Ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы – Жүсіпбек Аймауытов


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы - Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылтау болысындағы бірінші ауылда туған. Арғы аталары ауқатты болған деседі. Бірақ Жүсіпбектің өз әкесі Аймауыт та, оның әкесі Дәндебай да шағын шаруалы адамдар болған. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі өз ауылында өтеді. Ол ауыл молдасынан оқып сауат ашады, ескіше едәуір білім алады. Содан кейінгі аз уақыт өзі молдалық құрып, бала оқытады. «Қартқожа» романында суреттелетін бала молда өзі екенін жазушы мойындап жазған.

1907 жылы Жүсіпбек молдалықты тастап, Баянауылға барып мектепке түседі. Онда бір қыс оқып, екі бөлімін бітіріп, келер жылы Керекудегі қазыналық ауыл шаруашылық мектебіне емтихан тапсырады. Бірақ ауыл шаруашылық мектебінде ұзақ оқи алмайды. Екі ай ғана оқуға мүмкіндік алған Жүсіпбек мектеп режимі мен әділетсіздікке қарсы бой көтерген балалардың қатарында оқудан шығып қалады.

Осыдан кейін біраз уақытын ол ауылда бала оқытумен, Баяндағы мектептің үшінші класында оқуын жалғастырумен өткізеді. Содан 1911 жылы Керекуге келіп, екі класты орыс-қазақ мектебіне орналастырады. Әуелі сол мектепте, кейін интернатта білім алып, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, оны 1919 жылы бітіреді. Жүсіпбектің алашордашылардың істеріне араласатыны да осы кез. Семейде ол «Абай» журналын шығарысады.

1919 жылы Жүсіпбек алашордадан бөлініп, Совет өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына кіреді. Семейде, Павлодарда партия, совет жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан Советтерінің Құрылтай съезіне делегат болып қатысады. Содан кейін Қазақ АССР Халық ағарту коммисариатында басшылық қызметте қалады. 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауысады. Кейін «Қазақ» газетінің редакторы болып істейді. 1922-1924 жылы Қарқаралыда мектеп мұғалімі болып, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызметтер атқарады. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Ара-тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады. Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды «өзі пайдаланып кетті» деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйымымен байланысы бар деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады.

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ

Ж. Аймаутовтың өмірі 1931 жылы, 42 жасында, нағыз творчестволық толысқан кезінде қыршынынан қиылды.

Жүсіпбектің әдебиетке құмарлығы жастай оянған тәрізді: Өзі «Ауылдағы өзім құрбы балалардан хатты ерте таныдым . . . Хисса, өлең кітаптарды көп оқушы едім. Қадыкеш апамның бір сандық хиссасы бар еді. Қыстың ұзақ кештерінде алғашқыда Қадыкешке, соңынан Ақат екеуімізге әкем хисса оқытқызып отырушы еді» - дейді жоғарыда аталған С. Садуақасовақа жазған жауабында.

Сол жауабында Жүсіпбек алғаш рет өлең жазуымен әуестенуі 13 жастан басталғанын жазады. «Дұғалық жазатын кішкене қара шолақ кітапшама тіленші шалға есігін ашпаған бір кемпірді, көшкенде байталға мінбеймін деп әкесін ренжіткен қызды (ол Жәмікен деген апам ғой) өлең қып жазып қойғанымды әкем көріп, маңдайымнан иікегені әлі есімде. Содан соңғы өлең жазғаным 19-20 жастар кезім болса керек.

Бір бала молдамен айтысып, өлең жазғаным бар. 1912 жылы жазған өлеңдерім ескі дәптерімде әлі сақтаулы, Абайға еліктеппін. Ең алғаш басылған сөзім - 1913 жылы болса керек, бір ақымақ алыпсатардың болыс болам деп, елге бір месте шәй апарып, елдің қулары болыс қоямыз деп, шайларын алдан алып, бос қайтқанын жазып едім. Бұл хабар «Қазақ» газетінде басылды. Сол хабардың басылуы қалам ұстауыма үлкен себеп болды. 1916 жылы қазақтан жұмысшы алудың артынан пьеса жаза бастадым. Алғаш жазған 5 перделі пьесам (Нұрғали Құлжанов ұнатпаған соң) жарыққа шықпады», - дейді ол.

Жүсіпбектен қалған мұра аса бай. Оның ішінде «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі мен көптеген әңгімелер, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалар, өлеңдер мен «Нұр күйі» поэмасы, балаларға арналған ертегі кітапшалар, сын мақалалар мен көптеген аударма кітаптар, оқулықтар бар. Өз кезіндегі газет-журналдар бетінде Жүсіпбек жазған мақалалар да бірсыпыра.

Әсіресе оның проза мен драматургиядағы орны үлкен. Жиырмасыншы жылдардағы қазақ романының тууы мен жетілуі түгелдей Жүсіпбек творчествосымен байланысты.

Жүсіпбектің «Қартқожа» романы тұңғыш рет 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты. Бұл - қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы.

Романда айрықша көзге түсетін нәрсе - ондағы автор позициясының айқындығы. Ол қоғамдық шындыққа ескі ауылдағы таптық жікті, оның таптық күреске ұласуының заңдылығын түсінген жазушының қолынан туады. Мұны біз Қартқожа туып-өскен ортаның, отбасылық тіршіліктің, соның айналасының суреттерінен, ескі ауылдағы әлдінің әлсізге жасаған зорлығы факторынан, осы негіздегі қақтығыстардан танимыз. Талапты Қартқожаны оқытпай, ауылға байлап қойған да осы жоқшылық. «Тастаған шоқпар сорлыға тиеді» дегендей, қырсық та Жұман үйін айналдырады, жұт та алдымен осыларды жалмайды. Кедейдің барлы жоғын жұтатқан қыс суреті жазушының шебер қолымен жасалған, ол жайсыз табиғат көріністерін көз алдыңа жайып салады. «Күн құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпеді. Қас қараяр-қараймаста күнбатыстан шатынаған, шақиған, жалғыз көзді жан алғыштай жаман, жарық жұлдыз шығады, күннен күнге шарықтар көкке өрлейді, жел қасарып, темір қазықтан таймай, ызғырады да тұрады».

Жазушының жұт боларын алдын-ала болжаған халық бақылауын суреттеуі де қызғылықты. « . . . Шөптің шығысы жаман, серейген-серейген еркек шөп, бидай бас, көті бос қаптап кетті. Тышқанның шөп жинауы бұзық, інінің төңірегін тап-тақыр қып тастапты. Құмырсқаның илеуі ортасы шұқырайып кетіпті. Сиыр далаға түнеп жусамайды, кеш болса, ауылға жүгіреді. Жылқы аңырайып тыраңдай жатпайды. Малдың ындыны құрып барады . . . «атау кересін» жеуге асыққан немеше. Адал құс ерте қайтты».

Жүсіпбек реализмі ел тіршілігінің, халық тұрмысының жалпыға ортақ қиындығын жұмысартпай, оның ұнамды-ұнамсыз жақтарын кең суреттеуге негізделеді. Қартқожаның көтерісшілер ортасында болған кездегі көргендері, жасақтың жиналып тау арасында босқа жатқан күн көрісі, жалпы көшпелі елдің бейжай, берекесіз тіршілін еске салады. Біреулер уақытты қалай өткізерін білмей ұсақ-түйекпен алданса, енді біреулер тамақ аңдып, таламып-тармасып жатқаны, өз басымен ойлап, жоспарлы күрес жүргізіп, ұйымдастырып жатқан ешкім жоқ. Жиналғандар не істерін білмейді. Осындай берекесіз тіршілікке, рулық талас-дауларға алданған жұрттың жеңіске жете алмай ыдырауы да заңды еді. Қартқожа осыны көреді. Ыдырыс қажы ауылында да ол дағдарған елдің «тасаттық» беріп босқа шығынданып жатқанына, молданың өз құлқының көздеген шариғатының алдамшылығына куә болады. «Қазақтың қан жылап жатқаны мынау. Құзғындардың, «жақсылардың», «адамдардың» түрі анау, мыңдаған, миллиондаған азамат ажалға кетіп барады. Жүздеген жауыздар майсарап, тамақтан басқа қамы жоқ, елді еміп жатады. Олардың жауыз баласы үшін біз жанымызды құрбан етеміз. Не өтесісі, не жақсылығы үшін? Әділет теңдік, адамшылық қайда?» деп ойлайды Қартқожа.

Осы жайлар біртіндеп Қартқожаны халық жағдайы, оның тағдыры, борлашағы туралы ойларға алып кетеді. Оның саналы күреске бет бұруына негіз болады. Жазушы оны шығарма соңында ашық айтады. «Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыс төбелесіп жатса, орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды, орысты да бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтағы қазақтың неше Жайдархандарын құрбан қылғысы келеді. «Қазақ та, орыс та Андрейдің, менің көргенімді көрсе, көзі ашылса, менің жүрегімдей бауырмал жүрегі болса, зорлық, қианат, теңсіздік жоғалар еді-ау», - деп бір мезет ойлайды. «Бірақ ол мүмкін бе? Барлық адам баласының мінезін, құлқын, жүрегін бір қалыпқа салып шығаруға болады ма?» - деп жазады Жүсіпбек. Бұл үзіндіден халық тағдырын ойлау дәрежесіне көтерілген роман қаһарманының адамды ұлтына бөлмей, жалпы адамгершілігі тұрғысынан бағалайтын адал, бауырмалдығын көреміз. Сонымен бірге ол өмірдің бір қалыппен жүрмейтін күрделілігін де тұсінеді.

«Ақбілек» - жеке кітап болып басылып үлгермеген шығарма. Ол кезінде «Әйел теңдігі» журналының 1927, 1928 жылдар ішінде бірнеше санында жарияланған.

«Ақбілек» тақырыбы жағынан «Қартқожа» романымен үндес. Егер «Қартқожада» жазушы ескі қоғамдық құрылыс жағдайында теңсіздікте күн кешкен қазақ кедейінің Социалистік революциадан соң құлдықтан құтылып, азаттық күрес жолына шыққанын суреттесе, «Акбілекте» де осы идеяны жалғастырады. Мұнда феодалдық-рушылдық ортада жікшілдік тартыстардан қорлық көрген қазак қызының жаңа заман шындығын пайдаланып, өз бақытын табуы, тең құқылы азамат болуы бейнеленеді. Романның басты кейіпкері - Ақбілек әкесіне өшіккен Мұқаш деген жігіттің көмегімен қашқан ақ әскерлерінің қолына түсіп, бірқатар қорлық көреді. Одан кейінгі өз ауылында әйелді қолжаулық көрген ортаның азабын шегеді, атастырған күйеуінен айырылады. Ақыры жаңа заман туып, Ақбілек ағасының көмегімен қалаға кетіп, оқу оқып, бақытын табады.

Осы оқиғалар негізінде Жүсіпбек сол бір аласапыран жылдардағы қазақауылы өмірінің шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді, тынымсыз ізденісті кең бейнелейді. Ескі ауыл мен оның адамдары бойындағы қайшылықты күйлер мен ұғымдар тартысының суреттері, психологиялық толғаныстар жазушы реализмінің байлығын, суреткерлік қарымының кеңдігін көрсетеді. Роман кейіпкерлері заманмен, дәуірмен қабаттама өзгеріске ілеседі, қоғамнан өзіне лайық орын іздейді. Ол орынды бірі тауып, бірі таба алмай жатса да, жалпы ізденістің беталысы елдің рухани оянуға ұмтылысын аңғартады. Солардың алдыңғы легінде Албілек дегеніне жетеді.

Ақбілектің ауылдың етекбастылығынан, алып- қашпа өсек-аяңнан құтылып, қаладан бақытын табуы - саясаттың жемісі. Ол - білім алып, қатарға қосылған алғашқы қазақ әйелдерінің өкілі.

Бұл - бұрынғы қазақ әйелі басында, әйел мен еркектің арасында болмаған жай. Жаңа өмір әйелді осыған жеткізді, әйел мен еркекті бір қатарға қойды. Кешегі жуас, ұялшақ Ақбілек өнерлі жастардың қатарына қосылып, тек «ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы атанды».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіпбек Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов өмірі
Қаптап жатқан қазақ
Алаштың бес арысы
Жүсіпбек Аймауытов - әдебиет сыншысы жайлы ақпарат
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931жж), Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев
Ақбілек - қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман
«Қызыл қырғын» құрбандары
Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі
Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz