Қазақ баспаларының қызметін нарықтық экономика және мемлекеттік реттеу мәселелері


МАЗМҰНы
Кiрiспе . . . 3
І-ТАРАУ. НарЫқтық экономикадағы баспалар . . . 9
ІІ ТАРАУ. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
КІТАП ПРОБЛЕМАЛАРЫ . . . 24
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚ БАСПАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 36
Қорытынды . . . 56
Сiлтемелер . . . 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 64
КІРІСПЕ
Еліміз 70-80-жылдары әлемдегі ең көп оқитын ел санатында болатын. Қазір ең аз оқитын елге айналдық. Мұның мықты ұшы әлі күнге кітап тарату ісінің жолға қойылмағандығында. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистерінің қауымдастығы қағаз жүзінде бар шығар, бірақ іс жүзінде жоқ. Бір кездері Э. Баталова басқарған «Алматыкітап» басшылығы Қазақстан баспагерлері мен кітап таратушылар қауымдастығын құрмаққа ниеттенгенін білеміз. Бірақ баспагерлер әр тарапқа тартып, ортақ мәмілеге келе алмаған. Мұның зардабын енді баспагер де, автор да, оқырман да тартып отыр. Кітап тарату мәселесі жолға қойылмаса, тағы да 20 пайыз оқырманымыздан айырылып қалу қаупіндеміз. Ал бұл саланы зерттеп, кітап сату ісінін жолға қоюға талпынып отырған ешкім жоқ.
Кеңес өкіметі кезінде елімізде 1500 кітап дүкені (кітапхана емес) болыпты. Қазір аудан орталықтарынан бір кітап дүкенін таппайсыз. Кітап дүкені тұрмақ, газет сататын дүңгіршегі де жоқ аудан орталықтары бар. Ал негізінде, 10 мың тұрғынға бір кітап дүкені болу керек екен.
Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс бойынша баспалардан шығатын кітаптардың ең көп таралымы - 2000 дана екені белгілі. Ол кітаптар еліміздегі кітапханалар мен оқу орындарына тегін таратылып беріледі. Кітап дүкендеріне түспейді. Баспалар кейбір өтеді-ау дегендерін өздері үстінен қосып шығарып, сатқан болады. Бірақ ол да өздері жалдап отырған жердегі кітап сататын жалғыз бұрыштан ары ұзамайды. Ал баспагерлер бір-бірінің кітабына жанашырлықпен қарамайды. Қысқасы, баспалар кітап шығарумен айналысады, бірақ кітап таратумен айналыспайды.
Тоқсаныншы жылдардың басында социалистік жүйенің жойылуымен жаңа нарықтық экономикаға негізделген демократиялық қоғам құру мәселесі бірінші орында тұрды. Алайда нарыққа өту оңай бола қойған жоқ. Бұл кезеңде көптеген баспа шығынға ұшырап, жабылу қаупіне душар болды. Өйткені кешегі социалистік қоғам кезінде баспа ісі Коммунистік партияның қатаң бақылауында болып, қаржы жағынан түгелімен мемлекетке бағынды. Баспа басылымдарын шығару, тарату жұмыстарының бәрі де мемлекет тарапынан жүргізілді. Осындай тәуелділікке үйренген редакциялар демократиялық қоғамда өздерінің тұрақтылығын жоғалтып, жағдайларын нашарлатып алды.
Кез келген баспаның нарық экономикасына бейімделуінің бірден бір тетігі кітап тарату ісін дұрыс жолға қою болып табылады. Бұрын жоспарлы экономика жағдайында кітап нарығының инфрақұрылымы мемлекеттік көтерме кітап базалары - кітап саудасы мекемелері мен кітап дүкендерінен құралды. Сұраныс, ұсыныс, еркін бәсекелестік сияқты
нарыққа қатысты ұғымдар ол кезде мүлде болған жоқ. Кітап саудасы
мемлекет монополиясында болғандықтан, бәсекелестік пен тұтынушы сұранысын қанағаттандыру мәселелері туған жоқ, баспалар тақырыптық жоспарлары бойынша тапсырыстар қабылдап, басылымды шығару және таратуды ұзақ уақытқа жоспарлауды жүргізді. Кітапқа тұрақты баға мен кітап тауарларын тасымалдау мен жеткізуге тұрақты тарифтер орнатылды. Кітапты таратудың жазылу формасын көп қолданып, аннотация бойынша жұмыс істеу байқалды. Ал нарықтық экономика жағдайында еркін бәсекелестік, тұтынушылармен қарым-қатынасты оперативтілік, кітап нарығының тауарларының көбеюі, төлемдердің тұрақсыздығы, пошталық және транспорттық тарифтер жүйесінің әр түрлілігі мен тәртіпсіздігі байқалып, тақырыптық жоспарлар мен тапсырысты жүйелі жинау, кітап саудасы саясатын ұзақ уақытқа жоспарлау, жазылу сияқты критерийлер мүлде жойылды [1] .
Қазақстандағы кітап ісінің нарық экономикасына бейімделе бастағанына да жиырма жылдың жүзі болыпты. Кеңес дәуіріндегі «Қазақкітап» мемлекеттік сауда мекемесінің қызметі бүкіл республика көлемін қамтыса, қазіргі ұсақ серіктестіктердің шамасы оған жете бермейді. Кітап бизнесінің жандануына әкелетін ең басты тетік кітап тарату мәселесін қолға енді ала бастаған көптеген баспалар мен фирмалар бұл істі заман ағымына сай жаңғырту үстінде. Бірақ, бар мүмкіндікті сарқа пайдаланып жатыр дей алмаймыз. Бүгінгімізді саралап, ертеңімізді ойымызда таразылайтын журналистиканың бұл саласының қазіргі кездегі жағдайы қуантарлықтай емес.
Қазіргі кезде мамандар Қазақстандағы жалпы кітап саудасының бір жылдық көлемін 125 миллион долларға бағалап отыр. Алайда отандық өнімге оның тек 7-10 пайызы ғана тиеді екен. Ресей бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі кезде өз елдеріндегі баспа үйлерінің саны 100-ден асқанын хабарласа, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына әр басылып шығарылған өнімін жіберіп отыратын баспалардың саны 2001 жылдың өзінде 150 шақты болатын. Бірақ соған қарамастан, оқырмандарымыз көріп отырғандай, қазақстандық кітап дүкендерін Ресейде басылған түрлі жанрлардағы әдебиеттер жаулап алып, отындық басылымдарымыз мүлде байқалмай қалады. Оның себебі неде? Республикамызда тіркелеген жүз елуден астам баспаның көпшілігі жылына 1-2 кітап басып шығарады. Ал, Ресейдің озық баспаларының бірі «АСТ» айына 600-ге тарта атаулы кітаптың нарыққа өтуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар таралымның көлемінде де үлкен айырмашылық бар. Ресей авторының жаңа детективті романының таралымы жарты миллионға дейін жетсе, қазақстандық кітаптар үшін ең көбі - он мың. Оның өзінде отандық баспалар тек кейбір категориядағы кітаптарды осындай таралыммен шығаратын болса, көбінесе тек 1000-2000 дана көлемінде кітап басып, таратады.
Соңғы 10 жыл ішінде қазақстандық кітап өнімінің жалпы таралымы 2, 5 есе төмендеп кетсе де, ассортименті жағынан керісінше өсе бастағаны байқалады. Бүгінгі таңда «Қандай кітаптар шығару тиімді?» деген сауал өте өзекті болып табылады. Оған дұрыс жауап беру үшін кітапты шығармас бұрын, оның таралымы мен тарату мүмкіндіктерін айқындау маңызды, ал ол үшін тұтынушылар нарығына зерттеу жүргізіп, олардың сұранысын білген дұрыс [2] .
Қазақстандық баспалар экономикалық өнімдерін өткізудің тиімді дейтін екі жолын қарастырған. Біріншісі - мемлекеттік тапсырыс, екіншісі - баспалардың өз қаржысына кітап шығарып, басылымның сұраныс туғызатынына және де табыс әкелетініне үміттену. Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Атамұра», «Жазушы», «Мектеп», «Жеті Жарғы», «Рауан», «Алматы-кітап» және басқа да баспа компаниялары оқулықтар мен әлеуметтік әдебиет шығаруға қаржы бөлетін Білім және ғылым, Мәдениет, министрліктерінің мемлекеттік тапсырыстарын орындау арқылы, сондай-ақ жарияланған тендерді жеңіп алу арқылы тұрақты табысқа ие болуға мүмкіндік алуда.
Қазіргі кезде таралымы 1000-ға жуық бір кітапты жарыққа шығару үшін ең кем дегенде 200 мың теңге қаражат қажет. Ондай қаржыны табу оңай емес. Көрші Ресейде, мысалға алатын болсақ, мемлекет әлеуметтік қажеті бар кітаптардан басқа танымал авторлардың кітаптарын басуға қаржы бөліп тұрады екен. Александра Маринина, Дария Донцова т. б. кітаптарын осы жолмен басылып шығуы - тәжірибелік маңызы бар үрдіс.
Тәуелсіз нарық экономикасы қалай дегенмен де, тәуекелділікті қажет етеді. Мұнда ең бастысы халықтың сұранысын білу өте маңызды. Көбінесе Ресейден келетін кітаптар көп болғандықтан, қазіргі кезде Ресейде шығарылмайтын, қазақстандықтарға қажетті әдебиет басып шығару дұрыс.
Балалар әдебиеті - бүгінде нарықтың ең жақсы дамып отырған сегменті, бұл негізінен оған салықтың азаюымен түсіндіріледі. Қазақстанда балалар әдебиетін шығаруға барлық жағдай - сұраныс, жеңілдіктер, талантты суретшілер, авторлар болса да, полиграфиялық мәселелер әлі шешілмеген. Көптеген типографиялардың қатты мұқабадағы кітаптардан гөрі жұмсақ мұқабадағы кітаптарды шығаруға мүмкіндіктері көбірек болады. Балалар әдебиетіне маманданған «Аруна» және «Алматы кітап» сияқты баспалар қатты мұқабадағы кітаптарды Түркия мен Словакияда басуды қалайды екен.
1996-1997 жылға дейін 98-99 пайыз Ресейден әкелінген арнайы іскерлік әдебиет бүгінде Қазақстанда да шығарылғанымен, олардың саны аз. Мысалы, «Экономик'С» дүкенінің сөрелерінің 30 пайызын ғана қазақстандық кітаптар құраса, қалғанының бәрін де орыс баспалары толтырып отыр. Бұл біздің әлі де ресейлік баспаларға мұқтаж екенімізді көрсетсе керек.
Ресейде адамдар көбіне тек отандық авторларды, әсіресе детектив жанрында жазылған кітаптарды оқуға құмар. Детективтер бүгінде дүкендерде ең көп және бірден сатылып кететін тауардың біріне айналды. Ал біздің баспагерлер бұл істі неліктен қолға алмайды екен? Баспалардың экономикалық мәселелерін шешетін тұстары да оқырман іздеп жүріп оқитын кітаптарының сөрелерге шықпауынан да болып тұрған сияқты. Баспагерлермен әңгімелескен жағдайда олардың көпшілігі авторлардың жоқтығына жүгінеді. Егер тапсырыс берсе, деген екі ұшты ой көңілде қалады. Басқалары қазақстандық материалдың негізінде құрылған шытырман оқиғалардың қаһармандары реалды адамдармен ассоциация туғызады деген ойлар айтып жүр. Ал нақтысында баспалар осындай кітаптарды шығаруға дұрыс жол таба алмаған секілді көрінеді. Детективтермен қатар қазіргі уақытта сұранысы көп кітаптардың ішінен әйелдерге арналған романдар мен үй шаруасымен айналысатын әйелдерге арналған арнайы кітаптарды атауға болады. Ең қызықтысы, «Алматыкітап» ЖШС-нің коммерциялық директоры Альмира Сужикованың айтуы бойынша [3], үшінші орынды классикалық шығармалар алып тұр екен.
Қазір Алматы ірі кітап дүкендерінің бірі «Академкітап» сөрелерінде қазақстандық отыздан астам автордың шығармалары тізіліп тұр. Бірақ бұл кітаптардың көпшілігі сұранысқа ие болмай отыр. Бүгінгі күні Мұхтар Әуезов, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шахановтың кітаптарын сатып алушылар аз. Әлем классиктерінің кітаптарына қызығатын тұтынушыны да табу қиын. Адамдарды көбіне заң әдебиеттері, қала картасы, балалар әдебиеті қызықтырады. Сондай-ақ, техникалық және оқу әдебиетін сұрап келетіндер көп. Осы басылымдар бағасының қымбаттылығына қарамай, үлкен таралыммен бірден сатылып кететін кітаптардың қатарына жатады.
Жалпы, бүгінде кітаптардың көп жағдайда өтпей қалуының негізгі себептерінің бірі - олардың бағасы. Ресейлік кітаптардың көбі Қазақстанға жеткенше 20 пайызға дейін қымбаттайды. Отандық баспаларымыз шығаратын кітаптардың бағасы да арзан емес. Көптеген баспалар кітапты өтпей қалар деп, үлкен таралыммен шығаруға қорқады. Ал аз таралыммен басылып шығатын кітаптың өзіндік құны жоғары болатыны анық. Оған тағы тарату шығынын қосыңыз. Қазақ баспаларының көбінде тарату мәселесі әлі дұрыс шешілмеген салалардың бірі болып табылады. Мемлекеттік тапсырыс, әлде жеке адамның тапсырысы бойынша басылған кітаптарды таратуға мұршасы болмайтын баспалар баршылық. Кітапты дайындап, шығарғаннан кейін олардың өткізілуі біздің шаруамыз емес дейтін баспалар да бар. Бұл негізінен әлі сол кеңестік дәуірдің ықпалынан айрыла алмай жүрген баспаларда көп кездеседі. Негізінен келгенде мұндай себеп-салдарлардың барлығы нарық заманында баспа экономикасын қарқынды жандандыруға кері әсерін тигізуде.
Салыстырмалы алып отырған көршілес Ресейге көз салатын болсақ, кітаптарды тарату ісін негізінен баспалар жүзеге асырып отыр. Өздері таратумен айналыспайтын баспалар ірі кітап сату кәсіпорындармен шарттық байланысқа тұрып алған. Ал Қазақстанда ше? Баспа индустриясының баяу дамуы себебінен барлық қаражат тек кітап сататын компаниялардың (көтерме сатумен айналысатын, жүйелік, ірі дүкендер, кітап дүңгіршектері) еншісіне тиіп отыр.
Мамандар Алматыдағы кітап нарығының бір жылдық көлемі 45-50 миллион долларға бағалайды. Бұл бүкіл қазақстандық нарықтың 40 пайызын құрайды. Жоғарыда аталған компаниялардың көпшілігі Астана мен басқа қалаларда да, облыстарда дүкендер ашуда. Мысалы, «Экономик'С»-тің Астанада 2 дүкені, Ақтөбеде, Шымкент, Тараз қалаларында дүкендері бар; «Алматыкітап»-тың Астанада филиалы бар; «Юрист» баспасының өнімдері Астанадан басқа Қазақстанның 17 қаласындағы дүкендерге тарайды.
Алайда, Қазақстан қалаларының көпшілігіне ресейлік кітаптар Алматы арқылы емес, басқа жеткізу арналары арқылы келеді. Қостанайға кітаптар Челябинск пен Свердловск қалаларынан, Атырауға, Астраханьнан, Петропавлға Омбыдан, ал Павлодар, Семей, Көкшетау, Өскеменге және Қарағандыға жартылай Новосибирск қаласынан жеткізілсе, Астанада Екатеринбургтен әкелінген кітаптар сатылады екен.
Қалай болғанымен де, қазіргі баспалардың экономикалық проблемаларын, Отандық баспаларымыздың шығаратын басылымдар халық сұранысын толық атқара алмауынан деп санаймын. Өскелең ұрпақ орыс тілінде емес аударма арқылы өз тілінде оқитын классикалық әдебиеттердің жоқтығынан, жас отау иелеріне пайдалы кеңес кітаптарының ана тілінде жоқтығы т. б. да әдебиеттердің дүкен сөрелерінен көрінбеулері және баспалардың қалалық жерден әрі баспаулары экономикалық проблемаларға әкеп тірейді. Полиграфиялық жағынан, бағасы мен мазмұны жағынан ресейлік кітаптардан кем қалмайтын кітаптарымыздың сан жағынан 2000 дана болып шығуы баспалардың нарықты қанағаттыра алмауы қынжылтады, әрине.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстандағы соңғы 4-5 жылда орын алған баспа ісіндегі кәсіпкерліктің негізі нысандарын ашып көрсетуге тырыстым. Соңғы кездері орын алып бара жатқан кітапты тауар ретінде қарастырып келе жатқан кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшін тұстарына тоқталдым. Сондай-ақ, кітап тарату ісінің жалпы әдістері мен технологиясы турасында басы бүтін ғылыми зерттеу жұмысының жоқтығына көз жеткізе отырып, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, ізденістер жүргізіп, ғылыми айналымға енгізуге тырыстым.
Баспа ісіндегі соңғы жылдардағы өзгерістер, жеке кәсіпке айналу, кітап ісін дамытуға негізгі объектілер жұмыстың негізгі арқауы. Қазіргі еліміздегі баспалардың даму ерекшеліктері төмендегідей бөлімдерге қарай талданды:
- күн санап дамып келе жатқан баспа ісі кәсіпкерлігінің маңыздылығы мен ерекшеліктері;
- кітап сату ісіндегі негізгі қағидалар мен әдістерді саралап көрсету;
- бүгінде көрініс тауып жатқан жаңа әдістер мен тәсілдерге талдау жасау.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Баспа ісіндегі кәсіпкерліктің негізгі тәсілдері мен әдістерін қарастыруды мақсат еттім. Себебі, қарапайым халықтың дүйім дүние төріндегі орын алып жатқан өзгерістерді танып-білуінің басты көзі кітап екені белгілі. Сондықтан баспа ісіндегі кәсіпкерліктің негізгі бизнес-жоспарын талдап көрсету. Осы мақсатта:
- кітап саудасындағы маркетинг жүйесін айқындап көрсету;
- жеке кәсіптік сипатқа айналған баспалардың бүгінгі бейнесі мен негізгі жұмысы;
- баспадан шығарылатын өнімнің тарылымы мен қалың оқырманға жеткізілуін қадағалау ісін талдау;
- өзге де мүмкін тың тәсілдерді анықтау көзделді.
Зерттеудің тәсілдік негіздері. Бітіру жұмысында теориялық талдау, салыстырмалы - сараптамалық баға беру мен ғылыми тұрғыда тұжырымдап дәледеу әдістері қолданылады. Кітап сату ісіндегі жаңа әдістерінің бұрынғы зерттеулер мен ақпаратты беру тәсілдерінің ертеден белгілі теориялық-танымдық тұжырымдамаларға сәйкестігі салыстырмалы түрде анықталды.
Зерттеудің нысаны. Басты деректемелік негіз ретінде ҚР ҰҒА-ның кітапханасы мен бүкіл әлемдік ғаламтор сайттарындағы деректерге сілтеме жасадық. Сондай-ақ, қазақстандық баспалар жайында жазылған баспасөздер мен ғылыми туындылар да негізгі құрал ретінде пайдаланылды.
Зерттеудің құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі 3 тараудан, қорытынды, сілтемелер және пайдаланған әдебиеттер тізімнен тұрады.
І -ТАРАУ. НарЫқтық экономикадағы баспалар
Тәуелсіздік алып ел экономикасы нарыққа бет түзегелі барлық салада елеулі өзгерістердің жүзеге асқаны белгілі. Бұл өзгерістер баспа ісін де айналып өтпесі анық еді. Біріншіден, ХХ ғасырдың басында баспа ісінің жаңа жүйесі қалыптасып, дамыды. Ол алпыс жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен жүйеден мүлдем бөлек еді. Екіншіден, жаңа баспа ісі жүйесінің қалыптасуы мен құрылымына түрлі маңызды факторлар әсер етті. Олардың ішінде айқын бөліп айтатынымыз, әлеуметтік-саяси (демократиялық ел болуы, экономикалық, нарыққа көшуі), ғылыми-техникалық, халықаралық және өзге де өзгерістер. Үшіншіден, бұл өзгерістер кейбір қалыптасқан кітап ісі тұжырымдамаларын қайта қарауды қажет етеді. Жаңа байланыс құралдарының тарапынан бәсекелестікке төтеп беретін баспа дамуының болашағын қарастыруды талап етеді.
Дербес мемлекет болдық. Дербес елдің дербес мәдениеті жасалуы керек. Ал мәдениет дегеніміз - кітап. Ендеше халық сусап отырған жақсы кітаптарды көбірек шығару - міндетіміз [4] .
Әйтсе де жаңа ғана тәуелсіздігін алған мемлекеттегі қыруар қиындықтар баспа ісін де тұралатқаны белгілі. Бұған қоғамдағы өзгерістерді қосыңыз. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық жағдайларға көшуге байланысты кітап басу ісінде көптеген мәселелер қылаң берді.
Баспа ісі және баспа ұғымдарына берілген отандық энциклопедиялардағы анықтамаларға тоқталып өтсек, «баспа ісі - кітап, журнал, газет бейнелеу материалдары, өзге де баспа өнімдерін дайындаумен, шығарумен және таратумен байланысты мәдениет пен өндірістің бір саласы [5] . Баспа - кітап, кітапша, газет-журнал секілді түрлі басылымдарды дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды рәсімделген шаруашылық - жеке есептік мекеме (ұйым) [6] . Мәселе - өз шешімін керек ететін іс, міндет [7] . Ал С. И. Ожеговтың сөздігіне сүйенсек, «Проблема - сложный вопрос, задача, требующее разрешения, исследования» деген анықтамаларға кезігеміз. Ал отандық баспа ісінде шешімін қажетсінетін, зерттеуге мұқтаж күрделі міндеттер жетерлік екені даусыз.
Жоғарыда аталған анықтамаларға сүйене отырып, тәуелсіз Қазақстандағы баспа ісін осы саланың ең маңызды бөлшегі кітап дайындау, шығару және таратудағы туындаған мәселелер тұрғысынан қарастыруды жөн көрдім.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында еліміздегі баспалардың құрылымы да өзгеріске ұшырады, жеке меншік баспалар пайда болды. Алғаш қарлығаш «Атамұра» баспасы дүниеге келді. Тәуелсіздіктің бастапқы жылдары отандық баспаларға оңай тиген жоқ. Қағаз жетіспеді. Полиграфиялық сапасы төмен өнімдер жарық көрді. Жылдар бойы қалыптасқан кітап тарату жүйесі қирады. Сала мамандары көптеген қиыншылықтарға тап болды.
1992 жылдың баспа ісіндегі хал-ахуалы жайында: «Қоғамымызды қайта құру, нарықтық экономикаға көшу жолындағы толып жатқан қиындықтардың шын мәніндегі ауыртпалықтары қандай болатынын жан-жүрегімізбен сезініп, сол қиындықтарды жеңу жолында жан аямай, талмай еңбек еткен ауыр жыл . . . Әсіресе, өткен жылдың басында баспалардың да, кітап саудасы қызметкерлерінің де тұйықтан шығар жол таппай қатты абыржып, қиналған күні бүгінгідей есімізде. Жаңа жылдың алғашқы күндерінен-ақ шикізатпен полиграфиялық қызмет көрсетудің шұғыл қымбаттауы, қосылған құнға салынатын 28 проценттік және саудадағы үстеме бағаға салынатын 21, 88 проценттік салық та кітаптардың сату бағасын аспанға бірақ шығарған еді», - деп еске алады баспа ісінің қызметкерлері [8] .
Кітап басу мен тарату саласындағы жағдайдың күрт шиеленісуі республикамызда, әсіресе ана тілімізде кітап шығару ісінің болашағын тым бұлыңғырландырып жіберді. Баспалардың шығынға белшесінен бату, тіпті жабылып қалу қаупі туды. Шығатын кітаптар саны күрт кеміп, бірлі-жарым шыққандардың бағасы аса қымбат болғандықтан дүкен сөрелерінде өтпей жатып қалатыны айқын еді.
Сөйтіп, нарықтық қатынасқа көшу кезінде мемлекеттік әкімшілік органдары мен басқармалардың бұқаралық ақпарат құралдарын және мемлекеттік кітап шығару жүйесін қорғаудың шұғыл шаралары жөніндегі Президентіміздің жарлығы (15. 04. 1992) мен сол жарлықты жүзеге асыруға арналған Республика Министрлер Кабинетінің №566 қаулысы (26. 06. 1992) дүниеге келді [9] .
Осы айтылған жарлық пен қаулыда мектепке және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарды, қазақ тілін дамытуға және оның қолданылу аясын кеңейтуге қызмет ететін алуан түрлі оқу құралдарын, сөздіктер мен тілашарларды, балаларға арналған, ғылыми анықтамалық- энциклопедиялық кітаптарды шығаратын баспаларды қаражат жағынан сүйемелдеу, мемлекеттік баспалар, полиграфия және кітап саудасы салаларына қосылған құнға салынатын 28 пайыздық салықтан мүлде азат ету, ал түсетін пайдадан алынатын салықты 25 пайызға дейін кеміту сияқты аса қажет шаралар белгіленген еді. Міне осының арқасында республикамыздағы кітап шығару жұмысы белгілі дәрежеде қайта жанданып, баспагерлер мен кітап саудасы қызметкерлерінің көкірегіндегі әлсіреген үміт оты қайта тұтанды. Мемлекеттік баспаларымыз енді біржолата жабылып қалу қаупінен құтылып, қоғамымызға қажетті әр саладағы әдебиеттерді белгілі мөлшерде шығара алатындай мүмкіндіктерге ие болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz