Кәмелетке толмағандармен жасалатын зорлықшыл қылмыстылығының криминологиялық сипаттамалары



1Кәмелетке толмағандармен жасалатын зорлықшыл қылмыстылығының криминологиялық сипаттамалары;

2Кәмелетке толмағандардың зорлықшыл қылмыстылығының жайы,деңгейі,динамикасы және үрдісі;

3Кәмелетке толмағандардың зорлық қылмыстылығының себептік кешені;

4зорлық корсетіп қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың криминологиялық сипаттамалары;

5Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бұл еңбек кәмелетке толмағандардың зорлықпен жасаған қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасына жан-жақты талдау жасауға арналған.Зерттеу жұмысында зорлықпен қылмыс жасаған кәмелетке лолмағандардың қылмысты жасау себептері мен жағдайлары,олардың жеке бас ерекшеліктері және қылмыстардың алдын алу мәселелерін одан әрі жетілдіру жолдары қарастырылған.Адамзат тарихының өне бойында адамдардың,жеке адамның зорлыққа бару себебі әлеуметтік,философиялық,психологиялық және заң әдебиетінде көп қозғалған және зерттеуді қажет ететін проблемаға айналды.Зорлық көрсету қазіргі кезде адамзат алдында тұрған ушықты мәселе болып отыр,себебі ол қоғамдық қатынастың барлық саласында,оның ішінде қылмыстықта жиі көрініс табуда.Зорлық көрсету қылмысы санының көбейгенімен қатар,қазір оның сипаты мен дәрежесі де өзгерді,оны қаруланған,ұйымдасқан әрі білікті адамдар жасайтын болды.Қоғамның экономикалық және саяси оміріндегі тұрақсыздық салдарынан зорлықшыл қылмыстылық кәмелетке толмағандар арасында да етек ала бастады.
Ол туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030»стратегиясында:”Мемлекеттің басты бағыты-адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету,сондықтан да азаматтардың конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғарғы дәрежеде кепілдендіру қажет,өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік өркениеттің құндылығы болып саналады ”деп атап өтеді.Жыл сайын Қазақстан халқына жасаған Жолдауларында осы бағытқа аса назар аударып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің берген тапсырмаларды орындауда заңдылықтардың сақталуының атқарар орны үлкен.Себебі заң қоңамдаңы адамдар арасындаңы қатынасты реттейтін негізгі ереже болып табылады.
Олар жасаңан қылмыстардың көбісі адамның жеке басына қарсы бағытталған ауыр және аса ауыр қылмыстар қатарына жатады-кісі өлтіру,ауыр дене жарақатын салу,қарақшылық шабуыл жасау,әйел зорлау.Мұндай зорлықкөрсету қылмыстарында да агрессия бар ,яғни «ондай жеке немесе ұжымдық іс -әрекет басқа адамға немесе топқа күш көрсету немесе психикалық зиян келтіруге,тіптен жойып жіберуге бағыталған».Қоғамдағы да,жеке кісі басындағы да мұндай келеңсіз процестер қоғамды дүрліктірмей тұра алмайды,сондықтан оларды зерттеудің маңызы зор.Қазақстан Республикасында жалпы қылмыстардың жасалу саны,әлі де болса өз қарқынын жоғалта қойған жоқ.Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-агрессивтік үрдістің өсуі қоғамдағы әлеуметтік ауыр проблемалардың бірі –жастар қылмыстылығының бетін ашып отыр.
Адамның жеке басына ,оның денсаулығы мен өміріне қарсы жасалатын қылмыстар саны көбеюде ,мұндай қылмыстарды кәмелетке толмағандар көбіне топтасып жасайды.Бұл ретте зорлық-агрессивтік іс-әрекеттер проблемасын кәмелетке толмағандардың зорлық көрсетуінің қайнар көзі ретінде зерттеудің ерекше маңыздылығы бар.
Криминалдық зорлықшылықтың әр түрлі аспектілері біздің елдің де,шетелдердің де заңгерлерінің ,сондай-ақ психология,философия,социология және басқа ғылымдар өкілдерінің назарын өздеріне аудару.Кәмелетке толмағандар тарапынан болатын зорлық пен агрессияны зерттеуге Э.Доннерштейн,К.Майер,Дж.Скотт сияқты шетелдік ғалымдардың қосқан үлесі қомақты.
1.Қайыржанов Е.І Криминология оқулық,2000жыл;

2.Алауханов Е.О. Криминология оқулық,Алматы,2006жыл;

3.Башкатов И. Психология групп несовершеннолетних правонарушителей,1993год;

4.Урупин С.С. Психология семьи,1984год;

5.Қайыржанов Е.І. ,Ерінбетова Л.Қ. «Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасы:Монография»,Алматы,2003жыл;

6.Макаренко А.С. Педогогические сочинения,1984год;

7.Статистические данные о состоянии преступности песовершеннолетних в городе Алматы(2000-2003гг.),Алматы,2003год.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1Кәмелетке толмағандармен жасалатын зорлықшыл қылмыстылығының
криминологиялық сипаттамалары;

2Кәмелетке толмағандардың зорлықшыл қылмыстылығының жайы,деңгейі,динамикасы
және үрдісі;

3Кәмелетке толмағандардың зорлық қылмыстылығының себептік кешені;

4зорлық корсетіп қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың криминологиялық
сипаттамалары;

5Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бұл еңбек кәмелетке толмағандардың зорлықпен жасаған қылмыстылығының
криминологиялық сипаттамасына жан-жақты талдау жасауға арналған.Зерттеу
жұмысында зорлықпен қылмыс жасаған кәмелетке лолмағандардың қылмысты жасау
себептері мен жағдайлары,олардың жеке бас ерекшеліктері және қылмыстардың
алдын алу мәселелерін одан әрі жетілдіру жолдары қарастырылған.Адамзат
тарихының өне бойында адамдардың,жеке адамның зорлыққа бару себебі
әлеуметтік,философиялық,психологиял ық және заң әдебиетінде көп қозғалған
және зерттеуді қажет ететін проблемаға айналды.Зорлық көрсету қазіргі кезде
адамзат алдында тұрған ушықты мәселе болып отыр,себебі ол қоғамдық
қатынастың барлық саласында,оның ішінде қылмыстықта жиі көрініс
табуда.Зорлық көрсету қылмысы санының көбейгенімен қатар,қазір оның сипаты
мен дәрежесі де өзгерді,оны қаруланған,ұйымдасқан әрі білікті адамдар
жасайтын болды.Қоғамның экономикалық және саяси оміріндегі тұрақсыздық
салдарынан зорлықшыл қылмыстылық кәмелетке толмағандар арасында да етек ала
бастады.
Ол туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
-2030стратегиясында:”Мемлекеттің басты бағыты-адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету,сондықтан да азаматтардың
конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғарғы дәрежеде кепілдендіру
қажет,өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік өркениеттің
құндылығы болып саналады ”деп атап өтеді.Жыл сайын Қазақстан халқына
жасаған Жолдауларында осы бағытқа аса назар аударып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің берген тапсырмаларды орындауда
заңдылықтардың сақталуының атқарар орны үлкен.Себебі заң қоңамдаңы адамдар
арасындаңы қатынасты реттейтін негізгі ереже болып табылады.
Олар жасаңан қылмыстардың көбісі адамның жеке басына қарсы бағытталған ауыр
және аса ауыр қылмыстар қатарына жатады-кісі өлтіру,ауыр дене жарақатын
салу,қарақшылық шабуыл жасау,әйел зорлау.Мұндай зорлықкөрсету қылмыстарында
да агрессия бар ,яғни ондай жеке немесе ұжымдық іс -әрекет басқа адамға
немесе топқа күш көрсету немесе психикалық зиян келтіруге,тіптен жойып
жіберуге бағыталған.Қоғамдағы да,жеке кісі басындағы да мұндай келеңсіз
процестер қоғамды дүрліктірмей тұра алмайды,сондықтан оларды зерттеудің
маңызы зор.Қазақстан Республикасында жалпы қылмыстардың жасалу саны,әлі де
болса өз қарқынын жоғалта қойған жоқ.Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-
агрессивтік үрдістің өсуі қоғамдағы әлеуметтік ауыр проблемалардың бірі
–жастар қылмыстылығының бетін ашып отыр.
Адамның жеке басына ,оның денсаулығы мен өміріне қарсы жасалатын қылмыстар
саны көбеюде ,мұндай қылмыстарды кәмелетке толмағандар көбіне топтасып
жасайды.Бұл ретте зорлық-агрессивтік іс-әрекеттер проблемасын кәмелетке
толмағандардың зорлық көрсетуінің қайнар көзі ретінде зерттеудің ерекше
маңыздылығы бар.
Криминалдық зорлықшылықтың әр түрлі аспектілері біздің елдің де,шетелдердің
де заңгерлерінің ,сондай-ақ психология,философия,социология және басқа
ғылымдар өкілдерінің назарын өздеріне аудару.Кәмелетке толмағандар
тарапынан болатын зорлық пен агрессияны зерттеуге
Э.Доннерштейн,К.Майер,Дж.Скотт сияқты шетелдік ғалымдардың қосқан үлесі
қомақты.
Дегенмен қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік келеңсіз өзгерістерден
туындаған жаңа криминогендік факторларға,кәмелетке толмағандардың
қылықтарындағы сылтаудың өзгеруіне ,олардың жауапкершілігін реттейтін
заңнамадағы өзгерістерге байланысты кәмелетке толмағандар арсындағы зорлық
көріністері әрі қарай мұқият зерттеуді ,әсіресе қылмыстық-құқықтық
тәсілдермен оның алдын алу жолдарын зерттеуді керек етеді.Криминологиялық
,қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-орындаушылық шаралар жүйесін бағалау
керек,бұлар кәмелетке толмағандардың құқыұтары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз етуде,сондай-ақ олар жасайтын қылмыс санын азайтуда көмегін
тигізген болар еді.
Зерттеудің мақсаты кәмелетке толмағандардың іс-әрекетіндегі зорлық және
агрессиялық көріністерді криминологиялық санат ретінде қалыптастыру :
-кәмелетке толмағандардың қазіргі зортық жасау арқылы істеген қылмысының
күйі мен үрдісін зерделеу;
- зорлық көрсетіп қылмыс жасаушы кәмелетке толмаған жастың жеке басын
зерделеу;
-құқық қорғау органдарының және басқа да субъектілердің мұндай қылмыстың
алдын алудағы қызметін тиімді етуге бағытталған ғылыми ұсыныстар даярлау.
-Осы қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешуге
талпыныс жасалды:
-кәмелетке толмағандардың зорлық жасау арқылы істеген қылмыстарының Алматы
облысы мен Оңтүстік ҚО-дағы ерекшеліктермен салыстырғанда Қазақстанның
криминологиялық көрсеткіштері мен үрдістерін айқындап оларды талдау;

-кәмелетке толмай зорлық көрсетіп қылмыс жасаушының жеке басын зерделеу;

-кәмелетке толмағанның іс-әрекетіндегі сылтаудың және олардың зорлық жасау
арқылы істеген қылмыстарындағы ерекшеліктердің кәмелетке толмаған жастың
географиялық тұратын жерімен байланыстылығын анықтау;

-кәмелеике толмағандар арасындағы зорлық пен агрессия проблемасын
зерделеудің негізгі криминологиялық концепцияларын салыстыру;

- қылмыс себептерін және оны жасаған адам ерекшеліктерін талдау негізінде
кәмелетке толмай зорлық көрсеткен қылмыскердің жеке басының типологиясын
ұсыну;

- кәмелетке толмағандар арасында жүргізілетін сақтандыру жұмысындағы
құқықтық және ұйымдық проблемаларды ашу;

-кәмелетке толмағандардың зорлықшыл қылмыстылығынан қылмыстық-құқықтық
тәсілдер арқылы сақтану шараларын жетілдіруге арналған нақты ұсыныстар
даярлау.
Монографиялық зерттеу кәмелетке толмағандардың зорлық істеу арқылы жасаған
арқылы және оның Алматы қаласы мен және басқа облыстарымен салыстырғандағы
үрдісі;оның ерекшеліктерімен детерминанттары,оның ішінде кәмелетке
толмағандар арасында зорлық пен агрессияның өсуіне ықпал тудыратын
процестер ,кәмелетке толмаған зорлықшыл қылмыскердің жеке басы,сондай-ақ
кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алатын құқық қорғау органдары
мен басқа субъектілердің қызметі қарастырылған .
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың зорлық істеу арқылы жасаған қылмысының
жайын,құрылымын және динамикасын сипаттайтын мәліметтер;кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің әр түрлі аспектілерін реттейтін
бұрынғы және қазіргі отандық заңнамалардың нормалары мен институттары
;кәмелетке толмағандардың зорлық істеу арқылы жасаған қылмысы жайындағы сот
практикасының материалдары;кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын
алу жөнінде шетелдер заңнамасын қамтиды.
Монографиялық зерттеудің негізгі тұжырымдары :
1. Кәмелетке толмағандардың криминалдық зорлық-зомбылығы жәбірленушінің
денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп ,оны өз нанымы мен мақсатына қайшы
әрекет жасауға мәжбүрлеп қана қоймайды,сонымен қатар кәмелетке
толмағандардың қылмыс жасауынан агрессиялық зорлыққа ұшыраған кісі өзінің
әлеуметтік қатынастары мен мүмкіндіктерін әрі қарай іске асыруда жарым
–жартылай ,толықтай ,уақытша немесе өмір бойы қиындықтар шегуі
мүмкін.Ал,кәмелетке толмағандар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанға
дейін,кейбір құқық бұзушылыққа барады,бірақ ондай әрекеттер қазіргі
құқықтық саясатта аса мән берілмейтіндіктен ,кәмелетке толмағандардың ондай
әрекеттері үшін шара қолданудан тысқары қалады.
2. Зорлық жасау арқылы қылмыс жасаған кәмелетке толмағанның жеке басында
әлеуметтік-құқықтық және өнегелік –психологиялық ауытқудың болуы кәмелетке
толмағанның зорлықшыл қылмыскер болуына итермелейді,демек мұндай қылмыстың
жасалу себептеріне назар аудару керек.Сондықтан да кәмелетке толмаған
зорлықшыл қылмыскердің жеке басы эмоционалдық
тұрарсыздық,ашушаңдық,дөрекілік, ұстамсыздық әлеуметтік қарым-қатынастарға
,қоғамда қалыптасқан нормаларға теріс көзқарасты, білімсіздік ,санасыздық
сияқты қасиеттермен сипатталады.
3. Кәмелетке толмағандардың зорлықшыл қылмысын тудыратын типтік әлеуметтік
жағдайлар болып :олардың тіршілік етуі мен тәрбие алуындағы ерекшкліктер
,ата-аналардың ішімдікке салынуы ,ата-ана құқығынан айырылуға дейін баруы
кәмелетке толмағанды қоғамға жат қылықтар жасауға итермелеуі болып
табылады.
4. Кәмелетке толмағандардың зорлық көрсетіп жасаған қылмысы отбасының
криминогендік бұзылудәрежесіне және отбасы факторларына тікелей
байланысты болады.Нашар отбасыларын ерте бастан айқындау тәсілі қазіргі
кезде орын алмаған және оларға арнайы көмек көрсетілмейтіндігі анықталады.
5. Кәмелетке толмағандардың зорлық көрсетіп жасаған қылмысымен күрес
саясатының және кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алудың
қылмыстық-құқықтық құралдар жүйесінің ерекшелігі анықталады.Кәмелетке
толмағандардың зорлықшыл қылмыстылығымен күресте одан сақтандыру шараларына
баса назар аударылуы тиіс.Бұл қылмыстылықтан әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қоғамның өзі онша мән бермей отырғандықтан ,қылмыстық-құқықтық тәсілдер
көмегімен бұл қылмыстың алдын алу үшін:
а) кәмелетке толмағанның қылмыс жасауына түрткі болатын немесе түрткі бола
алатын кәмелетке толған адамдарға қолданылатын;ә) кәмелетке толмағанға
қолданылатын қылмыстық заңдарды уағыздау,ресми алдын-ала ескерту,басын
бастаған қылмысты әрі қарай жалғастырудан бас тартуға түрткі болу,істеген
қылығына өкіндіру,қылмысты қайталап жасауының алдын алу сияқты қылмыстық-
құқықтық тәсілдер қажет.
6. Кәмелетке толмағандардың зорлық көрсету арқылы жасалатын қылмысымен
күрестің тиімділігі көптеген мән-жайларға байланысты ,олар мыналардың
жүзеге асырылуын көздейді:

-мемлекеттің білім беру және жастарды тәрбиелеу саласындағы саясатына бағыт
беретін ,жастардың отбасындағы және білім беретін мекемелердегі құқықтары
мен мүдделерін қорғайтын нормативтік –құқықтық актілерді жетілдіру;

-қылмыстық заңнаманы пайдакүнемдік пиғылмен діни бірлестіктер құрғанда
,ұйымдастырғанда ,олардың жұмысында кәмелетке толмағандарды пайдаланатын
кәмелетке толғандар әрекетін қылмыс деп тану жөніндегі нормамен толықтыру;
-бұқаралық ақпарат құралдарында қатігездікті,зорлықшыл,агрессияны
уағыздауға мемлекеттік бақылау жасаудың қылмыстық-құқықтық тәсілдерін
құрастыру;
-кәмелетке толмағандарды қатыстырып,қылмыс жасағандық үшін қылмыстық
жауапкершілікті күшейту;
-кәмелетке толмағанның қоғамға жат мүдде көздеп жасаған қылмысы үшін
қатаңырақ жаза тағайындау;
-кәмелетке толмағанның көзінше жасалған қылмысы үшін қылмыстық
жауапкершілікті күшейту.
7. Кәмелетке толмағандардың жасауына қарсы күресті ұйымдастыру жұмысын
жетілдіру мақсатында:Қазақстанда юневалдық сот жүйесін құру қажеттілігі
туындап отыр,ол қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың құқықтарын,заңды
мүдделерін және міндеттерін қамтамассыз ететін болады, сол үшін сот ісінде
судьялардың көмекшілері штаттарын енгізу керек.

Осы уақытқа дейін кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы біртұтас
криминологиялық санат ретінде қаралып келеді.Дегенмен бұл жерде бірінен
бірінің айырмашылығы бар,өзінше бөлек сақтандыру шараларын қарастыруды
керек ететін әр түрлі элементтерді бөліп алуға болады.
Азаматтардың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жайын,динамикасын және үрдісін
талдау криминология шешетін міндеттерінің бірі.Сонымен қатар талдаудағы
басты мақсат-қоғамдағы мұндай теріс құбылыспен күрестің ұйымдастырылуын
жетілдіру.Қылмыстылықтың талдамасы бұл құбылысиың ауқымын,туындау,даму
ерекшеліктерін,қандай қылмыстарға қандай ықпалды шара қолдану керектігінің
анықтауға мүмкіндік береді.
Жасалатын қылмыстардың жиынтығы,олардың жайы мен динамикасы,айта келгенде,
қоғамның белгілі бір даму кезеңіндегі әлеуметтік процестер мен өзгерістерді
бейнелейтін көрсеткіш болып табылады.Сондықтан да қылмыстық және жалпы
әлеуметтік статистиканы қамтамассыз ете алатын,ғылыми негіздегі
типтік,ерекше әдістемелерді қолдана отырып,қылмыстық әрекеттердің өзгерісін
сандық көрсеткіштер арқылы ұдайы және дәл өлшеу қылмыстылықпен күресте де
,қылмыстық саясатты дұрыс ұстануда да маңызды рөл атқарады.
Соңғы жылдары зорлық көрсету әрекеттері қоғамның барлық саласына тарала
басталады.Оның үстіне әлеуметтік шиеленіс пен экономикалық дағдарыс та
адамда болашаққа деген сенімсіздік тудырады.
Осы уақытқа дейін зорлық ұғымына заң әдебиетінде бір мәнді түсініктеме
берілмей келді.Мысалы,Л.В.Сердюк зорлықшыл бір адамдар тарапынан екінші
адамға оның еркінсіз немесе еркіне қарсы жасалатын ,оған органикалық
,физиологиялық немесе психологиялық зақым келтіретін және оның ырқын немесе
әрекетін шектейтін әлеуметтік-құқықтық санат деп анықтама береді.
В.Даль заңсыз,бейбастық,адамның көңілін қалдыратын әрекетдеп анықтама
береді.
А.А.Гусейнов зорлықшылықты түсіндірудің үш көзқарасын бөліп алады.Біріншісі-
абсолюттік көзқарас,мұнда оған айқын теріс баға беріледі.Зорлық ұғымын
бұлай түсіндіру оның басқадай да әлеуметтік қыры бар екендігін жоққа
шығарады.
Екіншісі-прагматикалық көзқарас ,мұнда ол адамға келтірілген күш көрсетумен
және экономикалық зиянмен теңдестіріледі,оған бейтараптық сипат беріледі
,ал кісі өлтіру ,ұрлық және т.б. ғана таза зорлық кінәға жатпайды деген
мәселе көтерілуі мүмкін.
Үшіншісі-сыңарлы-сынды көзқарас ,ол зорлықшылық жасампаздық ,құрылымдық
рөліне негізділген ,бірақ оның бүлдіргіш күшін де жоққа шығармайды,барлық
оң-теріс жақтары негізге алынады.
Зорлықшыл қылмыстарды жасаушы кәмелетке толмағандардың ерекшеліктерін
айқындағанда мына екі жағдайда бас назар аударған жөн,олар:зорлықшылықтың
айқын және латенттік элементтері.Айқын элемент актіні тікелей жүзеге
асырумен байланысты,нәтижесінде адамға,адамдарға зиян келеді.Қазіргі
кездерде қастандық жасау нысандары көбейді және қастандық жасағанда зорлық
көрсету кең етек алады.Зорлықшылықтың латенттік элементінде күш көрсету
актісі адамдарды мәжбүрлеу тетігінде көрініс табады,қылмыскер қоғамада
үрейлі,дәрменсіздік жағдай тудырады.Мұндағы басты мақсат –кісі
өлтіру,біреулердің көзін жою немесе оларға ауыр дене жарақатын салуда ғана
емес,сонымен қатар қоғамды дүрліктіру,қауымды үрейлендіру.
Күш көрсету арқылы үрей тудырғанда оған қарапайым жұмысшыдан бастап билікті
орындарда отырған адамдарға дейін бой алдырады,олар өздерінің
дәрменсіз,қорғаныссыз екндігін сезінеді.
Тікелей зорлықшыл әрекеттер салдарынан қоғамда дәрменсіздік,қорқыныш,кейбір
әлеуметтік топтарға,тіптен бүтіндец халыққа сенімсіздік болады,қауымда
агрессивтік қылық көбейеді.
Сонымен зорлықшыл акциялар қоғамда үрей тудырады.Бұл жағдайда зорлық
құралдарыжүйесіне адамдардың өміріне,денсаулығына және қауіпсіздігіне
тікелей қатертөндіретін әрекеттер ғана емес,сол қорқытушытиптің қан
төкпейтін операциялар кіреді,мысалы ішінде кісі жоқ
дүкендерді,офистерді,саяси партиялардың штаб-пәтерлерін және т.б.
жарып,өртеп кету.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2001 жылы былай деп көрсетті:”Кез келген
биліктіңалдында тұрған басты мәселе-азаматтардың сеніміне кіру.Ал бұл
сенімнің дәрежесі биліктің өз азаматтарын
рэкитерлерден,қарақшылардан,парақор ларданқалай қорғайтындығына тікелей
байланысты.”
Бүгінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық қылықтарына қатысты зорлық
проблемасы жалпы қоғам дамуының бір көрсеткішіне айналып отыр.Жас
ерекшеліктеріне байланысты кәмелетке толмағандар жасаған зорлықшыл
қылмыстарөздерінің қатыгездіксипаты жағынан ересектердікінен асып түседі.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі статистикалық мәліметтер негізінде , “Қазақстанда
қылмыстық кең тараған орта –кәмелетке толмағандар ортасы”деп айта
аламыз.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде
жасөспірімдер ортасының криминалдану проблемасы мемлекеттіңбірінші кезекте
шешілуі тиіс мәселелерінің қатарына қойылғандығын айтады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтық санасының төмендігі ,олар тап болған
жағдайдыңқиындығы қалайда қылмыстық әрекеттің жасалуына себеп болады.Бұл
қылмыстықтың статистикасы қоғамдағы,әсіресе жастар ортасындағы ьәлеуметтік
өмірдің айнасы іспетті.
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жайы,бір жағынан,қоғамла қалыптасқан
криминалдық ахуалды көрсетеді,екінші жағынан-қоғам мен құқық қорғау
органдарының қылмыстылықпен күрестегі қабілетін
сипаттайды.Мысалы,мемлекеттің қылмыстық саясатқа және жазалау практикасына
өзгеріс енгізуіне байланысты кәмелетке толмағандар қылмыстылығының сандық
сипаттамасы да өзгереді.
Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жағдайы және оның соңғы жылдардағы динамикасы
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Виктимологияның түсінігі, түрлері. Виктимологияның даму тарихы
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің психологиялық ерекшеліктері
Криминология пәнінің түсінігі
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты талдау
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Әйелдер қылмыстылығының жағдайы, динамикасы және құрылымы
Криминология пәнінен контактік дәрістер
Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары
Пәндер