Бюджетпен есеп айырысудың есебі
Кіріспе
I. Ұйымның қаржы.шаруашылық қызметі мен есеп саясатының сипаттамасы.
1.1 Ұйымның техника.экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы
1.2 Ұйымның есеп саясаты
1.3 Қазақстан Республикасының бюджетінің құрылымы мен оның мақсаты
II. Бюджетпен есеп айырысудың есебі.
2.1 Бюджетпен тікелей төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі.
2.2 Бюджетпен жанама төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі.
2.3 Бюджетпен өзге де төлемдер және міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі.
III . Бюджетпен есеп айырысудың аудиті
3.1 Бюджетпен есеп айырысудың аудиты мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі
3.2 Бюджетпен есеп айырысудың аудиті
3.3 Бюджетпен есеп айырысуды талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:

Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралык бухгалтерлік есеп стандартына, зандарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр.
Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп, ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Капитал нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін инвесторлардың жоғары дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және өтімділігіне сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша шығыстарын қысқартуға себепші болады.
Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық, нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдын мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.
Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да, бухгалтерлік есепті, кейде бизнестің қаржылық тілі деп те атайды. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен қоса, олар есепті онайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді катаң сактауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл және анық болуына жауапты болып келеді.
Бүгінгі күні қоғамдағы бюджеттің алатын орны ерекше екенін білеміз, яғни бюджетпен есеп айырысу есебіне тоқтала келе, талданып отырған тақырып сол нарықтық экономика дамуының маңызды факторларының бірі бюджетке төлемдердің уақытында әрі нақты төленуі болып табылады деген қорытынды жасауға болады.
Жүйелі басқаруға кәсіпорындар міндетті түрде өздерінде бар ресурстар мен олардың қолданыстары туралы, шаруашылықтың дамуының бастамасы туралы мағлұматтар жинауы қажет. Ресурс көздерінің қолданыс кезіндегі жасалған зерттеуінде ең алдымен ішкі резервтер ашық зерттеледі жұмыста жетіспеушіліктердің себептер анықталады және олардың шығарылуына шектеулер жасалады.

1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік туралы» заңы 28.02.2007 жыл № 234 III
2. Байдәулетов М., Байдәулетов С.М., «Аудит»: оқу құралы.- Алматы:
Қазақ Университеті, 2004ж
3. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы».
Заңы,22.05.2006 ж.
4. ҚР-ның «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті
серіктестіктер туралы» Заңы № 436-16 шілде 1999ж.
5. Бухгалтерлiк есептiң типтiк жоспары, Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi, Алматы 2007ж.
6. Бухгалтерлiк есептiң ұлттық стандарттары-2. Алматы, 2007 ж.
7. Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары, 2005 ж.
8. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы 2006 ж.
9. Әбдіманапов Ә., «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері».
Оқулық, - Алматы 2006 ж
10. Баймұханова С.Б., Балапанова Ж., «Бухгалтерлiк есеп», Алматы
2001ж.
11 Кодекс этики профессиональных аудиторов и международные
стандарты аудита, 2001 г М:МЦРСБУ,2002
12. Дюсембаев К.Ш. и др. «Аудит и анализ финансовой отчетности».
Алматы 1998г.
13. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж. Г «Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001ж.
14. Дюсембаев К.Ш., «Аудит и анализ в системе управления финансами» Алматы 2000г.,
15. Кеулiмжаев Қ.Қ., Әжiбаев З.М. т.б. «Қаржылық есеп». Алматы 2001г.
16. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп»: Оқулық, Алматы: Экономика, 2005ж
17. Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы 2002г.
18. Рахимбекова Р.М., «Финансовый учет на предприятии»: Учебник. Алматы: Экономика,2005.
19. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Алматы 2000г.
20. Налоговый учет. Султанова Б.Б. Алматы Экономика 2007 г.
21.Ержанов М.С.,Ержанова С.М.. Учетная политика на казахстанском
предприятии Алматы БИКО 1997 г.
22. Нурахметова Л.К. Учет обязательств. Путеводитель бухгалтера.2007 г.
23. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005
25 В.Д.Мельников «Основы финансов» учебник для вузов Алматы
2007год.

Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралык
бухгалтерлік есеп стандартына, зандарын және икемді салық жүйесін толық
пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік
түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен
тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін)
жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған
құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып
отыр.
Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң
өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған
ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай
дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп,
ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Капитал
нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін инвесторлардың жоғары
дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және өтімділігіне
сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының
бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін
маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік
шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша
шығыстарын қысқартуға себепші болады.
Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс
пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық
жағдайы мен қаржылық, нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдын мәні
туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.
Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне
тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да, бухгалтерлік есепті, кейде бизнестің
қаржылық тілі деп те атайды. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету,
көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен
қоса, олар есепті онайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға,
нормативтік актілерді катаң сактауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл
және анық болуына жауапты болып келеді.
Бүгінгі күні қоғамдағы бюджеттің алатын орны ерекше екенін білеміз, яғни
бюджетпен есеп айырысу есебіне тоқтала келе, талданып отырған тақырып сол
нарықтық экономика дамуының маңызды факторларының бірі бюджетке төлемдердің
уақытында әрі нақты төленуі болып табылады деген қорытынды жасауға болады.
Жүйелі басқаруға кәсіпорындар міндетті түрде өздерінде бар ресурстар мен
олардың қолданыстары туралы, шаруашылықтың дамуының бастамасы туралы
мағлұматтар жинауы қажет. Ресурс көздерінің қолданыс кезіндегі жасалған
зерттеуінде ең алдымен ішкі резервтер ашық зерттеледі жұмыста
жетіспеушіліктердің себептер анықталады және олардың шығарылуына шектеулер
жасалады.
Осы жағдайда басты мәселе болып қаржылық тапшылықтың банктерден қысқа
немесе ұзақ мерзімге несие алуға итермелесе, есепті кезеңде салықтық
есептеулерді уақытында орындап бюджетке аударымдары,сонымен қатар
жабдықтаушылар мен мердігерлермен мерзімінде есеп айырысу өндірісті тиімді
және ырғақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Бюджеттік төлемдермен есеп айырысудың есебі мен аудиты тақырыбына
орындалып отырған дипломдық жұмыстың өзектілігі бүгінгі күнгі салықтық
төлемдер бойынша өзгерістердің жиі болуына байланысты есептеу кезінде
нормативті актілермен және нұсқау бойынша реттеп, бухгалтерлік жазбаларды
нақты болуы. Осыған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етуші
тұстарын қатаң қадағалау.
Дипломдық жұмыстың орындалу мақсатында бюджетке төленетін төлемдердің
түрлеріне жеке жеке тоқталып теориялық негізімен тәжірибедегі байланысын
зерттеу, мекемедегі төлемдермен есеп айырысудағы бухгалтерлік есептің
жүргізілу тәртібінің және аудитының ерекшелігін атап көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін келесідегі міндеттер қойылды:
- мекеменің қаржылық жағдайы мен есеп саясатын ашып көрсету;
- бюджеттік төлемдерді төлеу мен аудитын ұйымдастырудағы ерекшеліктерге
тоқталу;
- жаңадан қабылданған стандарттарға көшудегі мәселелерді атап өту.
Дипломдық жұмыстың обьектісі болып Озенинвест мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің шаруашылық қаржылық жағдайы алынған.
Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде ұйымның қаржы-
шаруашылық қызметі мен есеп саясатының сипаттамасы қаралса, екінші негізгі
бөлімде - бюджетпен есеп айырысудың есебі, үшінші бөлімде
бюджетпен есеп айырысудың аудиты қарастырылған, сонымен бірге әрбір
бөлімнің тақырыбын ашу мақсатына 11 кесте, 3 сурет құрастырылып
көрсетілген.
Дипломдық жұмысты орындауда Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда
қолданыстағы нормативті құқықтық актілер мен Салық Кодексін қолданылды.
I. Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі мен есеп саясатының сипаттамасы.
1.1 Ұйымның техника-экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы
Озенинвест мемлекеттік коммуналдық мекемесі ҚР Зандарына сәйкес,
бiрлескен шаруашылық қызметтi жүргiзу үшiн, 08.02.2000 жылы құрылтай
шартына және ҚР Азаматтық Кодексiнiң және Мемлекеттік мекемелер туралы ҚР
Заңының сәйкес құрылды.
Жарғылық капиталы құрылтай шарты құжаттарымен анықталған мөлшердегi
7250000 тенге болып жарияланды.
Мекеме төмендегідей қызмет түрлерін атқарады:
- халықты коммуналдық қызмет түрлерімен үнемі үздіксіз қамтамасыз ету;
- ресурстармен (су,электр энергиясы,жылу) пайдалану тиімділігін
қадағалап, реттеп отыру;
- жылу беретін қазандықтар жұмысын үздіксіз жүргізуді бақылау,
- азаматтық – өнеркәсіптік объектілерді жылумен жабдықтау және қайта
құру;
- азаматтық, өнеркәсіптік және қоғамдық үйлер мен ғимараттардың жылу
жолдарын жобалау, қайта құру және құрылысы, соның ішінде мұнай мен газ кен
орындарының құбырлық жолдарын жобалау және жайластыру, сонымен қоса
теңіздің акваториясы, елді мекендерді, тұрғын үйлерді, мекемелерді,
ғимараттарды газбен жабдықтау;
- газ және газ конденсаттарын құбырларда сақтау және бөліп тарату;
- конструкцияларды, құрылыс нормаларын, стандарттарды әзірлеуге
көмектесу;
- мұнайгаз өндіру саласына қазіргі технологияны өткізу үшін, жаңа
техниканы, конструкцияларды, бейімдеуді, құралдарды әзірлеуге дайындау
- скважинаны бұрғылау, кен орындарының шекарасында ғана, тәжірибелік-
өнеркәсіптік талдамасына лицензия алумен, қайтадан белгіленген кеніштерді
талдауын енгізу, көмірсутек шикізаттар кеніштерін барлау
мақсатыменжүргізілген жұмыстарды атқару;
Мекеменің басқа шаруашылық мекемелерге, сондай-ақ коммерциялық емес
мекемелерге қатысуы туралы шешім;
жою комиссиясын тағайындау және жою баланстарын бекіту;
Мекеменің барлық мүлкінің кепілдігі туралы шешім;
заңға сәйкес мекеме мүлкіне қосымша жарна енгізу туралы шешім;
жарғы ережелеріне түсіндірме.
Мекеменің мүлкі. Мекеметің мүлкі қатысушы органның жарғылық капиталға
бастапқы жарнасы, қосымша жарналар, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен
табыстар негізінде, сондай-ақ белгіленген тәртіпке сәйкес мекеменің
иемденген қарыз қаражаттары және басқа да мүлік негізінде, сонымен бірге
заңға қайшы келмейтін басқа да көздерден құрылады.
Мекеме негізгі қор, айналым қаражаттары және басқа да материалды
құндылықтардан тұратын мүлікті иемдену, қолдану құқықтарын өз бетінше
жүргізеді. Мүлкі оның балансында көрсетіледі. Салықтар мен басқа да
міндетті төлемдерді төлеуден кейін қалған материалды қаражаттар таза
табысты құрайды. Мекеменің табысын бөлу басқарушы органның шешімі негізінде
жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін жүзеге асырылады. Табысты
төлеу осындай шешімді қабылдағаннан кейін бір ай ішінде жүргізіледі. Жарғы
бойынша түзетілмеген сұрақтар Қазақстан Республикасының Заңнамаларына
сәйкес шешіледі. Жарғының ережелерінде қарама-қайшылықтар туған жағдайда,
мекеменің мүддесін анықтайтын ережелер қолданылады.
Басқарушы органның өзгеруі, жарғылық капитал мөлшерінің азаюы және
Мекеме атауының өзгеруі оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында
тіркелуін міндеттейді.
Зерттеліп отырылған басқарманың бухгалтерлік есебін бас бухгалтер
жүргізеді және басқарады. Бас бухгалтер тікелей басқарманың басшысына
бағынады. Енді алдымен басқарма басшысының қызметін ұйымдастырылуын
қарастырсақ, басқарманы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
сәйкес облыс әкімі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы
басқарады. Басшының заңнамада белгіленген тәртіппен, басқарма басшысы
лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасары бар. Басшы
басқарманың жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге
асырады, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өзінің
қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауап береді.
Осы мақсаттарда басқарма басшысы:
— өз орынбасарының міндеттерін және өкілеттіліктерін, сондай-
ақ басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін
белгілейді;
— Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және
лауазымнан босатады;
— заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлерін
көтермелеуді, оларға материалдық көмек көрсетуді, оларға
тәртіптік жаза белгілеуді жүзеге асырады;
— бұйрықтар шығарады және басқарманың барлық қызметкерлерінің
орындауы міндетті нұсқаулар береді;
— басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
— басқарманы мемлекеттік органдарға және өзге органдарға
ұсынады;
— Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталып өткендей, зерттеліп отырылған басқарманың бухгалтерлік
есебінің жүргізілуіне, сонымен қатар бухгалтерлік есебінің
ұйымдастырылуына және шынайы әрі толық бухгалтерлік есептілікті уақытылы
дайындауды бас бухгалтер жүзеге асырады.
Бухгалтердің міндетіне келесілер жатады:
• Бухгалтерлік есепті Мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есепті
жүргізу бойынша нұсқаулық ережелеріне сәйкес жүргізу.
• Бюджет бойынша қаражаттарды үнемді және дұрыс ұсталуын қадағалау.
• Мүліктік материалдық құндылықтардың түгендеуін жүргізу.
• Сметаны орындау барысында қажет болатын мекемелермен, жеке
тұлғалармен және ұйымдармен есептесуді уақытылы жүргізу.
• Ақша қаражатының сақтығын қамтамасыз ету.
• Негізгі құралдар, материалдар, ақша қаражаттары және баланстың
басқада статьяларының сақтығын және дұрыс орындалуын қамтамасыз
ету.
• Материалды жауапты тұлғаларға, олардың жауапкершілігіндегі
құндылықтардың есебі мен сақтығы туралы нұсқаулық өткізу.
• Құжаттардың дұрыс әзірленуін және заңды түрде жасалғанын тексеру.
• Бухгалтерлік есептілікті белгіленген уақытында әзірлеп, құрастырып
тапсыру.
• Шығындар бойынша сметаларды мекеме басшысымен құрастырып
келісімдеу.
• Бухгалтерлік құжаттардың есеп регистрларының шығындар сметаларының
және олар бойынша есептіліктің және тағы басқа құжаттардың
сақтығын қамтамасыз ету.
Мекеменің бас бухгалтері бухгалтерия аппараты (егер ондай болған
жағдайда) қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерінің аясын бекітеді.
Басқармадағы бухгалтерлік есеп мемориалды–ордерлік жүйе бойынша
компьютерленген есеп тәсілін қолдану арқылы жүргізіледі.
1.С. 7.7. мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерия типтік
конфигурациялар Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес
республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелерге
арналған стандартты методологияны жүзеге асырады.
Конфигурация өзіне келесілерді қосады:
• Шоттар жоспары (бұл жоспар өзінде аналитикалық, валюталық және
сандық есептердің типтік құрлымын құрайды);
• Валюталар анықтамасы (валюталық есепті жүргізген кезде);
• Алғашқы құжаттарды құрастыруға арналған анықтамалар жинағы;
• Бухгалтерлік проводкаларды автоматты түрде құрастыруға арналған
және алғашқы құжаттарды еңгізуге, сақтауға және басып шығаруға
арналған құжаттар жинағы;
• Нақты бір мекемеде есеп жүргізудің жалпы параметрлеріне келдіру
үшін қолданатын константалар жиыны;
• Бухгалтерлік есеп бойынша, кез келген шот бойынша әр түрлі
разрезда және аналитикалық кез келген объект бойынша мәлімет
алуға мүмкіндік беретін, стандарттық есептілік жинағы;
• Бухгалтерлік есептің нақты бөлімдері бойынша маманданған
есептілік;
• Регламенттелген есептілік жиыны;
• Бухгалтерлік есепті автоматтандаратын құжаттар жиыны; Құжаттардың
бұл жиыны есептің маңызды бөлімдерін жүргізуге есептелген. Олар:
✓ Касса бойынша операциялар есебі;
✓ Банк бойынша операциялар есебі;
✓ Тіркелген активтер есебі;
✓ Материалдар есебі;
✓ Өндіріске кеткен шығындар есебі;
✓ Өнімді шығару есебі;
✓ Жабдықтаушылармен, сатыпалушылармен өзара есепайырысу есебі;
✓ Келісімдер есебі;
✓ Кадрлік есеп және жалақы төлеу есебі;
✓ Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебі;
Типтік конфигурацияның шоттар жоспары бюджеттік мекемелерге арналған
қаржыландыру жоспарын орындаудың бухгалтерлік есебінің шоттар жоспарына
сәйкес келеді. Шоттар жоспарында барлық қажетті шоттар мен қосымша шоттар
бар. 1.С. 7.7. типтік конфигурациясында бір шоттар жоспары бар. Ол –
Қазақстан Республикасындағы шаруа есептілік мекемелерінде қабылданған
негізгі шоттар жоспары.
1.С. 7.7. бағдарламасы бірегейленген–ІВМ персоналды компьютерлерде жұмыс
істеуге арналған. Осы бағдарламаны құрып, оның дұрыс жұмыс істеуі үшін
компьютерге деген минималды талап келесідей болуы керек:
• Компьютердің операциондық жүйесі Microsoft Windows 98; Microsoft
Windows XP 2000
• Процессор Pentium III және IV немесе одан жаңа процессор түрі.
• Жедел жадысының көлемі 128 мегабайт
• Қатты диск
• CD дисктардағы жинақтаушы
• Басып шығару құрылғылары
• VGA дисплей
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелеріндегі
бухгалтерлік есепті жүргізуге арналған.
Бұл бағдарламаның көмегімен аналитикалық және синтетикалық бухгалтерлік
есептің жүргізілуі, тоқсандық және жылдық есептіліктің, алғашқы
бухгалтерлік құжаттың және тағы басқа экономикалық маңызы бар құжаттардың
құрастырылуы, толтырылуы, сақталуы және басылып шығарылуын
автоматтандырады. 1.С. 7.7. бағдарламасы сонымен қатар есеп беруші тұлғалар
туралы, жеткізушілермен есеп айырысу туралы және мекеменің қаржылық жағдайы
туралы ақпаратты оперативті түрде алуға мүмкіншілік береді, сонымен қатар
бағдарламада жалақыны есептеу, негізгі құралдар бойынша, материалды қорлар
мен тауарлар бойынша есеп жүргізуге болады.
Мекеменің 2007 жылғы көрсеткен қызметі мен атқарған жұмыстарының
экономикалық көрсеткіштеріне тоқтала кетсек төменгі кестені талдай отырып
қысқаша төмендегідей қортындылауға болады.
Кесте 1
Өзенинвест мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 2006-2007
жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері, мың тенге.
Көрсеткіштер өткен Есепті 2007өсу қарқыны
2006 жылға жылға
тенге %
1. Өнім сатудан қызмет 883341 1051199 167858 5,1
көрсетуден түскен
табыс,мың тенге.
2. Өнімнің өзіндік құны, 1203281 1252489 49208 4,1
мың тенге
3. Жалпы табыс -319940 -201290 -118650 62,9
(1қатар-2қатар)
4. Негізгі құралдардың 10625,04 39865,38 29240,34 375
орташа жылдық құны, мың
тенге.
5. Еңбек өнімділігі 5599,54 2912,33 -2687,21 52
6. Қор қайтарымдылығы , 18,45 2,56 -15,89 14
тг.
7. Қор жарақтануы, тг. 303,57 1139,01 835,44 375
8. Активтер 2,327 0,865 -1,46 37
айналымы (рет)
9. Өткізілген өнімнің 16,486 8,132 25,54 49,32
рентабелділігі (%)
10. активтер 38,37 7,034 -31,34 18
рентабелділігі
Өткен жылға қарағанда есепті жылы 5,1 пайызға айналымнан түскен табыс
азайған, себебі кәсіпорын жоспарлаған шаруашылық қызмет түрінің орындалуы
азайғандығы әсер еткен. Осыған байланысты салық ұсталынатын табыс
мөлшері,табыс салығы және таза табыс көлемі кеміген.
Кәсіпорындағы активтер айналымдылығы 37 пайызға төмендеген. Активтердің
рентабелділігі құлдырағаны еліміздегі болған экономикалық дағдарыстың
себебінен деген пікір қалыптасып отыр.
1.2 Ұйымның есеп саясаты
Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылық операцияларының
түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады. Елімізде көптеген типтегі
ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әр
түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыған байланысты әр бір ұйым өзінің
алға қойған мақсат мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің
технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің
түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі,
ақпараттарды өңдеу және тағы басқа да ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның
барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшелігіне байланысты ұйымдарда есеп
саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін
қалайды.
Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп
әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін
таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз
мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны
пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі
ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды
дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.
Сонымен, есеп саясаты деп – ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-
тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен
жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын
айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі
талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және
тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қортынды есеп
жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер,
сондай ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету
үшін қабылданған ережелер жиындығынан құралады.
Немесе, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік туралы заңында берілген анықтамаға сәйкес, есеп саясаты
дегеніміз ол — жеке кәсіпкердің немесе мекемелердің атқаратын қызметтеріне
байланысты қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есепті
жүргізу мен қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік
есеп және қаржылық есептілік заңнамасына немесе ұлттық стандарттарға,
сонымен қатар бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес
жүргізілген нақты принциптер, нақты негіздер, нақты ережелер және
практиканың жиынтығын құрайды.
Ұйымның есеп саясатын екі топқа жіктейді:
Біріншісі – ұйымдардың ішкі есеп саясаты.
Екіншісі – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгіленген есеп саясаты
болып ажыратылады;
Озенинвест мемлекеттік коммуналдық мекеменің есеп саясаты Қазақстан
Республикасының 24-маусым 2002жылғы №329-11 Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Есеп саясатының
құрылуына негіз болып табылады:
Бухгалтерлік есептің ұлттық стандарты (БЕҰС) және оларға әдістемелік
ұсыныстар;
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР-ның заңы, №234-
III, 28.02.2007 ж.
Қаржылық есептілікті беру 30 Бухгалтерлік есеп стандарты, №14 ҚР-ның
қаржылық министрінің бұйрығы, 17.01.2003 ж.
ҚР-ның Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) №409-1, 13-бөлім Меншік құқығын
алу, 1999 ж.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 24 Бухгалтерлік есеп стандарты.
Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер ҚР-ның
кодексі
Есеп саясаты Уәкілетті органдар шешімімен келісіліп тағайындалады. Бұл
есеп саясатымен есеп жүргізудің негізгі ережелері мен бухгалтерлік есепті
жүргізудің тәсілдері анықталады. Есеп саясатын құрудың негізіне сенімділік,
дәйектілік, салыстырымдылық және аяқтаушылық қағидалары жатады.
Қазақстан Республикасындағы мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметін
реттейтін басқа да заңдар, нормативтік актілер, нұсқаулықтар және
әдістемелік ұсыныстар.
Салықтық төлемдер мен есеп айырысулар Қазақстан Республикасы
Президентінің №2235, 12-сәуір 2005 жылғы Заңды күші бар Бюджетке төленетін
салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығына және Бюджетке
салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының
Салық Кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Қызмет барысында мекеме өзінің есеп саясатына ішкі нормативтік
құжаттарға (бұйрықтар, өкімдер және тағы басқалары) сәйкес рәсімделген
өзгертулер енгізе алады. Сондай-ақ есеп саясатына өзгертулер келесі
жағдайларда енгізілуі мүмкін:
Қазақстан Республикасының Заңнамаларының өзгеруіне байланысты;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебін нормативті реттеу
жүйесінің өзгеруіне байланысты;
Мекеметің бірігуіне немесе бөлінуіне және меншік иесінің ауысуына
байланысты;
шаруашылық операциялар, активтер, меншікті капиталы, міндеттемелер
болған жағдайда.
Кәсіпорынның басқару-ұйымдастыру құрылымы.
Озенинвест басқару органы болып табылады:
жоғарғы орган – Жаңаөзен қалалық әкімшілігі;
Мекеме директорының қол астында жұмыс істейді: директор орынбасары, бас
бухгалтер, қызметті атқарушы тұлғалар және т.б.
Бас бухгалтер бухгалтерия жұмысына жетекшілік етеді, басшығы қаржылық
есептілікті (баланс, табыс және шығыс туралы есеп, меншік капиталындағы
өзгерістер туралы есеп) дер кезінде тапсыруға және толық, сенімді
мәліметтермен қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ ол бухгалтерия
мамандарын іріктейді, бухгалтерлік жұмыстардың компьютеризациясын және
салық есебінің жүргізілуін қадағалайды.
Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі. МКМ Озенинвест
бухгалтерлік есеп келесі құжаттар негізінде жүргізіледі:
28-ақпан 2007 жылғы №234-111 Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
туралы Қазақстан Республикасының Заңы (өзгертулері және толықтыруларымен);
Бухгалтерлік есепке әдістемелік ұсыныстар;
23 мамыр 2007 жылғы №185 бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары;
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы;
25-сәуір 2003 жылғы №405-11 Қазақстан Республикасынң Міндетті
әлеуметтік сақтандыру туралы Заңы.
МКМ Озенинвест бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің мақсаты
болып мүдделі мекеменің қаржылық жағдайы, ондағы өзгерістер және қызмет
нәтижелері туралы толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету табылады;
Мекеменің бухгалтерлік есебі келесі қағидаларға сәйкес жүргізіледі:
табыс болып – ол алынғанда, ал шығыс болып – шығысталғанда есептелінеді.
Қаржылық есептілікті жасау кезеңі болып күнтізбелік жыл саналады.
Алдыңғы жылдардың қаржылық есептілігін құрған кезде кеткен қателердің
аңғарылған жағдайында, қателерді түзету сомасы келесі кезеңде таза табыс
немесе шығынды есептегенде ескеріледі (балама тәсіл қолданылады). Мекеметің
қаржылық есептілігінің негізгі сапалық сипаттамасы болып түсініктілік,
орындылық, мәнділік, нақтылық және салыстырмалылық табылады.
Қаржылық есептілік №30 ҚБЕС-не сәйкес жасалады және оның құрамына
төмендегілер кіреді:
бухгалтерлік баланс;
пайда және зиян туралы есеп;
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
түсініктеме хат.
Қаржылық есептілік, оған аудиторлық және тексеруші комиссияның
қорытындысы берілгеннен кейін мекеменің қатысушысына ұсынылады.
Бухгалтерлік құжаттама бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар
жұмыс шоттар жоспарының классификациясына сәйкес болуы керек.
Қаржы-шаруашылық операцияларын құрудың бастапқы құжаттары болып
Қазақстан Респпубликасының Азаматтық Кодексінің талаптарына және жақтардың
келісіміне сәйкес рәсімделетін шарттар, келісімдер, бұйрықтар және т.б.
табылады. МКМ басшысы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар
тұлғаларды анықтайды және тұлғалардың қызметіне, әрекет ету айналымына және
операцияның мәніне байланысты қол қою құқығының сатылы лауазымын бекітеді.
МКМ бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп регистрларын қағаз түрінде
және электронды түрде, яғни комьютерлерде сақтайды, сондай-ақ қаржылық
есептілікті, есеп саясатын да ҚР заңымен бекітілген мерзім аралығында
сақтайды.
1.3 Қазақстан Республикасының бюджетінің құрылымы мен оның мақсаты
Елдегі экономикалық және бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу
мемлекеттің ұзақ мерзімді, орта мерзімді бағдарламалық құжаттарына сәйкес
құрылды.
Қазақстандағы бюджеттік жүйе халықтың әлеуметтік жағдайына ықпал етуіне
байланысты түсімдер мен шығыстар өлшемін айқындау және жобалау мақстатында
Үкімет стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, әлеуметтік- экономикалық
дамудың болжамды көрсеткіштері, фискальды саясатын негізге алып Мемлекет
басшысының халыққа арнаған жолдаулары бойынша құрылады.
1 сурет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 – 2008 жылдарға арналған
бюджет саясатын қалыптастыру сызбасы.
Бюджет кодексін іске асыру үшін 31 нормативтік құқықтық кесім, оның
ішінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің және төтенше
мемлекеттік бюджеттің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің
жобаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген қарыздарын тіркеу және есепке алу, республикалық және
жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайтын ереже қабылданды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінім жасау және ұсыну
ережесі қабылданған Бюджет кодексіне сәйкес келтірілді.
Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, орындау және олардың орындалуын
ішкі бақылау процесінде олардың тиімділігіне бағалау жүргізу тәртібін және
көрсеткіштерінің жүйесін айқындау мақсатында Бюджеттiк бағдарламалардың
тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeci әзірленді және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысымен бекітілді.
Бюджеттік бағдарламаларға тән егжей-тегжейлі ерекше өлшемдер мен
көрсеткіштерді белгілей отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін
бағалауды біртіндеп енгізу мақсатында 2007 – 2008 жылдарға арналған бюджет
процесіне бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды енгізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары әзірленді және пилоттық бюджеттік бағдарламалар тізбесі
айқындалды.
Сондай-ақ пилоттық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау
өлшемдері мен көрсеткіштерінің тізбесі және оларды пайдалану жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін пилоттық бағалау бюджет
процесінің барлық сатысында жүргізілетін болады, бұл бюджеттік
бағдарламалар бойынша тиімділікті бағалауды түсінуді және енгізуді
жеңілдететуге мүмкіндік береді.
Бюджет кодексінің 71-бабына сәйкес жоспарлаудың нормативтік әдісін кезең-
кезеңімен енгізу шеңберінде орталық мемлекеттік органдар қолданыстағы
нормативтік құқықтық кесімдерді қайта қарау және ведомстволық бұйрықтармен,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген заттай нормалар
өзекті болған жағдайда оларды қайта бекіту жөнінде жұмыс жүргізуде.
2003 – 2004 жылдардағы салық заңнамасындағы өзгерістер экономикаға
салықтық жүктемені азайтуға, елдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге,
жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологиялар ағынын және оларды енгізуді
көтермелеуге, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынастарын
жақсартуға бағытталды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы
Жолдауларына, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес салықтық
жүктемені азайту және елдiң экономикалық өсуiн ынталандыру, сондай-ақ
белгiлi бір санаттағы азаматтардың кiрiстерiн заңдастыруын ынталандыру және
жалақыны ұлғайту мақсатында 2007 жылдан бастап жеке табыс салығының
ставкалары азайтылды, әлеуметтiк салық бойынша ставкалардың кемiмелi шәкілі
енгізiлдi, қосылған құн салығының ставкасы азайтылды, арнайы экономикалық
аймақтар аумағында салық салудың ерекше режимi белгiлендi, арнайы салық
режимдерiн қолдану аясы кеңейтiлдi.
Экономиканы одан әрi тұрақты дамыту, жүргiзілiп жатқан реформаларды
тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингiне, резидент еместерге, қаржы
құралдарына салық салуды, сондай-ақ салықтық әкiмшiлендiру нормаларын
жетiлдiру және кәсіпкерлердің инвестициялық тартымдылығын күшейту
мақсатында инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтілді,
мұнай-химия өндірістері, қосылған құны жоғары тауарлар өндірісі үшін
жеңілдіктер енгізілді.
Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету үшін
салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ
инвестициялар көлемін өсіру және салықтық әкімшілендіруді одан әрі
жетілдіру есебінен ел экономикасын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету
мақсатында орта мерзімді кезеңде салық саясатының негізгі бағыттары:
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану аясын
кеңейту және оларды ең алдымен, экономиканың шикізат емес секторына
инвестициялар салуға тарту үшін шаралар қабылдау;
салық төлеушілер үшін қашықтық және ақпараттық сервис әдістерінің
көмегімен салықтық әкімшілендіру процестерін одан әрі жетілдіру және
дамыту;
талдау тәсілдері мен әдістерін және салықтық есептіліктің камералдылығын
дамыту;
ақпараттық қызметтерді біріктіру, мемлекеттік органдармен ақпараттық
өзара іс-қимылды жетілдіру және оның тиімділігін арттыру;
қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында
2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың кірістерінен
жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп ауыстыру мүмкіндігін қарау болады
деп ұйғарылып отыр.
Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық
дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық
көрсеткіштері мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және
инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалды.
Пилоттық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау өлшемдері мен
көрсеткіштерінің тізбесі және оларды пайдалану жөніндегі әдістемелік
ұсынымдар әзірленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген заттай
нормалар өзекті болған жағдайда оларды қайта бекіту жөнінде жұмыс
жүргізуде.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2007 – 2008 жылдарға арналған болжамы 2-
кестеде келтірілген.
Кесте 2
Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2006 – 2008 жылдарға арналған болжамы
ЖІӨ-ге пайызбен
Атауы 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл
Кірістер 22,3 22,7 23,2
Салықтық түсімдер 21,3 21,5 22,0
Салықтық емес түсімдер 0,6 0,5 0,5
Негізгі капиталды сатудан 0,4 0,7 0,7
түсетін түсімдер
Әлемдік тауар рыноктарындағы қолайлы жағдай, халықтың өмір сүру
деңгейінің жақсаруы нәтижесінде ішкі сұраныстың артуы, инвестициялық
климаттың жақсаруы, индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыру
экономиканы дамытудың жоғары қарқынына және тиісінше бюджет кірістері
түсімдерінің ұлғаюына негіз болды.
Кірістер болжамының есептерінде жоспардан тыс салықтық және бюджетке
төленетін өзге де міндетті төлемдері Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына есепке алынатын мұнай секторы ұйымдарының тізбесі бойынша салық
түсімдерінің есебі бір баррель үшін 19 АҚШ доллары болатын мұнайдың әлемдік
тұрақты бағасы есепке алына отырып жүргізілгені ескерілді.
Салықтық түсімдер болжамында:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелеріне енгізілген,
тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу тәртібін
реттейтін, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы
№ 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын
дамытудың 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан
әрі – Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы) іске асырудан
түсетін қосымша салықтық түсімдер;
Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты Қазақстан халқына
Жолдауына (бұдан әрі – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы)
сәйкес мемлекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің
жалақысын жоғарылатуға байланысты төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы
мен әлеуметтік салық бойынша қосымша түсімдер;
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Теңізшевройл МКМ арасындағы
өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес
2007 – 2008 жылдары роялтидің 200 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қайтарылуы
ескерілді.
Бұдан басқа, салықтық түсiмдер Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есепке ала
отырып айқындалған әлеуметтік салық ставкаларының өзгеруiне түзетiлдi.
Залалды қызметіне байланысты салықтық емес түсімдердің
2006 – 2008 жылдарға арналған болжамында Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің кірісінен түсетін түсімдер болжанбайды.
Негізгі капиталды сатудан түсетін 2006 – 2008 жылдарға арналған түсімдер
Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
мақсатында тұрғын үй салуды қамтамасыз ету үшін бұрын республикалық
бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген қаражатты қамтиды.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамындағы мұнай және мұнай емес
секторлар кәсіпорындарынан түсетін түсімдердің арақатынасы 3-кестеде
көрсетілген.
Кесте 3
Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы
мемлекеттік
бюджет кірістеріне пайызбен
Кәсіпорындардан түсетін түсімдер 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл
Мұнай секторынан 22,5 18,6 16,3
Мұнай емес сектордан 77,5 81,4 83,7
Орта мерзімді кезеңде мемлекет саясаты мұнай емес секторды дамытуды
көтермелеуге бағытталады. Мұнай кірістеріне тәуелсіз салықтық базаны дамыту
экономиканы әртараптандыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді
және жүргізіліп жатқан фискалдық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Өткен жылға қарағанда 2007 жылы мұнай емес сектордан түсетін түсімдер
18,2 %-ға, 2008 және 2009 жылдары тиісінше 21,8 %-ға және
19,6 %-ға өседі.
Әлемдік мұнай бағасы елеусіз төмендеген жағдайда мұнай өндірудің өсу
қарқыны ЖІӨ-нің өсу қарқынынан төмен болуы есебінен орта мерзімді кезеңде
мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін салықтар мен төлемдер түсімі азаяды.
Ұлттық қор көлемінің болжамы орта мерзімді кезеңде:
мұнайдың (Brent қоспасы) әлемдік бағасының тұрақты есепті әлемдік
бағадан асып түсуі нәтижесінде шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салықтар
мен басқа да міндетті төлемдердің жоспардан тыс түсімдері;
республикалық бюджеттен берілетін, шикізат секторы ұйымдарынан түсетін
салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жоспарлы түсімдері көлемінің 10
%-ы мөлшерінде есептелген ресми трансферттер;
республикалық меншіктегі, тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, жерді сатудан түсетін түсімдер және
өзге де түсімдер есебінен күтіледі.
Бүгінгі таңда тұтастай қазақстандық экономиканың жай-күйін белгілі бір
дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуал айқындайды. Ұлттық қор табиғи
запастардың орны толтырылмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс
жоспарлау және мемлекеттік шығыстар көлемінің табиғи ресурстардың әлемдік
бағаларының күрт ауытқуларына тәуелділігін азайту мәселелерін шешеді.
Ұлттық қордың активтері жыл бойы 1,4 млрд. АҚШ долларына ұлғайып, 2004
жылдың аяғында 5 млрд. АҚШ долларынан асты.
Қолданыстағы заңнама жағдайларында Ұлттық қорға 2006 жылы 125,3
млрд. теңге сомасында немесе ЖІӨ-ге 1,6 %, 2007 жылы 118,5 млрд. теңге (ЖІӨ-
ге 1,3 %), 2008 жылы 119,4 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 1,2 %) түсімдер болжанып
отыр.
Көрсетілген болжамды түсімдер жағдайларында Ұлттық қордың жалпы
активтері (инвестициялық кірісті есепке алмағанда) 2006 жылы шамамен
932 млрд. теңгені, 2007 жылы 1 049 млрд. теңгені, 2008 жылы
1 168 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бюджет пен
Ұлттық қор арасындағы өзара қарым-қатынастар тетігін жетілдіру жөнінде
жұмыс жүргізіп жатыр. Қор жинақтарын одан әрі қалыптастырудың оңтайлы
жолдарын және оның активтерін басқарудың тиімді әдістерін айқындауға
бағытталатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын
қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған
тұжырымдамасы әзірленуде.
2007 – 2008 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму
мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір
мезгілде орындауға негізделетін болады.
Тұтастай алғанда, орта мерзімді кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет
саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:
денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
бiлiм берудi дамытуға;
әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетуге;
индустриялық-инновациялық дамуға;
аграрлық секторды дамытуға;
жаңа тұрғын үй саясатын iске асыруға;
қоршаған орта сапасын тұрақтандыруға;
шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
Астана қаласын дамытуға;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын
болады.
Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік бюджет шығыстары 2006 жылы – ЖІӨ-
ге 24,2 %, 2007 жылы – 24,5 % болса, 2008 жылы – 24,3 % болып болжанады.
Инвестициялық саясатты қалыптастыру, оның ішінде республикалық
бюджеттен инвестицияларды жоспарлау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңге арналған орта мерзімді жоспары
шеңберінде жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалаудың бірыңғай
жүйесін әзірлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі міндеттерінің
бірі болып айқындалды. Соған байланысты мемлекеттік органдар қызметінің
тиімділігі мен сапасын бағалаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жөніндегі жұмыс
жүргізіліп жатыр, мұнда барлық: жоспарлау, іске асыру, қызмет нәтижелері
кезеңдерін қамтитын мемлекеттік органның қызметін толық ұйымдастыру,
қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекеттік орган
қызметін ұйымдастыру, бюджеттік және адами ресурстарды пайдаланудың
тиімділігі қамтылады.
Бұл шаралар функцияларды төмен тұрған, халыққа неғұрлым жақын
мемлекеттік басқару деңгейіне беру жолымен мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасын арттыруға, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету
жөніндегі жауапкершілігін жоғарылатуға, олардың тиімділігін арттыруға,
бюрократияны қысқартуға, қол жетімділікті жоғарылатуға, халықты мемлекеттік
қызметтермен толық қамтуға, әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатты жақсартуға,
инвестициялық ахуалды жақсартуға және басқаларға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметтің қазақстандық жүйесі Орталық және Онтүстік-Шығыс
Еуропа мен ТМД мемлекеттерінің кейбір алдыңғы қатарлы елдері арасында
неғұрлым жедел қарқынмен дамуда және мықты институционалдық негізден бастау
алған. Соңғы жылдары басым болып отырған тұрақтандыруға және
институционалдық дамуға ден қою мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту үшін
негіз болды.
Мемлекеттік реттеу салықтың көмегімен шешуші дәрежедегі таңдалған
салықтық жүйеге байланысты болады және тағы да басқа салықтық
жеңілдіктердің көлемінде болады. Салықтардың мемлекеттік экономиканы
реттеуде екі негізгі түрі бар:
1. Мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың негізгі қайнар көзі;
2. Реттеу құралы.
Бюджеттегі мемлекеттік органдардың құрамына жай ғана салық салудын
қайнар көзі мен түсімдері кірмейді, сонымен қатар шаруашылық іскерлікте
пайда болған жеңілдіктердің механизімінің әсер етеді. Мемлекеттік
экономикалық реттеудің (ары қарай – МЭР) негізгі құралы болып салық саясаты
мен мемлекетке әсер ететің жеке кәсіпкерлер жатады. Мемлекеттің алға қойған
мақсаты келесідей шараларды іске асырады:
- әр уақытта экономиканы жетілдіруге байланысты алға қойған мақсаты іске
асыру тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу;
- негізгі тауарлар мен қызметтерге тұрақты бағаны қамтамасыз ету;
- жұмысқа жарамды халықты толық еңбекпен қамтамасыз ету;
- халыққа белгілі минималды деңгейде табыспен қамтамсыз ету;
- азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйенің құруы, оларға ең біріншіден
зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналарды қорғау;
- сыртқы экономикалық қызметтердегі тепе-тендігі.17
Алға қойған мақсаттардың барлығын бір уақытта толық жетілдіру мүмкін
емес. Егер де бағалар өсетін болса, онда оларға шектеу мен реттеу шараларын
қолдану қажет. Бірақ, бағалар шектеу көбінесе экономиканың өсуі мен
жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Жұмыспен толық қамтылу
да, дәл солай бағаның өсуіне алып келеді, себебі мұндай жағдайда елдің
еңбек жалақысын төлеу қажет және еңбек нарығында бәсекелестікті төмендету
қажет.
Мемлекеттің экономикалық саясаттының ең маңыздысы – бұл дұрыс шешім
қабылдау. Экономикалық реттеуге жергілікті басқару органдары белсенді түрде
қарастырылуда. Осыған байланысты, мемлекеттің қолындағы негізгі құралдардың
бірі болып қаржылық ықпал ету болып табылады, ең алдымен салық жүйесі
арқылы. Мемлекеттік бюджеттің құрамын келесі суреттен көруге болады.
2– сурет. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы
Көрсетілген суреттен мемлекеттік бюджеттің құрылымының 100%-нің, 92,7%
салықтық түсімдер құрап отырғанын көре аламыз, яғни салықтардың біздің
экономикамыздың өсуіне ықпалын тигізіп отыр.
Нарықтық шаруашылыққа тән, тек экономикалық реттеуіштер: салық салу,
несиелеу, инвестициялау арқылы, мемлекет қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыратын, шаруашылық қызметтің қажетті дұрыс нысанын қабылдауға
мүмкіндік береді.35
Салықтар мен алымдар жүйесі өзінің таза фискалдық функциясынан басқа
қоғамдық өндіріске оның құрылымы мен динамикасын орналастыруына
экономикалық әсер ету механизмі ретінде және ғылыми техникалық-прогресстің
тездетуіне қызмет етеді.
Салықтар арқылы іскерлікке белсенділікті ынталандыруға немесе керісінше
шектеуге, яғни кәсіпкерлік қызметтің салаларының дамуына өндірістік
шығындарын азайтудың және жеке кәсіпорындардың жұмыс істеуіне, сонымен
қатар Ұлттық кәсіпорындардың әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілетін
жоғарлатуға алғы шарттар жасайды.
Салықтар арқылы пропорционистік экономикалық саясат жүргізуге тауар
нарығына еркін шығуды қамтамасыз етуге байланысты. Салықтар мемлекеттік
және жергілікті бюджеттердің кірісінің негізгі бөлігін құрайды және оның
шығыс бөлімі арқылы экономикалық қаржылық әсер етуі мүмкіндік береді.
Мемлекеттің ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессіне қаржы бюджеттік механизм
арқылы әсер етудің негізгі бағыттары мыналар:
▪ Кәсіпорындарды дотациялау немесе қайтарымды несиелер арқылы
тікелей субсидиялау;
▪ Экономикаға мемлекеттік инвестицияларды салу;
▪ Тауарлар мен қызметтердің көп бөлігін мемлекеттік сатып алу
жүйесі арқылы сату, себебі мемлекет нарықта өнімдерді ірі
тұтынушы болып табылады;
▪ Жергілікті салықтар мен салық жеңілдіктерін қоса, салықтық
реттеу.
Жергілікті басқару органдары бұларды қосымша көмек арқылы толықтырады.
Оларға: жер учаскесі мен ғимараттарды сату бағасынан жеңілдік жасау немесе
жалға алу төлемін, сатып алу немесе жалға беру кезеңдегі жеңілдіктер,
зайымдарды қамтамасыз ету, гарантиялық қорларға қатысу, өнеркәсіптік
зоналарды құру жатады.14
Өнеркәсіптік зоналардағы аумақтар мен ғимараттар кәсіпорынға қолайлы
қаржы шарттарында беріледі. Кейбір кезде шаруашылық қызметтің жаңа дамытуға
мүмкіндік беретін арнайы өндірістік ғимараттардың құрылысы жергілікті
мунициполитет есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар ынталандыру шараларына
жергілікті салықтардан тұрақты немесе уақытша босату жатады. Экономикалық
инфроқұрылымдарға жұмсалатын капиталдық салымдардың көп бөлігі мемлекеттік
және муниципалды билікпен жүзеге асырылады. Оған: көліктік
коммуникацияларды, байланыс машиналары, өнеркәсіпті сумен қамтамасыз ету
жүйелерімен тазалау құрылғыларын жерлерді өнеркәсіптік құрылыс салаларға
дайындау, олардың құрылысы мен ұстап тұруға жұмыстан шығару және тағы
басқалары жатады.
Экономикалық дамуына әсер ету тек қана ынталандырушы емес сонымен қатар
шектеуші болып табылады. Бұндай қажеттілік көбінесе халық көп және жоғары
шоғырланған аудандардың дамуын реттеуде пайда болады.
Халықтың көп шоғырлануы және шаруашылық белсенділігін артуы қоршаған
табиғи ортаны халықтың орналасу ресурстарымен қамтамасыз ету және тағы да
басқа мәселелердің жоғарлауына әкеліп соғады. Мемлекеттік және жергілікті
органдар тарапынан шектеуші шаралардың негізінде қосымша салық салу немесе
кәсіпорын қызметін лицензиялау жатады. Мұндай жағдайларда қосымша салық
салу Нидерландыда, Жапонияда пайдаланып отыр. Германияда тұрақтандырушы
салықтарды еңгізу қолдандыруда.
Тым жоғары конъюктураны шектеу қажет болатын жағдайда салықтарды
жоғарлату ең тиімді және сенімді құралдардың бірі болып табылады. Басқа
да әдісі салық жеңілдіктерін алып тастау. Кейбір кездерде жаңа
салықтарды енгізу тек реттеу мақсатында қолданылады. Оның классикалық
мысалы ретінде ғасыр басында Германияда енгізілген және осы уақытта
сақталып қалған сірке қышқылына салықты айтуға болады. Оны енгізудегі
қажеттілік жасанды сірке қышқылының жасап шығару және осы
мақсаттық шарапты пайдалануды тоқтату қажет болды. Бұл салықтан түсетін
ақшалай түсімдер оны алуға жұмсалатын шығындарды әрен-әрен жауып отырады.
Бірақ техникалық мақсат міндет шешіліп реттеуші экономикалық мақсатқа қол
жеткізеді. Салық тарихи құндылық ретінде сақталып Германияның бюджетке
бірнеше миллион марка алып келіп отыр. Тағы да бір мысал:
салықтарды жоғарлату арқылы экономикалық емес әлеуметтік мәселелерді шешу.
Темекіге салынатын акцизді бірден өсіру арқылы темекіні шегудің зияны
туралы пропогандалық іс-шараларға қарағанда темекі шекпейтіндердің саны
көбейіп түсті.
Мемлекеттік экономиканың дамуына қаржылық әсер етуді баға белгілеу
арқылы да жүргізіледі. Мемлекеттік шахталарда өндірілетін минималды шикі
затқа мемлекеттік электростанциядағы электор энергияға баға белгілеу және
темір жол, почта-телеграф тарифтерін белгілеу – мемлекеттік сектордағы
тауарлар мен қызметтерге баға белгілеудің мысалы.
Мемлекеттердің экономикасының жақсы дамуы оның мүлтіксіз орындалуы
бағдарламалардың алға қойған мақсаттары мен байланысты. Теориялық өсімнен
білетін жағдай, салықтың түсімі мемлекетпен байланысты, яғни салықтың
жалпы ішкі өнімнің бөлігі Лаффердің қисығына байланысты ма? Барлық саясат
сыншыларының ойынша салық салудың деңгейі Қазақстандағы салықтардың өте
жоғары екенің бекітеді. Егер де салық түрі азайса халық кірісі өсіп көбірек
түседі. Бірақ, сәйкесінше материалдық модельдердің жетіспеушілігімен оның
саның, өзгірісін анықтау, салық және салық салу түсімдерінің жалпы ішкі
өнімі (ары қарай ЖІӨ) қиынға түседі.
Берілген көрсеткіштер бойынша міндеттер экономикада актуалды болады.
Оның шешімі бойынша мемлекетке оптималды деңгейде орналастырып және қандай
көлемде салықтың түсімін халық кірісіне қажетті екенін анықтайды.
II. Бюджетпен есеп айырысудың есебі.
2.1 Бюджетпен тікелей төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі.
Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін атқаратын заңды
тұлғалар міндетті салық төлеушілер болып есептеледі.Салық төлеушiнiң салық
заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi
деп танылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне
тұруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi
айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi
есептеуге, салық есептiлiгiн жасауға, оны белгiленген мерзiмде табыс етуге,
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге
мiндеттi.
Мемлекет салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден - оның салық
мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған
немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөнiндегi
тәсiлдердi және салық кодексінде көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату
шараларын қолдануға құқылы. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің11-
тарауында салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң
түрлерi бекітілген.
Салықтар тiкелей және жанама болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz