Қазақстанның жер бедері
1. Қазақстанның жер бедері
Жазықтар мен ойпаттар
Каспий маңы ойпаты
Тұран ойпаты
Батыс Сібір ойпаты
Үстірттер мен қыраттар
Үстірт
Бетбақдала
Торғай үстірті
Жем
Жалпы Сырт
Қазақстан жеріндегі аласа таулар
Сарыарқа
Мұғалжар таулары
Маңғыстау таулары
Қазақстан жеріндегі биік таулар
Тянь.Шань
Жоңғар Алатауы
Сауыр.Тарбағатай
Алтай таулы өлкесі
2. Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбалар
Жанатын пайдалы қазбалар
Мұнай мен газ
Көмір
Рудалы пайдалы қазбалар
Темір Марганец
Хром Никель
Алюминий Полиметалдар Алтын
Сирек кездесетін металдар
Молибден
Вольфрам
Рудасыз пайдалы қазбалар
Асбест Фосфорит
Тұз
3.Қорытынды
Жазықтар мен ойпаттар
Каспий маңы ойпаты
Тұран ойпаты
Батыс Сібір ойпаты
Үстірттер мен қыраттар
Үстірт
Бетбақдала
Торғай үстірті
Жем
Жалпы Сырт
Қазақстан жеріндегі аласа таулар
Сарыарқа
Мұғалжар таулары
Маңғыстау таулары
Қазақстан жеріндегі биік таулар
Тянь.Шань
Жоңғар Алатауы
Сауыр.Тарбағатай
Алтай таулы өлкесі
2. Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбалар
Жанатын пайдалы қазбалар
Мұнай мен газ
Көмір
Рудалы пайдалы қазбалар
Темір Марганец
Хром Никель
Алюминий Полиметалдар Алтын
Сирек кездесетін металдар
Молибден
Вольфрам
Рудасыз пайдалы қазбалар
Асбест Фосфорит
Тұз
3.Қорытынды
Қазақстанның жер бедері жазықтар мен ойпаттардан, үстірттер мен қыраттардан, аласа және биік таулардан тұрады. Республиканың қазіргі жер бедері оның геологиялық құрылысы мен даму тарихына, жер бедерін түзуші факторларға тікелей байланысты. Қазақстан жер бедерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның оңтүстік – шығысы мен шығысында ғана биік таулар бар. Республика жері оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқақарай біртіндеп еңістене береді.
Жазықтар мен таулардың орналасуы, олардың теңіз деңгейінен биіктігі көптеген факторларға, атап айтқанда, тау жыныстарының пайда болуы мен құрамына, олардың тау пішіндеріне, уақытына және оларға жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуіне байланысты. Қазақстанның биік таулы өлкелерінде тау түзілу процестері әлі аяқталған жоқ. Таулы аймақтарда болып жатқан жер сілкінулер тектоникалық қозғалыстардың әлі де жүріп жатқанын дәлелдейді. Қазақстанның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына сыртқы үкштер, атап айтқанда, ағын су мен желдің әсері көп. Ағын су жыныстарды ағызып, ойпаң жерлерге үйеді.
Жер бедерінің күрделілігі климаттың, су жүйелерінің, топырақтың, өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Жазықтар мен ойпаттар
Қазақстан жерінің біраз аумағын Каспий маңы ойпаты, Тұран, Батыс Сібір жазықтары алып жатыр.
Каспий маңы ойпаты. Каспий маңы ойпаты Қазақстанның солтүстік-батысында теңіз деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Каспий маңы ойпаты — еліміздегі ірі жазықтардың бірі. Ол солтүстігінде Жалпы Сырт, шығысында Жем үстірті, оңтүстігінде Каспий теңізі аралығында орналасқан. Жер бедері көбіне тегіс, аз тілімделген, топырағы тұзды келеді. Каспий маңы ойпатына тән ерекше құрылымдар — тұз күмбездері. Мұнай, гипс, ас тұзы, хлорлы калий кен орындарының қалыптасуына осы тұз күмбездерінің тікелей себебі бар. Құм төбелер жайпақ ойыстармен алмасып отырады.

1. Қазақстан энциклопедиясы
2. Қазақстанның физикалық географиясы
2. Қазақстанның физикалық географиясы
Қазақстанның жер бедері
Қазақстанның жер бедері жазықтар мен ойпаттардан, үстірттер мен
қыраттардан, аласа және биік таулардан тұрады. Республиканың қазіргі жер
бедері оның геологиялық құрылысы мен даму тарихына, жер бедерін түзуші
факторларға тікелей байланысты. Қазақстан жер бедерінің едәуір бөлігі жазық
келеді. Оның оңтүстік – шығысы мен шығысында ғана биік таулар бар.
Республика жері оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқақарай
біртіндеп еңістене береді.
Жазықтар мен таулардың орналасуы, олардың теңіз деңгейінен биіктігі
көптеген факторларға, атап айтқанда, тау жыныстарының пайда болуы мен
құрамына, олардың тау пішіндеріне, уақытына және оларға жердің ішкі және
сыртқы күштерінің әсер етуіне байланысты. Қазақстанның биік таулы
өлкелерінде тау түзілу процестері әлі аяқталған жоқ. Таулы аймақтарда болып
жатқан жер сілкінулер тектоникалық қозғалыстардың әлі де жүріп жатқанын
дәлелдейді. Қазақстанның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына сыртқы үкштер,
атап айтқанда, ағын су мен желдің әсері көп. Ағын су жыныстарды ағызып,
ойпаң жерлерге үйеді.
Жер бедерінің күрделілігі климаттың, су жүйелерінің, топырақтың,
өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Жазықтар мен ойпаттар
Қазақстан жерінің біраз аумағын Каспий маңы ойпаты, Тұран, Батыс
Сібір жазықтары алып жатыр.
Каспий маңы ойпаты. Каспий маңы ойпаты Қазақстанның солтүстік-
батысында теңіз деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Каспий маңы ойпаты —
еліміздегі ірі жазықтардың бірі. Ол солтүстігінде Жалпы Сырт, шығысында Жем
үстірті, оңтүстігінде Каспий теңізі аралығында орналасқан. Жер бедері
көбіне тегіс, аз тілімделген, топырағы тұзды келеді. Каспий маңы ойпатына
тән ерекше құрылымдар — тұз күмбездері. Мұнай, гипс, ас тұзы, хлорлы калий
кен орындарының қалыптасуына осы тұз күмбездерінің тікелей себебі бар. Құм
төбелер жайпақ ойыстармен алмасып отырады.
Тұран ойпаты. Тұран ойпатының солтүстік бөлігі ғана Қазақстан
аумағына кіреді. Бұл ойпаттың негізгі бөлігі Қазақстаннан тысқары жатады.
Теңіз деңгейінен есептегенде ойпаттың биіктігі 100-200 метр. Тұран ойпаты
оңтүстігінде Торғай ойысы арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады.
Республика аумағында Сырдария өзені бұл ойпатты қақ жарып ағады. Ойпаттың
оңтүстік бөлігін Қызылқұм шөлі, ал солтүстігін Арал теңізі маңайындағы
Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр. Тұран ойпатының
топырағы сары топырақ тәрізді саз балшықты, саздауытты, құмды келеді.
Төбелер мен қырқалар жиі ұшырасып отырады. Кей жерлерінде тақырлар
кездеседі.
Батыс Сібір ойпаты. Қазақстанның аумағына Батыс Сібір жазығының
оңтүстік бөлігі ғана кіреді. Ойпат оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс
келеді. Теңіз деңгейінен биіктігі 200 метрден біртіндеп солтүстігінде 100
метрге дейін төмендейді. Ойпаттың топырағы шөгінді жыныстардан құралған.
Батыс Сібір ойпаты Қазақстан аумағында Ертіс бойы және Есіл-
Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді.
Үстірттер мен қыраттар
Қазақстан жерінің көп бөлігін үстірттер мен қыраттар алып жатыр.
Олар: Үстір, Бетпақдал, Жем, Торғай үстірті, және Жалпы сырт қыратының бір
бөлігі. Қыраттар негізінен жазық бағыттағы шөгінді жыныстардан түзілген,
көбнесе ойпаттар мен аласа таулы аймақтар аралығында кездеседі.
Үстірт жан-жағы тік беткейлі жарқабақ, үсті теп-тегіс, теңіз
деңгейінен 200 метрдей биік жатқан жазықтық. Жарқабағы жауын-шашаын
суларынан тілім-тілім болып жатады.
Бетбақдала. Қазақстанның орталық бөлігінде, теңіз деңгейінен 200-
600 метр биікте жатыр, оның топырақ құрамы саз балшық, құм, құмтастардан
құралған. Жер бедері ойлы-қырлы жазықтық болып келеді.
Торғай үстірті. Шығысында Сарыарқа, ал батысында Мұғалжар
аралығын алып жатыр.Торғай үстіртінің теңіз деңгейінен биіктігі 250 метр.
Торғай үстіртінің ортасында солтүстіктен (Батыс Сібір ойпаты) оңтүстікке
(Тұран ойпаты) қарай созылып жатқан ойыс бар. Бұл ойпаң Торғай қақпасы
немесе Торғай бұғазы деп аталады. Мыңдаған жылдар бұрын бұл жер теңіз
бұғазы болған. Қазіргі Батыс Сібір ойпаты орнындағы еретдегі теңізді бұл
бұғаз Арал, Каспий теңізі алабымен қосып тұрған. Торғай үстіртінің топырағы
саз балшықты, кремнийлі, мергельді және құмды шөгінде жыныстардан тұрады.
Пайдалы қазбаларға өте бай. Өзен салалары мол. Есіл, Тобыл өзендерінің
салалары осы Торғай үстіртінен басталады.
Жем үстірті. Батыста Мұғалжар, ал шығыста Каспий маңы ойпатына
дейінгі аралықта жатыр. Теңіз деңгейінен биіктігі 300 метр Жем үстіртінің
топырағы саз балшық пен құа шөгінділерінен құралған, қойнауы фосфорит
рудасына бай.
Жалпы Сырт қыратының қазақ жеріне азған бөлігі кіреді. Оның
топырақ құрамы бор заманының шөгінділерінен құралған. Жалры Сырттан Ақжайық
өзенінің кішігірім сағалары бастау алады.
Қазақстан жаріндегі аласа таулар
Қазақстан жеріндегі аласа таулар жүйесіне Сарыарқа, Мұғалжар,
Маңғыстау таулары жатады.
Сарыарқа солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан басталып, оңтүстігінде
Балқаш көліне дейінгі аралықты, батысында Торғай үстіртінен шығысында Сауыр-
Тарбағатай таулы жүйесіне дейінгі аралықты алып жатыр. Жер бедерінің теңіз
деіңгейінен биіктігі 250-400 метр. Сарыарқаның жер бедеріалуан түрлі. Мұнда
тегіс жерлер ұсақ шоқылармен алмасып отырады. Сондықтан да Қазақтың ұсақ
шоқысы деп аталған. Сарыарқа шоқыларының биіктігі де әр түрлі. Сарыарқа
Ұлытау, Құмтас, Баянауыл, Қарқаралы, Шыңғыстау, Көкшетау таулары жатады.
Палеозой эрасында қазіргі Сарыарқа жерінде жанартаулар атқылап,
тау түзілі процесі жүрген. Содан бері миллиондаған жылдар өтті. Таулар
біртіндеп мүжіліп, ұсақ-ұсақ шоқыларға айналған. Сарыарқа өңірінің табиғары
өте әсем, көрікті. Сарыарқа жерінен жел, жаңбыр мен қар, күн сәулесі, ауа
райы, т.б. әсерінен мүжілген әр түрлі пішінді тауларды, үлкенді-кішілі
үңгірлерді кездестіруге болады.
Мұғалжар. Мұғалжар тауы — Орал тауының қазақ жеріндегі жалғасы.
Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерге созылады. Оның теңіз
деңгейінен биіктігі орташа есеппен 450 метр. Ең биік шоқысы — Үлкен
Боқтыбай (657 метр). Мұғалжар тауы шөгінді және мгмалық жыныстардан
құралған ежелгі тауларға жатады.
Маңғыстау таулары. Маңғыстау таулары Қазақстанның батысында
Каспий теңізінің Маңғыстау түбегіне дейінгі аймақта созылып жатыр.
Маңғыстау таулары құрылысы, жер бедерінің жалпы ерекшеліктері жағынан
Сарыарқа тауларына ұқсас. Маңғыстау тауының Қаратау жотасының биіктігі 556
метр. Таулар құмтас, кристалды тақтатас, қара әктас (Қаратау), ақ
әктастардан (Ақтау) құралған. Маңғыстау тауының оңтүстігінде Қазақстандағы
теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер — Қарақия қазаншұңқыры бар.
Қазақстан жеріндегі биік таулар
Қазақстан жеріндегі биік тауларға республиканың шығысы мен
оңтүстік-шығысына орналасқан Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Сауыр-
Тарбағатай таулары жатады.
Тянь-Шань тауы. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр.
Тянь-Шань қытай тілінен аударғанда тәңір шыңы деген мағынаны білдіреді.
Шындығында да Тянь-Шяньның шыңдары өте биік. Тянь-Шань таулы өлкесінің
біздің жеріміздегі ең биік шыңы — Хан Тәңірі. Оның биіктігі 6995 метр. Тянь-
Шань таулы өлкесіне кіретін тау тізбектері ендік бағыт бойында жатыр. Тянь-
Шань таулы өлкесі Батыс Тянь-Шань, Орталық Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань
деп бөлінеді. Тянь-Шань тауының солтүстік жотасы — Іле Алатауының етегінде
әсем қала Алматы қаласы орналасқан. Тянь-Шань таулары үшкір шыңды,
мұздықты, ал кейбір жоталарының төбесі тегіс болып келеді. Іле Алатауында
тау түзілу процесі әлі аяқталмаған деп саналады.
Жоңғар Алатауының солтүстік-батыс бөлігі Қазақстан жеріне қарай
тарамдалып еніп тұр. Жоңғар Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен
оңтүстігінде Ілн өзені аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай созыла
орналасқан. Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Қазақстандағы Алакөлдің
қазаншұңқырын қосып жатқан тау аңғарын Жоңғар қақпасы деп атайды. Жоңғар
қақпасы арқылы Қазақстандағы Батыс Қытаймен жалғастыратын Достық темір
жолы өтеді.
Сауыр-Тарбағатай жапсарлас жатқан жоталар. Сауыр — бұл
жоталардың ішіндегі ең биігі. Оның биіктігі 3816 метр. Тарбағатай Сауырға
қарағанда аласа, бірақ едәуір ұзын. Тарбағатай тауының ең биік жері 3134
метр.
Алтай таулы өлкесі. Қазақстан жеріне оңтүстік батыс бөлігі
кіреді. Алтай таулы аймағын Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және
Қалба жотасы деп үшке бөледі. Ең биік жері — Кенді Алтайдың Мұзтауы (4506
метр).
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбалар
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер
қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау
түзілу кезінде, магмалық жыныстар енгенде метаморфтанып (түрінің өзгеруі),
яғни эндогендік үрдістердің әртүрлілігі құрылымындағы тау жыныстарының
минералдық және химиялық құрамындағы қандай да бір өзгерістермен түрлі
минералдар пайда болды. Әдетте, таулы аймақтардан (қатпарлы және қатпарлы-
жақпарлы аудандарда) шөгінде қабығынан айырылған қабаттарда, яғни
қалқандарда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір және
т.б.) шөгінді қабығы бар қабаттардан (жазықтарда) кездестіруге болады.
1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының
өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық
пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп
келеді.
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі
дерлік бар. Еліміздің жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 99 элемен
кездеседі, 70 элементтің мол қоры барланған және оның 60-астамы өндіріледі.
6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Республика дүние
жүзінде вольфрамның қоры жөнінен 1 орынға, хромит пен фосфор кенінен 2
орынға, марганец кені бойынша (АҚШ пен Украинадан кейін) 3 орынға, қорғасын
мен молибден қорынан 4 орынға, темір қоры жөнінен (Бразилия, Аустралия,
Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және Украина) 8 орынға ие. Алтын қоры бойынша
Қазақстан дүние жүзінде 6 орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан
кейінгі 3 орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын қорының жартысынан
астамы, мырыштың 70 %-ынан астамы қазақстанда шоғырланған.
Пайдалы қазба орынлары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа
бөлінеді. Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір кен орындары
жатады.
Мұнай мен газ. Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау,
Қызылорда, Ақтөбе және батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Мұнай
елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай
ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат кен
орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау
түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да қуатты
Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ және Жаңажол
(Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда
облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14
алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық
мұнай алынғанына жүз жыл толуы тойланды. Бүгінде республика жылына шамамен
45 млн. Мұнай, 7,5 млрд. м3 газ өндіреді. Шет елге 17 млн. Т-дай өңделмеген
мұнай шығарылады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz