Қазіргі экономикалық теориядағы инфляция мәселесі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы : Қазіргі экономикалық теориядағы инфляция мәселесі

Қабылдаған:

Орындаған:.

Алматы, 200

Жоспар

Кіріспе

І Инфляцияның мәні және оның түрлері

ІІ Қазақстандағы инфляция

ІІІ Инфляциямен күресу жолдары және Филлипс қисығы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Біздің экономиканың нарықтық қатынасқа ауысуы ақшаның мәнін ұлғайтты. Ақша мәселесі халық шаруашылықты қайта құру практикалық шараларда және теорилық зертттеулерде негіз болып тұр. Сондықтан да, экономикалық баспа сөз беттерінде осы сұрақтардың талқылауына қарамастан, олардың маңыздылығы кемімейді.

Біздің және басқа мемлекеттердің тәжірибесіне қарағанда, нарықтық қатынасқа өту, бағалардың тез өсуіне, инфляциялық факторлар әрекеттердің күшеюіне соғады. Нарықтық қатынасқа өтудің өзі, инфляция тереңдеуінің себебі ме, әлде, осы қатынастарда бұрыннан жиналған инфляциялық потенциал өзінің нақтылық түрін көрсетеді ме деген мәселелердің қайсысы дұрыс екенін бағалау өте қажетті.

Нарықтық қатынастар шаруашылықта инфляцияны жасанды тежеу қарт төмендейді. Сонымен қатар, нарыққа өтудегі шешімдерді тізбексіз қабылдау, кейбір шешімдерді дұрыс ойламау бар қиындықтарды ұлғайтады және инфляциялық процесстерді күшейтеді.

Көптеген елдердің тәжірибесі бір орталықтан жоспарланудың ұзақ жұмыс істеу, әдетте, материалдық және ақша ағымдарының теңестірілуінің бұзуына әкелді. Соңғы уақытта дейін біздің санамызда «инфляция» деген ұғым капитализмнің кеселі ретінде орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процесстерді тудырады. Инфляцияның себебі, әрекет ету механизмі, көрінуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын біздің елде терең зерттелмеген. Инфляцияның басты ерекшелігі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден тұрады. Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл шаруашылық механизмнің қызметінен туындайды.

Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар.

1773-1783 жж. Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс филардың құнсыздануына әкеп соқтырды. Франция 1789-1794 жж. революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.

Алғашқы рет «Инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде (1851-1865 жж) орасан зор гривналар ақша орнына қолданылған күміс кесек 450 млн доллар шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлеу қабілеті 2 жылдың ішінде ақшаның қазына жинау құралы қызметі механизмімен атқару кезеңінде қалыптасқан айналым саласында алтын мономентализмі жағдайында инфляцияның созылмалы ауру ретінде дамуына кедергі жасады. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айырбасталуының кезеңі болды. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде инфляция жалпы созылмалы сипаттама алынды, маңызды әлеуметтік -экономикалық проблемалардың біріне айналды.


І Инфляцияның мәні және түрлері

«Инфляция өрт сияқты; егер

ол басталған болса, оны сол

мезетте сөндіру қажет»

М. Долебровский

Енді инфляция дегеніміз не? Осы сөздің басын ашып алайық. Инфляция (латын сөзінен алғанда inflatio - қампию) - қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөшерінің тауарлар бағаларының қосындысын артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляция білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірейік: айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд алтын доллар шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-ауқатының дәрежесін төмендетуе әкеп соқтырады.

Инфляциядан өндіріс те біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі болып тұрып, тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Инфяция кешенді себептердің негізінде пайда болады және оның маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны азайту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар немесе жай қағаз ақшалар шығарылуы, тұтыну игіліктерінің көбеюіне айналмайтын, адамзат еңбегінің мақсатынсыз шығындарға жол беретін мемлекеттің өндірістік емес шығындары (әсіресе әскери шығындар) .

Сұранысты ұсыныспен алшақтататын тауар тапшылығы және соның негізінде бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің өз өнімдеріне, олардың тұтыну саласын арттырмай-ақ жоғары баға қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға мүмкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақталуы және басқа себептер. Бұл себептер мемлекеттік бюджеттің тапшылығының тұрақты ұдайы өндірілуіне және жиі-жиі артық ақша эмиссиясына (эмиссия - айналысқа ақша және қағаздар шығару) жағдай жасады.

Тауарлық айналымын қамтамасыз ету үшін ақшаның мөлшері неден тәуелді болады? Біріншіден, белгілі уақытта өткізілуге тиісті тауар бағаларының қосындысынан. Тауардың саны неғұрлым көп болса, оны өткізу үшін ақша бірлігі соғұрлым көп бөліну керек. Екіншіден, әрбір ақша бірлігінің айналымының жылдамдығына. Бұның мәні - ақшаның бірдей мөлшері сатылып, алып-сату актілеріне аз немесе көп мөлшерде қызмет ете алады. Айналымдағы ақша бірліктерінің санын көбеуту және осыдан тауарлармен қамтамасыз етілген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Ол тауарлардың бағаларының өсуіне (анық және жасырынды) әкеледі.

Инфляция - құнсыздануға әкелетін, қаржы арналарында қағаз ақшаларының көбеюі.

Инфляция - ақша құбылысы, бірақ ол ақшаның құнсыздануымен шектелмейді. Ол экономикалық өмірдің барлық салаларына өтіп, оларды күйретеді. Одан мемлекет, өндіріс, қаржы нарығы, ал көбінесе адамдар қорлық көреді.

Инфляция кезінде:

  1. Алтынға қарағанда ақшаның құнсыздануы;
  2. тауарға қарағанда ақшаның құнсыздануы;
  3. шетел валютасына қарағанда ақшаның құнсыздануы болады.

Қазіргі американдық әдебиеттерінде инфляцияның анықтамасын былай түсіндіреді: инфляция - жалпы баға деңгейінің көтерілуі. Бірақ бұл барлық бағалардың көтерілуін көрсетпейді. Инфляцияның тез өсуі кезінде, кейбір бағалар тұрақты, ал кейбіреулері төмендеп кетуі мүмкін. Басты мәселелерінің бірі - бағалардың әркелкі көтерілуі тенденциясы. Біреу қарт көтеріледі, басқалары жай көтеріледі, ал үшіншілері көтерілмейді.

Инфляция баға индекс арқылы өлшенеді. Баға индексі базалық кезеңге қарағанда, бағалардың жалпы деңгейін анықтайды. Баға индексі - инфляцияның тереңдігінің болмауын немесе болуын көрсететін көрнекті және бас көрсеткіштердің бірі.

Берілген жылға инфляция қарқынын келесідей табуға болады: алдыңғы жылдың баға индексін берілген жылдың баға индексінен шегеріп, шыққанды алдыңғы жылдың индексіне бөлеміз де, 100 %-ке өбейтеміз.

Берілген жылдың Алдыңғы жылдың

баға индексі баға индексі

Инфляция қарқыны = *100%

Алдыңғы жылдың баға индексі

Инфляция әр-түрлі факторларға байланысты пайда болған. Бұлар ақша бірлігінің санының артық болуы да, төлем қабілеті бар сұраныстан тауар өндірісінің тоқталуы да, нарыққа сұранысы жоқ тауарлардың түсуі де. Аналитиктер мен экономистер инфляцияны немесе дәлірек айтқанда, болжалды инфляцияны болжау үшін көп күш салады. Божалды инфляция дисконттау (есептеу) ставкасының мөлшерін анықтаушы басымдылық фактор болып табылады.

Инфляция деңгейіндегі өзгерістерді болжау қабілетінің иесі дисконттық ставкаларын анықтауда жақсы нәтиже көрсете алады. Инфляцияны анықтауды бірінші қадамы оны анықтаушы факторлар болып табылады. Инфляция деңгейіндегі өзгерістерді болжау қабілетінің иесі дисконттық ставкаларын анықтауда жақсы нәтиже көрсете алады. Инфляцияны анықтаудың бірінші қадамы оны анықтаушы фактор болып табылады.

Бұл берілген кезеңде ғалымдар арасында инфляиялық үрдістің анықтаушылары туралы толық келісім бар, бірақ инфляциялық ықпалдың нәтижесі туралы анық келісім жоқ.

Инфляциялық анықтаушы факторларын және әртүрлі ғылыми мектептердің келіспеушілігінің көзін түсіну үшін келесі теңдікті қарастыру керек:

P=M*V/Y

Мұндағы P - баға деңгейі;

M - экономикадағы ақша саласы;

V - экономикадағы ақша айналымының жылдамдығы;

Y - экономикадағы өндірістің шын көлемі;

Ақша саласының айналымының жылдамдығы, экономикадағы ақшалардың жиі айналатын және осы кезде пайда боған келісімдердің көлемін өлшейді. Егер ақша саласының көлемі анық көрсеткішпен анықталса, онда айналымдылық үнемі есептелуі керек.

Алдыңғы теңдіктің параметрлерінің өзгерту шартында көшіріп жазсақ:

d=(dM) *(dV) /(dY)

Теңдіктің сол жағы инфляцияның деңгейі болып табылады, ал оң жағы инфляция деңгейінің үш анықтушысын көрсетеді:

а) Ақша саласының көлемінде өзгеріс ;

егер көлем қалған тұрақты параметрлерде өзгерсе, онда инфляция деңгейі үлкейеді.

Бұл монетаристік теорияны жақтаушыларының дәлелінің негізі болып табылады. Олар өндірістің шын көлемі мен ақша саласының арасында байланыстың жоқ екеніне және сонымен бірге айналымдылықтың көрсеткіші ұзақ уақытта тұрақты болады және еркін саясат (ақша саласының көбеюі) жоғарғы инфляцияның себебі болып табылуына сенеді.

Кейбіреулер монетарлық саясат шын өндіріс көлеміне қысқа мерзімді әсер ете алатынын мойындағанмен, көпшіліктер ұзақ мерзімді әсердің бар екенін айтады. Айналымдылық уақыт өткен сайын өзгере алады деген пікірдің бар болғанымен, бұл өзгерістер ұзаққа созылған уақыттан соң пайда болады және инфляцияға маңызды әсер ете алмайды.

б) Ақша саласы айналымдылық деңгейіндегі өзгерістер;

егер айналымдылық қалған тұрақты параметрлерде үлкейсе, онда инфляцияның деңгейі жоғарлайды.

Экономистер ақша саласының айналуы уақыт өткен сайын өзгеретіні туралы ұзақ уақыт дауласты. Анықтаушының бірі болып технологиялық үрдіс болып табылды. Ол ақшаны көбейту және ақшаны жұмсау тәсілдерін өзгертеді. Сөйтіп, ақшаның айналымдылығына әсер етеді.

Гиперинфляция кезінде адамдар қолма-қол ақшаны ұстағысы келмейді және нақты тауарды сатып алуды артығырақ көреді.

Сонымен, егер орталық банк ақша саласын тез арада үлкейтсе, онда бұл инфляция деңгейінің өсуіне өзгеріссіз келеді.

в) өндірістің нақты көлеміндегі өзгеріс;

егер көлем қалған тұрақты параметрлерде үлкейсе, онда инфляцияның деңгейі төмендейді.

Көбінесе осындай экономикалық құлдырау кезінде монетаристік саясатты жеңілдету үшін Кейнс мектептерінің жолын ұстаушылардың негізгі аргументі болып табылады. Олар ақша саласының үлкеюі, өндіріс көлемінің ілеспелі, нақты үлкеюіне әкелетіні және осы кезде инфляциялық үрдістердің байқалмайтыны немесе мүлдем болмайтыны туралы айтты.

Инфляцияның мәні ақша бірлігінің сатып алушылық қабілетінің төмендеуі, яғни бұл ақша бірлігіне сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер көлемінің төмендеуі. Ол төмендеу міндетті түрде жеке нақты табыстың немесе өмір деңгейі төмендейді.

Инфляция - ақша бірлігінің сатып алушылық қабілетін төмендетеді, бірақ та егер атаулы табыс инфляциядан артта қалса, онда адамның нақты табысы немесе өмір деңгейі төмендейді.

Инфляция - салыстырмалы тіркелген атаулы табысты алған адамдарды жазалайды. Басқаша айтқанда, инфляция табыстарды қайта бөледі, тіркелген табыс алушылардың табысын кемітеді, ал халықтың басқа таптарында молайтады.

Сонымен бірге, тіркелген рента алатын жер иесінің жағдайын нашарлатады, өйткені уақыт өткен сайын олар аз құнды ақша бірліктерін алады. Аз деңгейдегі инфляцияның құрбандары тіркелген тарифтік тор арқылы табысты белгілейтін мемлекеттік сектордың қзметкерлері және сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру мен тіркелген табыс тұрғындары және т. б. трансферттік табыстармен тұрған жанұялар бола алады. Тіркелген табыспен тұрған адамдар инфляциядан ұта алады бұндай жанұялардың атаулы табыстары баға деңгейлерді немесе тұрмыс құнын асыра алады. Осыдан олардың нақты табыстары үлкейеді. Өндірістің дамушы салаларында қызмет еткен және қуатты кәсіподақтармен ұсынған жұмысшылар өздерінің жалақыларының инфляция деңгейімен бірге немесе азайтуға жете алады.

Басқа жағынан, инфляциядан кейбір өндірістің пайдасыз салаларында қызмет еткен және қуатты кәсіподақтардың қолдауынан айырғаны жалдамалы жұмысшылар азап шегеді. Бұл жұмысшылар бағалар деңгейінің өсуі, олардың ақша табыстарын озат алатын жағдайда болып қалуы мүмкін.

Инфляциядан фирмалардың басшылары және т. б. табыс алушылар ұтыс ала алады. Сонымен қатар, инфляция иеленушілердің жинақ ақшаларына көз тиюі мүмкін. Бағалардың өсуімен бірге жинақ ақшаның шын құны немесе сатып алу жарамдылығы азаяды. Инфляция кезінде сақтандыру банкідегі мерзімді алым ақшаның жыл сайынғы рентасының және т. б. тіркелген құнды қағаз активтерінің шын құны азаяды.

Егер біз бағалардың өсу деңгейін қарастыратын болсақ, онда инфляцияның келесі түрлерін көрсете аламыз:

  1. Біркелкі инфляция. Бағалар жылда 10 % өседі, ақшаның құны сақталады, атаулы бағалардағы шарттарға қол қою тәуекелдігі болмайды;
  2. Жоғары қарқынды инфляция. Бағалар жыл ішінде 20-200 %-ке өседі, ақша тауарға тез заттандырылады, шарттар бағалардың өсуіне бекітіледі;
  3. Шексіз инфляция. Бағалар өте тез өседі, бағалар мен жалақылардың алшақтығы қоғамның қамтамасыз етілген бөлігінің жағдайын нашарлатады.

Тауарлардың әр-түрлеріне байланысты бағалардың өсуінің қатынасының екі түрі бар:

  1. Теңгерілген инфляция. Тауар топтарының бағалары бір-біріне қатысты өзгермейді.
  2. Теңгерілмеген инфляция. Тауар топтарының бағалық қатынасы әр-түрлі %-де өзгереді.

Сонымен қатар инфляция болжамды және болжамсыз болып бөлінеді.

Инфляциядан және экономикалық дағдарыстардан әлемде өтпеген ол жоқ. Кейбір өте қиын дағдарыстар экономиканың жаңаруына және өрленуіне әкелген. Сондықтан көптеген зерттеушілер дағдарысты ғылыми-техникалық, әлеуметтік, саяси және экономикалық дамытуда бетбұрысты мезет деп қарастырды.

Тарихи жағдай бір мәнді қайталамайды, сондықтан да өзіндік тәжірибе бүгінгі жағдайдағы мәселелерді дұрыс қарастыру керек. Басқа мемлекеттерде дағдарыстан өтуде қолданған әдістерді берілген жағдайға сай басқаша қолдану керек. Ең алдымен инфляцияның қай түрі және қандай дағдарыс екенін анықтап алу керек. Сонда ғана берілген жағдайдан шығудың жолын іздеу керек.

Инфляцияны келесідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

  1. Инфляциялық процесстің сипатына қарай; ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады; жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бақылау жасап отырады; инфляциялық шошыну, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді;
  2. Таралу орнына қарай; локальдік инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі; дүниежүзілік инфляция, кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды;
  3. Бағаның өсу қарқынына қарай; баға инфляция, баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10 %-ға өседі; орташа инфляция, баға тез қарқынды жылына 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады; ұщқыр инфляция, баға жылына 500-1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамышу елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән болып келеді.

Инфляция анықталады және оның қарқыны статистикалық көрсеткіш - тұтыну бағаларының индексі көлемімен анықталады. Тұтыну бағаларының индексі 275-ке жуық тауарлар мен қызметтердің аттарын қамтитын тұтыну қаржыны негізінде анықталады. Тұтыну бағаларының индексін есептеуде келесідей формула қолданылады:

Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы

ТБИ = *100 %

Базалық жылдағы тұтыну қоржынының бағасы

Тұтыну бағаларының индексінің белгілі сандық мәні болуы керек.

  • баға индексі 100 % - ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
  • баға индексі 100 % - дан жоғары, мысалы, 140 % -ға тең. Демек, ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1, 4 есе өскен, яғни ақша нфляциялық құнсызданды;
  • баға индексі 100 % - дан төмен, айталық 80 % - ға тең, яғни ағымдағы жылдағы бағаны базалыққа қарағанда 20 % - ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляция болғанын, яғни баға деңгейінің төмендегенін білдіреді.

Инфляцияның тигізетін әлеуметтік-экономикалық салдарын мынадан көруге болады:

  • халық топтары, өндіріс сферасы, аймақтар шаруашылық құрылымдары, мемлекет, фирмалар арасында, дебиторлар мен кредиторлар арасында табыстардың қайта бөлінуі;
  • халықтың шаруашылық субъектілерінің ақшалай жинақтарының және мемлекеттік бюджет қаражаттарының құнсыздануы;
  • бағаның әркелкі өсуі нәтижесінде өнеркәсіп салаларындағы пайда нормасының теңсіздігінің артуы және ұдайы өндіріс процесіндегі теңсіздіктің орын алуы;
  • жұмыссыздықтың өсуі;
  • халық шаруашылығына деген инвестицияның қысқаруы;
  • амортизациялық қорлардың құнсыздануы;
  • бағадағы, валютадағы және пайыздағы алып-сатарлық ойындардың ұлғаюы;
  • көлеңкелі экономиканың белсенді түрде дамуы;
  • ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуі;
  • қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуі;

Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның әлеуметтік және экономикалық салдары оған қарсы саясаттың болуын талап етеді.

Инфляциялық процестердің жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру формаларына, ақша реформалары мен инфляцияға қарсы саясат жатады.

Сұраныс және ұсыныс инфляциясы. Баға деңгейіндегі дәстүрлі өзгеріс артық жиынтық сұраныспен түсіндіріледі. Экономика өзінің өндіруінен артық жұсауы мүмкін.

Өндіріс сектор бұл артық сұранысқа өнімнің шын көлемінің ұлғаюымен жауап бере алмайды, себебі ресурстардың бәрі пайдаланылған. Сондықтан да бұл артық сұраныс өнімнің тұрақты шын көлем бағаларының өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын туғызады. Сұраныс инфляциясының мәнін бір сөйлеммен түсіндіруге болады:

«Тауардың өте аз мөлшеріне ақшаның өте көп мөлшері құмарланады. »

Сұраныс инфляциясы келісідей факторлардың әсерінен туындайды:

  • Әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттілігінен ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
  • Мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
  • Несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкісінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
  • Импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;
  • Ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау;

Шығын инфляциясы - бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады;

  1. Еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы; Көрсетілген қызметтің маңызының артуы; Бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі; Энергетикалық дағдарыс;

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мынаған қатысты құнсызданады:

  • Алтынға;
  • Тауарға;
  • Шетел валютасына;

Бірінші жағдайда, қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады.

Екінші жағдайда, тауарлардың бағасы өседі.

Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.

Өндіріс шығындарының өсуімен немесе жиынтық ұсыныстың азаюымен туылған инфляция.

Инфляцияны нарықта шығындарды және ұсынысты өзгерте алады.

Шығындардың өсуімен шартталған инфляция теориясы бағалардың өсуін өнім өлшемінің шығындарының өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіріледі.

Өнім бірлік шығындары - берілген өндірістің көлемінде орташа шығындар және сонымен бірге ортақ шығындарды өндірілген өнім көлеміне бөлгенде, өнім өлшемінің шығындарын шығарып алуға болады:

Ортақ шығындар

Өнім бірлік шығындары =

Өнім өлшемінің көлемі

Өнім өлшемінің шығындарының өсуі экономикада өнімнің пайдасын және көлемін азайтады. Осыны фирмалар берілген бағалардың деңгейінде ұсынуға дайын. Сол себептен барлық экономика масштабындағы тауарлар мен қызметтердің ұсынысы азаяды. Ал бұл азаю бағалардың деңгейін көтерді. Демек, бұл сызбанұсқа бойынша бағаларды сұраныс емес, шығындар қымбат қылдырады.

Инфляцияның себептері мен салдары. Инфляцияның себептерін монополияның үш түрінде іздеу керек:

  1. Ақша эмиссиясына негізделген мемлекеттік монополия;
  2. Кәсіподақ монопоиясы;
  3. Бағаны және өзіндік шығындарды анықтауға негізделген ірі фирмалар монополиясы;

Монополияның бұл үш түрі бірімен-бірі байланысты және олардың әрқайсысы сұраныс пен ұсыныс балансын бұза алады.

Инфляцияның себептерін мемекеттің сыртында да жатуы мүмкін, оларды әлемдік саудада іздеу керек.

Инфляциялық себептерді анықтау өте маңызды. Оған жататындар:

Біріншіден, мемлекеттің бюджет тапшылығында көрсетілген мемлекеттік кірістер мен шығыстардың теңгерімсіздігі. Егер бұл тапшылық мемлекеттің орталық эмиссия банкінің қарызынан қаржыланатын болса, басқа сөзбен айтқанда «баспа станогін» активті пайдаланудан, онда бұл айналымдағы ақша саласының өсуіне әкеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Институционализм
Институционализм туралы
Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі
Өндірістің факторлары мен олар тудырған табыстар
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер туралы
Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары
Экономикалық циклдың кейнсиандық модельдері
Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары жайлы
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz