Киіз үйдің символикасы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Киіз үйдің символикасы.

Көшпелілер табиғат тылсымымен үйлесе тіл табысу арқылы экожүйеге бейімделіп, шыңдалған шаруашылық-мәдени типтерін қалыптастыру жағдайында әлемдік өркениеттің әйгілі туындысы - киіз үйді дүниеге әкелді. Киіз үй - өзіндік баға жетпес өнер туындысы бола тұра көшпелілер үшін өмір-салты мен әдет-ғұрпының, дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Осынау ғажайып өнер туындысымен қазақтардың бүкіл өмірі байланыстырылды, сондықтан ол күнделікті тұрмыс-тіршілікте ерекше орын иеленді. Өзінің қызметі жағынан көшпелі өмірге едәуір сай келген киіз үй көшуге аса қолайлы тұрақ-жай ретінде көшпелі өмір салтының барлық қажеттіліктеріне сай келеді: икемді, аз уақыт ішінде тез жиналынып, басқа жерге ауыстырылып, қайтадан тез тігіледі. Көшпелілердің кіші әлеміне айналған киіз үй олардың дәстүрлі тұрақты мекен орыны болды, өмірінің көп бөлігі осында өтетін. Ол қазақтардың тіршілікқамы доминантының бірі бола тұра, үй иесінің өнері мен ауқаттылығының да көрінісі болды/1/.

Еліміздегі киелі мәдениет ошағының бірі Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейінде сақатаулы киіз үй, оның жекелеген бөлік-бөлшектері қазақ халқының материалдық мұрасының бірегейі ретінде дүниенің сұлулық заңдылықтарын игерген үйлесімді шағын әлемін білдіреді. Музей қорларында ағаштан жасалынған кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, сықырлауық, бақан т. б. бөлік-бөлшектері, сол сияқты туырлық, үзік, түндік және киіз үйдің басқа да көптеген сәндік тоқыма бұйымдары мен әшекейлері сақтаулы тұр /2/. Мұндай халықтық қолөнер туындылары асқан шеберлікті бойына сіңірген қазақ халқының рухани талғам-танымы мен ой-өрісінің биікте тұрғандығын көрсетсе керек.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің жәдігеріне айналған киіз үйдің мәдени-рухани, әрі ғылыми-философиялық мәнін ашып беретін символикалық мән-мағынасы ерекше назар аудартады. Мәселен, оны жинау және басқа жаққа ауыстырып, қайтадан құру “былықтың” келуі мен қайтадан “үйлесімділіктің” орнығуының белгісі болса керек. Әлем дүниесіне философиялық көзқарасты білдірген киіз үйдің символикасы өмір нормасына айналып, әрбір затты көп қырлы да, аса мағыналы етіп көрсетті. Кез-келген заттың міндетті қасиеті, философиялық белгілеуі, оның мағыналық мәні болды. Ойлаудың синкретизмі космос және адам, олардың өзара қатынасында айқын көрінді/3/.

Сөз етіп отырған объектінің символы оның жай ғана физикалық бейнелеуі емес, мән-мағыналы, сипаттаушы көрінісі де болып табылады. Символ заттың біз үшін оның елеулі маңыздылығын көрсететін белгі ретінде түсіндіріледі/4/. Осыған орай, қазақтардың дәстүрлі дүниетанымындағы киіз үйдің символикасы өмірді шынайы сипаттап, үй ішіндегі заттарды көрнекті түрде бейнелей отыра қазақтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінің дүниетанымдық тәжірибесін де айқындап берді.

Көшпелілер дүниетанымында киіз үйін құру барысында адам оны тек макрокосмос - “үлкен үйіне” ғана емес, сондай-ақ өзіне ұқсас етіп те бейнеледі. Мұны киіз үйдің бөліктерін және оның элементтерін белгілеу үшін адамның дене бітіміне байланысты қолданылатын көптеген сөз-тіркестер айғақтайды. Мысалы: керегенің басы, керегенің көзі, уықкөз, балашық, маңдайша, үйдің сүйегі, т. б. немесе әртүрлі ою-өрнек аттары: басқұр, басбау, аяқбау, иықбау, белдеу, т. б. Мұның бәрі адамның дене бітімі, үй және әлем дүниесінің біртұтас екенін көрсетеді/5/.

Киіз үй космос және әлем дүниесінің біртұтастығын, игерілген кеңістіктің белгісін білдірді. Оның шаңырағы үй ішінің ерекше құрметтейтін бөлігі, ұрпақ жалғастығының символы ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Қазақтарда ұрпақтың соңғы өкілі дүние салғанда, оның басына шаңырақты қалдыратын. Ал, шаңырақ шеңберіндегі күлдіреуіштің крест түрінде бір-бірімен тоғысуы - табиғаттағы күннің мәңгілік қозғалыс белгісін, эволюция, өмір дамуын білдірді. Шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ, онда шаңырақ күнге, ал уық-керегелері оның сәулелеріне ұқсас. Халық санасындаға нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы киіз үй құрылысынан да өз көрінісін табады/6/.

Қазақтарда шаңырақ береке-бірлікті білдіріп, бата-тілек бергенде “шаңырағын шайқалмасын” деп жатады. Мұны отбасы тату-тәтті, бірлікшіл болсын деп түсінуге болады. Ұлттық сана-сезім, дүниетаным, тәлім жағынан келгенде, шаңырақ - “үй”, “отбасы”, “әулет” одан жоғары халық ұғымын беретін, қазақ жұртының өсіп-өну ұйытқысын, дәстүр мен тәрбиесін, біртұтас бірлік-тірлігін білдіретін рухани-философиялық көркем балама.

Қасиетті шаңырақ бір жағынан жоғары мен төмеңгі арасындағы шекарасын білдірсе, екінші жағынан сыртқы және ішкі кеңістік арасындағы шекара болып табылады. Шаңырақ арқылы киіз үйдегі адамдар қасиетті аспан денелерімен: күн, ай және жұлдыздармен байланыс жасайтын. Күн сәулесінің шаңырақ арқылы киіз үй ішіне түсуіне қазақтар ерекше мән берген. Сондықтан да болар, неке құрғаннан кейінгі алшғашқы айларында келін күннің шығуымен бірге тұрып, шаңырақ үстіндегі түндігін түсіруге міндетті болған/7/. Бұл әрекетте де терең символикалық мән-мағына жатқандығын аңғару қиын емес шығар.

Қазақтардың дүниетанымында шаңырақпен әйелдердің ұрпақ әкелуге, ұрпақты болу қабілеті арасында байланыс жатты. Дүниеге келген балалар туа салысымен өлетін болса, онда оны жеті қара таспен бірге ақ киізге орап, шаңыраққа ілетін болған. Ал егер әйел аман-есен босанса соңынан оны киіз үй табалдырығының астына көмген еді/8/. Киіз үй шаңырағының күмбез шеңберінің айналасына аяғында шашақтары бар түрлі-түсті ақбау жіптерін, көбінесе қызыл түсті немесе түймелі тұмаршалар тағылған. Олар пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау қызметін орындап отырған. Сондай-ақ, шаңыраққа қарап қазақтар ант беру рәсімін де орындағанын атап өтуге болады.

Киелі шаңырақ жайында сөз еткенде, оның жекелеген бөліктерімен қоса шаңырақтан төгіле түсіп тұратын, әсем өрнекті, сұлу шашақты желбауды сөз етпеске болмайды. Желбау да кіші әлем сияқты киіз үй мен үлкен әлемнің арасын жалғаушы дәнекер. Терімші-тоқымашылардың желбаудың өн бойын қуалата су жүргізіп, төрткүл өрнегін салып әшекейлеп отырған еді. Оның үстіне салынған төрткүл өрнегі дүниенің төрт бұрышын мегзейтін белгі болды. Өзінің осындай қасиетімен қоса желбау желді күні киіз үйді орықты ұстау үшін салмақ түсіріп қоятын міндет атқарды/9/. Орталық музей қорларында сақтаулы желбаудың көптеген түрлері, онымен қоса қой, түйе жүнінен, жылқы қылынан есілетін, тоқылатын жіптер, бас бау, аяқ бау, уық бау, үзік бау, түндік бау, терме, басқұр т. б. сәнді тоқыма бұйымдары қазақ халқының әсемдік туралы талғам-түсінігінің, әрі рухани дүниетанымының қаншалықты жоғары деңгейде дамығандығының дәлелді айғағы бола алады /10/.

Қазақтардың басқа халықтардан дүниетанымдық ерекшелігін үйлерінің шығысқа қарауынан-ақ байқауға болады. Әдетте қоныстанып отыруға орын таңдап алынған соң, әуелі ру қауымының негізін салушысы отбасының киіз үйі - “үлкен үй” шығыс жаққа қарай (кейде желдің соғу бағытына қарай оңтүстік-шығысқа) орнатылып, жалпы түрік дүниетанымы тұжырымдамасында әлем дүниесінің алдыңғы бөлігі деп түсіндірілді. Шығыс жаққа қарай орнатылған “үлкен үй” - “қара шаңырақтың” сақтаушысы ретінде ұрпақ амандылығы мен айбындылығының символы болды/11/.

Киіз үйдің ішкі кеңістігін ер мен әйел бастауларының дуализмі және оларды рухтандыратын, жеміс беретін мәнінде қарастыруға болады. Киіз үйді өндіру процесінің өзінде дуальды принцип айқын көріне бастайды. Қазақ дәстүрінде жаңа үйленгендердің киіз үйін келіннің туыстары жасаса, есік жақтауын күйеудің өзі әкелетін. Қазақтардың дәстүрлі наным-сенімдерінде шебер киіз үйді және оған қоса есігін өзі жасаса ол өлім табады деп жорамаланған. Киіз үйдің сүйегі мен есігін әртүрлі шеберлердің жасауы киіз үйде екі бастаулардың (ер мен әйел) міндетті түрдегі түсінігімен айқындалды. Сондықтан, оны бір ғана шебердің қолымен жасалынуы, киіз үйдің жасалуы мен құру процесінің дуальдылығының жойылуы дәстүрмен тыйым салынды, күш-қуат беретін бастауын жоққа шығару және соған орай шебердің өлімінің себебіне айналуы мүмкін еді/12/.

Халқымыздың этномәдени болмысының арқауы болған киіз үй ішіндегі ер бастауының символы - бақан қазақтардың күнделікті тұрмысында кеңінен қолданылып, белгілі қасиетті әрекеттерін байқатады. Бақан әйелдердің босану әдет-ғұрпында қолданылғанда босану жерін таңбалап, әйелге тіреу конструкциясының қызметін атқарды. Ал үйлену салтының құда түсу кезінде онымен келіннің күйеу үйіне жолын бөгейтін және бірдемені аттап өту үшін төлемді білдірген.

Өсіп-өну мен ұрпақты болуын қамтамасыз етуіне киіз үй символикасының бағытталуы үй ошағының ішкі көрінісін түр-түстік безендірумен де аңықтады. Қазақ киіз үйінде басқа да көптеген түркі көшпелі халықтардың үйлеріндегідей тоқымалы әшекей, кілем, перделер және т. б. ою-өрнекпен безендіруде қызыл түс басым болып, ұрпақты болу, өсім, көбею идеяларымен байланыстырылған. Ең бастысы, қазақ үйінің декоры тек дәстүрдің этникалық рухының бейнелеу символы ғана емес, ол ең алдымен киіз үйдің семантикаланған “игерілген” кеңістігі мен оның бастапқы негізі - табиғи космоспен арақатынасын белгілеу үшін қызмет етті/13/.

Халық даналығында киіз үй ішіндегі ерекше құрметке ие болған ортадағы ошақ қасиетті орын деп саналды. Отағасының қаза болуы немесе ұрпақтың болмауы - от басының құруы, ошақтың сөнуі, ұрпақ-түтін түтетуші деген ұғымдардың қолданылуы бекер емес. Оған түкіруге, сүт немесе су төгуге болмайды. Күлін шашуға, үстіне отын жаруға, қоқыс тастауға, одан от тұтатып, шашуға тыйым салынады. Әйтпесе от басына ауру, бақытсыздық келеді деп ырымдап отырған/14/. Жер, аспан мен адамды біріктірген ошақтың оты космос орталығы болып, жасампаздық қызметіне ие болды. От үстіндегі қазан ошағының астындағы отты тастарының беріктілігі космос және социумның тұрақтылығының нақты түрдегі көрінісі болды. Ал тағам дайындауға арналған қазан да жаратылған болмыстың бір символы еді. Өмірдің қайнар көзі - қазан жаратылым символы болғандықтан, ол әрқашан ортада орналастырылып, космостың орталығын бейнеледі. Сөйтіп, киіз үйдің оң жағы мен сол жағы ұштасқан орталығында орналасқан қазан ошағы әлем үлгісінің көлдеңенгі құрылымын бейнеледі/15/.

Киіз үй ішіндегі отбасы жүк бұйымдарын жинау орыны - “ең жоғары мәдени құңдылығына” ие орыны - төр - киіз үйдің ең сыйлы бөлігін таңбалайды. Киіз үй кеңістігінің көлдеңенгі құрылымында орналасқан төр кіру есігіне қарама-қарсы тұра әлемнің жоғарғы қабаттарымен арақатынасын белгіледі. Төр, оның тік құрылымы, қабаттарының жүйелілігі мен төсек орын бұйымдары жиынтығымен таңбалануы оның “өсіп-өну - байлық - бақыт” түсініктерімен байланысты. Мәселен, қазақта “жүктің үстіне шықпа”, “бақ кейін кетеді”, “кедей боласын”, “обал болады” сияқты тыйымдар тектен айтылмаса керек.

Киіз үй символикасының келесі аясы - ондағы әлеуметтік (некелік) жағдайының көрініс алуы. Қазақта “оң бесте отау иесі” дегендей, он бес жасында ер үйлену үйіне ие болатын. Үйлену киіз үйіне ерекше назар аударылды, оның жиналуының сапасы мен әсемділігі жаңа жас отбасыға бақыт әкелуге тиісті деп жорамаланған. Сондықтан болар, отауды көркемдік безендіру үшін қазақтар еш шығыны мен материалын аямай, оны ерекше сәнді, әрі әдемі ғылып құруға тырысты. Ал үйлену киіз үйдің орнатуына қатысқан әйелдер күйеуінің шешесінен шаңырақ көтеру, отау жабар, отау көрімдік үшін сыйлар алатын/16/.

Көшпелілердің дуалистік дүниетанымы бойынша киіз үй іші екі бөлікке - ер және әйел (оң және сол) жаққа бөлінгені белгілі/17/. Мұндай бөліну көшпелілердің дәстүрлі тұрмысында дәлме-дәл сақталынды және тек ерекше себептер ғана олардың ауысуына жол берген. Ер жағы (оң жақ) киіз үйдің едәуір қасиетті бөлігін таңбалап, өмір жолының маңызды кезеңдерін тіркейтін әдет-ғұрыптылық өткізу орнына айналды. Келген қонақтар киіз үй ішіне міндетті түрде оң жағымен кіруі керек еді және еш уақытта ер адамдар әйел жағына аяқ баспаған.

Киіз үйде бейнеленген өлім нышаны аса күрделі болып келеді. Дүниеден кеткен адам тұратын киіз үй өзінің сыртқы бейнесімен бірақ көзге түсіп, басқалардан қаралы жалауымен бөлінетін. Егер қайтыс болған адам жас болса - қызыл, ал орта жастағы - қара, егер үлкен кісі болса - ақ орамал тағылған. Мұның мақсаты - келгендердің киіз үйде кім дүние салды және оның жасы қанша екенін білдіру. Кейбір деректер бойынша, қазақтарда ауқатты адамның қайтыс болғанда бақанға қара аттың құйрығын байлап сыртқа шығаратын. Жалпы, өліммен байланысты киіз үйдің бүкіл символикасы өлгендер дүниесіне тиістілігі идеясын білдірген. Ал марқұмды жоқтау кезінде әйелдер ошаққа артымен, киіз үй қабырғаларына алдымен отырған. Жай күндері бұлай жасамайтын, өйткені ошақ - семантикалық орталық, киіз үйдегі едәуір салт жоралы орын болып саналды. Теріс қасиеттерімен таңылған адамның өлім жағдайында оның сүйегін киіз үйдің есігі арқылы емес, оның сүйегін көтеріңкіреп тесігі астынан көтеріп өтетін. Қазақтарда бұл әдісті екі немесе одан да көп адамдарды жерлеу кезінде де пайдаланды: олардың біреуін есік арқылы, екіншісін - киіз үйдің кереге көзін көтеріңкіреп, жабықтан шығаратын/18/.

Дәстүрлі көшпелі қоғамдағы этикет нормалары киіз үйге қарай атпен шабуға немесе жүгіруге тыйым салған. Бұл адамның өлімі туралы хабарды білдіретін белгі болып саналды. Сонымен қатар киіз үйге адамдар бірінен кейін бірі кіруі керек еді, екеуінің бірдей табалдырықты аттау айыпталған, өйткені ол жерлеу, ас беру кезінде ғана мүмкін еді. Киіз үйдің ағаш сүйегіне, әсіресе есік жақтауына, табалдырыққа тұру және оған сүйеніп отыру және т. б. әрекеттерге тыйым салынған, өйткені ол да халық ұғымында өлім жағдайын білдіретін белгі деп түсіндірілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқа сөзбен айтқанда Ұмай ана - Түркі тілдес халықтарының дүниетанымындағы дәстүрлі әйелдік бастаудың символы
Түркі философиясындағы әлем мәселесі
Көшпелілер мәдениті
Көшпелілер мәдениеті
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
Бастауыш сыныбында еңбекке баулуды оқыту
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz