Биосферадағы бео, гео, химиялық айналымдар



1. Кіріспе бөлім:
Биосфера туралы түсінік.
2. Негізгі бөлім:
Биосферадағы бео, гео, химиялық айналымдар.
3. Қорытынды:
Био, гео,химиялық айнаымдардың биосферадағы маңызы.
Биосфера- өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар – атмосфера, гидросфера, және литосфера.
Атмосфера- біздің планетамыздың ғарыш кеңістігімен шектесіп жатқан аралығы. Атмосфера арқылы Жер мен ғарыш зат алмасады. Жерге атмосфера арқылы ғарыштан шаң- тозаң, метеорит материалдары түсіп жатса. өзі сутегі. Гелий сияқты жеңіл газдарды жоғалтып отырады. Атмосфера арқылы сол сияқты жерге күн радияциясы еркін өтіп жкр бетіндегі жылу режимін реттей отырып, ондағы атмосфералық газдардың малекуласын ыдыратып және атомдарды иондарға айналдырып жатады. Сондықтан атмосфераың жоғарғы қабаттары иондардан тұрады. Ол қабатты ғылыми тілде – ионосфера қабаты деп те атайды. Негізінен жер бетінен жоғары қарай – тропосфера, мезосфера, ионосфера, және экзосфера қабаттарын ажыратуға болады. Әрбір қабаттың өзінің атқаратын функциясы, газдық құрамы, биіктік деңгейі, тығыздығы т.б газдар өте аз көлем алады. Мәселен атмосферадағы барлық газдар көлемін салыстырсақ: азот - 78,08%; оттегі – 20,95%, аргон – 0,93%,көмірқышқыл газы – 0,03% алса, қалған газдар 0,01% үлес алатыны белгілі.

Биосфера- өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар – атмосфера,
гидросфера, және литосфера.
Атмосфера- біздің планетамыздың ғарыш кеңістігімен шектесіп жатқан
аралығы. Атмосфера арқылы Жер мен ғарыш зат алмасады. Жерге атмосфера
арқылы ғарыштан шаң- тозаң, метеорит материалдары түсіп жатса. өзі сутегі.
Гелий сияқты жеңіл газдарды жоғалтып отырады. Атмосфера арқылы сол сияқты
жерге күн радияциясы еркін өтіп жкр бетіндегі жылу режимін реттей отырып,
ондағы атмосфералық газдардың малекуласын ыдыратып және атомдарды иондарға
айналдырып жатады. Сондықтан атмосфераың жоғарғы қабаттары иондардан
тұрады. Ол қабатты ғылыми тілде – ионосфера қабаты деп те атайды. Негізінен
жер бетінен жоғары қарай – тропосфера, мезосфера, ионосфера, және экзосфера
қабаттарын ажыратуға болады. Әрбір қабаттың өзінің атқаратын функциясы,
газдық құрамы, биіктік деңгейі, тығыздығы т.б газдар өте аз көлем алады.
Мәселен атмосферадағы барлық газдар көлемін салыстырсақ: азот - 78,08%;
оттегі – 20,95%, аргон – 0,93%,көмірқышқыл газы – 0,03% алса, қалған газдар
0,01% үлес алатыны белгілі.
Атмосфера қабаттарының ішінде азон қабатының рөлі ерекше. Озонның
негізгі массасы жер бетінен 10- 50 км биіктікте, яғни тропосфера мен
стратосфера қабаттары аралығында жатыр. Оның негізгі атқаратын функциясы
ғарыштан жер бетіне еркін өтетін ультракүлкін сәулелерді сіңіріп немесе
кеиін шағылыстырып отырады. Ал, радияциялық сәулелердің жерге өтіп кетуі
тіршілік үшін өте қауіпті. Соңғы жылдары жер шарында озонның жұқаруы
проблмасы тұрғындарды алаңдатуда. Озонның жұқаруы туралы мәліметтер көп.
1996 жылы бір топ ғалымдарға химиялық экология саласы бойынша Нобель силығы
берілді. Озонды бүлдіретін адам баласының өз қолымен өндіретін химиялық зат
– хлорфторкөміртегі екені дәлелденді. Оның көзі - өндірісте,
автокөліктерде, ракеталарда қолдалынатын химиялық қосылыстар. Оларды
фреондар деп атайды. Оның әсер ету механизмі төмендегідей: фреондар
атмосфераның жоғарғы қабатында көтеріліп ультракүлгін сәулелердің әсерінен
ыдырап кеңістікке хлор бөлінеді. Хлор – озон малекуласын ыдыратып отырады.
Нәтижесінде хлордың бір малекуласы озонның он мыңдаған малекуласын жойып
жібереді. Осылайша озон қабаты жұқара бастайды. Соңғы жылдары планета
тұрғындары озонның жұқаруы проблемасы өте қауіпті екенін түсініп, 1987 жылы
Монреаль келісіміне қол қойды.
Ауа бассейінің тағы бір өзекті мәселесі – қышқыл жауындар. Қышқыл
жауындар терминін алғаш рет ағылшын инженері Роберт Смит енгізген. Қышқыл
жауындар – азот пен күкірт қышқылдарының жауынның құрамындағы мөлшерінің
көбейіп кетуінен болады. Ал, аталған химиялық қосылыстарының көбейіп
кетуінің негізгі көздері: көмір, сланц, мазут т.б отындарын жаққанда ауаға
азот пен күкірттің қос тотығының бөлінуі болып табылады.
Соңғы жылдары қышқыл жауындар проблемасын шешу бағытында халықаралық
келісімдер жасалуда. Оның негізгі көзі - өнеркәсіптерден бөлінетін мөлшерін
азайту қолға алынуда.
Ауаның тазалығы автокөліктерден бөлінетін зиянды заттардан да бұзылуы
күн тәртібінде тұр. Соңғы жылдары автокөліктердің жиілеуі бұл проблманы
қиындата түсуде.
Дүние жүзіндегі ірі қалаларда фотохимиялық тұмша түзілу процесі жиі
байқалып отырады. Аталған зиянды зат өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне
және адам баласына зияны туралы көп жазылуда. Осыған орай, шет елдерде және
біздің республикамызда атмосфераны қорғау мақсатында автокөліктердің
моторларын жетілдіру, нейтрализаторлар орнату, газбен, электр қуатымен
жүретін автокөліктер шығар, сутегі отынын пайдалану, электромобильдер
шығару және жанар майлардың альтернативті түрлерін шығару жолдарын
іздестіруде.
Биосфераның гидросфера қабаты – жер шарының 3 тен 2 бөлігін алып
жатыр.Су әлемінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері – гидросфера
қабығы планетаның бүкіл тыныс- тіршілігін реттеуде неғізгі рөл атқарып
келеді. Барлық заттар суда еріген күйінде болып, оның үлкен және кіші
айналымы арқылы зат алмасу процесі тұрақты жүреді де, одан әрі биосфера
шегіндегі биогеохимиялық айналымға ұласуда. Нәтижесінде, жер шарындағы
барлық судың 94 %. Мұхиттар мен теңіздердің, ал қалған 6 пайызы өзен,
көлдер, жер асты сулары, мұздықтардың үлесіне тиіп, оның сарқылмайтын
табиғат қор екені адамзатты болашаққа деген сенімін мәңгілік етуде.
Литосфераның химиялық құрылымына келсек негізінен: оттегі, кремний,
магний, натрий және тегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий
элементтерінен тұрады.Оның ішінде оттегінің үлес салмағы 47,35% және 92%
көлем алуы ерекше жағдай. Оттегі басқа химиялық элементтерден тығыз қосылыс
ретінде минералды жыныстардың негізін құрайды.Жалпы алғанда жер қабығының
9,2% – тау жыныстары, 20% – метаморфологиялық, ал 70,8% магматикалық
жыныстар алып жатыр.
Академик В.И Вернадский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе
химиялық элементтердің бір тобын тірі заттар – деп атады.Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфера құрылысы
Биосферадағы биологиялық және геохимиялық айналымдар
Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
Биосфера құрылысы. Биосфера туралы жалпы түсінік
Биосфераның құрамдас бөлігі
Жалпы экология
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Сілтілік жер металдарына жалпы сипаттама
Биосфера, жер бетіндегі энергия айналысы
Мыс өндіру технологиясы
Пәндер