Билер соты


Билер соты
Қарама-қайшылығы мол бүгінгі күннің жұмбағы шешілмеген, түйіні табылмай келе жатқан түйткіл сұрақтарының бір ұшы, бір емес-ау, сан ұштығы өткен уақыттың - тарих атты тарпаң тағылымның тар жол тайғақ кешулі қойнауларында қалып отырғанын түйсінетін де шаққа жеткенімізге шүкіршілік еткендейміз.
Ғасырлар бойғы өлі ұйқысынан оянып, дүр сілкіне басын көтеріп, жаңара жанданудың табиғи болмыстық сара жолына түскен бүкіл қоғамдық сананың сан салалы тармақтарының бірі тарихи таным десек, заманның күрделі де күрмеулі даму процесстерін бастан өткерген қазақ халқының бүгінгі сана-сезімінің күрт жоғары өрлеп мейлінше өрлеп өркендей бастағаны да рухани және әлеуметтік заңдылық. Ел егемендігімен - ел, ұлт - ұя-мекен жерімен тағдыр талайлы тілімен әрі ділімен ұлт. Халық - тылсымды тұнық тарихымен халық. Білгісі келгенге тауға ұмтылған жанға тарих - таусылмас қазына, сарқалмас байлық, қызығы мен құпиясы қатар өрілген жанды өмір, өзінше тоңданып тылсым жатқан дүние.
Тарих өз бойына адам баласын өткен уақыттардағы рухани өмірінің барлық мәдени құндылықтарын жинақтайтын ғылым саласы болып табылады. Мәдени дамудың күнделікті, тәжірибелік болмысын білдыре отырып ол белгілі бір дәрежеде өткен күннің мұрасын, сол арқылы бүгінгі күннің жемісі мен жетістіктерін дұрыс бағалай білуге жол ашады. Олай болса, тарихтың өзі тәлімгерлік қасиетке ие. өткеніміздің бүгінімізге, бүгініміздің ертеңімізге қалдырғаны мен қалдырары ұшан теңіз . . . Біздің және біздің ұрпақтарымыздың мойнындағы парыздың үлкені осы бір ен дәулетті игере білу.
Дүние жүзі елдері мен мемлекеттерінің тарихи тәжірибесі көрсетіп отырғандай қоғамның ірге тасты негіздерінің тнбегейлі түрде өзгеруіне соқтыратын сапалық өзгерістер тұсында халықтың алдынан өзінің болшақ даму бағытын айқындау міндеті көлденең тартылатына бар. Мұншалықты құрылымдық өзгерістер қашанда халықтың ұлттың өз тарихына материалдық және рухани мәдениет үлгілері мен дәстүр үрдістеріне, өркениетті елдер қатарына алатын орны мен үлесіне, бір сөзбен айтқанда өз тарихи тағдырына деген ерекше ықыласын туғызаты анық. Сол себепті де тарихи танымға деген соңғы уақытта орын алып отырған жаппай ұмтылыс тіпті де кездейсоқ емес десек, дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты тәрізді әлеуметтік табиғаты күрделі құбылыс осындай мәселердің қатарына жатады.
Қазақ халқының тарихында билер институтының маңызы өте зор болып келген. Себебі, мемлекеттің саяси және әлеуметтік құрылымың ғұрыптық құқық негізінде жүзеге асырылуын қамтаамасыз етуші бірден бір әлеуметтік құрылым ретінде билер институты қоғамдық күштердің ара салмағын теңдестіруші тетік рөлін атқара отырып, қоғам дамуындағы бүкіл саяси-әлеуметтік қарым қатынастарды реттеп отырған. Сонымен бірге, қазақ қоғамындапғы билер институтының ерекшелігі оның мемлекеттік басқару институттарымен тығыз байланыс әкеліп, билеушілер мен бұқара халықтың белгілі бір саяси әлеуметтік құндылықтар төңірегінде топтасуын қамтамасыз етумен айқындала алады. Яғни, билер институтының дәстүрлі қазақ қоғамындағы тарихи қызметі негізгі үш саланы қамтыған деуге толық негіз бар:
- қоғам ішіндегі көлбеу қарым қатынастарды реттеуші әлеуметтік құрал - бұл билер институтының әлеуметтік өлшемі;
- қоғам мен оның мемлекеттік жүйесі арасындағы жоғарлы-төменді қарым қатынастарды реттеуші саяси құрал - бұл билер институтынң саяси өлшемі;
- қоғамның дәстүрлі рухани мәдениетін сақтауды, жаңғыртуды және одан әрі дамуды қамтамасыз етуші мәдени және рухани құрал - бұ билер институтының идеологиялық өлшемі.
Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты көшпелі қоғам жағдайындағы сонау ерте замандардан бас алатын ғұрыптық сот билігінің бүкіл тарихи тәжірибесінің жинақталып, саяси әлеуметтік тиімділігі барынша жетілдірілген түрі болып табылады. Алайда, аталған кезеңдегі билер институты тек қана ғұрып құқығы мен әдет заңдарына ғана емес, сонымен қатар белгілі бір дәрежеде жазба құқықтық жүйеге келтірілген билік шешімдері үлгілеріне арқа сүйеген құқықтық институт деңгейінен көріне алады. Ал патша үкіметінің қазақ даласына кеңінен жүргізе бастаған саяси әкімшілік реформалар жайдайында билер интситуты негізінен сырттан танылған, қазақ қоғамының саяси әлеуметтік психологиясына жат құүқықтық нормаларға балама тұжырымдар ұсыну және көп ретте өз пікірімен саансуға мәжбүр ету арқылы қазақтың дәстүрлі құқықтық сана сезімін сақтауға, дамытуға ұмтылған-ды.
Олай болса, еліміз өз тәуелсіздігін алған жылдар ішінде қалптасып отырған саяси әлеуметтік және мәдени рухани хал ахуалдан байқайтынымыз сол, қазірге заманға сай мемлекеттік жүйе мен саяси мәдениетті қалыптастыру барысында қазақ қоғамының кейбір жекелеген дәстүрлі құрылымдарын жаңғыртып, күн талабына сай бейімдеу аса қажеттілікке айналып отыр және мұның нақты мысалдары да жоқ емес.
Қазақ қоғамының дәстүрлі саяси-әлеуметтік құрылымдарының қазіргі қатйта жаңғыра бастау құбылысынан олардың тарихи тамыры мен қоғамдық табиғатыезерттеуді тереңдету талабы туындайды.
Аталмыш жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақтан аумағын мекендеген, экономикасы мал шаруашылығына негізделген ерте және кейінгі орта ғасырлардағы көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдардың өркениеттілік ерекшеліктерін қолдау арқылы қазақ қоғамындағы оның ішінде XVIII ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институтының пайда болу, қалыптасу кезеңдерңн, оның әлеуметтік табиғаты мен саяси құрылымын, қоғамдық мәртебе деңгейін айқындау. Бұл ретте баса назар аударарлық мәселелер қатарына терең талдауды талап ететін мынандай күрделі міндеттерді жақызуға болады:
- Көшпелі қоғамдарға қатысты теорилық тұжырымдамаларды талдау негізінде көшпелі қоғамдардын, оның ішінде қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын зерттеудің басты-басты әдіснамалық ұстанымдарын тиянақтау;
- Жинақтаған тарихи материалдарға сүйене отырып билер институтына деген қоғамдық қажеттіліетердің ішкі мәнін ашу;
- Билер институтының қоғамдық және әлеуметтік даму үрдісіне тигізген әсері мен ықпалын айқындау;
- Билер институтының шынайы тарихи үрдісі барысындағы әлеуметтік құбылмалылығы мен қоғамдық бейімделу икемделу құбылысын зерттеу;
- Билер институтының XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік қарым-қатынастардағы рөлін анықтау.
- Билер институтының XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы саяси, әлеуметтік, рухани және идеологиялық қызметтерінің ара жігін ажырата жіктеу.
... жалғасыӨз кезегінде аталмыш мәселерді шешуге ең алдымен еөшпелі қоғамдар мен қазақ қоғамының өркениеттілік ерекшеліктерін талдау арқылы, оның дәстүрлі әлеуметтік құрылымының біртұтас қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін айқындау, сонымен қатар, қазақ қоғамында аса маңызды саяси, әлеуметтік және рухани рөл атқарға билер институтын өз алдына жеке әлеуметтік құрылым ретінде қарастыру оның тарихи эволюциясына шолу жасау, саяси, әлеуметтік және идеологиялық қызметтерін жіктеу, кеңес дәуіріне тән таптық идеологиялық догматизм жағдайында феодалдық құрылыстың кертартпа қалдығы деп бұқара халыққа қарсы қойылып келген дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер жекелеген өкілдерінің қоғамдық жасампаздық, ағартушылық және руханишыл сипатына баға беру арқылы қол жеткізе аламыз.
Мәселенің тарихнамасы. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты мәселесі революцияға дейінгі авторлар болсын қандай да бір арнайы зерттеу тақырыбы ретінде қарастырылмаса да, аталмыш мәселе жанама түрде көтерілген еңбектер баршылық. Бұл ретте тарихшылар қазақ қоғамындағы билер туралы шағын болса да өте бағалы пікірлер жазып қалдырған Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа көп борыштар. Қазіргі күні Ш. Уәлихановтың қазақ қоғамындағы билер институты хақындағы құнды тұжырымдары бұл мәселені одан әрі зерттеушілер үшін аса маңызды әдіснамалық негіздеме болып табылады десек артық айтқандық емес. Ең бастысы, Шоқан көтеріліп отырған мәселенің қоғамдық маңызын сол уақыттың өзінде-ақ айқындап берген болатын: «Если 40-летнее русское владычество, внесшее много совершенно новых элементов в общественную жизнь киргизского народа, не имела никакого влияния на древний киргизский суд биев, если суд этот мог устоять против неблагоприятных условий русского законодательства . . . , ясно, что он вполне удовлетворяет настоящему развитию киргизского народа» .
Қазақ даласының Ресей империясының қол астына қарауына байланысты, XVIII ғасырда қазақ өлкесіне орыс оқымысты шенеуніктері көптеп келе бастағаны белгілі. XIX ғасырдағы дала өлкесінің жалпы жағдайы, қазақ халқының арғы-бергі тарихы, шаруашылығы мен әлеуметтік- саяси хал-ахуалы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі жайыда бірқатар құнды пайымдаулар қалдырған А. И. Левшин, Н. П. Рычков, Н. И. Гродеков, Д'Андре, И. А. Козлов, Л. Ф. Баллюзек өз жазбаларында негізінен сол Шоқан еңбектеріне сүйенген.
Аталмыш орыс шенеуніктерінің жазбалары қазақ халқының әлеуметтік және этностық тарихын зерттеумен айналысқан революцияға дейінгі шығыстанушылар мен ориенталистер еңбектерінің үрдісінде, этнографиялық мәліметтерді жинақтау мен сипаттаудан аса алмай, фактілік материалдарды эмпириялық тұрғыдан тіркеумен ған шектеледі. Десек те, аталмыш авторлардың жазбалары қазақтың дәстүрлі материалдық және рухани мәдениетінің атрибуттық сипаттамасын беру арқылы белгілі бір бағыттамалық құндылыққа ие. Мысалы, қазақтың тұңғыш Ата Заңы іспетті «Жеті жарғы» ескерткішінің Г. Спаскийден кейінгі барынша толық нұсқасын алғашқы болып келтіретін А. Левшин би институтының кей кезеңдерде хан институтынан да үстем түсіп отырғандығын айтса, Н. П. Рычков бидің беделі ол шыққан ру немесе тайпаның саны мен күш-қуатына тәуелді деп көрсету арқылы, жалпы би институтын қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымына тығыз байланысты қарастыру қажеттігін негіздейді. Осыған ұқсас пікірді А. Добросмысловтың да қайталайтыны да бар. Ал Н. Гродеков болса, кейбір елеулі дейтіндей емес қылмыстардың билер құзырына кірмейтінін, оның есесіне «биге тілі тигендердің» жауапқа тартылатынын сөз етеді.
1846 жылы қазақ даласына келіп, жергілікті халықтың әдет-ғұрып құқығына байланысты материалдар жинаған айрықша тапсырмалар шенеунігі Д'Андре, Торғай облысының губернаторы болған Л. Ф. Баллюзек, Ақмола облыстық басқармасы статистика бөлімінің хатшысы И. А. Козлов тәрізді Ресей әкімшілік өкілдері жазбаларының құндылығы сонда, олар елге танымал би, батыр, ақсақалдардың өз аузынан жазып алынған, би институтының тәжірибелік қырына көңіл аудару арқылы түрлі әлеуметтік топтардың қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындауға тырысады.
Патшалық Ресейдің XIX ғасырдағы шенеунігі Д'Андренің қазақ даласын зерттеген жазбаларынан
Билер жөнінде.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz