Мемлекет басқару нысанын зерттеудің теориялық құқықтық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігіне тоқталсақ. Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тікелей тірек болатын барша құқықтық негізді қайта құру қажеттігі туды. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостаңдықтары деп бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы басқару нысанына бірнеше баптар арнаған. Мысалы Конституцияның 2-бабында Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялайды. Сондай-ақ 91-баптың 2-тармағында Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды делінген. Біздің курстық жұмысымыздың әрі қарай зерттеу нысаны да осы мәселе болып табылады.
Мемлекет нысаны мемлекеттің сыртқы тұрпаты мен ішкі мазмұнын сипаттайтын басқару нысаны; мемлекеттің құрылым нысаны және саяси режимнен құралған жиынтық деп анықтасақ, соның ішінде басқару нысаны мемлекеттегі жоғарғы егеменді биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара және халықпен байланысын сипаттайды. Осы аталған мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді және курстық жұмыстың әрі қарай зерттеу пәніне айналмақ.
Ғылыми зерттеудің дәрежесі. Жалпы таңдап алынған зерттеу тақырыбы төңірегінде шет елдік және қазақстандық заңгерлердің еңбектері баршылық. Соның ішінде курстық жұмыста ресейлік заңгер ғалымдардың, мысалы: Венгеров А. Б., Лазерев В. В., Новгородцев П. И., Чичерин Б. Н., Тихомиров Л. А., Солоневич И. Л., Алексеев Н. Н., Ильин И. А., Черняев Н. И., және тағы басқалардың еңбектері пайдаланылды.
Ал қазақстандық заңгер ғалымдардың ішінен С. С. Сартаев, Ғ. С. Сапарғалиев, Т. Ағдарбеков, А. С. Ибраева, Қ. Д. Жоламан, А. К. Мұқтарова, А. Н. Тәукелев, С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев, Д. А. Булгакова, А. Ж. Исатаев, В. А. Малиновский, Э. Б. Мұхамеджанов және тағы да басқалардың зерттеу жұмыстары пайдаланылды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсатын мемлекет басқару нысанының теориялық-құқықтық негіздерін ашу және Қазақстан Республикасының мемлекет басқару нысанының ерекшеліктерін көрсету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шығарылады:
- жалпы мемлекет түсінігі мен мемлекет нысанының түсінігін ашу;
- мемлекет басқару нысанының түсінігі мен түрлерін анықтау;
- президенттік басқару нысанындағы Қазақстанның билікті бөлу қағидасына негізделе құрылуының ерекшеліктерін ашу.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Курстық жұмысты жазу барысында осы тақрыпқа арналған көптеген ресейлік және қазақстандық авторлардың еңбектері және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері қолданылды.
Курстық жұмыста жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ және арнайы танымдық әдістер: диалектикалық, жинақтау, тарихи, салыстырмалы, функционалды т. б. қолданылды.
Курстық жұмысты жазу барысында ізденуші заң ғылымының белгілі өкілдері С. З. Зимановтың, С. С. Сартаевтың, З. Ж. Кенжалиевтің, С. Өзбекұлының, Ғ. С. Сапарғалиевтің, А. С. Ибраеваның, Т. А. Ағдарбековтың, В. А. Малиновскийдің, Э. Б. Мұхамеджановтың т. б. еңбектерінің теориялық тұжырымдарын басшылыққа алды.
Зерттеу объектісі. Курстық жұмыстың негізгі зерттеу объектісіне мемлекет нысанына байланысты туындайтын қатынастар жатады.
Зерттеу пәні. Зерттеу жұмысының нақты пәнін мемлекет басқару нысанының теориялық аспектілерін зерделеу құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы төменгі тұжырымдардан көрінеді:
- мемлекет нысанының түсінігі мен құрылымы жан-жақты теориялық тұрғыда ашылып көрсетілді;
- мемлекет басқару нысанының түрлері ретінде монархиялық және республикалық басқару нысандары кеңінен талданды;
- Қазақстан Республикасының басқару нысанына сипаттама берілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеу нәтижелерін еліміздің жоғарғы оқу орындарындағы заңтану мамандығындағы Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, салыстырмалы құқықтану пәндері бойынша дәріс жүргізу кезінде кеңінен қолдануға т. б. арнайы курстар бағдарламасын дайындауда пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс реферат, глоссарий, кіріспе, үш бөлім, алты бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ НЫСАНЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мемлекет түсінігі, белгілері және мәні
Мемлекет - өзінің билігін елдің бүкіл төңірегіне және халқына жүргізетін, сол үшін арнайы басқару аппараттын ұстайтын, басшылыққа міндет етілетін үкімдер шығаратын, егемендікке ие біртұас саяси қоғамдық ұйым.
Мемлекет қоғамдық дамудың өнімі болып табылады. Адамзат қоғамының белгілі бір даму сатысында пайда болып, мемлекет экомикалық, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық және басқа зандылықтардың салдарынан, қоғамның негізгі басқару жүесіне айналады. Мемлекет - даму үстіндегі тарихы құбылыс.
Қоғамның дамуымен қатар мемлекете өзгеріске ұшырайды оның мүдделері мен мақсаттары, басқару құрылымдары мен функциялары өзгереді. Түрлі тарихи кезендерде ғылыми ой мемлекет ұғымына өзінің анықтамасын беруге талаптанып, ол үшін негізінен солкезеңдердегі нақты мемлекеттердің ерекшеліктерін бейнелейтін объективтік факторларды пайдаланды.
Мемлекет - қоғамдық дамудың жемісі. Адамзат қоғамының белгілі бір даму сатысында пайда болып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, құқықтың, психологиялық және басқа зандылықтардың салдарынан қоғамның негізгі басқару жүйесіне айналады. Мемлекеттік - ұйымдасқан қоғам өзінің қалып тасуына қажетті жаңа (айрықша) мүмкіндіктерде ие болды. Бұл мүмкіндіктер өндірістік күштерді, әлеуметтік қатынастарды, құқықтық қалыптастыруларды, ғылымды, халықаралық байланыстарды дамытудан тұрады.
Түрлі тарихи кезеңдерде ғылыми ой мемлекет түсініге өзінің анықтамасын беруге талаптанды, ол үшін сол кезеңдердегі нақты мемлекеттердің ерекшеліктердің бейнелейтін, объективтік факторларды пайдаланады. Барлық өткен, кәзіргі және болашақтағы кезеңдерге сәйкес, мемлекеттің бүкіл мүмкін белгілері мен қасиеттерін сипатттайтын жалпы түсінікті анықтау мүмкін емес. Мемлекеттің даму барысының әр кезеңдерінде, түрлі уақыттарда болған көптеген жағдайлар басқа мемлекеттерге тән емес бірқатар ерекшеліктері мен спецификалық белгілері туғызады. Сонымен қатар, әлемдік ғылым мен қоғамдық практика дәлелдегендей, әр мемлекет белгілерге ие. Бұл белгілердің өзара әсерлері мен жиын ы мемлекет ұғымының келесі анықтамасын беруге мүмкіндік туғызады.
Мемлекет - өзінің билігін елдің бүкіл төңірегіне және халқына жүргізетін, сол үшін арнайы басқару аппаратын ұстайтын, баршылықа міндет етілетін үкімдер шығаратын, егемендікке ие біртұтас саяси қоғамдық ұйым.
Мемлекет саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін. Бырақ мемлекет - ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның атынан қоғамның ішінде де, мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқрады. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанамалай әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар:
1 Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі - ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастарып, өз еркімен жүзеге асырады.
2 Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеушу, басқарушы органдары болады. Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын чиновниктер (қізметкерлер) болады. Қоғамда жаңа тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекет әскер, полиция құрады. Сыртқы жаулардың жансыздарынан сақтану үшін қарсы барлау ұйымдастырады.
3 Арнаулы материалдық қор. Мемлекет органдарын, оларды істейтін қізметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол қорды мемлекет жасау алым-салық белгілейді және оны жинайды
4 Аумағы. Мемлекеттің өзінің тұрағы, алмағы болады. Сол аумақта мемлекет құрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды. Мемлекеттер арасында қарамақайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе осы жер, аумақ мәселесіне байланысты.
5 Құқықтық жуйесі. Мемлекеттің күрлелі белгілерінің бірі - құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалады. Оларды жасап қабылдайтын мемлекетін тиісті өкілеттігі бар органдар болады.
Мемлекет мәнін анықтау да оның таптық табиғаты, мемлекеттің үстем етуші тап билігін орнату құралы ретінде түсіну орын алды [1] . Мемлекет пәні туралы басқа да сипаттамалар болды . Соның ішінде мемлекет мәнін анықтауда оның қоғамның саяси, құрылымдық, территориялық ұйым екендігі, әлеуметтік және таптық мәні, типологиясы, өндіріс әдісі т. б. түсініктер қолданылды.
Қорыта айтқанда мемлекет мәнін кең және тар мағнада анықтауға болады. Кең мағынада мемлекттің әлеуметтік мәнін қоғамның биліктік-саяси ұйымы, адамдар бірлестігі ретінде айқындауға болады. Тар мағнада мемлекеттің әлеуметтік мәні жария биліктің мекемелері жүйесі, басқару аппараты түрінде көрінеді [1, 102 б. ] .
В. В. Лазерев жетекшілігімен шыққан Құқық және мемлекеттің жалпы теориясы атты оқулықта [2] . Мемлекет мәні - осы құбылыстағы басты нәрсе, ол оның мазмұнын, мақсатын, әрекет етуін (билік) және қатынастылығын анықтайды. Сонымен қатар мелекет мәнін түсінуде таптық тұрғыда қарау аз, сондықтан мемлекет теориясының басқа түсініктерін пайдалануға (элитарлық, технократиялық, плюралистік т. б) ұсынады.
Қәзіргі кезде әлеуметтік мектептер мен ағымдарға сипаттама бергенде мемлекетке дегден екі жақты басты көзқарарс - марксистік және марсистік емес -қалыптасқан.
Қәзіргі жағдайда мемлекет туралы әлеуметтік тұжырым, әсіресе жаңа ғылыми және оқу пәні -аяси ғылым пайда болғаннан және қабылданғаннан соң ғылымда тұтастай үстемдік ала бастсды.
Мемлекетке анықтама берудің заңдылық - экономикалық көзқарасы шет ел ғылымыныда жиі ұшырасады. Онда заңды түрде ұйымдасуына және бірлескен орталықтандырылған экономикалық қызметінің қажеттілігіне баса назар аударылады. Шет ел ғылымында мемлеклеттің басқа да анықтамалары толып жатыр, олар оның әр қырына баса назар аударады. Соңғы кезде мемлекетке кибернетикалық тұрғыда сипаттама беру байқалады. Оны жақтаушылар мемлекетті тікелей және кері байланысты ақпаратқа таңылған жүйе ретінде қарастырады: ақпараттар” мемлекеттік рецепторға “енгізілуге, солан соң одан беделді шешімдер “шығаруға” тиіс. Оларды халық әрқалай қабылдайды, ол жөнінде ақпараттар рецепторға қайта келіп түседі, содан соң үздіксіз жаңа цикл, т. т. басталады дейді.
Мемлекет туралы айтылғандарды байқасақ - мемлекет белгілі бір ұйым, ол билік өкілеттігіне ие, оның мамандандырылған агенттіктер мен ведомствалардан тұратын аппараты болады деген пікірді білдіреді. Қорыта айтсақ, мемлекет- қоғамдағы бірден бір әмбебапұйым, ол әкімшілік - аумақтық бөліністерге сәйкес елдің барлық халқын қамтиды.
Мемлекетке қысқа, әрі жан-жақты анықтама беру мүмкін емес, ол - өте күрделі, көп қырлы құбылыс. Қәзіргі мемлекет - қоғамдағы әмбебап саяси ұйым, әлеуметтік кереғарлыққа сүйенген және “ортақ істерді” орындау қажеттігінен туған ұйым. Оның ерекше жария билігі және қоғамды басқаратын мамандандырылған аппараты болады. Ол ең алдымен экономикалық, саяси және идеологиялық жағынан үстем әлеуметтік топтың мүдделеріе білдіреді және белгілі бір дәрежеде қоғамның әралуан топтары арасында төрелік қызметті орындайды. Бұл ұйым, ең алдымен, халықты әкімшілік аумақтық бөліністерге бөлу мен азаматтық институт негізінде құрылады
1. 2 Мемлекет нысаны түсінігі, құрылымы: унитарлық, федерациялық, конфидеранциялық
“Мемлекет” - түсінігін анықтағаннан кейін, мемлекет аспектілерінің бірі - оның нысанын қарастыруға болады. Кез келген тарихи кезеңдегі мемлекеттің нақты нысанының ерекшелігі ең алдымен, қоғамдық және мемлекеттік өмірдің жетілу дәрежесімен, мемлекеттің алдына қойған мүдделерімен және мақсаттарымен анықталады. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекет нысанының категориясы оның пәніне тікелей байланысты және сонымен анықталады. Мемлекет формасына халықтың мәдени деңгейі, ұлттық ерекшеліктері, тұрғылықты жердің табиғи жағдайлары және басқа факторлар едәуір әсер етеді. Мемлекет формасының спецификасын мемлекет пен оның органдарының мемлекеттік емес ұйымдармен (партиялар, кәсіптік ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар, шіркеу және басқа ұйымдар) өзара қатынасын анықтайды.
Мемлекет нысаны - басқару нысанында, мемлекеттік құрылым нысанында бейнеленген мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру.
Түрлі елдердегі мемлекеттік нысандар тек өздеріне тәни белгілермен ерекшеліктерде ие; олар қоғамдық даму барысында жаңа мағынамен толықтырылып, өзара байланыс және әсер салдарынан жетіле түседі.
Мемлекет туралы ұғым мемлекеттанудағы ең маңызды мазмұндамалық сипаттамалардың бірінен саналады. Әдістемелік жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ. И. Канттың өзі де дер кезінде нысан жөнін мемлекеттліктің тәртіпке келтіретін, оны синтездейтін түпкі бастамалық негіз ретінде қарастырған [3] . Күні кеше ғана болып өткен болмыс тіршіліктердегі ғылыми зерттеулер мен саяси құқықтық практика бұл санаттардың өз дәрежесінде бағаланбағанын айғақтайды. Алайда, мемлекеттік-құқықтың жаратылыстан туындайтын мемлекет нысанының (сондай-ақ, құқық нысандарының да) қатаңдығы мен айқындығы саяси бағыт-бағдарларды іске асырудағы субъективизм мен зорлық-зомбылықтарды елеулі түрде шектей алатындығы сөзсіз. Кеңестік дәуір кезіндегі көптеген авторлар өз еңбектерінде мемлекет «мазмұнын», әсіресе оның «таптық» жақтарының маңызын атап-атап көрсететін. Бұл еңбектердегі мазмұнның өзі «қалыптастырылған», «құрылған» болып келетініне, нысанның өзі мазмұнның тіршілік ету тәсілі және білдіру екеніне, сол нысанның тек өзі ғана (басқа емес) мазмұнға ие екеніне көбінесе көңіл бөліне бермейтін.
Бүкіл прогресшіл, алға қарай басушылықтың барлығын да тарихи материализм өкілдері өздерінің жеңіл қолдылығымен мазмұнға жатқызып келген болатын. Алайда, көптеген елдердің тарихы ұлттық күйреуге апарып соқтыратын өте қатал әлеуметтік-саяси дағдарыстар кездерінде тек қана мемлекеттің тұрпаты ғана, оның өз ішінен ұйымдасып бірлесуі, онда да, олардағы күштердің тірі күйінде, аман-сау сақталынып қалғаны ғана, опат болып құрудан, жойылып кетуден аман алып қалғанын көрсетіп отыр.
Мемлекеттегі орнықты және тұрақты болып келетіннің барлығы ең алдымен және көбінесе оның нысанына жатады. Мемлекетке үйлестіре сәйкестенген «нысаны» ұғымының білінуі көп бейнелі болып келеді. Билік өкілінің мемлекет қызметкерлерінің бір үлгідегі киім киісінен мемлекеттің ішкі ұйымдасуына, оның құрылымына дейінгі аралықты қамтиды. Заң салаларының жария жақтарын жаратпай, оны елемей қоюдан мемлекеттік-құқықтық немқұрайлылықтың көбінесе бастау алатыны біздің заманымыздың қатты сырқаты.
Сол кездің өзінде-ақ тұтасқан, бөлінбейтін ежелгі әлеуметтік нормалардан құқықты нақ жария бастаудың өзі бөліп алған болатын, сондықтан да мемлекет өзінің пайда болуы хақында нақ нысанға байланысты. Мемлекет нысанын зерттеп зерделеу теорияның өзін әліппеден бастаудың магистралдық бағытына тең болатын. Көптеген жүз жылдар бойында, антикалық заманнан келе жатқан үрдіс бойынша мемлекеттік-құқықтық ғылым өз назарының кіндік тұсы етіп екі мәселені ылғи да есте ұстаған болатын: тарих және осы заман мемлекет нысанының қандайларын білетін еді, аталған халыққа дәл осы өтіп жатқан кезеңдегі уақытта мемлекет нысанының белгілі болғандарының қайсысы ең жақсы ұнасымды болар еді ?
Ежелгі гректердің нысан мәнісінің маңызын атап көрсетуі кездейсоқтық емес. Мысалы, Платон нысан жөніне айқындаушы, белсенді рөл белгілеген [4] . Мемлекет идеясын, оның нысанын өзінен бөліп алып қарастыруға болмайды. Осы аталым этимологиясының өзі соны нұсқап көрсетіп тұр (форма, нысан, эйдос, идея, морфэ) .
Аристотельдің [5] өзінде нысан мазмұнынан бұрынырақ заң ғылымдарының жиынтығында да, космологияда да (трансценденттік парасатты танып білуде) және антропологияда да (адам жанының жоғары рухани қабілетінің «бөлінетіні» мен оның мәңгілік екенін танып білу) приоритет және материямен пайдаланғандығын байқаймыз.
Қазіргі уақытта нысан деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымы ұсынылады. «Жұп» болып келген басқа да философиялық санаттар тәрізді мемлекет нысаны да өзінің мазмұнымен тығыз да нық байланыстылығымен сипатталады. Осы соңғысы мемлекеттік биліктің, оның субъектісінің кімге тиістілігін анықтауға мүмкіндік берсе, оны кім жүзеге асырады деген сауалға жауап тапса, онда ол мемлекет нысанын зерделеу барысында ол мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылғандығын, оның өзі қандай органдар арқылы атқарылатынын, бұл органдардың құрылу тәртібінің қандай болатынын, олардың өкілеттік мерзімдерінің қаншалықты ұзақтығын, ең соңында мемлекеттік биліктің жүзеге асырылуы қандай тәсілдермен атқарылатынын және тағы сондай-сондайларды анықтайды.
Мұнда басы ашық болып отырған мәселе мемлекет нысанының теория жүзінде ғана емес, оның практикалық саяси мәнісінің бірінші дәрежеге дейін көтерілуі. Мемлекеттік биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Міне мемлекет нысан мәселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға байланысты болып келетін себебі осы. Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарды құру және ұйымдастырудың белгіленген рет тәртібі. Екіншіден - бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, орталық, регионалдық және жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі. Үшіншіден - бұл, мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері, амал-жолдары. Сонымен мемлекет нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысанынан, мемлекеттің құрылымы нысанынан және мемлекеттік, саяси нысанынан синтезделеді (түзеледі) . Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен мемлекеттік құрылыс нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси өзгермелілік (динамика) те қоса қарастырылатын болды. Ғылыми басылымдардағы дискуссияларда - ғылыми айтас-тартыстар барысында әртүрлі пікірлер ұсыналып жүрді. Онда мемлекет нысаны жөніндегі синтетикалық ұғымның кейбір аспектілеріне приоритеттер (басылымдықтар) беріліп келген болатын. Қалай болғанда да, мемлекеттік билікті ұйымдастыру жөнінде бүгіндері ең көп тараған концепция (пікір) үш элементі: басқару, мемлекеттік құрылыс және саяси режимді біріктіре тұтастырып тұрады.
Мемлекеттік нысанға бөлу көзқарасының тәжірибелік мәні бар және де ол оқу мақсатында кеңінен пайдаланады. Оны ғылыми зертеулерге пайдаланғанда мемлекет нысанын элементтердің тұтастығына басқаша назар аударылды. Бірақ іс жүзінде бұл тұтастық та жүйенің ішкі байланысын және оның ортаға қатысын (әлеуметтік, ұлттық, әлеуметтік-мәдени) қамтитын жүйе тұтстығы бірлігін емес, оның элементтерін ойланбай қоса салу болып отыр. Мемлекет түрі сипаттамасы көбіне оның элементтері арқылы беріледі де, ал түрге анықтама беру жалпы философиялық ұғыммен шектеліп қалып жүр. Мұндай көзқарасты мінсіз деуге болмайды, тіпті соңғы жылда кейбір конституциялар (Түркия, Сальвадор) басқару түрі мен мемлекет құрылысын ескерумен шектеліп қана қоймай, “мемлекет түрі” деген кең ұғымды терминді де енгізді.
Мемлекет нысаны тек элементтерден ғана тұрмайды, дәстүрлі үш элемент солардың көрініс беретін мемлекет тұрпатының басты жақтарын көрсетеді, сөйтіп ол өз сапасын аяғына деиін сақтап қалатын болды. Кез келген мемлекет нысаны оның мазмұнымен анықталады, өйткені нысан дегеніміз мазмұнды ұйымдастыру болып табылады. Ондай мазмұн мемлекеттік билік екені белгілі, мемлекеттің бір немесе өзге де түрі мемлекеттік билікті тиімді жүзеге асырудан барып құралады. Осы мақсатпен мемлекеттік органдар құрылады, белгілі бір әкімшілік - аумақтық бөлініс қолданылып, мелекеттік билікті жүзеге асырудың бір немесе өзге де әдістері қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz