Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмі



Қазақстанда инвестициялық сясат мәселелеріне Республика мемлекеттік суверенитетті алғаннан бері көп көңіл бөледі.
2004 жылы қаңтар қазанда Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициялар 264 млрд 479 млн теңгені құрды.
Соңғы жылдары Қазақстанда экономикалық және саяси тұрақтылық орын алды, ал мемлекетіміздің инвестициялық климатын елеулі жақсартты.
Еліміз келесі мемлекеттермен инестицияларды өзара қолдау және қорғау туралы бір қатар екі жақты келісімдер бекітті: Азейбайджан, Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия, Венгрия, Болгария, Грузия, Германия, Мысыр, зраиль, Иран, Индия, Испания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Корея, Малайзия, Монғолия, Польша, Ресей, Румыния, Финляндия, Франция, Чехия, Өзбекстан, Украина, Туркия, Швейцария, сонымен қатар Бельгия – Яюксембургтік одқ.
Қазақстанда тармақталған және бір-бірімен байланысты заңнамалық жүйе бар, ол мемлекет аумағындағы шетел заңды және жеке тұлғалардың қызметімен байланысты қатынастарды жетерліктей тиімді реттеуге мүмкіндік береді: «Валюталық реттеу туралы» (24.12.1996ж.), «Лицензиялау туралы» (17.04.1995ж.), «Жер туралы» (24.01.2001ж.), «Мұнай туралы» (28.06.1995ж.), «Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы» (27.01.1996ж.) заңдар, Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасында тауарларды (қызмет) экспорттау және импорттау тәртібі туралы» үкімі (30.06.1997 ж) т.б.
Елеулі заң блогының ішінде шетел инвестициялар аясындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді атап айтқан жөн: «Шетел инвестициялар туралы» (27.02.1994ж.), «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» (28.02.1997ж), «Инвестициялық қорлар туралы» (06.03.1997ж) заңдар, «Тікелей отандық және шетел инвестицияларын тарту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы шетел инвесторларының кеңесінің білімі туралы» (30.06.1998 ж), «Экономикалық алдыңғы қатарлы секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлармен келісім-шарт жасағанда жеңілдіктер және преференциялар беру ережелерін бекіту туралы» (06.03.2000ж) Қазақстан Республикасы Президентінің үкімдері.
1. Методическое пособие по разъяснению основных положений Стратегии развитии Казахстана до 2030 года. Алматы 1991.
2. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Алматы 1997.
3. Хасбулатов Р.И. Мировая экономика Москва ИНСАН, 1994.
4. Сагандыкова С. Иностранның инвестиции в Казахстане: анализ и прогнозы инвестиционных процессов в экономике. Алматы Ғылым, 1994.
5. Закон «Об иностранных инвестициях.
6. ҚР Ұлттық Статистика Агенттігінің мәліметтері.
7. Журнал «Business central Europa» №7. 2001.
8. Авдокушин Е.Ф. «Международные экономические отношения». Москва 2002.
9. Журнал «Енготопиз» №4 2000.
10. ҚР индустриялы-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
2.4 Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмі

Қазақстанда инвестициялық сясат мәселелеріне Республика мемлекеттік
суверенитетті алғаннан бері көп көңіл бөледі.
2004 жылы қаңтар қазанда Қазақстан Республикасындағы шетел
инвестициялар 264 млрд 479 млн теңгені құрды.
Соңғы жылдары Қазақстанда экономикалық және саяси тұрақтылық орын
алды, ал мемлекетіміздің инвестициялық климатын елеулі жақсартты.
Еліміз келесі мемлекеттермен инестицияларды өзара қолдау және қорғау
туралы бір қатар екі жақты келісімдер бекітті: Азейбайджан, Ұлыбритания,
Солтүстік Ирландия, Венгрия, Болгария, Грузия, Германия, Мысыр, зраиль,
Иран, Индия, Испания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Корея, Малайзия,
Монғолия, Польша, Ресей, Румыния, Финляндия, Франция, Чехия,
Өзбекстан, Украина, Туркия, Швейцария, сонымен қатар Бельгия –
Яюксембургтік одқ.
Қазақстанда тармақталған және бір-бірімен байланысты заңнамалық
жүйе бар, ол мемлекет аумағындағы шетел заңды және жеке тұлғалардың
қызметімен байланысты қатынастарды жетерліктей тиімді реттеуге
мүмкіндік береді: Валюталық реттеу туралы (24.12.1996ж.), Лицензиялау
туралы (17.04.1995ж.), Жер туралы (24.01.2001ж.), Мұнай туралы
(28.06.1995ж.), Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы
(27.01.1996ж.) заңдар, Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қазақстан
Республикасында тауарларды (қызмет) экспорттау және импорттау тәртібі
туралы үкімі (30.06.1997 ж) т.б.
Елеулі заң блогының ішінде шетел инвестициялар аясындағы
қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді атап айтқан
жөн: Шетел инвестициялар туралы (27.02.1994ж.), Тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы (28.02.1997ж), Инвестициялық
қорлар туралы (06.03.1997ж) заңдар, Тікелей отандық және шетел
инвестицияларын тарту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің
қарамағындағы шетел инвесторларының кеңесінің білімі туралы (30.06.1998
ж), Экономикалық алдыңғы қатарлы секторларында инвестициялық қызметті
жүзеге асыратын инвесторлармен келісім-шарт жасағанда жеңілдіктер және
преференциялар беру ережелерін бекіту туралы (06.03.2000ж) Қазақстан
Республикасы Президентінің үкімдері.
Тікелей инвесторларды мемлекеттік қолдау туралы заңмен арнайы
мемлекеттік органды құру көзделген. Ол инвесторларға жеңілдіктер және
преференциялар беру арқылы экономиканың алдыңғы қатарлы салаларына
инвестицияларды тартумен шұғылдануға уәкілетті. Ең алғаш ондай орган
1992 жылы шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттік болып құрылды.
1996 ж инвестициялар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік
комитеті болып өзгертілді, ал 2001 жылдан бастап Қазақстан
Республикасының Шетел істер министрлігінің қарамағында инвестициялар
бойынша агенттік жұмыс істеп жатыр.
Агенттік Қазақстан Республикасының инвестицияларды мемлекеттік
қолдауды жүзеге асыруға уәкілетті жалғыз мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттіктің негізгі функциялары:
1. Қазақстанға тікелей инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарды
ұйымдастыру;
2. Бекітілген инвесторлар жүзеге асыратын инвестициялық жобаларды
өткізу бойынша мемлекеттік органдарының іс-әрекетін координациялау;
3. Әр инвестициялық жобаны өткізу үшін уәкілдік және құқық беретін
келісім және рұқсат құжаттар, лицензиялар, визалар және басқа құжат алуды
қамтамасыздандыру;
4. Бекітілген инвесторларға Қазақстанда білікті қызметкерлер, тауарлар
мен қызметтер іздеуде қолғабыс ету;
5. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды бақылау мен бекітілген
инвесторлардың өзіне алған міндеттемелерді орындауын бақылау;
Шетел инвестицияларының құқықтық жағдайының негізгі мәселелері
Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары туралы заңмен реттеледі.
Оған сәйкес шетел инвестицияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерімен мұндай инвестицияларға тыйым салынбайтын кез келген
объектілерге және қызмет түрлеріне салуға болады.
Займдарды, несиелерді, мақсатты банктік және қаржылық салымдарды
беру, қоржынды инвестицияларды іске асыру, сонымен қатар шетелдегі ұлттық
инвесторлардың заңнамамен реттеледі.
Арнайы экономикалық зоналарда шетел инвестицияларын іске асыруға
Шетел инвестициялары туралы заң нормалары және Арнайы экономикалық
зоналар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы
қолданады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген
шетел инвестициялар нысаны мен олармен байланысты қызмет Қазақстан
Республикасының заңды және жеке тұлғаларының инвестицияларына берілетін
жағдайға тең жағдайда іске асырылады.

Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Заң:
мемлекеттік бюджет қаражатынан инвестиңияларды жүзеге асыруға;
коммерциялық емес ұйымдарға, оның ішінде білім беру, қайырымдылық,
ғылыми немесе діни мақсаттар үшін капитал салуға байланысты катынастарды
реттемейді.
Инвестицияларды жүзеге асырған кезде туындайтын және Қазақстан
Республикасының өзге де заң актілерін қолдану саласына жататын
қатынастарға, осындай заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,
осы Заңның ережелері қолданылмайды.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан
өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды
қоспағанда, инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің кез келген объектілері мен
түрлеріне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі негізге алына отырып,
Қазақстан Республикасының заң актілерімен инвестициялық қызмет шектелетін
немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлері және (немесе) аумақтар
белгіленуі мүмкін.
Инвестордың құқықтары мен мүдделері толық және сөзсіз қорғалады, ол
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Республиканың
өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен қамтамасыз етіледі.
Инвестордың мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының
заң актілеріне сәйкес келмейтін актілер шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы
органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің)
салдарынан өзіне келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық
заңдарына сәйкес өтеткізуге құқығы бар.
Шарттарға өзгерістер тараптардың келісімі бойынша енгізілетін
жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдары арасында жасалған шарттар
талаптарының тұрақтылығына кепілдік береді.
Бұл кепілдіктер:
1) импорттың, өндірістің, ақцизделетін тауарлар өткізудің тәртібі мен
талаптарын өзгертетін Қазақстан Республикасыңың заңдарындағы өзгерістерге
және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын қүшіне
енгізуге және (немесе) олардың өзгерістеріне;
2) ұлттық және экологиялық - қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен
имандылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заң
актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қолданылмайды.
Инвесторлар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салықтарды және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін өзінің қызметінен
алынған кірістерді өз қалауы бойынша пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Қазақстан
Республикасының банктік және валюталық заңдарына сәйкес ұлттық валютамен
және (немесе) шетелдік валютамен банктік шоттар ашуға құқылы.
Инвесторлардың мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы мемлекеттік
органдарының ресми хабарлары мен нормативтік құқықтық актілер Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жарияланады.
Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар ақпаратты
қоспағанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тіркеу туралы, олардың
жарғылары туралы, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы,
сондай-ақ берілген лицензиялар туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуі
қамтамасыз етіледі.
Инвесторлардың қызметін бақылау мен қадағалауды Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сәйкес осындай құқық берілген мемлекеттік
органдар жүзеге асырады.
Инвесторлардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың тәртібі
мен мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Мемлекеттік мұқтаждар үшін инвестордың мүлкін мәжбүрлеп алып қоюға
(мемлекет меншігіне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген ерекше жағдайларда жол беріледі.
Мемлекет меншігіне алынған кезде инвесторға Қазақстан Республикасы
мемлекет меншігіне алу туралы Қазақстан Республикасының заң
актілерін шыгару салдарынан оған келтірілген залалды толық көлемінде
өтейді.
Инвестордың мүлкін реквизициялау оған мүліктің нарықтық құнын төлей
отырып жүзеге асырылады.
Мүліктің нарықтық құны Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен айқындалады.
Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің қүны өтелгеи бағаға ол сот
тәртібімен дауласуы мүмкін.
Реквизициялаудың жүргізілуіне байланысты мән-жайлардың қолданылуы
тоқтатылған кезде инвестор сақталған мүліктің қайтарылуын талап етуге
құқылы, бірақ бұл ретте мүлік құнының төмендеуінен болған ысырапты ескере
отырып, өзі алған өтем сомасын қайтаруға міндетті.
Инвсстициялық даулар келіссөздер жолымен, оның ішінде сарапшыларды
тарта отырып не дауларды шешудің тараптармен бүрын келісілген рәсіміне
сәйкес шешілуі мүмкін.
Осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес инвестициялық дауларды шешу
мүмкін болмаған жағдайда дауларды шешу Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары мен заң актілеріне сәйкес Қазақстан Реснубликасының
соттарында, сондай-ақ тараптардың келісім-ІІІарттарымен айқындалатын
халықаралық төрелік соттарда жүргізіледі.
Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес шешіледі.
Егер шет мемлекет немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік орган Қазақстан
Республикасының аумағында жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты
берілген кепілдік (сақтандыру шарты) бойынша инвестордың пайдасына төлем
жүргізетін болса және аталған инвестицияларға инвестордың құқықтары осы шет
мемлекетке не ол уәкілдік берген мемлекеттік органға ауысатын болса
(талаптар берілетін болса), Қазақстан Республикасында құқықтардың ссылай
ауысуы (талаптардың берілуі) инвестор Қазақстан Республикасында
инвестицияларды жүзеге асырған және (немесе) ол белгілі бір шарттық
міндеттемелерін орындаған жағдайда ғана заңды деп танылады.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономиканың
дамуы үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы
технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп
тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және бар
жұмыс орындарын сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға
инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру
болып табылады.
Иивестицияларды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейтін уәкілетті орган жүзеге асырады.
Уәкілетті органның өз құзыреті шегінде және өзіне жүктелген міндеттерді
орындау мақсатында Қазақстан Республикасыныц Үкіметі белгілеген тәртіптен
тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасыныц жеке
және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен сарапшылар тартуға құқығы
бар.
Уәкілетті органның қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін
Ережемен реттеледі.
Осы Заңға сәйкес уәкілетті органмен келісім-шарт жасасу арқылы мынадай
инвестициялық преференциялар:
1) инвестициялық салықтық преференциялар;
2) кеден баждарын салудан босату;
3) мемлекеттік заттай гранттар беріледі.
Инвестициялық преференциялар қызметтің басым түрлеріне беріледі,
олардың тізбесін қызметтің кіші түрлерін сыныптаушы деңгейінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтің әрбір басым түрі бойынша
инвестициялардың ең жоғары көлемін және инвестициялық салықтық
преференциялардың қолданылу мерзімдерін бекітеді, бұл ретте
инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган береді.
Инвестициялардың белгіленген ең жоғарғы көлемінен олар асырылып
жіберілген жағдайда, қолданылатын инвестициялық салықтық преференциялардың
қолданылу мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімін
қабылдау жолымен белгіленеді.
Инвестициялық преференциялар инвестормен келісім-шарт жасасу арқылы
беріледі.
Инвестициялық преференциялар:
1) көзделетін инвестициялық қызмет қызметтің басым түрлерінің тізбесіне
сәйкес болған;
2) осы заманғы технологиялар қолданыла отырып, Қазақстан Республикасы
заңды тұлғасының тіркелген активтеріне жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп
тұрғандарын кеңейту мен жаңарту үшін инвестициялар жүзеге асырылған;
3) осы Заңның 19-бабында тізіп келтірілген, инвестициялық жобаны іске
асыру үшін инвестордың қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық
мүмкіндіктерінің болуын растайтын қажетті құжаттар табыс етілген жағдайда
беріледі.''
Инвестициялық салықтық преференциялар тіркелген активтерге
салынатын инвестициялардың көлеміне қарай белгіленетін, бірақ бес
жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылуы басталатын дата
Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес келісім-шарпа белгіленеді.
Заңды тұлға жүзеге асыратын, арнаулы салық режимі қолданылатын
қызметке, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар
бойынша қызметке қатысты инвестициялық салықтық преференциялар
берілмейді.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына мемлекеттік заттай грант
түрінде берілген тіркелген активтерге қатысты инвестициялық салықтық
преференциялар берілмейді.
Кеден баждарын салудан, инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінетін
жабдықтар мен олардың жиынтықтаушыларының импорты кезінде:
1) Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас жабдықтар мен олардың
жиынтықтаушыларының өндірісі болмаған;
2) Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаға сәйкес
қызметті жүзеге асыру үшін ұқсас жабдықтар мен олардың жиынтықтаушыларының
өндірісі жеткіліксіз болған;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін ұқсас жабдықтар
мен олардың жиынтықтаушылары осы жобаның шеңберінде қойылатын
талантарға сәйкес болмаған жағдайларда босатылуы мүмкін.
2. Кеден баждарын салудан босату, мерзімін ұзарту
мүмкіндігімен бір жылға, бірақ келісім-шарт тіркелген кезден бастап бес
жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Кеден баждарын салудан босату жөніндегі шешімді және оның мерзімдерін
ұзартуды уәкілетті орган қабылдайды.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешім туралы хабарламаны
уәкілетті орган кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органға жібереді.
Мемлекеттік заттай гранттарды осы Заңда белгіленген тәртіппен
Қазақстан Республикасының Үкіметі не уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті
және жер ресурстарын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік органдармен
келісе отырып, Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес меншікке не
жер пайдалануға береді.
Мемлекеттік заттай грант беруді келісу сауал жіберілген кезден бастап
он бес жұмыс қүні ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік заттай гранттар ретінде: жер учаскелері, ғимараттар,
құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтін және
реттейтін аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары (жеңіл автокөлікті
қоспағанда), өндірістік және шаруашылық саймандар берілуі мүмкін.
Мемлекеттік заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленғен тәртіппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік заттай гранттың ең жоғарғы мөлшері Қазақстан Республикасы
заңды тұлғасының тіркелген активтеріне салынатын инвестициялар көлемінің
отыз процентінен аспайды.
Егер сұрау салынған мемлекеттік заттай гранттың бағаланған құны аталған
ең жоғарғы мөлшерден асып түссе, Қазақстап Республикасы заңды тұлғасының
сүрау салынған мүлікті оның бағаланған құны мен мемлекеттік заттай гранттың
ең жоғарғы мөлшері арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.
Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді уәкілетті орган:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариаттық
тәртіппен куәландырылған көшірмесі;
заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариаттық тәртіппен
куәландырылған көшірмесі;
заңды тұлға жарғысының нотариаттық тәртіппен қуәландырылған
көшірмесі;
инвестициялық жобаның уәкілетті орган белгілейтін талаптарға сәйкес
жасалған бизнес-жоспары;
жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының
сметалық құнын және тіркелген активтерді сатып алуға арналған шығындарды
негіздейтін құжаттар;
жобаны қаржыландырудың көздері менкепілдігін белғілейтін қүжаттар;
инвестор сұрау салған мемлсксггік заттай граштыц молшерін (құнын) және
оны беру алдын ала кслісілғеиін растайтын құжаттар болған жағдайда
қабылдайды және тіркейді.
Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім уәкілетті органның
қарауына беріледі, ол осы Заңның 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес
өтінім тіркелген кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде инвестициялық
преференциялар беру туралы шешім қабылдап, өтінім берушіге жазбаша түрде
жауап жібереді.
Уәкілетті орган инвестициялық преференциялар беру туралы шешім
қабылданған күннеп бастап он жұмыс күні ішінде модельдік келісім-шарттың
ережелерін ескере отырып, келісім-шартты қол қоюға дайындайды.
Келісім-шартты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде
уәкілетті орган тіркейді және ол тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Инвестициялық преференциялардың қолданылуы келісім-шарттың қолданылу
мерзімі біткен соң тоқтатылады не осы бапта белгіленген тәртіппен осындай
мерзім біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.
Келісім-шарттың қолданылуы:
тараптардың келісімі бойынша;
бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Уәкілетті орган ммнадай жағдайларда:
өтініш беруші табыс еткен мәліметтердің бұрмаланғаны немесе
жасырылғаны анықталған және бұл инвестициялық преференциялар беру
жөніндегі шешімге ықпал еткен жағдайда;
инвестор келісім-шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған
жағдайда, бұл туралы инвесторға жазбаша түрде хабарлаған кезден бастап үш
ай өткен соң келісім-шартты бір жақты тәртіпнен бұзуға құқылы.
Бұл жағдайларда инвестор келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық
преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының
сомаларын төлеп, оған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
айыппұл санкциялары қолданылады.
Бір жақты тәртіппен инвестордың бастамасы бойынша келісім-шарт
мерзімінен бүрын тоқтатылған кезде, инвестор Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен өсімпұлын есептей отырып, келісім-шарт
бойынша берілген инвестициялық преференциялардың салдарынан төленбеген
салықтар мен кеден баждарының сомаларын төлейді.
Келісім-шарт тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған
жағдайда инвестор келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық
преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кеден баждарының
сомасын төлейді.
Келісім-шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда инвестор өзіне
мемлекеттік заттай грант ретінде берілген мүлікті заттай, не келісім-
шарттың талаптарына сәйкес оның берілген күнгі бастапқы құнын қайтарады.

Қазақстан Республикасы территориясында шетел инвесторлары қызметі үшін
жағымды орта қалыптастыру және шетел инвестицияларды тарту мақсатында
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылы 30 маусымындағы жарлығымен
ақыл-кеңестік орган - Қазақстан Республикасының Президенті қарамағындағы
шетел инвесторлар Кеңесі құрылды. Кеңестің қызметіне және
отырыстарында Қазақстан Республикасы Президенті қызмет етеді.
Кеңестің негізгі мақсаттары төмендегідей болып табылады:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің қарастыруына инвестициялық
қызметті реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар, халықаралық
маңызы бар Қазақстан Республикасының ірі инвестициялық бағдарламалар
және жобаларды жүзеге асырумен байланысты ұсыныстарды беру;
2. Инвестициялық климатты жақсарту бойынша ұсыныстарды өңдеу, сонымен
қатар Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту стратегиясы жөнінде
ұсыныстарды өңдеу;
3. Әлемдік экономикалық процестерге мемлекет экономикасын
интеграциялау бойынша ұсыныстарды жасау.
Шетел инвесторларының Кеңесінің қызмет етуінен бастап шетел
инвестициялар аясындағы жағдай жақсы жаққа қарай өзгерді. 1999 жылы
қазанның аяғында Кеңестің екінші отырысында, Қазақстан Республикасы
Президентінің қарамағындағы шетел инвесторлар Кеңесінің қарамағындағы
бірлескен жұмыс топтарының іс-әрекет жоспары бекітілген болатын.
Отырыста заңнама мәселелері бойынша шаралар қарастырылып қолданылды,
яғни шетел инвестицияларына қатысты барлық заңдарға жарлықтарға,
бекітулерге, нормативтік-құқықтық актілерін шетел инвесторларының қол
жетерлігін қамтамасыз ету, арнайы ауданаралық экономикалық соттарды
құру бойынша ұсыныстар енгізілді (Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылы 16 қаңтарындағы Алматы және Қарағанды қалаларында
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарды құру туралы
жарлығы). Салық салу бойынша салық төлеушілерге комитетті кеңес беруді
ұйымдастыру мақсатында салық конвенцияларын түсіну және басқару
деңгейін көтеруге байланысты шаралар бекітілді.
Шетел инвесторлары Кеңесінің шеңберінде бес бірлескен жұмыс
топтары жұмыс істейді.
Мұның бәрі – еліміздің осы заманғы экономикалық жүйе құрудағы табыстары
мен одан әрі дамудың мол әлеуетін ділелдейді. Бұл мемлекет пен
бизнестің бірлескен күш-жігерінің нәтижесі.
Бүгінде еліміздің алдында жаңа өршіл міндеттер тұр. Қазақстанда
әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін
барлық алғышарттар бар. Үстіміздегі жылдың 1 наурызындағы Қазақстан
халқына Жолдауда осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның
басымдықтары аталынды.
Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде
2015 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы әзірленді.
Оны іске асыру ел экономикасын 3,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін
Қазақстанда Даму банкі, Инновациялық қор және басқа даму институттары
құрылып, оларды капиталдандыруға мемлекеттік қаражаттан 1 миллиард
доллардан астам жұмсалды. Мұнда да шетелдік инвестициялардың капиталы үшін
кызметтің кең ауқымы бар. Мемлекет басым бағыттарда айрықша преференциялар
жасауда.
Бұл, ең алдымен, Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық
"секірістерге" негізделген елді дәйектілікпен экономикалық жаңарту. Мұндай
"секіріс" сыртқы дүниеге ашық ұлттық экономика жағдайында ғана қамтамасыз
етіле алады, мұндай экономика әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек
ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының
табысты да серпінді бөлігі бола алады және болуға тиіс. Бұл үдерісте
халықаралық компаниялар тарапынан келетін инвестицияларға үлкен рөл
жүктейміз.
Мемлекеттің инвестициялық саясатында даму институттарына белсенді рөл
жүктеледі, олардың қызметі 2015 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық
даму стратегиясын іске асыруға бағытталған.
Бүгінде бұл институттардың инвестициялық жобалар портфелі
қаржыландырылуы мақұлданған 134 жобадан тұрады, олардың жалпы сомасы 4
миллиард АҚШ долларына жуық болса, даму институттарының катысуымен 1,5
миллиард доллар болады.
Даму банкі Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма кластерін жасау бойынша
бірнеше жобаларды қаржыландыруда, сондай-ақ Актау халықаралық теңіз сауда
портын дамытуда. Бұл екі жоба шетелдік инвестицияларды тиімді жағдайда
тартуға әзір.
Қазақстанның Инвестициялық қоры отандық жобалармен қатар Қытайда, Ресей
мен Қырғызстанда халықаралық жобаларды қаржыландыруға кірісті.
Ұлттық инновациялық кор капиталдану көлемі 100 миллион АҚШ доллары
болатын қазақстандық 5 венчурлық қор құрды. Ол сондай-ақ капиталдану көлемі
жарты миллиард- АҚШ доллары болатын 4 шетелдік: Еуропалық, Америкалық,
Орталықазиялық жөне Малайзиялық венчурлық қорларға қатысуда.
Даму институттары әлдеқайда тиімді жұмыс істеуі, жалпыұлттық
басымдықтарға шоғырлануы үшін "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ құрылды.
Бүгінде туризм, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, металлургия, мұнай-
газ мәшинесін жасау, құрылыс материалдары және көлік логистикасы секілді
7 басым кластерді қалыптастыру жөніндегі жұмыстар басталды. Бұл бағыттағы
алғашқы қадам Оңтүстік Қазақстан облысында арнаулы экономикалық аймақ құру
болды, біз мұнда тоқыма кластерін дамытамыз. Атырау облысында мұнай-химия
технопаркін дамыту үшін осындай шаралар жоспарланған.
Кәсіпкерлікті, экономиканы әртараптандыру мен инвестициялар тартуды"
белсенді ету мақсатында, таяудағы уақытта елде іскерлік ортаны жетілдіру
және бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар шешуші шаралар
қабылдау жоспарланған.
Біріншіден, мемлекет инфрақұрылымды - жолдарды, көпірлерді,
әуежайларды, телекоммуникациялар мен электр энергетикасын белсенді
дамытатын болады. Байқоңыр космодромына ақпараттық саланы дамтыу,
байланыс пен Интернеттің тарифтерін төмендету үшін қазақстандық тұңғыш
Жер серігі ұшырылады. Біз осымен бірге екінші спутникті әзірлеуге
кірістік, ол еліміздің аумағы мен койнауының мониторингін қамтамасыз
етеді. Қазақстан ғарыштық державаға айналып, өзінің ұшыру қондырғысын
дамытатын болады.
Инфрақұрылымда мұнай "мен газды әлемдік рыноктарға тасымалдау
мәселесінің зор маңызы бар екені сөзсіз. 2010-2015 жылдарға қарай
Казақстанда мұнай өндіру 2 есе ұлғайып, газ өндіру көлемі 40-50 миллиард
текше метрге жететіні белгілі. Солтүстік Каспий мұнай құбырын дамыту және
оның қуатын бүгінгі 23 миллион тойнадан 60 миллион тоннаға дейін ұлғайту -
бұл бірінші маршрут. Екіншісі – Ресей арқылы Балтық бойына. Өздеріңізге
мәлім, былтырғы: Қытайға 1000 шақырымдық мұнай құбыры пайдалануға берілді,
ол жылына 20 миллион тонна мұнай өткізуге қабілетті және бұл бағыт
дамытылатын болады. Қазақстан аумағы арқылы Батыс Қытай жағына қарай газ
құбырын салу мәселесі қарастырылуда. Сонымен бірге осы айда біз Әзірбайжан
үкіметімен Қазақстан Баку-Жейһан тұрба құбырына қосу туралы келісімге қол
қоямыз. Ішкі және нсыртқы мұнай, газ құбырлары – инвестициялау үшін өте
қызықты нысандар.
Бұдан кейін Президент мемлекеттің жол салуға орасан мол қаржы бөлгені
туралы айтылып өтті. Жыл сайын біз 1500 шақырым автомобиль жолдарын
жөндеп, қалпына келтіреміз, 300-400 шақырым темір жолдар саламыз. ҚХР-ға
қарай теміржол магастралін кеңейту басталмақ. Батыс Қытай өте қауырт дамып
келеді, сондықтан да казақстандық компаниялар бұл үдеріске белсене қатысуға
ұмтылады.
Жуырда қабылданған Қазақстанның 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
аясында мемлекет Алматы, Астана жөне Атырау қалаларындағы тораптық әуежай
жинақтаушыларды дамытатын болады, мұның өзі әуе тасымалдарының тиімділігін
арттыруға және елдің көліктік әлеуетін іске асыруға жәрдемдеседі. Ірі
ауқымдағы жобалардың бірі Ұлттық ақпараттық супермагистралъді іске асыру
жөніндегі жұмыс жүріп жатыр.
Екіншіден, фискальдық ахуал бизнес пен халықтың сұранысына
барынша сәйкестену жағына қарай өзгеріске түседі. Атап айтқанда, ішкі
төлемге қабілетті сұранысты ұлғайту және сату жөніндегі айналымды жариялы
ету мақсатында ҚҚС ставкасын 15 пайыздан 2008-2009 жылдары 13-12 пайызға
дейін кезең-кезеңмен темендету көзделіп отыр. 2008 жылдан бастап сондай-ақ
әлеуметтік салық ставкасы орта есеппен 30%-ға төмендейтін болады.
Сондай-ақ таяу уақытта өңдеу өнеркәсібінің салалары, соның ішінде мұнай
химиясы кәсіпорындары үшін инвестициялық преференциялар тетігін енгізу
жоспарланған. Құрал-жабдықтар импортын кеден төлемдерінен борату да
инвесторларға елеулі қолдау болмақ. Сол секілді инвестициялық жобаларға,
инженерлік құрылыстарға арналған жер учаскелерін инвесторлардың меншігіне
мемлекеттік грант түрінде тегін беру ниеті бар.
Үшіншіден, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру және
бюрократиялық кедергілерді азайту жөніндегі қызметке айрықша назар
аударылады. Біз қабылданатын мемлекеттік шешімдердің барынша мөлдірлігін
және ұмтылудамыз. Электронды үкімет құру және әкімшілік реформалар
пакеті осыған бағытталған. Халыққа бір терезе қағидаты бойынша
қызмет көрсету одан әрі дамиды.
Төртіншіден, мемлекет пен жеке меншік әріптестігі тетігінің де
шетелдік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеуеті
бар. Бизнес пен қоғам арасында өзара тығыз байланыс орнату әлемдік
практикада қалыпты құбылысқа айналды. Мұндай ынтымақтастық осы
секторлардың тұрлаулы дамуына жағдай жасап, қоғамдағы тұрақтылыққа
және қоғамдық мүдделерге қол жеткізуге жәрдемдеседі.
Бесіншіден, ішкі өңірлік жобалар перспективалық жобалар болып
табылады. Кез келген елдің ойдағыдай дамуы бүкіл өңірлерді
дамытпайынша мүмкін еместігі баршаға белгілі. Қазақстан көрші
мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға көп күш-жігер
жұмсауда. Мәселен, бнылғы жылы Ресеймен бірлесіп, жарғылық капиталы 1,5
миллиард АҚШ доллары болатын Еуразиялық даму банкі құрылды. Бұл қуатты
құрал ЕурАзЭҚ аясында нақты міндеттерді шешуге көшу мүмкіндігін туғызады.
Еуразиялық банк сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, өңірлерде
инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдеседі деп
білеміз. Банк ЕурАзЭҚ аясында ғана емес, сонымен бірге бүкіл ТМД аумағында
қызмет көрсететінін атап айтқым келеді. Тұтастай алғанда, Қазақстан
экономикалық интеграция саясатын, соның ішінде төрт мемлекеттің -
Белоруссияның, Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның Біртұтас экономикалық
кеңістігі аясында жүргізіп отыр. БЭК аясында негізгі құжаттарға көп
кешікпей қол қойылады деп ойлаймын.
Демек, Қазақстанның шетелдік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастығы
үшін елеулі әлеуеті бар. Бұл ретте бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар
туғызу мемлекеттің басым міндеті болып табылады.
Қазақстан капиталдар мен инвестицияларды тартудың, өңірлік өндірістер
мен аса ірі әлемдік компаниялар филиалдарын, ең жаңа технологиялар мен ноу-
хаулар орналастырудың орталығы бола алады және болуға тиіс. Инвестициялық
тартымдылық – бәсекеге қабілеттілік қасиеті деп білеміз.
Осында, Алматы қаласында өңірлік қаржы орталығы құрылатынын сіздер
білесіздер деп ойлаймын. қазірдің өзінде тиісті заңдар қабылданды, қала aсa
ірі әлемдік банктер мен компаниялар жұмыс істей алатын осындай орталық
болуы үшін жағдайлар жасалуда.
Біз Еуразияның кіндігінде орналасқанбыз, серпінді дамып келе жатқан
экономикамыз бар, демократиялық қоғам құрып жатырмыз - осының бәрі кез
келген бизнес үшін табысқа жетудің кепілі болып табылады, дей келіп
Нұрсұлтан Әбішұлы саммиттің шетелдік әріптестерімізге қазақстандық
іскерлермен тығыз ынтымақтастық орнатуға жаңа мүмкіндіктер беріп, іскерлік
топтар арасыңдағы байланысты нығайтатынына сенім білдірді.
Сөзінің қорытынлысында Мемлекет басшысы былай деді: бүгінгі Қазақстан
бұдан 15 жьіл бұрынғыдай емес. Қазір Қазақстан бүкіл әлемге белгілі. Солай
болса-дағы шетелге шыққанда біз кейде Қазақстанның мүмкіндіктері, оның
бүгінгі күні мен болашақ жоспарлары туралы Батыста әрдайым және барлық
жерде жеткілікті біле бермейтінімен кездесіп жүрміз. Сондықтан бүгінгідей
кездесу біз үшін әрдайым пайдалы. Жүз рет естігеннен бері бір рет көрген
артық дейді. Сіздер халықтың осынау даналығын негізге алып, осында келіп
отырсыздар. Сол үшін де сіздерге ризашылығымды білдіремін.

Краткий статистический ежегодник Казахстана
2001 2002 2003 2004 2005*
қаржы делдалдығы 14475,8 12207,4 21063,0 49004,8 49410,1
сала-сындағы қосалқы қызмет
жылжымайтын мүлікпен
операциялар, жалға беру
және тұтынушыларға
қызмет көрсету
коммунал-дық, әлеуметтік
және дербес қызмет көрсету
72003,1 115860,0 176247,5 218358,5 371994,9
16038,1 18971,4 26388,6 26983,8 42852,2

* Алдын ала деректер

Шетел капиталы қатысқан кәсіпорындардың қызметі
Шетелдік әріптес елдер бойынша шетел капиталы қатысқан жұмыс істеп турған
кәсіпорындардың саны (жыл аяғына, бірлік)
2002 2003 2004 2005 ж
қаңтар-ма
усым
Барлығы 5300 6597 7070 7449
Австралия 12 15 18 17
Австрия 26 36 50 46
Әзірбайжан 39 65 85 89
Алжир 2 3 5 5
Андорро 2 2 2 2
Ангилья (Брит) 2 2 3
Антигуа және Барбуда 1 1 1 1
Антиль аралдары 4 4 3 3
Армения 13 19 15 13
Аруба 1 1 1 1
Ауғанстан 38 54 65 66
Багам аралдары 14 15 15 14
Бангладеш 1
Барбадос 7 7 6 5
Бахрейн 1 1 2 2

Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы
2002 2003 2004 2005 ж
қаңтар-ма
усым
Беларусь 24 24 30 29
Белиз 4 5 7 10
Бельгия 29 28 42 38
Бермуд аралдары 5 6 6 7
Болгария 26 31 35 36
Босния және Герцеговина 2 2 3 3
Буркина-Фасо 2 2 2 3
Ұлыбритания 254 292 319 345
Венгрия 42 42 40 42
Венесуэла 2 2 2 2
Виргин аралдары (Брит.) 151 172 213 204
Виргин аралдары (АҚШ) 3 4 4 10
Вьетнам 2 2 3 3
Газа Сектор (Палестина) 1 1 1 1
Гана 1 1 1 1
Германия 266 335 398 435
Гибралтар 7 9 9 10
Греция 8 10 9 10
Грузия 18 17 22 26
Дания 11 14 15 16
Египет 4 6 8 9
Израиль 49 51 57 56
Үндістан 79 120 143 151
Индонезия - 1 1 1
Иордания 18 21 18 19
Иран 134 155 168 170
Ирландия 29 29 31 26
Испания 13 17 21 20
Йемен 1 2 2 2
Кайман аралдары 15 15 17 18
Канада 53 69 82 87
Кипр 73 87 86 81
Қытай 744 867 432 448
Қытай, Гонконг МӘА 2 1 5
Корея (КХДР) 7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық саясаттың модельдері
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау
Аймақтағы инвестициялық іс-әрекетті басқару
Бағалы қағаздардың түрлері
Салықтарды жинауды ұйымдастыру және салықтық реттеу механизмiнiң ерекшелiктерi
Сақтандыру компанияларының саны
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Пәндер