Алматы қаласының тарихы, бүгіні мен ертеңі


1. Алматы ежелгі қазақ даласы ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Алматы атауының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Алматы сақ және ғұндардың мекені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Алматы . XIII ғасырдағы теңге сарайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4. Алматы аумағындағы орта ғасырлық қала орындары ... ... ... ... ...
1.5. Кейінгі орта ғасырлардағы Алматы аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Алматы . жаңа дәуірде. ±!ш»і ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Көне Алмату қаласының орнында . Верный бекінісі ... ... ... ... ... .
2.2. Ауыл еді астана болды
2.3. Егеменді Алматының қоғамдық . саяси өмірі ... ... ... ... ... ... ... ...
3Алматы ірі туризм орталығына айналу мүмкіндігі бар қала
3.1. Алматы аумағындағы археологиялық ескерткіштердің туризмді
дамыту мүмкіндіктері
3.2. Алматы қаласының тарихы . мэдени ескерткіштері туризм нысаны ретінде
3.3. Алматының табиғи ерекшеліктерін туризм бағытында колдану
Қорытынды.
Пайдаланылған эдебиеттер тізімі...
Қосымшалар
Мемлекеттің өркениеттілік өрісі, ең алдымен, оның мэдени ' құндылықтарға деген көзқарасымен танылады.Тарихи зерттеулердің ең басым және болашағы зор бағыттарының бірі - қала феноменін танып-білу.
Қалалар - пайда болуы өте күрделі, ерекше маңызды қүбылыс. Қала даму үстінде мемлекеттің аса ірі саяси, ғылыми және техникалық орталығына айналса, оның қүрылуы мен қалыптасуы төрткүл дүниенің назарын аударатын нысанаға айналады. Қала - өркениеттің ғажайып эрі заңды феномені. Ондағы тарихи процестер, саяси-экономикалық өмір сипаты төңірегіне эр кез елеулі ықпал етіп отырады. Өз кезегінде қоршаған орта қала өміріне де эсер етеді. Тарихи дэстүрлер уақыт бедерімен астаса келіп, оны үздіксіз өзгеріске түсіреді.
Қалалар - адамдар өмір сүретін орта, ол география, экономика мэдениеттану, археология және тарих ғылымдарының зерттеу нысаны.
Соңғы жылдары, археологтар мен этнологтар анықтаған деректері бойынша, Қазақ хандығының бастапқы кезеңдегі аумағы бұрын болжағаннан гөрі үш-төрт есе үлкенірек болғандығы дәлелденді.
Алғашқы уақытта Қазақ мемлекетінің қүрамына, негізінен, қазіргі Жетісу аймағының жерлері кіріп, оның басты қалаларының бірі Алматы болды. Алматының алыс дэуірлерден бергі қалыптасқан жолы оның бай тарихи деректер қоржынын құрайды.
Алматы қаласының біздің мемлекет тарихындағы маңызы үлан асыр. Ол XX ғасырдың басында Қазақ КСР-нің астанасына айналып, өз бойына республиканың бүкіл саяси, мэдени өмірін шоғырландырды. Мүнда ұзақ жылдар бойы мемлекеттің басқару мекемелері түрды. Қазақстанның болашағына ерекше ықпал еткен шешім - Мемлекеттік егемендік туралы декларация осында қабылданды. Еліміздің тәуелсіздігін таныған мемлекеттердің алғашқы елшілері осы қалаға келді. Тұңғыш университет, театр, Ғылым академиясы мүның бэрі - Алматының қүрамдас бөлігі. Бүл -біздің, тэуелсіз еліміздің бүкіл Орталық Азия кеңістігіндегі мэдени, саяси, қаржы-экономикалық көшбасшысына айналған түңғыш және бүгінге дейін жалғыз мегаполисіміз. Қала тэуелсіз Қазақстанның, оның XXI ғасырдағы дамуының жарқын бейнесіне айналып отыр.
Бүл қаланың тарихын анықтауда, осы күнге дейін өзіндік себептері бар бірқатар қиындықтар болған. Оның бірі жазба мэліметтердің, жылнамалардың, жолжазбалардың, тарихи шығармалардың жеткілікті зерттелінбегені, олардың тапшылығы әрі жүтаңдығы. Осы себепке орай, ұзақ жылдар бойы қала тарихы мүнда орыс эскерлерінің келуімен және Верный бекінісінің іргесін көтерумен байланыстырылды, дегенмен «Алматы кү;р жерде пайда болған қала емес, оның алғаш пайда болуы және тіршілік тарихы «отаршылдық» шығу тегіне апаратын бұрынғы қалыптасқан көзқараспен көп жағдайда жанаспайды. Шындығында, Алматы аумағы XIX ғасырдың орта шенінде майор Перемышльскийдің отряды келгенге дейін-ақ Алатаудың бөктерінде қазақтар қоныстанған қүтты мекен болатын». [1]

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 129 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




(^¥АРАУ. Алматы ежелгі қазақ
даласы...і.^^л ... ... ... ... ... ... ... ..9-45'бет
1.1. Алматы атауының шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 9-16 бет^
1.2. Алматы сақ және ғұндардың
мекені ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 16-2І?бет
1.3. Алматы - XIII ғасырдағы теңге
сарайы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...2#26 бет
1.4. Алматы аумағындағы орта ғасырлық қала орындары ... ... ... ... ... 26-
2$ бет
1.5. Кейінгі орта ғасырлардағы Алматы
аймағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ...7&-А$бет
, #=ТАРА~У. Алматы - жаңа дәуірде.
±!ші ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...4$-(А бет
2.1. Көне Алмату қаласының орнында - Верный бекінісі ... ... ... ... ... .4$-
§ц бет
2.2. Ауыл еді астана
болды ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .§
R-6\ бет
2.3. Егеменді Алматының қоғамдық - саяси
өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. ..64-б^Ібет
, -^Я-ТА-РАУг Алматы ірі туризм орталығына айналу [ Цл^*! мүмкіндігі бар
қала ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .6^-90 бет
3.1. Алматы аумағындағы археологиялық ескерткіштердің туризмді
дамыту
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .6Іг8£бет*
3.2. Алматы қаласының тарихы - мэдени ескерткіштері туризм нысаны
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .8£-g6 eT
3.3. Алматының табиғи ерекшеліктерін туризм бағытында колдану...^б-9^бет
Қорытынды.
Л&*\ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 95-9^бет
Пайдаланылған эдебиеттер
тізімі...Х.л^Т^.У ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..^Ғ^іГ ^ет
Қосымшалар (І№&*)

Кіріспе
зектілігі: Мемлекеттің өркениеттілік өрісі, ең алдымен, оның мэдени '
құндылықтарға деген көзқарасымен танылады.Тарихи зерттеулердің ең
басым және болашағы зор бағыттарының бірі - қала феноменін танып-білу.
Қалалар - пайда болуы өте күрделі, ерекше маңызды қүбылыс. Қала даму
үстінде мемлекеттің аса ірі саяси, ғылыми және техникалық орталығына
айналса, оның қүрылуы мен қалыптасуы төрткүл дүниенің назарын аударатын
нысанаға айналады. Қала - өркениеттің ғажайып эрі заңды феномені. Ондағы
тарихи процестер, саяси-экономикалық өмір сипаты төңірегіне эр кез елеулі
ықпал етіп отырады. Өз кезегінде қоршаған орта қала өміріне де эсер етеді.
Тарихи дэстүрлер уақыт бедерімен астаса келіп, оны үздіксіз өзгеріске
түсіреді.
Қалалар - адамдар өмір сүретін орта, ол география, экономика мэдениеттану,
археология және тарих ғылымдарының зерттеу нысаны.
Соңғы жылдары, археологтар мен этнологтар анықтаған деректері бойынша,
Қазақ хандығының бастапқы кезеңдегі аумағы бұрын болжағаннан гөрі үш-төрт
есе үлкенірек болғандығы дәлелденді.
Алғашқы уақытта Қазақ мемлекетінің қүрамына, негізінен, қазіргі Жетісу
аймағының жерлері кіріп, оның басты қалаларының бірі Алматы болды.
Алматының алыс дэуірлерден бергі қалыптасқан жолы оның бай тарихи деректер
қоржынын құрайды.
Алматы қаласының біздің мемлекет тарихындағы маңызы үлан асыр. Ол XX
ғасырдың басында Қазақ КСР-нің астанасына айналып, өз бойына республиканың
бүкіл саяси, мэдени өмірін шоғырландырды. Мүнда ұзақ жылдар бойы
мемлекеттің басқару мекемелері түрды. Қазақстанның болашағына ерекше ықпал
еткен шешім - Мемлекеттік егемендік туралы декларация осында қабылданды.
Еліміздің тәуелсіздігін таныған мемлекеттердің алғашқы елшілері осы қалаға
келді. Тұңғыш университет, театр, Ғылым академиясы мүның бэрі - Алматының
қүрамдас бөлігі. Бүл -біздің, тэуелсіз еліміздің бүкіл Орталық Азия
кеңістігіндегі мэдени, саяси, қаржы-экономикалық көшбасшысына айналған
түңғыш және бүгінге дейін жалғыз мегаполисіміз. Қала тэуелсіз Қазақстанның,
оның XXI ғасырдағы дамуының жарқын бейнесіне айналып отыр.
Бүл қаланың тарихын анықтауда, осы күнге дейін өзіндік себептері бар
бірқатар қиындықтар болған. Оның бірі жазба мэліметтердің, жылнамалардың,
жолжазбалардың, тарихи шығармалардың жеткілікті зерттелінбегені, олардың
тапшылығы әрі жүтаңдығы. Осы себепке орай, ұзақ жылдар бойы қала тарихы
мүнда орыс эскерлерінің келуімен және Верный бекінісінің іргесін көтерумен
байланыстырылды, дегенмен Алматы кү;р жерде пайда болған қала емес, оның
алғаш пайда болуы және тіршілік тарихы отаршылдық шығу тегіне апаратын
бұрынғы қалыптасқан көзқараспен көп жағдайда жанаспайды. Шындығында, Алматы
аумағы XIX ғасырдың орта шенінде майор Перемышльскийдің отряды келгенге
дейін-ақ Алатаудың бөктерінде қазақтар қоныстанған қүтты мекен болатын.
[1]
Ежелгі және орта ғасырлық Алматы қаласының тарихи мэселелерін зерттеудегі
қиындықтардың тағы бірі - қала аумағында археологиялық қазба жұмыстарын
жүргізудің күрделілігі. Осы заманғы құрылыстар қаланың көне бесігі болған
орталықты басып қалған. Ескі қаланың үстінде ХІХ-ХХ ғасырларда салынған
ғимараттар тұр.Үлкен қаланың өзіндік ерекшеліктері қала археологиясының
айрықша эдістемесін талап етеді, табылымдарды тірнектей теріп, анық
фактілермен қатар жанама деректерді де назардан тыс қалдырмай саралағанда
ғана зерттеулер оң нэтиже береді.
Қаланың шынайы тарихын жасауға, оның мэдени бастауларын қалпына келтіруде
кедергі болып келген және бір себеп - кеңестік идеологияның ыңғайына орай,
нағыз тарих тек 1917 жылғы революциядан бастау алады деп, бұрынғы тарихты
өшіруге тырысқан, өткенге жауыға қараған күні кеше ғана болған солақай
саясат.
2004 жылы қала экімдігінің қаржыландыруымен Алматы экспедициясының кең
ауқымды жүмыстары басталған соң археологиялық мэліметтердің көлемі күрт
үлғайып, қала тарихы жөнінде ежелгі және орта ғасырлық (XIV ғасырға
дейінгі) кезеңдерде, адамдардың қала аумағын игере бастауы, аймақта қола
және ертедегі темір дэуірлерінің қоныстары пайда болуы, қаланың
ортағасырдағы саяси-экономикалық, мэдени өмірдің орталығы болғандығын көре
аламыз.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе мынаны айтуға болады. Иэ, Алматының
ертедегі және таяудағы өткенін танып білуде салыстырмалы түрде қалыптасқан
тарихи дэстүр болғанымен, қаланы шын мәнінде кешенді түрде танып-білу
жүмыстары енді ғана басталып келеді. Сонымен қатар, тарихи, археологиялық,
мэдени және табиғи құндылықтарды туризм бағытында қолдана отырып, Алматы
қаласында экономикалық-элеуметтік маңызы бар инфроқұрылымдарды дамыту
бүгінгі күннің еншісіндегі толық шешімін таппай отырған мэселердің бірі.
Зертттелу деңгейі: Алматы аймағы мен бүкіл оңтүстік-шығыс Қазақстандағы
соғыс қимылдары мен этносаяси, элеуметтік тарих мэселелері XVIII-XIX ғғ.
көптеген зерттеушілердің назарын жиі өзіне аударған.
Алматы аймағын ғылыми түрғыдан зерттеу дэстүрі бұрыннан бар. Жаңа заман
кезеңінде орыс ғалымдары мен саяхатшылары Алматы аймағына қатысты қызықты
деректер мен сипаттамалар қалдырды. Ресейдің Қазақстанды өзіне қосып алу
кезеңінде ресейлік саяси қайраткерлер жоңғар шапқыншылығының өтінде
түрғандықтан стратегиялық маңызға ие болған, сауда жолдары өткендіктен
эртүрлі оқиғалардың орталығына айналған өлкеге көз тікті. А.И.Тевкелев бүл
аймақта ¥лы жүз бірлестіктерінің өкілдері түрады және халқының санына орай
өте маңызды деп жазған [2] .
А.И.Тевкелевтен кейін аймақтың маңызы жайында П.И.Рычков пен И.Г.Георги
жазды [3]. П.И.Рычков өзінің іргелі еңбегі Орынбор тарихында қазақ
халқына мінездеме бере отырып, онда түратын қазақ руларын сипаттады. Ресей
мемлекетіндегі түратын барлық халықтар атты 4 томдық еңбегінде
қазақтардың, оның ішінде Жетісуды мекендеген қазақтардың этнографиясы мен
саяси тарихына жан-жақты ғылыми сипаттама жасалады.
Г
4
XVIII ғ. дэстүрі XIX ғ-да жалғасты. Т.С.Бурнашев пен М.Поспелов 1818 ж.
Сибирский вестник журналында Поспелов пен Бурнашевтың 1800 ж. Ташкентке
сапары[4] деген атпен жарияланған жолжазбаларында аймақ жайында
алғашқылардың бірі болып өз деректерін қалдырды. Жетісу жайлы қызықты
жазбаларды И.Г.Андреев те қалдырды. Оның кезінде жарияланбаған қолжазбасы
1998 ж. ғана шықты. Андреевтің аймақ жайлы, оның халқы, тұрмысы, аймақтың
аз зерттелген кезеңіндегі бірлестіктерінің (ру, тайпаларының) билеушілері
жайлы мэліметтерінің танымдық және ғылыми құндылығы үлкен. И.Г.Андреев
еңбегінің қысқаша атауы Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы [5].
1832 жылы жарияланған А.И.Левшиннің Описание киргиз-кайсакских или киргиз-
казачьих орд и степей атты еңбегі Алматы аймағы мен оның бүкіл XVIII ғасыр
бойындағы жағдайын зерттеуге қатысты мэліметтердің, деректердің,
аналитикалық материалдардың басы қосылған үлкен жинақ болатын [6].
Аймақ тарихын зерттеуге Ш.Ш.Уәлихановпен бірге Г.Н.Потанин үлкен үлес
қосты. Ол 1867-1868 ж.ж. Чтения в Российском обществе исторических
древностей журналында Материалы по истории Сибири тақырыбымен
жарияланған еңбегінде Сібір архивтерінде сақталған Сібір тарихына қатысты
архивтік қүжаттарды зерттеудің негізінде аймақ (Алматы аймағы) туралы
қызықты мэліметтер келтірді [7]
Г.Н.Потаниннің еңбектері қазақтардың, орыстардың, бүл өлкеге түрлі
себептермен тап болған аймақтың басқа үлттарының, Шығыс Түркістан
түрғындарының өмірін зерттеудегі мүқияттылығымен ерекшеленеді.
Аймақтың саяси тарихын зерттеудегі алғашқы жүйелі және бірден-бір нақты
зерттеу жүмысы ірі орыс шығыстанушысы В.В.Бартольдқа (1869-1930) қатысты.
Өзінің алғашқы жүмыстарының бірі Очерк истории Семиречья [8] атты
еңбегінің бір тарауын Моғолстан тарихының негізгі оқиғаларын суреттеуге
арнаған. Мэліметтердің қысқалығына қарамастан, мұнда Моғолстан тарихы түгел
берілген. Кейінгі Киргизы. Исторический очерк [9], Туркестан в эпоху
монгольского нашествия [10], т.б. еңбектерінде толықтырылып және анықталып
берілді. Дарынды шығыстанушының аталған еңбектері және көптеген басқа да
еңбектері болашақ зерттеушілерді Моғолстан тарихын тереңірек зерттеуге,
жаңа беттерін ашуға бағыттады.
Бартольд өзінің Очеркінде ... Темірдің Қамар ад-Динге қарсы жорығын
суреттеу барысында Шараф ад-Дин Әли Йаздидің Зафар-намада Алмалық
(Алматының шығысында болған шағатайлардың Қаласы) деп берген қате атауын
Алматы деп (қазіргі Верный) түзетті. Бартольд еңбектері элемдік ғылымдағы
шығыстану шыңының классикалық Үлгісі. ғалымның Жетісу мен Алматы аймағын
жан-жақты зерттеудің нэтижесінде жасаған көптеген ғылыми тұжырымдары аймақ
тарихының бүтін суретін, өзіндік ерекшеліктерін Қазақстанның басқа
аймақтарымен салыстыра отырып берді.
Тарих ғылымының Қазақстан тарихын зерттеудегі жетістіктері М.П.Вяткиннің
Очерки по истории Казахской ССР. С древнейших времен
5 до 1870 года атты еңбепнде қорытылған. Жұмыста Алматы Е. Б. Бекмаханов
аймағының тарихына қатысты материалдар беріліп, мысалы, біз қарастырып
отырған аймақтың қазақтары Қасым хан билігіне дейін моғол билеушілеріне
вассалдық бағыныштылықта болды деп кейде қате болса да, жалпы қорытындылар
жасалған [11].
М.П.Вяткин сол кездің тарих ғылымының талаптары түрғысында аймақ өмірінің
әлеуметтік-саяси қырларын біршама терең зерттеді.
В.П.Юдиннің моғол тақырыбындағы зерттеулері де көңіл қоярлық. Оларда
моғолдардың этникалық тарихымен қоса олардың қазақтармен, соның ішінде
Алматы аймағында түрған қазақтармен саяси, этникалық, мэдени байланыстары
мэселесі қарастырылды [12].
Моғолстан мен Жетісудың және Алматы аймағы тарихының эртүрлі мэселелері
кеңес тарихшылары мен шығыстанушылары С.А.Әзімжанова, О.Ф.Акимушкин,
Б.А.Ахметов, А.И.Исин, К.И.Петровтың [13], т.б. бірқатар жұмыстарында
зерттелген.
Е.Б.Бекмахановтың еңбектеріне арнайы көңіл бөлу керек. Оның XIX ғасырдың
20-40-жылдарындағы Қазақстан атты монографиясында Қоқан билігінде болған
аймақтың саяси, элеуметтік-экономикалық өміріне терең тарихи талдау
жасалынып, Кенесары Қасымовтың Жетісуда болуы сипатталған. Ғалым Кенесары
Қасымовтың ролін жан-жақты қарастырады. Ол: Үкімет Кенесарының Үлы жүзде
жаңа жақтастар тауып, ¥лы жүздің жерін жаулап алуды біраз уақытқа
тоқтататынын болжап, Кенесары қозғалысын оқшаулауға бар күшін салды. Ол бүл
үшін үлы державалық крепостниктік саясатқа тэн үйреншікті эдісін -
қырғыздарды қазаққа айдап салу әдісін қолданды [14], - деп жазды.
, л {,Дерек көздері: XVI ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет
қайраткері, Үлы моғолдар эулетінің негізін салушы Захириддин Мұхаммед
Бабырдың шығармасында мынадай деректер келтірілген: Ферғана - бесінші
климат белдеуінде орналасқан аймақ, өңделіп-айдалған жерлермен, шығысында -
Қашқармен, батысында -Самарқандпен, оңтүстігінде Бадахшан таулармен
шектеседі. Бұрын солтүстігінде Таразкент кітабында аталған Алмалық, Алмату
және Янғы тәрізді қалалар болғанымен, оларды моғолдар қиратып-талқандаған,
қазір ол жерлерде елді мекен атымен жоқ. Қирап-бүлінген қалалардың
қатарында болашақ Верный бекінісінің
орнында қоныс тепкен, Алмату деген көне атқа ие ортағасырлық қала аталады.
Алмалық аймағына қатысты аса қызғылықты көне деректі Рашид-ад Диннің (1274-
1318) атақты Жами ат тауарих еңбегінің Оғыз хан туралы тарауынан табуға
болады. Шамамен Х-ХІІ ғасырларда болған оқиғаларды баяндай отырып, тарихшы
Оғыз ханның өзінің кезекті жорығы кезінде Алатаг (Алатау) пен Алмалық
өңіріне дейін жеткенін, Аққайя мекенінде ардагер сарбаздармен жүздесіп,
жолыққанын жазады. Алмалық атауын географиялық түрғыдан Іле Алатауының
бөктерінен, Алматы аймағынан
6
іздеген жөн тэрізді. Ақыр соңында, көне теңгелерді
зерттеу
нэтижесінде Алматы қаласының тарихы жөнінде жаңа деректерге қол жетті. 1979
жылы бұрынғы Алматы шекара училищесінің территориясынан екі күміс теңге
табылды. Сыртқы түрі, көлемі және соғылу тәсілі жағынан олар XIII ғасырдың
соңғы ширегі мен XIV ғасырдың басында, Масүд бек жүргізген ақша реформасы
кезінде Орта Азия мен Шығыс Түркістан қалаларында шығарылған теңгелерді
еске салады. Олар Шағатай мемлекетінің 12 ақша сарайында теңгелер арқылы
бұрыннан жақсы таныс Шағатай таңбаларымен қатар орналастырылған, 1271-1272
және 1306-1307 жылдар аралығы деген датамен белгіленген.
Осы айғақтың негізінде
шығыстанушы, нумизмат В.Н. Настич бүл теңгелердің Жетісуда соғылғаны және
XIII ғасырда қазіргі Алматы территориясында теңге сарайының болғандығын
жорамалдайды. XIII ғасырда қазіргі Алматы бұрынғы Алматудың орнында
ірге тепкен елді мекен[15].
Жазба деректердің мэліметтері, табылған теңгелер мен басқа да археологиялық
айғақтарға сүйене отырып, көне замандарда Алмату аталған қазіргі Алматы
қаласының іргетасы Х-ХІ ғасырларда қаланған, оның тарихы кемінде 1000 жылды
қамтиды. Ал Алматы өңірінің ортағасырлық қалалар көтергеннен 3000 жыл бұрын
көшпелі тайпалардың қоныс-түрағы болғаны - тарихи шындық.
Жұмыстың мақсаты - Алматы қаласының мәдениеті мен тарихын, эдет-ғүрпымен
дэстүрін таныстыру, сонымен қатар Алматы қаласының бүгінгі күнгі өркендеуі,
саяси-элеуметтік дамуы, тағы да сол сияқты туризм орталығына айналдыру
мәселесін қолға алу болып келеді.
Туризм шеңберіндегі аумақтық методологиялық сүрақтарға жауап іздей отырып,
оның Қазақстан республикасының экономикасын дамытудағы рөлін анықтау.
Табиғи және элеуметтік-экономикалық жағдайларға баға бере отырып, оның
Алматы қаласында туризмді дамыту мүмкіндігін анықтау. Алматы қаласында
туризмді дамыту концепциясын жасау.
Жұмыстың міндеттері - Жоғарыда көрсеткен мақсатқа сай төменде көрсетілген
міндеттерді жүзеге асыру көзделген:
- Туризмді дамытудың тарихи және элеуметтік
-экономикалық алғышарттарын ашып көрсету;
- Алматы аумағындағы тарихи-археологиялық ескерткіштердің туризмді
дамыту мүмкіндіктерін анықтау;
- Іле Алатауы бөктеріндегі ежелгі Қола, Сақ қорғандарының танымдық
туризмді дамытудағы алатын орнын айқындау;
- Алматы қаласының тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмді дамытудағы
маңызын ашып көрсету;
Жұмысының әдістемелік және теориялық негіздері. Зерттеу жүмысымызда
тақырыпқа байланысты шыққан мақалалар, шетелдік және отандық авторлар
жазған эдебиеттер кеңінен қолданылды. Жүмысты жүргізу барысында
салыстырмалы-талдау, жүйелік талдау, тарихи талдау эдістемелері қолданыды.
7Зерттеу жұмысымызда қалалық тарихи-археологиялық мұражайлардың жазба және
нақты материалдары, сондай-ақ географиялық, экономикалық және басқа да
рефераттық журналдар, диссертациялық авторефераттар пайдаланылды.
Жұмысытың жаңалығы - Алматы қаласында туризмді дамыту үшін тарихи -
археологиялық, табиғи және элеуметтік-экономикалық зерттеу жұмыстары
жүргізілді.
Жүмыстың қүрылымы мен мазмүны: -Бітіру жүмысы кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған эдебиеттер тізімінен
түрады.
Бірінші және екінші тарауларда негізінен Алматы атауының шығу тарихынан
бастап, еліміздің бүгінгі күнге дейінгі уақыт аралығындағы тарихи кезеңдері
жан-жақты ашып көрсетілген.
Үшінші тарауда тарихи - мәдени - сэулет және археологиялық ескерткіштері,
табиғат ерекшеліктері мен ел тарихында ерекше орын алған оқиғалар болған
жерлерде туризмді дамытудағы рөлі ашылып көрсетілген.
Жүмысқа негіз болатын қажетті жазба деректер Алматы қаласындағы Үлттық
кітапхана мен Үлттық Ғылым Академиясының ғылыми кітапханасынан алынды.

1-тарау-Алматы ежелгі қазақ даласы
1.1. Алматы атауының шығу тарихы
Өткен заманда (біздің дэуірдің VI-VII ғасырында) қазіргі оңтүстік астананың
жерінде Алматы, Алмалы, Алмалық дейтін елді қоныстармен қалалар, Алма-
Арасан-Алмалы қайнар Алма кеш, Алмалы өткел деген сайлар, өзектер болған.
Қаламыздың қазіргі Алматы деген аты сол ежелгі аттарының бірі.
Алматы қаласының тарихы мен мэдениетін зерттеудің қайнар көздеріне, ең
алдымен, Алматы аймағы мен Жетісудың археологиялық ескерткіштері, жазба
ескерткіштер, оның ішінде қолжазбалар, шығыс пен батыстың көне
(литографиялық) кітаптары, нумизматикалық жэдігерлер, орыс мүрағаттарының
материалдары мен эртүрлі құжаттар жатады.
Алматы аймағының тарихын зерттеуге қажетті жэдігерлер жақын және алыс
шетелдердің ғылыми орталықтары мен мұрағаттарында сақталған. Қазақстан
тарихына қатысты шығыстық және батыстық қолжазбалардың мол мүрасы Ресейде,
Өзбекстанда, Тэжікстанда, Иранда, Түркияда, Қытайда, Франция, Грекия мен
Үлыбританияда сақтаулы.
Алматы мен Алматы аймағының тарихына қатысты жазба ескерткіштер эжептэуір
мол болғанымен, олардағы деректер үзік-үзік және қысқа. Ертедегі географ,
тарихшы, саяхатшылардан қалған жазбалар араб, парсы, түрік және батыс
европалық тілдерде жазылған.
Бүл жазбаларда қала Алматы, Алмату, Алимту деп берілген. Алматы атауының
этимологиясы көнетүркілік alma (қызыл жидек немесе алма) түбірінен
шығады: alma + Ing (+ Ing - белгілі бір ерекшелікке, қасиетке иелікті
көрсететін қосымша).
Қыпшақ тобында, әсіресе, қазақ тілінде берілген қосымша екі түрлі формада
кездеседі: толық түрінде + лық (бай+лық, су+лық, май+лық, жау+лық, т.б.);
+лы түрінде (тау+лы, алма+лы, су+лы, қар+лы, т.б.).
Алматы сөзінің өзі alma + tn alma + tu түбірі мен қосымшадан жасалған.
Бүл түр қазақ тілінде жиі кездеседі, мысалы: тас + ты, қат + ты, жеміс +
ті, қамыс + ты, түз +ды, қүм + ды, жауын + ды т.б.
Көне моңғол тілінде alim + ti, alim + tu alim алма + tai + ti+ tu
(белгілі бір ерекшелікке, қасиетке ие болуды білдіретін қосымшалар).
Топонимист-ғалым Ғ.Қоңқашбаев, А.Әбдірахмановтардың ойынша қала атауының
лексикалық, топонимикалық мағынасы алма көп өсетін жер, алмалы жер
немесе тікелей алмалы қала дегенді білдіреді. Лингвист ғалым Е.Қойшыбаев
-ты лексемасы бұрын -тутүрінде болыпдазіргі тау сөзінің мағынасын берген.
Бүл лексема кейін ұзаққа созылған рансформация процесі нэтижесінде қазақ
тілінде -ту және -ты түріне йналды. Е.Қойшыбаевтың бүл заңды қүбылыс [16]
деген пікірімен келіссек, Шідерті, Тобылғытты атауларының мағынасын
түсіндіру қиын. Шідерті - азықта ағатын өзен атауы, ал, тобылғы - жазық
жерде өсетін бұта. .Қойшыбаевтың үстанымы А.Голубевтің Алматының көне
атауы - Алмату Верныйды кейде Алматы дейді; қырғызша (қазақша - ред.) бүл
сөз алма өсетін тау деген мағына береді. Шындығында Алмату сөзі түркі
тілдерінің көбінде жиі
9

кездеседі, -ты және -ті форманттары қатар қолданылады.Бірақ олар тау
мағынасында болды деуге келмейді дегенді қайталайды. Түркітанушы
В.В.Радлов алма түбірлі сөздерге мынандай талдау асайды. Alma - Алма
(der Ahfel), Almali (алма+лы) - алмасы бар алмалы ғаш, Almalik - алма бақ,
Almalik (alma+іік), Верный город - die Stadt Wemyi (auch Almaty genant;),
Almalig, almalik[17] .
Бірақ, Е.Бретшнейдердің ойынша, мұсылман авторларының, моңғол дэуірі
тарихшыларының және сол кезеңдегі Батыс Азиядан Моңғолияға барған
саяхатшылардың айтуында жиі қайталанатын А-ли-ма-ли немесе Алмалық
Моңғолиядан Персияға тартқан ¥лы жолдың бойында, қазіргі Қүлжа қаласының
(ҚХР) маңында болған. Е.Бретшнейдердің Зерттеулерінің бірінші бөлімінде А-
ли-ма-лидің қытай саяхатшылары жасаған кейбір бөліктерінің суреттемелері
бар, олар көне Алмалықтың орналасу мэселелеріне көңіл бөлген.
География мәселелеріне арналған шығармалар және тарихи-географиялық
мазмүндағы кітаптар, элбетте, географиялық мәліметтерге бай болады. Бұлар:
Мүхаммед ибн Мұса эл-Хорезмидің Китаб сурат ал-арз (Жер суреттерінің
кітабы), Әбу Зайда Балхи, Истахри-и ибн Хаукалдың қаламынан туған Китаб
ал-масалик ва-л-мамалик (Жолдар мен мемлекеттер кітабы), авторы белгісіз
Худуд ал-алам (Әлем шекаралары), Наджиб Бакранның Жаһан-нама (Әлем
жайлы кітап), Сам'анидың Китаб ал-ансаб (Шежіре кітап), Хамдаллах
Мустауфи Казвинидың Нузхат ал-кулуб (Жүрек лэззаты), Хафиз Абрудың
География, Захириддин Мұхаммед Бабырдың Бабырнама, Мырза Мұхаммед
Хайдардың Тарих-и Рашиди, Амин Мүламмад Разидың Хафт иклим (Жеті
ықлым), Сұлтан Мұхаммед Балхидың Маджма ал-гараиб (Ғажайыптар жинағы),
т.б.
Тарихи географияға қатысты деректер, аздап болса да, тарихи шығармаларда
берілген: Низам ад-дин Шамидің Зафар-нама (Жеңіс кітабы), Фасиха Ахмад
Хавафидің Зубдат ат-тауарих (Жылнамалар қаймағы), Муджмали Фасихи
(Фасих ережелері), Абд ар-разақ Самарқанидидың раузат ас-сафа (Тазалық
бағы) т.б [18].
... Омар-шейх эмірзада Анчад деген жерде Темірге салтанатпен және жеңіспен
келіп қосылды. Соңғы уақытқа дейін жау іздеп кеткен Шеих Али-бахадүр және
Ину Темірден хабар жоқ болғандықтан оларды табуға Темір ержүрек эмірзада
Омар-шейхты жіберіп, сол кезде олар [Шейх Али-бахадүр мен Ину Темір] басқа
жолмен келді. Ханзада [да] Алакөлге жетті. Қарауылдың әдеті бойынша ол 50-
60 салт аттылармен эскерден бір фарсанг ұзап кетті. Күтпеген жерде 300
моғол салт аттылары кездесті. Туа біткен дарын ханзадаға намыс тізгінін
қашқындықтың қолына бергізбей, Құдай берген табандылық жолына нық тұрғызып,
ол [оларға] қасқайып қарсы тұрды.
Өз уақытының ең атақты жылнамашысы, ¥лы Моғолдар эулетін құрушы Захириддин
Мүхаммед Бабыр болды. Темірдің үрпағы Бабыр 1494 ж. 12 жасқа толмаған
кезінде Ферғананың билеушісі болған Омар-Шейхтың
10
мұрагері болды. Ағайын арасында болған қырқыстың нэтижесінде өз
иеліктерінен қуылған Бабыр 1504 ж. Кабулге орнығып, сол жерден Самарқан мен
Ферғананы басып алу үшін көптеген сэтсіз жорықтар жасады. Бабыр Үндістанның
әскери элсіздігін, феодалдық алауыздықтарын пайдалана отырып, мүқият
дайындықтан кейін 1525 ж. оған басып кірді. 1526 ж. Бабыр Панипат қаласы
маңындағы шайқаста Дели сүлтаны Ибрахим Лодидің саны басым эскерін
талқандап, көп ұзамай Дели мен Аграны басып алды. Бұдан арғы сәтті
соғыстардан соң өз билігін Солтүстік Үндістанның көп бөлігіне орнатты.
Бабырдың өз өмірін, Ауғанстан мен Үндістанға жасаған жорықтарын, өз елі мен
Үндістанның тұрмысы мен табиғатын суреттеген Жазбалары құнды тарихи,
көркем ескерткіш болып табылады. Олар көне түркі тілінде жазылып, суреттеу
шеберлігі кей түхтарында көркемдіктің биік деңгейіне көтеріледі.
Бабыр-наманың ең басында Ферғананың солтүстігіндегі бірнеше қала аталады.
Ферғана - бесінші аймақтағы қала, өңделген жерлердің шегінде орналасқан;
одан шығысқа қарай Қашқар, батысында - Самарқанд, оңтүстігінде -
Бадахшанмен шектесетін таулар, терістігінде бұрын Алмалық, Алмату және
кітаптарда Таразкент деп аталатын Янги қалалары болғанмен оларды моңғолдар
қиратып, онда қазір ешқандай елді мекендер қалмаған. Бүл үзіндіні
бағамдасақ Алмалық пен Алматудың мүлдем бөлек қалалар екені анық байқалады.
Алмалық-Іле өзенінің бас жағьшда Қүлжа қаласының (ҚХР) маңында болған қала
[19].
Бүл кезең тарихының ең бағалы қайнар көзі - Мырза Мүхаммед Хайдар бен
Мұхаммед Қүсайын-куракан доғлаттың Тарих-и Рашидиі. Оны көбіне Мырза
Хайдар немесе Хайдар мырза деп атайды. Мүхаммед Хайдардың ата-бабалары
моғолдың доғлат тайпасының әмірлері, Қашқарияның мүрагерлері және
билеушілері болатын.
Мырза Мүхаммед Хайдар доғлат 1499-1500 жж. Ташкентте туған. Ол шешесі Хұб
Нигар ханымға эпке болатын Қүтлық-Нигар ханымның баласы Захир-ад-Дин
Мұхаммед Бабырдың немере бауыры [20] .
Тарих-и-Рашидидің тілі - орта азиялық парсы тілі. Мырза Мүхаммед Хайдар
доғлаттың еңбегі Моғолстан мен Қашқариядағы Шағатай эулеті хандарының,
доғлат тайпасы мен оның билеушілерінің Шығыс Түркістанды билеуі мен
Моғолстан тарихы жайлы.
Тарих-и-Рашиди - қазақ халқының тарихы бойынша негізгі қайнар көздердің
бірі. Тарих-и-Рашидиде қазақтар жайлы мэліметтер өте көп. Онда Шығыс
Дешті Қыпшақтың тарихы Керей мен Жэнібектің көшуіне дейін берілген. Сонымен
қатар Керей мен Жэнібектің көшуіне де арнайы тоқталып, осымен байланыстыра
отырып, қазақ атауын алудың себептерін ашады. Тарих-и-Рашидиде қазақтың
алғашқы хандары жайында, қазақ-моғол, қазақ-өзбек қарым-қатынастарындағы
достық, жаулық қатынастар, Моғолстанға иелік ету мақсатындағы қазақтар мен
моғолдардың күресі, қазіргі Жетісу аймағына иелік ету үшін болған тартыс,
Жетісудың тарихи географиясы мен топографиясы жайында мол мэлімет береді.
Бүл еңбектің
11
жан-жақты деректерін XV-XVIII ғғ. қазақ халқының тарихын зерттеушілердің
бэрі дерлік пайдаланғанмен, еңбек толық иге-рілді деп айтуға болмайды.
Қалмақтардың Моғолстанға жасаған алғашқы шабуылдары XV ғ-да басталды;
моғолдар мен қалмақтардың алғашқы шайқастары Іле өзенінің бойында болды.
Осы себепті Моғолстанның билеушісі Уәйіс хан (Тарих-и-Рашиди бойынша 832
(1428-29) қ.ж.) өлген өзінің бас ордасын батысқа қарай, Ілебалыққа көшірді.
Осы уақыттан бастап бүкіл ел қытайларға Илибали атымен белгілі болды. Бүл
кездегі елдің мәдени-әлеуметтік қүрылымының қаншалықты өзгергенін XV ғ. тэн
қытай жазбасындағы Илибали жайында қалалар да, сарайлар да жоқ және бүкіл
түрғындар көшпенді өмір сүрді деген деректерден көруге болады [21].
Қалмақтардың бас ордасының немесе ургасының орналасқан жері бәрінен дэлірек
жоңғар ханына елшілікке барған Унковскийдің сапары арқылы анықталады. Талқы
асуынан өткен Унковский Чаган-Усун, Алимту, Хоргос, Кичим өзендерін атайды.
Ол Іледен өтіп, өзеннен оңтүстікке қарай 3 шақырымдай жерде қонып, келесі
күні 6 сағат жүріп Ургадан 3 шақырымдай жердегі қазылған қүдықтары бар
қосқа келді. Бүл қос Царым өзенінен бір шақырымдай жерде[22]. Бүған
қарағанда қалмақ ордасы Іленің оң жағында, Жетісуда болған.
Алматы жайындағы деректер XVIII-XIX ғ.ғ. қатысты моңғол, манжүр, қытай
жазба ескерткіштерінде де кездеседі. Жоңғар хандығы бытырағаннан кейін,
эсіресе, өзіне Қашқарияны қосып алғаннан кейін Манжур-Цин империясы Орталық
Азияның жері мен халқына көз тіге бастады. Осы себепті қытай, манжүр
тіліндегі шығармаларда қазақ жері жайлы деректер көбейді. Сиюй тучжи және
Сиюй шуй дау изи атты екі географиялық шығарма (XVIII ғ. жарияланған)
қазақтар мен Орта Азия халықтарының тарихы бойынша Қытайдың қүнды тарихи
дерек көздері болып табылады
Сиюй тучжи кітабының толық атауы Циньдин хуанюй Сиюй тучжи аудармасы -
Императордың эмірі бойынша жасалған Сиюй жайлы суретті мәліметтер. Цин
әулеті императоры Цяньлуньнің бұйрығымен 1756-1782 ж.ж. жазылған бүл кітап
52 бөлімнен түрады. Сиюй тучжи кітабында Алматы сөзіне қатысты 3 атау
кездеседі: біріншісі -Алимату Баршук гол деп аталған өзен. Ол Еміл
өзенінің оңтүстік-батыс жағында. Демек, өзенді Алматыдан алыс, Барлық
тауларынан іздеу керек; екіншісі - Алимту жерінің атауы Алимату гол
(өзен) өзенінің атынан туған. Автордың айтуы бойынша бүл өзен Іледен
(Қүлжа) 100 ли жерде, Іле өзенінің солтүстік саласы Шаған Усу өзенінің
солтүстік-батысында.
Бұған қарағанда, бүл өзен қазіргі СУАР-дың солтүстік-батысында, Қорғастың
маңында болу керек; үшіншісі - Гурбан Алимату, моңғолшадан аударғанда Үш
Алматы қазіргі Алматы қаласы аумағындағы өзендер. Кітап авторы Талғар
өзенін де атайды. Гурбан Алимату Іле өзенінің солтүстік жағында, Куэрту
деген жерден 20 ли. Егер екі өзеннен өтсең сол жерге жетуге болады. Бұрын
бүл жерді жоңғардың Кубеньнаяче тайпасынан Очив Обашаның қол астындағылар
жайлаған [23].
12
Талғар Іле өзенінің солтүстігінде, Алимату жаққа қарай 40 ли жерде. Егер
бір өзенді кесіп өтсең, сол жерге жетуге болады. Ол жерде үш бүлақ бар.
Талғар өзені. Талғар өзені Түрген бүлағының (өзенінің) солтүстік батысында
20 ли жерде, Іле өзенінің төменгі ағысының солтүстігінде, бүл өзен
солтүстік-шығысқа қарай 80 ли ағып барып Іле өзеніне қүяды. Батысқа қарай
20 лиде Гурбан Алимату бұлағы (өзені) бар, үш арнадан құралатын бүл өзен
Агуй тауынан басталып, солтүстік-шығысқа қарай ағады. Іле өзеніне
қосылмайды [24].
Екінші Сиюй шуй дау изи кітабын 1811-1821 ж.ж. қытай шенеунігі Сюй Сун
құрастырған. Кітап 5 изюаннан тұрады. Автор Орта Азияның өзендер жүйесі мен
11 ірі көлін картаға түсіріп, оларға жан-жақты сипаттама берген: көлігі,
елді-мекендері, эскери қамалдары, өнімдері, тарихи ескерткіштері, этникалық
ахуалы жайында деректер келтірген. Қазақ, қырғыз жерлері жайлы мэліметтер 4-
цзюянь Балқаш нарына (көліне) қүятын өзендертарауында, 5-цзюянь Темірту
нарына (Ыстық көл) қүятын өзендер, Алаңту нарына (көліне) қүятын өзендер
атты тарауларда берілген.
Сиюй шуй дау изи кітабында Алматы атауы өзендермен байланысты айтылады.
Бүлар - Гурбан Алимату шуй (Үш Алматы өзендері) және Алимату өзенінің
бойында орналасқан Алимату Шалаболэ деген жерді атайды. Автор бүл жер
жайында мынандай мәліметтер береді: өз кезінде жоңғар билеушісі Қалдан
Серен қазақтардан қорғану үшін Алимату Шалоболэ деген жерге 10 000 эскер
қойған. Автор мұнымен бірге Шалоболэ жері туралы Сиюй вэнь цзянь Лу
атты кітаптан төмендегідей деректер келтіреді: 1770 ж. Торғауыт қалмақтары
Еділ бойынан Қытайға қарай көшкенде қазақ хандары Абылай, Әбілпейіз,
Әбілмэмбет пен Ералы, Нұралы сүлтандармен соғыс кезінде шығынға үшырап,
Шалаболэнің солтүстік шекарасына жеткенде 100 000-нан астам буряттардың
(қырғыздардың) қамауына түсті, Шалаболэ шекарасынан 1000 ли ұзағанда
Торғауыт қалмақтары далалы жерге келіп, шөлден малдарының қанын ішкендіктен
300 000-нан астам адамға оба індеті тарап, малының 610 не 710-нен
айырылды. Бүл қүжаттар бойынша қытайша атауының жазылуы Шалаболэ болып
естілетін тарихта көшпенділер мекені ретінде белгілі бүл жерде XVIII
ғасырдың бірінші жартысында (Қалдан Серен өмір сүрген кез -1695-1745 жж.)
эскери қамал болған. Алимту Шалаболэ деп аталған жерді Алматы өзенінің
бойында болған деп айтуға болады.
Осы кітапта: Талғар өзені солтүстік-батысқа ағып барып Іле өзеніне құяды.
Талғар өзені солтүстік-шығысқа қарай 160 лиден астам аққаннан кейін оған
оңтүстіктен келіп Исикэту өзені (Есік өзені) қүяды, содан эрі солтүстікке
қарай 130 ли аққаннан кейін Ілеге қүяды. Талғар өзенінен шығыс жақтағы
Түрген өзеніне дейін 20 ли.
Әрі қарай (Іле өзеніне) солтүстік-батыста Гурбан Алимату қосылады.
Алиматудың саласы 50 ли аққаннан кейін бір арнаға қосылып, солтүстік-
13
шығысқа қарай 80 ли ағып, солтүстікке қарай 140 ли ағып барып Іле өзеніне
қүлды. Іле өзеніне қүлтын жер шығыстағы Талғар өзенінен 20 лиде.
Кітапта эрі қарай: Қалдан Серен қазақтардан қорғану үшін 10 000 эскерді
кіші қарындасының күйеуінің қарамағына беріп, Алимату Шалаболэде орнығып
қалуды жоспарлады деп жазылған. Сонымен қатар кітапта: 28 жылда (1673 ж.)
Цянлун баныхш Или Илэту императорға төмендегіні мэлімдеді: екі топқа
бөлініп алып, қазақтарды айналып өтіп барлау жасадық. Оңтүстік-батысқа
қарай жүргендер нор Темиртудың (Ыстық көл) оңтүстігіндегі Боэрсун шыңын
басып өтіп, Талас, Шу деген жерлергежетті. Солтүстік-батысқа қарай
жүргендер Гурбан Алиматудан өтіп, Шалаболэ деген жерге жетті [25].
Іле өзені солтүстік-батысқа қарай аққан кезде оған Қаскелең өзені Қүяды.
Қаскелең өзенінің екі саласы Іле өзеніне солтүстік-шығысқа қарай 70 лиден
астам ағып, содан соң солтүстікке қарай 160 ли аққаннан кейін қүяды.
Өзеннің (Қаскелең) Ілеге қүйған жері шығыстағы Алимату өзенінен 20 лиден
астам жерде.
Қалмақтардың XVIII ғасырдағы Қазақстан жері арқылы көшу оқиғасы Сиюй вэнь
цзянь Лу кітабында да қайталанады.
Алматы аймағына қатысты қызықты деректер қоқан жазушысы Молла Нийаз
Мүхаммед Хукандидің (шамамен 1803 ж. туған). Тарих-и Шахрухи кітабында да
бар. Кітаптың бірінші нүсқасы 1872 ж. Қоқанда жазылып бітті, екіншісі
шамамен 1873 жылы аяқталған.
Кітап авторы - Қоқанның эскерилер эулетінен, ұзақ уақыт хан эскерінің
гвардиясында болған, Қүдияр ханның, отырықшы билеушілер партиясының жақын
қолдаушыларының тобына жатады.
Тарих-и Шахрухиде Ферғана билеушілерінің XVIII ғ. басынан 70-жылдардың
басына дейінгі тарихы баяндалады. Кітапта Қоқан хандығының қазақ халқының
өміріне ең көп бас сүққан кезеңі - 1810-1864 жылдар аралығындағы Оңтүстік
Қазақстан мен Жетісуға қатысты көп деректер бар [26].
Ташкен билігі Қанағатшаның қолында болған, кейде ол Малля ханға орыстардың
Үш Алматы бекінісін, Тоқпақ, Қастек бекіністерін маңындағы жерлерімен
алғанын хабарлады. (Малля хан) бірден өзінің эскербасылары мен билеушілерін
жинап алып, солардың кеңесімен сол кездегі Әндіжанның билеушісі қырғыз
Әлімбекке Қүртқа жолымен жорыққа шығуды бүйырды. Басқа жеті пансат
басыларына астана қосынымен және Қүрама, Ташкент қосындарымен жорыққа
(шығуға) бұйрық берді. Бүл астаналық пансаттар жылдам жүріп, Қүрама
қосынымен бірге Ташкентке келді. Олар сонда тоқтап, екі-үш күн болды.
Қанағатша да Ташкент қосынын жинап алып, көп нөкерлерімен, эскермен
Ташкенттен шықты. Ғазауатқа аттанып, Бішкекке баратын жолға түсті.
[Қоқан эскерлері] өте жылдам жүріп, екі-үш күннен кейін Шымкентке кірді.
Онда екі-үш күн түрып, үшінші күні жолға шықты, алты күндікжорықтан кейін
Әулиеатаға кіріп, сонда алты күн тынықты. Ол жерден
14
қайта жүріп кетіп, күнде жылдам қозғала отырып, алты күнде Бішкекке жетті.
Олар сонда да бір аптадай тұрды. Жаяу эскерлерге аттар және жүк көліктерін
берді. Сонымен қатар [эскерге қажетті] азық-түлік, қүрал-жабдық беріліп,
дайындық жүмыстары жақсы атқарылды. Бұдан кейін қайтадан жолға шығып,
екінші күні Шу өзенінің жағасына жетіп тоқтады. Шадман қожаға 7 мың адаммен
алдыңғы жақта жүріп отырып Қастек пен Үш Алматының ортасындағы Бекетте
бекініп алған орыстарға қарсы жүру бүйырылды. Оның ізімен сарбаздарымен
Қанағатша да шықты. Бес күн бойы жылдам жортып отырып, Қанағатшаның әскері
бір таудың түбіне келіп тоқтады.
Үш күн түрды. Төртінші күні 12 мың адамымен Қүртқаның, Кетмен төбенің
қырғыздарымен келіп, [бас] қосынға қосылды.
Осы кезде Шадман қожадан: Орыстармен кезігіп, соғыс бастадық деген хабар
келді [27]. Бүндай хабар алған ислам эскері жолға шығып, барынша жылдам
жүре отырып, таңертең Қастек, Үш Алматы бекіністерінің ортасындағы кэпірлер
орныққан Бекет деген жерге келді. Ислам эскері кәпірлерді қоршап, шеңберге
алып, соғысуға дайындалды.
Ислам әскері [шабуылға] лап бергенде, 2 мың кэпір зеңбіректерін дайындап
алып, атқылай бастады. Тура қиямет қайым күні келгендей болды; зеңбіректер
мен мылтықтар төккен бақытсыздықтың көптігінен Әзірейіл періштенің кернейі
гүрілдеп кеткендей болды.
Ержүрек батырлар мен асылтекті үландардың көбі басқалардан оза шауып, жанып
түрған өртке айдаһарша атылып, жүмаққа алғашқы боп кірмекке ұмтылып, азап
шырынын ішті. Кейбір өмірін тэуекелге салған, қайтпас қайсар ержүрек
батырлар мейірімсіз тағдырдың бұйрығымен бүларға жем болған кэпірлердің
басын тау текелердің басындай қанды қылыштарымен шапты [28].
Осындай шайқас бір сағатқа созылды. Сарттар мен тэжік эскерлері беттерін
орыстардан бүрмай соғысты біткенше, чашт уақытынан түскі намаз уақытына
дейін жалғастырды. Кәпірлер төтеп бере алмай, элсіреп, өз эскерлерін биік
төбелерге жинап алып қаша бастады. Ислам адамдарының эскері де Қанағатшамен
бірге шегініп, соғысқан жерден 2 сағаттай жерде қосын қүрып түрды. Ал
қалған эскерлердің толық әскери күйдегілері кәпірлерді атқылап, кеш
қарайғанша, Қастек бекінісіне жеткенше қуды; оларды (қуушылар) шегініп,
Қанағатша Аталыққа қосылды [29].
Сол түні [Қанағатша] Үш Алматы мен Қастектің маңындағы бар қазақтар мен
көшпенділерді алып, солардан әскер құруға бұйрық беріп, оларды Бішкекке,
Меркі, Әулие ата қамалдарына ауыстырып көшірді.
Құнды тарихи-географиялық көздердің бірі - Тарих-и джадида-йи Тошканд
атты шығарма 1887 ж. жазылған. Еңбек авторы - Мұхаммед Салих жан-жақты
білімді адам болған. Тарих, география, әдебиет, медицина ғылымдарын
игерген. Бірақ ең көп айналысқаны - тарих.
Мүхаммед Салих өз еңбегін 25 жыл бойы жазған. Мүхаммед Салих өз еңбегін
Ташкент қаласының тарихына арнап, оған Дешті Қыпшақтың тарихын қоса
отырып, Орта Азияда болған тарихи оқиғалармен тығыз
15
байланыстыра жазған. Бізге ең қажеттісі - шығарманың екінші томының үшінші
тарауы. Ол автордың өз көргендерінің, замандастары естелік-терінің
негізінде жазылған. Мұхаммед Салих суреттелген көптеген оқиғалардың тікелей
қатысушысы, куэгері болған. Ең құнды тараулар - бай географиялық
материалдар берілген тараулар, оның ішінде Мүхаммед Салихтың өзі қатысқан
саяхаттар суреттелген тараулар. Әсіресе, Түркістан, Сайрам, Сығанақ, Әулие
ата қалаларын суреттеген кезде берілген мэліметтер өте құнды. Автор аталған
қалаларды суреттей отырып, оларға қатысты тарихи оқиғаларды, билеушілерінің
аттарын айтып отырады.
Дешті Қыпшақтың шығыс жағында қиратылған ғажап қалалар, қазба байлықтардың
белгілері, бұлақтар, таулар, көлдер, шетсіз-шексіз шөлдер бар. Ал ел
тұратын аймақтар мынандай. Шымкент қамалынан Әулие ата қамалына дейін 22
фарсах жол. Қиратылған, ел аз түратын мекендерден Суклук және Алмалы
мекендері [бар]. Және Зафар-наме тағы басқа шежірелерден белгілі Ашфаре
қамалы. Алмати қамалында халық өте тығыз ... үздіксіз қүрылыс жүріп жатады.
1304 жылы (1887 ж.) қасиетті рамазанның жетісінде [онда] жер сілкінді.
Үйлер мен ағаштар жерге қүлап, таулар қосылып кетіп, жан-жаққа бүлақтар
ақты, жердің астынан сасық иіс шықты. Адамдар 15 күнге дейін бір фарсахқа
(8-9 км) жақындай алмай, жерден [өз] заттарын, азық-түлігін ала алмады.
Өстіп біз бұрын да осы оқиғаны оқиғалар бөлімінде қолжазбаның шеттерінде
суреттегенбіз.
Алматыны зерттеген алғашқы шығыстанушылардың бірі Ш.Ш.Уэлиханов. 1856-1858
ж.ж. Тянь-Шань, Тарбағатай таулары алабын зерттей жүріп, ол көне ойрат,
көне түрік және қытай тілдеріндегі атауларға салыстырмалы талдау жасады.
Бүл жүмысында Ш.Ш.Уәлиханов негізгі сілтемелерін Орыс географиялық
қоғамының мүшесі Яков Владимирович Ханыков (1818-1862 ж.ж.) жасаған көне
моңғол тіліндегі жер атаулары пайдаланылған картаға жасаған. Бүл картада
кездесетін атаулар: Ыссык кул (моңғолша Темурту нагур Нарын, Манас
Борогала, Ақсу, Қара су, Алтын Емел, Ташы балық, Түрген, Талғар, Гурван
Алимату, Тарбагати, т.б. және көнеойрат-ша Gurban Almatu, орысша Три
Алматы ойрат-моңғол ескерткіштерінде Гурван Алматы немесе Үш Алматы
+tai, +tu қосымшалары Alim түбіріне жалғанған. Көне түркілік Alim+tai,
Alim+ty (Алма) қазақ тіліндегі: -лы, -лық, -ды, -ді қосымшаларына сэйкес
келеді [30]. Қытай, манжүр ескерткіштерінде Алматы аймағының географиялық
атаулары Гурбан Аламуту немесе Гуербан Алимату, Үш Алматы деп берілген.
Осыған қараганда Үш Алматы атауы ойрат тілінен. Ол Алматы өзендерінің
қазіргі атауларынан - Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай немесе Алатау
жотасындағы үш көл атауынан (Үлкен Алматы, Есік, Көлсай) шыққан. Бүл атау
XVIII ғасырдың соңына қарай таралған болуы керек.
1.2. Алматы сақ және үйсіндердің мекені
Өткен дэуірде Алматының маңы шөбі қалың, өзен аңғары мал жаюға қолайлы
аймақ болды. Алматының біздің жыл санауымызға дейінгі VII-III
16
ғасырларда сақтардың одан кейін үйсіндердің мекені болғандығына ешкім дау
айта алмайды.
Б.з.д. II мыңжылдық пен I мыңжылдықтың шегінде Еуразия кеңістігінде маңызды
құбылыс - көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы басталды. Далалы
аймақтардың бэрінде дерлік шаруашылығының жаңа түріне көшуі бірқатар
жағдайлардың өзара эсеріне байланысты болды: олар -ауа-райының өзгеруі; мал
шаруашылығын жүргізу эдістерінің дамуы; қүрғақ климатты табиғи ортаға
төзімді мал түліктерінің басым болуы; элеуметтік қатынастардың жаңа
деңгейі. Бүл кезде мал байлық жинаудың бір түріне айналып, табындардың
көбеюіне экелді; айырбас дамыды; барлық жерлерге дөңгелекті жегін көлік
тарады; жылқы шаруашылығы дами түсті, ауыздық пайда болды, жылқыны мініс
көлігі ретінде жаппай пайдаланды.
Көшпелі қоғамдастықтардың қалыптасуынан бастап ерте орта ғасырларға (б.з. V
ғ.) дейінгі даму кезеңін алғашқы темір дэуірі немесе ерте көшпелілер
дэуірі деп атау қалыптасқан. Бүл кезең белгілі бір аймақта болып жатқан
дэуірлік (заманауи) қүбылыстардың мазмүнын ашып, тайпалық, этникалық
құрылымдардың ұзаққа созылған тарихи даму кезеңін өздеріне тэн
заңдылықтарымен байланыста көрсетеді. Көшпелі малшылықты зерттеушілер
көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы мен даму жолдарының күрделілігі мен
әрқилылығына көңіл бөлді. Көшпелілер мәдениетін зерттеуші ірі ғалым
С.И.Руденконың Евразия түрғындарының отырықшылықтан көшпелі тұрмысқа жаппай
тез көшу процесіне сенімсіздікпен қарауы көңіл қоярлық көзқарас.
Үнемі қозғалыста болған таза көшпелілер аз ғана болса, малшылардың көбі
эртүрлі деңгейде отырықшылықпен байланысты болып, егіншілікпен де
айналысқан. Оның көшпелілік қойы мен жылқысы басым үлкен табындары бар бай
және өте бай малшылардың артықшылығы болды деген пікір де қызықты [31].
Сонымен б.з.д. I мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында евразия далаларында
тұрғындардың бір бөлігі көшпелі мал шаруашылығына ауысып, жаңа
археологиялық мэдениеттер қалыптастырды деуге келеді. Өздеріне тән
ерекшеліктеріне қарамастан олардың бэрі бірқатар жағдайлардан туындайтын
бірлік қүрайды. Ол: 1) жағдайларға ұқсас табиғи орта, осыған байланысты
қалыптасқан бірдей тұрмыс; 2) ең алыс аймақтармен мэдени байланысқа түсуге
мүмкіндік беретін мобильділік; 3) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің
жақындығы; 4) евразия далаларындағы ағаш үйлі (сруб) андроновтық қабатқа
қарай баратын жалпы генетикалық негіз жатады. Бірақ мэдениеттер арасындағы
ұқсастық бірнеше терминмен белгіленеді: скиф-сібірлік бірлік, скиф-
сібірлік қауымдастық, скиф әлемі. Соңғы скиф элемі термині ең бейтарап
(нейтралды) термин болғандықтан, қолайлылау. Өзінің негізгі белгілері
бойынша мэдениеттер жақындығы ертедегі скиф дэуірімен жанасады, бірақ бұл
құбылыстың бастаулары мен тамырын қола дэуіріндегі ең ертедегі малшылардың
мэдени қарым-қатынастары мен байланыстарынан көруге болады.
17
Жоғарыда айтылғандай дэл қола дэуірінде Евразия далаларында тұрғындардың
скиф заманы кезінде басым болған европа нэсілді антропологиялық түрі тарай
бастады. Дунайдан Моңғолияға дейінгі аймақтарды қоныстанған евразия
көшпелілері мэдениетінің бірлігі бұл тайпалардан қару-жарақ, ат эбзелдері
түрлерінің ұқсастығынан және өзіндік скиф-сібірлік аң стильді өнерінен
түратын скиф үштігінен (триада) өте айқын көрінеді. Бірақ скиф-сібір әлемі
көшпелі мэдениеттерінің ортақ белгілері анағұрлым көп. Бұған қазандарды,
шамдалдарды қүрбандық үстелдерін, монументалдық өнердің кейбір
ескерткіштері - бүғы тастарды, петроглифтерді, кей жағдайларда үқсас болып
келетін қабір қүрылысын салу эдісі, жерлеу рэсімі заттары жатады.
Сақтар. Жаңа дэуірге дейінгі бірінші мыңжылдықта Таяу және Орта Шығыс, Орта
Азия аймақтарында Ассирия және Мидия мемлекеттері қүрылды. Б.з.д. VI ғ.
Мидия державасының орнына Ахеменидтер мемлекеті келді. Оның негізін салушы
б.з.д. 550 ж. Мидияны талқандап, өзіне бағындырып, құрамына Орта Азияның
оңтүстік аудандары кірген империяны қүрған парсы тайпаларының патшасы Кир
II болатын. Кейінірек Ахеменидтер Орта Азияның солтүстік аудандарын да
бағындырды. Дарий I патшаның бұйрығымен қашалған Бехистун жазуында
Ахеминидтер мемлекетінің қүрамында (б.з.д. 530-522 ж.ж. аралығы) Парфия,
Хорезм, Бактрия, Согдиана, Сақа - Орта Азия мен Қазақстан жерінің халықтары
кірді делінеді. Сақа немесе сақ дегендер кімдер?
Көне дерек көздері, оның ішінде Авеста бойынша бактриялықтардан,
соғдылықтар мен хорезмдіктерден солтүстікке қарай көшпелі жүйрік атты
турлар тұрған. Парсы дерек көздерінде турлар сақ деп аталады, мағынасы
алып еркектер, ал грек авторларының шығармаларында оларды скиф атауымен
береді.
Гректер мен парсылар скифтер мен сақтар ретінде туыс тайпалардың көптеген
одақтарын қабылдаған. Қытай дерек көздері сақтарды сэ деп атаған.
Ахеменидтік көне иран дерек көздерінде сақтардың үш үлкен тобы аталады:
хаомаварга сақтары (хаом сусынын қайнататын сақтар), тигрохауда сақтар
(шошақ бөрік киетін сақтар), тарадарайа сақтары (теңіздің арғы жағындағы
сақтар). Көне дэуір авторлары дэл географиялық дерек бермегендіктен,
тайпалардың дэл қай жерлерде болғанын айту өте қиын. Атақты археолог
К.А.Ақышев жазба ескерткіштер мен археологиялық материалдарды зерттей келе
иран жазба ескерткіштеріндегі тиграхауда сақтарға Қаратеңіз жағалауы
скифтері сәйкес келеді деп тапты. Екі атау да шошақ бөрікті мағынасында.
Ғалым екеуін де Жетісу жеріне орналастырады. Мүнда сақ мәдениетінің
көптеген ескерткіштері, оның ішінде алтын жебелермен әшекейленген шошақ
(үшкір) төбелі бас киімді патша қабірі табылған Есік обасы ашылып
зерттелген [32]. Хаомаварга сақтары, парадарайя сақтары, дахтар,
массагеттер, аргиппейлер, ассилер, аримаспылар (алтын күзететін
күшігендер) сияқты сақ тайпалары мен
18
халықтарының орналасуы мэселесі элі анық шешіле қойған жоқ,
ал топтастырылуы қайшылықты [33].
Шығыс Европаға қатысты ертедегі темір дэуірін кезеңдеудің алғашқысы
Солтүстік Қара теңіз аймағындағы скиф ескерткіштерінің негізінде жасалған.
Әрі қарай шығыс көшпелілерінің археологиялық мәдениеті скиф
ескерткіштерімен салыстырылып отырды.
Кейінгі кезге дейін сақ-скиф мэдениетінің басталуы б.з.д. VII ғ. екінші
жартысы деген түжырым айтылып келеді. Бірақ қазір сақ кезеңін эріден
бастайтын түжырым жиі айтылып жүр. Б.з.д. IX—VII ғ.ғ. Қазақстандағы темір
ғасыры көшпелі-жартылай көшпелі халықтары дамуының өзіндік ерекшелігі
болды. Бүл ерекшелік көшпелілердің отырықшы егіншілікпен айналысқан
түрғындармен көршілес болып, тығыз араласқандығынан туындаған. Құрылуына
көшпелі тайпалар да қатысқан. Қытайдың, Ахеменидтер державасының, Парфия,
Бактрия, Соғды, Қүшан мемлекеттерінің жақындығы Қазақстан жерінде болған
сақтардың материалдық, рухани мэдениетіне эсер етпеуі мүмкін емес болатын.
Таулардан далаларға дейінгі өмірлік аймақтардан көшіп өту радиусы 100-200
км ғана болатын Жетісу өлкесі бір жерде ұзақ түруға мүмкіндік бергендіктен,
мал шаруашылығы мен егіншілікті қатар алып жүруге, дала ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Төл теңгеміздің бүгіні мен ертеңі
Алматы қаласының тарихы
Aлмaты қaлaсының тaрихы және экономикaлық-геогрaфиялық жaғдaйы
Алматы қаласының орналасуы мен климаты
Алматы қаласының географиялық сипаттамасы
Алматы қаласының экожүйесі
Алматы қаласының экологиялық болмысы
Алматы қаласының орналасуы мен климаты туралы
Демократия теориясы: тарихы және бүгіні
Орал қаласының тарихы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь