Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих факультеті
Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасы
Диплом жұмысы
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі, т. ғ. д., профессор:
« » 2010ж.
Алматы 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ДЕШТІ-
ҚЫПШАҚ ЖӘНЕ ОҒАН КӨРШІЛЕС АУМАҚТАРДАҒЫ ЭТНОСАЯСИ
ҮРДІСТЕР . . . 20
ІІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН
БАРЫСЫ . . . 38
ІІІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 53
КІРІСПЕ
Диплом тақырыбының өзектілігі. Қазақстан тарихның негізгі мәселелері - қазақтың тегі, олардың мемлекеттілігінің қалыптасуы, ұлт боп жандануы. Тарихи мәліметтер мен жазба деректерге жүгінсек, қазақ халқының мемлекеттілігінің толық қалыптасуы ХV ғасырдың аяғына, нақтырақ 1470 жылдарға сай келеді. ХV ғасырдың ортасында тарих сахнасына көтерілген Қазақ хандығы - ең алдымен, қазақ халқының тарихи территориясында орын алған саяси, этникалық, рухани процесстердің жалпы қорытындысы, яғни қазақ этносының қалыптасуындағы тарихи маңызды оқиға. Хандықтың құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті, Қазақстан тарихында ерекше із қалдырған тарихи кезең. Сондықтан да ұлтымыздың ұлт болып қалыптасуына түрткі болған Қазақ хандығы тарихын зерттеу, тану, білу тарихшылардың да, сонымен қатар қазақтың да борышы.
Бұл мәселені зерттеудің маңыздылығын ҚР Президентінің еңбегінен көруге болады, «…Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр. Оны өздерінен бұрын өткендер немесе тарихи бабалар емес, қазіргі бар түркі халқы құрды. …1459 жылы Жетісуға жай ғана жекелеген тайпалар тобы емес, Жәнібек пен Керей ұлысының халқын құрайтын рулар мен тайпалардың бірлестігі бөлініп көшіп келді. …қазақ халқының дербес мемлекттік алып, бірлесуге құлшынған сан ғасырлық арманын айқын көрсетті»[1] . Яғни 1470 жылдары Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Жетісу және Сырдария өңірлерінде қалыптасқан Қазақ хандығы - Керей мен Жәнібек сұлтандардың «қазақ» халқының басын біріктірген кезі.
Бұл мәселемен кәсіби тарихшылардан басқа қоғамдық ғылымдар өкілдері де өз пікірлерін білдіріп, ғылыми болмаса да өз тұжырымдарын жасауда. Себебі, Қазақ хандығы тарихын зерттеу ерекшелігі және маңыздылығы хандықтың ұлттық сипаттағы мемлекет болуында.
Қазақ хандығы тарихы және оның құрылу тарихы отандық тарих ғылымының маңызды, өзекті әрі даулы мәселелерінің бірі болып табылады. Хандықтың құрылу тарихын зерттегенде тарихшылардың басты назарын алғашқы қазақ хандарының өзбек ұлысынан бөліну себептері, хандықтың құрылу датасы, хандықтың құрылуының саяси, этникалық, рухани алғышарттары, құрылу барысы мен кезеңдері сияқты сұрақтар аударады. Бұл Қазақ хандығы құрылуының өзекті мәселелері болып табылады.
Қазақ хандығының құрылу тарихының маңызын ашудағы негізгі мәселелер оның алғышарттары. Бұл да диплом тақырыбымның өзекті мәселелерінің бірі. Этникалық пен саяси алғышарттарын бір тарауда көрсеткеніммен, олар жеке қарастырылған. Себебі, әр алғышарт жеке, арнайы түрде зерттеуді қажет етеді. Әр алғышарттардың өзектілігі сонда, олар тарихи оқиғаны жан-жақты, толық қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Керей мен Жәнібектің Өзбек хандығынан бөліну себептерін айтылған этникалық, саяси және рухани алғышарттарынан көре аламыз.
Диплом тақырыбының деректік негіздері. Қазақ хандығының құрылуына қатысты деректерді ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлінеді. Біріншіден, хандықтың құрылу тарихына тікелей қатысы бар жазба деректер, екіншіден жанама қатысы бар жазба деректер жатады.
Қазақ хандығының құрылуына тікелей қатысты деректерге, ең алдымен, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі жатады. Екінші шығарма, ол- Махмуд ибн Уәлидің «Бахр әл-асрар фи манакиб әл-ахйар » атты дерегі. Тікелей қатысты жазба деректерден ең басты осы екі тарихы шығармаларды көрсетеміз.
ХV ғасырдың 50-60 жылдары саяси оқиғаларды көрсететін жанама мәліметтерге М'асуд бен Османи Кухистанидің «Тарих-и Абулхаир-хани», Захир ад-дин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-намасы», «Тауарих-и-Гузидаий нусрат- наме», Шах Махмуд Чурастың «Тарихы», Мулла Мухаммед Шадидің «Фатх-намесін» жатқызамыз.
Мәселемізге қатысты жазба деректерді тілдік, аумақтық және әулеттік принциптер болып топтастырылады. Яғни тікелей қатысты жазба деректер өз ішінде белгілі бір принциптерге сай бөлінеді.
Тілдік принцип бойынша топтастырылған деректер - ХІІІ-ХV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы этносаяси мәселелер туралы араб, армян, орыс, монғол, парсы, түркі тілдеріндегі шығармалар.
Ең негізгілеріне тоқталсақ, монғол тіліндегі екі негізгі деректер - 1242 жылғы «Монғолдың құпия шежіресі», шыңғыстық идеологиясын негіздейтін мәліметтер сақталған; Лувсанданзанның «Алтын шежіресі». Бұл дерек түркі-монғол тайпаларының ХVІ ғасырда дүниеге келген көне жазба мұрасы. Деректе Қазақ хандығын құраған Керей, Жалайыр, Меркіт, Қоңырат, Найман, басқа да түркі тайпаларының бұдан 800 жыл бұрынғы өмір тіршілігі Шыңғыс хан империясының тарихымен сабақтас баяндалады.
Махмұт әл-Қашғаридің ХІ ғасырда жазылған «Диуани лұғат ат-түрік» және Қадырғали Жалаиридің ХVІІ ғасырдың алғашқы жылдарындағы «Жылнамалар жинағы» атты еңбектері түркі тіліндегі деректер тобына жатады.
Түркі халқының аса дарынды перзенттерінің қолынан шыққан «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») 1072 немесе 1078 жазылған деп шамаланады. Бұл еңбек тек қана тіл білімінің мәселелеріне ғана емес, сонымен қатар Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әлеуметтік және мәдени өмірінің әр алуан салаларынан мәлімет береді. Еңбектегі түркі сөздерге қарап, қазақ тілі түркі тілідері тіліндегі ата сөздерін көп сақтағандығын көреміз. Қазақстан территориясын мекендеген түркі тайпаларыны қалдырған ортағасырлық ортақ мәдениет үлгісі. Деректе түркі тілдес 20 тайпаның атауы кездеседі және оның этнографиялық құнды мәліметтер берілген.
Ұлы жүздің тарақ таңбалы жалайыр тайпасынан шыққан ғұламаның еңбегі «Жами ат-тауарихтың» («Жылнамалар жинағы») - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш шығармаларның бiрi. Мұнда Қазақ хандығының ХVI ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер береді.
Бұл тарихи құнды еңбек өз заманындағы Ортаазиялық жазба дәстүрінде 1600-1602 жылдары жазылған. Еңбек өз заманындағы Орта азиялық жазба дәстүрінде жазылған. Мағынасы мен желісі, сондай-ақ құрылымы жағынан «Тауарих ғузида-и нусрат-наме» (XVI ғ. ), Әбілғазының «Түрік шежіресі» (XVII ғ. ) және басқа да еңбектерге ұқсас. Қадырғалидың «Жылнамалар жинағын» мазмұны, құрылымы жағынан алып қарағанда, шартты түрде үш бөлімге бөлуге болады, яғни:
- Орыс патшасы Борис Годуновқа арналған арнау;
- «Жами ат-тауарих» атты Рашид-ад-диннің еңбегі негізінде жазылған тарих;
- Ұрұс ханның Ораз-Мұхаммед сұлтанға дейінгі Шыңғыс әулеті ұрпақтарының шежіресі. Еңбектің негізгі желісі Ораз-Мұхаммедтің тарихы болып келеді. Ораз-Мұхаммед хан атақты Тәуекел ханның (1586-1598) інісі Ондан сұлтанның ұлы болатын. Оның аталары Ұрұс хан, Барақ хан, Жәнібек хан, Шығай хандар Алтын Орда, Ақ Орда және қазақ хандығындағы белгілі тарихи тұлғаларға жатады.
Араб тіліндегі деректерде ХІІІ ғасыр басындағы монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды, Иран мен Кавказды және орыс жерлеріне шапқыншылығы, Алтын Ордада билік еткен хандар мен олардың саясаты, ислам мәселесі, ХІV-ХV ғасырлардағы Алтын Орданың саяси бытыраңқылығы, Ақ Орда билеушілері мәселелері қамтылған. Бұл топтағы негізгі деректерге Ибн әл-Асирдің «әл-Камиль фи-т-тарих», әл-Омаридің «Масалик әл-абсар фи мамалик әл-амбар», Ибн-Баттутаның, әл-Джанавидің еңбектері жатады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі тілдік принцип бойынша парсы тіліндегі және әулеттік принцип бойынша бабырлық дерек көздеріне жатады. Соңғы аталған принципке келешекте тоқталып өтеміз. Қазір хандықтың құрылуына қатысты ең басты еңбекке көңіл бөлерлік. «Тарихи-Рашиди» еңбегі С. Г. Кляшторный мен Т. И. Сұлтанов айтқандай: «…Қазақ хандығының ежелгі тарихы байланыстыра баяндайтын ортағасырлық мұсылман тарихнамасындағы жалғыз шығарма», бұл еңбек құнды еңбек. Хандықтың тарихын зерттеуші көптеген тарихшылар, В. В. Вельяминов-Зерновтан бастап қазіргі таңдағы зерттеушілер осы еңбектің деректеріне сүйенді.
Шын мәнінде қазақ хандығының құрылуы тарихына қатысты басты дерек Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидың "Тарих-и Рашиди" атты еңбегі болып табылады. Шығармада Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр ханнан бөлініп, Моғолстанға көшуі жан-жақты баяндалады. М. Дулати Керей мен Жәнібек хандардың Моғолстанға келуін Есен-Бұға кезінде болды дей тұра "Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан - біздің жыл санауымыз бойынша 1465-1466 жылдан басталады . . . " дегенді айтады. Осы мәліметке сүйеніп тарихшылардың көпшілігі Қазақ хандығының құрылуын 1465-1466 жылдар деп есептейді. Бұл жылдарға дейін, яғни 1462 жылы Исан-Бұға қайтыс болып кеткен еді. Олай болса, Керей мен Жәнібек хандардың 1462 жылға дейін Сыр бойына көшкендігі анықталады. Ендеше бұл екі ханның Моғолстанға келген кезі 1458-1459 жылдарға сәйкес келетіндігін ғалым Т. И. Сұлтанов та қостайтындығын байқатады. Ол кісі Қазақ хандығының құрылғандығы туралы мәліметтердің дұрыс емес екендігін алғаш рет дәлелдеген ғалымдардың бірі.
"Тарих-и Рашиди" авторы кейбір даталарды шамамен жуықтап көрсететіндігі. Терең үңіле қараған адамға М. Дулатидің жуықтап алған жылдары аралығында 6-7 жыл-ай айырмашылық бар. Мәселен, Тоғылық Темір хан 1362-1363 жылы қайтыс болса, ұлы Қызыр хан 1368-1369 жылға дейін туған делінеді. Сондай-ақ Ұлықбектің өлген жылы 1449 болса, ол 1455-1456 жылға дейін өлгендігі айтылады. Сол сияқты қазақ хандығының құрылған жылы біздің зерттеуіміз бойынша 1458 жылға сай келіп тұр. Ал "Тарих-и Рашидиде" қазақ сұлтандарының билігі 1465-1466 жылдан басталады деп жазылған[2] .
Мәселемізге қатысты жазба деректердің екінші тобы аумақтық принциптік деректер. Оларға европалық авторлардың еңбектеріндегі мәліметтерді жатқызамыз. Қазақстан тарихына қатысты мәліметтер итальян, француз, ағылшын тілдерінде кездеседі, дегенмен аз. Бұл деректерге Марко Поло, Плано Карпини, Вильгельм де Рубрук еңбектері жатады.
Марко Поло «Книга о разнообразии мира» атты еңбегінде Азияға сапары жөнінде баяндайды. Марко Полоның «Кітабы» монғол тарихы үшін маңызды болып табылады, олардың тұрмысы, экономикасы, әскери өнері жайлы, сонымен қатар монғол хандары туралы да құнды мәліметтер береді. Кітаптың LXV тарауында Шыңғыс хан туралы былай дейді: «1187 жылы … патша сайланды, ол Шыңғыс хан деп аталды, батыл, ақылды, тапқыр адам…»
«Құбылай хан, алтынщы ұлы хан. Ол мемлекетті 1256 жылы алады, » - дейді
М. Поло. Саяхатты Сарайға осы Құбылай хан тұсында келіп, әрі Ханбалыққа аттанған[3] .
Вильгельм де Рубруктің «Путешествие в восточные страны» атты еңбегі жоғары бағаланды. Француз королінің бұйрығымен жасалған Рубруктің іс-сапары Орталық Азия үшін үлкен мұра қалдырды. Мөңке қағанның ордасы Қарақорым туралы құнды мәліметтер қалдырды.
Плано Карпини монғол хандарымен дипломатиялық қатынастар орнату мақсатымен іс-сапары негізінде алғаш рет Европаны сол кездегі Шығыс әлемімен таныстырды. 1246 жылы Карпини Сарай қаласында болып, Батый ханмен кездесті, содан соң ұлы Күйік ханда Қарақорымда болды, 1249 жылы Римге қайта оралды[4] .
Бұл авторлардың еңбектерінен Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты мынадай мәліметтер бар: 1. Монғол жаулауына дейінгі Дешті- Қыпшақтың жалпы тайпалары туралы; 2. Дешті-Қыпшақтың жалпы географиясы; 3. Шыңғыс және оның ұрпақтары, монғолдар туралы; 4. Монғолдардың жаулап алуы, салдарлар туралы.
Сонымен европалықтардың мәліметтері Шығыс елдері үшін өте маңызды.
Үшінші жазба деректер тобы әулеттік принциптегі деректер. Бұл жазба деректердің көпшілігі парсы, шағатай тілдерінде жазылған, дегенмен түрлі әулеттер тұсында.
Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты жазба деректердің ішіндегі әулеттік принцип бойынша топтасқан дректердің алғашқысы Шыңғыс ханның немересі, Төленің ұлы Құлағу әулеті тұсындағы деректер. Құлағу Ильхандар әуетінің негізін салушы, Иранды жаулап алушы. Яғни 1258 жылы Құлағу Иран, Ирак жерлерін бағындырып, жаңа әулет негізін салады- Ильхандар немесе Құлағу әулеті деп аталды. Осы хан тұсындағы дерек мәліметтеріне келетін болсақ, біздің тарихымыз үшін маңыздысы Рашид-ад Диннің «Жами ат-Тауарих» еңбегі. Бұл еңбек ХІV ғасыр 40-жылдары өмір сүрген Газан хан тұсында жазылды. Ол өз халқының тарихына көп көңіл бөле отырып, Рашид-ад Динге монғолдар тарихына қатысты мәліметтерді жинақтауға бұйрық берді. Еңбек 1300/1311 жылы аяқталды. Бұл еңбекті жазу барысында М. Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Ата Мәлік Джувейнидің «Тарих-и джехангуша» еңбектері, сонымен бірге монғол тіліндегі, Шыңғыс хан, оның тегі және мұрагерлері туралы айтылған, ильхан мұрағаттарында сақталған «Алтын дептер» бөлігі пайдаланылған. Еңбектің негізгі бөлігі «Тарих-и Газани» деп аталды. Негізінен бұл кітап екі негізгі бөліктерден тұрады. І бөлімде монғолдар тарихы, олар құрған мемлекеттер туралы мәліметтер сақталған. ІІ бөлімі исламға дейінгі жалпы тарихқа, монғол шапқыншылығына дейінгі мұсылман мемлекеттерінің тарихына арналған. Сонымен қатар еңбекте түркі тайпаларына қатысты ерте заманнан ХІІІ ғсырдың басына дейінгі мәліметтер берілген. Ең басты мәлімет - қазақ хандарының ата-бабасы саналатын Орда-Ежен және оның ұрпақтары шежіресі.
Жоғарыда айтылғандай, хандықтың құрылуына қатысты негізгі дерек- бабырлық «Тарих-и Рашиди» атты М. Х. Дулатидің еңбегі. Бұл еңбек Орталық Азияның ХІV- ХVІ ғасырлар тарихындағы әсіресе, қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, және басқа да түркі халықтарының тарихындағы баға жетпес, құнды дерек көзі болып табылады. Бұл шығарма ХVІ-ХVІІІ ғ. жазылған көптеген тарихы шығармаларға негіз болды. 1526 жылы Үндіде билік құрған Темір ұрпағы Бабыр және оның ұрпақтары билік құрып, үнділік немесе делийлік деп аталды. Бұл еңбектің екі нұсқасы бар, бірі-парсы тіліндегі және Ш. Уәлиханов тапқан ұйғыр тіліндегі нұсқалары. Автор кіріспесінде былай деп жазған: «Бұл тарих екі кітаптан тұрады. Бірінші кітап: Тоғылық Темір ханның өмірінің басынан қазіргі күнде хандық билікте отырған Абдрашид ханның өмірін баяндауға дейін; екінші кітап: өзімнің өмірім туралы, сұлтандар, хандар, өзбектер, шағатайлықтар және басқалардың өмірі туралы, көргендерім мен білгендерім туралы, сондай-ақ сол адамдармен бірге өзім қатынасқан оқиғалар туралы».
Яғни 1446 жылы аяқталған бірінші кітапта моғол тайпалары, хандары мен әмірлері туралы тарихы аңыз-әңгімелер айтылған. Сондықтан да еңбектің бұл бөлімін деректанулық талдаудан өткізген жөн[5] .
Ал екінші бөлімінде автор өзі көрген оқиғаларды мемуар ретінде баяндайды. Сондықтан да бұл мәліметтер өте құнды. Негізінен бұл еңбектегі оқиға уақыттары шамалап, жуықтап беріледі, сондықтан да олардың кейбіреулері күмән туғызады. Дегенмен «Тарихи Рашиди» Қазақ хандығы тарихы үшін күн өткен сайын құндылығын жоғалтпай, тарих, сонымен қатар деректану ғылымдарында да зерттеушілердің назарын әлі де аударып келеді.
Диплом тақырыбының тарихнамасы. Қазақ хандығы тарихы тарихнамасының төңкеріске дейінгі зерттелуіне келетін болсақ. Алғаш рет Қазақ хандығының құрылуы жөнінде зерттеген ХІХ ғасырдың орыс шығыстанушысы В. В. Вельяминов-Зернов болды. «Исследования о Касимовских царях и царевичах» деген еңбегінде бұл мәселе қозғалады. Автормен ғалымдар, зерттеушілер назарына бірнеше шығыс деректерінен, Қ. Жалайырдың «Жами ат тауарих», Захир ад дин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбектерінен мәліметтер беріледі. Төрт томдық еңбегінің екінші бөлімінде Қазақ хандығы тарихын рет-ретімен көрсетті және де қазақ этногенезі мәселесін жаңадан мәлімдейді. Ол Жәнібек пен Керейдің Әбілқайырдан бөлініп, Моғолстан батысына орналасып, хандық құруын Қазақ хандығының құрылуы деп түсіндіреді Кейінгі тарихшылар Қазақ хандығы жөнінде В. В. Вельяминов-Зернов еңбегіне сүйенетін болды. Осыған байланысты зерттеуші Жәнібек пен Керей хандар туралы мәліметтерді Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінің парсы және ұйғыр тіліндегі нұсқаларынан алған, екі нұсқада 1456 жыл деген дата жоқ, бірақ В. В. Вельяминов-Зернов «Бұл кезде Дешті-Қыпшақта Әбілхайыр хан билік құрып тұрды»-деген сөйлемдегі «бұл кездегіден» соң жақша ішінде «860-шамамен 1456 жыл» деп береді[6] . Міне, осыдан кейін кейбір зерттеушілер Қазақ хандығының құрылу уақытында осы датаны қабылдайды [7] .
В. В. Вельяминов-Зерновтың еңбегіндегі деректер, оның ішіндегі Керей мен Жәнібектің бөлінуі туралы материалдар қысқаша 1865 жылы Ресейде шыққан әскери энциклопедиялық жинақта беріледі. Бұл жинақтан соң Қазақ хандығы құрылуы жөніндегі тұжырым Республика тарихнамасына берік орнығып, зерттеушілердің барлығы В. В. Вельяминов-Зернов концепциясын қолдайды. Сол дәуірдің зерттеушілері В. В. Бартольд, Н. А. Аристов, т. б. авторлар осы негізгі тұжырымды қабылдап, жалғастырды. В. В. Бартольд өзінің очерктерінің бірі «Очерк истории Семиречья», «Әбілқайыр», «Мұхаммед Шайбани хан» атты энциклопедиялық мақалаларында осы ойды қалыптастырып, Қазақ хандығының құрылу датасын 1456 жыл деп көрсетеді. Бұл еңбек автордың орыс, сонымен қатар шығыс деректерін қолданғанымен құнды. Көптеген текстердің аудармасын да, түпнұсқасын да берген.
М. Л. Аристов бұл мәселе жөнінде В. В. Вельяминов-Зернов тұжырымдамасын қайталайды, бірақ шығыс деректерінің, орыс мұрағат материалдарының фольклорлық, этнографиялық деректер негізінде түркі халықтарының этникалық құрамы туралы мәселелерін қамтиды.
В. В. Вельяминов-Зерновтың еңбегіне дейін 1832 жылы А. И. Левшиннің «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей» атты еңбегі жарияланды. Еңбекте Қазақ хандығының құрылу мәселелері көтерілді.
Оған дейін Н. М. Карамзин 1821 жылы жарық көрген «Истории государства Российского» атты еңбегінде Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы қатынастарына тоқталады[8] .
Белгілі қазақ ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов қазақтар мен ноғайлықтардың этникалық ұқсастықтарын айтып өтті. Ол ХVI ғасырдағы Қазақ және Ноғай мемлекеттерінің саяси қатынастары туралы тарихи мәліметтерді зерттеді.
Керей мен Жәнібектің көшуіне қатысты этникалық себепке ру-тайпа арасындағы жанжалдар туралы алғаш рет ХХ ғасырдың басында Ш. Құдайбердіұлы айналымға енгізген Қарақыпшақ Қобыланды батырдың арғын биі Ақжол биді өлтіруітуралы тарихи әңгімеде тайпааралық дау-дамайға Әбілқайыр хан мен Керей, Жәнібек сұлтандар араласады[9] . Тартыстың биде өлтірген Қобыланды батыр жағына қарай шешілуіне наразылық білдірген қарсы жақ Керей мен Жәнібекпен бірге Әбілқайыр ханнан бөлініп, көшіп кетеді.
Төңкеріске дейінгі кезеңде зерттеушілер шығыс авторларының еңбектері негізінде жазылды. Жоғарыда келтірілген зерттеушілер мен еңбектеріне сүйенсек, Қазақстанның ортағасырлық тарихын зерттеу ХІХ ғасырдың ортасынан бастау алды.
Мәселеге қатысты кеңестік кезеңдегі зерттеулерге ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап А. П. Чулошников, М. Тынышпаев өздерінің жаңаша ойларын қосты. Осы уақытта қазақ мемлекеті қалыптасуымен қазақтардың этногенезіне байланысты бірқатар жұмыстар шықты. Солардың ішінде әсіресе, А. П. Чулошников ерекше. Ол қазақ халқының қалыптасуын өзбек ұлысының ыдырауымен және Керей мен Жәнібек басшылығымен көшпелі халықтың көшуімен байланыстырады. Кейін оларға көптеп жаңа тайпалық топтар келіп қосылад. Бұл «жаңа, күшейе түскен көшпенді одақ өзбек ұлысынан бөлінген, жекелеген топтарды біріктіретін хандық биліктің құрылуының қозғаушы күші болды»[10] . Сонымен қатар автор Қазақ хандығының құрылу уақытын 1455/56 жылды көрсетеді[10. 102-бет] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz