ҚР шағын бизнес проблемалары және даму жолдары


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

ҚазБСҚА

Құрылыстағы экономика кафедрасы

Экономикалық теория негізінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: “ҚР шағын бизнес проблемалары және даму жолдары”

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы - 2003
Жоспар:

Кіріспе

  1. Шағын және орта бизнес.

1. 1. Экономист ғалымдардың кәсіпкерлік туралы тұжырымдамалары.

1. 2. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің жағдайы.

2. Шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар

2. 1. Шағын және орта бизнестегі проблемалар.

2. 2. Шағын және орта бизнесті дамытудың нақты шаралары.

3. Қазақстандық шағын және орта бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


Кіріспе

Кәсіпкер өз - өзіне жұмыс орнын жасаушы адам. Нақтылай айтқанда, кез келген жан өзіне төленетін төлемақы, сыйақы, еңбекақы қанағаттандырмаған жағдайда өз ойларын іске асыру жолдарын іздеп, кәсіпкерге айналады. Кәсіпкердің басты ерекшелігі - тұрлаусыздық және тәуекелдік жағдайында жұмыс істейді. Ол ең алдымен жаңарту менеджері. Кәсіпкерге айтар қарапайым кеңес: қашанда шешім қабылдарда, яғни тауар алуда, өнім шығаруда мәлімет жинау, экономикалық есеп, тауар таңдау және өндіріс жоспарының оряндалуын басқару секілді төрт сатыны жадына түю керек.

Кәсіпкерге қойылатын талаптар: біріншіден төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адалдық пен тұрақтылық, екіншіден қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтару, үшіншіден бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты моралдьдық қасиеттерге әдеттеніп, өз бойына қалыптастыру, төртіншіден тауар ерекшелігі мен маңыздылығын, оны өндіру әдістерімен болжамды сұранысын жеткілікті дәрежеде нақты бағалай білу жағдайына жету керек. Бүгінгі кәсіпкердің қиналатын бір тұсы базар бәсекесі. Өндірген өнімнің өзіндік құны ақталып, пайда түсіру мәселесі. Бұл орайда барлық саланың түрі экономикаға тіреледі. Сондықтан есеп - қисапқа жүйрік адамдар кәсіпкерліктің қай саласымен айналысамын десе де оны тоқтатуға болмайды.

Шағын және орта бизнес пен ірі өндірістің ара - жігін ажыратып алу керек. Жұмысшы саны 50-ге дейін өндірілетін өнім көлемі 60 мың есептік көрсеткіштен аспайтын ұжымдар шағын және орта бизнесті дамытушылар тобына жатады.

Америка Құрама Штаттарындағы кәсіпкерліктің 200 жылдан астам тарихы бар. Соңғы бір деректер бойынша онда 20 миллионнан астам кәсіпорындар бар екен. Соның 6 пайызы ғана шағын және орта бизнесті жүргізген кәсіпорындардың екі ғысарда түгелге жуық ірі кәсіпорындарға айналып кеткенін көрсетеді. Біздің қоғам дамуында республикамызда шағын және орта бизнес 16, облысымызда 13 пайызды құрайды. Бұл біздің елімізде әлі майда кәсіпорындардың орнының көптігін көрсетеді. Кіші кәсіпкерліктің пайдалы бір жағы, кешегі 1997-1998 жылдардағы Азиялық дағдарысты көрінеді. Қытай, Тайланд,, Малайзия елдерінде ішкі өнім өндірушілердің 70 пайызын осы кіші кәсіпкерлік құрайды.

  1. Шағын және орта бизнес.

1. 1. Экономист ғалымдардың кәсіпкерлік туралы тұжырымдамалары.

Халық шаруашылығы кешеніндегі құрылымдық қайта құруларға иек артқан түбегейлі өзгерістер қажеттілігі сонау 70- ші жылдардың аяғында - ақ, белгілі бола бастаған еді. КСРО экономикасының бүгінгі күн талаптарына “жауап бере алмай ” отырғандығы турасында аттары танымал Р. Мартин (Ұлыбритания), Д. Ж. Миллер (АҚШ), К. Оппенлендер (Германия), М. Эльман (Нидерланды), Х. Канамори (Жапония), сияқты щетелдік экономистер мен Л. И. Абалкин, И. Е. Заславский, С. Н. Красавченко, Б. В. Ракитский, Г. А. Явлинский, А. Я. Лившиц (соңғылары 80 - ші жылдардың соңынан бастап сахнаға шыға бастады) тәріздес кеңестік, кейіннен ресейлік экономист - ғалымдар да ашықтан - ашық мәлімдей бастады. Қайта құрудың нақты яки дәйекті тұғырнамасының болмауы, идеологиялық сыңаржақтылық пен қобалжулар және М. Горбачев бастаған ел басшылығының радикалдық шаралардан ат тонын ала қашуы жаппай дағдарыс пен Беловежьедегі әйгілі мәлімдемеге тікелей жол ашты. Көптеген жылдар бойы мінсіз қызмет атқарып келе жатқан өзара экономикалық байланыстардың тамырына балта шабылды. Бірегей қаржы жүйесі де құрдымға кетті.

“Коммерция табиғаты хақындағы жалпы очерктер ” атты XVҚҚҚ ғасырдағы ағылшын экономисі Р. Кантильонның сөзіне құлақ түрсек, кәсіпкер өз басының пайда табуы арқылы жаңа идеялар өнім өндіру және қызмет көрсетуге қатысты ойлардың ұтымды жолдарын ұсына білетін адам. Сондай - ақ, шағын және орта бизнестің “пионерлеріне ” Франсуа Кэнэ, Анн Робер Жан Тюрго, Жан Батист Сэй (француздар), Йозеф Алоиз Шумпетер мен Фридрих Август Хайектің (немістер) еңбектерін де жатқызуға болады. Мәселен, “Нарық заңының” “әкесі” Жан Батист Сэй: “кәсіпкер кірістер шеңберінен де биікке көтеріле алады” тәрісдес пікірлерге жол береді. Ал Кембридждің түлегі Альфред Маршалл болса алғаш рет шағын және орта бизнестегі иновациялық немесе қадамдардың және ең бастысы, осы кәсіпкерлердің өзіндік эктикасына қатысты бірсыпыра тың ойлар айтады. Сөйтсе тұра, ірі “бизнес акулаларының ” аяқтан шалуы мен түрлі монополиялық әлімжеттіліктеріне қарамастан, нақ осы капитализмнің - кәсіпкерліктің рухани қайнар көзі бола отырып, шағын және орта бизнестің гүлденуіне елеулі ықпал жасайтындығын ойдан шығармаған жөн.

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниенің экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салаларының бірі. Осы тұрғыда қазақстандық шағын және орта бизнес пен шетелдік тәжірибелер тоқталып кетейік. Мәселе желісін Қазақстан экономикасының құрылымдық өзгерістеріне қатысты стратегиялық мәселелерден бастаған жөн.


1. 2. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің жағдайы.

Қазақстан Республикасының экономикасы да әйгілі “500 күн тәріздес (нақ сондай болмаса да соған ұқсас) экономиканы тұрақтандырудың монетарлық тұғырнамаларынан (концепция) бастап, “макроэкономикалық тұрақтандыруға” дейінгі талай тар жол, тайғақ кешулерді басынан кешірді. Ал сайып келгенде, экономикадағы құрылымдық қайта құру яки өзгеріс атаулылар инвестициялық саясатқа бейімделгені жөн. Екіншіден, экономикадағы құрылымдық өзгерістер үш мәселені қатты ескеруі тиіс:

а) бірінші кезектегі қажеттіліктермен қамтамасыз ету (тамақ, киім, тұрғын үй яки баспана, дәрі - дәрмек) ;

ә) жұмыссыздықпен күрес;

б) шағын және орта бизнеске қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру.

Аталмыш мәселелерді шешу арқылы елдің экономикалық және саяси- әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Біздің пікірімізше, алдыңғы “а” және “ә” принциптерін шешу үшін соңғы “б” принципіне мемлекет тарапынан айрықша ықылас пен назар ауадай қажет. ґкінішке орай, “макроэкономикалық тұрақтылыққа” барлық күш - жігерін төккен біздің үкімет ертеңгі ісі оңға басқан орта таптың базалық негізі боп табылатын - шағын және орта бизнестің болашақ қуатын енді ғана сезіне бастаған секілді. “Ештен - кеш жақсы”. Енді осы саладағы қайсыбірөзекті - ау дейтіндей түйіндерге тоқталсақ дейміз.

Үстіміздегі жылдың бірінші қазанындағы мәлімет бойынша облыстағы 5600 тіркелген кәсіпорындар заңды тұлғалар, сондай -ақ 49728 шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлердің барлығын қосқанда 198500 адам еңбек етеді. Бұлардың өндірген өнімдері, көрсеткен қызмет ауқымы 33, 8 млрд. теңгені құрайды. Жобалы салық түсімі 1, 9 млрд. теңге. Бұл сандар арқылы өндірілетін өнім ауқымын көреміз. Әрі өнім сапалылығы таразыланады.

2. Шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар

2. 1. Шағын және орта бизнестегі проблемалар.

Қазақстан Републикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі - адамдардың рынокті қабылдауы, рынокті түсінуі, одан өз орнын табуы, десек болғандай. Адамдар өз еңбегінің нәтижесін көре бастады. Адам тек бизнеспен шұғылданғанда ғана өз тағдыры өз қолында екендігін сезінеді, тек бизнесте ғана нағыз кәсіп иелері тәрбиеленіп шығады. Әлемдік тәжірибеде де осыны дәлелдейді және рыноктың ірі кәсіпорындардың оңтайлы үйлесуін талап ететінін аңғартады.

Елімізде әлі де болса кәсіпкерліктің күрт өсуі байқалмайды. Кейінгі кезде “Жеке кәсіпкерлік туралы”, “Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы” сияқты жап - жақсы Заңдар қабылданды, Азаматтық кодекске де шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай тудыратындай бірталай өзгерстер енгізілді. Алайда, олардың бәрі де, тұтас алғанда, тиімді қызмет атқарып жатқан жоқ. Соның нәтижесінде еңбек рыногіндегі жағдай бұрынғыдай күрделі боп отыр. Жұмыссыздық көп, адамдардың әлеуметтік жағдайы тұрақтандырылған жоқ, инфлияция да (ақшаның құнсыздануы да) сақталуда. Мұның бәрінің себептері әралуан.

2001 - 2002 жылдары шағын және орта дамыту мен оған қолдау көрсету жөніндегі жаңа бағдарламалар жасалды. Алматыда қалалық әкімшілік осы жұмысқа кірісіп, тиісті жұмыс тобы мен комиссия құрылған. Онымен әкімшіліктің шағын кәсіпкерлік жөнінлегі департаменті, табиғи монополияны реттеу жөніндегі департаменті шұғылданды.

Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамытуға бөгет болып отырған және алдағы уақытта жасалатын бағдарламаларда өз шешімін табуға тиісті мәселелер баршылық. Солардың бастысы ең шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы, материалдық және интеллектуалдық ресурстарға қолдарының жете бермейтіндігі, мүмкіндіктерінің шектеулігі.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін қажетті инфрақұрылымның нашар дамуы, оның ішінде ақпараттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.

Сонымен бірге отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайлардың шетел инвесторларына қарағанда баяу жасалуы, салық жөнінлегі заңдарының жетілмегендігі, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін салық жеңілдіктерінің болмауы, статистикалық, бухгалтерлік есептердің күрделілігі кәсіпкерлер үшін қолға байлау сияқты. Әрине, осының бәрі де қайта қаралуын, түзетілуін, жетілдіруін қажет етеді.

2. 2. Шағын және орта бизнесті дамытудың нақты шаралары.

Осы аталған және басқа да мәселелерді бірнеше топқа бөлелік.

Біріншісі топтағы ең үлкен мәселе - қабылданған заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асырудың тетіктерінің жоқтығы, соның салдарынан олардың көбі қағаз жүзінде қалып отыр. Мұның шешімі былай болуы қажет: кәсіпкерлік жайлы қабылданған қандай да болмасын жарлықтың, заңның, қаулының орындалуы биліктің ең жоғары баспалдағынан ең төменгісіне дейін, мәселен, республика үкметінен селолық әкімге дейін бақылауға алынып, талдау жасалып отырылуы тиіс. Заңдар мен заңды құжаттардың орындалуы қатаң бақылауда болуы керек. Мысалға, Әділет министрлігінің жергілікті басқармалары, салық комитеттері, статистика органдары “Шағын кәсіпкерлікке қолдау туралы” Заңның орындалуы үшін нақты қандай іс- әрекет атқарып отырғанын алып қарасақ, біз осы аталған мекемелерде бұл жөнінде ешқандай іс - шаралар белгіленбегенін, мардымды ештеңе атқарылып жатпағандығының куәсі болар едік. Осы айтылғандар алдағы уақытта шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жасалмақ тиіс мәселерінің біріншісі және үлкен бөлігі болуға тиіс. Бұл үшін аудандық, қалалық әкімшіліктерге осы уақытқа дейін шағын кәсіпкерліктідамыту үшін нақты не істелінді, не істелінбеді, алдағы уақытта нелер істелуге тиіс екені айқындалуға тиіс. Осы тұрғыда әр деңгейдегі әкімшіліктердегі әрбір құрылымдық бөлімдер нақтылы қандай істер атқаруы керектігі анықталуы керек.

Елдің көбін бүгінде алаңдатып отырған екінші мәселе - ол салық кодексі. Оның жобасы жөнінде баспасөзде жазыла бастады. Әр түрлі жиындарда, мәжілістерде әралуан пікірлер де айтылып жатыр. Мына мәселені шешкен дұрыс. Јґз ісін жаңа бастамақшы болған кәсіпкерлерге салық жеңілдігін жасау керек. 1993 және 1994 жылдары өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер алғашқы екі жыл бойы таза пайдаға төленетін салықтан босатылатын еді. Бұл кәсіпкерліктің дамуына, оның тез өсуіне жағдай тудырды. 1995 жылы бұл тәжірибе жойылды. Мұның өзі адамның өз бизнесін бастау үшін жұмсаған бастапқы капиталы оның алға қойған түпкі мақсатына тезірек және түбегейлі жетуі мүмкіндігін азайтады. Кәсіпкерлерге қосымша қаржы табу керек, ал бүгінгі күні оларға несие немесе грант алу өте күрделі іс, ол үшін кепіл ретінде үлкен қаражат қажет. Сондықтан да қабылданбақсалық кодексінде немесе арнайы қабылданған заңда істі жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге арнайы салық жеңілдігі берілуге тиіс. Осындай жағдайда кәсіпкерлердің саны тез өсетітіне және олардың сапасы да, дейгейі де көтерілетініне үміт зор. Бүгінде республикада 80 мыңнан астам кәсіпкерлердің өз ісін тіркеткенімен жұмысын бастай алмай отырғанының басты себебі - осы жеңілдіктің жоқтығынан. Олардың кәсіпорындары тіркеуден өткен, бірақ іске кіріспеген статистика және салық органдарына есеп бермейді, салық төлемейді. Ал енді бірен - сараны бизнеспен шұғылданып жүруі де мүмкін, онда олар көлеңкелі бизнеске жатады. Сондай - ақ, ондаған мың адам жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады, бірақ, олар тиісті органдардан өз қызметіне лицензия да, патент те алмайды. Бұл бүгінде орын алып отырған көрініс, сондықтан өмір шындығын көре білуге тиіспіз.

3. Қазақстандық шағын және орта бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі.

Қазақстандық шағын және орта бизнес пен шетелдік тәжірибелер хақындағы пікірімізді “жаңа қазақстандық менталитетке” қатысты “күтпеген”, әрі тосын да тың ойлардан бастамақпыз. Оның басты себебі Батыстың немесе Шығыстың дамыған елдерімен салыстырғанда бізде әлі күнге дейін шағын және орта бизнестің “философиясы ” мен өзіндік “идеясы” жоқ. Қазақ бизнесінің философиясы тақырыбына қалам тартып жүрген А. Ысқақов деген қазақстандық автордың пікірінше: “Қазақ бизнесінің философиясы дегеніміз - шексіз құнығу, сән - салтанат пен тәтті және әдемі өмір сүру, бет - пердесі айқара ашылған индивидуализм немесе жеке бас қамы” Егер біздер бүгінгі қоғамымызға жаппай етек алып отырған “қалың - бұқаралық ” шоу - мәдениет пен оның түбірлі тірегі - аса индустриалды американдық нарықтық өркениетті және оған қоса “батыстық рационализм” мен жеке басты күйттейтін “жаңа бағдарламалық модельдер” жиынтығын ойға ала кеткен жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық даму негізі
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Мемлекеттік мекеменің қызметі туралы қысқаша ақпарат
Шағын бизнестің Қазақстанда қалыптасуы, дамуы
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
Туризм индустриясындағы бизнес жоспардың мән – мазмұны мен ерекшіліктері
Ұсақ бизнес: мән – мазмұны, ерекшеліктері
Шағын бизнестің: мән – мазмұны, ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің даму проблемалары және шешу жолдары
Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz