Конституциялық бақылау нысандары



Конституциялық бақылау институты айтарлықтай өзіндік ерекшелігімен сипатталады: ол үнемі құқықтың және заңдардың негізгі қайнар көзі негізгі заңға немесе қандай-да болсын айрықша жағдайларға түсініктеме берумен байланысты. Мемлекеттік өкіметтің басқа мекемелерімен салыстыратын болсақ, конституциялық бақылаудың арнайы органдары мемлекет пен қоғамдағы констиуциялық заңдылықты қорғау және қамтамасыз етуге бағытталған арнайы құзыретті жүзеге асырады.
Дүние жүзінің барлық елдерінде кеңінен тарай отырып, ол, парламеттік емес конституциялық бақылау мекемелерінің жүйесі, мемлекеттік өкімет механизміндегі өзінің құзыры мен рөлінің сипаты бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар, 4 мемлекеттік топтарға бөліне алады, олар:

1. заңдардың конституцияға сәйкестігін тексеруді төменнен жоғары деңгейге дейінгі барлық сот орындары жүзеге асыратын елдер (АҚШ, Дания, Мексика).
2. аталмыш істі тек Жоғарғы Сот жүзеге асыратын елдер (Австралия, Үндістан, Ирландия).
3. арнайы конституциялық соттар құрылған және қызметін атқарып жатқан елдер (ГФР, Австрия, Ресей).
4. конституциялық кеңестер немесе палата түріндегі конституциялық бақылаудың аранайы квазисоттық мекемелерін құрған елдер (Франция, Қазақстан, Марокко).
Жалпы сыныптама жүргізсек, конституциялық бақылаудың негізгі екі нысанын бөліп көрсетуге болады. Олар: американдық және европалық. Американдық жүйеде – дау-дамай тууының негізгі болып отырған, заңның немесе басқа да нормативтік актінің конституцияға сай келетіндігі туралы мәселені кез келген сот орыны көтере алады (соттың конституциялық бақылау), ал европалықта – аталмыш мақсаттар үшін, жалпы юрисдикция соттары жүйесіне кірмейтін, мемлекеттік өкіметтің арнайы мекемелері құрылады (квазисоттық конституциялық бақылау). Аталмыш мекемелер арнай тек конституциялық бақылау қызметін жүзеге асырады.
Сот прецеденті негізінде қалыптасқан, американдық жүйенің негізгі ерекшелігі, ондағы жалпы юрисдикция соттарының барлығының конституциялық бақылауды жүргізе алуы. Конституциялық әділет, бұл жағдайда, жалпы әділ сот жүйесінен бөлініп алынбайды, себебі, шығу тегі әр түрлі істердің барлығын, бірдей жағдайларда, құқығы бірдей сот орындары қарайды. Кез-келген дау дамайлы істерде конституциялық мәселелер қозғалуы мүмкін және конституциялық мәселелер басқа мәселелерден айрықша бөліп қаралмайды.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ НЫСАНДАРЫ

Конституциялық бақылау институты айтарлықтай өзіндік ерекшелігімен
сипатталады: ол үнемі құқықтың және заңдардың негізгі қайнар көзі негізгі
заңға немесе қандай-да болсын айрықша жағдайларға түсініктеме берумен
байланысты. Мемлекеттік өкіметтің басқа мекемелерімен салыстыратын болсақ,
конституциялық бақылаудың арнайы органдары мемлекет пен қоғамдағы
констиуциялық заңдылықты қорғау және қамтамасыз етуге бағытталған арнайы
құзыретті жүзеге асырады.
Дүние жүзінің барлық елдерінде кеңінен тарай отырып, ол, парламеттік
емес конституциялық бақылау мекемелерінің жүйесі, мемлекеттік өкімет
механизміндегі өзінің құзыры мен рөлінің сипаты бойынша бір-бірінен
айырмашылығы бар, 4 мемлекеттік топтарға бөліне алады, олар:

1. заңдардың конституцияға сәйкестігін тексеруді төменнен жоғары деңгейге
дейінгі барлық сот орындары жүзеге асыратын елдер (АҚШ, Дания,
Мексика).
2. аталмыш істі тек Жоғарғы Сот жүзеге асыратын елдер (Австралия,
Үндістан, Ирландия).
3. арнайы конституциялық соттар құрылған және қызметін атқарып жатқан
елдер (ГФР, Австрия, Ресей).
4. конституциялық кеңестер немесе палата түріндегі конституциялық
бақылаудың аранайы квазисоттық мекемелерін құрған елдер (Франция,
Қазақстан, Марокко).
Жалпы сыныптама жүргізсек, конституциялық бақылаудың негізгі екі
нысанын бөліп көрсетуге болады. Олар: американдық және европалық.
Американдық жүйеде – дау-дамай тууының негізгі болып отырған, заңның немесе
басқа да нормативтік актінің конституцияға сай келетіндігі туралы мәселені
кез келген сот орыны көтере алады (соттың конституциялық бақылау), ал
европалықта – аталмыш мақсаттар үшін, жалпы юрисдикция соттары жүйесіне
кірмейтін, мемлекеттік өкіметтің арнайы мекемелері құрылады (квазисоттық
конституциялық бақылау). Аталмыш мекемелер арнай тек конституциялық бақылау
қызметін жүзеге асырады.
Сот прецеденті негізінде қалыптасқан, американдық жүйенің негізгі
ерекшелігі, ондағы жалпы юрисдикция соттарының барлығының конституциялық
бақылауды жүргізе алуы. Конституциялық әділет, бұл жағдайда, жалпы әділ сот
жүйесінен бөлініп алынбайды, себебі, шығу тегі әр түрлі істердің барлығын,
бірдей жағдайларда, құқығы бірдей сот орындары қарайды. Кез-келген дау
дамайлы істерде конституциялық мәселелер қозғалуы мүмкін және
конституциялық мәселелер басқа мәселелерден айрықша бөліп қаралмайды.
Осындай бақылау жүйесінің айрықша маңызын 1836 жылы А.Токвиль атап
өткен, ол: Американдықтар өздерінің соттарына орасан зор саяси билік
берді: бірақ, олар сот орындарына заңның күшін тек қана сот ісі арқылы
жоюды міндеттеп, аталмыш биліктен туындайтын қауіпті айтарлықтай азайтты.
Егер соттар, теориялық түсініктерін басшылыққа ала отырып, заңның күшін
жоюға бағытталған шексіз мүмкіндіктерді иеленсе, сондай-ақ бастамаларымен
заңдардың күшін жоя бастаса, олар бірден саяси аренаға шығар еді; олар
қандай да болсын партияның жақтасы немесе қарсыласы бола тұра, сол
партиялар арасындағы қақтығыстарды лажсыз сот процесінің негізіне
айналдырып жібереді. Алайда, сот қандай да болсын заңның дұрыстығын,
ешқандай нақты мақсатсыз, терең пікірталастар барысында жоққа шығарса,
қалың бұқара үшін осындай жоққа шығарудың маңызы болмайды. Бұл жағдайда
соттың шешімі тек жеке тұлғаның мүддесіне қатысты болады және ол заңдылыққа
кездейсоқ соққы жасалады.
Конституциялық құқықтық тәртіпті қорғаудың американдық моделі бірқатар
ерекшеліктерімен сипатталады. Ең алдымен, конституцияға сәйкестікті бақылау
жалпылық қамту сипатына ие. Оның бақылау объектілеріне заң шығарушы орган –
Конгерсс қабылдаған заңдар ғана емес, мемлекеттік өкімет органдары шығарған
басқа да нормативтік актілер жатады; нақты тұлғаның заңды мүддесін қорғауға
арналған кез келген істі қараған уақытта конституцияға сәйкестік мәселесі
қаралуы мүмкін; Конституцияға тікелей сілтеме жасалған істе ғана
конституция талаптарына сәйкестік қаралады, мысалы: егер дау-дамай кезінде
тараптардың бірі, қарсы тараптың талаптары конституциялыға сай келмейтін
нормаға сүйенген деп мәлімдесе, сот сол мәлімдеме туралы өзінің пікірін
айтуға тиіс және аталмыш шағым-талапқа қатысты мәселені әділ шешуге
міндетті; конституцияға сәйкестікті бақылау ісі салыстырмалы сипатқа да ие,
себебі сот шешімі дау-дамайға түсіп отырған тараптар үшін ғана міндетті, ал
құқық нормаларын қолданатын өзге субъектілердің қызметіне оның қатысы
болмайды. Заңдылық норманың конституцияға сәйкес келмейтіндігін мойындай
отыра, соттар сол норманың күші жоқ деп есептейді және шешім шығарар кезде
бұл жағдайды ескереді.
Соттық бақылауды ұйымдастырудың және өткізудің айтылып кеткен
ерекшеліктері осы елдегі барлық сот орындары үшін тән. Алайда нақты өмірде
аталмыш ерекшеліктер түрлі нысанда көрініс береді, себебі өз құзырларын
жүзеге асыру барысында феодалдық және штаттық соттар әр түрлі әрекет
жасайды, және олардың конституцияға сәйкестікті бақылау үшін сотты
тағайындау шектері мен әрекеттері әр түрлі болады. Лоуренс Фридман атап
кеткендей, конституциялық бақылаудың шектері пікірталас талқылысына түсіп
отыр. Ең алдымен, сот тарапынан жүргізілетін бақылау, қалың бұқараның
ниетін білдірмейді. Жоғарғы сотты ешкім сайламайды, сайлаушылар өздерін
басқаруды жүзеге асыратын сенаторларды, президенттерді сайлайды. Жоғарғы
сот не себепті өз өкілдеріне жүктеген қоғамның шешімдерін өзгертуі керек?
Рас, Конституция мемлекеттің негізгі заңы. Алайда, Жоғарғы Сот заңдарды
түсіндірумен ғана шектеледі деген пікірге тек ашықауыздар ғана сенеді.
Жоғарғы Сот жай түсініктемемен ғана шектелмейді: заңдардың мәтінімен
өрмекшінің торындай байланып жатқан (егер шынымен байланып жатса)
конституциялық доктринаны ойлап шығарады және оның ауқымын кеңейтеді. АҚШ-
та Конституцияға сәйкестікті бақылау ісін ең алдымен федералдық Жоғарғы Сот
жүзеге асырады және ол оның қызметінің дербес және негізгі бағыты болып
есептеледі, оның шешімін ешкім шағымдамайды. Тек Жоғарғы Сот қана Конгресс
немесе штаттың заң шығарушылар жиналысы қабылдаған заңның Конституция
талаптарына сай келетіндігін анықтау құқығына ие. Штаттардың әрқайсысына
берілген ақтық өкілеттіліктерге қарамастан, бақылау жүргізудегі негізгі
роль АҚШ Жоғарғы Сотының тоғыз судьясына жүктелген. Мысалы, өз шешімдерінің
бірінде аталмыш орган, 2000 жылдың қараша айында, Флорида штатында өткен
АҚШ Президентін сайлаудағы дауыс беру нәтижелерін шығарған кездегі, талас
тудыратын бюллетендерді қолмен есептеу процедурасын қате деп таныды, соның
арқасында республикалықтар мен демократтар арасындағы дау дамайларға соңғы
нүкте қойды. Өз шешімдерінде негізгі Заңның ережелеріне түсінік бере,
немесе, қандай да болсын актіні заңсыз деп тани отырып, Жоғарғы Сот саяси
процестерге белсене қатысады. Сот прецеденті негізінде қалыптасқан, Соттың,
елдің жоғарғы заң шығарушы орган – Конгресстің актілерін толығымен немесе
ішінара заңсыз деп тану құқығы, конституцияға қайшы келеді деген себеппен
заңдардың күшін тоқтатуға бағытталған сот практикасы жиілеуіне жол ашты,
сот шешімдерінің көпшілігінің саяси салдары да аз болған жоқ. 1936 жылға
салым, Жоғарғы Сот үкімет бағдарламалары мен әрекеттерінің барлығына
тосқауыл қойды. Конституцияға сай келмейді деп жарияланған заңдардың саны
АҚШ тарихындағы шекті деңгейіне жетті. 30-шы жылдардың басында Консгресстің
13 заң жобасын кері қайтарып, Сот Ф.Рузвельттің Жаңа бағытына тосқауыл
қойды, ол бағыт Сот пікірін өзгерткеннен кейін, және Президент Сот құрамына
өзінің пікірімен келісетін заңгерлерді сайлануына қол жеткізгеннен кейін
ғана, яғни, 1937 жылдан кейін өз жемісін берді (С.В.Боботов, Конституциялық
Әділеттік., М., 1994. 38-39 беттер). Сондықтан, Жоғарғы Соттың, билікті
бөлу жүйесінде тек құқықты іздеумен айналысатын, және оны нақты істер мен
даудамайлар кезінде қолданатын, құқықтық институт ретіндегі кейпі бос сөз
болып көрінді. С.Егоров атап өткендей, саяси аспектілерін қоса қарайтын
болсақ, америкалық конституционализмнің даму прктикасы, көп жағдайда,
өкіметтің сот тармағы, ең алдымен Жоғарғы Сотта конституциялық сипаттағы
нақты істер бойынша шығарған сот шешімдері негізінде қалыптасатын
конституциялық құқықтың дамуымен байланысты болып табылады. Сондықтан,
конституциялық құқық американдық конституционализмнің саяси-заңдылық
көрінісі болды, ал көптеген конституциялық институттар, саяси-құқықтық
принциптер мен доктриналар – сот орындарының конституциялық мәселелер
бойынша шығарылған шешімдері түрінде көрініс тапты.
Конституциялық құрылысты қорғаудың американдық принципі, басқа
мемлекеттердің де конституцияны қорғау процедураларына әсерін тигізді.
Осыған орай, американдықтардың тәжрибесі көптеген елдер үшін теориялық
тұрғыдан алсақ та, практикалық тұрғыдан алсақ та зор мәнге ие болды.
Алайда, бұл модель сол қалпында еш жерде қабылданға жоқ. Құқықтық жүйе
сипатының өзі конституцияны сот жүзінде қорғауға алуан жол салатын Британ
қауымдастығының ағылшын тілді елдерінде (Канада, Австралия), конституцияны
қорғау ісі бастапқы кезде ағылшындық Құпия Кеңестің сот практикасының әсері
негізінде қалыптастырылды. 1982 жылы британ парламенті қабылдаған
Конституциялық акт: Канада Конституциясы елдің ең жоғарғы заңы, сол себепті
оған сай келмейтін кез-келген заң заңдылық күшіне ие болмайды, және
қолдануға жатпайды деп жариялады. Канада Конституциясын бірнеше заңдылық
актілер қалыптастырады. Олардың ішіндегі ен маңыздылары: 1774 жылғы Квебек
заңы, 1791 жылғы Конституциялық заң, 1867 жылғы Британдық Солтүстік Америка
туралы заң, 1982 жылғы Конституциялық заң. Егер аталмыш актілер реттеп
отыратын мәселелер тобын қарастыратын болсақ, конституциялық реттеу
шеңберінен маңызды институттардың бірқатарының, атап айтақанда, азаматтық,
конституциялық бақылау және тағы да басқа институттардың тыс қалғанын
байқаймыз.
Кейбір елдерде конституцияға сәйкестікті тексеру құқығына, тек Жоғарғы
соттар ғана ие, сол елдердің Жоғарғы соттары нақты істі қараған уақытта
емес, оларға өтініш түскен кезде ғана конституциялық бақылауды жүргізеді
(АҚШ-тан айырмашылығы осында). Мысалы, Ирландияның Жоғарғы соты заң
ережелерінің Конституцияға қайшы келуі туралы істерді Президент талап
еткенде ғана қозғай алады. Дау-дамай туғызып отырған заң жобасын
қарастырған уақытта сол заң жобасына қол қою процедурасы кейінге
қалдырылды.
Соныменен, соттың конституциялық бақылау-мемлекеттегі заңдар мен басқа
да құқықтық актілердің ел Конституциясына сәйкес келу-келмеуін бақылайтын,
барлық сот мекемелері қызметінің жиынтығын құрайды. Конституциялық құқық
курстарының бірінде, осыған қатысты: Жоғарғы Соттың билігі конституцияға
сәйкестік мәселесін анықтайды, сол себепті мемлекеттік биліктің басқа да
тармақтары қабылдаған актілердің әрекеттілігі, американдық басқару
нысанының фундаменттік институты ретінде нық қалыптасты деп айтылған еді.
Европалық модель біршама өзгешелікке ие, оларда жалпы сот жүйелеріне
кірмейтін, аранайы, тәуелсіз мемлекеттік билік органдары – конституциялық
соттар, немесе конституциялық кеңестер немесе палаталар түріндегі,
конституцияға сәйкестікті бақылайтын квазисоттық органдар құрылды.
Конституциялық Сот – қызмет нысаны жағынан жалпы юрисдикция соттарымен
жақын, қатаң процессуалдық нысандарда іс жүргізетін мемлекеттік орган.
Бірқатар елдерде заң шығарушылар оларды сот жүйесінің құрамдас бөлігі деп
қарайды, және олардың мәртебесін бекітетін ережелерді Конституцияның сот
билігіне арналған бөліміне кіргізген (Ресей, Түркия, Өзбекстан және т.б.).
Сол арқылы аталмыш заң шығарушылар конституциялық әділетті сот әділетімен
байланыстарды және конституциялық сотты ерекше юрисдикцияға ие соттардың
бірі деп таниды. Мысалы, Ресейдің федеральдық конституциялық заңы
Конституциялық Сотты, сот билігін конституциялық іс жүргізу арқылы жүзеге
асыратын, және сол нысанда конституциялық бақылауды жүзеге асыратын сот
мекемесі ретіндегі табиғатын анықтайды. Чехия Конституциясы Конституциялық
Сотты сот мекемесі ретінде анықтайды. Басқа елдерде де конституциялық
әділет органдарының құқықтық мәртебесі дәл осылай анықталған. Алайда, жеке
мемлекеттердің заң органдары анықтайтын, конституциялық соттардың мәні
туралы берілетін формалдық анықтамаларына қарамастан, аталмыш сот
атауларының өзі оларды әділ соттың айрықша органдары ретінде қарастырады,
олардың қызмет практикасы жоғарыда айтылған қағидаларды дәлелдеп отыр, өз
қызметтері барысында конституциялық соттар жалпы органдарына жақындау
тенденциясын да басшылыққа алуда. Атап айтақанда, дау дамайға түскен
тараптардың теңдігі, тәуелсіздігі, тартысқа түсулігі, жариялық және
коллегиялық принциптеріне негізделген сот істері процедураларында жалпы
соттарға ұқсастықты байқаймыз.
Кейбір мемлекеттерде конституциялық әділ соттың мамандандырылған
органдары федеральдық деңгейде ғана емес, федерация субъектілерінде де бар
(ГФР, Ресей). Мысалы, Германиядағы федерация субъектілерінің конституциялық
заңдылығы жүйесінде федералдық өлкелердің конституциялары маңызды рөлге ие.
Оларда жалпы ережелер бойынша конституциялық соттардың құзырлары, құрамы
мен қалыптасу тәртібі көрсетіледі. Осы мәселелер егжей-тегжейлі түрде
конституциялық соттар туралы арнайы өлкелік заңдарда қарастырылады. Бұған
қоса соттар жеке ережелер нысанындағы, атап айтқанда, сот кеңесі,
қатысушыларды сот мәжілісіне шақыру тәртібі, баяндамашылар, шақыру
қағаздарын беру және т.б. туралы қысқа регламенттерді қабылдайды.
Өлкелердің конституциялық соттар туралы нормативтік актілерінің жинақылығы
құқықтық реттеудің тиімділігімен түсіндіріледі. Атап айтқанда, барлық
жерде, түрлі өзгерістерді қолдана отырып, жариялық, сот мәжілісі залындағы
тәртіпті сақтау ережесі, сот жүргізу тілі, пікірталастар мен дауыс беру
істеріне қатысты мәселелерде, жоғарғы өлкелік соттардың қызметін реттеп
отыратын азаматтық және қылмыстық-процессуалдық ережелер мен нормаларды
пайдалануға рұқсат беріледі. Олардың пайдаланылу себебі мынада: аталмыш
мәселелер конституциялық сот туралы заңда қарастырылмаған. Кей уақыттарда
федералдық заңдылыққа да сілтеме жасалады. Мысалы, Төменгі Саксонияда
келесі ережелер қолданылады: егер талас тудырған мәселелер аталмыш заңда
қарастырылмаған болса, өзінің процессуалдық қызметі барысында, сот
федералдық конституциялық сот туралы заң нормаларын басшылыққа алады.
Федералдық конституциялық сот туралы Заңға тікелей сілтемелерді
Саксониядағы конституциялық сот коллегиясы туралы заңнан табуға болады.
Соттар үшін анықталған жалпыламалық тәртіптік-құқықтық нұсқаулар,
Конституция сот мүшелеріне қатысты мәселелерде күшіне ие болмайды деген
арнайы түзетулер де кездеседі (Берлин және т.б.)
Конституциялық соттардың құзыры негізгі заңда бекітіледі. Негізгі заң
өлкелердің конституциялық соттарына қауымдастықтың немесе қауымдастықтар
бірлестігінің конституцияда айтылған өзін-өзі басқару туралы құқықтарын,
өлке заңдарының шектеуі туралы шағымдары жөніндегі дау-дамайларды қарау;
сот орындары қолданатын заңдардың конституцияға сәйкестігі туралы шешімдер
шығару; негізгі заңға түсініктеме беру мүмкіндігін береді. ГФР
Конституциясы қарастырылып отырған салаға қандай да болсын тиым салулар
қойып отырған жоқ, егер оның Федералдық Конституциялық Соттың құзырын егжей-
тегжейлі анықтайтындығын еске алатын болсақ, келесі тұжырыға тақтай аламыз:
өлкелік заң шығарушылар конституциялық соттарға Федералдық Конституциялық
Соттар қарайтын мәселелер шегінен тыс жататын құзырлар бере алады.
Аталмыш құқықты әр өлке әр түрлі жүзеге асырады. Алайда, тұтастай
алатын болсақ, олар конституциялық соттарға кең ауқымды құзырлар береді, ал
конституциялық соттар маңызды конституциялық мәселелер бойынша шешімдер
қабылдай отырып, федерация субъектілерінің конституциялық құрылыс
негіздерінің кепілі болып отыр. Барлық жағдайларда сот құзырлары өлке
конституцияларында қарастырылады. Осындай әдіс белгілі артықшылықтарға ие,
сол себепті, тұрақты саяси жүйелері, дамыған құқықтық мәдениеті бар
мемлекеттер үшін бұл өте жарамды, алайда оның қауіпті жағы да бар, олар:
саттарға зор салмақ түсіру, соттарды реформа жүріп жатқан салалардағы саяси
процестерге тарту, билік орындарының қайшылығының пайда болуы және орын
алған келіспеушіліктерді қақтығыссыз шешудегі тұрақты саяси-құқықтық
әдептердің болмауы. Өлкелік конституциялық соттар құзырлары түрлерінің
тізімі жалпы алғанда біртұтас және кей жағдайларда өзіне ұқсас
конституциялық бақылау мекемелерінің құзырларын қайталайды.
Федеративтік мемлекеттерде конституциялық бақылаудың объектілеріне
федералдық заңдылық қана емес, федерация субъектілерінің заңдылықтары да
жатады, осыдан федерализмнің маңызды принципі – федералдық заңдылықтың
жоғару тұру принципі шығады. Мысалы, АҚШ Конституциясының 6 бабы, аталмыш
бап негізінде штаттар заңдылығы үстінен барлық соттардың, соның ішінде
Жоғарғы Соттың жүргізетін конституциялық бақылауының ауқымдары кеңейтілген.
Ресей Федерациясында федералдық заңдылықтың сүбъект заңдылықтарынан жоғары
тұруы Конституцияның 15 және 76 баптарында бекітілген, сол баптарға сәйкес,
конституциялық соттың құзырына тек федерация құзырына жататын, мемлекеттік
билік органдары арасындағы мәмілеге қатысты мәселелер жөніндегі
республикалар конституцияларының, федерация субъектілері жарғыларының,
сонымен қатар заңдарының және басқа да нормативтік актілерінің Ресей
Федерациясының конституциясына сәйкестігі туралы істерді қарау берілген.
Кейбір федеративтік мемлекеттерде, мысалы Германияда Одақ субъектілері
тек өздерінің заңдылықтарын тексере алады (алайда, АҚШ-та штаттардың
соттары федералдық заңдардың да конституцияға сәйкестігін қарай алады,
бірақ ақтық шешім шығару құзыры Жоғарғы Соттың өзінде қалады). Осы мәселе
Ресей Федерациясы құрамындағы республикалардың конституцияларында да әр
түрлі шешімге ие болып отыр. Олардың кейбіреулерінде конституциялық әділ
шешім шығару органдары тек өз заңдылықтарына, яғни өз заңдарының республика
конституциясымен сәйкестігіне конституциялық бақылау жасайды (Башқұртстан,
Ингушстан). Дағыстанда конституциялық сот республика мен федерацияның
бірлесіп жүргізетін істеріне қатысты мәселелер бойынша Ресей Федерациясы
Конституциясының, заңдары мен басқа да нормативтік актілерінің жергілікті
заңдарға сәкестігі туралы қорытынды береді (113 бап). Конституцияға қарсы
деп танылған нормативтік актілер немесе олардың кейбір ережелері заңдылық
күшін жоғалтады деп есептеледі. Аталмыш ережелер федералдық заңдылықтың
жоғары болуына бөгет болады және федерация субъектілерінің конституциялық
әділ шешім органдарына федералдық заңдардың күшін жою мүмкіндігін бере
отырып, бүкіл федерация аумағында конституциялық заңдылықтың орын алуына
жол бермейді, ал негізінде федералдық заңдардың күшін жою құзыры тек Ресей
Федерациясының Конституциялық сотына ғана берілген.
Күрделі унитарлық мемлекеттерде конституциялық әділ сот органдары
автономиялық құрылымдардың заңдылығына бақылау жасайды (Италия, Испания).
Испания Конституциясы бойынша Конституциялық Сот бүкіл Испания аумағында
жоғарғы заңдылық күшке ие, және аймақтық автономиялық құрылымдардың
заңдарын, жарлықтарын, заң күші бар актілерін, сонымен қатар, олардың
заңдылық жиналыстарының регламенттерін Конституцияға қайшы деп жариялай
алады. Италиядағы орталық және жергілікті билік органдары арасындағы
қатынастар процесіндегі маңызды рөлге Конституциялық сот ие, ол мемлекет
пен облыстардың заңдары мен заң күші бар актілерінің Конституцияға
сәйкестігі, өкімет билігінің әр тармақтары, мемлекет пен облыстар
арасындағы құзырлар туралы дау-дамайларды қарауға құқылы.
Қарапайым унитарлық мемлекеттерде Конституцияның аумақтық деңгейде
жоғарғы тұруының кепілі Конституциялық әділ шешім органдары болып отыр.
Бірінде, мысалы Словакияда, аталмыш өкілеттілік олардың тікелей құзырына
беріледі (Конституцияның 125 бабы бақылау объектілеріне мемлекеттік
басқарудың жергілікті органдарының жалпыға міндетті құқықтық нұсқауларын
және аумақтық өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарының қаулыларын
жатқызады). Екіншілерінде – ол мемлекет билігінің орталық органдары мен
өзін-өзі басқаратын жергілікті органдар арасындағы өкілеттілік туралы дау-
дамайларды қарау құзырынан шығады (Болгария).
Аталған жағдайлармен қатар, арнайы органдар қалыптастырылу тәртібі мен
құрамы бойынша жалпы заңдылық соттарынан айрықша өзгешіліктерге ие. Жеке
елдердегі өзгешіліктердің көп қырлы болуымен қатар, негізгі үш сипатын
бөліп айтуға болады:
1. мемлекет билігінің үш тармағының – заңдылық, атқарушы және сот билігі
органдарының қатысуы. Мысалы, Болгарияда, Конституциялық Сот
мүшелерінің үштен бірін (төртеуін) Халық жиналысы сайлайды, үштен
бірін Президент тағайындайды, қалғанын Жоғарғы касациялық Сот пен
Жоғарғы Әкімшілік Соттың судъяларының жалпы жиналысы сайлайды. Молдава
Республикасында алты соттың екеуін Парламен, екеуін Президент, қалған
екеуін Магистратураның Жоғарғы Кеңесі тағайындайды.
2. мемлекеттік биліктің екі тармағының – атқарушы және заңдылық
органдырының қатысуымен сайлануы. Мысалы, Арменияда Конституциялық Сот
мүшелігіндегі тоғыз соттың бесеуін Ұлттық Жиналыс – Парламент
тағайындайды, ал қалған төртеуін Республика Президенті тағайындайды.
3. мемлекет билігінің бір тармағының – атқарушы немесе заңдылық
органдарының қатысуымен сайлау. Мысалы, Конституциялық сотты тек қана
мемлекеттік биліктің өкілетті органдары сайлайтын (тағайындайтын)
мемлекеттерге Венгрия, Германия, Қырғызстан және т.б. бірқатар
мемлекеттер жатады. Атап айтқанда, Германияның Федералдық
Конституциялық Соты мүшелерінің жартысын (он алтының сегізін)
Бундестаг, ал қалғанын Бундесрат сайлайды. Конституциялық Сот мүшелері
Бундестаг, Бундесрат, Федералдық үкімет немесе өлкелердің үкімет
орындарының мүшелері бола алмайды. Атқарушы өкімет органдары атынан
Конституциялық Сот судъяларын тек Мемлекет басшылары сайлайтын
мемлекеттерге Австрия, Испания, Түркия және басқа да елдер жатады.
Испанияда, мысалы, Конституциялық Сот мүшелерін Парламент (конгресс
және сенат) палатасы ұсынатын төрт, үкімет және сот билігінің Бас Кеңесі
екі екіден ұсынатын кандидаттардан Король тағайындайды. Конституциялық
бақылаудың аранайы органдарын қалыптастырудың әр түрлі мемлекеттік билік
тармақтарының арасында бөлінуі сот мүшелерінің тәуелсіз болуына жағдай
жасайды да, билік тармақтарының біріне бағынышты болуына жол бермейді. Сот
мүшелерін қалыптастыруға партиялық құрамы жағынан әрекеті Парламент қатысып
отырғанын ескерсек мұндай бөліну аталмыш Сот органдарына белгілі бір
деңгейде саяси өкілдік сипатын береді.
Мемлекеттің жоғарғы билік органдарының Конституциялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясының конституциялық соты
Саяси жүйе жайлы
Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктері
Мемлекеттегі унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі
Мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Республика Президентін сайлау
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Пәндер