Қазақстанның жер қоры және ауыл шаруашылық саласындағы жерлерді игеру


Жоспары:
1. Кіріспе
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
2. Негізгі бөлім
а) Қазақстанның жер қоры және ауыл шаруашылық саласындағы жерлерді игеру
ә) Меншік иелердің және жер пайдаланушылардың жерлерін түгендеу және есепке алу
б)
в) Мәліметтерді қайта құрылымдау операциялары
3. Қорытынды
ГАЖ мәліметтерін геомәліметтер базасында көрсетудің маңызы мен нәтижелері
Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724, 9 мың км2. Халқы 15 млн. -нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы - Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ. ) . Мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.
Жер кадастры - мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі. Жер учаскелерінің орналасқан жері, нысанасы, пайдаланылуы, көлемі мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер учаскелерін бағалау жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметті бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін.
2005 жылдың 1 қазаңында ауыл шаруашылық жерлерінің жеке меншікке берілген жерлер 719, 3 жерлері 6 млн. 811, 4 мың теңге. Сонымен қатар конкурстар мен аукциондар өткізу тәжіриебеге еңгізілген, олардың барысында жеке меншік иесіне 114 жер учаскелері 22 млн. 156, 1 мын. теңге сатылды, жер құқығына иелену жерлері 114 жер учаскелері 8 млн. 624, 2 мың. теңгеге сатылды.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптары бойынша, жерлерді одан әрі нәтижелі пайдалану мақсатында арнайы жер қоры ауыл шаруашылық және қорлардағы жерлер тарапынан қалыптасады:
1) Ерікті түрде жер учаскесінен бас тартқан жағдайда; 2) Мәжбүрлі турде жер учаскесін тартып алған жағдайда; 3) Жер кодексінің 170 бабының 2, 6 тармағын іске асыру мақсатында; 4) Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мүрагерлер болмаса, немесе мұрагерлердің бірі мұраны қабылдамаса, немесе мұрагерлер мұра қалдырушының өсиеті бойынша мұра алудан айырылса, немесе мұрагер мұра алудан өз бетінше мемлекет пайдасына немесе нұсқаусыз бөтен адамның пайдасына мұрадан бас тартқан жағдайда. Арнайы жер қорының құрамына жер учаскелерін еңгізу жергілікті атқару органы арқылы жүзеге асырылады және сәйкестендірілген аудандармен қалалармен бекітіледі. Толық мәліметтер жерлердің облыстарда, аудан кесінділерінде арнайы жер қорларының бар болуын (сонымен қатар 170 бабының 2, 6 тармағын іске асыру нәтижесінде пайда болғаны туралы) 1 қосымшада көрсетілген.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі саладағы мемлекеттік саясаттың ең негізгі стратегиялық бағыты қазіргі кезде егістік алаңдардың тиімділендіруі болып табылады. Мемлекеттік агро азық -түлік бағдарлама барысында (2003-2005жылдардағы) ауыл шаруашылық саласындағы жерлер алаңдары, облыс экономикасындағы аграрлық секторда үлесін қосқан 533, 4 мың гектарға көбейтілді және 2005 жылдың 1 қазанына 5545, 6 мың гектарға көбейтілді, соның ішінде егістік алаңы 130, 3 мың гектарға көбейтіліп, 1162, 1 мың гектар құрады. Шығыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдардағы агро азық- түлік бағдарламасының ауыл шаруашылық жерлерін игеру саласындағы әсіресе егістікке жарамды жерлердің салыстырмалы анализі 2 қосымшада көрсетілген.
Қазақстан Республикасының жер кодексің қабылдағаннаң бері мемлекет тарапынаң шаруа қожалығына беру реформасының ақырғы бағыты болып атап өтілді және бұрынғы совхоздар мен колхоздардың жекешелендіруі орташа және ірі агро құрылым құрастырылуына негіз туындады. Жер кодексі бойынша өткізілген аралық жағдайларды іске асыруы мақсатындағы жұмыстарды орындаудың нәтижесінде 2005 жылдың 1қаңтар айы бойынша 33 066 жалдау шарттары 1182, 8 мың гектар шартты жер алаңдарының үлесі туралы шарты бұзылып, келесідей пайдаланған: -626, 8 мың гектар аланында - 11 534 шаруа қожалығы (ауыл шаруашылық қожалығы ету үшін ) ;
-189, 2 мың гектар аланында - 4817жай серіктестік құру үшін; -344, 7 мың гектар алаңында - 16 217 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жиналған капиталына берілген. -6, 1 мың гектар жер алаңының - 193 өндірістік кооперативіне төлем ретінде; - 16 мың гектар жер аланының - 305 акционерлік қоғамның төлемі үшін; - Сонымен қатар 116, 1 мың гектар жер алаңының - 1264 жер иеленушілері аудан шегінен тыс жерге шыққан себеппен, шартты түрде жер үлесін қайта рәсімдеген жоқ, ал облыстар мұрагерлік құқығын рәсімдемеген себеппен; және Жер кодексінің 170 бабына сәйкес жер алаңдары арнайы жер қорына берілген. 717, 2 мың гектар алаңында 1 250 жер учаскелері қос жалдау шартында орналасқан және олар келісім шарттарттардың бұзылғанынаң кейін, осындай мақсатқа жұмсалған:-377, 1 мың гектар жер алаңы - 280 шаруа қожалығы (ауыл шаруашылық қожалығы ету үшін) ; -15, 7 мың гектар жер алаңы - 19 жай серіктестік құру ушін; -321, 7 мың гектар жер алаңы - 949 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жиналған капиталына берілген; -2, 7 мың гектар жер алаңының -2 өндірістік кооперативіне төлем ретінде берілген; - 67, 5 мың гектар жер алаңының 57 жер учаскелері, аудан шегінен -тыс жерге шыққан себеппен қайта рәсімделген жоқ, ал облыстар мұрагерлік құқығын рәсімделмегендіктен, жер алаңдары аудандардың арнайы жер қорына берілген.
2005 жылдың 1 қазандағы жағдай облыс бойынша 4433, 2 мың гектар жер алаңында 14723 ірі шаруалық қожалығы құрылған, 1007, 2 мың гектар жер алаңында 248 ірі мемлекеттік емес агро құрылымдар қалыптасып, сонымен бірге: 775, 2 мың гектар жер алаңында 206 шаруашылық серіктестіктер, 74 мың гектар жер алаңына - 12 акционерлік қоғамдары, 158 мың жер алаңына 30 ауыл шаруашылық кооперативтер қалыптасқан.
2002-2007 жылдардарға арналған «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадасторының (ААЖҚ Е АИС ГЗК) автоматты ақпаратты жүйесін құру және ендірмелеу» атты Үкімет жобасының іске асыру шегінде, 2004 жылы жер кадасторының мәліметтерді жинауды автоматты түрде ендірмелеу мақсатында, облыста Облыстық мемлекеттік жер кадасторының автоматты хабарландыру жүйесі құрылған. Бұл жоба салық төлеушілердің жер баллансының біріңғай тізілімі жүргізілуін көздейді, салық салу мақсатында жерлердің кадасторлық бағасын, және жерлердің пайдалануы мен сақталуы мемлекеттік бақылауды көздейді және т. б.
Жер кадасторының мәліметтері мемлекеттік ақпаратты қоры болып табылады, Қазақстан Республикасының Примьер - Министрінің орынбасары С. М Мынбаев өткізген кеңесінде болған шешімің орындалуы ең алдымен сенімді және өзекті талаптарға сай болуы керек, 2004 жылдың 25 қараша айының № 20-7/005-836 қала және аудан әкімдеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерін түгендеу және есепке алып, іске асыруының кепілдеуі берілді. 2005 жылдың 20 қазан айының жағдайы Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншік иелердің және жер пайдаланушылардың жерлерін түгендеу және есепке алуы (барлық санынан 71%) Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық жер қорының категориясы -123533 азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне құқық растайтың құжаттары бар. -38299 азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін беруін рәсімдеу сатында, -45215 азаматтар мен заңды тұлғаларды жер кадасторының мәліметтер базасынан, жер пайдаланушылардың жоқ болғандығынан шығарып тастауға кепілделінген (кету себебі және үйлер мен саяжайлардың бұзылғандығынан) .
Шаруа қожалықтары мен мемлекеттік және мемлекеттік емес агро құрымдарға тіркелген ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу және есепке алу.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 11-49 жарлығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасының территориясында 2004-2010 жылдарға арналған ауыл территорияларың дамыту туралы» мемлекеттік жоспарға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылық саласындағы жерлерді түгендеу және есепке алуы жүргізілді, оның мақсаты барлық жер алаңдарының мәліметтерін айқындату және нақтылау, алаптардың құрамы, және олардың сапалы жағдайы мен жерді бөлу жер пайдаланушыларға таратылуы болып табылады.
Жерлерді түгендеу және есепке алу барысында 5127, 858 мың гектар ауыл шаруашылық саласындағы жер алаңында - 14077 шаруашылық субьектілер бар екені белгіленді. 2005 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша белгіленген жұмыстар аяқталды, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жинақ құрылды, ол 3 қосымшада көрсетілген.
Бекітілген қортыңдылары жерлерді түгендеу және есепке алудың құжаттары ауыл шаруашылық саласындағы жерлердің моноторингі үшін базалық құжаты болып саналады, олардың жүргізілуі жерлердің жағдайының өзгеріліп отыратының уақытында анықтау үшін қажет, және Шығыс Қазақстан облысы бойынша жерлердің пайдалануын түгендеп есепке алып және жер ресурстарын қорғау бойынша шараларды әзірлеуі болып табылады.
Жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылауда қолдану
Қазақстан Республикасының Үкіметімен егістікке жарамды жерлерді ұтымды пайдалану туралы міндеттеме қойылды, соған қатысты жер қорларын басқаруға байланысты Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық басқармасының тарапынан ауылшаруашылығы бағытындағы жнрлерді ұтымды пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. 2003 жылы жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылауда қолдануды іске асыру мақсатында 910 тексеру жүргізілді, соның нәтижесінде 20527, 1 гектар жерде 784 заң бұзушылық анықталған, әкімшілік істерді қарау барысында 75 субъект ескерту алды, 120 субъектке жалпы сомасы 739, 953 мың теңге шама айыппұл салынды.
Жерді ұтымды пайдалануға байланысты 253 тексеріс жүргізілді. Соның нәтижесінде 1596, 2 гектар жерде 216 заң бұзушылық анықталды, әкімшілік істерді қарау барысында 53 субъект ескерту алды, 38 субъектке 73, 294 теңге айыппұл салынды. 2004 жылы жерді қорғау мен пайдалану іске асыру мақсатында 1201 тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде 101027, 0 гектар жерде 976 заң бұзушылық анықталды. Әкімшілік істерді қарастыру барысында 295 субъект ескерту алды, 237 субъектке жалпы сомасы 3323, 271 мың теңге айыппұл салынды.
Жерді ұтымды пайдалануға байланысты 197 тексеру жүргізілді, сондықтан нәтижеде 27136, 7 гектар жерде 197 заң бұзушылық анықталды, әкімшілік істерге байланысты 100 субъект ескерту алды, 52 субъектке жалпы сомасы 160, 079 мың теңге айыппұл салынды. 2005 жылы жерді қорғау мен пайдалануды қолдануды іске асыру маңызында 262 тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде 239000 гектар жерде 164 заң бұзушылық анықталды. Әкімшілік істерді қарастыру барысында 39 субъектке ескерту жасалды, 110 субъектке жалпы сомасы 3023 мың теңге айып салынды. Жерді ұтымды пайдалану маңызында 38 тексеріс жүргізілді. Соның нәтижесінде 38 заңды бұзушылық анықталды. Әкімшілік істерге байланысты 20 субъект ескерту алды, 18 субъектке 140, 795 мың теңге айыппұл салынды.
Жер учаскесін құжаттандыру
Жер кодексіне сәйкес ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді жеке меншікке және қолдануға берілгенде азаматтар мен заңды тұлғаларға топырақтың, геоботаникалық тексерулердің және жер қыртысының сапасын бағалап айыру мәліметтеріне сүйену негізінде жасалған жер учаскесінің құжаты беріледі. Бұл жердің ұтымды және тиімді пайдаланылуын бақылаудың базалық құжаты болып табылады. 2005 жылдың 1қазанына дейін облыс бойынша 2125 шаруа қожалығы және 146 ауыл шаруашылық кәсіпорыны құжатпен қамтылған. Шығыс Қазақстан облысының аудандарындағы шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарына құжат жасау туралы ақпарат 4-қосымшада берілген.
... жалғасы2005 жылдың 3 тоқсанына мекеме есебі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz