Мемлекет шығыстары және оның экономикадағы рөлі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Кіріспе . . . 3

2. МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ . . . 5

2. 1. Мемлекет шығыстарының мәні және құрамы . . . 5

2. 2. Мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру . . . 7

3. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ . . . 10

3. 1 Экономиканы дамыту шығындары . . . 10

3. 2. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар . . . 12

3. 3. Халықты әлеуметік қорғауға жұмсалатын мемлекет шығыстары . . . 17

3. 4. Ғылыми - техникалық прогресті қаржыландыру . . . 27

3. 5. Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар . . . 29

Қорытынды . . . 40

Қолданылған әдебиеттер . . . 41

1. Кіріспе

Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының кажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т. б. функцияларымен тікелей байланысты. Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмүны жағынан бірыңғай (бір текті) емес.

Жүйелілік біздің бүгінгі дүниедегі алдағы он жылдықта жедел алға жылжуымыздың басты қағидасы, міне осы. Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне арналуы біз он басты міндет шешуіміз керек, - деді Н Назарбаев.

Бірінші міндет - экономиканың тұраулы дамуын қамтамасыз етіп, ұстап тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуінің басқаруға қол жеткізу. Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкімет Қазақстанды индустрияландыруға түбегейлі жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуді, табиғи монополиялар аясын қысқартуды, қаржы жүйесін күшейтуді, тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруды, Қазақстанның қолайлы шарттармен БСҰ ға кіруін қамтамасыз етуі, халықаралық техникалық стандарттарды енгізуі тиіс. Менің Үкіметке беетін ең басты тапсырмам осы деп атап көрсетті Н Назарбаев.

Екінші міндет Қазақстанның экономикалық дамудың «өңірлік локомативіне» айналдыру және оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойшысы» ету. Үшінші өндіруші сектордың тиімдіігін арттыру. Төртінші өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету. Бесінші өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа ролімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту. Алтыншы осы заманғы білім беру және кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Жетінші атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту. Сегізінші саяси жүәені жаңарту демократиялық реформаларды одан әрі жүзеге асыру. Тоғызыншы халықаралық іс тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. Оныншы мінет жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ала жылжыту.

Шығындарды қаржыландырудың көздсріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.

Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың (жекешені қоса), қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.

Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына "әлеуметтік қамсыздандыру" мен "әлеуметгік сақтандыру" терминдері сипатты болғанымен бұлар бара-бар үғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау процссі деп, ал ә леуметтік сақтандыруды - осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі деп түсінген жөн. Қоғамдық жұмыстарды орталық және атқарушы органдар ұйымдастырады, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан және олардын, өтінімдері бойынша жүмыс берушілердің қаражаттарынан қаржыландырылады.

Мемлекет қаржысы Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекет қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми- техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс. Сол себептен қазіргі таңда мемлекет шығыстары өзекті мәселелдің біріне айналуда.

Курстық жұмысымның мақсаты - мемлекет шығыстарының өз уақытында, белгіненген мөлшерде және тиімді жұмсалуын анықтау. Осы мақсатты орындау барысында мен алдыма міндеттер қойдым:

  • Мемлекет шығыстарының мәні және құрамын ашу;
  • Мемлекет шығыстарының экономикадағы рөлін анықтау;
  • Мемлекеттік бюджет шығыстарының 2007-2010 жж. орындалуына назар аудару;
  • Сондай-ақ олардың түрлері мен қаржыландыру көздері қарастыру.

2 МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

2. 1. Мемлскет шығыстарыныц мәні және құрамы

Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

"Шығыстар" үғымының қос мағынасы бар:

1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.

2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Бұл екі аспект "шығыстар" ұғымының оның "шығындар" ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер "шығыстар" түпкілікті рәсуаны, тұтынуды ("табыстарға" қарама-қарсы) қажет ететін болса, "шығындар" "есепке жатқызылатын" алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.

Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.

Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.

Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

1) өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;

2) ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;

3) бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

4) көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.

Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады ("шығындар" терминінің мағынасын қараңыз) . Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және ү шінші топтарын қамтиды.

Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекетгік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліқтердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40% шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан "мемлекеттің шығыстары" категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.

Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

Мемлекеттің шығыстарын ұйъшдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржылаңдыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өңдірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады.

2. 2. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражатгарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғүрлым перепективті жөне профессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелсй өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры) ; бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.

Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажст етеді.

Ресурстарды пайдалануда ү нем режімін сақтау - мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған.

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады.

Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (біртекті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздсріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.

Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінсді:

1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;

2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;

3) мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары; Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты.

Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.

Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.

Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міңдеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды.

Үшінші топтың мемлекет шығыстары - мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруға жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыптары өтеуге және көсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған. Мұндай рсзервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жүмсалатын шығыстарға бөлінеді.

Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді. Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.

Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:

/. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;

2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың - сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Сметалық төртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.

Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялык, қаржыландыру қолданылады.

Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.

Демеуқаржылар кезіндс ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін белінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.

Субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға жәнс басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

Субсидиялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.

Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздаңцыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т. б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

3. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

3. 1 Экономиканы дамыту шығындары

Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар - бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.

Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі жұмсалымдар - материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады. Күрделі жұмсалымдардың қүрамына:

1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;

2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;

3) өзге күрделі жұмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс аудару бойынша және т. б) ;

4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға жұмсалатын шығындар кіреді.

Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:

1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;

2) банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;

3) халықтың жинақ ақшасы (тұрғын үй құрылысына) ;

4) бюджеттен қаржы бөлу.

Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бұл шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандыру және қайта құруға арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді. Инвестициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік құрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Жөндеуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген (негізгі капиталдарды ішінара қалпына келтіру және олардың жұмыс қабілеттілігі жағдайында болуын қолдап отыру үшін) негізгі капиталдарды жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі, бұл қор шығындарды кәсіпорындар мен ұйымдар өнімінің (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) өзіндік құнына нормативтер бойынша қоса отырып жасалынады.

Айналым қаражаттарының өсімі кәсіпорындардың меншікті немесе оған теңестірілген қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Олар жетіспеген кезде негізіңде жаңа кәсіпорындар үшін бюджет қаражаттары бөлінеді немесе кейін өтелетін кредит беріледі. Бұдан басқа, меншікті айналым қаражаттарының жетімсіздігін жабуға мақсатты қаржыландырудың қаражаттары бағытталады.

Резервтер жасауға жұмсалатын шығындар қаражаттардың үздіксіз ауыспалы айналымын және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бүкіл процесін, шаруашылықтың үйлесімдерін сақтаудың, дүлей апаттардан болған ысыраптарды өтеуді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Қаржы резервтері ақша ресурстарын оңтайландыруға, кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде пайда болатын уақытша қаржы қиындығын жоюға мүмкіндік береді. Резервтік капитал шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жасалады.

Мемлекеттік резервтер - мемлекет жасайтын шикізаттың, материалдардың, отынның, машиналар мен жабдықтың бірқатар түрлерін, астықтың, азық-түлік тауарларының, қорғаныс мұқтаждары үшін арналған өнімнің маңызды түрлерінің босалқы қорлары. Мемлекеттік резсрвтер үнемі қалпына келтіріліп, толықтырылып отыратын мемлекеттің айрықша орталықтандырылған қорын құрайды. Мемлекеттік резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жасалынады.

3. 2. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар

Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты ә леуметтік-мәдени шараларға - оқу-ағартуға, ақпарттық қызметтер көрсетуге(баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеумсттік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.

Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:

1) білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;

2) мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат қүралдары;

3) денсаулық сақтау;

4) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек. Нарықтық қатынастар жағдайында тұтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдық қорлардан әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан бас тарту болды. Нарық жағдайында еңбек салымына, харакеттің әр түріндегі адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелділігі қалыптасады. Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың кәсіпкерлік және басқа қабілеттіктеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашылық органдарының қарамағында олардың жұмысының нәтижелеріне қарай табыстың (пайданың) бір бөлігі қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны
Мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қоры
Мемлекеттік бюджеттің экономикадағы орыны
Экономиканың дағдарыстық жағдайындағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қызметтері
Мемлекет бюджетінің шығыстары
Бюджет жүйесінің экономикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz