Қылмыстардың көптігінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстардың қайталануы және жаза тағайындау


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ 5

1. 1 Қылмыстардың көптігінің түсінігі 5

1. 2 Қылмыстардың көптігінің нысандарының сипаттамасы 6

2 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ЖӘНЕ ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 11

2. 1 Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы 11

2. 2 Қылмыстардың қайталануы бойынша жаза тағайындау 15

2. 3 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау 41

ҚОРЫТЫНДЫ 50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыс қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігінің мәселелеріне арналған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға cәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс [1] . Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар Қылмыстық Кодекстің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; қылмыстардың қайталануының болуын және оның түрін; сотталушының қылмыстық әрекеті қай сатыда тоқталғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.

Жалпы алғанда, сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Оның ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға қатынасы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге жатады. Бұрын сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатігездікпен немесе сыбайласып қылмыс жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше, мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген, өндірісте, тұрмыста жағымды мінездерімен сипатталатын адамдардың бірінші рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.

Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті түрде тексеруі оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін елеулі маңызды болып табылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтың адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындағанда сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да басқа мәліметтерді жан-жақты ескереді.

Осыған орай, қылмыстардың көптігі мәселесін теориялық тұрғыдан зерттеу, жеке күрделі қылмыстардан, қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігінен ажырату қазіргі таңда өзекті деп айта аламыз.

Диплом жұмысының мақсаты - қылмыстардың қайталануы және үкімдердің жиынтығына байланысты мәселелерді жан-жақты кешенді түрде зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстардың көптігін және оны сипаттайтын белгілерді анықтау;
  • қылмыстардың көптігінің нысандарын талдау және негіздеу;
  • қылмыстардың қайталануы және үкімдердің жиынтығы барысында жаза тағайындауды зерттеу.

Зерттеу объектісі - қылмыстардың қайталануы және үкімдердің жиынтығы барысныда жаза тағайындау ережелері қарастырылған қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану аясында қалыптасқан қоғамдық қатынастар болып табылады.

Зерттеу пәні - қылмыстық заңның нақты нормалары болып табылады.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.

Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізін ғылыми танымның жалпы, арнайы, жеке әдістері қолданылды. Оның ішінде, талдау, индукция, дедукция, ұқсастық, салыстыру, жүйелі-құрылымдық, нақты әлеуметтік әдіс, құқықты талдаудың формальды-қисындық әдіс, салыстырмалы-құқықтық әдіс және т. б. пайдаланылды.

Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысында қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстардың көптігін жүйелі түрде талдауға ұмтылыс жасалынған.

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тараудан, бес бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

  1. Қылмыстардың көптігінің түсінігі

Бiр ғана тұлғаның бiрнеше рет қылмысқа баруы - қоғам үшiн аса қауiптi болып табылады. Бiрiншiден, қылмыстық құқықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетiн зиян объективтi түрде анағүрлым арта түседi. Екiншiден, бiр тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектiлерге қиянат келтiретiн болса, зиян келетiн қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуi мүмкiн. Бір тұлғаның бiр ғана емес, бiрнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердiң бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейдi. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғүрлым қатал қылмыстық-құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етедi.

Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстық іс - қимылдарды жасауы қылмысты дұрыс саралаумен, кінәлінің жауаптылығын дараландырумен, сондай - ақ жеке күрделі қылмыстарды қылмыстардың көптігінен ажырату қажеттілігімен байланысты ерекше жағдайларды туындатады.

Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескiру мерзiмi өтпеген немесе соттылығы жойылмаған, не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екi не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазiргi қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінiң төмендегiдей түрлерi айқындалып, ажыратылады:

1) қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы;

2) қылмыстардың жиынтығы;

3) қылмыстың қайталануы.

Қылмыстардың көптігі - жалпыланған қылмыстық құқықтық түсінік және ол ҚР-ң қылмыстық заңнамасында берілмегенмен де, қылмыстық құқық ғылымымен зерттелген. Қылмыстардың көптігінің белгілері:

  1. бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы;
  2. бірінен соң бірі ретімен жасаған қылмыстар;
  3. әр қылмыстан кейін қылмыстық құқықтың салдардың қалуы.

Бірінші белгі - қылмыстардың көптігінің ең негізгі сандық белгісі. Қылмыстардың көптігі болмайды, егер де бүкіл (екі) әрекеттің біреуі кінәлі оларды жасаған кезде қылмыс болып саналмаса.

Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы, яғни олардың әр қайсысы жеке қылмыс болуы керек. Бірнеше қылмысты жасауды біз көптіік деп санаймыз. Мысалы, кінәлі екі жай қылмыс жасауы мүмкін. Біркелкі қылмыстар өзінің сипаты бойынша заңды түрде ұқсас немесе ұқсас емес болады.

Заңды түрде ұқсас деп өзінің объективтік және субъективтік белгілері бойынша бірдей қылмыстарды айтамыз.

Ал заңды түрде біртектес қылмыстарды көбінесе ерекше белгілері бойынша ажыратады, бірақ олар қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетіледі (бап, пункт, бөлік) .

Заңи біртектес емес деп мына қылмыстарды айтуға болады. Олар өзара ұқсас, белгілері жақын және қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетілген (бап, бөлік, пункт) .

Осы қылмыстардың сәйкес келуі көптіліктің нысанын байқауға мүмкіндік береді және соған байланысты қылмыстық заң әр түрлі қылмыстық құқықтық мәнге ие болады.

Қылмыстардың көптілігінің екінші белгісі - рет-ретімен екі немесе одан да көп қылмыс жасауын айтамыз. Ретімен жасау бұл қылмыстың бірі-бірімен бөлек жүретінін көрсетеді. Яғни әр қылмыс арасында белгілі уақыттың болуы. Уақыттың үзілуі созылмалы болмауы керек, бірақ бұл кезде бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратылуы керек.

Көптіліктің үшінші белгісі - әр қылмыстан кейін келтірген зардаптың сақталуы. Осының мәні, яғни көптілікті құрайтын тек қылмыстар немесе кінәлінің әрекетіне нақты жаза қолданған кезін жатқызамыз.

Көптілікке қатысты жағдайлар бұл бір немесе бірнеше ретімен жасалған кінәлінің әрекетін айтуға болады.

2. 1 Қылмыстардың көптігінің нысандарының сипаттамасы

Қылмыстарды бірнеше рет жасау.

Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы дегеннiң мағынасына тереңiрек үңiлер болсақ, ол бiр тұлғаның екi немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл әрекеттерi үшiн тұлғаның сотталғандығы немесе сотталмағандығы ескерiлмейдi. Мысалы, бiр тұлғаның кiсi өлтiру қылмысын екi рет жасауының бiр-бiрiнен қылмыстың жасалған уақыты, орны және басқа да нақты жағдайлары түрғысынан өзара айырмашылығы болуы мүмкiн, бiрақ бұл ҚК-тiң 96-бабында қарастырылған қылмыс құрамының белгiлерi бойынша ұқсас (бiрдей) болып келедi.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 11 бабына сәйкес, қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы деп бір немесе заңда арнайы көрсетілген реттерде әртүрлі баптарда көзделген қылмысты бірнеше рет жасауын айтамыз [2] .

Екі немесе одан да көп қылмыс жасау кезінде, яғни олар әр түрлі баптарға жатса, бұны бірнеше мәрте жасалды деп тек қана ҚК-те Ерекше бөлімінде көрсетілген кездерінде танылады.

Егер бұл істелген қылмыстар үшін, оны істеген адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылса немесе заңда белгіленген тәртіп бойынша осы қылмыстары үшін сотталғандықтан арылса немесе сотталғандығы жойылса қылмыс бірнеше мәрте жасалды деп танылмайды. Сол сияқты жалғаспалы қылмыстар де бірнеше рет жасалған қылмыс болып табылмайды.

Қылмысты бірнеше рет жасау ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының белгілі бір бөлігінде қаралған бірнеше қылмыстарды белгілі бір адамның жасауын көздейді. Белгілі бір адам ҚК Ерекше бөлімінің әр түрлi баптарында көзделген екi немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда, жасалған әрекет ҚК 11-бабының екінші бөлігіне сәйкес бұл туралы қылмыстық заңда (мысалы, ҚК 175-бабының ескертпесінде) арнайы көрсетiлген жағдайларда да бiрнеше рет жасау деп танылуы мүмкiн.
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының саралаушы белгісі қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылықтарды және егер ҚК бабының диспозициясында соттылықтар осы қылмыстың дербес саралаушы белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайда бұрын жасалған қылмыстар үшін соттылық жағдайын да қамтиды. Әрекетті бірнеше рет жасалу белгісі бойынша саралау кезінде кәмелетке толмаған жаста жасаған қылмыстар үшін бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар ескерілмейді [3] .
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын анықтау кезінде адамның заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмыстары немесе солар үшін қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімдерінің өтуі ескерілмейді.

Егер бірнеше рет жасау қылмыстық-құқықтық нормада саралаушы белгі ретінде көрсетілсе, онда белгілі бір адамның бірнеше ұқсас немесе біртектес қылмыстар жасауы осы қылмысты бірнеше рет жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша тұтастай саралауға жатады [4] .
Әр түрлі саралаушы белгілерді көздейтін ҚК белгілі бір бабының әр түрлі бөлімдерінде қаралған бірнеше қылмыстар жасалған кезде бұл әрекеттер тек баптың неғұрлым қатаң жаза белгілейтін және барлық саралаушы белгілерін қамтитын бөлігі бойынша ғана тұтастай саралауға жатады. Мұндай жағдайларда қылмыстық заңның осы бабының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс.
Бірнеше рет жасалуымен қатар, ҚК бабының басқа бөліктерінде көрсетілген өзге де саралаушы белгілері анықталған бір әрекет те осылай саралауға жатады. (Мысалы, ұрлық жасау кезінде оған қатысты ҚК 175-бабының екінші бөлігінде көрсетілген бірнеше рет жасау деген саралаушы белгісі және осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген басқа да саралаушы белгілер анықталса, онда әрекет ҚК 175-бабының үшінші бөлігі бойынша саралауға жатады) . Бұл орайда, қылмыстық заңның осы нормасының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың басқа саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс. Егер бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар әрекетті осындай қылмыс үшін екі және одан да көп сотталған адамның жасау деген белгісі бойынша саралау үшін негіз болса, қылмыстың бірнеше рет жасалуы көрсетілмейді.

Бірнеше рет қылмыс жасаудың құрамдаушылары болып егер ол заңда қарастырылған болса, біртектес қылмыстар табылуы мүмкін, оларға бірдей немесе ұқсас тікелей объектілерге озбырлық жасайтын, бірдей кінә нысанымен және ұқсас уәждармен жасалған қылмыстарды жатқызу қажет [4] .

ҚК 11-бабына сәйкес, қылмыстың бірнеше рет жасалуы ҚК-те неғұрлым қатаң жазаға әкелетін жағдай ретінде қарастырылған жағдайда, тұлғаның жасаған қылмыстары бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін жаза көзделген ҚК Ерекше бөлімінің бабындағы тиісті бөлігі бойынша сараланады.

Қылмыстық заңды дұрыс қолдану азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан қорғауды, сондай-ақ сотталушыларға жасаған әрекетіне сәйкес әділ жаза тағайындауды қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі бір адам бірнеше қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін қажетті мән-жайларды анықтаған және жасалған әрекетті жалғаспалы (созылмалы) қылмыстың, қылмыстардың бірнеше рет жасалуының, қылмыстардың нақты және анық жиынтығының анықтаулары бар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелерін ескеріп, саралаған жөн.

Қылмысты бірнеше рет жасау ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының белгілі бір бөлігінде қаралған бірнеше қылмыстарды белгілі бір адамның жасауын көздейді. Белгілі бір адам ҚК Ерекше бөлімінің әр түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда, жасалған әрекет ҚК 11-бабыныңекінші бөлігіне сәйкес бұл туралы қылмыстық заңда (мысалы, ҚК 175-бабының ескертпесінде) арнайы көрсетілген жағдайларда да бірнеше рет жасау деп танылуы мүмкін.

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының саралаушы белгісі қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылықтарды және егер ҚК бабының диспозициясында соттылықтар осы қылмыстың дербес саралаушы белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайда бұрын жасалған қылмыстар үшін соттылық жағдайын да қамтиды. Әрекетті бірнеше рет жасалу белгісі бойынша саралау кезінде кәмелетке толмаған жаста жасаған қылмыстар үшін бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар ескерілмейді [5, 29 б. ] .

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын анықтау кезінде адамның заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмыстары немесе солар үшін қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімдерінің өтуі ескерілмейді.

Егер бірнеше рет жасау қылмыстық-құқықтық нормада саралаушы белгі ретінде көрсетілсе, онда белгілі бір адамның бірнеше ұқсас немесе біртектес қылмыстар жасауы осы қылмысты бірнеше рет жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша тұтастай саралауға жатады.

Әр түрлі саралаушы белгілерді көздейтін ҚК белгілі бір бабының әр түрлі бөлімдерінде қаралған бірнеше қылмыстар жасалған кезде бұл әрекеттер тек баптың неғұрлым қатаң жаза белгілейтін және барлық саралаушы белгілерін қамтитын бөлігі бойынша ғана тұтастай саралауға жатады. Мұндай жағдайларда қылмыстық заңның осы бабының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс.

Бірнеше рет жасалуымен қатар, ҚК бабының басқа бөліктерінде көрсетілген өзге де саралаушы белгілері анықталған бір әрекет те осылай саралауға жатады. (Мысалы, ұрлық жасау кезінде оған қатысты ҚК 175-бабының екінші бөлігінде көрсетілген бірнеше рет жасау деген саралаушы белгісі және осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген басқа да саралаушы белгілер анықталса, онда әрекет ҚК 175-бабыныңүшінші бөлігі бойынша саралауға жатады) . Бұл орайда, қылмыстық заңның осы нормасының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты анықталған қылмыстың басқа саралаушы белгілері тағылуға жатады және үкімде көрсетілуі тиіс. Егер бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар әрекетті осындай қылмыс үшін екі және одан да көп сотталған адамның жасау деген белгісі бойынша саралау үшін негіз болса, қылмыстың бірнеше рет жасалуы көрсетілмейді.

Қылмыстардың жиынтығы

Егер адам ҚК-ң әр түрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, оның бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да қылмыстың құрамы болады.

Егер де бір әрекет жалпы және арнайы бөлімінің белгілеріне сай келсе, онда қылмыстың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылыққа тұлға ерекше бөлімге сай тартылады.

Қылмыстардың жиынтығы идеалдық және нақты болып екіге бөлінеді.

Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, тармақшалары, бөліктері бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз.

Ал қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына жататын қылмыстарды жасауын айтамыз.

Егер жасалған белгілі бір қылмыстар үшін кінәлі адам сотталса немесе қылмыстық заңмен көзделген негіздер бойынша жауаптылықтан босатылса, онда осы қылмыстар қылмыстардың жиынтығына кіре алмайды. Бұл жағдай жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін. Адамның бұрынғы алынбаған және жойылмаған соттылықтары жаңа қылмыстың саралаушы белгілерінің (бірнеше рет жасалуы, бұрын екі және одан да көп сотталған адамның жасауы) тағылуы үшін негіз болып табылады.

Адамның қылмыстардың біріне қылмыстың бірнеше рет жасалуын көздейтін бір баптың (баптың бөлігінің) күші қолданылатын, ал басқа қылмыстарға ҚК басқа баптарының күші қолданылатын бірнеше қылмыстарды жасауын да қылмыстардың жиынтығы ретінде саралаған дұрыс. Мұндай жағдайларда қылмыстың бірнеше рет жасалуын құрайтын бірнеше әрекетті ҚК бабының бұл қылмыстардың осы саралаушы белгісін көздейтін бөлігі бойынша, ал жасалғаны үшін ҚК басқа баптарымен жауаптылық көзделген басқа әрекеттер - ҚК тиісті баптары бойынша саралануы қажет.

Қылмыстардың жиынтығы кезінде кінәлі адам ҚК 12-бабына сәйкес әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұл сот дәлелденді деп таныған әрбір әрекеттің, әдетте, ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша дербес саралауға жататынын білдіреді.

Барлық жасалған қылмыстардың белгілері неғұрлым қатаң жаза көздейтін ҚК баптарының біреуінің диспозициясымен қамтылған жағдайларда ғана қылмыстар жиынтығы ҚК бір бабы бойынша сараланады.

Қылмыстардың жиынтығына кіретін әрекеттердің дұрыс саралануын қамтамасыз ету мақсатында әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларын мұқият зерттеп, қылмыстардың жасалу ретін, себептерін, мақсатын, кінәнің нысанасын анықтап, сондай-ақ қылмыстық заң нормаларының әрқайсысының диспозициясын талдап және салыстырып, ҚК бір бабында жауаптылық көзделген бір әрекеттің белгілерінің жиынтыққа кіретін басқа бір қылмыс үшін жауаптылық көздейтін басқа баптың диспозициясын қамтитын-қамтымайтынын анықтаған дұрыс. Бұл орайда, қылмыстың белгілері деп, объект объективтік жағын, субъект субъективтік жағын құрайтын белгілерді түсіну қажет.

Қылмыстардың нақты жиынтығы көптік қылмыстардың бір түрі болып табылады да, басқа да көптік қылмыстардың нысандары сияқты бір адаммен әр уақытта, әр түрлі қылмыс жасағанын білдіреді.

Бұл қылмыстар қылмыстық заңның әр түрлі баптары мен бөліктеріне сәйкес келеді. Қылмыстардың нақты жиынтығына кінәлінің сотталғанға дейінгі іс-әрекеттері жатады. Сондықтан да, нақты жиынтық ретінде тану үшін істелген қылмыстардың заңмен қудалану мерзімдері өтіп кетпеуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көптік қылмыстар
Көптік қылмыстар жайлы
Көптік қылмыстарды саралаудың теориялық мәселелері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігі
Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі
Қылмыстың көптігінің түрлері
Қылмыстардың көптігі
Қылмыстардың көптігінің түсінігі және олардың жекелеген қылмыстардан айырмашылығы
Қолданыстағы заңнама бойынша қылмыстардың көптігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz