Медициналық терминдердің аударылуы
КІРІСПЕ
I тарау Медициналық терминдердің аударылуы
II тарау Медициналық құжаттар және нұсқаулықтар аудармасы.
ІІІ ТАРАУ Медициналық аударманың ерекшеліктері
Қорытынды
ҚОСЫМША
Медициналық аударма бірнеше ғылым саласын қамтитын
кең арналы аударма түрі.

Аударма – қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы “биік өнер” деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И. Гете пайымдауында “аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді”. Шын мәнінде аударма қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың арасындағы рухани, мәдени құндылықтарды бір-біріне жеткізуші, халықтар арасындағы байланысты дамытушы, жалғастырушы болып отыр.
Аударма – сан қырлы, дүние, ол – өнер, мамандық, ғылым, шығармашылық іс. Тіл өнері жетіліп, өркендеген сайын аударма да үздіксіз өсе береді. Әр дәуір аударманы жаңа сапалық биікке көтереді, немесе, К.Чуковскийше айтсақ “дәл аударманың қалай жасалғандығы туралы түсінік қалыптасады”. Аудармашыны актерге теңеу бекер емес. Аударма – шығармашылық іс әрі өнер, ол “бәсекелестіктің жоғары түрі, орындаушылықтың бір түрі” (В. Россельс). Чех әдебиет тарихын зерттеушісі әрі аудармашы О. Фишер ХХ ғасырдың басында аударма ғылым мен өнер дәнекерлестігінде қызмет екенін айтады. Олай болса, аудармашы – құрметті мамандық. Өйткені, ол өз ұлтының көркем әдеби шығармаларын екінші бір халықтың рухани игілігіне айналдырумен бірге, сол халықтың үздік туындыларын өз елінің қазынасына қосады. Ағылшын жазушысы әрі сыншысы Илэр Бэлокк “аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс” деп орынды айтқан.
Аудармашыға қажет қасиеттер – терең, жан-жақты білім, ақындық-жазушылық қабілет, үлкен шеберлік, талант, мол тәжірибе, екі немесе көптеген тілдерді жетік меңгеру, кәсіби мамандану және үздіксіз іздену, шығармашылық машықтану, шабыттану, елестету кеңдігі, түйсіну тереңдігі, сезімталдық даралығы, тіл байлығы. Аудармаға құштарлық, қызығушылық, ұлт әдебиеті мен автор шығармасының жауапкершілігін жете түсіну, т.б.
Келесі кезекте, қазіргі таңдағы ең ауқымды аудармалардың бірі медициналық нұсқаулықтардың аудармасына тоқталайын деп едім. Медициналық құжаттарды аудару үшін көптеген медициналық қысқартуларды, аббревиатураларды білу және кәсіби медициналық тілді ұғыну керек. Бұл шарт ағылшын тіліне, орыс,қазақ тілдеріне де қатысты. Баяндау стилінің өзгешелігінде, қабылданған жазба нысанында, қолданылмалы терминологияда, ауруларды жіктеуде, дерт белгілерін атауда және тағы басқа ерекшеліктерде қолданылған сөзбе-сөз аударма мәнсіз болады. Ұтымды аударма жасау үшін, әр сөз орамының мағынасын түсіну, баяндаманың ішкі логикасын бақылау қажетті, түпнұсқамен ықтимал айырмашылықтарды және аудармалы мәтіндегі қателіктер мен жаңыңылыс басылған сөздерді байқай алу керек.

Аударма – қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең
биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы
“биік өнер” деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И. Гете
пайымдауында “аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін,
байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді”. Шын
мәнінде аударма қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың
арасындағы рухани, мәдени құндылықтарды бір-біріне жеткізуші, халықтар
арасындағы байланысты дамытушы, жалғастырушы болып отыр.
Аударма – сан қырлы, дүние, ол – өнер, мамандық, ғылым, шығармашылық
іс. Тіл өнері жетіліп, өркендеген сайын аударма да үздіксіз өсе береді. Әр
дәуір аударманы жаңа сапалық биікке көтереді, немесе, К.Чуковскийше айтсақ
“дәл аударманың қалай жасалғандығы туралы түсінік қалыптасады”. Аудармашыны
актерге теңеу бекер емес. Аударма – шығармашылық іс әрі өнер, ол
“бәсекелестіктің жоғары түрі, орындаушылықтың бір түрі” (В. Россельс). Чех
әдебиет тарихын зерттеушісі әрі аудармашы О. Фишер ХХ ғасырдың басында
аударма ғылым мен өнер дәнекерлестігінде қызмет екенін айтады. Олай болса,
аудармашы – құрметті мамандық. Өйткені, ол өз ұлтының көркем әдеби
шығармаларын екінші бір халықтың рухани игілігіне айналдырумен бірге, сол
халықтың үздік туындыларын өз елінің қазынасына қосады. Ағылшын жазушысы
әрі сыншысы Илэр Бэлокк “аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет
шығармасы болып қабылдануы тиіс” деп орынды айтқан.
Аудармашыға қажет қасиеттер – терең, жан-жақты білім, ақындық-жазушылық
қабілет, үлкен шеберлік, талант, мол тәжірибе, екі немесе көптеген тілдерді
жетік меңгеру, кәсіби мамандану және үздіксіз іздену, шығармашылық
машықтану, шабыттану, елестету кеңдігі, түйсіну тереңдігі, сезімталдық
даралығы, тіл байлығы. Аудармаға құштарлық, қызығушылық, ұлт әдебиеті мен
автор шығармасының жауапкершілігін жете түсіну, т.б.
Келесі кезекте, қазіргі таңдағы ең ауқымды аудармалардың бірі
медициналық нұсқаулықтардың аудармасына тоқталайын деп едім. Медициналық
құжаттарды аудару үшін көптеген медициналық қысқартуларды,
аббревиатураларды білу және кәсіби медициналық тілді ұғыну керек. Бұл шарт
ағылшын тіліне, орыс,қазақ тілдеріне де қатысты. Баяндау стилінің
өзгешелігінде, қабылданған жазба нысанында, қолданылмалы терминологияда,
ауруларды жіктеуде, дерт белгілерін атауда және тағы басқа ерекшеліктерде
қолданылған сөзбе-сөз аударма мәнсіз болады. Ұтымды аударма жасау үшін, әр
сөз орамының мағынасын түсіну, баяндаманың ішкі логикасын бақылау қажетті,
түпнұсқамен ықтимал айырмашылықтарды және аудармалы мәтіндегі қателіктер
мен жаңыңылыс басылған сөздерді байқай алу керек.
Медицина – терең және бәрін қамтитын, сан түрлі тармақтар мен
салалардан тұратын ғылым. Бұл фармокология да, педиатрия да, стомотология
да, - ұзақ айта беруге болады. Медициналық аударма кәсіби деңгейде болу
үшін, сала бойынша терең ғылыми білімді игеру керек. Туған тілде не жайлы
айтылғанын білмей тұрсақ, өзге тіл диалектіне қалай аудармақшымыз?
Медициналық құжаттарды аудару үшін көптеген медициналық қысқартуларды,

Егер де сіз асқан аудармашы болу үшін тек қана ағылшын тілін білу қажет
деп ойласаңыз, терең қателесіз. Өйткені аударма әлемі мүлдем әрқилы болады:
өнеркәсіп, саясат пен шоубизнестен бастап, физика, комонавтикаға дейін және
т.б. Осы салалардың әрқайсысында өзіндік ерешеліктері бар, ал ең өзектісі -
медициналық аударма нұсқаулықтарының ерекшеліртері
Медициналық аударманың ерекшеліктері ең алдымен қай сферасын алмасақ та –
кез келген жағдайда аударма ғылыми сипатқа ие болатынымен айрықшаланады.
Өткені медицина – терең және бәрін қамтитын, сан түрлі тармақтар мен

Медициналық аударманың ерекшеліктері тағы осыда: аударма саласы
соншалықты өзгеше, тіпті аудармашыдан кәсіби терминологияны, көпшілік
мақұлдаған қысқартуларды, аббревиатураларды түбегейлі білуді талап етеді.
Әсіресе бұл, өте сирек кездесетін мыңдаған препараттар атауларын, олардың
сыңарларын шыдамдылықпен тәржімелеуді талап ететін фармакология
сферасындағы медициналық аудармаға қатысты.
Келесі ерекшелігіне медициналық аударма жасайтын тілмаштың мойнына
жүктелетін терең жауапкершілік те жатады. Шынында, медицина адамдарды емдеу
үшін, тіпті өлімнен құтқару үшін арналған. Кез келген қате аударылған
сөйлем дертті анықтауда немесе дәрі дәрмек жазып беруде ақпараттың
бүлінуіне әкеп соқтыруы ықтимал, бұның салдарынан науқастың жағдайы
нашарлауы, ал одан әрі өлімге ұшырауы мүмкін.
Ендігі кезекте,медициналық аударманың ең маңызды ерекшеліетерінің бірі
шапшандылық болып саналады әсіресе, хирургиялық операциялар жүргізу
кезіндегі ауызша аударма туралы сөз қозғалғанда. Бұл жерде аудармашыға дәл
дәрігерге секілді жауапкершілік жүктеледі. Тілшінің де реакциясы мен
тиянақтылығы операцияның нәтижесіне тура әсер ететін факторлар. Ертеңгі
күні біреудің жүрегі соға ма, әлде жоқ па екені медициналық аударма
маманына тәуелді деп сенімділікпен айтуымызға болады.
Медициналық нұсқаулықтар аудармасы ғылыми түрде мазмұндауға арналған
қалыпты сөздер жиынтығы, ережелер және қосымша белгілер жүйесінің бай
қорымен ерекшеленеді (бұған техникалық мәтін, түрлі схемалар мен сызулар
қосылады). Медицинлық нұсқаулықтардың аударма мәтінін жазудың қатал
заңдылығы бар. Белгілі бір синтаксистік, морфологиялық құрылымдары,
бірыңғай орамдағы сөздер, бірыңғай стиль қалыптасқан. Мұнда басы артық сөз
жоқ. Әрқайсысы қаланған кірпіштей өз орнында тұрады. Әр сөз медициналық
мәтінді сипаттау, талдау түсіндіруге бағытталады. Медициналық мәтін
когнитивтігі (танымдылығы) ақпаратты жеткізуге арналған. Мұндағы сөйлемдер
құрылымы күрделі және олар сөз жасау моделі бойынша құрылады. Әр сөздің
деректілігі, ақпараттық мағынасы бар. Ең бастысы терминдер жиі кездеседі.
Терминдерді сәйкес баламалармен аудару керек. Мағыналық жақындықтағы сөздер
термин қызметін ауыстыра алмайды. Мұнда терминологияның жалпы ғылыми
қабатын құрайтын лексикалық бірліктер қолданылады. Ол кейде жалпығылымдық
сипаттау лексикасы деп те аталады. Мысалы “маңызды рөл атқарады”, “маңызды
мәнге ие”, “маңызды сипат алады” т.б. синонимдік орамдар. Мұнда когнитивті
ақпараттың тығыздық деңгейін арттыратын құралдар ретінде қысқартулар
қолданылады. ЭКГ – электрокардиограмма, ҒТҚ – ғылыми-техникалық құрал т.б.
Мәтіндегі синтаксистің күрделілігі аудармада ұқыптылықты талап етеді. Ең
бастысы аудармада олардың логикалық құрылымы жағынан тұтастығын, байланысын
бұзбау. Сондықтан аударма логикалық жағынан қисынды, тұжырымды, дәлелді
болуы тиіс. Ғылыми мәтін түсінікті, айқын, нақты сипатымен тез меңгеріледі.
Ойға тез қонады.
Медициналық нұсқаулық мәтінді логикалық ұйымдастырудың қосымша құралы –
безендіру, көрнекілеу құралдарын тиімді пайдалану, шрифтік жағынан айқындап
көрсету маңызды. Тақырыптың үлкен әрі көлемді әріптермен теріліп берілуі,
тақырыпшаларды даралап көрсету, ереже, анықтамалардың, негізі ойлардың
аражігін ажыратып, айқындау, кейде басқа түспен белгілеу. Бұл мәнді де,
бағыныңқы ақпаратты компрессиялық (қысқарту, сығу) құралмен көрнекілеу
саналады.
Медициналық аудармаға төмендегілер жатады:
- Медициналық құжаттардың аударылуы (емделушілердің амбулаториялық
карталары, сараптама қорытындылары, эпикриздер, мамандардың тұжырымдары,
ауру-сырқау тарихынан көшірмелер, анықтамалар, ауруханалық қағаздар,
емделушілерге арналған ескертпелер, операциялар хаттамасы)
- Фармацевтикалық құжаттардың аудармасы (Дәрі-дәрмектердің сапалылығын
бақылау және оларды тіркеу жайындағы нормативті құжаттар, медикаменттердің
аннотациялары, дәрілік затты қолдану жөніндегі м
нұсқаулықтар, фармацевтикалық өнімдердің сертификаттары, клиникалық зерттеу
мен дәрілік препараттарды сынақтан өткізу қүжаттары)
- Медициналық машина жабдықтары мен саймандарды, құралдарды,
аппаратураларды қолдану нұсқаулықтарының аудармасы (қолдану жөніндегі
нұсқаулықтар, сертификаттар, каталогтар, патенттер (иеқұжат), лицензиялар
т.с.с.)
- Медициналық сайттар
- Медицина жайындағы ғылыми жұмыстардың аудармасы (денсаулық сақтау
саласындағы соңғы жетістіктер туралы медициналық мәтіндер, медициналық
мақалалар журналдардары, конференция материалдарын қоса алғандағы
медициналық әдебиеттер, ағылшын тіліндегі медициналық анықтама кітабына
енгізілген терминдер сонымен қатар ғылыми сипаты бар басқа да медициналық
құжаттар аудармасы)
- Медициналық сақтандыру полистер, дерттік-анатомиялық тұжырымдар.
Медициналық аударма дегеніміз бұл шет тілінде мінсіз сөйлеп, кәсіби
медициналық терминологияны керемет білгеннен басқа, ең алдымен аудармашыдан
байсалдылық пен үлкен жауапкершілікті , барынша көп назар мен зейін салуды
талап ететін жұмыс. Бұл аударма саласында еш қтелікке жол берілмейді.
Өйткені аудармашының тіпті бір ғана терминді дәлдіксіз және бір мәнсіз
тәржімалауы тікелей адам денсаулығына өте қайғылы зардап әкелуі мүмкін. Осы
кәсіппен айналысқан аудармашы адам денсаулығы жұмысының сапалылығына
тәуелді екенін ұғынуы тиіс. Осыдан басқа, медициналық аударма жасап жатқан
аудармашыға, еліміздің және шет елдің медициналық құжаттарын рәсімдеу
стандарттарының арасындағы айырмашылықтарына қатысты белгілі бір
ерекшеліктер жақсы мәлім болу керек.
Медициналық аударма жасағанда, бұл жұмысты біртіндеп орындаған жөн. Яғни,
бүкіл текстіні оқып шығып, одан қиын және сирек кездесетін сөздерді
белгіленіп алынады. Содан кейін, мәтіннен белгіленіп алынған терминдерге
сараптау жүргізіледі. Сонда ғана медициналық құжаттыр кәсіби сиптта
аударылуы мүмкін.
I тарау
Медициналық терминдердің аударылуы
Термин сөзінің шығу тегі терең. Ежелгі Римде термин сөзі шекараның
тәңірлік иесі, территориялар мен учаскелерді бөліп тұратын шекаралық
бағаналар мен тастардың қорғаушысы, күзетушісі ұғымында қолданылды. Бұл
тастар қасиетті саналды. Егер кімде-кім бұл тастарға қол тигізсе және
тиіссе онда ол қарғысқа ұшырайды деп саналды. Ғылыми терминдер осыған
ұқсас тастар болып межеленіп бөлінген, қайта танымға қызмет етті, – дейді
Б.С. Мейлах.
Термин – слово или словосочетание, являющиеся названием определенного
понятия какой-нибудь специальной области науки, техники, искусств.
С.И.Ожегов сөздігінде осылай сипатталған.
Кәсіби аудармаларда техникалық көп баламалар термин рөлінде көрінеді
(ғылыми, экономикалық,медициналық т.б.). Термин - ойды дәл жеткізуге, аса
мағыналық дәлдікке ең бастысы сол саладағы дәл білімге негізделеді. Ана
тілі негізінде жасалған терминдарді әріптік және терминологиялық мәнде
ажыратуға болады. Терминнің әріптік мәні термин жасау үшін пайдаланылатын
тілдік элементтік мәнінде құралады. Терминологиялық мән терминді
жеткізудегі ұғым мазмұнында айқындалады. Терминдер әріптік және
терминологиялық мәнде сәйкеспесе, бөгде семантикалыққа жатқызылады. Екеуі
бір-бірімен сәйкескен жағдайда ұғымдар арқылы нысаналы негіздегі байланысты
дұрыс бағдарлайды. Дұрыс аударылған термин ұғынуға, қабылдауға жеңіл.
Мағынасы жағынан айқын. Сөйлеммен сәтті қабысады.
Зерттеушілердің ортақ тұжырымына тиянақталсақ, термин – арнайы (ғылыми,
техникалық, әскери, медициналық, географиялық, т.б) мамандық саласына
қатысты туындаған сөздер мен сөз тіркестері. Ғылыми техника, өнер, қоғамдық
өмір саласындағы белгілі түсінікті дәл белгілейтін сөздер мен сөз тіркесі.
Ешқандай түсіндіруге келмейтін қалыпты, мағыналық қолданысы шектеулі
сөздер. Аудармаға арналған мәтінде термин әрқашан аудармада жеке шешіміді
талап етеді, сондай-ақ аударма бірлігі болып табылады. Терминология –
өндіріс қызмет саласындағы терминдер туралы білім жиынтығы. Терминдерді
аудару – ең қиын аударма түрі. (Сондықтан Медицина ғылымы толығымен
терминдерден тұрғандықтан, қиын аудармалардың бірі болады). Терминдерге
балама табу да үлкен білімділікті талап етеді. Әдетте терминдер арнайы
ғылыми, техникалық, өндірістік т.б. салалар түрлерінде қолданылады. Арнайы
заттарды белгілеуге және арнайы ұғымдарды дәл жеткізуге қолданылатын немесе
басқа тілден кіріккен сөздер. Олар негізінен ақпаратты барынша дәл және
мейілінше нақты жеткізудегі тілдегі ізденіс нәтижесі. Терминология
аудармашыдан тек қана шетел терминологиясын жақсы білумен бірге, соған
баламалы ұлттық, терминология іздестіріп, оны тілде орынды, дұрыс
пайдалануға дағдыландырады. Ұлттық тілдің бай сөздік қорын жете меңгеру
термин аудармасының сапалы дәрежеде жасалуына жәрдемдеседі. Термин
аудармасының қиындығы сан-салалы ғылым мен техниканың арнайы
материалдарынан тұрады. Негізгі аудармашылық мақсат терминге дәл, дұрыс
балама табу немесе қалыптасқан халықаралық термин болса, сол күйінде
қарастыра отырып, оның мағыналық сипатын түсіндіру. Термин ереже бойынша,
басқа тілде де соған сәйкес терминмен аударылады. Сондықтан да ұқсастық,
синонимдік ауыстыру, сипаттамалы аударма тек қана аудармаға арналған сәйкес
терминдер тілде жоқ жағдайда жасалады. Дәл және анық семантикалық сипаттағы
бір мағыналы терминдермен бірге көпмағыналы терминдер де болады. Бір
сыңарлы терминдердің көпмағыналылығы оларды түсіну және аудару қиындығын
тудырады, ал оған балама табу толығымен алғанда контекст жағдайына
байланысты.
Мысалы:
Дистопия – дистопия (жеке клетканың немесе бір мүшенің дұрыс орналаспауы)
Дистросия – дистросия (созылу)
Дистросия голеностопного сустава – балтыр−табан буынының дистросиясы
Чума – оба
Артериальная ладонная глубокая – алақанның терең артериялық доғасы.
Васкуляризация – тамырлану, тамырлар пайда болу.
Еюнорафия – еюнорафия (ас ішекті тігу)
Дуоденохолангит – дуоденохолангит (ұлтабар мен ет өзегінің қабынуы)
Профилактическая доза – профилактикалық доза
Терминдерді түсіну және аудару қиындығына байланысты көзқарас
тұрғысынан оларды 3 топқа бөлуге болады:
1. Шетелдік өмірдегі реалийді белгілейтін терминдер. Бұл топтағы
терминдерді түсіну қиындық тудырмайды, дегенмен мынадай жағдайлар болуы
мүмкін: ағылшын термині (интернационалдық термин) түріне байланысты қазақша
баламалық түр табу оңай емес.
2. Шетелдік тұрмыс-тіршілік реалийін белгілейтін қазақ өміріне қатыссыз
немесе жалпыға бірдей қазақ (орыс) терминологиясында баламасы бар
терминдер.
3. Шетелдік болмыс реалийін белгілейтін қазақ болмысында
қолданылмайтын, жалпыға бірдей қазақ терминологиялық баламасы жоқ
терминдер. Мұндай терминдерді аудару мынадай жолдармен жүргізіледі.
а) ағылшындық терминді сипаттау;
б) сөзбе-сөз аудару;
в) жекелеген немесе толық түрдегі транслитерациясын беру
(транслитерация – шетелдік сөздің графикалық үлгіде, яғни әріптік қабылдау
түрінде жеткізуге арналған аудармашылық тәсіл);
г) бір алфавиттік жүйеде (негізгі тілде) жазылған мәтінде басқа
алфавиттік жүйедегі (аударма тіліндегі) құралдармен беру.
4. Шетелдік сөздің әріптерін қазақ алфавиті негізінде беру.
Транслитерациясы және сөзбе-сөз аудармасы. д) Мәтінді жеткізу тәсілінде
дыбысталуын анағұрлым дәл жеткізуге ұмтылу үшін аударма тілі алфавитінің
көмегіне сүйену.
Шетелдік сөздің дыбысталуын (жекелеген есімдерді, георграфиялық
атауларды, ғылыми терминдерді) орыс алфавитінің көмегімен беру. е)
транскрибиробания және аударма. Осындай терминдерді аудару кезіндегі
негізгі қателік мынада, аудармашылар кейде шетел терминдеріне орыс
материалдарынан әріптік сәйкестік табуға ұмтылады. Мұндай тәсіл мүлдем
дұрыс емес, бірішіден, шетелдік болмыс реалиінің қызметі жойылып кетеді,
екіншіден қателерінің орын алу себебі, бұл терминдер тек қана шетелдік
болмысты сипаттайтын ұғымды беруі мүмкін, сондықтан орыстың арнайы
қабылданған реалилерімен сәйкестендіруге болмайды. Тағы бір қате аудармаға
сәйкес емес тәсіл таңдаудан, жоғарыда аталған топтардың біріне терминді
қате күйінде енгізу.
Аудармашының тағы бір қатесі сөзбе-сөздік, яғни шет елдік термин немесе
оның орыс терминіне ұқсас сыңарлары басқа мағынаны білдірген жағдайда сөзбе-
сөз аударма жасау.
Аударма кезіндегі бір жай аталған контексте терминнің шынайы мағынасын
үнемі ескеріп отыру қажеттілігі. Сондықтан терминді дұрыс түсіну мен аудару
тілді жақсы білумен бірге, шетелдік және орыс, қазақ болмысының реалилерін
жақсы білуге қатысты.
Терминдерді қазақшалау жөні осы екен деп, оның бәрін аудару қажеттілігі
де шамалы. Филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Құрманбайұлы тіл
термин сөздер арқылы көбірек жаңарады, – деген ой айтады. Термин
баламалары – ғылыми тілдің дамып, жетілуін айқындап отырады. Терминді
қажетті жерінде ғана қолдану пайдалы. Бұл жөнінде А.Байтұрсыновтың тұжырымы
– бұлжымас қағида. Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа ауызы тиген жұрт өз
тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана
тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында қайда кеткенін
білмей, айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі
әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздердің
даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек.
Сондықтан да ағылшын, орыс тіліндегі терминдерге ғылыми сипаттама жасап,
оның мағынасын ашып, айқындап, ұлттық ұғымға сай қолдану – мұқият
ізденіспен шешілетін мәселе. Термин – жалпыға бірдей баршаға ортақ,
түсінікті сипатта жасалуы тиіс. Өкінішке орай, бәрімізге түсінікті, дағдылы
қолданысқа енген орыс терминдерін жаңалау желеуімен жасалған, бір-біріне
ұқсаған, мағыналық жағынан жақындап кеткен, қарапайым халықты шатыстыратын
баламалар да жоқ емес. Бұл жөнінде әркез белгілі тіл мамандары Ә. Қайдар,
Р. Сыздықова, Ө. Айтбаев, Ш. Құрманбайұлы т.б. белсене атсалысып жүр.
Терминді аударуда да дәлдік, қысқалық, жүйелілік сақталуы шарт. Ең бастысы
баламасы түсініксіз, ұғымға ауыр болмауы тиіс.
XVIII ғасырдың соңында неміс ғалым И.Г.Гердер тіл мен әдебиеттің
өзіндік ерекшелігін қорғай келе, аударманы ұлттық тілді бұзу себептері
деп атады. Таза, мінсіз, бұзылмаған тіл халықтың мінез-қылығын, болмысын
дәл бейнелеуге көмектеседі. Оның айтуынша мейлі ол тіл жұтаң әрі өзгермелі
болсын, соның өзі ежелгі ұлттық мәдениетті бейнелей алады. Аударма тілінің
мәселелері әр кезде қызу талқыланып келеді. Әсіресе ұлттық тіл түрленген
тұста, қоғам өз тілінің бейнелеу мүмкіндіктерін айқын сезінгенде көрінді.
1-Петр патша реформасынан кейін Ресейде көптеген шетелдік сөздер кең
қолданысқа енді. Өйткені, аударма ісінің қарқынды дамуына қарай орыс тіліне
қаптап кеткен бөгде сөздерден арылтуға М.В. Ломоносов, В.К.Тредиаковский,
А.П. Сумароков батыл араласты. А.С. Пушкиннің өзі де Ресейге аударма және
еліктеу арқылы енген шетелдік сөздердің, әсіресе француз сөздерінің
қолдануын айыптай келе, олардың орыс сөз өнерін өркендетуді тежейтінін
айтты. Н. Гальдің Слова живое и мертвое кітабында исланд халқының туған
тіліне сүйіспеншілігі мен қызығушылығының зор екендігі көрсетілген. Тағы
бір ерекшелігі елде шет елдік сөздерді енгізбеу туралы кезінде аз
жазылмаған. Исланд пуризмі (тілді кірме сөздерден арылтып олардың орнына
дұрыс-бұрыстығына қарамай ана тіліндегі сөздерді қолдануға әуестену) қатаң
сақталынды. Автор Н.Беркованың айтуынша: Исландияда шет елдік сөздер жоқ
деуге де болады, басқа европалық тілдерде интернационализм саналатындар
мұнда туған тіл құралдарымен ауыстырылады. Мұның өзі аударманың сөздік
қорды байыту, ұлттық тілді жетілдіруге тигізер ықпалы дегенімен де, тілдің
бар құндылығын тиімді пайдалана білу мүмкіндігін айғақтайды. Аудармадағы
сөз мәдениетін сақтаудың озық үлгісі тілге талғамсыз, таңдаусыз жат
сөздерді, терминдерді тықпалай беруден сақтандыру.
Медициналық терминологияның қалыптасу тарихы: Медицина институтындағы
болашақ дәрігерлерге, осы салада қызмет ететін аудармашыларға анатомияны
игере бастаған алғашқы күндерден бастап-ақ анатомиялық латын
терминологиясының сөздігі қажет болады. Аудармада үш тілдегі сәйкес
анатомиялық терминдерді бір-бірімен салыстыра отырып, қазақ сөздері ішінен
лайықты балама сөз табу жұмысында белгілі қиындықтар кездеседі. Дегенмен,
мұндай қиындықтар анатомияның барлық бөлімдері немесе барлық терминдеріне
тән нәрсе емес. Мәселен, сүйектер мен асқазан-ішек жолы құрылыстарын
белгілеу үшін жалпы терминологияны аударғанда, қазақ тілінің баламаларға
бай екені анықталады.
Мысалы:
гребень (латынша - crista) деген терминді қазақ тіліне бірнеше сөздермен
аударуға болады: қыр арқа, жота, жал;
вырезка (іncisnra) – тілік, кетік, ойынды, ойық;
край (limbus) жиек, шет, ернеу;
канатик (funiculus) – арқан, жіп, шылбыр;
связка (ligamentum) – жалғама, байлам;
губчатый (spongiosus) – кеуекті, кемікті, деп аударылады.
Сүйек жүйесіне байланысты терминдерді қарастырғанда, бір сүйекті қазақ
тілінде белгілеу үшін бірнеше термин – синонимдерді табуға болады;
Плечевая кость (humerus) – тоқпан жілік, иық сүйек;
Решетчатая кость (os ethmoidale) – кеңсірік, торлы сүйек; Большеберцовая
кость (tibia) – асықты жілік, үлкен жілік;
Крестец (os sacrum) – сегізкөз,жая;
Бедренная кость (femur) – ортан жілік, сан сүйек;
Затылочная кость (os occipitale) – қарақұс, шүйде сүйек. Іш қуысындағы
мүшелерді қарастырғанда
Слепая кишка (caecum) деген терминдерді қазақша соқыр ішек, тұйық ішек,
бүйен деп аударуға болады.
Толстая кишка (intestinum tenue) – ащы ішек, жіңішке ішек деп аталады.
Бірқатар анатомиялық құрылымдарды белгілеу кезінде байқалатын қазақ
тілі терминдерінің байлығы, өткен тұрмыс салтымен, мал шаруашылығымен
байланысты. Бұл жағдайлар жаңа сөздер жасауда өз орындарын тапты.
Алайда нерв, қан тамырлары жүйелері мен сезім мүшелері құрылымдарына
қатысты баламаларда, орыс анатомиялық терминологиясын құру кезінде
қолданылғандай, терминдерді латыншадан транскрипциялауға және
транслитерациялауға тура келеді. Орыс анатомиялық термині
Фасция (латынша fascia) қазақ терминологиясы бойынша – фасция; Формайия
(formatio) – формация;
Гипофиз (hypophysis) гипофиз;
Лимфа (lympha) – лимфа;
Миокард (myocardium) – миокард;
Паренхима (parenchyma) – паренхима;
Нефрон (nephron) – нефрон;
Строма (stroma) – сторома;
Эпифиз (epipysis) – эпифиз;
Конус (conus) - конус;
Пронатор (pronator) – пронатор;
Нейрон (neuron) – нейрон;
Полюс (polus) – полюс және т.б.
Халықаралық анатомиялық номенклатураны құрудың жауапты редакторы,
белгілі совет анатомы С.С. Михайловтың (1987) пікірі бойынша – орыс
анатомиялық номенклатурасын жасау кезінде бүгінгі уақытта
транскрипцияланған және транслитерацияланған терминдерді атап өту мүмкін
емес. Ол тілді дамытудың мүмкін жолдарының бірі осы көрсетілген тәсілдер
болып табылады деп есептейді. С.С. Михайлов, В. Даль өзінің атақты сөздігін
Тірі ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі деп кездейсоқ атамағанын
ескертеді. Тіл әрқашан да дами береді, ол шындығында да тірі.
Орыс анатомиялық номенклатурасында латын терминдерінің орысша баламалары
бола тұра, латынданған түрінде жиі берілетін жағдайлар кездеседі.
Diafragma – грудобрюшная переграда – диафрагма;
Trachea – дыхательное горло – трахея;
Acinus – пузырек – ацинус;
Pericardium – околосердечная сумка – перикард.
Мен осындай жағдайларды, дүрыс және дәл түсіну үшін, қазақтың
эквиваленттік сөздерін келтірдім де оның қасына, орыс анатомиялық
терминологиясынан алынған латынданған терминдерді қойдым. Менің пікірімше,
бұл әдіс қазақ тілінің мүмкіндігін кеңейтіп, оны халықаралық анатомиялық
номенклатураға жақындатады, сонымен қатар, әр тілдерге сіңіп кеткен
терминдерді бір жүйеге келтіріп, үйлестіруге мүмкіндік береді. Мысалы:
Aponevrosis – жалпақ сіңір, апроневроз.
Diafragma – көк ет, диафрагма.
Trachea – кеңірдек, трахея.
Acinus – ұлпашық, ацинус.
Pericardium – жүрекқап, перикард.
Sphincter – қысқыш, сфинктер.
Sinus – қойнау, қуыс, синус.
Aorta – қолқа, аорта.
Ampula – кеңдеужер, ампула.
Membrana – қабыршақ, мембрана.
Lacuna – шұңқырша, көлшік, лакуна.
Еді халықаралық анатомиялық номенклатураларының құрылуы тарихына
тоқтала кету керек. Жалпы өмірдегі және оның ішіндегі анатомия ғылымындағы
ғылыми ойдың біртіндеп дамуына орай, анатомиялық терминология да біртіндеп,
баяу және ретсіз түрде дамып, құрастырылды, сол себепті де, ол жан-жақты
бола алмады. Анатомиялық терминдерді қолдануда әр елдің өз дәстүрлері
қалыптасты, сондықтан да, кейбір мүшелер әр жерде әр түрлі аталып жүрді.
Көптеген анатомиялық құрылымдар, соларды алғаш рет ашып немесе алғаш рет
зерттеген ғалымдардың есімдерімен аталды. Алайда, анатомиялық жаңалық ашу
әр елде әртүрлі ғалымдарға таңылып жүрді.
Германия анатомиялық қоғамының 1887 жылы өткен бірінші сьезінде,
құрамына көрнекті неміс анатомдары кіретін комиссия құрылды, ол комиссия
шетелдік басқа да көрнекті ғалымдардың қатысуымен латын анатомиялық
терминдерінің тізімін құрастырды. Бұл тізім Германия анатомиялық қоғамының
1985 жылы Базельде өткен конгресінде бекітілді. Тізім Базель анатомиялық
номенклатурасы (B. N. A. – Basler Nomina Anatomica) деген атпен жарияланды.
Алайда, бұл номенклатура анатомдар арасында баяу таралды, ал Англия мен
Францияда тіптен қолданылмады десе де болады.
Көптеген анатомдарға, B. N. A. – ны түзетіп, толықтыру қажет екені аян
болды. Сондықтан, Германия анатомиялық қоғамының 1935 жылы Иенде өткен
сьезі, анатомиялық терминдердің жаңа тізімін қабылдады. Бұл тізім, ғылыми
әдебиетке – Иен анатомиялық номенклатурасы (I. N. A. – Ienar Nomina
Anatomica) деген атпен енді. Анатомдардың 1950 жылғы Халықаралық
конгресінде, Халықаралық анатомиялық номенклатура комитеті (I. A. N. C. –
International Anatomical Nomenclatura Comitet) бекітілді.
1955 жылы Париждегі конгресте I. A. N. C. ұсынуы бойынша, Париж
анатомиялық номенклатурасы (P. N. A.) деп аталған анатомия терминдерінің
жаңа тізімі бекітілді. Егер бұрығы B. N. A. Тізімінде 5 600 анатомиялық
терминдер болса, Париж номенклатурасы 200-ден аса жаңа терминдер енгізді
де, Базель номенклатурасына кірген 4 286 терминді қалдырды.
Анатомиялық терминдерді жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғаса берді.
Анатомдардың 1965 жылы Висбаденде өткен VIII Халықаралық Конгресі,
анатомиялық терминдерге мыңнан аса өзгертулер мен толықтырулар қабылдады.
Оған қоса, P. N. A.-ға сәйкес келетін ұлттық анатомиялық номенклатуралар
құру ұсынылды. Анатомиялық орыс терминологиясын құру жайына қысқаша
тоқталып өтелік.
Голландиялық хирург және анатом Готфирд Бидлооның 1685 жылы латын
тілінде шыққан Адам денесінің анатомиясы атты кітабын белгісіз бір
аудармашы орыс тіліне аударады. Осы аудармаға арналған Белгісіз ғылыми
ерлік деген мақалада Н. А. Оборин мен А. Н. Оборин, бұл аударма орыс
анатомиялық терминологиясының негізін салды деп атап көрсетті.
Адам денесінің әртүрлі анатомиялық құрылымдарын орыс тілінде белгілеу
мүмкіндіктерін көрсетіп, орыс анатомиялық терминоглогиясын даярлау үшін
негіз болған Г. Бидлооның жүйелі оқу құралы – Адам денесінің анатомиясы
соңғы уақытта егжей-тегжейлі талдауға түсті.
Айта кететін нәрсе, Кеңес одағындағы ғылыми практикалық медицинада,
тіпті анатомия оқулықтарында ретсіз және қалай болса солай алынған, шығу
тегі әртүрлі терминдер (Базель дәуіріне дейінгі латын анатомиялық
терминдері, тіпті Иен терминдері) кездесе беретін. Көптеген авторлар,
әсіресе клиницистер орынсыз, жүйесіз жаңа сөздер жасауға жол берді.
КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық Ғылыми Кеңесі 311,
1959 жылғы қаулысында медицина институтында, журнал редакцияларында P. N.
A. Терминдеріне байланысты ретке келтірілген орыс анатомиялық
номенклатурасын қолдануды қажет деп тапты. Алғаш рет P. N. A. терминдеріне
сәйкес келетін орыс анатомиялық терминдерінің ресми тізімін құрастыруға,
КСРО медицина ғылымдары академиясының академигі Д. А. Жданов пен прфессор
Ю. Н. Копаев әрекет етті (Халықаралық анатомиялық номенклатура, М.,
Медицина, 1970).
Парижде, 1955 жылы қабылданған анатомиялық номенклатураның бірінші
советтік басылымының алғысөзінде, осы номенклатура туралы Д. А. Жданов;
Бұл ғылым тарихында бірінші рет халықаралық дәрежеде ресми түрде
мойындалған латын анатомиялық терминдерінің тізімі. Өйткені ғылымның
әртүрлі салаларында латын тілі бұрынғыдай халықаралық тіл болып қала
береді, сондықтан да бұл номенклатураның өте маңызды болуы түсінікті. Сөз
жоқ, совет анатомдарының жақын арадағы міндеті ұлттық анатомиялық
терминологияны құрастыру болып табылады. Бұл салада Н. А. Шеин, Н. М.
Максиаович-Амбодик, Е. О. Мухин, Г. А. Загорский, Н. И. Дьяконов, Н. А.
Карузин және басқа орыс ғалымдары көп еңбек еткен. Р. И. А.- дағы ресми
латын терминдерінің дәл аударылуына көптеген оқымыстылар ат салысқан - деп
жазды.
Бұл бүкілодақтық анатомдар, гистологтар және эмбриологтар қоғамы
(ВНОАГЭ) басқармасының 1956 жылы харьковте өткен пленумы, анатомдардың Y1
Халықаралық конгресінің 1955 жылғы парижде қабылданған Nomina Anatomica
тізімін мақұлдауға ұсынды. Алайда бұл тізім көптеген сын-ескертпелерге тап
болды. Анантомдар, гистологтар және эмбриологтардың Бүкілодақтық ғылыми
қоғамы басқармасының президиумы 1972 жылы осы ғылыми қоғамның 1974 жылы
Ташкентте болатын кезекті YIII Бүкілодақтық сьезінде талқылау үшін орыс
анатомиялық номенклатурасының жобасын дайындау туралы шешім қабылдады. КСРО
Денсаулық сақтау министрлігінің 1972 жылы 27 шілдедегі №503 бұйрығы бойынша
Париж халықаралық анатомиялық номенклатурасын өңдеу үшіп профессор С. С.
Михайловтың басшылығымен жұмыс істейтін, құрамында 17 профессор-анатом
ғалымдары бар комиссия құрылды.
Кеңестік номенклатуралық комиссия Халықаралық анатомиялық комитет (J.
A. N. C.) қабылдаған халықаралық анатомиялық принциптеріне сүйене отырып 15
пункттен тұратын ереже қабылдады. КСРО медицина ғылымдары академиясы
президиумының жанындағы Бас терминологиялық бұл ережені бекітті.
Номенклатуралық комиссия дайындаған жобаның бірінші варианты анатомдар,
гистологтар және эмбриологтардың Бүкілодақтық ғылыми қоғамның барлық
бөлімдеріне, КСРО Денсаулық сақтау министрлігі мен КСРО Медицина ғылымдары
академиясының негізгі ғылыми-зерттеу институттарына, үлкен медициналық
энциклопедия редакциясына және Бас терминологиялық комиссияға талқылауға
жіберілді. Талқылауда көрсетілген көптеген ескертпелер мен ұсыныстарды
ескере отырып, орыс эквиваленттері ресми тізімі номенклатурасының төртінші
басылымы С. С. Михайловтың редакциялауымен жарық көрді. (М.
Медицина,1980).
Бұл басылымда Токиодағы (1975 ж.) анатомдардың Халықаралық конгресіне
енгізілген өзгертулер ескерілді, осыған орай, латын тексті Халықаралық
анатомиялық номенклатурасының ресми басылымы: Nomina Anatomica Fourth
International Congress of Anatomists at (August 1975. Amsterdam – Oxford;
1977) бойынша беріледі.
Орыс анатомиялық номенклатурасын жасаудың негізгі қағидалары
Халықаралық анатомиялық номенклатура (орыс анатомиялық эквиваленттерінің
ресми тізімінен) – деп аталатын С. С. Михайлоытың редакциялауымен шыққан
кітаптардың (1980, 1986) алғы сөздерінде баяндалған. Бұл қағидалар қазақ
анатомиялық терминдерін құру кезінде негізге алынды, сондықтан олардың
біразына тоқтала кетейік:
1. Орыс анатомиялық терминдері мағынасы бойынша мүмкіндігінше ресми латын
терминдеріне жақын болуы керек. Алайда сөздің шығу тегін (этимологиясын)
сақтау әрекеті үстем болмауы керек. Сондықтан терминдерді сөзбе сөз
аударып, анатомиялық құрылымдардың мәнін бұрмалауға жол беруге болмайды.
2. Эпонимикалық терминдер, яғни ғалымдардың есімдерімен аталған
анатомиялық құрылымдар аттары, клиникалық терминдердің негізі ретінде
қалыптасып кеткен жағдайда ғана орыс анатомиялық номенклатурасында
синонимлер ретінде сақталады (мысалы, Гаймор қуысы – Гайморит,
Евстахи түтігі – евстахиит және т.б.)
3. Шет тілден алынған, халықаралық ресми терминдерге сәйкес келетін
медицинада кеңінен пайдаланатын кірме сөздердің де (медиальды,
латеральды, миокард, диафрагма, перикард, ганглии және т.б.) қолданылуына
жол берілуі керек.
4. Шет тілдік терминдердің орыс тілінде қолданылатын қанағаттанарлық және
қолайлы эквиваленттері жоқ болса, олардың орысша транскрипциясы
пайдаланылуы керек (мысалы, гипокамп, таламус, гипоталамус т.б.), сонымен
қатар, егер шет тіл терминдері медицинада кеңінен таралған болса, олардың
орыс тіліндегі транскрипциясын қолданған дұрыс.
5. Мүмкіндігінше белгілі бір латын сөзін аударғанда, оның орысша бірнеше
эквиваленттері болмауына тырысу керек.
Осы арада медициналық әдебиеттің аудармасына да тоқтала кетейік:
Болашақ дәрігер қай жерде білім алса да- Англияда, АҚШ-та,Ресейде,
студенттерге арналға оқыту құралдары негізі бір матермалдардан, берілген
зерттеулерден, теориялар мен ашылулардан тұрады. Бүгінгі таңда медициналық
аударма жасайтын кәсіби лингвисттердің қызметінің арқасында бұл мүмкін
болып отыр.
Оқулықтардың молшылығы, мемлекеттік тіліміздегі және шет тілдеріндегі
анықтамалар мен энциклопедиялар бұл- аудармашылардың шынайы жетістіктері.
Медициналық әдебиеттің аудармасы - өте көп еңбек етуді, медициналық
шеңберде хабардарлықты, осыған қоса машақаттық, шыдамдылық пен сауаттылықты
талап ететін жұмыс қой.
Кез келген медициналық әдебиеттің аудармасы (ағылшын тіліне және сол
тілден қазақшаға) берілген ғылымда және оның қолданбалы тармақтарында
негізді де берік білімнің болуы дегенді білдіреді. Бұл - тек туған тілінде
ғана емес, ұйқас нұсқасын аудармалы тілде жатқа біліп, есте сақтайтын нағыз
энциклопедиялық ақпарат. Медициналық әдебиеттің аудармасы дегеніміз бұл
тағы - кәсіби терминдердің, түсініктер мен атаулардаң шексіз көптігі.
Сыншыл көпшіліктің сынағынан өтетін құжаттамаларда қателесу кешірімсіз.
Стилистикалық және грамматикалық қателіктерді жіберу мүлдем кешірімсіз.
Өйткені сауаттылық дегеніміз - өзін сыйлайтын кез келген ғылыми
қызметкердің артықшылығы. Медициналық материалдардың аудармасы материалдық
объектіге, әдістемелік оқу құралына айналар алдында – ол мыңдаған түзету
мен өңдеуден өтеді. Сол себептен медициналық әдебиеттің аудалмасы көптеген
құрамдас бөліктерден тұрады және соншалықты көп қырлы, тіпті лингвисттің
өзінен әмбебап маман қылады: ғылыми қызметерді, дәрігер мен редакторды бір
мезгілде жасайды.
Перевод выписки истории болезни
Қазір еліміздің азаматтарының көбісі шет елдерде емделеді. Міне осыған
түрлі медициналық құжаттардың аудармасы қажет болуы мүмкін. Мысалға,
сараптамалар нәтижесі қолыңызда болса,шет мемлекеттің емханаларында
анализдерді қайта тапсырудың қажеті жоқ. Бірақ, олар өз туған тіліңізде
жазылған болса? Медициналық аудару көптеген мәселелерді шеше алады және
бірталай процедуралардан қайта өту қажеттігінен босатады. Осыдан басқа,
пайдалы емдеу жасау үшін, сіздің дәрігеріңізге ауру тарихы қажет болады.
Бұл жағдайда тағы медициналық құжаттарды аудару қызметі қажет.
Понедельник, 7 декабря, 2009г.
Практика диагностики и лечения за границей у россиян появилась давно, но
быстрыми темпами развиваться стала только в последнее десятилетие. И
неудивительно, ведь в советское время большинство зарубежных клиник были
недоступны по политическим причинам, в годы перестройки – из-за отсутствия
средств, а к настоящему моменту, когда лечение в Европе и прочих развитых
странах не кажется уже таким фантастическим, единственным барьером остается
– язык.
И собираясь на лечения за границу, любому человеку непременно требуется
перевод выписки истории болезни. С одной стороны эта процедура может
показаться простой, и где-то даже общедоступной и рутинной, но грамотный
перевод выписки истории болезни может осуществить не то, что не каждый
человек, владеющий английским, но даже далеко не каждый переводчик.
Ведь перевод выписки истории болезни с английского языка и на него является
особой нишей в сфере медицинских переводов, и заниматься им должен только
профессионал. По сути, выписка истории болезни представляет собой свод
сведений из медицинской карты. Это и диагноз пациента, и описание течения
болезни, назначенное лечение и перечень применяемых препаратов. Поэтому
перевод выписки истории болезни требует глубокого знания медицины, более
того – любой ее сферы от урологии или гинекологии, вплоть до стоматологии,
хирургии и т.д. А ведь каждая из них имеет свою специфику: профессиональную
терминологию, сотни сокращений и аббревиатур.
Вот почему, планируя доверить свое здоровье в руки западных специалистов,
стоит непременно позаботиться и о квалифицированном переводчике, который
сможет осуществить перевод выписки истории болезни. И чтобы по вине
лингвиста, неверно осуществившего перевод выписки истории болезни, диагноз
больного не стал смертным приговором – следует выбирать только специалистов
медицинского перевода.
Обращайтесь!
II тарау
Медициналық құжаттар және нұсқаулықтар аудармасы.
Медициналық аппаратура нұсқаулықтарының аудармасы техникалық аударма
саласына тікелей қатысты деуге болады. Сол себептен техникалық аударма
саласына қойылатын талаптар медициналық машина жабдықтары немесе құралдар,
аппаратураларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың аудармасында ескерілуі
абзал. Яғни бұлардың аудармасы ғылыми техникалық аударма теориясына
негізделуі жөн.
Медициналық машина жабдықтары немесе құралдар, аппаратураларды
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың аудармасы аса күрделі, қиын, арнайы
маманданған, тәжірибелі аудармашының ғана қолынан келетін іс. Мұндай
аударма мәтіндерін шет тілінен немесе орыс тілінен аударғанда қазақ тілінің
мүмкіндіктеріне толық сәйкестікте әрі мейлінше дәл аудару қажет.
Бұндай техникалық аударма түрін жасау үшін аудармашының алдымен ғылыми-
техникалық ақпараттан хабардар болуы тиіс.
Ғылыми- техникалық ақпарат үш ағымға бөлінеді:
1) Патенттік әдебиет-ақпарат алмасудың негізгі түрі, қалай болғанда
да ол ғылым мен техника саласындағы жаңа дүниенің бәрі патент
сипатында және оның туындылық түрінде ресми құжатталынып
тіркелінеді.
2) Ғылыми-техникалық ақпарат алмасу үшін арнайы тағайындалған
мерзімдік кезең, мәселен, салалық бюллетендер, мазмұнды
рефераттар, түйіндеме және атауы, салалық ғылыми-техникалық
журналдар, арнайы сипаттағы пікірталастық өзекті мәселе көтерген
және есептік мақалалар, тақырып атаулары тізімделген
библиографиялық көрсеткіштер, өнертапқыштық және өндіріс
өнімдерінің заттары, сондай-ақ аталған сала бойынша мазмұндағы
түйіндеме мен жұмыстық тақырыптық шолуы.
3) Әртүрлі мерзімдік және мерзімдік емес басылымдар және басқа да
ғылыми-техникалық алмасу үшін арнайы бекітілмеген, алайда осы
мақсатта қуатты түрде пайдалана беруге болатын ақпарат көздері:
мысалы арнайы кітаптар мен журнадар, жарнамалық материалдар,
медицина аппараттарының нұсқаулықтары және сол тектес арнайы
ақпараттық көздер.
Аударманың бұл түрі материалды анық, – үлкен терминология қолданылуымен
және дәл сипаттауымен, қалай дегенде де образдылық, эмоциональдық,
бейнелеу, көркемдеу құралдарының қатысуынсыз жасалады. Ғылыми және
техникалық материалдардың терминологиямен сәйкестік табуы аудармашыдан тек
қана терминологияны өте жақсы білумен қатар, аударма үдерісінде өзара
қызмет жасайтын екі тілдің лингвистикасын, тілдік құрылымын жақсы білуді
талап етеді. Оларды орынды, дұрыс қолдана білу аудармашы қабілеттілігіне де
қатысты. Мұндағы айрықша маңызға ие болатын белгілі бір тілдегі сәйкесетін
реалилер мен терминологиялық баламалар болмаған жағдайда аудармашылық
тәсілдер мен әдістемелерге сүйену орны бөлек.
Арнайы аударма жанрының бір түрі ретінде ғылыми және техникалық
тақырыптар бір-бірімен алмасу саласына қызмет етеді. тақырыптар қатаң
түпнұсқалық жүйеде жасалады.
Медициналық нұсқаулықтардың аудармасы арнайы қызметтік әдістемелермен
жүзеге асырылумен бірге, көркем әдебиет аудармасынан айырмашылығы
дәлдігімен, ықшамдылығымен, қысқалылығымен, айқындылығымен, жинақылығымен
ерекшеленеді.
Медициналық нұсқаулықтардың аудармасында терминдері жиі қолдана отырып,
өзінің мағынасы жағынан ғылыми-техникалық аударма терминімен сәйкеседі.
Медициналық нұсқаулықтардың аударма мәтіні ғылыми түрде мазмұндауға
арналған қалыпты сөздер жиынтығы, ережелер және қосымша белгілер жүйесінің
бай қорымен ерекшеленеді (бұған техникалық мәтін, түрлі схемалар мен
сызулар қосылады). Медицина аппаратура нұсқаулықтарының аударма мәтінін
жазудың қатал заңдылығы бар. Белгілі бір синтаксистік, морфологиялық
құрылымдары, бірыңғай орамдағы сөздер, бірыңғай стиль қалыптасқан. Мұнда
басы артық сөз жоқ. Әрқайсысы қаланған кірпіштей өз орнында тұрады. Әр сөз
ғылыми, техникалық шығарманы сипаттау, талдау түсіндіруге бағытталады.
Ғылыми мәтін когнитивтігі (танымдылығы) ақпаратты жеткізуге арналған.
Мұндағы сөйлемдер құрылымы күрделі және олар сөз жасау моделі бойынша
құрылады. Әр сөздің деректілігі, ақпараттық мағынасы бар. Ең бастысы
терминдер жиі кездеседі. Терминдерді сәйкес баламалармен аудару керек.
Мағыналық жақындықтағы сөздер термин қызметін ауыстыра алмайды. Мұнда
терминологияның жалпы ғылыми қабатын құрайтын лексикалық бірліктер
қолданылады. Ол кейде жалпығылымдық сипаттау лексикасы деп те аталады.
Зерттеуші И. Алекссева анықтауынша негізгі ерекшеліктері: 1) эмоциональдық
бояудан айырылуы; 2) қазіргі заманғы жазба әдеби норманың бейтарап
нұсқасына жатқызылуы; 3) стилистикалық тепе-теңдіктегі синонимдерге бай
екендігі. Мысалы “маңызды рөл атқарады”, “маңызды мәнге ие”, “маңызды сипат
алады” т.б. синонимдік орамдар. Мұнда когнитивті ақпараттың тығыздық
деңгейін арттыратын құралдар ретінде қысқартулар қолданылады. ЭКГ –
электрокардиограмма, ҒТҚ – ғылыми-техникалық құрал т.б. Мәтіндегі
синтаксистің күрделілігі аудармада ұқыптылықты талап етеді. Ең бастысы
аудармада олардың логикалық құрылымы жағынан тұтастығын, байланысын бұзбау.
Сондықтан аударма логикалық жағынан қисынды, тұжырымды, дәлелді болуы тиіс.
Ғылыми мәтін түсінікті, айқын, нақты сипатымен тез меңгеріледі. Ойға тез
қонады.
Нұсқаулық мәтінді логикалық ұйымдастырудың қосымша құралы – безендіру,
көрнекілеу құралдарын тиімді пайдалану, шрифтік жағынан айқындап көрсету
маңызды. Тақырыптың үлкен әрі көлемді әріптермен теріліп берілуі,

Медициналық нұсқаулықтардың аудармасында аударма аталған тіл нормасына
сәйкес келуі тиіс. Дұрыс аудару үшін жалпы мәтінде не айтылғанын түсінуден
бөлек, мәтін бірліктерінде, жекелеген сөз мағынасына талдау, сипаттама
жасау маңызды. Шетелден жаңадан енген терминдер аталған сөзді және оның
басқа да сөз бірліктерімен және тура бір мағыналық сәйкестігін логикалық-
лингвистикалық талдау жолымен дәл анықтауды талап етеді. Дұрыс нұсқасын
таңдау шет тілді жетік білумен байланысты тілдегі терминді ауыстыруда ана
тілінде соған сай сөз табу қажеттілігі зор. Бұл жанр аудармасы негізгі
мәтіндегі фактілік материалды қандай да бір өзгеріс жасауға жол
бергізбейді. Аударма кезінде сөйлемді құрастыру барысында ойды айқын да дәл
жеткізу мақсаты көзделеді. Сондықтан тұтас мағына бұзылмас үшін сөйлемдерді
жеке бөліктерге бөліп жіберуден сақтану керек. Не болмаса жеке бөліктерді
өзінше топтап тастауға, бөліктерді қайта құрастырып біртұтас жасауға
келмейді. Мәтін жүйелі, мақсатты ойға құрылғандықтан, толық мағынасында
жеткізілуі тиіс. Нұсқаулық мәтіндерінің стилі ықшамды, жинақы әрі нақты да
дәл болуы шарт.
Медициналық нұсқаулықтарды аудару – бұл аударма түрінде алдыңғы орынға
аударылатын мәтіннің сипатын, негізін, мәнін түсіну шығады. Сонымен бірге
аталған техника саласында қабылданған қазақ терминологиясына сәйкес білім
меңгерудің маңызы ерекше зор. Әсіресе, қай салада қабылданып, бекітілген
стандарттық терминологияны қолдануға айрықша нұсқау жасалады. Сипаттамалық
аударма қазақ тілінде аталған термин сөздің баламасы жоқ жағдайда ғана
қолданылады. Аударма ісіне кіріспес бұрын, аталған мамандық бойынша
материалды түсіну үшін негізгі мәтіндерімен мұқият танысып алу қажет. Бұл
үшін сондай бір салада қызмет істеп, біраз тәжірибе толыстырып алу да
пайдалы. Немесе медицина саласындағы кәсіби, тәжірибелі маманмен ақылдасу
жөн. Аударманың өзіне қатысты талабына келсек, ол ойды жеткізу дәлдігімен,
және қабылданған терминологияны пайдаланумен ғана ерекшеленбейді, мәтін
шұбалаңқылықтан әрі түсініксіздіктен аулақ болуы керек. Медициналық машина
жабдықтары немесе құралдар, аппаратураларды, пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтардың аудармасы аудармада көрнекі сипат алуы тиіс. Барлық
ағылшындық, американдық немесе орыс өлшемдері метрикалық баламамен
есептеліп шығуы қажет.

пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың аудармасын кез-келген адам жасай
алмайды. Ондай аударма жасау тапсырылған жағдайда, сол саланың мамандарының
ақыл-кеңесіне сүйенуге тура келеді. Мұндағы терминдердің баламасын табу
қиын. Өйткені, технологиялық жабдықтардың, ақпараттардың әрбір бөлігінің
атауы бар. Мүмкіндігінше ол аудармада сақталынуы тиіс. Әрине кейбір
жағдайда түсініктеме беру артық болмайды.
Медициналық нұсқаулықтардың аудармасы үлкен техникалық білімді,
ғылымның жетістіктерімен жете танысуды, сол салаға мамандануды, болмаса
терең хабардар болуды қажетсінеді. Сондай-ақ аудармашының сенімді көмекшісі
– ғылыми-техникалық және медициналық сөздіктер.
Медициналық нұсқаулықтардың аудармасы техникалық аударма саласына
қатысы бар деуге болады. Сол себептен техникалық аударма саласына қойылатын
талаптар медициналық машина жабдықтары немесе құралдар, аппаратураларды
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың аудармасында ескерілуі абзал.
Медициналық машина жабдықтары мен саймандарды, құралдарды,

нұсқаулықтар, сертификаттар, каталогтар, патенттер (иеқұжат), лицензиялар)
біршама техникалық аудармамен байланысы бар. Яғни бұлардың аудармасы ғылыми
техникалық аударма теориясына негізделуі жөн. Әр құжаттың өзіндік
қолданылатын қалыпты стилі, термині, мәтіндік құрылымы бар. Бұл саладағы
шығармаларды аударуға сөздік те аздық етеді, тек кәсіби маман біліміне,
тәжірибесіне сүйенген дұрыс. Бұндай мәтіндер қатаң морфологиялық және
синтаксистік құрылымға ие, сөздің бірыңғай орамдары, біркелкі стиль
қалыптасқан. Медициналық аударма көп салалы білімді қажет еткендіктен,
бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн.
Бұл салада маманданған аудармашы болса, ақыл-кеңес сұрап, тәжірибе
алмасу да пайдалы. Ең бастысы ғылыми мәтін когнитивті ақпаратты жеткізу
көзі саналатындықтан, терминдерді дұрыс жеткізу мәні ерекше. Көбінесе
термин сол күйінде алынады, егерде бір мағыналы, баламасы болса қолдану
қажет. Екі тілдік арнайы сөздіктерде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz