Корпорацияның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары және қаржылық жағдайын бағалау



1. Компания туралы қаржы көздерінің ақпараты
2. Қаржылық есептіліктің талдау әдістері
3. Есептіліктің негізгі қаржылық коэффициенттері.
Қаржылық есептілік - бұл кәсіпорынның қызметі мен қаржылық жағдайы туралы қоланушыларға ортақ ақпарат ұсыну мақсатымен,сондай-ақ пайдалану-шылардын ыңғайлы және түсінікті түрде белгілі бір іскерлік шешім қабылдауы үшін оның есептік кезеңдегі қаржылық жағдайының өзгерістері, есептілік нысанының жыйынтығы .
Кәсіпорынның іскерлігі туралы ақпаратқа қызығушылық танытқан жақтарды шартты түрде екі негізгі санатқа бөлуге болады: сыртқы және ішкі қолданушылар.
Ішкі қолданушыларға кәсіпорынның жеке (дербес) басқарушысы жатады. Ол өндіріске және қаржыға неше түрлі шешімдер қабылдайды. Мысалы, базалық есептілікке байланысты кәсіпорынның келер жылға арналған қаржылық жоспары құрылады, сатылатын тауардың бағасының (реализация) көлемінің өсуі немесе төмендеуі туралы шешімдер қабылданады. Кәсіпорынның ресурстарын инвестициялау бағыттарын несие тартудың мақсаттылығы және тағы басқалар. Мұндай шешімдер қабылдау үшін толық уақытылы нақты ақпарат қажеттігі анық, керісінше жағдайда кәсіпорын үлкен шығындарға ұшырап банкрот болуы мүмкін.
Басқаша айтқанда, қаржылық есептілік кәсіпорынмен оның сыртқы ортасын байланыстырушы түйіні болып табылады.
Нарық жағдайына байланысты сырқы пайдаланушыларға кәсіпорынның есептілігін ұсынудағы мақсаты қаржы нарығында қосымша қаржылық ресурстар алу. Осылайша қаржылық есептілікте не ұсынылса, кәсіпорынның болашағы соған байланысты. Кәсіпорынмен қаржы нарығының арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ету жауапкершілігі жоғарғы басқару буынының менеджеріне жүктеледі. Сондықтан оларға қаржылық есептілік қажет, өйткені олар сыртқы пайдаланушылардың қандай ақпарат алу үшін және олардың қабылдайтын шешімдеріне қалай әсер ететіндігін білуі керек. Бұл қажылық есептілік көп жағдайда негізгі ақпарат көзі болып табылатын сыртқы пайдаланушыларға қарағанда, менеджерлердің кәсіпорынның іскерлігі туралы қосымша ішкі ақпарат иеленбейтіндігін білдірмейді. Басқадай теңестірілген шартқа байланысты сыртқы пайдаланушылардың шешімдері шектелген. Қаржы есептілігі көрсеткіштері негізінде қабылданады дәл осы көрсеткіштер қажы менеджерінің шешім қабылдау үшін жөнелтілім базасы болып табылады.
Қаржы есептілігін сыртқы пайдаланушы өз кезегінде екі топқа бөлінеді:
Компанияның іскерлігіне тікелей қызығушылық танытқан пайдаланушылар және оған жанама қызығушылық танытқан пайдаланушылар.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

11 тарау
Корпорацияның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары және қаржылық
жағдайын бағалау.

11.1.Компания туралы қаржы көздерінің ақпараты

Қаржылық есептілік - бұл кәсіпорынның қызметі мен қаржылық жағдайы
туралы қоланушыларға ортақ ақпарат ұсыну мақсатымен,сондай-ақ пайдалану-
шылардын ыңғайлы және түсінікті түрде белгілі бір іскерлік шешім қабылдауы
үшін оның есептік кезеңдегі қаржылық жағдайының өзгерістері, есептілік
нысанының жыйынтығы .
Кәсіпорынның іскерлігі туралы ақпаратқа қызығушылық танытқан
жақтарды шартты түрде екі негізгі санатқа бөлуге болады: сыртқы және ішкі
қолданушылар.
Ішкі қолданушыларға кәсіпорынның жеке (дербес) басқарушысы жатады. Ол
өндіріске және қаржыға неше түрлі шешімдер қабылдайды. Мысалы, базалық
есептілікке байланысты кәсіпорынның келер жылға арналған қаржылық жоспары
құрылады, сатылатын тауардың бағасының (реализация) көлемінің өсуі немесе
төмендеуі туралы шешімдер қабылданады. Кәсіпорынның ресурстарын
инвестициялау бағыттарын несие тартудың мақсаттылығы және тағы басқалар.
Мұндай шешімдер қабылдау үшін толық уақытылы нақты ақпарат қажеттігі анық,
керісінше жағдайда кәсіпорын үлкен шығындарға ұшырап банкрот болуы мүмкін.
Басқаша айтқанда, қаржылық есептілік кәсіпорынмен оның сыртқы ортасын
байланыстырушы түйіні болып табылады.
Нарық жағдайына байланысты сырқы пайдаланушыларға кәсіпорынның
есептілігін ұсынудағы мақсаты қаржы нарығында қосымша қаржылық ресурстар
алу. Осылайша қаржылық есептілікте не ұсынылса, кәсіпорынның болашағы соған
байланысты. Кәсіпорынмен қаржы нарығының арасындағы тиімді байланысты
қамтамасыз ету жауапкершілігі жоғарғы басқару буынының менеджеріне
жүктеледі. Сондықтан оларға қаржылық есептілік қажет, өйткені олар сыртқы
пайдаланушылардың қандай ақпарат алу үшін және олардың қабылдайтын
шешімдеріне қалай әсер ететіндігін білуі керек. Бұл қажылық есептілік көп
жағдайда негізгі ақпарат көзі болып табылатын сыртқы пайдаланушыларға
қарағанда, менеджерлердің кәсіпорынның іскерлігі туралы қосымша ішкі
ақпарат иеленбейтіндігін білдірмейді. Басқадай теңестірілген шартқа
байланысты сыртқы пайдаланушылардың шешімдері шектелген. Қаржы есептілігі
көрсеткіштері негізінде қабылданады дәл осы көрсеткіштер қажы менеджерінің
шешім қабылдау үшін жөнелтілім базасы болып табылады.
Қаржы есептілігін сыртқы пайдаланушы өз кезегінде екі топқа бөлінеді:
Компанияның іскерлігіне тікелей қызығушылық танытқан пайдаланушылар және
оған жанама қызығушылық танытқан пайдаланушылар.
Бірінші топқа:
1) Кәсіпорынның меншік қаражаты үлесінің өсуін немесе төмендеуін
анықтайтын кәсіпорынның қазіргі және әлеуеті меншік қаражатын
иеленушілер;
2) Несиені ұзарту немесе ұсынуды біртұтас бағалау үшін есептілікті
пайдаланатын қазірі және әлеуетті несие берушілер;
3) Клиентпен іскерлік байланыстың сенімділігін анықтайтын
жабдықтаушылар мен сатып алушылар;
4) Салық саясатын белгілейтін, салық есептілігін, есептілік
қаражаттарының дұрыстығын тексеретін мемлекет атынан қызмет
атқаратын салық органдары.
5) Осы кәсіпорында қызмет болашағы мен жалақы деңгейіне қызығатын
компания қызметкерлері
Екінші топқа:
1) Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында жалпы қоғамдық ережелер
мен заңдарға байланысты берілген есептілік тексеретін аудиторлық
қызметкерлер;
2) Қаржылық сұрақтарға байланысты кеңесшілер;
3) Есептілікте көрсетілген ақпаратты бағалайтын бағалы қағаздар
биржасы;
4) Компанияның қызметі тоқтағанда, фирмаларды тіркеу туралы шешім
қабылдайтын тіркеуші немесе басқа да мемлекеттік органдар
5) Заң шығарушы органдар;
6) Зейнетақымен қамтамасыз ету шартын анықтау, дивиденттерді төлеу
кезіндегі заңдық нормалар кезіндегі заңдық нормалар мен
нормативтерді сақтауды қадағалайтын заңгерлер;
7) Жеке компаниялар мен оның салаларының іскерлік анализі мен даму
тенденция бағаларын, ақпарат, шолу жасау үшін есептілікті
пайдаланатын баспасөз және ақпарат агенттері;
8) Тауарлы-өндіріс асосациялары;
9) Кәсіподақтар;

Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қаржылық есептілігі
мыналардан құралады:
1) Бухгалтерлік баланс;
2) Кірістер мен шығыстар туралы есеп;
3) Ақша қозғалысы туралы есеп;
4) Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп;
5) Түсіндірме хатпен есеп саясаты туралы есеп
Бухгалтерлік баланс. Ұйымның активтері, меншік капиталы мен
міндеттемелерін көрсетеді.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп. Ұйымның есептілк кезеңіндегі
қаржылық нәтижелерін сипаттайды.
Есептік кезеңдегі заңды тұлғаның ақшасының түсімі мен шығысы туралы
ақпарат ұсыну, ақша қозғалысы туралы есептің негізгі мақсаты болып
табылады.
Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп. Есептілік кезеңіндегі
меншік капиталының сандық және құрылымдық өзгерістері туралы ақпаратты
алады.
Қажылық есептіліктің негізгі элементтеріне активтер, міндеттемелер,
кірістер, шығыстар, пайда және зиян жатады.

11.2. Қаржылық есептіліктің талдау әдістері
Есептіліктің негізгі талдау әдістері келесідей қызмет атқарады.
1) есептіліктің оқылуы
2) деңгейлес талдау
3) сатылай талдау
4) трендтік талдау
5) қаржылық коэффисент есебі
Есептіліктің оқылуы-бұл есептілікте көрсетілген абсолюттік
көсеткіштерді зерттеу .
Денгейлес талдау – былтырғы жылға ,жартыжылдыққа немесе кварталға
қарағанда, салыстырмалы және қатысты өзгерістерді анықтауға мүмкіндік
береді.
Сатылай талдау қорытынды көрсеткіште 100 пайыздық көрсеткішпен
қабылданатын тутас есептіліктің бөлек бөліміндегі үлес салмағын анықтау
мақсатында жұргізіледі .
Трендтік талдау 100 пайыздық көрсеткішпен қабылдантын базистік
жылдың $денгейіне қарағанда көптеген жылдардағы есептік көрсеткіштерінің
қатыс葂ық ауытЛу есбіне негізделген.`
Қаржылық`коэффᐼциенттер - есептіліктің түрпі баптарымен қбржылық
үйлесімді суреттейді. Әсіресе, ұзақ мерзімдік аспектіде өзекті талдау
болатын, қаржылық коэффициенттің құны - есептің қарапайымдылығы мен
инфлюцияның әсер етуін алып тастау болып табылады. Әдістің мәні
тұжырымдалады біріншіден, сәйкес көрсеткіш есебінде, екіншіден, осы
көзрсеткішті басқа бір базамен салыстырмалы түрде, мысалы:
жалпы қабылданған стандарттық параметрлермен;
орташа салалық көрсеткіштермен;
алдыңғы жылдардағы сәйкес көрсеткіштер;
бәсекелес кәсіпорындардың көрсеткіштерімен;
талдаушы фирмалардың басқа да көрсеткіштерімен.
Қаржылық коэффициенттер бухгалтерлік есеп әдістеріндегі айырмашылықтарды
аңғармайды, құралатын компоненттердің сапасын айқындайды. Ақырында, олар
тұрақты сипатты иемденеді. Бірақ, бұның бәрі қаржылық кэффицентті қаржылық
басқаруда қолдануға болмайтындығын көрсетпейді. Оларды зерттеу сұрақтарын
түсіндіруде емес, талдау құралы ретінде пайдалану қажет.

11.3. Есептіліктің негізгі қаржылық коэффициенттері.
Қаржылық талдауда ең маңыздысы болып келесі қаржылық коэффицент топтары
жатады:
өтімділік коэффициенті
іскерлік белсенділік коэффициенті
төлем қабілеттілік коэффициенті немесе капитал құрылымы
нарықтық белсенділік коэффициенті
Өтімділік коэффициенті есептілік кезеңіндегі кәсіпорынның қысқа мерзімді
міндеттемелерін төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Олардың
ішінде ең маңыздысы келесілер:
Абсолютті өтімділік коэффициенті:
Кабө= ҚМ АҚ+ҚҚС____________ (нормативтік мәні 0,2-0,3)
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
Кағө=АҚҚ+ҚС+ДБ_______ ҚМ (нормативтік мәні 0,7-0,8)
Жалпы өтімділік коэффициенті
Кжө=ҚМАҚ+ҚҚС+ДБ+Қ __________ (нормативтік мәні 1,0-3,0)
Таза айналым капиталы
ТАК=ОС-ҚМ
Мұнда ҚҚС – қысқа мерзімді қаржылық салымдар
АҚ - ақша қаражаттар
ДБ – дебиторлық борыш
Қ – қор
ҚМ – қысқа мерзімді міндеттемелер
ОС – оптималық сома
Таза айналым капиталының оптималдық сомасы компанияның іскерлік
ерекшелігіне, өткізу көлеміне, материалдық – өндірістік қорлардың
айналымдық жылдамдығына және дебиторлық берешектерге тәуелді.
Іскерлік белсенділік коэффициенті кәсіпорынның өзінің қаражатын қаншалықты
тиімді пайдалануын талдауға мүмкіндік береді. Бұл топқа түрлі айналымдылық
көрсеткіштері кіреді. Олар компанияның қаржылық жағдайын бағалауда маңызды
болып табылады. Аталмыш топтың негізі коэффиценттері болып мыналар
табылады:
Активтердің айналымдылық коэффициенті
Каа=-ТПАктивтер-----,
Мұнда ТП – таза пайда
Коэффицент пайда әкелетін кезең ішінде толық өндірістік айналым неше
рет қайталанатындығын көрсетеді.
Дебиторлық борыш айналымдылығының коэффициенті (сатып алушылар
бойынша):
Кдба=365:ТП ДБ,
Мұнда ДБ – дебиторлық борыш.
Коэффициент есептік кезеңдегі дебиторлық борыштың неше рет ақша
Қаражатына айналдығын көрсетеді.
Кредиторлық борыш айналымдылығының коэффициенті (жабдықтар
бойынша);
Ккба=365:ӨӨҚКБ ,
Мұнда ӨӨҚ – өткізілген өнімнің өзіндік құны
КБ – кредиторлық берешек.
Материалдық – өндірістік қор айналымдылығының коэффициенті:
Кмөқа=365: ӨӨҚМӨҚ ,
Мұнда МӨҚ – материалдық-өндірістік қор құны.
Коэффицент материалдық-өндірістік қорды сатуға қанша күн керектігін
көрсетеді.
Операциялық цикл ұзақтығы, күнмен:
ОҢҰ=ДБА+МҚӨ,
Мұнда ОҢҰ – операциялық цикл ұзақтығы
ДБА – дебиторлық борыш айналымдығы
МӨҚ - материалдық-өндірістік қор құны.
Бұл көрсеткіш бойынша кәсіпорынның өнімді өткізу мен төлеу үшін
Өндіруге неше күн қажеттігін көрсетеді.
Рентабельдік коэффициенті компанияның іскерлігі қаншалықты пайдалы
екендігін көрсетеді.
Бұл топтың көрсеткіштеріне мыналар жатады:
Активтердің рентабельдік коэффициенті:
Кар=ТТАктивтер.100%,
Мұнда ТТ- таза табыс.
Коэффицент 1 тг. активке қанша таза пайда келгендігін көрсетеді.
Өткізу рентабельділік коэффициенті
Көр=ТТТП .100%,
Мұнда ТП – таза пайда.
Меншікті капитал рентабельдік коэффициенті
Кмкр=ТТМК.100%,
Мұнда МК – меншікті капитал құрылымы (төлем қабілеттілік
коэффициенті) компанияға ұзақ мерзімді салымдар салған кредиторлар мен
инвесторлардың қызығушылығын қорғау деңгейін көрсетеді. Олар кәсіпорынның
ұзақ мерзімді міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін айқындайды. Негізі
көрсткіштеріне мыналар жатады:
Жеке меншік коэффициенті
Кжж=-МКБВ ,
Мұнда МК – меншікті капитал
БВ – баланс валютасы
Коэффицент компанияның құрылым капиталында меншікті капиталының
үлесін көрсетеді.
Қаржылық тәуелділік коэффициенті:
Кқт=ҚКМК,
Мұнда ҚК – қарыз капиталы.
Коэффициент фирманың сыртқы қарыздарға тәуелділігін көрсетеді.
Кредиторлардың қорғалғандық коэффициенті
Ккқ=ИПНННПТШ,
Мұнда ИПНН – инвестицияны пайдаланудың нетто – нәтижесі;
НПТШ – несие пайызын төлеу шығындары. Коэффициент берілген
неше қаупінен несие пайызын төлемеу қаупінен несие берушілердің
қорғалғандығын көрсетеді.
Нарықтық белсенділік коэффициенті компанияның акцияларының табыстылығы мен
құнын сипаттайтын түрлі көрсеткіштерді қамтиды. Топтың негізгі
көрсеткіштері мыналар болып табылады:
Бір акцияның пайдалығы:
Акцияның пайдалылығы=ТТ- ААДААК,
Мұнда ААД –артықшылығы бар акциялардың дивиденді
ААК – айналымдағы акциялардың көлемі.
Акциялардың пайдалылығы айналымдағы жай акцияға таза пайданың
үлесін көрсетеді.
Бір акцияға дивиденд мөлшері.
Бір акцияға дивиденд мөлшері=1 акция үшің дивиденд1 акцияның нарықтық құны
Бір акцияның баланстық құны
Бір акцияның баланстық = Акционерлік капитал құны –Артықшылығы бар акция
құны Айналымдпағы жай акция саны
4.Дивиденттерді төлеу коэффициенті
Дивиденттері төлеу=1акцияға дивиденд 1акцияға таза табыс.
Бір акцияға дивиденд=1акция үшін дивиденд1 акцияның нарықтық құны
1.1.4 Корпарацияның қаржылық жағдайының бағасы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдісі келесі
Талдаулардан тұрады:
Қаржылық жағдайды жалпы бағалау және оның есептік кезеңдегі өзгеруі;
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
Өтімділік балансын талдау;
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен іскерлік белсенділігін, қаржылық
нәтижесін талдау.
Талдау барысында қаржылық жағдайдың түрлі аспектілерін сипаттауда абсолютті
көрсеткіштер мен қатар қаржылық жағдайдың абсолюттік көрсеткіштері қатынасы
түрінде және олардың желілік тәсілдемесіне сүйенеді.
Бөлу коэффициенті абсолютті көрсеткіштер нәтижесін қосқанда қаржылық
жағдайдың осы немесе өзге абсолюттік көрсеткіш екенін анықтауда
қолданылады.
Үйлестіру коэффициенті қаржылық жағдайдың абсолюттік көрсеткіштерінің
арақатынасының әртүрлі болуында немесе олардың желілік тәсілдемесінде
қолдайды.
Қаржылық коэффицентін талдау олардың мағынасын базистік көлеммен
салыстырғанда, сондай-ақ есептілік кезең динамикасын зерттеумен ұйғарылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін және олардың өзгеру
тенденциясына салыстырмалы түрде аз мөлшерде қаржылық коэффициент қажет.

Талдау және баға құрамы мен мүлік серпіні және олардың

пайда болу көздері
Кәсіпорындардың қаржылық жағдайы қаражаттарда (активтерді) пайдалану мен
орналастыру және олардың пайда болу көздерімен (МК мен міндеттемелер)
айқындалады. Бұл мәліметтер кәсіпорындадың балансында көрсетілген.
Қаржылық жағдайды анықтайтын негізгі көрсеткіштер болып, біріншіден,
қаржылық жоспардың орындалуы мен пайда есебінен меншікті айналым
капиталының пайда болу мөлшерінің толығуы, екіншіден айналым қаражатының
айналымдылық жылдамдығы табылады. Кірістер мен шығыстар туралы есеп пен
олардың қолдануы қаржылық талдау жағдайында қолданылады.
Салыстырмалы аналитикалық баланс кәсіпорындарының есептік кезеңдегі құрамын
толықтыру жағдайымен бастапқы баланстан, серпін мен құрылымдық серпіннен
құралады. Салыстырмалы аналикалық баланстың негізгі көрсеткіштері болып:
кезеңнің басы мен аяғындағы абсолюттік көрсеткіштері: абсолюттік көлемінің
өзгерістері, үлес салмағындағы өзгерістер, бастапқы кезеңдегі көлемнің
пайыздық өзгерістері және т.б. табылады.
Салыстырмалы баланс іс жүзінде деңгейлес және сатылай талдау көрсеткіштерін
өзіне қосады. Салыстырмалы баланстық барлық көрсеткіштерін үш топқа бөлуге
болады: баланстық құрылым қажеттері, баланстың серпін көрсеткіштері
көрсеткіштері, баланстың құрылымдық серпін көрсеткіштері.
Қаржылық жағдайының жалпы сипаттамасын ұғыну үшін балансының құрылымдық
серпін көрсеткіштері қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының серпінін жалпы бағалау үшін баланстық
бөлімдерін өтімділік пен міндеттрмелердің жеделдігі бойынша өзіндік
топтарға бөлу керек.
Баланстық оқылуы жүйеленген топтарға сатылай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Кәсіпорындағы персоналды басқару
Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы
Кәсіпорынды қаржылық болжамдау мен талдаудың теориялық негіздері
Акционерлік қоғамның қаржысы
Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық портфелінің даму стратегиясы
Қаржылық менеджер тәуекел
Корпорация қаржыларын ұйымдастыру
Пәндер