Мақал-мәтелдердің зерттелуі және құрылымдық сипаты, басқа тілдерге аударылуы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ . . . 7

2. ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНЕ АУДАРЫЛУЫ . 36

ҚОРЫТЫНДЫ 80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 83

ҚОСЫМША


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Егеменді еліміздің халқаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мәртебе алуына байланысты мемлекеттік тіліміздің аудармада, оның ішінде әдеби көркем аудармада, сонымен қатар халқаралық қатынастар деңгейіндегі коммуникацияда қолданылуы жылдан жылға артуда. Осы шет тілдерін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер-фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. Оның себебін тілдің фразеологиялық, паремиологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұлттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жете түсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару әртүрлі келеңсіз жағдайларға, сәтсіздіктерге ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, мақал-мәтелдердің тілларалық семантикасын салғастыра зерттей отырып, ондағы жалпы адамзаттық, жалпыхалықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды және этностық ерекшеліктерді, сондай-ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да аса өзекті мәселелер қатарына жатады. Мақал-мәтелдер-сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдер қоғам өміріндегі әлеуметтік құбылыстарды, адам мінезін, табиғат пен тіршілік сырын, оның қайшылығын таныта отырып, адамға терең ғибрат берген.

Қазақ мақал-мәтелдерін бір кезде Плотников, Васильев, Катанов, Пантусов, Катаринский, Алекторов, Диваев сияқты көптеген ғалымдар жинап, бастырған [1, 64] .

Мақал-мәтелдердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В. В. Виноградов, Н. М. Шанский, В. Н. Телия, М. Чернышева, М. М. Копыленко, А. В. Кунин, И. В. Арнольд, І. Кеңесбаев, Ә. Т. Қайдар, Б. Манасбаев т. б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады [1, 66]

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А. В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдык-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, “all is well that ends well” (сөзбе-сөз ауд. : сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), “Арреаrances аге dесерtіvе” (сөзбе-сөз ауд. : келбет - алдамшы), “Better late than nеvег” (сөзбе-сөз ауд. : ештен кеш жақсы) тәрізді, оралымдарды фразеологиядан тыс, “фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар” аясында қарастырды [2, 66]

Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар - Н. Н. Амосова, А. М. Бабкин, В. П. Жухов, М. Нагиев,

М. А. Филипповская, А. Н. Кожин т. б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н. Н. Амосова “мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді” деген пікір ұсынады [2, 78]

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г. Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді [2, 78] .

Ұлттық болмысымызды танытатын бай мұраларымыздың бірі -мақал-мәтелдерді жан-жақты зерттеп, танып-білуге, олардың мән-маңызын бағалауға бағытталған терең зерттеулердің өзектілігі даусыз. Ұлтымыздың мәдени дүниесін танытатын мақал-мәтелдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрде жаңа бағыттағы зерттеу жұмысын жүргізудің қажеттігі қазіргі таңдағы тіл және аударма әлемінің мақсат-мұраты - тілдік құбылыстардың сырын тану жолында күрделі де кешенді үрдісті дамытумен тығыз байланысты.

Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, казақ, орыс, ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері

А. Байтұрсынов, I. Кеңесбаев, Ө. Айтбаев, Ә. Қоңыратбаев, С. Нұрышев, Ғ. Мұсабаев, М. Ғабдуллин, Ғ. Тұрабаева, т. б. жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В. В. Виноградов, Н. Н. Амосова, М. Т. Тагаев, Н. М. Шанский, Г. Л. Пермяков, Л. А. Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар - Н. Барли, А. Дундэс, А. Крикман, М. Куузи, Г. Мильнер, А. Тэйлер, Г. Л. Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер болды.

Магистрлік жұмысының мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ, орыс, ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Қазақ мақал-мәтелдерінің орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармаларын салыстыру. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.

Сонымен бірге мақал-мәтелдердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау және олардың өзге тілдерде берілу тәсілдерін көрсету болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:

- мақал-мәтелдердің қазақ фольклорында зерттелу жайын сипаттау;

- фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің арақатынасын қөрсету;

- мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету;

- мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің арақатынасын айқындау;

- зерттеу жұмысына тіреу болатын теориялық әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;

- мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін айқындау және белгілі бір тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;

- қазақ мақал-мәтелдерінің орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармалары және баламаларымен салыстыру. Оларды зерттеп талдау жасау.

Магистрлік жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері . Тілдік құрылымы жағынан әртектес тілдер топтарына жататын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер салғастырмалы негізде алғаш рет арнайы зерттеліп, олардың қолданыс аясы, тақырыптық топтары айқындалды. Туыс емес үш тіл тұрақты бірліктерінің мазмұн-межесі бір-бірімен салғастырыла зерттелді.

Мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымы, мағынасы және тілде қалыптасуы тұрғысынан өзара айырмашылықтары мен ұқсастықтары көрсетілді әрі көркем бейнелер жүйесінде орын алатын сәйкестіктері және олардың себеп-салдары анықталды. Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әр басқа үш ұлт танымындағы мақал-мәтелдер талданып ондағы ерекшеліктер айқындалды.

Магистрлік жұмыстың теориялық және методологиялық негізі. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі Қазақстан және сырт елдер ғалымдарының көркем әдебиет пен аударматанудың теориялық және методологиялық мәселелері туралы еңбектеріне негізделеді. Зерттеу нысаны болып отырған мәселе алуан қырлы, көп салалы. Соған орай жұмыста мақал-мәтелдердің берілу тәсілдерімен қатар, оларды жеке ғылыми тұрғыда зерттеу әдістері мен тіл білімінің зерттеу принциптері де қолданылады. Негізінен аударматану ғылымындағы салыстырмалы зерттеу әдісі басшылыққа алынып, жүйелі зерттеу талаптары мен мағыналық-құрылымдық талдау өлшемдері ескеріледі.

Зерттеу материалы ретінде қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер кітабы мен сөздіктері (С. Сейфуллин. П. Мелиоранский, В. Радлов, Ә. Диваев, Лютш, Маковецкий, Н. И. Гродеков С. Г. Ахметова, А. Байтұрсынов,

К. Аханов Ө. Тұрманжанұлы т. б) пайдаланылды.

Аударма мәселесінің теориялық-ой пікір қадамының әжептеуір ілгері басқандығын, оның жылдан-жылға мәнді мағыналы жаңалықтармен өрістеп келе жатқандығын айта отырып, аударма теориясы ғылымының бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін білгеніміз мақұл. Солай болғандықтан да аударма теориясы өзі қамтырлық ауқымды мол мәселелерге қарыштай алмай келеді. Дегенмен, бұл мәселе қарастырылып, қазіргі таңда көркем аударма негізгі кәсіптердің біріне айналып даму үстінде.


1. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ

1. 1 Мақал-мәтелдердің зерттелуі

Мақал-мәтелдер - cөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа әрі нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүйюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға т. б үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді нашар қасиеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеген.

Бұл жөнінде көрнекті ғалым Ш. Уәлиханов «Тәуір деген әрбір би мен төре мақалдап сөйлеуді сүйеді жіне қатардағы қазақтармен сөйлескенде, тіпті кез-келген сөзінде оны көп қолданады», - десе [3, 185], Х. Досмұхамедұлы «Қазақтың мақал-мәтелдері ағыл-тегіл көптігімен және өткірлігімен ерекшеленеді. Ойды әдіптемей, мақал-мәтелді араластырмай, ақыл-нақылды қоспай, күлтелемей сөйлейтін қазақ кем де кем болған десек, артық кетпеген болар едік. Азды көпті шешен сөйлейтін кез-келген қазақ өз сөзінде мақал-мәтелге жүгінуге тырысқан, билер мен ел ішіндегі ділмарлардың сөздері халықтық мақалдар мен мәтелдерге тұнып тұратын», - деп жоғарыда айтылған ойды қолдай келе, басқа халықтармен салыстыра қарағанда, ерекше көзге түсетін қазақ табиғатына тән, танымал қасиетті атап көрсетеді [4, 28] . Демек, ел мен елді татуластыру, өріс-қоныс жер дауы, жесір дауы және т. б билік-төрелік келісімдерде сөздің дәлелді, қисындылығымен қатар, тапқыр да тартымды болуына үлкен мән берген халық билері үкім сөздерінде, екі жақтың даулары мен ұтымды жауаптарында, әдетте, ұйқасты мақал-мәтелдерді өз орнымен тиімді қолданып отырған. Атақты билердің ұзақ жылдарға созылған дау-дамайларды «екі, үш ауыз сөзбен» бітіріп, екі жақты да риза қылғаны туралы көнеден келген тарихи, мәдени мәні зор аңыз, әңгімелер халық арасында кеңінен таралған.

Сондай-ақ, Абай, Жамбыл, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, А. С. Пушкин, М. Горький, В. Шекспир т. б сынды аттарын әлем таныған ақын-жазушылар өз туындыларында сөз мәйегі санатындағы халық мақал-мәтелдерін асқан шеберлікпен қолдана білген.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы - XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Ш. Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н. Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов, Щ. Ибрагимов, М. Терентьев,

Я. Лютш, Ф. Катанов, В. В. Катаринский, П. М. Мелиоранский, Н. Н. Пантусов, А. Е. Алекторов т. б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше. Осы мәселе жөнінде көрнекті жазушы М. Әуезовтың белгілі түркітанушыларды «қазақ мақал-мәтелдерінің молдығы, олардың тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән-мағынасы зор осындай тамаша үздік шығармалар тудырған қазақ халқының өзінің де асқан ақындық дарыны, оның сарқылмас даналығы қызықтырған еді» деген пікірмен толық келісеміз.

Қазақ мақал-мәтелдерін жинақтап, баспадан шығару ісі хронологиялық жүйе тұрғысынан алғанда, 1874 жылдардан бастау алады. Алғашқы жинақ Ш. Ибрагимовтың құрастыруымен 1874жылы жарық көрсе [5, 2], Ы. Алтынсарин 1879 жылғы «Қырғыз хрестоматиясы» атты еңбегінде [6, 3] ел аузынан жинаған қазақтың алпыс жеті мақалын кіргізіп, 1906 жылы Орынборда жарық көрген хрестоматияның екінші басылымына ел аузынан жинаған қазақ мақал-мәтелдерінің ең таңдаулы екі жүз он үш нұсқасын он бір тақырыптық топқа бөліп жариялаған [7, 3] .

А. Васильев 1892 жылы [8, 2], В. Катаринский «Киргизские пословицы» жинаған 1898 жылы Семейде [9, 2] және 1899 жылы Орынборда [10, 3], Ф. Плотников Омбыда [11, 3], Мелиоранский 1893 жылы [19, 2] археология қоғамының Шығыс бөлімінің еңбектерінде жариялады.

Халық мұрасын жүйеге келтіру, насихаттауда зор үлес қосқан танымал ғалым - Ә. Диваев. Ғалым халық арасынан жинаған мақал-мәтелдерін 1900 жылы жеке кітапша етіп, В. И. Ильиннің баспаханасынан типолотографиялық әдіспен жариялатқан. Сондай-ақ, ғалым жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1891-1927 жылдар аралығында «Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области», «Этнографические материалы» жинақтарының, «Туркестанские ведомства» газетінің басылымдарында жариялады. Ал, 1927 жылы Ә. Диваевтің құрастыруымен қазақ мақал-мәтелдерінің толық жинағы жарық көрді[13, 2] .

Cондай-ақ, «Киргизские пословицы, записанные в Копальском уезде Семиреченской области» деген топтамасын 1900 жылы Қазан қаласында жариялаған Н. Н. Пантусовтың еңбегін де ерекше атап өткеніміз жөн [14, 3] .

Сөздік құрамның негізгі қаттауын құрайтын мақал-мәтелдерді жинақтау, жүйелеу, жариялау жұмыстары әр уақыт кезеңіне орай жалғасын тапты. Мысалы, 1914 жылы М. Ысқақовтың [15], 1923 жылы А. Байтұрсыновтың [16], 1935 жылы Ө. Тұрманжановтың жинақтарры шықты [17] .

Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне келер болсақ, оларға арналған ілгері монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінде зерттеу нысанына байланысты ғалым, Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып 1948 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты очеркінде аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, малшылық, аңшылық, егіншілік жөнінндегі мақал-мәтелдер деп негізгі үш мағыналық топтарға бөліп, олардың жанрлық ерекшеліктерін айқындады және мақал мен мәтелге байланысты өзіндік пайымдауларын ұсынды[18, 1] .

М. Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деген еңбегінде қазақ халқының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметіне тоқталады. Автор өнер-білімді, ерлік еңбекті, бірлік пен ынтымақты уағыздайтын мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, олардың әдеби-эстетикалық мәнін айқындай түседі. Сондай-ақ, қазақ халқының малшылық, аңшылық, диханшылық кәсіптерін көрсететін мақал-мәтелдерден мысалдар келтіре отырып, олардың өмір танытқыштық мәні мен қызметін кеңінен ашып көрсеткен [19, 5] .

Қазақ мақал-мәтелдеріне қатысты ерекше орны бар зерттеулердің бірі - Р. Сәрсенбаевтың «Қазақ мақал-мәтелдерінің лексика семантикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясын атап айтуға болады [20, 4] . Ол 1898 жылы Семейде «Туркестанские ведомости» газетінде жарық көрген Ә. Диваевтің «Киргизские пословицы» атты еңбегі мен 1906, 1952, 1959 жылдарда жарияланған қазақ мақал-мәтелдерін пайдаланған.

М. Әлімбаевтың «Өрнекті сөз - ортақ қазына» атты зерттеуі аударма мәселесіне арналған. Қазақ мақал-мәтелдерінің шығу тарихы, өмір танытқыштық мәні, қолданылуы және жаңа мақал-мәтелдердің жасалу жолдары жайында бағалы пікірлерін айта келіп, аталмыш тіркестерді орыс тілінен қазақ тіліне аударудағы өз тәжірибелерін ұсынған. Поэтикалық аудармаға бой ұру басымдылығына қарамастан, бұл - қазақ мақал-мәтелдерін зерттеуде өзіндік орны, елеулі үлесі бар еңбек.

А. Нұрмахановтың «В. В. Радлов еңбектеріндегі түркі мақал-мәтелдерінің лексика-грамматикалық сипаты» атты кандидаттық диссертацииясында түркі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен кейбір өзгешеліктері, дауысты, дауыссыз дыбыстардың түркілік тектестігін білдіретін фонетикалық заңдылықтары, мақал-мәтелдердің лексикалық, грамматикалық, семантикалық даму ерекшеліктері анықталған [21, 4] .

Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның бес бағытта жүргізіліп келгендігі анықталды:

а) тілішілес, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға; б) әртектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға; в) этнолингвистикалық астарын ашуға; г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.

Мақал-мәтелдер - халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады.

Орыс халқында мақал-мәтелдердің жиынтығы ең алғаш рет XVII ғасырдың соңында жарық көрген. Ол “Повести или пословицы всенароднейшие по алфабиту” деп аталды. Авторы белгісіз. Ал жинаққа 2500-ға жуық мақал-мәтелдер енген. Осылай мақал мен мәтел орыс халқының дүниетанымына XVII ғасырға дейін еніп келді. Алғаш болып мақал-мәтелдердің мағынасын ұға бастаған М. В. Ломоносов пен тарихшы В. Н. Татищев болды. Кейін келе Н. Кургановтың “Письмовника” атты 908 мақал-мәтелден тұратын еңбегі шықты. Алғашқы басылым 1769 жылы жарық көріп, кейін 1837 жылы қайта басылып шықты. 1770жылы “Собрание 4291 древних российских пословиц” деген атаумен жинақ Москва университетінде басылыпшықты. XIX ғасырда мақал-мәтелдердің басылымдарын жинау және оларды зерттеу үлкен қарқынмен дамыды. Сол дәуірдің көрнекі, атақты жазушысы болған А. С. Пушкин мақал-мәтелдердің тақырыбын, мазмұнын ұғынып қана қоймай мақал-мәтелді үйренудегі өзінің әдіс-тәсілдерін көрсетті. Ақынның жеке қағаздарында халық мақал-мәтелдерінің біршамасы кездескен. Ол осы мақал-мәтелдердің өткірлігін, мазмұны мен мағынасының кеңдігін айрықша бағалап өткен. 1848 жылы Москва университетінің профессоры И. М. Снегирев жасаған “Русские народные пословицы и притчи” жинағы жарық көрді. Сонымен қатар қазіргі таңда мақал-мәтел ретінде көпшілік саяси ортада В. И. Лениннің айтқан сөздері де айрықша қолданылып жүр [22, 24] .

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы “Book of Proverbs in the Old Testament” атты топтама V ғасырда жарық көрген [23, 5] . Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы “Collectanea” (818 мақал-мәтел), 1508 жылы Венецияда “Chiliades” (3260мақал-мәтел) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты [24, 4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің зерттелуі
Мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару кезіндегі құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері, ұқсастықтары
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің аударылу мәселелері
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Ағылшын, қазақ мақал-мәтелдерін салыстырмалы түрде зерттеу (еңбекке баулу тақырыбы).
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасуы және қолданылуы
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Ағылшын тілінен орыс тіліне мақал-мәтелдерді аударудағы лексикалық мәселелер
Мақал - мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz