Муниципалды құрылымдар әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар КІРІСПЕ . . . 3 I Муниципалды құрылымдар әлеуметтік-экономикалық жүйе

ретінде

  1. Муниципалды құрылымдар органдардың құрылуы мен дамуы . . . 4
  2. Муниципалды құрылымдар органдар және олардың функционалдық қызметі . . . 8
  3. Муниципалдық басқарудың шет елдік үлгілері (Германдық үлгі) . . . 12

ІІ Муниципалды құрылымдардың функционалдық қызметі

2. 1 муниципалды құрылымдар мекеменің негізгі міндеті мен

функциялары . . . 18

2. 2 муниципалды құрылымдар халықты әлеуметтік қорғау саясатының

негізінде жүзеге асырылатын шаралар . . . 25

ІІІ Қорытынды . . . . . 39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 40

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.

Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.

Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады.

Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.

Жалпы, біздің елдегі бұдан бірнеше жыл бұрын пайда болған децентрализациялау саясаты сол кездегі қаржы мен жауапкерлік тапшылығынан әлеуметтік салаларды орталық органдардың жергілікті билікке ысыра салу ниетінен туғанын да жасырмаған абзал. Енді әлеуметтік салаларға қаржы құйылып, қан жүгіре бастағасын бұл саясатты қайта қарау ниетінің туып отырғаны тағы бар. Оның үстіне миллиондаған бюджет қаржысы қоғамдық бақылаудан тыс қалғаннан кейін, оны жергілікті билік біржақты пайдалану және жемқорлық пен ысырап етудің үлгісін жасап отыры да бір шындықтың ұшы.

1 МУНИЦИПАЛДЫ ҚҰРЫЛЫМДАР ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

1. 1 Муниципалды құрылымдар органдардың құрылуы мен дамуы


«Кеңестік одақтың» ыдырау нәтижесінің Еуразия құрлығына жаңа мемлекеттердің бой көтеріп, олардың жаңа жүйенің жетегіне жармасып, жаңа қоғам құруына итермеледі. Аталмыш он жыл кеңестік менталитеттің сарсаңға түсе ыдырап, соны психология мен тың көзқарасқа негізделген жаңа әрекет қана жаңа қоғам тудыратынын мойындатуда. Сонымен, келмеске кеткен кеңесшілдік жойылғанымен, алдымыздан жаңа қоғам құрудың объективті жағдайы біз күткендей құшағын жаймады. Осылайша, егемен болумен жүріп, он бес жылдың қалай өткенін де байқамай қалыппыз. Егемендік дегеніміз - жаңа мемлекет құру екен. Ал, біз оның үстіне жаңа формациялы қоғамды қолға алудамыз. Сондықтан да, бұл мемлекеттің қалыптасып дамуы заман талабына жауап беретіндей жаңа тұжырымға негізделген мемлекеттік құрылымдарды дамыту қажет болғандықтан, өз тарапымыздан сондай жаңа мемлекеттік құрылым тұжырымдамасын қоғамдық ортаға ұсынуды жөн санадық.

Аталмыш тұжырым тұрғысынан биліктің қазір қолға алып отырған әкімшілік реформасы біржақты және елдің әкімшілік құрылымын жетілдіруге қатыссыз, тақырып жете қарастырылмаған. Сондықтан бұл реформаның нәтижесі қаншалықты тиімді болатындығы қазырғы қордаланған мәселе тұрғысынан қандай болатыны түсінікті.

Басқа жағынан алғанда, жоғарғы атқарушы салалық органдар мемлекеттік міндетті белгілегенімен, оның барысы мен нәтижесіне жауап беретіндей міндеттен ада болған сыңай бар. Мәселен, қазырғы кезде жергілікті жерлердегі білім сапасы мен деңгейі облыс әкімдерінің рейтингісін анықтауға тікелей қатысты шама болып отыр, ал министрлік рейтингісінің бұған қатысы жоқ. Осылайша, әр сала бойынша мемлекеттік міндеттің атқарылу рейтингісі жоғарғы атқару органдарынан аластатылған, мұнымен бірге олардың үнемі болуға тиісті жауаптылығы та шайылып отыр.

Жалпы, біздің елдегі бұдан бірнеше жыл бұрын пайда болған децентрализациялау саясаты сол кездегі қаржы мен жауапкерлік тапшылығынан әлеуметтік салаларды орталық органдардың жергілікті билікке ысыра салу ниетінен туғанын да жасырмаған абзал. Енді әлеуметтік салаларға қаржы құйылып, қан жүгіре бастағасын бұл саясатты қайта қарау ниетінің туып отырғаны тағы бар. Оның үстіне миллиондаған бюджет қаржысы қоғамдық бақылаудан тыс қалғаннан кейін, оны жергілікті билік біржақты пайдалану және жемқорлық пен ысырап етудің үлгісін жасап отыры да бір шындықтың ұшы.

Аталмыш жайтты тағы бір жағынан алып қарағанда, елдегі облыстық мемлекеттік басқарым звеносы қолына мемлекетті федерациялауға алғышарт жасау үстінде: жергілікті барлық билік пен адам, бизнес, табиғат ресурсын бақылау және оларды үйлестіру мен жұмсау шоғырланғандықтан, облыстық әкімдікті жергілікті аумақтағы саяси суперсубъектіге айналуына мәжбүр етуде. Өйткені, облыстық мемлекеттік басқарым звеносын бақылау біржақты да тігіңкі түрде жоғарыдан төмен бағытталған, ал көлденең сипатты түрдегі қоғамдық және халықтық бақылау жоқтың қасы; тіпті болған күннің өзінде жергілікті өкілдік органдар әкімдік құрсауынан шыға алмайды. Сөйтіп, облыстық мемлекеттік басқарым, әсіресе, атқару билігінің басты тұтқасы болып отырғанымен, оның нықты звеносы болып отыр деуге келмейді. Бұл жағдай елді демократияландыру бастамасына кедергі келтіріп қоймай, оған қарсы бірден бір звено екені тағы шындық. Бәрінен бұрын бұл звенолық билік жергілікті бизнестің алаңсыз дамуына бірден бір тұсау болып, жергілікті жекедара корпорацияларды қалыптастырды, өздерінен тәуелсіз бизнесті бұғауда ұстап отыр. Бұл жерде, коррупциялық арқаудың негізі де, осы облыстық басқарым звеносында жатқанын жасыра алмаймыз.

Әкімшілік - аумақтық бөлініс пен жергілікті басқарым субъектісі. Қазақстанның әкімшілік - аумақтық бөлінісі (ӘБ) жаңа формацияға орай, ырықты (либералды) экономикалық қатынастың сипаты, демографиялық ахуал мен аумақтық әлеует ескеріле отырып, қайта құрылуы қажет. Нақтылай айтқанда, ӘБ қазырғы облыстық звеноның кеңестік иерархиялы-тоталитарлық жүйенің сипаты ретінде жойылып, делдал әкімшілік бөліністі уақыт талабына сай мемлекеттік органдармен алмастыру арқылы басы артық әкімшіл - әміршіл жүйенің түбірімен аласталуына батыл әрекет жасалған жөн. Қысқасы, әкімшілік-аумақтық бөлініс пен жергілікті басқарым субъектісін барынша тиімді етіп реформалау қажеттігі туып отыр. Бұл - жергілікті атқару билігін де әртараптандыру керек деген сөз. Аталмыш жоба ел аумағының байтақтығы мен халық тығыздығының селдірлігін үйлестіре басқаруға жауап беруі тиіс. Сөйтіп, аумақтардың шын мәнінде біркелкі түрде нығаюына алғышарт жасалғаны абзал .

Ел аумағы облыстарды жойып, тек қана аудандарға жіктелген бөліністен тұруы - біздің демографиямызға да, аумақты билеу саясатымызға да сәйкес, әр аудан Муниципалды құрылымдарқ мүдде мен мемлекеттік төменгі ауқымдағы мүдденің объектісі болғанда, ал жергілікті мемлекеттік басқарым Жергілікті өзіндік меңгеріммен (Местное самоуправление) қабыса отырып, жергілікті билік субъектісі болса ғана интенсивті даму жолына түсетін боламыз. Елдің әкімшілік бөлінісін экономикалық-әлеуметтік әлеуетіне орай үш сипатты:

- индустриялы немесе мегаполисті аудан (МА) ;

- агро-индустриалы немесе провинциялы аудан (ПА) ;

- агросекторлы немесе ауылды аудан (АА) түрде жіктеп, оларға сәйкес мемлекеттік мәртебе берілу керек. Сонда ел бойынша шамамен 20 шақты МА, 60-қа тарта ПА және 120-дай АА болмақ.

МА - ды қазырғы және бұрынғы облыс орталықтары мен оларға таяу поселкелер, селолар мен ауылдар аумағының жиынтығы құрайды; ал ПА-ға индустриялық комбинаттар құраушы шағын қалалар мен оған таяу поселкелер, шағын қала, селолар мен ауылдар аумағы бірігеді. АА болса, негізгі экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген шалғайдағы елді мекендер мен шағын қала, поселкелерден тұрады. Елді бұлайша үш сипатты аудандарға жіктеу мемлекет тарапынан оларды ерекшелігіне орай дифференциалды дамыту мен аумақтарды өзара интеграциялау мүддесін көздеуге итермелейді. Осылайша үш түлік аудандардан құрылған аумақты бір аймаққа біріктіру арқылы елде бес аймақтық бөлініс жасақтауға болады. Бірақ бұл аймақтарды қазырғы облыс не губерния ретінде қабылдамау керек. Аймақтарға әкімшілік немесе жергілікті өзіндік меңгерім тән болмайды, аумақтық саясат негізінен жоғарғы мемлекеттік билікті төменгі мемлекеттік әкімшілік әлеуетпен ұштастыратындай өңірлік (аймақтық) министрліктер арқылы экономикалы-әлеуметтік салада үйлестіріліп отырады. Бұрынғы облыстық әкімге де, министрліктерге де қарап келген аудандық, облыстық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар енді барынша тәуелсіз қызмет ете отырып, тікелей өз ведомостволарына бағынатын болады. Ал, оларды шаруашылық-жарақ жағынан жергілікті әкімдік арнайы бөлінген мемлекеттік қаржымен қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Сонда, денсаулық пен білім саласындағы былықтар үшін жергілікті әкім емес, жауапты жоғарғы орган болмақ, ал әкім әлгі мекемелердің ғимараты мен коммуналдық қызметіне жауап бермек. Бұл жағдай елдегі меншік түрінің нақ па нақ үшке бөлінуін талап етеді: мемлекеттік, Муниципалды құрылымдарқ және жекеменшік.

Сонымен, ел аумағы шартты түрде бес өңірге: шығыс, батыс, оңтұстық, солтұстық және орталық болып бөлінеді. Оның әрқайсысына шамамен әлгі үш сипаттағы 40 ауданды шоғырландыруға болады. Алайда, бұл аймақтар әкімшілік-аумақтық бөлініске жатпағандықтан, аймақ бойынша өкіметтік билік тармақтары (мәслихат, сот) болмайды, бар болғаны жоғарғы мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелері болуы мүмкін. Сөйтіп, мемлекеттік өкімет қазіргідей 3 сөрелі (ярусты) емес 2 сөрелі болып нығаяды: жоғарғы және төменгі. Сот билігін алсақ - Ұлттық (Жоғарғы) Сот және аудандық (төңіректік) сот, өкілдік билік - Парламент және аудандық (ауылдық, қалалық, поселкелік) мәслихаттар, ал атқару билігі - Президент-Үкімет және аудандық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар. Ал, аудандық (ауылдық қалалық, поселкелік) әкімдіктер Жергілікті Өзіндік Меңгерімнің (ЖӨМ) құрылымы болып табылады, бірақ заң жүзінде белгіленген мемлекеттік кейбір қызметтерді жергілікті аумақта атқару жүктелетін болады. Сөйтіп, аудандық деңгейде мемлекеттік басқарым мен жергілікті меңгерім тоғысады. Атқару билігінің қызметін нақтылайтын болсақ; Министрлер кабинеті Президент белгілеген міндеттің стратегиялық және тактикалық шешімін анықтап, іске асырады; Аймақтық министрлік шешімді іске асыруды аймақ бойынша ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды. Аудандық әкімдіктер Муниципалды құрылымдарқ мүліктерге қожалық етіп, Муниципалды құрылымдарқ органдарды басқарады. Жергілікті өкіметтің атқару саласы бойынша сәйкес түрде ауыл, поселке меңгерушілері мәслихаттарда сайланады. Ал, аудан әкімі бастапқы кезеңде Президент ұсынысымен бірнеше кандидат ішінен аудандық мәслихатта сайланып, кейін жергілікті сайлауда таңдалуы мүмкін. Мегополистік аудандардағы қалалық маңайлар (городские районы) жергілікті өзіндік меңгерім субъектісі болғаны жөн және олардың әкімдері сайлаушылардың тікелей сайлауымен болғаны абзал. Ондай жағдайда ірі қала әкімдері - әмірлер (мэр) ауданның стратегиясы мен тактикасын жасақтаумен және іске асырумен айналысады да, ал коммуналдық және басқа шаруашылық әкімдердің құзырына көшетін болады. Әмірді бастапқы кезеңде Президент тағайындап, кейіннен қалалық мәслихат сайлауы ықтимал. Жалпы, ең көп дауыс алған (пайыздық көрсеткіш бойынша) әрбір қалалық маңай (городские районы) депутаттарының, айталық, 20 пайызынан қалалық (Мегополисті аудандық) мәслихат құрылғаны жөн .

Әрбір аудан Муниципалды құрылымдарқ деңгейдегі дербестікке ие болып, өзін өзі басқарады, соған орай әр ауданның қажеті мен мүмкіндігіне сәйкес мәдениет, білім, денсаулық, тәртіп қорғау және коммуналдық т. б. сала бойынша меншігі болуы керек.

Аудандық бюджет жергілікті салықтан құралады, ол жетпеген жағдайда аймақтық министрлік құзырымен дотация көлемі анықталып, мемлекеттік бюджеттен толықтырылады. Сөйтіп, әкімшілік өз құзыры, белгілі бір мөлшерде өз қаражаты, мүлкі арқылы жергілікті мәселелерді шешумен өзін өзі басқарудың толыққанды бірлігі болады, сондай-ақ, атқарушы биліктің тігіңкі бағыныстағы төменгі звеносы ретінде атқарушы өкіл болып табылады.

Мемлекеттік бағыныстағы шаруашылық субъектілерінің қызметін өзіне тиісті аймақ мүддесінің экономикалық, әлеуметтік және басқа салалары бойынша белгіленген мақсатқа жұмылдыра отырып, сәйкес Аймақтық министрлік сол аймақтағы жойылған облыстық әкімшіліктердің саяси, экономикалық, меншіктік, құрылымдық мұрагері болып табылады. Бұл құрылымның ісі мығым болуы үшін Министрлер кабинеті жөніндегі заңда арнайы бір тарау Аймақтық Министрлік жөнінде болып, ал Министрдің Министрлер Кабинетінің мүшесі болуы қажет болмақ.

Әкімшілік - аумақтық бөліністің бұлайша әлпеттенуі әр сала бойынша бұрынғы облыстық мекеме, органдардың құзыры сол аумақтағы аудандық мекемелер мен Аймақтық министрліктер арасында бөліске түседі. Айталық, бұрынғы облыстық Ішкі Істер басқармалары біріктіріліп, сол аймақ бойынша ІІМ аймақтық департаментін құрайды. Ал, Муниципалды құрылымдарқ өкімет қарауында учаскелік милиционерлер тобы мен бюджет шамасына қарай өзге де бөлімшелер болуы мүмкін.

  1. Муниципалды құрылымдар органдар және олардың функционалдық қызметі

Муниципалды құрылымдар органдар дегеніміз - (лат. municipalium) белгілі бір аймақ ауқымында жалпы заңнама негізінде келесідей шешімдер қабылдауға жауапты жергілікті басқару органдары

  • Жергілікті салықтық төлемдерді енгізу;
  • Жергілікті бюджетті құру және үлестіру;
  • Аймақ тұрғындарына бағытталған әлеуметтік шараларды іске асыру.

Муниципалды құрылымдар меншікке Муниципалды құрылымдар билік органдар иелігіндегі меншік жатады.

Муниципалды құрылымдар бюджет дегеніміз - жергілікті салықтар мен төлемдерден құралатын және аймақ тұрғындарына бағытталған әлеуметтік шараларды іске асыру мен жергілікті бюджеттіі үлестіруге жұмсалатын бюджет болып табылады.

Муниципалды құрылымдар меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipals» немесе немістің «munizipalitet» сөздурінен шыққан «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланы өзін - өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте Муниципалды құрылымдарқ меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік - аумақтық құрылымдары басқару жатады.

Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады. Әр түрлі эканомикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқа түрінің басым болуы, оның басқа түрінің мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің болуына жоққа шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әрекеті, экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.

Муниципалды құрылымдар қрылымдар тарапынан халыөты әлеуметтік қорғау шараларына келесілер кіреді:

Тағайындалған айлық зейнетақының (жәрдемақының) орташа мөлшері еңбек және әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұрған барлық зейнеткерлерге (жәрдемақы алушыларға) тағайындалған айлық зейнетақылардың (жәрдемақылардың) жалпы сомасының олардың санына қатынасы ретінде есептеледі. Зейнетақы алушылар саны - зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген жағдайларда ай сайынғы ақшалай сома тағайындалған адамдардың есепті кезең аяғындағы (басындағы) саны. Зейнеткерлердің жалпы саны әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұрған зейнеткерлердің дербес шоттарының саны бойынша есептеледі.

Қарттар және мүгедектерге (үлкендер мен балалар) арналған интернат-үйлері - күтім, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді қажет ететін қарттар мен мүгедектерге тұрақты тұруға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме.

Мүгедектердің саны мүгедек деп тану кезеңіне қарамастан еңбек және әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұрған мүгедектердің құрамын сипаттайды.

Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы принципі - істерді басқаруды өз еркімен жүзеге асыра алатын, өз органдарын қалыптастырған, тұрғындардың өмірін ұйымдастыру мен өздерінің қызметтік негізі жатқан, түбірлі бастауы мен идеясында Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымыдың табиғи белгіленген құбылыстығын айғақтайды.

Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы принцпінде жергілікті биліктің даму тенденциясы мен объективті заңдылық талаптары өз бейнесін табады. Оған мыналыр тән:

  • Принцптер муниципалдық биліктің құрылысы мен қызмет өтуін айқындайды.
  • Принцптер Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы мәнін, өзіне ғана тән ерекше белгілері мен бейнесін түсіндіруге көмектеседі.
  • принцптер жергіліктіөзін-өзі басқару жүйесі сапасының бағалық критеийі ретінде де жүре алады. Жергілікті өзін-өзі бақару принцптерінің бастауы мен идеясына жауап бере алуына байланысты болады.
  • Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы принцпі, Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы институты дамуының сабақтастығының сақталуына жағдай жасап, Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымыдың белгілерімен немесе пішімінің мәнін бейнелей алады.
  • Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы принцпі өзінің құқықтық негізін Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы туралы Еуропалық хартиядан алады. Еуропа кеңесіне мүше елдердің муниципалдық заңдылығының құқықтық фундаменті ретінде қызмет етеді

Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы принциптерін жүзеге асыру муниципалды жұмысты ұйымдастыру түрі мен әдісі жүйесін көрсетілген принциптерге сай, сондай-ақ заңда бекітілген құқықтар мен муниципалды құрылым жарғысына байланысты қамтамасыз етілуі тиіс.

Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымыдың жалпы принциптеріне мыналар жатады:

а) Жергілікті мәндегі сұрақтарды шешудегі еркіндіктер;

ә) Жергіліктіөзін-өзі басқарудың ұйымдық ерекшелігі, жалпы міндеттері мен қызметтері жүзеге асыруда мемлекеттік билік орамдары өзара байның өзара байланысы мен мемлекеттік басқару жүйесіндегі органдармен өзара әрекеттесуі жатады;

б) Жергіліктіөзін-өзі басқаруда өз өкілеттілігіне сай метериалдық не қаржылық ресурстары;

в) Жергіліктіөзін-өзі басқарудың тұрғындар алдындағы органдар мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі;

г) адам мен азаматтардың құқықтары мен еркіндігін сақтау;

д) Жергіліктіөзін-өзі басқаруды ұйымдастырушының және әрекетінің заңдылығы;

е) Жергіліктіөзін-өзі басқару әрекетінің жариялылығы;

ж) Жергіліктіөзін-өзі басқару қызметінің бір жақты бастамасы мен коллекциялылығы;

з) Жергіліктіөзін-өзі басқаруда мемлекеттік кепіл;

и) әр принципті жеке-жеке қарастырамыз.

А) жергілікті маңызы бар сұрақтарды шешуде еркін іс-әрекет.

Жергіліктіөзін-өзі басқаруда дербес іс-әрекетті нығайта отырып муниципалды құқық нормаларының мазмұнын айқындайтын мынадай негізгі белгілерін анықтаймыз:

  • Жергілікті маңызы бар сұрақтарды дербес түрде шешуде жергілікті референдум, муниципалды сайлау т. б. да тікелей шешім қабылдау түрлерін де және сол сияқты сайламалы және Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы арқылы жүзеге асырылады.
  • Аталған принциптерді жүзеге асыру Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымыда қаржы-экономикалық қаматамасыз етуді дербестендіру арқылы жүреді. Жергіліктіөзін-өзі басқару органдары муниципалды меншікті дербес басқарып, жергілікті бюджетті қалыптастырады, бекітеді және атқарады, жергілікті салым мен салықты бекітеді.
  • Жергілікті сұрақтарды шешуде Жергіліктіөзін-өзі басқару органдарының әрекеттеріне мемлекеттік биліктің араласуына тиым салады, Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымыдың дербестігіне муниципалды заң кепілдік береді. Муниципалды білім беру пәндерді жүргізудің өзі белгілеген жалпыға міндетті ережелерін бекітіп муниципалды білім берудің жоспары мен даму бағдарламасын қабылдайды.

Бұл шешімдерді азаматтар өз еріктерімен қабылдаған жағдайда, Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы органдары мен лауазымды тұлғалар шешімі, сол муниципалды территория аумағында орналасқан ұйымдық құқықтың түріне тәуелсіз өндірістер, мекеме мен ұйымдар үшін атқарылуы міндетті болып табылады.

Осы шешімдерді орындамау және талапқа сай атқармау оларға заңға сәйкес жауапкершілік жүктейді.

  • Муниципалды құрылымдардың дербестігі өз өкіметтілігі шегіндегі муниципалды құқық нормаларымен кепілдендірілген. Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымы өкілеттілік шегі Қазақстан Республикасы Конституциясы, заң, Конституция және субъектілер жарғысымен бекітіледі. Жегілікті өзін-өзі басқару органдары заң бекіткен шекарадағы басқа билік органдарының құзыреттілігіне кірмейтін оған қатысы жоқ, бірақ әртүрлі мәселерді өз ынта-ықыласына қарай өз еріктерімен толық жүзеге асыруға ерікті.

В) Муниципалды құрылымды басқарудың құрылымыдың ұйымдастырушылық ерекшелігі, ондағы мемлектті басқару жүйесіндегі органдар және мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекеттесе отырып, ортақ міндет пен қызметтерін жүзеге асыруы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен жүргізу ерешеліктері
Жергілікті шаруашылықты басқарудың экономикалық негіздері
Муниципалды құрылым
Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі
Территориялық басқару жүйесі
МУНИЦИПАЛДЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі, мақсаты, ұйымдастырылуы
МУНИЦИПАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ теориялық негіздері
Жергілікті басқару органдарының қаржылық қызметінің әлемдік тәжірибиесі
Ресей Федерациясындағы муниципалды баскарудың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz