияның ақшалай нысаны болса
ол ақшалдай капиталдың материалдық заттық инвестициясын жасауға
инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол
негізгі капиталдың арттыруын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция
біріктірушінің екеуінен қосылады . Оның ішінде біреуі амартизация ол
негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозуы және оның құнын өндіретін
өнімге көшіру процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция бұл капиталдың қаржы жұмсау
негізгі қорларды арттыру , өсіре беру, ғимараттар салу,өндіру және
қондыру , қосымша жабдықтар , қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту
мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвес-
тициялар мен қатар , олардың бөлігі әлеуметтік мәдени салаларына,
яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи
ортана қорғау, осы салалардағы жаңадан салынатын обьектілерге ,
олардағы қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрі
жетілдіруге жұмсалады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі оның жалпы шаруашылық
қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның
экономикасында инвестицияның маңызы зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ
мерзімді факторлардын маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын
ойдағыдай жұмыс істейтін өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды
азайтатын , өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің
бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасымен
нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы .
Сондықтанда оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғары-
дағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыру қажет
.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анық-
талады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және
бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның
стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Сонымен , жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде ,
банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар , технолгия,
машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне ,
несиелер, кез келген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы ,
зиянды құндарды кәсіпкерлік қызмет обьектілеріне немесе басқа да
қызмет түрлеріне пайыз және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына
пайдаланады. Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы
жұмсау процесі ретінде табыс табуға немесе пайда да болмасын басқа
да нәтижеге жетуге тығыз байланысты .
Инвестиция – бұл ресурс , оны жұмсай отырып , болжанған нәтижеге
жетуге болады , сонымен , инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің
екі жағын өзіне ұштастырады ресурс шығындары және нәтижелік , яғни
инвестициялар өз нәтижелерін бермесе , онда олар пайдасыз болғаны .
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді
немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады .
Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлық ) , тікелей ,
портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді .
Венчурлық капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы
қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар
болып табылады . Венчурлық капитал жұмсаған қаржының үлкен
өтелімділігі есебіндегі өз есебінен байланысты емес жобаларды
инвестициялайды , ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады :
несиелік , акционерлік , кәсіпкерлік .
Тікелей инвестициялау – шаруашылық субьектілерінің табыстар
түсіруіне және осы субьектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақса-
тындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады .
Портфельдік инвестициялар - портфельді қалыптастыруға байла- нысты
және құнды қағаздарды сатып алу , сияқты басқа да активтер болып
есептеледі .
Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс
әкелетін сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды
көрсетеді .

1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының
ерекшеліктері .

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру
үшін жағдайлар жасауға , тауар өндіру және қызмет етуді жоғары
тиімділікпен нарық қатынастары субьектілерінің сұраныстарына сәйкес
ұлғайтуға бағытталуы тиіс .
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды
жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту , ең алдымен еліміз-
дің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып
табылады .
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық
жағдайды тұрақтандыру , ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе
бастады . Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң
нәтижелерін айқын көрінуге болады . Мәселен , халықаралық валюта
қорының мәліметтері бойынша Қазақстан жан басына инвестиция тарту
көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін
иеленді .
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процес әлеуметтік –
экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,еліміздегі
реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр . Инвестициялар
кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады .
Инвестициялық жоспарларды іске асыру өндірісті жетілдіріп , сатылатын
тауарлардың сапасын арттыруға ,сонымен қатар жұмыс орындарының көбейіп ,
тұрғындарды еңбекпен толығыман қамтамасыз етуге ,сөйтіп халқымыздың өмір
деңгецінің көтерілуіне мүмкіндік береді . Сонымен , елімізде жүргізіліп
жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп , әлеуметтік
саланың дамуына немесе өркендеуіне мүмкіндік жасайтын процес деп қарауымыз
керек . Осыған орай , инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның
тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік
шараларды ерекшелеудің маңызы зор .
Мемлекеттің даму деңгейі әлеуметтік салаға жұмсалатын шығынның көлемімен
анықталады . Қазақстан дамуының стратегиялық бағыты – эконо- микалық
тиімділікті жеке адамның дамуымен , қоғамымыздағы барлық әлеуметтік
топтардың мүдделерін жетілдірумен ұштастыруымен әлеуметтік жағынан тиімді
нарықтық экономиканы қалыптастыру.
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге ,
тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қаты-
настары субьектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы
тиіс
Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммер-
циялық табысты көбейтуге өте құштар олар тауарларды және қызмет
көрсетуді сұраныстарымен ұштастыра отырып арттыруға , өндірістің түрлі
жобаларын нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады , міне , содықтан да
, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға , атап айтқанда
, салық салу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялар мен инвестициялық шешімдердің жалпы сипаттамасы
Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Инвестициялау объектілері
Жобаны сараптамалық бағалау
Сапамен жобаларды басқару пәнінен оқу бағдарламсы
Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау және оны басқару
ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУ
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі жайлы
Инвестициялық жоба мәні, мақсаты жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындау
Пәндер