Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі


Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан нарығында қаржы делдалдығы қызметін атқаратын қаржы институттарының желісі де қалыптасады. Бұл жүйедегі маңызды орынды банктер алады. Банк - ҚР-ның заңдарына сәйкес депозиттік, кассалық, аударым, есепке алу, ссудалық және т. б. операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктің анықтамасынан көріп отырғанымыздай оның негізгі тағайымы-ақша қаражаттарының несие берушілерден қарыз алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға өтуіндегі делдалдық. Банктермен қатар рыноктарда ақша қаражаттарының алмасуын өзге де қаржы және несие мекемелері: инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т. б. жүзеге асырады. Бірақ қаржы нарығының субъектісі ретінде банктердің екі негізгі ерекшелейтін белгілері бар:
Қарыздық міндеттемелердің екілік айырбасы яғни олар өздерінің жеке қарыздық міндеттемелерін (депозиттерін, жинақтаушы сертификаттарын т. б. ) орналастырады, ал осы негізде жұмылдырған қаражаттарды басқалар шығарған қарыздық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға орналастырды. Қаржы нарығында қызметін өзінің қарыздық міндеттемелерін шығармай жүзеге асыратын қаржы брокерлері мен дилерлерінен банктерді міне осы ерекшелейді.
Заңды және жеке тұлғалардың алдында өзіне қарыз сомасы бекітілген шартсыз міндеттемелер алу. Бұл мәселеге клиент қаражаттарын шарттарға және салымдарға орналастыру кезінде депозиттік сертификаттар шығару кезінде және т. б. көрініс табады. Бұл банктерді ресурстарын өз акцияларын шығару негізінде жұмылдыратын әр түрлі инвестициялық қорлардан ажыратады. Қарыз сомасы бойынша белгіленген міндеттемелерде банк үшін едәуір тәуекел болады, өйткені олар ештеңеге қарамастан толық көлемде төленуі тиіс, ал инвестицтялық қор оның активтері мен пассивтері құнының өзгеруімен байланысты барлық тәуекелдерді өзінің акционерлері арасында бөледі.
Жаңа міндеттемелерді туындату және оларды басқа контрагенттердің міндеттемелеріне алмастыруымен байланысты бұл процестің түгелі банктің қаржы делдалдығының негізін құрайды. Осы секілді трансформация нарықтық экономикада ерекше маңызды. Ол ұсынылатын және талап етілетін сомалардың, мерзімдердің, табыстылықтың т. б. сай келмеуінен пайда болатын жинақтаушылар мен қарыз алушылардың арасындағы тікелей қарым-қатынастың қиындықтарын өткеруге мүмкіндік береді.
Банктердің ерекшеліктеріне байланысты оларды негізгі екі түрге бөлуге болады: эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық банктер - ақша белгілерін айналымға шығаруға деген айрықша құқыққа ие болған орталық банктер. Әртүрлі елдерде оларды ұлттық, халықтық, резервтік деп атайды. Қазақстанда - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Ұлттық Банктің басты міндеті айналымға ақша шығару, банктер арасында ақша тауарын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысушылық қызметін басқару болып табылады. Ол еліміздің банк жүйесінің ең жоғарғы деңгейі.
Эмиссиялық банк ешбір басқа банктердің бірігуіне иелік ете алмайтындай ірі көлемдегі қаражатқа иелік етеді. Бұл оған барлық басқа банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметіне басшылық етуге мүмкіндік береді. Барлық қалған банктер эмиссиялық емес, өйткені айналымға ақша шығаруға құқылы емес.
Ұлттық Банктің негізгі қызметтеріне келесілер жатады:
- Эмиссиялық қызмет - бұл орталық банктің неғұрлым маңызды қызметтерінің бірі. Қазіргі заманда қолма-қол ақша қолма-қолсыз ақшаға қарағанда маңызды болмаса да банкноттық эмиссия өз мәнін сақтайды, өйткені қолма-қол ақша баяғыдай төлемдердің едәуір бөлігі үшін және қарыздық міндеттемені толық өтеу қаражатын иеленуі тиіс несие жүйесінің өтемпаздығын қамтамасыз ету үшін қажет.
- Аккумуляциялау және коммерциялық банктер үшін кассалық резервтер сақтау қызметі, бұл дегеніміз ұлттық несие жүйесінің қатысушысы болғандықтан әрбір коммерциялық банк Ұлттық Банктің резервтік шотында өз салымының мөлшеріне белгілі бір арақатынаста болатын соманы сақтауға міндетті.
- Дәстүрлі қызмет - елдің ресми алтын-валюта резервтерін сақтау.
- Несие беру және үкіметтік органдар үшін есеп айырысу операцияларын орындау. Мемлекеттік бюджетте елдің ЖІӨ-ң жартысына дейінгі және одан да көп бөлігі шоғырланады. Бұл қаражаттар Ұлттық Банктегі шоттарда жинақталады және олардан жұмсалады. Сондықтан Ұлттық Банк үкіметтік мекемелер мен ұйымдардың, жергілікті билік органдарының есеп шотын жүргізеді, осы шоттарға қаражаттарды шоғырландырып, төлемдерді солардан жүргізеді.
- Мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.
- Тікелей қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ссудалар мен мемлекеттік облигацияларды сатып алу формасында мемлекетке несие беру.
- Үкіметтік органдардың тапсырысы бойынша алтын және шетел валютасымен операциялар жүргізу.
- Ақша саясатының (ең алдымен ақша массасының өзгеруін реттейді) және несие саясаты (кредит көлемін, пайыздық ставкалардың деңгейін және ссудалық капитал нарығының өзге де көрсеткіштерін реттеуге бағытталған) іс шараларының жиынтығын білдіретін ақша-несие саясатын жүзеге асыру.
Коммерциялық банктер өнеркәсіптік, сауда және т. б. кәсіпорындарды негізінен өздері салымдар түрінде алатын ақша капиталдары есебінен несиелеу бойынша әмбебап операцияларды жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік банктер болып табылады.
Коммерциялық банктер қызметіне мыналар жатады:
- мерзімсіз депозиттерді шоғырландыру (ағымдағы шоттарды жүргізу) және осы банктерге жазып берілген чектерді төлеу;
- кәсіпкерлерге несие беру;
- барлық ұлттық шаруашылықтар масштабында есеп айырысуды жүзеге асыру және төлем айналымын ұйымдастыру және т. б.
Коммерциялық Банк - шаруашылық есеп айырысу негізінде қызмет ететін заңды тұлға болып табылатын дербес шаруашылық субъект. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, құрылыс, көлік және байланысқа қарағанда банктер өндіріс сферасында емес, айырбас сферасында қызмет етеді. Олар ресурстарды тартады, несие береді, яғни қайта бөлу сферасында қызмет етеді, тауарлар айырбасына септігін тигізеді.
Банктер орындайтын қызметтердің көлеміне қарай әмбебап және мамандандырылған коммерциялық банктер болады.
Әмбебап коммерциялық банктер - бұл көптеген қаржы операциялары мен қызметтерін орындайтын несие мекемелері. Бүгінгі таңда коммерциялық банк өз клиенттеріне 200-ге дейінгі алуан түрлі өнімдер мен қызметтерді ұсынуға қабілетті. Мұндай кең ауқымды операциялардың болуы коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтауға және қолайсыз конъюктура жағдайында да табысты болуына мүмкіндік береді.
Мамандандырылған банктер - банктің бір немесе бірнеше қызметтерін орындайтын, сондай-ақ өз қызметін белгілі бір экономика сферасында жүзеге асыратын несие мекемесі.
Функционалдық мамандандыру негізінде банктерді: инвестициялық, иннновациялық, ипотекалық деп бөлуге болады.
Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімді ссудалар беруге және ұзақ мерзімге соның ішінде облигациялық заемдар, акциялар мен өзге де бағалы қағаздарды шығару арқылы ақша қаражатын шоғырландыру ісіне маманданды. Көбіне-көп инвестициялық банктер ұзақ мерзімді салымдарға қаражаты жеткіліксіз кәсіпорындар мен ұзақ мерзімге қаражат салатын салымшылар арасындағы делдалдық мекемені білдіреді. Инновациялық банктер бұл да инвестициялық банктер, бірақ та тек технологиялық жаңалықтарды (инновацияны) жасау мен игеруді несиелейді.
Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала тоырып ұзақ мерзімдік негізде қаражаттарды тарту мен орналастыру жөніндегі несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктердің пассивінде едәуір үлесті ипотекалық облигациялар, акциялар мен бағалы қағаздар құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz