ҚР территориясындағы тас және қола дәуірлері



КІРІСПЕ
1. КР ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАС ЖӘНЕ ҚОЛА ДӘУІРЛЕРІ ҚОРЫТЫНДЫ
Біз қазақ халқы өзіміздің өсіп-өнуіміз алғашқы қауымдық құрылыстағы ру-тайпалардан басталғандығын ешбір жоққа шығара алмаймыз. Алыс замандарда өткен бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі жайлы қазіргі түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі – тас құралдар, соларды дайындаудан қалған қоқыстар, тамақ қалдықтары, жануарлардың сүйектері сақталған. Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне және орта ғасырлардағы тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер көмектеседі. Ең басты хабарды алғашқы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы – еңбек тас құралдары береді. Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың тастан жасалған құрал-саймандары, қоныс-жайлары көп. Өте ертедегі палеолит, мезолит, неолит дәуірлерінің өзінде қазіргі қазақ жерінде алғашқы адамдардың тіршілік еткенін Бестөбе, Бөріқазған, Маятас, Ботай сияқты тағы басқа қоныс орындары дәлелдей алады.
Көне тас дәуірінің үш кезеңінен табылған тастан жасалған құрал-жабдықтар арқылы осы кезеңде өмір сүрген алғашқы адамдардың тірлігінде болған түрлі жаңалықтарды біле аламыз. Адамдардың бұрын топ-топ болып жүргені де бізге белгілі. Бұның өзін де біз әрине ғалымдардың археологиялық қазба кезінде жүргізген экспедицияларындағы тапқан тастан жасалған құралдардың бір орыннан, әсіресе, от жағылған жердің айналасынан көптеп кездесуінен аңғарамыз. Мысал ретінде, Арыстанды өзенінің бойындағы Шоқан Уәлиханов қонысындағы мыңдаған тас құралдардың бір жерден табылуы адамдардың алғашқы қоғамдық ұйымын, дәлірек айтқанда, рулық құбылыстың бастамасы екендігін көрсететінін келтіре аламыз. Сонымен бірге адамдардың тіршілігі үшін, қорғануы үшін табиғатпен күрес жүргізуінің басталуы отты пайдалануынан-ақ байқалады.
1. К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов, Т.Жұмағанбетов "Қазақстан археологиясы"
Алматы, "Қазақ университеті", 2006 жыл
2. К.Ақышев "Ертедегі ескерткіштер елесі"
Алматы, "Қазақстан", 1976

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
КР ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАС ЖӘНЕ ҚОЛА ДӘУІРЛЕРІ Қорытынды

Кіріспе
Біз қазақ халқы өзіміздің өсіп-өнуіміз алғашқы қауымдық құрылыстағы
ру-тайпалардан басталғандығын ешбір жоққа шығара алмаймыз. Алыс замандарда
өткен бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі жайлы қазіргі түсінігіміз олар тұрған
үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі – тас құралдар, соларды
дайындаудан қалған қоқыстар, тамақ қалдықтары, жануарлардың сүйектері
сақталған. Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне және орта ғасырлардағы
тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер көмектеседі. Ең
басты хабарды алғашқы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы –
еңбек тас құралдары береді. Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың
тастан жасалған құрал-саймандары, қоныс-жайлары көп. Өте ертедегі
палеолит, мезолит, неолит дәуірлерінің өзінде қазіргі қазақ жерінде алғашқы
адамдардың тіршілік еткенін Бестөбе, Бөріқазған, Маятас, Ботай сияқты тағы
басқа қоныс орындары дәлелдей алады.
Көне тас дәуірінің үш кезеңінен табылған тастан жасалған құрал-
жабдықтар арқылы осы кезеңде өмір сүрген алғашқы адамдардың тірлігінде
болған түрлі жаңалықтарды біле аламыз. Адамдардың бұрын топ-топ болып
жүргені де бізге белгілі. Бұның өзін де біз әрине ғалымдардың археологиялық
қазба кезінде жүргізген экспедицияларындағы тапқан тастан жасалған
құралдардың бір орыннан, әсіресе, от жағылған жердің айналасынан көптеп
кездесуінен аңғарамыз. Мысал ретінде, Арыстанды өзенінің бойындағы Шоқан
Уәлиханов қонысындағы мыңдаған тас құралдардың бір жерден табылуы
адамдардың алғашқы қоғамдық ұйымын, дәлірек айтқанда, рулық құбылыстың
бастамасы екендігін көрсететінін келтіре аламыз. Сонымен бірге адамдардың
тіршілігі үшін, қорғануы үшін табиғатпен күрес жүргізуінің басталуы отты
пайдалануынан-ақ байқалады.

КР ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАС ЖӘНЕ ҚОЛА ДӘУІРЛЕРІ

Көне тас дәуірінің алғашқы кезеңдерінің ескерткіштері (тас құралдар)
көбінесе Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің бойынан Тәңірқазған,
Бөріқазған, Тоқалы және Жамбыл облысының Ақкөл деген жерлерінен табылған.
Бұл жерлердегі тас құралдар жасы жағынан археология ғылымындағы қалыптасқан
Шель кезеңінің соңғы кезіне жатады. Бұндағы тас құралдар өздерінің формасы
жағынан сопақша келіп, бір жағы сүйірлеу үшкір болса, ал екінші жағы екі
қолмен ұстауға ыңғайлы етіп жасалған. Мұндай құралдарды қатты затты ұру,
соғу үшін пайдаланған. Осы сияқты тас құралдар Орталық Қазақстаннан,
Сарыарқадан және Балқаш көлінің солтүстік жағалауынан да табылғаны белгілі
болып отыр. Сонымен қатар, бұл құралдар Алғашқы адамдардың қытай жерінен
табылған питекантроп пен синантроп маймылдары сияқты тік жүре бастаған
маймылдардың жасаған құрал-жабдықтары болып есептеледі.
Көне тас дәуірінің орта кезеңі мен соңғы кезеңінде өмір сүрген
алғашқы адамдардың құрал-жабдықтары да Қазақстан жерінде көп және қоныс
тұрақтар да жүздеп, мыңдап саналады. Мысалға, Шымкент облысының Шақпақты
жерінен шақпақ тасынан жасалған пышақ тәріздес жаңқышақтар мен өзекшелер
табылған. Археология ғылымында көне тас дәуірінің орта кезеңі ашель –
Мустьер деп аталады. Бұл кезеңге жататын тас құралдар, әсіресе, Қаратау
бөктерлерінен, Орталық Қазақстанның Маңғыстау Жарты аралының шығыс жағынан,
Сарысу өзенінің жағалауларынан тағы басқа көптеген жерлерден табылғаны
белгілі. Осы кезеңдегі құрал-саймандардың көп жерлерде кездесуінің өзі
алғашқы адамдардың Қазақстанның барлық жеріне тарай бастағанын көрсетеді.
Сонымен бірге, Мустьер дәуіріндегі адамдардың қоныстары, тұрақ-
жайлары пайда бола бастаған. Мысалы, Арыстанды өзенінің бойындағы Қарасу
қонысы дәлел бола алады. Бұл қонысқа жүргізілген зерттеу қазба жұмысы оның
үш мәдени қабаттарының барлығын анықтап берді. Қоныстан шақпақ тастан
жасалған бірнеше мыңдаған құралдар алынған, олардың ішінде қырғыштар, үшкір
тастар, соққылар, дөңгелек өзекшелер, сүйектен жасалған құралдар, аң және
құс сүйектері табылған. Қарасу қонысы арқылы алғашқы адамдардың тобырлық
өмірден бастап аналық, рулық құрылыстарға дейін бір жерде орын теуіп ұзақ
уақыт бойы өмір сүргендері дәлелденген.
Орталық Қзазақстанның түрлі көптеген ескрткіштерінің ішінен
Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі Жаманайбат, Қарағанды облысының
Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтарындағы тас бұйымдардың арасындағы
жел-құздан мүжілген шапқыш құралдар айрықша назар аударады. Шығыс
Қазақстаннан 1989жылы Қозыбай атты олжалы жер табылды. Күршім ауданының
Қараторғай ауылының маңындағы Қолғұты өзенінің бойынан табылған бұр
тұрақтан алғашқы қауым адамдарының қолмен жасаған тас құралдары, әсәресе,
шапқыш құрал, екі жағы да өңделген құрал қара түсті кремний жынысынан
істелінген сындырғыштар көп кездесті. Осындай ескерткіштердің бірін
1958жылы Х.Алпысбаев табады. Ол бұл тұрақта бес мәдени қатпар бар екендігін
айтады, осыннан тас құралдар, от орындары, ошақтар, әр түрлі жануарлардың,
олардың ішінде жылқы мен қодастың, ақбөкен мен бұғының сүйектері табылды.
Соныман қатар тас бұйымдары мен мәдени-тұрмыстық қалдықтар сол кезеңнен
қалған күйінде сақталған тұрақ Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас
ауданындағы Арыстанды өзенінің оң жағалауында бар. Бұл жерден табылған
ерекше олжа болып келетін еңбек құралдарын жасайтын ісмерхананың қазылып
зерттелуінен адамдар бұл тұрақта ұзақ ғасырлар бойы, Мустьер дәуірінен
жоғары палеолит дәуірінің аяғына дейін мекен еткенін байқаймыз. Осы кезеңге
жататын ескерткіштер, айта кетсек, Өгізтау, Үлкен Ақмая тұрақтары 1984жылы
Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан табылды. Батыс Қазақстандағы Маңғыстау
түбегіндегі палеолиттік есекрткіштер өте айрықша қызықты. Сонымен қатар,
Өнежек тобы тұрағының алқабынан бір-бірінен өзіне тән ерекшеліктері мен
айырмашылықтары бар жеті олжалы орын табылды.
Көне тас дәуірінің соңғы кезеңі археология ғылымында мустьердің аяғы
немесе мадлен кезі деп аталады. Бұл кезеңнің ескерткіштері Қазақстанның
барлық жерінен табылған десек қателеспеспіз. Көне тас дәуіріндегі алғашқы
адамдардың ең алғашқы Отаны болып саналатын Оңтүстік Қазақстандағы Үштөбе
үңгірі, Ащысай сияқты тұрақты мекен-жайлары болған. Ондай мекен-жайлар
Шығыс Қазақстанның Бұқтырма өзенінің сағаларынан, Орталық Қазақстанның
Торалғы өзенінің бойынан, Қарағанды қаласының оңтүстік батысындағы Қарабас
атты жерлерден де табылған. Мұндағы құралдардың Оңтүстік Қазақстан тас
құралдарына қарағанда өзгешеліктері бар. Бұқтырма өзеніндегі адамдар
тіршілік еткен қоныстан от орындары, қырғыштар, аң сүйектері, көп қырлы
жарықшақталған өзекшелер табылып зерттелген. Және де бұл кезеңдегі
адамдардың өздерінің ұстаған аң терілерінен киім жасап кие бастаған. Бұған
дәлел болып отырған – осы кезеңдегі қоныстардан табылған тас құралдың
ішінде тастан жасалған тескіштердің, ине-тебендердің көптеп кездесуі.
Сонымен қатар, аң аулауға қажетті тастан найзаның ұшы жасап үйренуді де
адамдар осы көне тас дәуірінің соңғы кезінде меңгерген. Олар сүйектен де
құрал-сайман жасай білген.
Уақыт өте келе тастан жасалатын құралдар саны-сапасы, түрі (қырғыш,
пышақ, соққы, қашау, тескіш, т.б) жағынан дамып отырған. Бұдан адамдардың
жетілуін, ойлау санасының дамуын, еңбек процесіне деген қабілетінің
біртіндеп өсуін байқаймыз. Осыған байланысты, бұл кезеңде тас өңдеу тәсілі
де бұрынғыдан күрделене түсті, мысалға, нуклеустерден жұқа қалақтар
шетінетіп алып, сүйек пен ағаш саптарға салынып, пышақ қырғыш ретінде
қолданылған, тіпті жұқа жүзді құрал жасауға, сүңгі ұштарын жасауға қысқыш
техника кеңінен пайдаланылған. Мұндай жоғары сапалы құралдар археолог С.С.
Черников зерттеген Бұқтырма өзенінің оң жағалауындағы шығанақ мүйісіне
орналасқан Үңгір тұрағында кездеседі. Атап айтқанда, мұнда шеңберлі, ретуші
бар қырғыш пышақ іспетті қалақ сынығы, пышақ тәрізді құрал, түрі пирамида
тәрізді, кетіліп, сынып түскен жердің іздері бар нуклеустер бар. Бұл кезде
Тастан жасалған соққы мен шапқы әрі қару-жарақтың, әрі құрал-сайманның
қызметін атқарды. Яғни, ондай құралдармен адамдар жыртқыш хайуандардан
қорғанумен қоса, сол құралдарды өздеріне қажетті аңдарды соғып алуға да
пайдаланды.
Сонымен қатар, көне тас дәуіріне жататын пышақ тәріздес тас-
құралдар Гурьев (Атырау) облысының Александров портынан көптеп табылуымен
қатар, тіпті 1883жылы Абайдың досы Е.П.Михаэлис тілегі бойынша Семей
қаласында өлкелік музей ашылып, сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас
найзаның ұштары, қырғыштар, пышақтар, пышақ тәріздес жаңқышақтар, тас балта
қойылады.
Келесі тас ғасырындағы 7мыңжылдыққа созылған, Орта тас дәуірі мен
Жаңа тас дәуірінің арасын қосатын көпір болып табылатын кезең – Мезолит
дәуірі. Құрал-саймандарға байланысты бұл дәуірдің ерекшеліктерінің бірі -
адам баласы өміріндегі жаңа қарудың пайда болуы. Яғни, садақ пен жебенің
жасалуы. Бұл жаңа қарулардың артықшылығын Ф.Энгельс былай сипаттайды:
Садақ және оның жебесі - өте күрделі құрал., оны жасау үшін ұзақ мерзім,
көптеген тәжірибе және ақыл мен қабілеттілік қажет. Мұндай қарудың пайда
болуы алғашқы адамдардың өмірінде мал шаруашылығының пайда болуына және
оның дамуына үлкен әсерін тигізді.
Кейін белгілі ғалым С.И.Руденко алғаш рет Қостанай облысының
Қайранкөл маңынан мысты тас дәуірінің қонысы бар екенін айтады. Бұл
қоныстан тас дәуіріңің соңғы кезіне жататын жас қырғыштар, кескіштер, пышақ
тәріздес жаңқышақтар тағы басқа көптеген тас құралдар табылды. Ал 1928жылы
Алтын-Қолат өзегінің оңтүстік жағынан 3 шақырым жерде 2метр тереңдіктен тас
құрал жасаған тастың өзекшесі (нуклеус) табылған. Ғалымдардың пікірі
бойынша бұл Қазақстандағы алғашқы адамдардың тас дәуірінің соңғы кезеңінде
өмір сүргендігі жайлы дәлелдердің бірі болып көрсетіледі. Сол сияқты
көрнекті археолог ғалымдар М.П.Грязнов және И.В.Синициндер 30-жылдары
Қарағанды, Батыс қазақстан жерінен Жаңа, Мысты тас дәуірінің қоныстарын
тапқан.
Өз жеріміздегі алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде
айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның
жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың
орталық бөлігінен бірнеше жерінен тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе,
Сарысу бойынан мысты тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын
шеберхананың орнын табуы – ғалымның маңызы зор басты бір көрнекті еңбегі.
Жаңатас дәуірінің қоныстарын алғаш рет 1926жылы М.П.Грязнов пен
М.Н.Комарова Қазақстанның солтүстік аудандарында зерттеді. Олар Жасыбай
көлінің жағасынан адамдар тұрағы болған апанды тауып, оның жаңа тас
дәуіріне жататындығын дәлелдеп сипаттап берді. Бұл кезеңнің тас құралдары ,
сонымен қатар, Қарағанды облысының Гигант деген жерінен де табылды. Ал
Шығыс Қазақстанда Жаңа тас дәуірінің ескерткіштерін тауып, оларға ғылыми
зерттеу жүргізген археолог ғалым С.С.Черников осы дәуірдің Кіші
Красноярск және Усть-Нарым атты қоныстарына қазба жұмыстарын жүргізген.
Ғалымдардың ішінен тас дәуірінің маманы Х.А.Алпысбевтың еңбегі зор.
1970-1977жылдары ғалым Оңтүстік Қазақстанда жүргізілген ғылыми барлау
жұмыстарының барысында Жаңашелек 1,2,3; Маятас, Дермене,1,2,3; Арыс1;
Тасқотан жерлерінен және Жезқазған облысының жерінен Шалқия 1 қонысын Орта
және Жаңа тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеген.
Жаңа тас дәуірінде адамдардың киім тігіп кие бастағаны белгілі болып
отыр. Бұған дәлел ретінде Есіл өзенінің саласы Иманбор бойындағы
қоныстардан сүйектен жасалған ине мен біздің табылуын келтіре аламыз.Осы
дәуір мен мысты тас кезеңінің 400-ге жуық қоныстары мен ескерткіштері
көбінесе бұлақтардың, өзен, көлдердің бойларына және табиғи үңгірлерге
орналасқан. Ондай жерлер өмір сүруге және тастан құрал-сайман жасауға
қолайлы. Табылған құралдардың көпшілігі: садақтың жебесі, найза ұшы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Миф - мәдениеттің бір түрі
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Табиғи жағдайлар және ежелгі гоминидтердің тіршілік еткен ортасы
Нәтижесінде Қазакстан аумағында түркі мемлекеттері
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің қоныстары
Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер
Архаикалық мәдениет
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
Пәндер