«Қазақстан Халық Банкі» АҚ


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І. ҚР Банктік жүйесіндегі «Қазақстан халық Банкі» АҚ-ның алатын орны мен мәні

1. 1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ даму тарихы

1. 2. «Қазақстан Халық Банкі »АҚ ұйымдастырушылық құлырымы және басқару органдары

ІІ. »Қазақстан Халық Банкі» АҚ қаржылық-экономикалық жағдайын талдау

2. 1. 2011 жылға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштері

2. 2. Банктің Қаржылық жағдайын

2. 2. 1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ табысы мен шығынын талдау.

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ

БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СЕКТОРЫН

НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУ ҚАРҚЫН ТАЛДАУ

3. 1 АҚ «Халық банкі» шағын және орта бизнесті несиелеу операцияларына

талдау жүргізу

3. 2 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелеудің

даму қарқынын талдау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жолын ұстанған Қазақстанда шағын және орта бизнест несиелендіруді дамыту, қазіргі таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан елімізде шағын және орта бизнестің даму барысына кедергі келтірмей, керісінше даму барысына ықпал ететін икемді қаржы-несие жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр. Осы тұста мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде мемлекет экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет барысына заң келісімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы араласады. Бұл өз кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын және орта бизнес субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер арасында нарықтық қарым- қатнастың нығаюына әкеледі.

Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту- нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты кәсіпкерлік» деп аталынған. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады.

Қазақстандағы кәсіпкерлік бүгінде жаппай деңгейге көтеріліп отыр. Мұны 2006 - 2009 жж. аралығында заңды тұлғалардың шағын және орта бизнестің ұйымдық-құқықтық құрылымындағы үлесінің 1, 8 есеге дейін қысқарғаны, ал жеке кәсіпкерлер үлесінің 1, 4 есеге өскені жөніндегі мәліметтер растайды. Ал шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнім көлемі 4 есе дерлік өскен. Кәсіпкерлік қазақстандық қоғамның әлеуметтік өмірімен тығыз ұштасып кеткені көрініп тұр. Бұл дегеніміз, қазақстандық шағын және орта бизнестің әлеуметтік-демографиялық портретінен - халықтың әлеуметтік - демографиялық құрылымының да көрінісін айқындауға болатынын білдіреді. Шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы үлесі бойынша Қазақстан дамыған елдермен теңесті, алайда шағын және орта кәсіпкерліктің тиімділігі көрсеткіштері бойынша әлі де болса артта қалып отыр. Қазiргi таңдағы экономиканың құрамдас элементтерi өзара тығыз байланысты өте күрделi жүйе ретiнде сипатталады.

Біздің елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін, жаңадан ашылған кәсіпорынданға қолдау жасау үшін алдымен оларды несиелендіру керек. Кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру нәтижесінде тіркелген шағын және орта кәсіпорындарының саны артып келеді.

Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бірі болып табылады. Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестің жоғарғы деңгейде қызмет етуін ұйымдастыру үшін конструтивтік бизнес-идея, тиімді басқару (менеджмент) және қаржының жеткілікті болуы шартты жағдай. Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизмінің өзекті мәселелеріне әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ыналылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасына сәйкестендіру мехазімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.

І ҚР банктік жүйесіндегі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның алатын орны мен мәні

1. 1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ даму тарихы

Қазақстандағы банктік жүйенің қалыптасуы инфляцияның жоғарғы деңгейі экономикалық құлдырау және әлемдік экономикада өзгерістер болып жатқан кезде жүрді. Жеке банктерді құрудан, яғни 1989 жылдан осы күнге дейін екінші деңгейлі бпнктер өте қолайсыз және экстремалды жағдайларда жұмыс істеді.

1991 жылдың желтоқсанынды еліміздің тәуелсіздігі жарияланған күннен бастап ҚР өзінің өзіндік банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ КССР-дегі банктер мен банктік қызметі туралы» заң қабылданып, қазақстан банктік реформалар басталды.

1991-1993 жылдардағы жоғарғы инфляция мен банктік қызметке деген жоғарғы сұраныс туығызып, банктер санының 200-ге жетуіне алып келді. Осы жылы маманданған банктер акционерлік банктерге қайта ұйымдастырылып, ал «Жинақ Банкі», «Қазақстан халық Жинақ Банкіне» айналды.

2003 жылы ҚР Үкіметі иелігіндегі Қазақстан қоғам болып қайта құрылды.

2006 жылы шілде айында акционерлерің жалпы жиналысының шешімімен банк толығымен мемлекет меншігінде болған жабық үлгідегі Акционерлік қоғамнан «Қазақстан халық жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамға айналды.

Қазақстанның жинақтау ісі тарихында «Қазақстан халық Жинақ Банкі» ААҚ-н 2006-2009 ж. ж. жекешелендіру процессі, оның дамуына жаңа импульс беруші ретінде лауазымды орынды алады. Бұның жүргізілуінің бастапқы ерекшелігі - ол ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігін және халықтың салымын жинақтау жүйесін тұрақтандыру сақтауды қамтамсыз ету болатын.

Банкті жекешелендіру бірнеше принциптерге сүйенеді:

1) Банктің мемлекеттік акция пакетін этап бойынша сату арқылы оның халықаралық стандарттарға көшу бағдарламасын орындай отырып, Банктің төленген жарғылық капиталын ұлғайту;

2) ҚР Үкіметі жағынан Банктің қызметін бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2006-2009 ж. ж. аралығында Банктің мемлекеттік акция пакетін сақтау;

3) Банктің қызметін қадағалау үшін, ҚР Үкіметінен басқа акционерлердің ҚР Ұлттық Банкі және т. б. мемлекеттік құрылымдары сияқты жалпы бақылау механзмін құру;

4) Республикадағы қаржылық және банктік жүйенің даму шаралары бойынша, сонымен қатар Банкке сай келетін бәсекелестерінің тууы, бюджеттік төлемдерді жүргізу мехнанизмдерді, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша есептесудің тиімді жүйесі және пластикалық карточканы қолданудың қазіргі заманғы төлем жүйесі құрылмағанша Банктің акция пакетін кезекпен азайту.

Банкті жекешелендірц процессі 2 этапта жүргізілді.

Бірінші этапты жүргізудегі (2006-2007ж. ж. ) мемлекеттің бөлігі келесідей:

1) 2006 жылдың 3 тоқсанында - жалпы шығарылған Банк акцияларының сонының 2/3 бөлігі (акцияның бақылау пакетін қамтамасыз ету мақсатымен) ;

2) 2006 жыл мен 2007 жылдың 4 тоқсанында жалпы шығарылған Банк акциялары санының жартысы қосу бір акция (акцияның басымдылық пакетін қамтамасыз ету мақсатымен) .

Банкті жекешелендірудің бірінші этапында келесі шаралар жүргізілді:

1. 2006 жылдың ақпанында Банктің салымшылары болып табылатын жеке тұлғалар арасында акцияны екінші эмиссиялау көлемі ішінен, Банктің жарлық капиталынан 17, 6% орналастырылды;

2. 2006 жылдың 20 шілдесінде жарияланған жарғылық капиталдан 10% көлемінде акцияның үшінші эмиссиясы бөлігін сату бойынша тендер өткізілді. Нәтижесінде мемлекеттің бөлігі 100-ден 80, 04 %-ке азайды;

3. 2007 жылдың 10 қарашасында төртінші толықтырушы акцияны эмиссиялаудан кейін Банктің жарғылық капиталынан 16, 7 % көлемінде мемлекеттік акция пакетін сату боцынша тендер жүргізілді. Тендердің женімпазы Қазақстандық клмпаниялар консорциумы болды. Нәтижесінде «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі 80, 04 %-тен 50%-ке қосу бір акцияға төмендеді.

Банкті жекешелендірудің (2008-2010 ж. ж. ) екінші этапындағы мемлекеттің бөлігі:

1) 2008 жылы - жалпы шығарылған Банк акциялары санының 1/3 бөлігі (акцияның тежеу пакетін қамтамасыз ету мақсатымен)

2) 2009 жылы - мемлекет бөлігін одан әрі азайту мүмкіндігі туралы ҚР Үкіметі шешіміне тәуелді.

Екінші этапта келесідей шаралар жүргізілді:

1. 2008 жылдың 31 қазанында «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» ААҚ-ның жалпы акционерлер жиналысында 5 толықтаушы акцияны эмиссиялауды шығару бойынша жарғылық капиталды көбейту шешімі қабылданды. 5 толықтаушы акцияны эмиссиялауды орналастырғаннан кейінгі мемлекеттің бөлігі банктің жарғылық капиталында 33, 33 % құрады.

2. 33, 33 % көлеміндегі мемлекеттік акция пакеті 2009 жылдың 20 қарашасында аукционда қазақстандық консерциумға сатылды. Сонымен 2006-2009 жылдар аралығында мемлекет толығымен Банк капиталын қатысуында өзінің бөлігін жүзеге асырды.

2007 жылдың қарашасында екінші деңгеін банктерде халықтың салымдарын міндетті ұжымдық салымдарын міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесі әрекет етіп, негізгі біріктіруші орталық «жеке тұлғалардың» салымдарын кепілдендірудің Қазақстандық қоры болып табылады.

«Қазақсатн халық Банкі» ААҚ берілген қордың белсенді қатысушы : 2011 жылдың 1 шілдесінде Банкпен тартылған жедел депозиттердің 60 % (35 592 млн. Теңге немес 242 млн. доллар) . Осы қорда сақталған.

ҚР Үкіметі мен «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ арасында 200 жылдың қаңиарында Қазақстан Халық Банкнің басқармасына ұлттық почта жүйесінің негізі болып табылатын «Казпочта» ААҚ беріліп, 2008 жылдың бірінші наурызынан Банктің филиалы жоқ өңірлерге зейнетақы төлемдерін жүзеге асырушы Халық Банкінің субагенті ретінде қызмет көрсетуде.

«Қазақстан Халық Банкі» банктік қызметтің барлық түрлерін жүзеге асырады:

Ең мвңыздылары келесілер:

  • Корпоративтік несиелеудің барлық түрлері;
  • Еңбекақы жобалары және платикалық төлемдік карталарын қолдану;
  • Халықты бөлшек несиелеу;
  • Шағын және орта бизнесті несиелеу;
  • Қаржылық консалтинг және жобалық талдау;
  • Сақатандыру бойынша операциялар;
  • Операциялық қызмет көрсету түрлері бойынша кең спекторлы сервис;
  • Теңге және шетел валютасында салымға клиент ақшамын қабылдау;
  • Валютамен, құнды қағаздармен, депозиттермен операциялар;
  • Инвестициялық және зейнетақылық активтерді басқару, Қазақстан халық Банкніңі зейнетақы Халық Банкінің зейнетақы Жинақтау қоры;
  • Халықралық қызмет (халықаралық банкинг), корпоативтік қаржылар, андеррайтинг және т. б. ) ;
  • Банктің күнделікті және оперативті қызметінде интернет мүмкіндігін қолдану арқылы ьанк қызметін жаһандандыру;
  • Шетелдік елшіліктер (Қытай, Ұлыбритания; АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия) .

«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ корпоративтік несиелеудің барлық түрлерін корпоративтік клиенттерге льготтік жағдайларда ұсынады.

Квалификациялық мамандандыру көмегімен несиелеу бойынша тез әрі тиімді келесі опреацияларды жүзеге асыруға болады:

  • айналым капиталын ұлғайтуға;
  • негізгі капиталға ірі инвестицияларды жүзеге асыру;
  • қысқа мерзімдік несиелер «Овердрафт» формасында;
  • клиенттердің жұмысшыларын оның кепілінде несиелеу;
  • Банктік кепілдер шығару;
  • Лизинг және факторинг;
  • Несиелеудің әртүрлі мақсатты бағдарламалары;
  • Саудалық қаржыландыру, шетел агенттігі мен банктердің несиелік экспорт және импорттық линияларын пайдалану;
  • өзге де несиелік қызметтер клиенттері арасында: «Қазахойл» ТКК, «Рахат» АК, «Казтрансойл» ТК, «Казахмыс» корпорациясы, «Айя» ЖШС «Алтыналмас» АҚ, «Уркер-косметика» және т. б. . Әр корпоротвтік клиентке банк өзінің персоналдық менеджерін тағайындайды.

«Қазақстан халық Банкі» АҚ еңбек ақы жобалары және пластикалық төлемдік карталары:

  • Халық Банкі 2004 жылдан бастап Visa international халықралық төлем жүйесінің негізгі мүшесі;
  • 2003 жылдан бастап Еuropay, Master Card халықаралық төлем жүйесінің негізгі мүшесі;
  • 2005 жылдан бастап American Express карточкаларын тарату бойынша агенті;
  • 2004 жылдан бастап ALTIN локальді төлем жүйесінің негізін салушы

Еңбекақы жобалары бойынша клиенттері:

  • «Казахойл» ТКК;
  • ҚР министрліктері мен ведомствалар
  • « КЕнмұнайгаз » АҚ;
  • «Казтрансойл»
  • «Шеврон Мұнайгаз » корпорациясы
  • «Қазақстан Темір жолы» РМК;
  • «Казахмыс» корпорациясы;
  • ҚР Ұлттық Банкі;
  • «Галахер Қазақстан» ЖШС;
  • «Қазақтелеком» АҚ және т. б.

Жақында бөлшек қызметтің лтдері болып табылатын Халық Банкі аз уақытта карточкадан карточкаға Card-to-card жобасын шығарды.

2004 жылдың 2 желтоқсанында Халық Банкі және халықаралық төлемдер жүйесі және отандық нарықта әмбебап өнім - лздік карточка

Viza Electron Instant Halyk Card әкелді. Оның ерекшелігі кез-келген Халық Банкі филиалында арызды брегеннен (15 мин) кейін оны қолдана беруге болатынында. Лездік карточка Viza Electron Instant Halyk Cardтың Қазақстанда және Орта Азияда аналогы жоқ. Бұл бәсеке қабілетті өнімнің мүмкіндігіне Халық Банкі және Viza Internetional серіктері сенім артуда.

Қазақстан нарығында салық Банкі көптеген карточкалық қызмет бойынша лидерлік орынды ұстап келеді. Бүгінле Халық Банкі 1, 4 млн. Төлем карточкаларын шығарды, ол бүкіл Қазақстанда айналымда жүрген карточкалардың 70 %-і болып табылады. Бұның себебі: Қазақстандағы Халық Банкінің 400-ден аса банкоматы және карточка бойынша қолма-қол ақшы беретін 500 филиалының болуы.

2011 жылдың 21 сәуірінен бастап Қазақстан Халық Банкі «Қазақинстрах» және «Халық Банкінің зейнетақы жинақтау қоры» бірігіп өзінің тұтынушыларына «кешенді қаржылық өнім» атты ұсыныс жасауда. Яғни сөз бір ұйымның клиенті болу арқылы келесілердің скидкасын аласыз.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ірі коммерциалық банктердің бірі және Халықаралық фистивальдарда «Жыл таңдауы», «Қазақстандағы таңдаулы Банк - 2010» атты конкурстардың жеңімпазы.

2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ҚР филиалдың желісі 624 құрылымдық бөлімшелерден, оның ішінде 20 облыстық және аймақтық, 147 аудандық филиалдан және 457 есеп-айырысу-кассалық бөлімдерден тұрады. Төлем карточкалары бойынша қызмет көрсету желісінде 369 банкомат, 1190 пос-терминал және 1153 импринтер жұмыс істейді.

1. 2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ұйымдастырушылық құрылымы және басқару органдары.

«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» ААҚ ретінде алғаш рет мемлекеттік тіркеуден 1994 жылдың 20 қаңтарында өтті. Банк меншік формасы бойынша жеке және ҚР заңнамасына сәйкес жеке балансын банктік Шоттарды иеленген заңды тұлға болып табылады.

Өз қызметін Банк ҚР заңнамалары мен Ата-заңына және жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Банк ҚР аумағында және шет елдерде өз филиалдарын ашуға құқылы. Банк филиалдары заңды тұлғалар болып табылмайды және Банк басшылығымен құрылған ережелерге негізделіп Банк атынан өз қызметтерін атқарады. Банктің қызмет ету серзімі шектелмейді және қызмет ету мақсаты - пайда табу болып табылады.

ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясын иелене отырып, Банк ҚР заңнамасында қарастырылған банктік және өзге де опреациялрды жүзеге асырады.

Банк бағалы қағаздар нарығында келесідей профессионалдық қызмет түрлерін жүргізуге құқылы:

а) брокерлік - мемлекеттік бағалы қағаздармен;

б) дилерлік - мемлекеттік және бұйрықта көрсетілген өзге де бағалы қағаздармен;

в) кастодиальдік;

г) клирленгтік;

Банк банктік операцияларды ұлттық және де ҚР Ұлттық Банкі лицензиясымен шетел валюталарында жүзеге асыруға құқылы.

Банк мүлігі келесілерден қалыптасады:

  1. жарғылық капиталға акционерлердің салымдары;
  2. Қызмет нәтижесінде алынған пайдалар;
  3. 3) ҚР заңнамасына сәйкес басқа негіздер бойынша алынған мүліктер

Банктің жарғылық капиталы акционерлер салымынан турады және жариыланған жарғылық капитал 5 422 599 900 теңгені қарапайым атаулы акцияларға 100 теңге әр біруә наминалды құндыланған.

Банкпен шоғырланған акциялар бағалы қағаздар болып табылады және акционерлерге келесідей құқықтарды береді:

  • дивидендтер алуға;
  • банкті басқаруға қатысуға;
  • ликвидациядан кейін Банк мүлкінің бөлігін алуға.

Акцилар ұлттық валютада көрсетіледі және бөлінбейді.

Банк акционерлері болып ҚР Үкіметі ретінде мемлекет, заңды және жеке тұлғалар табылады. Олардың құрамы мен саны шектелмейді.

Банктің басқару органдары болып:

  1. Жоғарғы орган - Жалпы акционерлер жиналысы;
  2. Басқару органы - Директорлар кеңесі;
  3. Атқарушы орган - басқарма, оны Басқарма төрағасы басқарады;
  4. Бақылау органы - Ревизиондық комиссия.

Жоғарғы орган мүшелері келесі сұрақтарды қарастырады:

  • банк жарғысына ауыстырулар мен толықтырулар енгізу;
  • банктің қоғам нысанын өзгерту;
  • банкті жабу немесе қайта құру;
  • банктің Директорлар кеңесін сайлау, оның құрамын белгілеу мен оның өкілеттігін жою;
  • банктің ревизиондық комиссиясының мүшелерін сайлау;
  • тағы басқалары.

Акционерлердің жалпы жиналысы шешетін сұрақтар Банктің Директорлары кееңсі шешілуіне берілмейді.

Директорлар Кеңесі басқару органы ретінде келесі мәселелерді шешуге құзыретті.

  • банк қызметінің басым бағыттарын анықтау;
  • банк акционерлерін жылдық және күтпеген жиналыстарға шақыру туралы шешім қабылдауға;
  • банк акционерлерінің жалпы жиналысына заңнамасымен қарастырылған сұрақтарды шығаруға;
  • банк Басқармасын сайлауға;
  • дивидендтердің көлемі қаржы көздері мен төлем тәртібі туралы шешім қабылдауға;
  • филиалдарды ашу (жабу) туралы шешім қабылдауға.

Басқарма - бнктің басқару органы. Бсақарма банктің Директорлар Кеңесі мен 7 адам мөлшерінде 3 жылға құрылып, Басқарма Төрағасын мен басқарма мүшелерінен тұрады. Директорлар Кеңесінің шешімі бойынша Басқарма мүшелері мерзімінен бұрын банк қаржылық құжаттарын белгілеп, жылдық есеп пен баланстық есепті және табыстары мен шығындарын Акционерлердің жалпы жыналысына ұсынады.

Басқарма Төрағасын банктің бас мүшесі болып табылады және банктің Директорлар кеңесімен сайланып, банктің қызметін басқарады. Банк Басқармасының қаржылық- шаруашылық қазметіне бақылау жасайтын банктің мүшесі - ревизиондық комиссиясы - Акционерлердің жалпы жиналысымен сайланады. Ол Акционерлердің жалпы жиналысының немес Директорлар кеңесінің өтініші бойынша юанк қызметін қадағалайды, өз еркімен немес банктің жылдық қаржылық есебіне міндетті түрде бақылау жасайды.

«Қазқастан Халық Банкі» АҚ жүйесінің осы жетістіктері мен серпінді дамуы банк қызметкерлерінің белсенді еңбегінің арқасында қамтамасыз етіліп келеді. Қызметкерлердің жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері соңғы он жылда оңтайлы шешілуде. 2011 жылдың 1 қаңтарында қызметкерлердің жылпы саны дейінгі қызметкерлер. Кадрлар тұрақтылығн қамтамсыз ету үшін компьютерлендіру және жаңа банктік технологиялармен жабдықталған.

Қызметкерді басқаруда қадрлар ротоциясы, яғни қызметкерлердің белгілі бір уақыт ішінде осы немес басқа бөлімде, өз қызметімен бірдей не төменгі лауазымды жұмыс істеп көру, тікелей басшысына жүктелген міндеттердің бір бөлігін орындауға мүмкіндік алуы мамандардың кәсіби деңгейі мен біліктіліген жоғарлатуға кең жол ашты. Оларға жүргізілген аттестация көпшілігінің 90% астамы атқаратын лаузымына лайық екендігін көрсетті.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ жалпы кадр саясатының стратешиясы қызмет керлерді жоспарлауды оңтайландыру, бос орындарды реттеу, қызметкерлерді тұрақтандыру сияқты қағмдаларға сүйенеді. Қызметкерлерді іскерлік жағынан бағалау, сыйақы беру, әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйелері қызметкерлерді басқаруды тиімді етеді. Басты бағыт - адамдардың жоғары кәсібилігі, ортамен тіл табыса білушілігі мен техникалық машығын жетілдіруге қолдау. Қызметкерлердің өз қабілеттерін толық жүзеге асыруын қамтамасыз етеді жіне Банк оларды оқытуға үлкен мән береді. Банк шетелдің және Қазақстанның қаржы мекемелеріндегі қысқа мерзімді тәлімдеме, оқу- кеңестер, халықралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысу, жұмыс орнында оқуға мүмкіндік береді. Халық Банкі қызметкерлерінің техникалық және кәсіби деңгейін жетілдіруге үлесін қосқан орталықтар мен компаниялар: Banker Trust Company, Euromoney training, International Conferens group, сетевая Академия оқуорталығы, Microsoft Visa International, Lehman, Brarers, Адам смит институты, Алматы Банктік оқыту орталығы, Алматы менеджмент мектебі, оқу кеңес беру орталығы.

ІІ. «Қазақсатан Халық Банкі» АҚ қаржы - экономикалық жағдайын талдау

2. 1. 2011 жылға «Қазақастан Халық Банкі» қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштері

«Қазақастан Халық жинақ Банкін» жекешелендіру банктік бизнесте: заңды және жеке тұлғаларды несиелеу, халықты депозит салуға ынталандыру, төлем карточкаларын тарату, бөлшек бизнесте Халық Банкінің тиімді жұмыс жасауына алып келді. Банктің 01. 01. 02 жылдан 01. 0. 7. 03 жылға дейінгі аралықтағы қаржылық жағдайын талдау Банктің Қазақстан қаржы нарығында тұрақты және өзінше дамып келе жатқанын көрсетті Банк активті 2009 жылдың 31 желтоқсанынан 2011 жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралықта 75, 53 %-ке, ал жарғылық капиталы 82, 23 % өзіндік капиталы 14, 75 %-ке өсті. Бактің депозиттік базалы 63, 79 %-ке көбейген. Қазіргі уақытта қазақстанды банктер арасында ең жоғарғы табыстылық көрсеткіштерінің бірі Халық Банк үлесінде болып отыр.

Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігінің аналитингтерінің мәліметі бойынша «Банктің меншік формасының өзгеруі жаңа менеджерлер командасының келуі байқалатын өзгерістерді беріп, онда жедел өзгерістерді беріп, онда жедел темптермен бәсекеқабілетті және шығынсыз, пайда алуға ұмтылған ұйымды транфформациялау процессі жүруде». 2010 жылы банк активтерінің сапасын жақсартып, ссудалық портфельін 58, 2 %-ке ұлғайтты.

2011 жылдың қыркүйегінде Moody’s Investors Servise рейтингинтік агенттігі Халық Банкінің төлемдерді секьюритизациялау, транзакциялауына Ваа2 рейтиннген берді.

2011 жылға «Қзвқвстан Халық Банкі »АҚ экономикалық жағдайы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Банктік жүйесіндегі «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның алатын орны мен мән
Қазақстан Республикасы банк жүйесі
Банк филиалының активтері мен пассивтерінің құрылымын диверсификациялау
Банктің қаржылық жағдайы көрсеткіштері
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ жайында
Қазақстан Халық Банкінің жалпы сипаттамасы
АҚ «Халық банк» тарихы
ІІІ БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ
Коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын
Диплом алдындағы өндірістік практика бағдарламасының орындалуы туралы есеп
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz