Коммерциялық банктің инвестициялық талдауы (БТА тәжірибесі)



Кіріспе

І .тарау Коммерциялық банктің инвестициялық операциялық теориялық негіздері

1.1 Инвестиция түсінігі және инвестициялық операциялық экономикалық мәні.
1.2 Инвестициялық жіктелуі
1.3 Шетел тәжірибесі, ЕДБ.ң инвестициялық қызметі

ІІ. тарау Коммерциялық банктің инвестициялық талдау (БТА тәжірибесі)

2.1 Коммерциялық банк бағалы қағаздармен операциялық бағалау
2.2 «БТА» банктің инвестициялық қызметін талдау 2006.2007.2008 ж.
2.3 «БТА» инвестициялық кіріс пен шығысы, инвестициялық пайда көздері.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. 1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.
Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.
Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып отыр. Сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі болмай отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.
Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды.
1. «Инвестиция туралы» ҚР Заңы
2.Назарбаев Н.А. Новое время - новая экономика // Казахстан и современный мир.-2005.-№ 1.- с. 234-259
3. Назарбаев Н.А. Новое время - новая экономика// Мысль.-2005.-№ 1.- с. 2-21
4.Назарбаев Н.А. Стратегия вхождения Казахстана в число 50 наиболее конкурентоспособных стран мира: Послание Президента народу Казахстана от 1 марта 2006г. // Страна и мир.-2006.-5 марта
5.Назарбаев Н.А. Казахстан -2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана.
6.Назарбаев Н.А. К конкурентоспособному Казахстану, конкурентоспособной экономике, конкурентоспособной нации! Послание Президента народу Казахстана от 19 марта 2004г.// Казахстанская правда.- 2004.-2 марта.
7.Арыстанбаева А.А. Анализ эффективности привлечения иностранных инвестиций в Республике Казахстан // Банки Казахстана.- 2005.- № 9.- с. 27-31
8.Арыстанбеков К. Экономическая политика Казахстана в условиях высокого уровня иностранных инвестиций// Вопросы экономики.- 2004.-№ 8.- с. 110-119
9.Абсалямова Н. Инвестиционный рычаг экономики будущего // Казахстанская правда.- 2005.- 13 мая, с. 13
10.Акбаев В.Т. Необходимость государственного управления инвестициями в условиях рыночных отношений // Вестник КазГУ. Серия экономика.- 2003.- № 6.- с. 9-15
11.Абдрахманова Г. Инвестиционные риски // высшая школа Казахстана .- 2004.- № 3.- с. 231-238
12.Аринова Д.Ш. «Оценка инвестиционной деятельности
в минерально-сырьевом комп¬лексе РК», Современность, информационный мир и моло¬дежь: тезисы докладов в международной научно-практичес¬кой конференции. Часть.1-Караганда 2001г.
13.Арыстанбеков К. Экономическая политика Казахстана в условиях высокого уровня иностранных инвестиций // Аль- Пари.- 2004.-№ 4.- с. 17-28
14.Альжанова Ф.Г. Организация и регулирование инвестиционной деятельности в условиях формирования рыночных отношений // Автореферат диссертации на соискание кандидата экономических наук - Алматы, 1999.- 27 с.
15.Альмереков Н.А. Налогообложение иностранного капитала в Казахстане : теория и практика // Автореферат диссертации на соискание кандидата экономических наук .- Алматы, 2004 .- 26 с.
16. Бочаров Р.В. Финансов - кредитные методы регулирования рынка инвестиций.- М.: Финансы и статистика. 1999.- с. 7.
17.Бурцев В.В. Факторы финансовой безопасности России// Менеджмент в России и за рубежом. 2001. № 1,с. 23.
18.Брандт Б.Ф. Иностранные капиталы. Их влияние на экономическое развитие страны. Ч.1.СПб.:Тип. Киршбаума, 1998.С.87-88.
19.Бабаева Б. эффективность привлечения инвестиций как основная задача инвестиционной политики государства // Саясат .- 2004.- № 8.- с. 34-36
20.Бижанова Д. Прямые иностранные инвестиции в республике Казахстан: вопросы эффективности // Саясат - . 2004.- № 5.- СС. 27-30
21.Бижанова Д. Современные тенденции и перспективы развития инвестиционного процесса в Республике Казахстан// Саясат.- 2003.- № 12.- с. 4-9
22.Ви А. Международный рынок инвестиций // Труд в Казахстане .- 20055.- № 12.- с. 36-37
23.В Казахстане создана благоприятная среда для местных и международных инвесторов // Вестник налоговой службы Республики Казахстан.-2005.- № 7.- с. 2-5
24.Губайдулина Ф. Прямые иностранные инвестиции: деятельность ТНК и глобализация // Мировая экономика и международные отношения.- 2003.- № 1.- с. 50-56
25.Донских А. Русла для иностранных инвестиций // Казахстанская правда .- 2004.- 10 марта.- с. 2
26.Джумахметова А. Правовое понятие инвестиций, его виды и состав // Экономика и право Казахстана .- 2005.- № 14.- с. 52-54
27.Донских А. Настроенные на успех и прибыль // Казахстанская правда .- 2004.- 27 января.- с. 2
28.Елемисов С. Современное состояние иностранных инвестиций в экономике Казахстана// Финансы и кредиты.- 2003.- № 1.-с. 50-56
29. Ерғалиев Ж. «Қазақстан экономикалық , әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»// Жас Алаш-2004 жылы, қыркүйек-3 бет.
30.Жарилкаганова М.У. экономическая природа инвестиций как объекта управления // Билим.- 2006.- № 1.- с. 128-132
31. Жангереев Б. Шетелдік кәсіпорындар еңбек заңын орындап жатыр ма ?» //Жас Алаш – 2003 жылы, қазан- 1 бет.
32.Зарубина В.Р. Финансовая оуенка предприятия в инвестиционном анализе // Аль- Пари.- 2003.- № 3-4.-с. 119-123
33.Иганина Л.Л. Инвестиции: учебное пособие- М.: Экономист , 2003.- 478 с.
34.Искаков Н.А. К вопросу о политике привлечения иностранного капитала в социальную сферу// Казахстан- Спектр. 2002.№ 4. с. 49]
35Ибраев А. «Инвестиции в Казахстане, анализ динамики и структуры капитальных вложе¬ний в отечественную экономи¬ку», Деловой мир №2 (32) 2004.
36.Кокеева С.Е. «Проблема эффективного использования иностранных инвестиций в нефтегазовом строительстве Западного Казахстана", Материалы международной научной конференции, посвященной 10-летию университета Туран, 27 Сентября 2002.насть 1-Алматы,ун-т Туран, 2002
37.Кэмпбелл Р.Макконел. Стэнди Л.Брю. Эконимикс.Т.2.- М.: Республика. 1992.-с. 388.
38. Кошечкин С. Концепция риска инвестиционного проекта // Финансы и кредиты.-2005.-№ 7.- с.14-20
39.Куроенкеева Г.Т. теоретические аспекты национальной политики привлечения иностранных инвестиций // Вестник КазНУ. Серия экономика.- 2002.- № 5.- с. 23-27
40.Кучукова Н. Инвестиции для будущего // Казахстанская правда .- 2004.- 6 января.- с. 2.
41.Ливенцев Н.Н. и др. Международное движение капитала (инвестиционная политика зарубежных стран): Учебник.- М.: Экономист, 2004-с. 368
42.Макинтайр Р.Дж. Прямые иностранные инвестиции и малое предпринимательство в рамках экономической политики// Проблемы теории и практики управления .- 2004.-№ 4.- с. 71-75
43.Молдабекова А. Инвестиции и пути повышения их эффективности // Финансы и кредиты.- 2006.- № 2.- с. 19-22
44.Муфтигалиева А. Инвестиционная активность как главный индикатор состояния реальной экономики // Евразийское сообщество .- 2004.- № 1.- с. 103-108
45.Муфтиганиева А.А. Государственное регулирование как фактор оживления инвестиционной активности предприятия // Аль- пари.- 2005.-№ 3 .-с.80-85
46.Орлова Е.Р. Инвестиции: курс лекций: М.: Омега-Л, 2006.-с.207
47.Отчет о научно-исследовательской работе по теме «Анализ и оценка эффективности привлечения и государственной поддержки прямых инвестиций в приоритетных секторах экономики в 1997-2002 годах«
48.Панзабекова А. Государственное регулирование иностранного капитала: мировой опыт и Казахстан// Евразийское сообщество .- 2004.-№ 3 .- с. 40-44
49.Самуэльсон П.Т.1.-М.:НПО, «Алюл» ВНИНСИ,1992,с. 204.).
50. Сәдуақасов А. «Экономикалық дамудың кепілі - инвестициясы» //Заң газеті-2003 жылы, ақпан -2 бет.
51. Сүлейменов Б. «Қазақстанның мұнай –газ саласындағы шетел инвесторлары »//Заң газеті-2004 жылы, қаңтар-5 бет.
52.Сембеков Е. Об отдельных вопросах совершенствования инвестиционного проектирования в Казахстане // Финансы и кредиты .- 2004.- № 2.- с. 37-40
53.Сулейменов Д. Вопросы регулирования инвестиционного процесса // Транзитная

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І –тарау Коммерциялық банктің инвестициялық операциялық теориялық негіздері

1.1 Инвестиция түсінігі және инвестициялық операциялық экономикалық мәні.
1.2 Инвестициялық жіктелуі
1.3 Шетел тәжірибесі, ЕДБ-ң инвестициялық қызметі

ІІ- тарау Коммерциялық банктің инвестициялық талдау (БТА тәжірибесі)

2.1 Коммерциялық банк бағалы қағаздармен операциялық бағалау
2.2 БТА банктің инвестициялық қызметін талдау 2006-2007-2008 ж.
2.3 БТА инвестициялық кіріс пен шығысы, инвестициялық пайда көздері.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. 1998ж.бастап Қазақстан экономикасында
қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс
табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі
нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен
алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы
экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы,
қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті
әсерін тигізді.
Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды
тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел
экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі
тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің
ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де
өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені
реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика
салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші
саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға
жеткіліксіз.
Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай
еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің
еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып отыр. Сонымен қатар,
коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі
болмай отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының
әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар,
әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда
экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа
тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге
асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты
болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа
индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы
ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер
экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.
Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының
басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының
бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік
инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде
әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2005
жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден
басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына,
нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды.
Жолдауда Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел
инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді
әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді деп айтылуы инвесторлармен
қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз
қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс
табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге
қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша
айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.
Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың қазіргі
беталысы мен заңдылықтары отандық өндірістің мақсаттары мен міндеттеріне
сай емес және оның күшті бәсекелестік ортада қарқынды дамуына әкеліп
соқпайды. Экономиканы инвестицияландыру теориясының тәсілдері, ішкі
инвестициялық қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері,
инвестицияландырудың басымды бағыттарын анықтау әлі де толықтай
зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық,
тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың толықтай зерттелмегендігі дипломдық
жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды. Осыған байланысты жұмыстың келесі
мақсаты мен міндеттері анықталды.

Диплом жұмысының мақсаты: Коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметін және оның дамуын талдау. Мысалыға Банк Туран Алем алынған.
Диплом жұмысының міндеттері:
-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-инвестиция терминінің мәні мен қызметін талдау;
-коммерциялық банктің бағалы қағаздардың операциялық бағалау.
-БТА банктің инвестициялық қызметін талдау;

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І –тарау Коммерциялық банктің инвестициялық операциялық теориялық негіздері

1.1 Инвестиция түсінігі және инвестициялық операциялық экономикалық мәні.

“Инвестиция” немістің “invesition” деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда
табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді.

Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай
түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе
пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ серификаттары, сақтық және
зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.

Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі
банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің
ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары жатады. Одан барлық
шығындарын алып тасталынады. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар –
жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды
салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне
бағытталады, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады. Қорлану теориясын К.
Маркс “Капиталдың” бірінші томында қарастырады, онда капиталдың қорлануының
мәні мен механизмін ашады, ол өз кезегінде оның органикалық құрылымын
өзгертеді және жұмыссыздықты тудырады.

Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің “Енбекпен қамту,
пайыз және ақшаның жалпы теориясы” (“1936 ж.) еңбегінде қарастырды, онда
инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы
ретінде анықтайды. Инвестицияның өсуі ұллтық табыстың үлғаюына, өндіріске
қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.

Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен
салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске
қосу болады. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.

Инвестиция тиімділігінің артуы дегенміз ең аз инвестиция мөлшерімен
нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін
қажетті арттыруға былай қол жеткізіледі:

- инвестицияның техникалық құрылымен жақсарту, бүл жабдықтарға шығындар
оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
- жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен
реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының
жеке үлесінің артуы;
- жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып
табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау
қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен
салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындылмақ: машина, станоктың қуаты мен
өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өндеу және т.б. Сондай-ақ, пайдалы
тиімділігінің басты элементі еңбек кауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңғайлығы,
енбек тиімділігін арттыру және оны женілдету болып табылады. Инвестиция деп
қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды
білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер
өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып
жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясатты инвестиция портфелін
басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты
қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз
етубағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына
жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясатты банктың басқармасымен
жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың
валюта – қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін
басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады. Инвестициялық
портфель бұл – банктің заңды тұлғалардың, басқа банктердің және бағалы
қағаздардың салған қаражаттарының жиынтығы. Инвестициялық портфельдің
оңтайлы критерийлердің - бұл операциялардың табыстылығы мен өтімділігі
болып табылады. Банктердің инвестициялық портфельдерін басқарудың әр түрлі
бағыттары және принциптері қолданады. Көп таралған принциптердің қатарына
бағалы қағаздарды өтеудің баспалдықтылық принципін жатқызуға болады. Бұл
принцип бойынша өтелген бағалы қағаздардан түскен қаражаттарды максималды
өтеу мерзімі бар бағалы қағаздарды қайта инвестициялау. Банктердің белгілі
бір мерзімге пайда табу мақсатында бағалы қағаздармен операциялары банк
инвестициялары ретінде қарастырылады.

Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық
банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің
пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы
мамандану әкелді.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі – ұзақ мерзімді ссудалық
капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акциялады,
облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа
түрлері арқылы беру.
Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс
істейді және сол банктің қызметін пайдаланады.
Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:
❑ Бірінші типті инвестициялық банктер
❑ Екінші типті инвестициялық банктер.

Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды
орналастыру және сатумен айнлысады. Ал екінші типті инвестициялық банктерге
келетін болсақ, оларұзақ мерзімді несиелеумен айналысады.
Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен осы
атап кеткен екінші типті инвеситициялық банктер тән.

1.2 Инвестициялық жіктелуі

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылуы құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің
қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары
басқару органына тікелей қатысады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы
жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
▪ банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
▪ банктің жарғылық капиталын өзгерту;
▪ банктің Кеңесін сайлау;
▪ банктің жылдық есебін бекіту;
▪ банктің табысын бөлу;
▪ банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерінқұру және тарату.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай
міндеттерді атқарады:
▪ нормативтік актілерді бекітеді;
▪ Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы - бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі)
– атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның
акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
▪ банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
▪ банктің саясаттарын жасау;
▪ жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
▪ ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк
қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай міндеттер
жүктеледі:
▪ банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар
шығару және нұсқаулар беру;
▪ барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде,
оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық
мәселелері бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
▪ банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
▪ банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
▪ еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен
келісімдер (контрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы
орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
▪ несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің
несие беру туралы қорытындысын қарайды;
▪ несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
▪ несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
▪ несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
▪ несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
▪ несиелеу шартынбекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
▪ берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
▪ банктің несиелік стратегиясын жасайды;
▪ несиелеу бойынша бөлімшеердің жұмысын талдайды;
▪ несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіреку кітабын жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлімі және т.с.с. кіреді.
Кез-келген банктердің қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың
бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Банктік қаржылық ресурстары
ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады.
Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік
табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары,
құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып
табылады.
Инвестициялар банктердің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік
қызметін кеңейту;
бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра
алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді.
Инвестициялау объектілері 1.1- суретте көрстетілген.

Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады.
Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық)
болып бөлінеді.
Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында
тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты
активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл негізгі қорларын ұлғайтуға
бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі
құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта
жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.
Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды
қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар
қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.
Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі.
Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
болып жіктеледі.

Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге
салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді
болып келеді.

Ұзақ мерзімді инвестицилар деп бір жылдан артық мерзімдер ішінде
қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған
ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне
кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған
капитал салымдарын жатқызуға болады.

Банктік инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей
және тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында
инвестор-банктың капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын
түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың
кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында
инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер
(брокерлік-дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса
алады.

Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және
мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар
жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың
капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл
мемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен
тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.

2.1 Коммерциялық банк бағалы қағаздармен операциялық бағалау

Қазiргi егемен Қазақстанда бағалы қағаздар рыногының алғашқы
нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негiзiнде 90-шы жылдардың басынан бастап
пайда бола бастады. Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшiн
оның құрамдас бөлiктерi болуы қажет. Олар:
• Сұраныс пен ұсыныс;
• Делдалдар мен басқа қатысушылар;
• Нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер, қор биржалары,
инвестициялық институттар және т.б.
• Нарықты реттейтiн және өзiн-өзi реттейтiн жүйе.
Нарықтың осы құрамдас бөлiктерi қазiргi уақытта негiзiнен құрылып болды.
Бұл жөнiнде елiмiзде экономикалық жүйенi реформалауды тереңдету жолында
қабылданған Қазақстанда мемлекетiк меншiктi жекешелендiру ұлттық
бағдарламасы БҚН-ның негiзгi субъектiлерi – акционерлiк қоғамдардың
құрылуын тездетуде шешушi роль атқарады.
Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды БҚН
болуы мүмкiн емес. БҚН-ның даму деңгейi көп жағдайда халықтың әл-ауқатына
байланысты. Себебi БҚ-ға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан
халықтың табысының өсуi – Қазақстанда БҚН дамуының басты шарты.
Елiмiздегi БҚН-ның құрылымы және БҚ-дың өтiмдiсi қандай деген сұраққа
келесiдей жауап беруге болады:
Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай БҚ-дың ең көлемдiсi
және ең өтiмдiсi мемлекеттiк қарыз мiндеттемелерi (МҚМ). МҚМ нарығының
ерекшелiгi оған қатысушыларға байланысты:
Бiрiншiден, мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмитентi – Қаржы Министрлiгi;

Екiншiден, Ұлттық банк – оның (Қаржы Министрлiгiнiң) Қаржы агентi
(уәкiлi), сонымен бiрге мемлекеттiк бағалы қағаздарының дилерi. Дегенмен,
бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттiк бағалы қағаздарды
шығару мен оларды айналымға түсiру шартарын анықтаушылар. Мемлекеттiк
бағалы қағаздар:
• мемлекеттiк қазыналық векселдер;
• мемлекеттiк қазыналық облигациялар;
• Қазақстан Ұлттық банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары;
• жекешелендiру купондары.
Мемлекеттiк қазыналық векселдер мен мемлекеттiк қазыналық
облигацияларды iшкi мемлекеттiк қарыз мөлшерiнде мемлекеттiк бюджеттi
қаржыландыру мақсатында Қаржы Министiрлiгi шығарады. Ал қысқа мерзiмдi
ноталарды банк жүйесiнiң бiрқалыпты жұмысын қамтамасыз ететiн қаржы қорын
толтыру мақсатында ұлттық банк шығарады. Жекеменшiктендiру купондары
аукцион арқылы сақталған мемлекеттiк кәсiпорындарды жекеменшiктендiруге
пайданалынды, ал оның көптеген мөлшерi жеке адамдар қолында осы күнге дейiн
сақталуда. Кәсiп орындар банкротқа ұшырап, жұмыс iстемей тұрған қазiргi
кезде жекеменшiктендiру купондарының орнына берген акциялар оны
иемденушiлерге әлi дивденд (пайда) түсiре қойған жоқ.

Мемлекеттiк БҚ-дар келесi мақсаттар үшiн шығарылады: ағымдық бюджет
тапшылығын қаржыландыру, бұрын орын тепкен заемдардың орнын толтыру,
коммерциялық бланкiлер мен басқа да инвесторларды ликвидтiк, резервтiк
активтерiмен қамтамасыз ету, әлеуметтiк маңызы бар мекемелермен ұйымдарды
қолдауды атқарушы өкiметтiң органдары атқаратын мақсаттық бағдарламаларды
қаржыландыру.

Қазiргi кезеңде әлемнiң барлық елдерiнiң, әсiресе, бұрынғы Одақ
республикаларының үкiметтерi алдында мемлекеттiк шығындардың кiрiстерден
асып кету мәселесi тұр. Мұнда бюджет толтырудың негiзгi тәсiлi – сыртқы
заемдар және Орталық (Ұлттық) банкiден несиелiк ресурстарды қарызға алу.
Қазақстанның бюджетi қаржыландырудың экономикалық тұрғыдан тиiмдiрек
әдiсiне – iшкi инвесторлардың мемлекеттiк БҚ-ры (МБҚ) шығару және олардың
арасына жайғастыру арқылы бос қаражатын тарту. Мұнда, бiрiншiден, айналымда
ақша массасы көлемi ұлғаймалы, екiншiден, инвесторлардың бос ақша
қаражаттары байланысады да экономикада елiмiздiң ақша жүйесiнде инфляциялық
процестер туындамайды.

Қазақстанда 94-шi жылдан берi заңды және жеке тұлғаларға арналған
мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер (МҚМ) шығарылып, оларды инвесторлар
белсендi түрде сатып алуда. Осы уақытқа дейiн МҚМ нарығы тиiмдiлiгiн
көрсеттi. Өйткенi, МҚМ-дi сатып алу бағасы (олар жеңiлдiкпен сатылады) және
тиiсiнше сол бойынша кiрiстiлiгi аукциондық негiзде немесе нарық жолымен
анықталады.

Қ-да МҚМ-дi шығарғандағы маңызды мақсаттардың бiрi – коммерциялық
банктер мен басқа да инвесторларды бос қаражаттарды салудың жоғары ликвидтi
объектiлерiмен қамтамасыз ету.

Қазақстан үкiметiнiң жүргiзiп отырған экономикалық реформалаоры және
ұлттық банкiнiң инфляция қарқынын төмендету шараларын мемлекетке ұзақ
мерзiмдiк негiзде iштей қарыз алу саясатын жүргiзуде де және МҚМ нарығын
олардың айналым мерзiмi бойынша түрлендiрумен бiрге осы нарықтық
туындыларын кеңейтуiне мүмкiндiк бередi.

ҚР-сы үкiметi мемлекеттiк iшкi жинақ заем бағдарламасын жүзеге асыру
мақсатында республикалық бюджеттiң ағымдық тапшылығын қаржыландыруға
арналған ұлттық жинақ облигацияларын (ҰЖО) шығару iске асты.

ҰЖО-ның ерекшелiгi кiрiстiң проценттiк мөлшерлемесi құбылмалы және де
үш айлық айналым мерзiмдерiндегi МҚМ-дiң кiрiсiне байланысты тағайындалады.

ҰЖО-ның тағы бiр ерекшелiгi – оның айналымдылығы. ҰЖО-ның белгiлi бiр
ликвидтiгiн қолданған кезде инвесторлар кез-келген уақытта өздерiнiң
облигацияларын кез-келген заңды және жеке тұлғаны нарықтық баға бойынша
сатып жiберуiне және өзiнiң кепiлдiк кiрiсiн алуына болады.

БҚН реттеу мемлекеттiң ең маңызды мiндетi. Ондағы мақсаты – БҚ-мен
келiсiмге қатысушылардың заңды мүдделерi мен құқығын сақтауды қамтамасыз
ету. Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы инстуттарының iсiң
бағыттау мен реттеу мемелекеттiк органдарға жүктелген.

Республикада ондай органдар болып бағалы қағаздар жөнiдегi ұлттық
комисия (БҚЖҰК), Қаржы Министрлiгi, Ұлттық банк, Мүлiктi басқару жөнiндегi
Мемелекеттiк комитет комитет саналады. Осы БҚН реттейтiн мемлекеттiк
органдардың ең негiзгiсi – Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссияның
құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуiрдiң 21-дегi
Республика Президентiнiң Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы
жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметi және өкiлеттiгi бекiтiлдi.

БҚЖҰК оның төрағасы және төрт комиссия мүшелерiнен құрылады. Олар
республика заңдарымен мiндеттелген жауапкершiлiкпен толық өкiлеттiлiктi
атқарады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерiн Премьер-Министрдiң ұсынуымен
5 жыл мерзiмге республика президентi бекiтедi. Комиссияның тұрақты қызметiн
қамтамасыз ету үшiн оның атқрушы аппараты құрылған.

Дүние жүзiлiк тәжiрибеде БҚ-дар нарығын мемлекеттiк реттеу екi түрлi
жолмен жүргiзiледi: мемлекеттiк органдар уәкiлi қатысумен тiкелей араласу,
сонымен қатар iс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу. БҚН өзiмен бiрге
барлық ұйымдасқан механизмдердi қамтиды. Рынок пен биржа екеуiнiң
ұқсастығы сұраныс пен ұсыныса қа байланысты товар шығарады, ал айырмашылығы
ор биржасының товары бұл бағалы қағаз. Қ-да 1991 жылы үш қор биржасы, яғни:
Алматы, Қазақ және Қостанай биржалары болды. 1994 жылы желтоқсанда Алматы
және Қазақ қор биржалары бiрiгiп, нәтижесiнде Орталық Азия қор биржасы
(ОАҚБ) құрылды. ҚР-сы заң актiлерi бойынша биржа мүшелерi жеке немесе заңды
тұлға бола алады.
ОАҚБ-ның мүшелерiн төрт категорияға жiктеуге болады. Бiрiншi категория
бұл компаниялар, негiзгi БҚ-мен операция жүргiзедi. Компания деректерi ҚР-
сы бойынша тiркеледi. Екiншi категория бiрлескен кәсiпорындардан тұрады,
бұлар БҚН-на делдалдық мақсатта құрылады. үшiншi категория ҚР-да тiркелген,
бiрақ шетелдiк меншiк болып табылатын компаниялар. Төртiншi категория
шетелдiк компаниялардан тұрады, яғни шетелде құылған және тiркелген. Қор
нарығын мемлекеттiк реттеудiң қажеттiгiн әлемдiк тәжiрибеде көрсетiп бердi.
Ол әр елдегi өзiндiк ерекшелiктерге қарай ескерiлетiн жағдайда, мемлекеттiк
реттеудiң формалары мен әдiстерiнiң ортақ үлгiсiн жасайды.
Қазақстанда ендi қалыптасқан қор нарығы әзiрге жеткiлiксiз жағдайда
реттелуде. Оған қол жеткiзу үшiн инвесторлардың мүддесiн қорғайтын және БҚН-
ның тұрақтылығын қамтамасыз ететiн заңдылықтарды тез арада одан әрi дамыту
керек. Қор биржасы БҚН-на бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың iс-
әрекеттерiн реттейтiн бiртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң
қадағалап отырады. Қазiргi кезде Қазақстанда екi қор биржасы, яғни
Қазақстан банкаралық валюта қор биржасы (KASE) және Орталық Азия қор
биржасы жұмыс iстейдi.
Қазiргi кезде республикада БҚН қалыптасып, даму шағында. Оның даму
жолында алғашқы iс-шаралар жүргiзiлуде. Бюджеттiң кемшiлiгiн толтыру
мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгiлерiн шығармай, оның орнына
мемлекеттiк бағалы қағаздар, мысалы мемлекеттiк қысқа мерзiмдi вексельдi
шығаруда. Алайда БҚН-ның дамуы жолында шешуiн талап ететiн экономикалық
және әлеуметтiк-психологиялық мәселелер көп.
Экономикалық мәселелерге:
• Нарықты реттейтiн механизмнiң жоқтығы;
• БҚН дамытатын бiрыңғай көзқарас жүйесiнiң жоқтығы;
• Заңдардың мүлтiксiз орындалмауы;
• Салымдарды тiркеу жүйесiнiң жоқтығы.
• БҚН-ның материалды-техникалық негiзiнiң аздығы
• Нарық инфрақұрылымы өсу деңгейiнiң төмендiгi.
Ал, әлеуметтiк-психологиялық мәселелерге БҚН-да маман кадрлардың
аздығы мен халықтың инвестициялық белсендiлiгiнiң төмен деңгейлiгi жатады.

БҚН-на мамандарды бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық Комиссияның осы
iспен шұғылдануғы рұқсат берген оқу орталықтары дайындайды. Оқу
орталықтарының жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес
құрылған Аттестациялық комиссия үйлестiрiп отырады. Аттестациялық
комиссияның құрамына ұлттық комиссияның бiр мүшесi оның басқармасы болып,
ал мүшелерi және қатшысы болып, БҚН реттейтiн Бас басқарманың мамандары
кiредi. Қазiргi уақытта оқуды табысты бiтiрiп, мамандық туралы бiрiншi
санатта куәлiк алған 5000-дай адам брокерлiк, дилерлiк iспен айналысуға
құқық алды.
Бағалы қағаздар рыногының құқықтық ережелермен қамтамасыз ету деген
мемлекеттiк органдардың бағалы қағаздардар айналымы тиiмдi және мағыналы
болуы үшiн белгiлi-бiр жағдай жасайтын заңдар шығару және сол шығарылған
заңдардың мемлекет мүддесi мен халық керегiн қанағаттандырып, нарық
қатынастарына бет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Несиегердің банкпен несие қатынасы
Қарыз алушы туралы ақпарат
Екінші деңгейлі банктердің табыстары мен шығыстарын бақару
Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің қазіргі даму жағдайын талдау
Қаржы және банктер
«Лизинг- инвестицияның қысқа мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде»
Инвестициялық жобаның тиімділігі
Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру қызметтері
Пәндер